АҢдатпа 6-бет 3-бет



жүктеу 0.53 Mb.
Pdf просмотр
бет1/5
Дата17.02.2017
өлшемі0.53 Mb.
#3056
  1   2   3   4   5

ВИЧ жұқтырған балаларға 

шындықты есту ауыр

Бүгінгінің бас тақырыбы

АҢДАТПА

6-бет

3-бет

(Соңы 3-бетте)

№138 (2916) 7 желтоқсан 2016

www.zanmedіa.kz

Қоғамдық-саяси, құқықтық газет

zangazet@maіl.ru

Әсіредіншілдермен күрестің 

асыл дініміздегілерге кесірі 

тимесе...

қадағалаушы органның 

қарқыны бөлек



Әлемдік тәжірибеге сүйенсек, ВИЧ-ке шалдыққан балалар өз аурулары жайлы 8-12 жас аралығында 

білуге құқылы. Демек, біз де бұл қағидадан аттап кете алмаймыз.  Мұны айтып отырғанымыз, осыдан 

он жыл бұрын дәрігерлер немқұрайдылығынан ВИЧ дертін жұқтырған шымкенттік балалардың бүгінде 

жүзден астамы ат жалын тартып мінер жасқа, яғни, 12-ге толады. Бойы өскенмен, ойы әлі ойын бала-

сының деңгейіндегі жасөспірімдерді ауыр дертінен хабардар етіп,  күтіну мен сақтанудың сан шарасын 

түсіндіру, әрине, кімге болса да оңай емес. Бұл мәселеде арнайы мамандар – психологтар көмегі ауадай 

қажет. Алайда, мұның да өз қиындықтары жетерлігін мамандар жасырмайды. 

Бастама


(Соңы 8-бетте)

Желтоқсан — 30

Пробация 

институтын 

дамыту – 

уақыт талабы



Бақыттың мүрдесі де 

табылған жоқ

Желтоқсан көтерілісінде қаза 

тапқан  қазақ  жастары  туралы 

нақты ресми деректер бар ма? 

Ақпарат құралдарында жазылған 

материалдарға  көз  жүгіртсек, 

алаңға шыққан жастарды қуып 

тарату кезінде қаза болған Ербол 

Спатаев пен Ләззат Асановадан 

басқа ешбір есімді кездестірмей-

міз. Шындығында сапер күрек-

терімен,  резеңке  шоқпармен, 

басқа да қарулармен жарақтанған 

мұздай темір құрсанған жауын-

герлердің қолынан мерт болған-

дар саны біршама болған. Бірақ, 

бұл жай әлі күнге дейін толық 

ашылып, шындық айтылған жоқ.

Біз сөз еткелі отырған  Көкше 

өңірінің тумасы 24 жасында бей-

біт ереуілге шыққан жастарға қар-

сы қару қолданған сарбаздардың 

қолынан мерт болған Бақыт Ма-

хамбетова туралы осы кезге дейін 

ақпарат құралдары ештеңе жазған 

емес. Өйткені, кеңестік өктем 

жүйеден қорқып қалған ата-анасы 

желтоқсанның 

мұзға жаққан алауы



Баспасөз — 2017

құрметті оқырман!



«Заң газеті» және «Юридическая 

газета»«Заң», «Фемида» 

басылым дарына жазылу басталғанын 

естеріңізге салғымыз келеді. 

төл басылым да рыңыздан 

қол үзіп қалмаңыздар!

жеке тұлғалар үшін – 65921

заңды тұлғалар үшін – 15921

жеке тұлғалар үшін – 65928

заңды тұлғалар үшін – 15928

«Заң газеті» 

«Заң» журналы – 75849

«Фемида» – 75858

«Юридическая газета»

Жазылу индекстері:

zanreklama@maіl.ru

Біздің басылымдарға

«Қазпошта» АҚ бө лім ше лері

«Қазпресс» ЖШС дүң гір шек тері 

және Алматы қаласын дағы «Дауыс» 

жүйесі ар қы лы жазы лу ла ры ңызға 

болады.


наразы болған жастар арасында 

сол кезде сәл ұшқын болса лап 

еткелі тұрған үлкен өртке ұласа-

тын төңкерісшіл көңіл-күй болды. 

Пленум өткен соң осы хабарды 

естіген бір топ жастар 16 желтоқ-

сан күні кешкілік үкімет үйінің 

алдына барып, наразылықтарын 

білдірген.  Ал  келесі  күні  осы 

жайды естіп білген Алматының 

жоғары оқу орындарында оқитын 

студент жастар мен түрлі кәсіпо-

рындарда еңбек етіп жүрген жұ-

мысшы жастар алаңға ағылды. 17 

желтоқсан күні орталық алаңға 

жиналғандар саны елу мың, тіпті 

жетпіс мың болды деген мәлімет-

тер бар. Қалай болғанда да, Ал-

матыда өткен осы оқиға кеңестік 

тоталитарлық жүйеге берілген 

үлкен соққы болып еді. 

«Өз республикамызды өзіміз-

ден шыққан адам басқарсын» деп 

бейбіт шеруге шыққан жастар-

дың тілегіне құлақ аспаған билік 

келісімге келудің орнына әскер 

мен  әскери  техника  алдырып, 

қарсылықты күшпен басуға білек 

сыбана кірісті. 

(Соңы 5-бетте)

мен туыстары осы күнге дейін ол 

жайында айтып, жариялаудан  бой 

тартып келіпті. 

Бақыт Махамбетова 1962 жыл-

дың  27  наурызында  бұрынғы 

Көкшетау  облысының  Чкалов 

ауданына қарасты Севостополь 

кеңшарында дүниеге келеді. 1979 

жылы орта мектепті үздік бітір-

ген ол Алматыға барып, С.Киров 

атындағы Қазақ мемелкеттік уни-

верситетінің тарих факультетіне 

оқуға түседі. 1986 жылғы желтоқ-

санда 24 жасқа енді толған алдағы 

жылы  оқу  бітіріп,  жас  маман 

боламын, халқыма еңбек етемін 

деген асқақ арманды серік еткен 

жалынды жас еді. Бірақ, күтпеген 

оқиға жас қыздың өмір жолын 

үзіп кетті. 

СОКП орталық комитетінің 

қазақ еліне ел-жұртқа белгісіз, 

қазақша білмейтін Колбин дегенді 

әкеліп  бірінші басшы етіп тағай-

ындауы онсыз да ұлттық кем-

сітушіліктен өз жерінде өгей бала-

ның күйін кешіп, іштей ширығып 

жүрген қазақтарды, оның ішінде 

жастарды  қатты  ашындырған 

еді. Орталықтың бұл саясатына 

Б

иыл желтоқсан көтерілісіне 30 жыл толып отыр. Кеңес үкіметінің 

қылышынан қан тамып тұрған сол бір түнек заманда тоталитарлық 

жүйеге қасқайып қарсы шыққан қазақ жастарының ерлігі әлемді таңқалдырған 

еді. Иә, бұл шынында да мақтан тұтуға лайықты керемет ерлік болатын. 

Бірақ, сол 1986 жылғы желтоқсан көтерілісі туралы ақиқат толық айтылып, 

жазылған жоқ. Желтоқсанның көлеңкелі жақтары әлі де бар. Тарихтағы 

ақтаңдақтар уақыт   өте келе ашылар, желтоқсанда өктемшіл коммунистік 

жүйеге қасқайып қарсы шыққан белгісіз қазақ батырларының есімдері 

тарихымыздың беттерінен өз орнын алар деп сенеміз. 

Қазақстан  Республикасы  Пре-

зидентінің 2009 жылғы 24 тамыз­

дағы №858 Жарлығымен бекітілген 

«Қазақстан Республикасының 2010 

жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге 

арналған құқықтық саясат тұжы-

рымдамасының» мақсаты айқын, 

бағдары  көпшілікке  белгілі.  Осы 

маңызды  құжатта  соттардың  бас 

бостандығынан  айыруға  балама 

шараларды белсенді қолдануы үшін 

олардың орындалу тиімділігін артты-

ру қажет екендігі сөз болып, ол үшін 

шаралардың орындалуына жауапты 

мамандандырылған органды инсти-

туционалдық тұрғыда дамыту талап 

етілетіндігі атап өтілген болатын.

көрген сәбилердің 11-і көз жұмған, ал, екі баланың 

отбасы басқа жаққа көшіп кетсе, бір бүлдіршінді 

шетелдік азамат асырап алған. Екі сәби балалар 

үйіне өткізілген. 21 адамның үстінен қылмыстық 

іс қозғалып, 16 қызметкер 2-8 жыл аралығында бас 

бостандығынан айырылса, 5 адам шартты түрде 

жазаланған. 

Ақпарат

Акцияның бітуіне 



бір АйДАй уАҚыт ҚАлДы

Үкімет отырысында Қаржы министрі  бақыт 

Сұлтанов мүлікті жария ету акциясының бітуіне бір 

айдай уақыт қалғанын мәлімдеді. Және бүгінгі күні 

4 трлн теңге жария етілсе, оның 1,1 трлн теңгесі 

мүлік, 2,9 трлн теңгесі ақша болған. Сондай-ақ, 

жария етілген қаражаттың 400 млрд теңгесі ше-

телдердегі банк шоттарынан түскен. Министрдің 

мәліметінше, акция бітуге таяған сайын ақшасы 

мен мүлкін заңдастырушылар көбейген. 2014-2015 

жылдармен салыстырғанда, бүгінде жария ету 

көрсеткіші 4 еседен асқан.



С.ҚАЛДЫБАЕВ

коМпАниялАр САтылыМғА 

ШығАрылАДы

«Самұрық-Қазына» қоры өз құрамындағы «Эйр 

Астана», «Қазақтелеком», «ҚазАтомӨнеркәсіп», 

«ҚтЖ»,  «ҚазМұнайГаз»,  «Самұрық-Энерго», 

«Қазпошта»  компанияларының  акцияларын 

сатылымға шығарады. бұл туралы Үкімет оты-

рысында қор басшысы Өмірзақ Шөкеев айтты. 

Қор басшысының айтуынша, компанияның негізгі 

активтері IPO арқылы сатылады. Мұндай шешім 

Мемлекет  басшысынан  қолдау  тапты.  IPO-ға 

бірінші  болып  «Эйр  Астана»,  «Қазақтелеком», 

«ҚазАтомӨнеркәсіп» компаниялары шығарылмақ.



Қ.ЕРМЕК

ЖеМҚорлыҚҚА ҚАрСы 

Жол кАртАСы ҚАбылДАнДы

Мемлекеттік  қызметкерлердің  кәсіпкерлер 

бизнесіне кедергі жасаса да жауапкершіліктен 

құтылып  кететіні  туралы  «Атамекен»  ұлттық 

кәсіпкерлер  палатасы  басқарма  төрағасының 

орынбасары  рүстем  Жүрсінов  мәлімдеді.  2015 

жылы, сондай-ақ, осы жылдың 9 айында заңды 

кәсіпкерлік қызметке тосқауыл жасау дерегі бо-

йынша 16 іс қозғалып, нәтижесінде айыптау үкімі 

екі адамға ғана шыққан. Форумда белгілі болған-

дай Экономикалық зерттеулер институты жүр-

гізген сауалнама қорытындысы ең жемқор орган 

ретінде санитарлық-эпидемиологиялық қызметті 

көрсеткен. Қр Мемлекеттік қызмет істері және 

сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  агент-

тігі  төрағасының  орынбасары  Алик  Шпекбаев: 

«Жемқорлық жайлаған органдардың көшбасында 

санитарлық-эпидемиологиялық қызмет тұр. осы 

салаға үлкен реформа керек. Ал, кейбір елдерде 

бұл құрылым түрі мүлде жоқ. Денсаулық сақтау 

бағыты да күрделі зерттеуді қажет етеді. Дәрі-

дәрмек сатып алуға биыл 150 млрд теңгеден астам 

қаржы бөлінді. Ал дәрілерді сатып алу жұмыстары 

бойынша ақпарат жабық. Сатып алулардың көбі 

қағаз түрінде өтеді», – деді. Соған орай, аталған 

агенттік пен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер пала-

тасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жол картасын 

қабылдады.



Т.СМАҒҰЛ

Осы жерде айта кетерлігі, 2006 жылы Оңтүстік 

Қазақстанда  220  баланың  ВИЧ  инфекциясын 

жұқтырғаны анықталған болатын. Бұл жайтқа қа-

тысты мәліметтерге жүгінсек, тумай жатып теперіш 

Балайым КЕСЕБАЕВА,

Қазақстан Республикасы 

Парламенті Мәжілісінің депутаты


2

№138 (2916) 

7 желтоқсан 2016

zangazet@mail.ru

құқық

Дөңгелек үстел



Отырыс

Құрмет


Шара

Меморандум

Ақтөбе  облысының  кәмелетке 

толмағандар істері жөніндегі ма-

мандандырылған ауданаралық со-

тында «Қазақстан Республикасының 

Әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

кодексіне өзгерістер мен толықты-

рулар енгізу туралы» заң жобасын 

түсіндіру мақсатында дөңгелек үстел 

өтті. Сот төрағасы жетекшілік еткен 

жиынға Ақтөбе қалалық прокура-

турасы және облыстық ішкі істер 

департаментінің ювеналды полиция 

өкілдері қатысты.

Кездесу  барысында  дөңгелек 

үстелге қатысушылар қысқартылған 

іс  жүргізудің  аясын  кеңейту;  су-

дьяға, органға (лауазымды тұлғаға) 

жеңілдететін мән-жайларды анықтау 

барысында мүмкіндік беретін нор-

маларды қолдану, оның ішінде заң-

ды тұлғаларға қатысты әкімшілік 

айып пұл сомасын жалпы сомадан 30 

пайызға дейін қысқарту; сотта шағым 

жасауға балама құқықты жоя отырып, 

әкімшілік құқық бұзушылық туралы 

істер  бойынша  қаулыларға  жоға-

ры тұрған уәкілетті органға шағым 

жасаудың міндетті тәртібін енгізу 

мәселесі талқыланды. Сондай-ақ, 

АПК және ҚПК-нің аналогы бойын-

ша кассациялық тәртіпте әкімшілік 

жауапкершілікке тартылған тұлғаға, 

жәбірленушіге немесе олардың заң-

ды өкілдеріне шағым жасау құқығын 

бере отырып, актілерді қайта қарауға 

бастамашылық ететін адамдар тобын 

кеңейту; ӘҚБтК-не тиісті түзетулерді 

енгізу жолымен заңнамалық реттеуді 

қажет ететін құқықтық олқылықтар 

мен коллизияларды жою сұрақтары 

таразы басына салынды.

Дөңгелек үстел соңында қаты-

сушылар өзекті мәселелерді ортаға 

салып, оларды шешу жолдары тура-

лы өзара пікір алмасты.

Ақтөбе облысының кәмелетке 

толмағандар істері жөніндегі 

мамандандырылған ауданаралық 

сотының баспасөз қызметі

Кодекске енгізілетін 

өзгерістер талқыланды

Отырыста жас судьялардың аралық 

және қорытынды есептері тыңдалды. 

Жас судьялар өз есептерінде жұмыс 

кезеңіндегі қаралған істердің саны 

туралы, сот төрелігін жүзеге асыру 

сапасы, БАҚ-пен өзара әрекет етуі, 

өздігінен білім алу және біліктілігін 

көтеру  жұмыстары  туралы  айтып 

өтті. Әрбір есеп отырыс мүшелерімен 

талқыланып, тәлімгерлер мен ментор-

лардың пікірлері мен көзқарастары 

тыңдалды. 



Тәлімгерлер кеңесі

Тәлімгерлер өз пікірлерінде сот 

актілерін құрастыру сапасын, жұмыс 

көрсеткішін, кейбір жас судьялардың 

осал тұстарын талқылады.

Талқылау қорытындысы бойынша 

Е.Жанәділов барлық ұсыныстар мен 

ескертулерді назарға алуды тапсырып, 

жас судьяларға сот қателіктеріне және 

заңбұзушылықтарға жол бермеу мақ-

сатында  әрдайым өзін-өзі жетілдіруге, 

өздігінен білім алуға, қолданыстағы 

заңнаманы зерттеуге ерекше назар ау-

даруға тапсырма берді.  



Ақмола облыстық сотының 

баспасөз қызметі

Ақмола облыстық сотының азаматтық істер жөніндегі сот 

алқасының төрағасы Ерлан Жанәділов облыстың жас судьяла-

рының қатысуымен тәлімгерлер кеңесін өткізді. Кеңеске 20 жас 

судья қатысты. Олардың тәлімгерлері жергілікті соттардың 

төрағалары мен судьялары болып табылады. Ал, жас судья-

лармен менторлық жұмысты облыстық соттың судьялары 

өткізеді. 

Кездесуде  сот  төрағасы  Т.Ибрашев  кәмелетке  тол-

мағандардың құқық бұзушылықтары мен қылмыстарына 

байла нысты қозғалған қылмыстық және әкімшілік істер, 

жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары, жауапкершіліктері 

туралы жан-жақты әңгімеледі.

Өз кезегінде судья Ж.Ешпанова  тұлғаның қылмыстық 

жауаптылыққа тартылғаны туралы мәлімет арнайы тіркеу 

орындарына енгізіліп, бірыңғай автоматтандырылған жүйе-

де сақталатындығын және болашақта мемлекеттік қызметке 

жұмысқа орналасуына кедергі келтіретінін атап көрсетіп, 

жастардың осы күннен бастап жағымсыз әрекеттерден аулақ 

болуы қажеттілігіне тоқталды.

Студенттер сот ғимаратына саяхат жасап, ақпараттық 

тақталар мен келушілерге арналған күту залымен, кеңсе, 

ақпараттық  дүңгіршек  жұмыстарымен  жақын  таныс-

ты. Психологтың кабинетінде, жаңа дыбыс-бейнежазу 

құрылғыларымен жабдықталған сот отырысының залда-

рында болды.

Кеңсе меңгерушісі Ш.Тұңғатарова болашақ заңгерлерді 

«Төрелік» бағдарламасымен таныстырып, сот жүйесіндегі 

жаңа электронды технологияларды енгізудің артықшылықта-

ры мен тиімділігі туралы әңгімелеп берді.

Студенттер көкейлерінде жүрген көптеген сұрақтарына 

жауап алды.

Батыс Қазақстан облысының кәмелетке 

толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған

ауданаралық сотының баспасөз қызметі

Ашық есік күні



Батыс Қазақстан облысының кәмелетке тол-

мағандардың істері жөніндегі мамандандырылған 

ауданаралық сотында Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің 25 жылдығы қарсаңындағы көптеген 

игілікті шаралар қолға алынуда. Жуырда сотта 

оқу орындарымен іскерлік байланысты жанданды-

ру мақсатында Орал гуманитарлық колледжінің 

құқықтану  мамандығының  студенттеріне  ар-

налған ашық есік күні өткізілді.

Болашақ заңгерлер 

мол тағылым алды

Бүгінгі таңда сот саласында халық пен 

мемлекетті тікелей байланыстырушы сана-

латын үкіметтік емес ұйымдардың маңызы 

зор. Оған дәлел – соттардағы әрбір шараның 

үкіметтік  емес  ұйым  өкілдерінің  қаты-

суымен жүргізілуі. 

 Шара барысында «Маңғыстау облы-

сы Азаматтық Алянсы» заңды тұлғалар 

бірлестігінің президенті Жібек Ахметова 

облысымыздағы үкіметтік емес ұйымдар-

мен бірлесіп атқарып отырған жұмыстары 

үшін Маңғыстау облысы бойынша соттар 

Петропавл қаласының ішкі 

істер басқармасында жергілікті 

полиция қызметі мен қаладағы 

бес такси паркінің диспетчерлік 

қызметі арасында қызметтес-

тік  жөніндегі  меморандумға 

қол қойылды. Полицейлер мен 

такси өкілдерінен бөлек, кезде-

суге «Нұр Отан» партиясының, 

Петропавл қаласы әкімдігінің 

өкілдері, Мемлекеттік кірістер 

басқармасының қызметкерлері 

қатысты. 

Кездесуге қатысушылар про-

блемалы сұрақтарды талқылап, 

оларды шешу жолдарын қарас-

тырды. Петропавл қалалық ІІБ 

бастығы, полиция полковнигі 

Анатолий Мырзахановтың ай-

туынша, меморандумның мәні –

заңсыз жолмен нәпақасын тауып 

жүрген такси жүргізушілеріне 



Оңтүстік  Қазақстан  облыстық  проку-

ратурасы  «Лайықты  ұрпақ  тәрбиелейік!» 

атты жоба аясында Қазақстанда бірінші рет 

«Street workout» республикалық ойынын өт-

кізуге мұрындық болды. Ойындар облыстағы 

воркаут қозғалысының бастамасымен қолға 

алынған болатын.

Шара барысында еліміздің аймақтарындағы көше жат-

тығуларын жасайтын үздіктер бір алаңда бас қосты. Алаңда 

өзара Шымкент, Алматы, Талдықорған, Тараз, Орал және 

Көкшетаудан келген құрамалар сайысқа түсті. Сайысқа қа-

тысушылар әртүрлі күш жаттығуларын жасаудан жарысып, 

өз құрамасының беріктігін және физикалық күш-қуаттарын 

көрсете білді.

Үкіметтік емес 

ұйымдардан 

марапат


Тәуелсіздіктің  25  жылдығына 

орай, салтанатты жиын өткізілді. 

Шараға  мемлекеттік  органдар, 

үкіметтік емес ұйымдар, БАҚ өкіл-

дері қатысты. 

әкімшісінің  басшысы  Меңді  Епеноваға 

алғысхат табыстады. Сонымен қатар, көш-

басшы үкіметтік емес ұйымдар марапатта-

лып, облыстың әлеуметтік-экономикалық 

даму көрінісін теледидар және баспасөз бет-

терінде насихаттап жүрген БАҚ өкілдеріне 

алғысхаттар табысталды.



Маңғыстау облыстық соты

Жолаушылар қауіпсіздігі үшін

қызметін заңдастырып, құжат-

тарын түзеуге мүмкіндік беру. 

Сондай-ақ, олардан жолаушылар 

мен жүк тасымалы ережелерін 

ұстануды талап ету. Бұл үшін 

олар  тоқсан  сайын  техника-

лық байқаудан өтіп, қолдарында 

жолаушылардың  сақтандыру 

полистері болуы қажет. Мұның 

барлығы такси клиенттерінің 

қауіпсіздігі мен жайлылығын 

қамтамасыз ету үшін жасалып 

отыр.

– Бүгін «Жолаушылар тасы-



малдаушылардың одағы» үшін 

ерекше күн. Міне, Петропавл-

дағы барлық такси парктерінің 

диспетчерлік қызметтері мен 

«Нұр Отан» партиясы, Мемле-

кеттік кірістер басқармасы мен 

ІІД қызметкерлері арасында ме-

морандумға қол қойылды. Дис-

петчерлік қызметтер жолаушы-

лар мен жүк тасымалы қызметін 

көрсетуді жақсарту бойынша 

бірлескен  жұмыстар  туралы 

ортақ келісімге келді. Мұндағы 

ең басты міндет – жолаушылар 

тасымалы қауіпсіздігін қамта-

масыз ету. Қазіргі уақытта бұл 

жұмыстар атқарылуда. Енді бір-

лескен жұмыстар арқылы біз бұл 

бағытта едәуір жетістіктерге қол 

жеткіземіз. Барлық такси жүр-

гізушілерін жолаушыларға сапа-

лы әрі қауіпсіз қызмет көрсетуге 

шақырамыз, – деді «Жолаушы-

лар тасымалдаушылардың ода-

ғы» қоғамдық бірлестігінің төр-

ағасы Наиль Абраев.



Солтүстік Қазақстан 

облыстық ІІД баспасөз 

қызметі

«Лайықты ұрпақ 

тәрбиелейік!»

Сайыстың қонағы әрі төрешісі ретінде осы спорттың негізін 

қалаушы, «Школа - Турника» үйретуші бейнеролигін жасаған  

Михаил Баратов шақырылған.

Жалпықұрамалық есепке сай, сайыс жеңімпазының тұ-

ғырына Шымкент қаласының «13-легион» құрамасы кө-

терілді. Жарыс барысында шебер және жас спортшылардың 

көрсеткіш өнерлері тамашаланып, бұл спорт түрімен шұғыл-

дануға ниет білдіргендерге күш-қуатын көрсетуге мүмкіндік 

берілді.      

Аталған іс-шара бұл спорт түрін жан-жақты көрсету және 

жастар арасындағы салауатты өмір салтын қалыптастыруға 

бағытталған болатын. Жарысқа көрермен және жанкүйерлер 

ретінде қаланың мектеп, колледж оқушылары, интернат тәр-

биеленушілері, «Жасұлан» әскери мектебінің кадеттері шақы-

рылды. 


Оңтүстік Қазақстан облыстық прокуратурасының 

баспасөз қызметі

№138 (2916) 

7 желтоқсан 2016

3

zangazet@mail.ru



қоғам

Бүгінгінің бас тақырыбы



(Соңы. Басы 1-бетте)

ВИЧ жұқтырған балаларға 

шындықты есту ауыр

Сол тұста Шымкентте ВИЧ дертін жұқтырған 

балаларға арналған ана мен бала орталығы ашыл-

ды. Аталған орталық пен ондағы балалар тағдыры 

бұқаралық ақпарат құралдарында анда-санда кө-

терілгені болмаса, қоғам назарынан шет қалғаны 

ащы шындық. Жазылмас дертке шалдыққан бала-

лардың бүгінгі жағдайы қалай? Олардың емделуі-

не толық жағдай жасалып отыр ма? Балалардың 

келешегіне құзырлы орындар қаншалықты мән 

беруде? Мәселенің анық-қанығын білу мақсатын-

да «Балаларды СПИД-тен қорғайық» қоғамдық 

қорының төрайымы Жанетта Жазықбаеваны сөзге 

тартқан едік.

«Бала болашағы 

мемлекет мойнында»

– Әрбір адам өмірге келгенде оның ұрпағы-

ның жалғасы болуы, өсіп-өнуі заңдылық. Ал, 

баланың туа сала дәрігер қателігінің зардабын 

өмір бойы тартуы үлкен соққы, кембағалдық. 

Сондықтан, балаларға да, олардың ата-анала-

рына да психологиялық тұрғыда үлкен көмек 

керек. Медициналық, әлеуметтік жағдайлары-

на жүйелі түрде қолдау жасаған жөн. Мұндай 

жандарды біз шеттетпеуге тиіспіз. Кезінде 

мемлекеттік қызметкерлер жіберген қателік. 

Осы себепті, бұл балаларға қатысты барлық 

мәселені мемлекет мойнымен көтеруге міндет-

ті. Ең алдымен материалдық тұрғыда қолдау 

беріп, балалардың оқып-білім алуына жол 

ашылғаны жөн. Мемлекеттің есебінен ақысыз 

жоғары оқу орындарына қабылдау керек. Ба-

лалар шындықты білуге тиіс. 



– ВИЧ жұқтырған балалар мен 

олардың ата-аналарына қандай 

көмектер көрсетілуде?

– ВИЧ-ке шалдыққан балалар-

дың отбасыларына бірінші кезекте 

психологиялық қолдау өмір бақи 

көрсетілуі керек. Себебі, ата-аналар 

балаларының ауруымен өмір сүреді. 

Біраз уақыт өздеріне келіп жүреді де, 

кейде күйзелістерге душар болады. 

Өзім де психологпын. Бізде психолог 

мамандардың жетіспейтіні шындық. 

Қорда «Болашақ» ақпараттық-оңал-

ту орталығы бар. Ғимараттың сыр-

тына СПИД-тен қорғау орталығы 

деп жазған жоқпыз. Себебі, халық 

түсінбейді. Одан кейін орталықта 

тек қана ВИЧ-ке шалдыққандар емес, 

ДЦП-мен ауыратын балалар да емде-

леді. Бүгінде мемлекеттік тапсырыс 

бойынша ашылған шағын орталықта 

39-40 бала ем алуда. Мұнда ЛФК, 

массаж, фарафин, т.б. ем-дом түр-

лері көрсетіледі.  Бұған мемлекеттен 

арнайы қаржы бөлінген. Өкінішке 

қарай, ВИЧ дертін жұқтырғандарға 

мұндай көмек көрсете алмаудамыз, 

себебі, қаржы жоқ.



– Дәрігерлер жауапсыздығынан 

дертке шалдыққандарға үкімет 

тарапынан қолдау бар ма?

– Балалардың кішкентай кезінде 

көбінесе  ата-аналарымен  жұмыс 

істедік. Балалармен тек қана 1 мау-

сым, жаңажылдық мерекелерде кез-

дестік. Бізде әр сатыда балалар жасы 

белгіленген. Ең үлкені – 1992, ең 

кішкентайы – 2012-2013 жылғылар. 

Солардың ішінде 70 пайызы 2006 

оның қандай ауруға арналғанын біліп 

алу қиын емес. Оның үстіне, балалар 

дәрі-дәрмектен шаршады. Тіпті, үй-

інде дәріні неге өзінің ғана ішетінін 

айтып, наразылық танытатындар да 

бар екенін ата-аналар жасырмайды. 

Егер бала дәріні ішпесе дерт асқынып 

СПИД-ке ұласуы ғажап емес. Дәрілер 

вирусты асқындырмай ұстап тұрады. 

Осы себепті, балаларға шындықты 

айту сәті келді. 

Ресейде ВИЧ-ке шалдыққан ба-

лаларға ауруын 7-8 жасында айтады. 

Себебі, ол жақта бұл дертке көбінесе 

наркоман, т.б. ұл-қызы шалдығады, 

олар отбасында ерте есейеді. Ал, біз-

де олай емес, қазақи тәрбие. «Балалы 

үйдің ұрлығы жатпас» дегенмен, 

7-8 жас тым ерте. Ал, 11-12 жас дер 

шағы. Бала бойында физиологиялық 

өзгерістер пайда болады. Не бала, не 

ересек емес, бірдеңенің байыбына 

толыққанды бойлай бермейтін шала 

кезінде айтқан дұрыс. Себебі, «Он 

үште отау иесі дегендей»» 13-14-те 

оның «мені» қалыптасып, жетіледі. 

Балада  махаббат  оянады.  Ондай 

кезде дерті жайлы есту балаға ауыр 

соққы болады. Бойындағы дертін 

кеш естіген балалар күйзеліске түсіп, 

әртүрлі жағдайға ұшырауы мүмкін. 

Кейбіреуі бірден тұйықталып кетеді. 

Қанша дегенмен, естияр адамның 

өз-өзіне келуі қиынға соғады. Біздің 

мақсатымыз – суицидке жол бермеу.



– Қазіргі басты мәселе мемле-

кеттік тұрғыдағы қолдауға тіреліп 

тұр ғой. 

– Қазір ВИЧ жұқтырған бала-

ларға мемлекет тарапынан арнайы 

бағдарлама керек. Бізде ВИЧ-пен 247 

бала тіркеуде тұрса, олардан бөлек 39 

ДЦП-мен ауыратын науқас бар. 2009 

жылдан бері осы мәселені көтеріп 

келеміз. Ол кездері бір жылда 10-20 

баламен жұмыс істедік, қаржыны көп 

талап  еткен жоқ. Өзіміз жоқтан бар 

жасап, балаларға көмегімізді көрсет-

тік. Келесі жылы ауруын білуі тиіс 

балалар жүзден асып тұр. Олардың 

әрқайсысымен жұмыс оңай болмайды. 

Бала дертін біліп, өз-өзіне келгенін-

ше кемі 3-4 жыл керек. Оған, әрине, 

тұрақты бағдарлама, қомақты қаржы 

қажет. Балаға бұл дертпен өмір сүруге 

болатынын ұғындырудың маңызы зор. 

Арнайы мамандарды тарту қажеттілігі 

тууда. Науқас жанға отбасын құруға 

болатынын, мамандық таңдау жайын, 

т.б. бәрін түсіндіру үлкен жұмысты 

талап етеді. Бір мысал айтайын,  Ру-

мынияда да кезінде біздегідей жағдай 

орын алған. Алайда, ол науқастарға 

үкімет тарапынан қолдау болмаған. 

Соның салдарынан ол елде он жылдан 

кейін ВИЧ-тің екінші толқыны пайда 

болған. Яғни, кішкентай балалар өсе 

келе басқаларға жұқтырған. Себебі, 

дер кезінде олармен арнайы жұмыс 

жүргізілмеген. Біз мұндай қателіктен 

сақ болуға тиіспіз. 



– Құзырлы органдарға ұсыныс-

тармен шықтыңыздар ма?

–  Алдын  алу  шараларын  жа-

сау, балаларды психологиялық күй-

зелістен сақтау, қоғамға бейімдеуге 

арнайы бағдарлама керек. Бұрын 

халықаралық гранттардан қаржы 

бөлінетін.  Бүгінде  олардың  бәрі 

тоқтатылды. Мемлекеттік тапсырыс 

туралы ұсынысымызды министрге 

де бердік. Тамара Қасымқызымен 

кездестік. Біздің жергілікті атқарушы 

орган да хабардар. Бірақ, әлі күнге 

дейін осы мәселенің шешілмеуі ме-

нің жанымды ауыртады. 



– Әңгімеңізге  үлкен рақмет.

Каталог: wp-content -> uploads -> 2015
2015 -> МазМұны. Содержание жоғары білім. Высшее образование
2015 -> Сұхбат 5-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы Ойталқы АҢдатпа
2015 -> Ажал ошағына айналды баспасөз — 2016 Мінбер
2015 -> АҢдатпа 6-бет 3-бет
2015 -> Соңы 8-бетте) (Соңы 3-бетте) Ақпарат Бүгінгінің бас тақырыбы АҢдатпа
2015 -> Сапасын дамыту жолдары
2015 -> Ж. Тәшенов Хрущев үшін неге ұялды?
2015 -> Ж. Бірегей тұлға Қапез Қожахметов, Мағжан Садыханұлы
2015 -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды

жүктеу 0.53 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет