Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата07.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Р.Баттал. Диктанттар мен мазмұндамалар жинағы. А., 
«Жеті жарғы», 2001.
2.  Р.Смағұлова,  Б.Тауықбаева.  Диктанттар  жинағы. 
Аймақтық баспа орталығы, 2006.
3. Ж.Қалиева. Диктанттар жинағы. Қостанай, 2007.

126
Сағдат ЖАРҚЫНБЕКОВА,
Қарағанды облысының 
Шет ауданындағы  
«Көктіңкөлі» орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
10-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН 
ЕМТИХАН БИЛЕТТЕРІ
1-билет
1. Көне жазба мұралары қай ғасырда пайда болды?
2. Қазақ тілі мен түркі тілінің айырмашылығы қандай?
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Қоңырау соғылып, оқушылар сыныпқа кірді.
2-билет
1. Ислам дәуіріне қандай шығармалар жинағы жатады?
2. Алтын Орда-Қыпшақ дәуірі қай ғасырда пайда болды?
3. Мына сөйлемге фонетикалық талдау жаса:
Әр бейсенбі сайын сенбілік болады.
3-билет
1. Тілдің қоғамдық қызметі дегеніміз не?
2. Ұлттық дәстүрге байланысты ырымдарды атаү
3. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:
Сара емтиханға көп дайындалған соң, жақсы тапсырды.
4-билет
1. Бата, тілек, алғыс сөздерді ата.
2. Тыйым сөздер дегеніміз не?

127
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Кеш бойы Абай Пушкинді қайта оқумен болды.
5-билет
1. Қоғамдық қатынастағы ұлттық тілдің мәні қандай?
2. Әдеби тіл дегеніміз не?
3. Мына сөйлемге фонетикалық талдау жаса:
Олар ертең ауылға барады.
6-билет
1. Көркем әдебиет тілі дегеніміз не?
2. Ресми іс қағаздарына нелер жатады?
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Бүгін күн жылы болғандықтан, олар далаға шықты.
7-билет
1. Ауызша сөйлеу дегеніміз не?
2. Ауызекі сөйлеу тілінің стильдік ерекшелігі қандай?
3. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:
Абай бұл түнді ұйқысыз өткізді, бірақ талған жоқ.
8-билет
1. Дауыс ырғағы не үшін қажет?
2. Табу сөздерінің ерекшелігін ата
3. Мына сөйлемге фонетикалық талдау жаса:
Мен газет оқып отырмын да, ол хат жазып отыр.
9-билет
1. Жұрт алдында сөйлеу әдебі дегеніміз не?
2. Жұрт алдында сөйлеу әдебінің ерекшелігін ата
3. Мына өлең жолдарына морфологиялық талдау жаса:
Жұрттан бұрын күн тұрады,
Дала нұрмен құлпырады.
10-билет
1. Сөз қолдану мәдениеті дегеніміз не?
2. Қазақ халқы қандай үш түрлі жазу жүйесін қолданған?

128
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Жақан  таныс  болғандықтан,  мен  оған  ішкі  сырымды 
баяндадым.
11-билет
1. Сөз дәлдігі дегеніміз не?
2. Тұрақты тіркестер дегеніміз не? 
3. Мына мақал-мәтелге фонетикалық талдау жаса:
Туған жерге туың тік. 
Тас-тілдің қамалы.
12-билет
1. Тұрақты сөз тіркестерінің белгілерін ата.
2. Идиома дегеніміз не?
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Күз келіп, күн суыта бастады.
13-билет
1. Фраза мен идиоманың айырмашылығы қандай?
2. Сөйлеудегі сөз бен мағына бірлігі қандай болу керек?
3. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:
Бұл жолы да ол сол әдетінен жаңылған жоқ.
14-билет
1. Сөйлеудегі қосымша құралдарды ата.
2. Механикалық ым-ишара дегеніміз не?
3. Мына сөйлемге фонетикалық талдау жаса:
Жанар сабақты өте жақсы оқиды.
15-билет
1. Эмоциялы сөйлесу дегеніміз не?
2. Суреттеме сөйлесу дегеніміз не?
3. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:
Жол  үстінде машина ақырып жүріп келеді.

129
16-билет
1. Сөз әсерлілігі дегеніміз не?
2. Ауыспалы мағыналы сөз қалай жасалады?
3. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:
Күн батты да, тау бөктерін қара көлеңке басты.
17-билет
1. Сөз байлығы қалай жасалады?
2.  Ауыспалы  мағыналы  сөз  бен  тура  мағыналы  сөздің 
қандай айырмашылығы бар?
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Оттың жалыны әзір көрінбейді, жаңа тұтанды.
18-билет
1. Портрет дегеніміз не, мысал келтір
2. Пейзаж дегеніміз не?
3. Мына сөйлемге фонетикалық талдау жаса:
Жел соқты, жаңбыр жауды.
19-билет 
1. Дисфемизм дегеніміз не
2. Диалекті сөздер қалай жасалады?
3. Мына сөйлемге морфологиялық талдау жаса:
Көктем келіп, күн жылынды.
20-билет
1. Ресми құжаттардың түрлерін ата.
2. Хаттама дегеніміз не?
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Бүгін  күн  суық  болғандықтан,  мен  далаға    шыға           
алмадым.
21-билет 
1. Сынаптағы бір оқушыға мінездеме бер.
2. Мінездеменің қандай түрлері бар?

130
3. Мына сөйлемге фонетикалық тадау жаса:
Жел соқты, жаңбыр жауды.
22-билет
1. Жеке адамға қатысты іс қағаздар қандай?
2. Өтініш қандай болады?
3. Мына сөйлемге синтаксистік талдау жаса:
Күн  ыстық болғандықтан, үйдің іргесі түрулі еді.
23-билет
1. Өз өмірбаяныңды қысқаша айт.
2. Баяндаманың ерекшеліктерін ата.
3. Төмендегі өлең жолына морфологиялық талдау жаса:
Біздің  дала – бай дала,
Алтын астық – айнала.
24-билет
1. Хат тілінің қандай ерекшеліктері бар?
2. Хаттың қандай түрлері бар?
3. Төмендегі мақалға фонетикалық талдау жаса:
Ұстаздан шәкірт озар.
25-билет 
1. Күнделік не үшін қажет?
2. Ауызша әңгімелеу дегеніміз не?
3. Мына сөйлемге фонетикалық талдау жаса:
Көктем айы құлпырған ай тәрізді.

131
Балабақша бағында
Назира ИНСЕБАЕВА,
«Бота» балабақшасының
тәрбиешісі.
Алматы облысы,
Қарасай ауданы,
«Үшқоңыр» ауылы.
ОТБАСЫНДАҒЫ              
СЫЙЛАСТЫҚ
Мақсаты:  бір  отбасындағы  адамдар  арасындағы 
сыйластық  қарым-қатынасты  қалыптастыру,  бір-біріне 
қамқор болуға, өз отбасын мақтан етуге тәрбиелеу, «Бақытты 
отбасы»,  сыйлы  отбасы  ұғымдарын  терең  түсіндіру,  отба-
сына байланысты сөздер мен сөздік қорларын көбейту, өлең-
тақпақтар,  мақал-мәтелдер  үйрету  арқылы  ой-өрістерін, 
тілдерін дамыту.
Міндеттері:  отбасындағы  сыйластық  туралы  түсінік-
терін кеңейту.
- сыйластық, сүйіспеншілік сезімдерін дамыту;
- сыйластыққа, сүйіспеншілікке тәрбиелеу;
- отбасында өзара сыйластыққа тәрбиелеу.
Көрнекі  құралдар:  отбасы  суреті,  жүрекшелер,  үйдің 
суреті.
Іс-әрекет         
бөлімдері
Тәрбиешінің                        
әрекеті
Балалардың
іс-әрекеті
Ынталан-
дыру. 
Сезімін 
ояту.
Шаттық шеңбері.
- Сенде де бар отбасы,
  Менде де бар отбасы.
  Үлкенде де, кішіде,
  Отбасы бар әрбір кісіде.
Балалар шеңберде 
тұрып, қимыл-
қозғалыс арқылы 
өлең жолдарын 
тәрбиешімен 
қосылып айтады.

132
Ізденіс-
тер,
ұйымдас-
тыру.
Отбасы бары шуақ қой
Қуаныш пен қуат қой.
Армысыңдар, аналар!
Армысыңдар, әкелер!
Қайырлы таң, апайлар!
Қайырлы таң, достарым!
Отбасына арналған сурет 
тақтаға ілініп, сабақты 
түсіндіріп, әңгімелеп 
беремін. «Тату-тәтті отбасы» 
атты әңгімені оқып, оны 
әңгімелеймін.
Тату-тәтті отбасы.
Арлан мен Арнұр бес 
жаста, олар балабақшаға 
барады. Балабақша олардың 
үйіне жақын орналасқан. 
Оларды балабақшаға атасы 
мен әжесі апарып, алып 
келеді. Балабақша оларға 
өте ұнайды, достары да 
көп. Сонда да олар үйге 
қайтқанша асығады. 
Өйткені кешке барлық 
отбасы мүшелері үлкен 
дастарқан басына жиналады, 
қызықты әңгімелер 
айтылады. Күнделікті 
кешкі астан кейін атасы 
мен әжесі немерелеріне 
«күндерім, құлыншақтарым, 
ботақандарым» деп еркелете 
отырып, ертегі айтып 
береді. Содан кейін олар 
ата-аналарының ақылдарын 
тыңдай отырып, үлкендерге 
көмектеседі. Гүлдерге су 
құяды, ойыншықтарын 
жинайды, киімдерін реттеп, 
орындарына қояды.
Әңгімені зейін 
қойып тыңдады.

133
«Әкемізге еркелеп,
Анамызды тыңдаймыз.
Әжем айтар ертегі көп,
Атамызды сыйлаймыз»,- 
деп әндетіп те қояды. Атасы 
мен әжесі немерелерінің 
ақылдылығына сүйсіне 
қарап, «Айналайындарым, 
үлкен азамат болыңдар, 
өркендерің өссін!» деп 
баталарын береді.
Әкесі мен анасы да балала-
рының ақылды азамат болып 
өсіп келе жатқандарына 
қуанады. «Балапан ұяда 
не көрсе, ұшқанда соны 
іледі» деп олардың тәрбиелі, 
ақылды отбасында өсіп 
келе жатқандарына сүйсіне 
қарайды.
Сұрақ-жауап арқылы 
балалармен әңгімелесу.
- Балалар, қалай ойлай-
сыңдар, бұл қандай отбасы?
- Отбасында кімдер тұрады?
- Атасы мен әжесі немере-
лерін қалай еркелетеді?
- Арлан мен Арнұр қандай 
балалар?
- Отбасында сыйластық бар 
ма?
- Ата, әжелерің сендерді 
қалай еркелетеді?
Тақпақ
Балалар сұрақтарға 
белсенді жауап 
берді.
Диада:
- Мені жақсы 
көреді,
Күндей күліп 
келеді.
Көп ертегі біледі,
Маған айтып 
береді.
Мен гүлдерді 
жұлмаймын,
Торғайларды 
қумаймын.
Айтқан сөзді 
тыңдаймын,
Апашымды 
сыйлаймын.

134
Дәйек сөз
Отбасы - үлкен қуаныштың 
шаттықтың, мейірімділіктің, 
сүйіспеншіліктің ортасы. 
Халықта «ұяда не көрсең, 
ұшқанда соны ілесің» деген 
сөз бар. Бала отбасында 
жақсы тәрбиеленсе, өскенде 
әдепті, ақылды азамат болып 
шығады. Отбасы мүшелеріне 
қашан да көмектесу, қамқор 
болу, үлкендердің айтқанын 
тыңдау, үлкенді, кішіні 
сыйлау, ұқыпты болу әр 
баланың қолынан келеді.
«Өзіммен-өзім» психоло-
гиялық тренингін өткізу.
(Әуен ойналады)
Балалар бәріміз жайғасып 
отырып, көзімізді жұмып, 
өзіміздің отбасымызды 
ең жақын, сүйікті отбасы 
мүшелерін көз алдымызға 
елестетейік. Демалыс 
күндері отбасы мүшелеріміз 
түгелдей үлкен дастарқан 
басына жиналдық деп 
ойладық. Бәріміздің 
жүзімізде қуаныш, бір-
бірімізге сүйіспеншілікпен, 
сыйластықпен қараймыз. 
Біздің қуанышты сәтімізге 
ортақтаса Күн сәулесі де үй 
ішін жылы шуаққа бөлеп 
тұр. Қандай тамаша, қандай 
шуақты күн!
Енді, «Әжесі мен Бағлан» 
көрінісін тамашалаңыздар:
- Жүрегім кім менің?
- Мен.
- Тірегім кім менің?

135
Сергіту 
сәті.
Ғажайып 
сөздер.
- Мен.
- Жаным кім менің?
- Мен.
- Сәнім кім менің?
- Мен.
- Ботақаным, Бағлан қозым,
Не деген тәтті баласың,
Ой, қарғам менің!
- Жоқ, әже, қарғаң мен емес!
Жоқ, жоқ, қарға болмаймын!
Қарға «қарқ-қарқ етеді»
Алысқа ұшып кетеді
Қасыңда болып әрдайым
Мен ешқайда бармаймын.
- Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Бір отырып, бір тұрып
Біз демалып алайық.
Алға қарай бір адым,
Артқа қарай бір адым,
Жоғары-төмен қарайық,
Орнымызды табайық.
Балаларға жылы сөздер 
таратылады. Тақтаға ілінген 
үйдің суретіне өздерінің 
сабақта үйренген өнегелі 
сөздерін айтып жапсырады.
Мысалы:
Өлеңді айтып, 
қимыл-қозғалыс 
жасады.
- Мен отбасыма 
денсаулық 
тілеймін.
- Бақыт тілеймін, 
жақсы көремін.
- Біз бір-бірімізді 
сыйлаймыз.
-Татулық тілеймін.
- Ашық аспан 
тілеймін.
- Олар менің 
жүрегімде.
- Әлемдегі бар 
жақсылықты 
тілеймін.

136
Қоры-
тынды-
лау.
Өзін-өзі 
бағалау.
- Балалар, бүгін 
біз сүйікті отбасы, 
отбасы мүшелері 
туралы жақсы 
жағымды сөздер 
айттық. Отбасында 
бір-бірін сыйлауға, 
құрметтеуге, 
аялауға үйретеді. Біз 
отбасымызды жан 
жүрегімізбен жақсы 
көреміз.
Жүректен жүрекке 
жетеді.
Н.Әлімқұловтың 
«Балалы үй базар» 
өлеңінің бір шумағы 
айтылады.
Біздің үйден ән тарап
Думандатар өмірді.
Біздің үйде - салтанат,
Біздің үй де көңілді.
Мақал-мәтел.
Берекет: - Әке - асқар тау.
Ана - шалқар көл.
Бала - жағадағы құрақ.
Жәмила: - Ана көрген тон 
пішер.
Әке көрген оқ жонар.
Тақпақтар.
Ыбырай: - Мақтайды әкем - 
батырым
Енді өзіме серік деп
Өсіп келе жатырмын
Өз әкеме еліктеп.
Әкем менің жасымнан
Тастамайды қасынан.
Зәуреш: - Күн жетпейді алаң 
боп,
Кітап оқи бастасам.
Шаруам көп, шамам жоқ
Демейді анам ешқашан.
Бізді бағып, қағады,
Қайдан мұрша табады.
Аянат: - Әкем, шешем және 
мен,
Тату-тәтті тұрамыз.
Сыйластықпен, махаббатпен
Сауық-сайран құрамыз.
Еркежан: - Анам маған үлкенді 
сыйла деген,
Сол сөз маған ізгілік құйған 
ерен.
Үлкендерден ауысқан кішілікті,
Үлкендердің өзіне сыйға берем.
Балалар қонақтарға 
жүрекшелерін сыйлайды.
Күтілетін нәтиже:
Білуге тиіс: отбасындағы құндылықтарды.
Көрсете білуі: әңгімені тыңдай білді, өлең, тақпақ, мақал-
мәтелдерді өз еріктерімен жеткізе білді.
Түсінігі: отбасындағы сыйластықты, үлкендерге құрмет 
көрсету, сыйлау, кішіге қамқор болу керектігін түсінді.

137
Тәрбие сағаты
Анар ЕРМЕКҚЫЗЫ,
Ақмола облысының
Еңбекшілдер ауданындағы
«Бірсуат» орта мектебінің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
«ӘЛЕМНІң ЖАРЫҒЫН  
СЫЙЛАДЫң СЕН МАҒАН...»
Мақсаты:  жасөспірімдерді  бауырмалдылыққа,  үлкенді 
сыйлай білуге, адамзат үшін теңдесі жоқ, құрметті, асыл да 
ардақты адам – ананы қадірлей білуге үйрету.
Ғалымдардың  айтуынша,  адам  миы  оқыған  кезде  10%, 
естіген  кезде  20%,  көрген  кезде  30%,  ести  және  көре 
отырып 50%, өзіміз айта отырып 70%, өзіміз жасай отырып 
90%-ға  дейін  есте  сақтай  алады  екен.  Осы  жағдайларды 
ескере  отырып:  1)  Оқушы  шығармашылығын  арттыру;                                                  
2)  Оқушыларды  әдемілікке,  сұлулыққа  баулу;  3)  Оқу-
шылардың  анаға  деген  сүйіспеншілігін,  сағынышын 
сезіндіре  білу;  4)  Оқушыларды  ұжымдыққа,  достыққа 
тәрбиелеу;  5)  Балаларды  мейірімділікке,  аналардың  шексіз 
еңбегін  бағалай  білуге,  анасын  сүю  арқылы  еліне  деген 
сүйіспеншілігін арттыру.
Қажетті  құрал-жабдықтар:  қанатты  сөздер,  қабырға 
газеті,  балалардың  алдын  ала  дайындаған  открыткалары, 
аналар туралы үнтаспа, мерекелік безендірілген оқу бөлмесі.
Сабақтың барысы:
Халықаралық әйлдер күні
1910  жылы  Данияда,  Копенгаген  қаласында  әйелдердің 
халықаралық  конференциясы  өтті.  Конференцияға  Клара 

138
Цеткин қатысты. Ол ақ шашты, қара көзді қария адам еді. 
Ол жыл сайын 8 наурыз күнін әйелдер күні деп атап өтуге 
ұсыныс айтты. Бұл ұсынысты жиналған жұрт бірауыздан 
қабылдады..
Ресейде  Халықаралық  әйелдер  күні  бірінші  рет  1913 
жылы Петербургте өтті.
Оқушыларды таныстыру:
- Бәрімізге қымбатты,        
  Жанарынан бал тама,
  Келбетті де сымбатты      
  Аягөз, міне, ортада!              
- Сүйсінген елі есті ерге,
  Көмектесер қартыңа да.
  Қатысқан талай кештерге
  Рысбек тұр сахнада!
- Атыңнан айналайын Арман деген, 
  Сенің жақсы ісіңе баға бергем.    
  Сыныбыңа бол қашанда ардақты,
  Ақ жолыңнан талма осындай салмақты.
- Білімді, оқу озаты сыныптағы                  
  Талай қиын істерді құрықтады.
  Нұрназдың алдында талай іс тұр,    
  Алдынан атсын дәйім үміт таңы.
- Әзілді өзі қайнатқан,                                                          
  Ақ көңілді Қайратжан!
  Тамылжытып ән салған,
  Өнерін гүлдей жайнатқан!       
- Ақылы асқан Бақыт бар арамызда,
  Көрік берген игі ісі санамызға.
  Мөлдіреген көздері оттай жанып,
  Айналды ол біз үшін дана қызға!
- Әрқашанда таусылмайтын тағаты.
  Айгерім қыз – оқуының озаты.

139
  Қиындықтан алып шығар жолдасын,
  Биікте тұр кірленбеген таза аты!
(Осылай қатысатын оқушылар өздерін таныстырады).
1-жүргізуші: - Армысың, ауылымның асылдары,
                          Жайнасын көңілдердің жасыл бағы.
                          Сендер үшін ән мен күй, өлең мен би,
                          Сендер үшін мереке шашулары!
2-жүргізуші: - Әлемнің жарығын
                          Сыйладың сен маған!
                          Даланың әр гүлін
                          Жинадың сен маған!
1-жүргізуші:  -  Көктемді  қанатына  қондырып,  жан 
жылуын  көкірегіне  толтырып,  әйел-аналардың  дәстүрлі 
мерекесі – 8 наурыз да ауылымызға келіп жетті. Өздеріңізді 
анадай  шуақты,  құлпырған  қызғалдақтай  әсем  мерекемен 
құттықтаймыз!
2-жүргізуші:  -  «Отбасы  –  шағын  мемлекет»  деген 
сөз  бар.  Ынтымағы  келіскен,  түтіні  түзу  ұшқан  әрбір 
шаңырақ – мемлекетіміздің құт-берекесі. Әйел-ана – отбасы 
жылуын сақтаушы, қоғамның ертеңі, болашақ – балаларды 
тәрбиелеуші.
Мұғалім: - Ананың өмірдегі рөлі.
Ана  –  бала  үшін  өмірдегі  ең  қымбатты  жан.  Қандай 
ана  болмасын  түн  ұйқысын  төрт  бөліп  баласына  деген 
мейірімін,  махаббатын  ақ  сүтін  беріп  асырайды.  Әр  ана 
баласының дені сау, жақсы азамат болғанын арман етеді.
Ананың  мейірімділігі  сонша,  отбасында  қанша  бала 
болса  да,  солардың  бас-басына  өзінің  жақсы  қасиеттерін 
үйрете отырып  тәрбиелейді. Осы балалардың ішінде біреуі 
ауырып  қалса,  сол  баласы  жазылғанша  ана  жаны  қоса 
қиналады.
Балалары  ержетіп  кетсе  де,  ана  үшін  ол  әлі  сәби 
күнгісіндей  көрінеді.  Көп  күн  келмесе,  алыста  жүрсе, 

140
хабарласпаса,  «Не  болды  екен?»  деп  есі-дерті  сол  бала-
сында болады.
Менің  оқушыларыма  айтарым,  аналарыңның  ақ  сүтін 
ақтап, өмір бойы сыйлап өтіңдер дегім келеді.
Арулар маңын нұрлантты,
Ғажайып күйін төгеді.
Көктемге қыздар үн қатты,
Шаттыққа бізді бөледі.
Би: 8 «а» сыныбының қыздар тобы.
Аягөз: - Бүкіл әлем аналардың ақ сүтінен нәр алған
              Бүкіл әлем аналардың үмітінен таралған.
              Әлемде егер сен болмасаң осылайша жаралған,
              Туар ма еді жүрегімде биік мақсат, ізгі арман?!
Рысбек: Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,
                 Тәтті ұйқыңды бөліп талай үн қаттың.
                 Өміріме нәрін бердің ақ сүтіңнің керемет,
                 Кең құшағың – аясындай гүл бақтың!
Арман: - Аналарды сүйеміз,
               Сөзін ойға түйеміз.
               Әрқашан біз ардақтап,
               Әжеге бас иеміз!        
Дария: - Мен өзіңмен қайда болсаң біргемін,
               Махаббатың жүрегімде жүр менің.
               Күн нұрындай – жадырай бір күлгенің,
               Қандай жақсы ортамызда жүргенің!
1-жүргізуші: - «Анаңды Меккеге үш рет арқалап апарсаң 
да, ақ сүтін өтей алмайсың» деген даналық сөз дәл айтылған. 
Анаға  қандай  қамқорлық  жасасақ  та,  қарызымыздың 
ширегіне  де  тұрмайды.  Сондықтан  да  абзал  аналарымызға 
тарту  етіп,  балалық  жүрегімізден  жарып  шыққан  өлең 
жолдарын арнаймыз.
Ән: «Анашым».

141
Нұрназ: - Адамдықтың ашқан соң қақпасын кеп,
                 Туған елі сүйсіне мақтасын деп,
                 Пәк сезіммен тілеймін адамдарға
                 Анасының ақ сүтін ақтасын деп.
Қайрат: - Мінеки, жер көгеріп, көктем келді,
                 Шығарып сап боранды, өкпек желді.
                 Жаңа көктем әкелсін мол жақсылық, 
                 Өткен өтті, салауат өткенге енді.
2-жүргізуші: - Теңіздей тербетіліп көл бетінде,
                          Бишілер билеп кетті тербетіле.
                          Аққудай қалықтаған теңіздегі
                          Бишілер өнерлерін көрсетуде.
Би: «Той шашу».
Қайрат: - Ана сүтінен барлық адам нәр алған,
                Ол азығың өзіңмен бірге жаралған.
                Туа салып тұңғыш татқан дәмің ол,
                Күш-қуат боп өн бойыңа таралған.
Бақыт: - Өмірде ана – бақыт, ана – пана,
                 Өмірді өркендетер ана ғана.
                 Өсірген талай көсем, талай шешен,
                 Талай ер, талай ақын, талай дана.
Арман: Сенен өскен балалар,
                 Шешендер де, даналар.
                 Құттықтаймыз мейраммен,
                 Құрметті апа, аналар!
Кластер құру. «Ана» деген сөзге сезімдерін білдіру.
Аягөз: - Ана – дейміз бәріміз де аңқылдап,
               Ана – дейді жас сәби де жарқылдап.
               Ана – деген бәйтерегі өмірдің,
               Ана – деген алтын қазық, алтын бақ!

142
Рысбек: - Адам бар ма ана сүтін татпаған,
                  Алуан-алуан ауыр сынды аттаған
                  Адалдықты, ар-намысты сақтаған
                 Мен анамның сонысына мақтанам!
Дария: - Туғаннан құлыным деп аймалаған
                Өзіңнен қымбат адам қайда маған?! 
                Дүние аналармен көрікті ғой,
                Онсыз бұл бір бұлбұл да сайрамаған.
1-жүргізуші: - Тыныштық – баршамыздың ұранымыз,
                          Мәңгілік таусылмайтын жыр-әніміз.
                          Арманның асқарына қанат қаққан,
                          Бақытты, бейбіт елдің ұланымыз.
Ән: «Әрқашан күн сөнбесін!» (3-тілде)
Нұрназ: - Ана – деген   адамзаттың  данасы,
                 Ана – деген сәбилердің панасы.
                 Ана – деген  жарық  жұлдыз, шырағың,
                 Ана – деген  қайнар ыстық  бұлағың,
                 Ана – деген  өмірдегі  қамқорың,
                 Мәңгі-бақи арта берсін даңқы оның!
Қайрат: - Құттықтаймын  мейрамыңмен,  аналар,
                 Әр  күлгенің  – бізге  бақыт  саналар.
                 Еңбегіңді  еш  етпейтін  өмірде
                 Елің,  жұртың, ұл мен қызың бағалар.
Көрініс:
2-жүргізуші: - Ол – ана, азаматқа  қанық  үні,
                          Әр  жүрек, әр көңілдің  жарық  күні.
                          Ол  деген-алыбы  ғой  алыптардың,
                          Ананың  тілі  емес пе  халық  тілі!
1-жүргізуші: - Мұрат, мүдде, мақсатың 
                           Жақсы  күн  мен жақсы  түн!
                           

143
Нағыз  бақыт  ананың
Ақтау  дер  ем  ақ  сүтін!
Ән: «Әлемнің  жарығын  сыйладың  сен  маған...»
Мұғалімнің сөзі: 
«Анам менің – жасыл бағым құлпырған,
Сол бағымда асқар шыңға ұмтылғам.
Өзіңе арнап жыр жазады перзентің,
Асыл  анам,  жанарыңда  Күн  тұрған!»  деп,  қазір,                                                                                                                         
балалар,  сыйлы  қонақтар  сіздерге  арнап  шағын 
қолтаңбаларын  жазады. 
Синквейн  стратегиясы  бойынша 
орындайды. 
Тапсырма орындалған соң оқушыларға оқытады.
Жұмбақтар шешу:
Табаққа түспес, 
Қазанға піспес,
Оны ішпей адам өспес. 
                                          (Ана сүті).
Бір дән бар дастарқанға салынбаған,
Ешкім жоқ дәмін татпай жалындаған.
Бітіпті бір ағашқа екі бұтақ
Қанша жан ықтаса да, алынбаған. 
                                                            (Ана төсі).
Хормен: Мереке құтты болсын!
Ата-анаға, қонақтарға сыйлық беру рәсімі болады.
Кешіміздің жарқырап салтанаты,
Төгіледі Күн нұрының шапағаты!
8 наурыз тойы құтты болсын,
Дендеріңіз сау, мықты болсын!
Гүл өмірде аман-есен болайық,
Баршаңызға тілек осы, халайық!

144
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе”  –
ай сайын шығатын республикалық 
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: 
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.  
Корректоры - Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларын-                                                           
дағы ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 05.02.2013 ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 
Таралымы – 1650. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 
Гайдар көшесі, 123-үй.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 
бөлімдер.........................268-32-48.
Факс................................243-15-53.   
Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru
Басылатын жері – “Према” ЖШС. 
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
 №2, 2013 ж., 144 бет, Алматы.

Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет