Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет8/9
Дата07.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3-кезең.
 
“Теория  әлемінде”.  Бұл  кезең  2  тапсырмадан 
тұрады.  1-тапсырма:  әдеби  терминдерге  түсінік  беру,  2- 
тапсырма: Абай өлеңдерін құрылысына қарай талдау.
4-кезең. «Кино әлемі». Бұл кезеңде  қазақ киноларынан 
үзінді  көрсетіледі,  бұл  қай  шығармадан  және  авторы 
кім  екенін  көрсету.  («Менің  атым  –  Қожа»,  «Көксерек» 
фильмдерінен үзінді)
5-кезең.  “Өнерпаз  болсаң...”  Әр  топтан  бір  оқушы  өз 
өнерін  көрсетеді.
6- кезең.
 
“Сен білесің бе?”  Оқылған өлеңнің тақыры-
бын,  авторын  табу.  (Төлеген  Айбергеновтың  «Ана»,  Сәкен 
Сейфуллиннің «Көкшетау» поэмасынан  үзінді)
7-кезең. “Белгілі тұлғалар”. Белгілі ақын- жазушылар-
дың  портреті  көрсетіліп,  солардың  өмірбаянына, 
шығармашылығына тоқталу.
8-кезең. «Білімді мыңды жығады». Бұл кезеңде әр топқа 
10 сұрақтан беріледі. Әр дұрыс жауап 1 ұпаймен бағаланады.
«Жасұлан» тобына:
1. Әбу Насыр әл Фарабидің өмір сүрген жылдары  
(870-950 ж.ж.)
2. «Құтты білік» шығармасының авторы кім? 
(Жүсіп Баласағұни)
3. Махмұд Қашғари кім? (Білімпаз тілші, ғалым, әдебиет 
үлгілерін жинаушы )
4. «Жалғыздық», «Мұнар күн», «Қызғыш құс» өлеңдері 
кімнің шығармасы? (Махамбет)
5. Мына өлең жолдары қай шығармадан алынған: 
Тұранның елі, шексіз шөлі қандай?
Теңіздей  кемері жоқ көлі қандай? 
(М.Жұмабаев, «Түркістан»)
6. Кезінде шекара асып кетіп, 40 жылдан соң елге заңсыз 
оралған  қарт  жайлы  шығарма  қалай  аталады  және  авторы 

112
кім? ( Қ.Жұмаділов, «Қаздар қайтып барады»).
7.  Әбіш  Кекілбаев  –  «Сыршыл  ақын»  деп  баға  берген 
ақынды ата. (Қадыр Мырза Әли)
8.  «Қараш-қараш»    оқиғасындағы  басты  кейіпкерлер 
кімдер?  (Бақтығұл,  Тектіғұл,  Қатша,  Сәлмен,  Жарасбай 
болыс  ...)
9. Қорқыт жайлы не білеміз?  (Өмірбаянына тоқталу)
10.  «Өтеген  батыр»,  «Сұраншы  батыр»  дастандарын 
жазған ақынды ата. (Ж.Жабаев)
«Топжарған» тобына:
1. «Хикметтер» еңбегінің авторы кім? (Ахмет Иассауи)
2. Тұңғыш қазақ романисы кім, роман қалай аталады және 
қашан жазылды? (Міржақып Дулатұлы, «Бақытсыз Жамал», 
1910 ж.)
3.  Мына  өлең  жолдары  қай  шығармадан  алынған  және 
авторы кім?:  «Сауып ішер сүті жоқ, Мініп көрер күші жоқ, 
Ақша  деген  мал  шықты.»  (Шортанбай  Қанайұлы,  «Зар 
заман»)
4. Шерхан Мұртазаның «Бесеудің хаты» атты драмасында 
хат жазған бесеу кім? ( Мүсірепов, Ғатауллин, Алтынбеков, 
Қуанышев, Дәулетқалиев)
5. «- Ей! Кімсің? Тірісің бе? Аққуды неге атасың, арың 
бар ма?»- бұл қай шығармадан алынған  және авторы кім? 
(М.Мақатаев, «Аққулар ұйықтағанда»)
6. ХХ ғасыр Гомері атанған ақын кім? (Жамбыл Жабаев)
7. Тахауи Ахтановтың «Күй аңызы» шығармасында неше 
кейіпкер  бар,  олар  кімдер?  (әкесі,  қызы  Жаңыл,    күйші 
Естемес,  әкесі Оразымбет)
8. «Қалқаман-Мамыр» поэмасының авторы кім?
(Шәкәрім Құдайбердіұлы)
9. «Диуани лұғат-ат-түрк» кітабының авторы кім?
(Махмұд Қашғари, «Түркі сөздерінің жинағы»)
10. «Қыш кітап», «Аз и Я» кітаптарының авторы кім?
(Олжас Сүлейменов)

113
Білім сынағында
Шолпан Әблемова,
Солтүстік Қазақстан облысының
Петропавл қаласындағы 
Бірінші қалалық
білім беретін лицейдің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҰБТ-ҒА ДАЙЫНДАЛУҒА 
АРНАЛҒАН ЛЕКСИКА-
ГРАММАТИКАЛЫҚ  СҰРАҚТАР
(11-сынып)
1.  Тек  орыс  тілінен  енген  сөздерде  қолданылатын 
белгілер: Ь,Ъ.
2. Үнді дауыссыздар нешеу: 7. 
3. Сөйлемнің неше тұрлаусыз мүшелері бар: 3.
4. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлем: жалаң.
5. Құрмалас сөйлемнің түрлері: сабақтас, аралас, салалас.
6. Қыста ауа райы қандай болады: суық.
7. Күріш қай облыста өсіріледі: Қызылорда. 
8. Қазақ музыкасын зерттеген, насихаттаған композитор: 
А.Затаевич.
9.  Есімшенің  жұрнақтары:  -ған,  -ген,  -қан,  -кен,  -атын, 
-етін, -йтын, -йтін.
10. Ата Заң неше тараудан тұрады? 9.
11. Шоқан Уәлиханов: ғалым.
12.  «Кім?  Не?»  деген  сұрақтарға  жауап  беретін  сөйлем 
мүшесі: бастауыш.
13. «Көгілдір, сұлу» сөздері қай сөз табынан: сын есім.
14. Бір тәулікте неше сағат: 24.

114
15. Мұсылман мәдениетінің орталығы болып саналатын 
қала: Түркістан.
16. Ғалым Ғұбайдолла Айдаровтың зерттеген саласы:
көне түркі жазулар.
17. Қазақстандағы христиандар мейрамдары: 
рождество, пасха.
18. Шығыс қыздарынан тұңғыш рет Батыр атағын алған:
Ә.Молдағұлова.
19. Қазақ әліпбиінде қанша әріп? 42.
20. Есіл бойында, Сарыарқа жерінде орналасқан қала:
Астана.
21. Адамдардың қысқы киімі: тон.
22. Елтаңбаның төменгі жағындағы жазу: «Қазақстан».
23. Астанаға дейінгі Қазақстаның астанасы: Алматы.
24. Жыл басы, қыстың ортасы болатын ай: қаңтар.
25. Реттік сан есімнің жұрнақтары: 
-ыншы, -інші, -ншы, -нші.
26. Заттың меншіктілігін білдіретін қосымша: 
тәуелдік жалғау.
27. Дейін, кейін - шылаудың қай түрі: септеулік.
28. Жәңгір ханның хан болып, тарихта қалған баласы:
Тәуке хан.
29. Қыс айлары: желтоқсан, қаңтар, ақпан.
30. Бастауыштың сұрақтары: кім? не? кімдер? нелер?
31.  Сөйлемде  сан  есім  ненің  қызметін  атқарып  тұр: 
Бірінші байлық – денсаулық. Анықтауыш.
32. Қазақстанның ең терең көлі: Алакөл.
33.Қазақстанның  оңтүстік  шығысында  және  шығыста 
шектесетін ел: Қытай.
34.    «Музыканың  ұлы  кітабы»  деп  аталатын  еңбекті 
жазған ғалым: Әбу Насыр әл Фараби.
35. Атау септіктің сұрағы: кім? не?

115
36. Алматы қаласының астана болған жылдары: 
1929–1997.
37. Қазақстанның ең тұщы көлі: Марқакөл.
38. Оқу жылы қай айда басталады: қыркүйекте.
39. Сан есім тұлғасына қарай бөлінуі: негізгі, туынды.
40. Ұлттық валютамыз айналымға енгізілген жылы: 1993. 
41. «Қазақфильм» киностудиясы кімнің атында: 
Ш.Айманов.
42.  ХVІІІ  ғасырда  қазақ  халқының  бостандығы  үшін 
күрескен хан: Абылай хан.
43. Қыран құс баулитын адамды қалай атайды: құсбегі.
44. Шешесінің әкесі балаға кім болады: нағашы ата.
45. Ұлы жүздің төбе биі: Төле би.
46. Қазақ тіліне тән дыбыстар саны: 9.
47. Қазақ тілінде буынның неше түрі бар: 3.
48.  Сөйлемнің  тұрлаусыз  мүшелері:  анықтауыш, 
пысықтауыш, толықтауыш.
49.  Үндестік  заңындағы  үндестіктің  атаулары:  буын 
үндестігі, дыбыс үндестігі.
50.  Ақтөбе,  Атырау,  Маңғыстау  Қазақстанның  қай 
аймағында орналасқан: батыс.
51. Бала мектепке алғаш барғанда жасалатын той: 
тілашар.
52.  Сөйлемнің  айтылуы  мен  дауыс  ырғағына 
(интонациясына)  қарай  бөлінуі:  хабарлы,  сұраулы,  
бұйрықты, лепті.
53. Көшпенділердің баспанасы: киіз үй.
54. Лексика нені зерттейді: сөз мағынасын.
55.  Жамбыл,  Шымкент  облыстары  Қазақстанның  қай 
аймағында орналасқан: оңтүстігінде.
56.  Баяндауышы  антоним  болатын  салаластың  түрі:  
қарсылықты.
57. Қазақстан Туы мен Елтаңбасы қандай түсті: 

116
көк және сары түсті.
58. Қазақстан Республикасының елордасы: 
Астана қаласы.
59. Заттың ретін білдіретін сөз табы: сан есім.
60. Мұқан Төлебаев кім? Композитор.
61. Қазақстан Республикасының Конституция күні: 
30 тамыз.
62. Шартты райдың жұрнағы: -са, -се.
63.  Қазақ  драма  театрының  ең  бірінші  қойған  пьесасы: 
«Еңлік-Кебек».
64. Төле бидің өмір сүрген уақыты: 17-18 ғасыр.
65.  Сұраулы  сөйлемнің  жасалу  жолдары:  сұраулық 
есімдік, шылаулар.
66. «Медеу» мұз айдыны орналасқан қала: Алматы.
67. Жетіге дейін саналатын сан есім: жинақтық.
68. Ғарышқа тұңғыш жол салған қазақ жері: 
Байқоңыр қаласы.
69. Туынды зат есім жасаушы қосымша: жұрнақ.
70.  Қазақстанның  күн  шығысындағы  облыс  орталығы: 
Өскемен.
71. Мизам мейрамы қай кезде болады: күзде.
72. Бітеу буынды киіз үйдің ағашының атауы: уық.
73. Барлық буында жазылатын дауысты дыбыстар: 
а, ы, і.
74. Елтаңбадағы бес құрлықты білдіретін бейне: 
жұлдыз.
75. Бір отбасындағы 2 қыз бала бір-біріне кім болады:
апалы-сіңлі.
76. Сын есім нені білдіреді: заттың сынын.
77. Сарыарқаға жататын қалалар: 
Қарағанды, Жезқазған, Павлодар.
78. Дауысты дыбыстардың түрлері: жуан, жіңішке.
79. Мезгіл пысықтауыштың сұрағы: қашан?

117
80.  Алтын  адам  табылған  жер:  Алматы  облысы,  Есік 
қорғаны.
81. Әкесінің әкесі баласына кім болады: ата.
82. Реттік сан есім нені білдіреді: заттың ретін.
83. Үшін, туралы, жайлы шылаулары қай септіктен кейін 
келеді: атау.
84. Тұрлаулы сөйлем мүшелері: бастауыш, баяндауыш.
85. Алматы және Талдықорған өңірлерінің атауы: 
Жетісу.
86. Қазыбек би қай жылы туған: 1667 ж.
87. «Көктемде» қандай сөйлем мүшесі болады: 
пысықтауыш
88. Рәміздердегі сары түс ненің белгісі: байлықтың .
89. Жоғары оқу орнына түсетін бала: талапкер.
90. «Қой ауызынан шөп алмас» фразеологиялық тіркесінің 
антонимі: тентек.
91.  Е.Брусиловский  «Гәкку»  әнін  қай  операда  пайда-
ланды: 
«Қыз Жібек» операсы.
92. Бірінші қоңырау қашан соғылады: 1 қыркүйекте.
93.  Ертеде    киіз  үйдің  ортасына  қандай  темір  ошақ 
қойылған: үш сирақты.
94. Қазақстанда мекендейтін аң: түлкі.
95. Бір айда неше апта бар: төрт.
96. Кім? Не?  Қандай? есімдіктің қай түріне жатады: 
сұрау.
97.  «Қансонарда  бүркітші  шығады  аңға  ...»  өлеңінің 
авторы: Абай.
98. Наурыз мерекесінде пісірілетін тағам: көже.
99. Көктемнің алғашқы гүлі: бәйшешек.
100. Еңлік, Қыз Жібек бейнелерін ойнаған  бұлбұл әнші: 
К.Байсейітова.

118
Бибігүл ТҰЯҚОВА,
Теміртау қаласындағы
№6 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
10-СЫНЫПҚА АРНАЛҒАН 
БАҚЫЛАУ ДИКТАНТТАРЫ
Бақылау  жұмыстарының  мақсаты:  2010  ж. 
бағдарламасында  қазақ  тілі  пәні  бойынша  қамтылған 
тақырыптар 
негізінде 
оқушылардың 
білімдерін, 
сауаттылықтарын  бақылау,  қатесіз  жазу  біліктіліктерін 
арттыру, таза және сауатты жазуға тәрбиелеу.
1-тоқсан.
Қазақ отбасы.
Отбасымызда  әке  мен  шешенің  орыны  ерекше.  Әке 
–  отбасының  тірегі.  Ананың  да  орыны  ерекше.  Ата-ана 
балаларының  тәрбиесіне  жауаппен  қарауға  тиіс  болса, 
балалары есейгенде әке-шешелеріне қамқоршы болуға тиіс. 
Ата-анаңның  алдында  шыншыл  бол.  Атаң  мен  анаң  саған 
өмір сыйлады. Олардың есіл-дерті – сенің бақытты болуың.
Сенің  адал  өмір  сүруің,  еңбексүйгіштігің,  оқу  мен 
еңбектегі табыстарың – ата-аналарың үшін айтып жеткізгісіз 
зор бақыт. Өз үйіңнің бағын жандыра біл. Ананың жүрегін 
сезе біл, анаңның көз жанарынан хошы мен тыныштықты, 
бақыт  пен  қуаныш  нұрын,  беймазалық  пен  әбігерлікті, 
қиналыс  пен  кейістікті  көре  біл.  Жастайыңнан  анаңның 
көзінен  жан  дүниесін  көре  білуге  үйренбесең,  сен  ғұмыр 
бойы  адамгершілік  тұрғысынан  ақ  көз  болып  өтесің.  (109 
сөз)

119
Ұлттық тәрбие
Ұлттық  тәрбиенің  бірі  –  сыйластық.  Үлкенді  сыйлау  – 
қазақ халқының ата салты. Үлкенді сыйлау, ең алдымен, әке 
мен шешені сыйлаудан басталады. Өз отбасын, ата-анасын 
сыйламайтын  ұл  мен  қыз  басқа  адамдарды  да  сыйлай 
алмайды.  Ата-ана  баланы  дүниеге  келтіріп,  өмір  береді, 
тәрбиелеп  өсіреді,  білім  береді.  Оған  ержетіп,  отбасының 
қамқоршысы  болады  деп  сенім  артады.  Есейген  бала  ата-
анаға  қамқоршы  болуға  жараса  –  жігіт  болғаны.  Ата  мен 
ананың қартайғанда бойынан күш қайтады. Бірақ олардың 
ақылы,  көпті  көрген  тәжірибесі  отбасына  үлкен  көмегін 
тигізеді.  Әрбір  қиын  істің  шешімін,  ең  алдымен,  ата-ана 
табады.  Ол  үшін  ата-анамен  ақылдасып,  олардың  пікірін 
тыңдап  отырған  орынды.  Ата-ананы  сыйлаған  жастардың 
өз балалары да кейін соны қайталайды. Ата-ананың ісінен 
үйреніп қана қоймай, олардың тәрбиесін бойға сіңіре білу – 
әр баланың парызы. (106 сөз)
Орамал тон болмайды, жол болады
Қазақ халқының ұлттық-мәдени игіліктерінің ішінде, ел 
дәстүрлерінің  қазынасында  бата  сөздерінің  мән-мағынасы, 
сымбат-көркі айырықша бағалы. Өйткені қанымызға сіңісті, 
жанымызды  серпілтетін,  марқайтып,  қанағаттандыратын 
осынау ақыл, нақыл сөздер – ұлттық тәлім-тәрбиенің бастау 
бұлағы. Аталардың қасиеті, өсиеті замандар бойы мысқалдап 
жиналып,  ақыл  елегінен  өткізілген  өмір  тәжірибесінің, 
тарихи  сананың  даналық  қорытындысы,  адамгершіліктің 
ереже-қағидасы іспетті.
Бата  нәресте  дүниеге  келгенде,  бесікке  салғанда,  атқа 
мінгенде, ұл үйленгенде, келін түсірілгенде, қыз ұзатқанда, 
жолға,  аңға  шыққанда,  қажылық  сапарға  аттанарда,  ас 
қайырғанда,  мал  сойғанда,  мүшел  тойларда,  ұлыстың  ұлы 

120
күндерінде  беріледі.  Тойлардан  кейін  қонақтар  үйлеріне 
кетерде  үй  иесі  қонақтарға  кішкентай  сыйлық  таратады.  
«Орамал тон болмайды, жол болады» деген қағида осыдан 
қалса  керек.Сыйлықты  қонақтар  ырым  болсын  деп  алады. 
(103 сөз)
Ата-ана
Ата-ананы  сыйлау  –  тілсіз  кіріптарлық  емес...  Ата- 
анаңның  құптауынсыз  істеуге  болмайтын  нәрсеге  олардың 
рұқсат, ризалығын ал. Ана! Бұл сөз жер бетіндегі әр тіркесте 
бар. Ол – көркем, сүйкімді де ұлы сөз. Бесікте жатқан бала 
соны  айтып  былдырлайды.  Ана  –  барлық  адамның  және 
бүкіл дүниенің символы...
Ана  баласын,  ол  әйгілі  немесе  елеусіз  болсын,  бәрібір 
сүйеді,  ана  үшін  «бұл  менің  ұлым»  деген  қарапайым  да 
жоғары  қастерлі  бір-ақ  ұғым  бар.  Ана  одан  басқа  ештеңе 
білмейді.  Ана  –  адамдар  үшін  ең  биік  мәртебе!  Қартаң 
адамдардың  өнеге  айтып,  ақыл-кеңес  беруге  қақысы  бар. 
Олардың  уәжін  қадір  тұту  керек.  Ата-ананың  алақанында 
тербетіліп, тәрбие алған бала мейірімді болады. Балалардың 
міндеті ата-ананың еңбегін ақтау, оларды ренжітпеу деп айта 
аламыз.  Ата-ананың  көңіліне  кейістік  сала  көрмейік.  (108 
сөз)
2-тоқсан. 
Қара шаңырақ.
Қазақ отбасында кенже ұл – шаңырақ иесі.
Әке-шешені  асырау  осы  кенже  ұлдың  міндеті.  Бұл 
«үлкен» үй деген мағынаны білдіреді.
Кенже бала – отбасындағы ең кіші бала, кіші ұл. Кенже 
бала әке-шешесімен тұрады. Кенже баланың өз отбасы болса 
да, ата-анасымен бірге тұрады.
Кенже бала – қара шаңырақ иесі. Қара шаңырақ – үлкен 
үй, әке-шеше үйі. Қара шаңыраққа осы отбасының барлық 

121
балалары, туыстары жиналады. Әке-шеше қара шаңырақты 
кенже ұлына береді. Бұл дәстүрдің мәні зор. Қара шаңырақта 
балаға  туыстарын,  нағашыларын,  ата-бабасын,  үлкен 
аталарын, жеті атасын үнемі айтып отырған.
Егер  «қара  шаңырақ»  батыр,  би,  әулие,  молда,  сыйлы 
кісілердің  үйі  болса,  онда  сол  ауылдың  адамдары  алыс 
сапарға шықса немесе алыстан адам келсе сол үйден ырым 
қылып дәм татады. (111 сөз)
Қаныш Сәтбаев
Қаныш  Сәтбаев  1899  жылы  12  сәуірде  Павлодар 
облысының Баянауыл ауданында туған.
Қаныштың әкесі Имантай ауылда би, қажы болған.
Бала  кезінен  алғыр,  зерек  болған  Қаныш  ауыл 
молдасынан  хат  танып,  ауылдық  орыс-қазақ  мектебін, 
Павлодар қаласындағы екі сыныптық училищені, Семейдегі 
оқытушылар  семинариясын  да  жақсы  оқып  бітірген.  19 
жасында  мұғалімдер  курсында  сабақ  берді  және  өзі  туған 
Баянауыл ауданында халық соты болды. 20 жасында Томск 
технологиялық институтының геология факультетіне оқуға 
түсті.  Ғалымның  Қазақстанда  болмаған  жері  жоқ  десе  де 
болғандай. Қарсақбай мен Жезқазғанда мыс кенін, Екібастұз 
көмірін ашты. Содан кейін ол жерлерде үлкен зауыттар мен 
комбинаттар ашылды. Қаныш Қазақстанның кен қорларының 
картасын жасады.
Ал  1946  жылы  Қ.Сәтбаев  Ғылым  Академиясының  
тұңғыш  Президенті  болды.  Ғылымдағы  ерен  еңбегінің 
арқасында академик дәрежесіне жетті. (110 сөз)
Ғалымдар
Адамзатты өркениетке жеткізген нәрсе – ғылым. Ғылымды 
дамытатындар – ғалымдар. Ғалымдар – өз елін, жерін, туған 
халқын  сүйген  ойшыл,  данышпан  адамдар.  Олар  жазған 
ғылыми еңбектер, жаңалықтар қашан да халқына, Отанына 

122
қызмет  етеді.  Қазақ  халқында  ерте  заманнан  осы  уақытқа 
дейін  қаншама  ғұлама  ғалымдар  өзінің  күш-қайратын, 
ақыл-ойын ғылымға арнаған. Орта ғасырда өмір сүрген Әбу 
Насыр әл Фараби – әлемге әйгілі ғалым. Шоқан Уәлиханов – 
саяхатшы, этнограф, тарихшы, географ, өнертанушы. Ахмет 
Байтұрсынұлы  –  тіл  білімінің  атасы,  Қазақстан  Ғылым 
академиясын ұйымдастырушылардың бірі. Мұхтар Әуезов – 
абайтанушы, ғұлама ғалым. Академик Қаныш Сәтбаев – аса 
көрнекті ғалым, қоғам қайраткері, алғашқы академик. Әлкей 
Марғұлан  –  тарих,  әдебиет,  өнер,  археология,  этнография, 
сәулет өнерін меңгерген академик, профессор.(105 сөз)
3-тоқсан. 
Қазақстан.
Қазақстан  –  көп  диаспоралы  егеменді  мемлекет.  Хал-
қының саны – 15 миллионнан астам.
Археологтардың айтуы бойынша, Қазақстан жерін алғаш 
адамдар  бұдан  300  мың  жыл  бұрын  мекендеген.  Қазіргі 
Қазақстанның 14 облысында 126 ұлттың өкілдері тұрады.
Қазақстан батысында Каспий ойпаты, шығысында Алтай 
тауларына  дейін  үш  мың  шақырымға,  солтүстігінде  Батыс 
Сібір,  оңтүстігінде  Тянь-Шянь  шыңдарына  дейін  бір  мың 
бес жүз шақырымға созылып жатыр.
Жер көлемі 2,7 миллион шаршы шақырымнан асады.
Республиканың  оңтүстік  аудандарында  күріш,  қант 
қызылшасы,  мақта,  жүзім,  алма,  қарбыз,  қауын,  әр  түрлі 
дәрілік шөптер мен толып жатқан өсімдіктер өсіріледі.
Республиканың  солтүстігінде  астық  пен  көкөністер 
жақсы өседі.
Қазақстаннның  жері  пайдалы  кендерге  өте  бай,  жер 
шарында кездесетін кен байлықтарының бәрі бар.
Мен Қазақстанда тұрғаныма мақтанамын. (107 сөз)

123
Қарағанды
Қазақстанның 
орталығында 
Қарағанды 
облысы 
орналасқан.  Облыстың  орталығы  –  Қарағанды  қаласы. 
Қарағанды  облысының  көлемі  үлкен.  Мысалы,  Италия, 
Бельгия, Нидерландия сияқты үш мемлекеттің жер көлемін 
қосқанда бір Қарағанды облысына әзер жетеді.
Облыс  картасына  көз  жіберсек,  Жезқазған,  Жезді, 
Қантөбе,  Теміртау,  Ұлытау  деген  жерлер  бар.  Бұл 
атаулардың өзі-ақ айтып тұр. Бұл жерде жез, темір сияқты 
қазба  байлықтар  болғандықтан,  осылай  айтылғаны  айдан 
анық. Қарағандының өзінде қара алтын шығады. Қара алтын 
дегеніміз  –  көмір.  Көмірдің  түсі  қара,  бірақ  пайдасы  мол. 
Көмірмен үй жылытады. Көмір электр жарығын береді.
Нұра  өзеніне  таяу  жерлерде  Жаманкөл,  Шөптікөл, 
Маржанкөл,  Ағаштыкөл,  Шұңғылкөл,  Балықтыкөл, 
Шошқакөл,  Сұлукөл  сияқты  көлдер  бар.  Қарағандының 
Қарқаралысындағы  Шайтанкөлдің  өзі  –  бір  керемет, 
кереметтігі  сонша  –  халық  аңыздармен  ауыздарын  тол-
тырып айтады (108 сөз).
Жарнама
Жарнама  –  деген  сөз  француз  тілінен  жар  салу  деген 
ұғымды білдіреді. Жарнама дегеніміз тауарлардың, қызмет 
көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және 
оған  деген  сұранысты  көбейту  мақсатында  таратылатын 
хабарлама: белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер 
шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу.
Жарнама көпшілік ақпарат құралдары: теледидар, радио, 
газет, интернет, плакатгар, т.б. арқылы жүзеге асырылатын 
коммуникацияның ақылы түрі болып табылады.
Жарнаманың  түрлері  көп:  сату  орынындағы  жарнама, 
хабарламалық  жарнама,  сауда  және  көлік  жүйесіндегі 

124
жарнама,  көше  жарнамасы,  ауызша  жарнама,  баспалық 
жарнама, т.б.
Ежелгі 
Грекия 
мен 
ежелгі 
Римде 
жарнама 
хабарландыруларын  тақтайларға  жазып,  халық  көп 
жиналатын алаңдарда айғайлап жар салатын болған. Баспаға 
басылған жарнамалар Англия мен Францияда XVII ғасырда 
пайда болды.
Жарнама қазақ халқына да ежелден белгілі. Оның ауызша 
үлгілері  фольклорлық  әдебиетте  «жарлық  шашу»,  «жар 
салу» ұғымдарымен берілген. (121 сөз)
4-тоқсан. 
Мамандық.
Мамандық  таңдау  –  әрбір  мектеп  бітіруші  түлектің 
мақсаты.  «Армансыз  адам  қанатсыз  құспен  тең»  дейді 
халық. Барлық адам баласының арманы болады. Мамандық 
пен  өнерді  өз  қабілетіне  қарай  таңдап  алады.  Өмірде 
мамандықтың түрі өте көп. Халық алдына шығып ән салатын 
әнші  болу.  Адам  өмірінің  арашасы  болатын  ақ  халатты 
дәрігер  болу.  Шәкірттерді  білімге  жетелейтін  ұстаз  болу. 
Адам жас кезінен бастап өзінің жүрегі қалаған мамандығына 
қарай бейімделе бастайды. Терең білім алуға талпынады. Өз 
бетінше  ізденеді.  Көп  оқиды.  Инженер,  дәрігер,  мұғалім, 
ғалым, журналист болу үшін оқу керек. Бақташы, сауыншы, 
егінші,  шопан  болу  үшін  ауылда  жұмыс  істеу  керек.  Ал 
жақсы  жұмысшы,  кенші,  құрылысшы  болу  үшін  өндірісте 
еңбек ету керек. (110 сөз)
Еңбектің наны тәтті
Нан  –  өлең-жырдың  арқауы.  Барлық  заманның  ақын-
жазушыларының  ең  тамаша  шығармалары  нан  туралы 
жазылған.  Күнсіз,  сусыз,  ауасыз  өмір  болмайтыны  сияқты 
нансыз  да  өмір  болуы  мүмкін  емес.  Халық  «Наны  бар 
дастарқан – молшылық, наны жоқ дастарқан – жоқшылық» 

125
дейді. Әлімхан мен баласы, атасы ауыл аралап келеді. Тұс-
тұста үй іргесіне бау-бақша егілген. Күз мезгілі. Бірде Сәкен 
мектептен келе жатыр еді. Сөмкесіндегі катыңқырап қалған 
нанды алып, лақтырып тастады.
- Әй, балам-ай, нанның қадірін білмейсің. Мына біздер, 
бүкіл  ауыл  азаматтары,  егінжайда  астық  үшін  еңбек  етіп 
жүрміз. Ал сендер аппақ нанды үзіп-жұлып жеп, қалғанын 
жерге  тастайсыңдар,-  деді  ренжіп  әкесі.  Ол  үндемей  келе 
жатты да:
- Кешіріңізші, көке!- деп артқа қарай жүгіре жөнелді де, 
жаңағы тастаған нанын алып келді. (109 сөз)
Бақыт кілті – еңбекте
Бұрынғы  заманда  бір  бала  болыпты.  Өзі  жалқау  екен. 
Ол  балаға  бәрі  де  дайын.  Өйткені  оның  әкесі  бай  еді.  Бір 
күні  оның  әкесі  қайтыс  болыпты.  Бала  барлық  байлықты 
шашыпты.  Ақшаны  қалай  болса  солай  жұмсайды.  Сосын 
бір күні ақшасы бітіп қалады. Бала не істерін білмеді. Оның 
барлық киімі тозып бітті. Сосын жаман-жаман киімін киіп, 
қолына  дорбасын  ұстап,  қайыр  тілеп  жүрді.  Бірақ  балаға 
ешкім тиын тастамайды. Бір күні бала ұйықтап жатқанда түс 
көреді. Түсінде әкесі: - «Ақша, байлық, бақыт – бәрі еңбекпен 
келеді»,- деген. Бала шошып оянып, өзінің қателігін түсінеді. 
Күні-түні еңбек етіп, байып, мұратына жетеді. «Еңбек етсең 
ерінбей, тояды қарының тіленбей». Бақыттың кілті – еңбекте 
екен, сондықтан еңбек етіп бақытты болайық. (107 сөз)
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет