Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі


Қуыршақтың  қимылдарын  айтамыз



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет7/9
Дата07.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Қуыршақтың  қимылдарын  айтамыз.  Қуыршақ    не 
істеді?

97
Сызба арқылы сөйлесім. Слайд. Адам не істейді? Адам 
дем алады, көреді.
     ұйықтайды                            жүреді
 
        дем алады                            жүреді
Слайд.  Суреттегі  қыз  не  істейді?  Балалар  сөйлем 
құрастырып айтады.
 
 
 
 
                          
 
Оқылым, аударым, жазылым. Слайд 
мұрынымен (дышит)      аяғымен       (ходит)
көзімен        (видит)        қолымен  (пишит)
Аударма. Слайдта жазылып тұрады.
Человек видит глазами. Человек дышит носом. Человек 
пишет руками. Человек ходит ногами.
Сергіту  сәті.  Адам  өз  денсаулығын  сақтайды.  Ол  үшін 
түрлі жаттығулар жасайды. Балаларға жаттығу жасатады.
- Кәнеки, оң аяқ,
  Кәнеки, сол аяқ,
  Шырағым, алға бас.
  Оң аяқ, сол аяқ,
  Сол аяқ, оң аяқ,
  Қарашы, оңай-ақ.
Кітапқа көңіл аударады.  
3-тапсырма орындалады.
Сұрақтарға дұрыс жауап береді. 
 
адам 
Не істейді? 
 
жылайды 
 
күледі 
 
естиді 
 
тыңдайды 
 

98
Кітаппен жұмыс. 
- Саша, сен мұрыныңмен не істейсің? Оля, сен көзіңмен 
не істейсің? Таня, қолыңмен не істейсің?
                         мен   
             сен 
          дем аламын                    
дем аласың
                 көремін                             көресің
               жазамын                             жазасың
 
         күлемін                             күлесің
       ұйықтаймын   
             ұйықтайсың
Жазылым. Үш сөйлемнен құрастырып жаз.
мен мін 
                           мен                         мын
сен  сің 
                     сен                                  сың
ол    ді 
 
   ол                                    ды
Әдептілікке үйрету. Демалу үшін, көру үшін, жазу үшін 
денеміз сау болу керек. Денеміз сау болу үшін бір-бірімізге 
«деніңіз сау болсын» деп тілейік.
Сөйлем  құрап  үйрен.  Үлгі  бойынша  сөйлем 
құрастыруға бірнеше сөздер беріледі.
1. Ұйықтаймын.
2. Мен ұйықтаймын.
3. Мен сағат 10-да ұйықтаймын.
4. Мен бүгін сағат 10-да ұйықтаймын.
Сабақты  қорытындылау.  Балаларды  үш  топқа  бөлу. 
Әр топ бір-біріне пантомимо көрсетеді. Олар қимылдарын 
сөйлетеді. Әр топқа тапсырма беру. 1-топ. Адам не істейді?- 
деген сұраққа жауап береді.
2-топ. Мен не істеймін?
3-топ. Сен не істейсің?
«Диего» 
мультфильмінен 
үзінді 
көрсетіледі. 
Мультфильм арқылы етістіктерді айтқызады.
Рефлексия. Өзіңді бағала. Оцени свою работу. 
Сабақты қалай түсіндің? Түсіндім (понял). 
Бағалау. Үйге тапсырма: сөздерді жаттау.
 
Н                     
е                         
і                       
с                       
т                     
е                    
й                                    
 
сің   мін 
 
 
 
 

99
Сайыс сабақ
Айжан АБДРАСИЛОВА,
Қарағанды қаласындағы
Ғ.Мұстафин атындағы
№83 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ТІЛ – ҰЛТТЫң ЖАНЫ
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  мемлекеттік  тілді 
құрметтеу,  қазақ  тілінің  мәртебесін  көтеру,  тілімізге  деген 
сүйіспеншілігімізді тудыру; дамытушылық – оқушылардың 
білімге деген құштарлығын арттыру, сөздік қорын молайту, 
өз  ойларын  дұрыс  жеткізуге  дағдыландыру;  тәрбиелік  – 
елін, жерін, Отанын сүюге тәрбиелеу.
Көрнекілік: ұлағатты сөздер жазылған плакаттар.    
«Тіл – ұлттың жаны».  
«Қазақтың  тілі  сұлу,  қонымды  да  толымды  тіл». 
(В.В.Радлов)
Сабақтың  эпиграфы:  «Пейіл  мен  ынта  болса, 
мемлекеттік тілді еркін меңгеруге болады».
Түрі: сайыс сабағы.
Сабақтың барысы:           
І. Ұйымдастыру.
Сәлемдесу.
Тіл дамыту.
ІІ. Жаңа сабақ.
1. Кіріспе
-  Балалар,  біздің  Отанымыз  –  Қазақстан  Республикасы. 
ҚР-ның Елтаңбасы, Әнұраны, Туы, төл теңгесі бар. Сонымен 
қатар ҚР-ның Ата Заңы – Конституциясында белгіленген өз 
мемлекеттік тілі бар. Ол – әрине, қазақ тілі. Сондықтан да 

100
ҚР-ның әр азаматының парызы – тілді білу, құрметтеу.
Тіл  қай  халықта  болмасын  қастерлі.  Бүгінгі  біздің 
сабағымыз  –  ерекше  сабақ.  Ол  –  қазақ  тілінің  білгірін 
анықтау.
Яғни,  бүгінгі  сабақтың  тақырыбы  –  тіл  сайысы.  «Тіл  – 
ұлттың жаны» деп аталады. Ойыншылар, сіздерге сәт сапар 
тілеймін!
Сайыс болғаннан кейін оның жеңімпазы да болады. Бізге 
соны анықтап беретін әділ қазылар алқасын сайлап алайық.
2. Сайыстың ережесі:
1. Тыныштықты сақтау.
2. Бір-бірін тыңдау.
3. Ойын қысылмай айту.
Сайыс 8 турдан тұрады.
Әр  ойыншының  қолына  1-ден  8-ге  дейін  нөмірленген 
кәртішке беріледі. Қай ойыншы кәртішкесін бұрын көрсетсе, 
сол жауап береді. Әр дұрыс жауап 10 ұпаймен бағаланады. 
Екі  турдан  кейін  ең  төмен  ұпай  алған  оқушы  ойыннан 
шығады. Ендеше, қазір әр ойыншы өзін таныстырып өтсін.
І тур – «Бәйге».
1. Қазақтың ұлы ақыны кім? (А.Құнанбайұлы). 2. Абайдың 
шын аты кім? (Ибраhим) 3. Қазақ тілінде зат есімнің септелу 
жолдары  нешеу?  (2)  4.  «Закон  сингармонизма»  сөзінің 
аудармасы  қандай?  (Үндестік  заңы)  5.  А.Иассауи  кесенесі 
қай қалада? (Түркістан) 6. (Подлежащее) сөзінің аудармасы 
қандай? (Бастауыш) 7. ҚР неше елмен шектеседі? (5) 8. Қыста 
не  жауады?  (Қар)  9.  Тіл  туралы  заң  қашан  қабылданды? 
(1989)  10.  Қазақтың  тұңғыш  ғарышкері  кім?  (Т.Әубәкіров) 
11.  Германияның  ұлттық  ақшасы  қандай?  (Марка)                                                                                                                
12.  Экологиялық  апатқа  ұшыраған  қандай  теңіз?  (Арал)                    
13. Абайдың неше қара сөзі бар? (45) 14. ҚР Президенті кім? 
(Н.Ә.Назарбаев) 15. Б.Момышұлы кім? (Халық қаhарманы, 
батыры, жазушы) 16. Қазір қандай мезгіл? (Күз) 17. Қазақтың 

101
батыр  қыздары  кім?  (Мәншүк,  Әлия)  18.  Қазақ  халқының 
атақты  үш  биі  кімдер?  (Әйтеке  би,  Қазыбек  би,  Төле  би)               
19. «Наурыз» сөзі қай тілден енген? (Парсы) 20. Қазақтың 
ұлы ғалымы, Отырар қаласында туған кім? (әл Фараби)
ІІ тур. «Шешуін тап». 9 алфавиттік жұмбақ.
1. Тұзда бар,                2. Гауhарда бар,         
    Суда жоқ.                     Гүлнарда жоқ.
    Мұзда бар,                   Жауhарда бар,          
    Буда жоқ.                      Сәуледе жоқ. 
3. Үйде бар,                  4. Қазда бар,  
    Шиде жоқ.                    Үйректе жоқ.                                                     
    Күйде бар,                    Құрда бар,   
    Биде жоқ.                      Шілде жоқ.
5. Дәнде бар,                6. Бірде бар,    
    Елде жоқ.                      Үште жоқ.   
    Сәнде бар,                     Екіде бар,    
    Сенде жоқ.                    Бесте жоқ.   
7. Қарғада бар,              8. Шөлде бар,     
    Сауысқанда жоқ.          Далада жоқ.  
    Торғайда бар,                Көлде бар,    
     Үкіде жоқ.                   Теңізде жоқ.    
9. Қайсы әріп
     Қасарып,
     Көнбейді болуға
     Бас әріп. (Әділқазылардың шешімі)
ІІІ.  Сөз  мәйегі  –  мақал.  Отан,  достық,  туған  жер 
туралы. Бос нүктені толықтыру.
1. Туған жердей жер болмас... .     6. Досы көпті... .  
2. Жүз сомың болғанша... .            7. Ел іші... .
3. Отан... .                                        8. Отансыз адам... .
4. Өнерлі... .                                     9. Шешеннің сөзі... .
5. Басқа пәле... .                              10. Өнер алды... .     
ІV тур – «Полиглот».

102
Ең бай адам – көп тілді меңгерген адам. Көп тіл білген 
адамды  ғылым  тілінде  «полиглот»  дейді.  Келесі  жұмбақ-
тарды орыс, қазақ, ағылшын тілінде шешу.
1. Темір тілді,
    Күміс үнді. (қоңырау, звонок...)
2. Қыста келген, көктемде еріген (қар, снег...)
3. Жесең ащы,
    Көзінен шығар жасы. (пияз, лук...)
4. Қабат, қабат қаттама,
    Ақылың болса аттама. (кітап, книга...)
5. Түк білмей барасың,
    Тәлімін аласың. (мектеп, школа...)
6. Табаныма байладым,
    Қос аяқпен айдадым. (шаңғы, лыжи...)
7. Аспанға ұшар бу болып,
    Жерге қайтар су болып. (бұлт, облака...)
(Әділқазылар шешімі).
V  тур  –  «Кім  жылдам»?  Шашыраңқы  сөздерден 
сөйлем құру.
1.  Бейнеленген,  қанатты,  жағында,  екі,  елтаңбаның, 
пырақтар.  (Елтаңбаның  екі  жағында  қанатты  пырақтар 
бейнеленген).
2. 
Біздің, 
білдіреді, 
шаңырақ, 
біртұтастығын, 
Отанымыздың. 
(Шаңырақ 
біздің 
Отанымыздың 
біртұтастығын білдіреді).
VІ тур. 1. Барыс септігіндегі сөз тіркесін табу:
а) қаладан келу; ә) қаланың іші; б) қалаға бару.
2. Табыс септігіндегі сөз тіркесін табу:
а) ауылдың маңы; ә) ауылды жақсы көру; б) ауылға кету.
3. Шығыс септігіндегі сөз тіркесін табу:
а) оқушыдан сұрау;    ә) оқушыны көру;
б) оқушыға қарау.
4. Көмектес септігіндегі сөз тіркесін табу:

103
а) кітапты алу;  ә) кітапқа қарау;   б) кітаппен келу.
5. Ілік септігіндегі сөз тіркесін табу:
а) мұғалімнің сөзі;  ә) мұғалімді сыйлау;
б) мұғалімге бару.
(Әділқазылар шешімі).
VІІ  тур  -    «Жорға».  Екі  сайыскерге  берілетін  сұрақ. 
Жылдам жауап беру.
1-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1. Республика күні (25 қазан).
2. «Оқушы» сөзінің синонимі (шәкірт).
3. Киіз үйдің төбесі (шаңырақ).
4. Еттен дайындалатын тағам (асата – бесбармақ).
5. «Жалғау» сөзінің орысша аудармасы (окончание).
6. Бала оқытатын адам (мұғалім).
7. Аптаның бірінші күні (дүйсенбі).
8. Біздің қаламыздың аты (Қарағанды).
9.  Мемлекеттік  әнұранның  авторлары  (Ж.Нәжімеденов, 
Н.Назарбаев).
10. Шығыстың Аристотелі ( әл Фараби).
2-ші ойыншыға қойылатын сұрақтар:
1. Тәуелсіздік күні (16 желтоқсан).
2. «Мұғалім» сөзінің синонимі (ұстаз).
3. Бие сүтінен даындалатын тағам (қымыз).
4. Орта жүздің биі ( Қазыбек би).
5. Аптаның соңғы күні (жексенбі).
6. «Корень» сөзінің аудармасы (түбір).
7. Адамды кім емдейді? (дәрігер).
8. Қазақстандағы қасиетті жер (Түркістан).
9. Қалаға немен барасың? (автобуспен).
10. Мемлекеттік елтаңбаның авторлары (Шота Уәлиханов, 
Жандарбек Мәлібеков).
(Әділқазылар шешімі).
VІІІ. Қорытындылау.

104
-  Мінекей,  осылайша  бүгінгі  сабағымызды  аяқтаймыз. 
Барлық  қатысқан  оқушыларға  алғысымды  білдіремін.  Осы 
сабақта сендер өздеріңнің білімдеріңді, өнерлеріңді көрсете 
білдіңдер.  Сайыс  болғаннан  кейін  жеңген  де  болады, 
жеңілген де болады. Келешекте білімдеріңді одан әрі шыңдай 
беріңдер.
Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,
Қазақ тілін білмеу – қандай заңдылық?
Өсер болсаң, байтақ далам тұрғанда,
Қазақ  тілі  жасау  керек  мәңгілік!–  дей  отырып,  бүгінгі 
сабағымызды аяқтаймыз.
   
   
 
Индира МҰСТАЖАПҚЫЗЫ,
                                                            Батыс Қазақстан облысының
                                        Теректі ауданындағы
№11 кәсіптік лицейдің 
оқытушысы.
МҰҚАҒАЛИ – МӘңГІЛІК  ЖЫР
Мақсаты:  топтар    арасында    М.Мақатаевтың      шығар-
маларын    насихаттау,  оқушылардың    шығармашылық  
қабілеттерін    шыңдау,  эстетикалық        талғамдарын,    тума  
талант, табиғи  дарындарын   анықтау, оқушылардың поэзияға 
деген құштарлықтарын  арттыру, өлең сөздің  құдіреті мен 
қуатын  жанымен  сезініп, жүрегімен  түсіне   білуге   үйрету, 
өз  ой-пікірлерін      ғылыми      тұрғыда        жеткізе    білулерін   
дамыту,  жас  ұрпақтың      өмірге    деген    құштарлықтарын 
рухани  байыту, тарихи   танымын  қалыптастыру.
1-жүргізуші:  

105
- Қуат  алып  Абайдың  тіл  күшінен,
   Жыр жазғанмын Абайдың үлгісімен!
   Абай  болып  табынсам  бір кісіге,
   Абай   болып   түңілем  мың  кісіден
        ***               ***                 ***
   Жаздым  үлгі  жастарға  бермек  үшін,
   Абай  жаққан бір  сәуле  сөнбеу  үшін.
2-жүргізуші:  -  Мұқағали      Абай      өлеңдерін      оқып, 
үйреніп, үлгі  алған.  Ұлы  ақын  Абайдың   өлеңге  қойған   
мақсатын   орындай  отырып, өз мақсатым   деп  білген    қазақ  
халқының   өте  дарынды   ақындарының  бірі.
1-жүргізуші: - Махамбет  пен   Абайдан   бірдей  қуат   
алып  өскен   Мұқағали  Мақатаев – туған  ел  мен   туған   
жерге      деген    сүйіспеншілік,    Отанға      деген    махаббат   
сезімін,  өзінің   ұлтын,  туған   тілін   ана  тіліндегі  дәстүрлі  
өлең  өрнегін  ерекше   құрметтеген ақын.
2-жүргізуші:  -  Ақын    өмірінде        ауылдық    кеңестің   
хатшысы,    әдебиет      пәнінің      мұғалімі,    республикалық   
газеттің   тілшісі,  қазақ   радиосының   дикторы, «Жұлдыз»  
жұрналының      әдеби      қызметкері,      Жазушылар      одағы   
поэзия   бөлімінің   жастар   жөніндегі   кеңесшісі   міндеттерін   
атқарды.    Көптеген      жинақтарын        оқырман      қауымына   
ұсынды:      «Армысыңдар,      достар»,    «Шуағым    менің»,  
«Дариға    жүрек»,  «Өмірдастан»,  «Өмір-өзен»,  «Аққулар  
ұйықтағанда», т.б
1-жүргізуші: - Ол аударма  саласында  да   ерінбей   еңбек  
етті.  Орыс  тілін  жетік  білген.  Дантені  шығыс    халықтар   
ішінде   ең  алғаш  аударған – Мұқағали.  Уайт  пен  Шекспир   
сынды   классиктерді,  Акоп   Акопиян, Файзолла  Ансори, 
Федор  Моргун, Евгений  Евтушенко   сынды  әр  ұлттың   
белді      ақындарын      қазақ      тілінде      сөйлетті.    Бүгінде   
М.Мақатаевтың  35   мың   жолға  жуық  өлеңі   поэзия  сүйер   
қауымның   іздеп   жүріп оқитын  жырына  айналды.

106
2-жүргізуші:  -  Мұқағалидың    ақын      ретіндегі      басты  
тақырыбы – өлең  өнері.
Ақын   өлеңінің  жақсылығы –  халқының  қажетіне,  рухани  
азығына  айналған   құндылығын  көрсетеді. Мәңгілікке  тот  
баспайтын   асыл   жырларын   келер  ұрпаққа  жеткізетін  
де –  өзіміз.  Бүгінгі  жыр   додасы  Мұқағали  сынды  өр 
ақынның  рухына  арналады.
1-жүргізуші:
- Қалқам,  мен  Лермонтов, Пушкин де  емен,
  Есенинмін  демедім  ешкімге  мен.
  Қазақтың  қара  өлеңі  – құдіретім,
  Онда  бір  сұмдық  сыр  бар   естілмеген.
2 жүргізуші:
- Ақынмын  деп  мен қалай  айта  аламын,
  Халқымның  өзі  айтқанын  қайталадым.
  Күпі  киген  қазақтың  қара  өлеңін
  Шекпен    жауып    өзіне    қайтарамын,–  деп    ақын    өте 
қарапайымдылықпен    халық    жүрегіне    өлеңінің    өрнегін  
салып  кеткен.
1-жүргізуші:  -  Міне,  біз    бүгін    қазақ    поэзиясының  
пайғамбары,  ақиық    ақын    Мұқағали    Мақатаевтың  
мерейтойына  арналған  жыр    кешіне    жиналып  отырмыз.  
Ендеше    ақын  тойы  –  халық    тойы.  Баршаңыз  да    қош  
келдіңіздер!
2-жүргізуші:  -  М.Мақатаевтың    мерейтойына  арналып  
лицейімізде  өткелі  отырған  «Мұқағали – мәңгілік  жыр»  
атты  топтар  арасындағы  командалық  сайысты  ашық  деп  
жариялаймыз.
Ортаға  қатысушы  топтарды  шақырамыз.
Қазылар  алқасы  таныстырылады.
Қатысушы  топтар  ортаға  шығады,  рет сандарын  алады.
1-жүргізуші:  -  Бүгінгі    сайыстың    шарттарымен   
таныстырып  өтейік:

107
Ең  әуелі  әр  команда  өздерін,  топтың  атын, эмблемасын  
таныстырады.
1-бөлім  – «Поэзия,  менімен  егіз бе  едің?!». Ақынның 
бір  өлеңіне  композициялық  көрініс.
2-бөлім – Викториналық  сұрақтарға  жауап. Сұрақ ақын  
шығармаларынан  қойылады.
3-бөлім «Жырлайды  жүректе»   ақын  әндерін  орындау. 
(кез келген музыкалық аспапта).
Әр  топ  өзін  таныстырып өтеді.
1-нөмірлі    топ      бірінші    бөлімді    көрсетіп    болғаннан  
кейін  екінші  топ  шақырылады.  Осылай  топтар   бірінші  
бөлім бойынша  өз  өнерлерін  көрсетеді.
2-бөлім  бойынша  викториналық  сұрақтар  оқылады:
1. Мұқағали  қай  жерде  дүниеге  келген?
2. Мұқағали   кім  болған?
3. Ақынның  замандастарынан  кімдерді  білесіңдер?
4. Ақынның  поэмаларын  ата.
5. Ақынның  әнімен  айтылатын  өлеңдерін  ата.
6.  Атақты    грек-рим    күресінің    палуаны  Мұқағалидың  
досы,  құрдасы  кім?
7.  Ақын  Батыс  Қазақстанға  келгенде  қай  өңірде  болды,  
сол  жерге  өлең  шығарған  ол  қай  жер?
8. Мұқағали  қай  жылы  дүниеге  келген?
9. Ақынның  жарық  көрген  қандай  шығармалар  жинағы  
бар?
10.    Мұқағалидың      «Тау»    тақырыбындағы    өлеңдерін  
атаңдар.
11.    Жоңғар    шапқыншылығы    жылдарында    ерлік  
көрсеткен  қазақ  батыры  жайындағы  шығармасы  қалай 
аталады?
12.  Ақынның  «Анау-аспан, мынау-бақ»  өлеңі  қандай  
тақырыпта  жазылған?
13.  Ақынның   балалық  шағы  қай  жылдары  өтті?

108
14. «Аққулар  ұйықтағанда»  поэмасындағы  көлдің  аты  
қалай аталады?
15.  М.Мақатаевтың  жарының  аты  кім?
16.  «Менің  атым  – Қожа»  фильмінде  ақынның  қай  
өлеңі  орындалады?
17.  Ақынның    диалогқа    құрылған    өлеңдерінен    қай 
өлеңдерін  білесіңдер?
18.  «Аққулар    ұйықтағанда»    поэмасында    ана    неге  
аққуды  атпақ  болды?
19.  Шетел  әдебиетшілерінен  кімдердің  шығармаларын  
аударды?
20.  «Аққулар    ұйықтағанда»    поэмасындағы    көл    не 
себептен  «Жетім көл»  деп аталды?
21.  «Сүйгісі  келе  берер  сүйген  ерін,
Сүй,  жаным,  сүйкімді  бір  күйге енемін.....»  өлеңінің  
жалғасын  оқы.
22.  «О, поэзия  менімен  егіз  бе  едің,
Білесің бе  мен сені неге  іздедім?
Алауыртқан    таңдардан    сені    іздедім.....»    өлеңін  
жалғастыр
23. «Бақыт  деген – сенің  бала  күндерің,
Бақытсыз-ақ    бақытты  боп    жүргенің.....»    өлеңінің  
жалғасын  әрі  қарай оқы.
24. «Табыт  үні»  өлеңін  оқып  беріңдер.
25  «Отыздан  асып  барамын»  өлеңін оқып  беріңдер.
26.    Мұқағалидың    қызының    аруағына    арнап    жазған  
өлеңі  қалай аталады?
27.  Поэзиядағы  «Пейзаж»   дегеніміз  не?
28.  Ақынның    бірнеше    актілі    драма    жанрындағы  
туындысы  қалай  аталады?
29.  Наурыз  тақырыбына арналған   өлеңінің  аты мен  
сазын  айтыңдар.
30.    Ақынның    «Бәсіре»    деген    өлеңі    бар,    бәсіре                       

109
деген  не?
Эллегия «Байқалмай  өткен   махаббат» 
Ән.  «Арулар  асыл  жандар». Орындайтын  – аудан-
дық    Мұқағали    өлеңдерін    орындаушылар    байқауының  
лауреаты  Абдрахманова  Ұлжан  Жұмағалиқызы.
3-бөлім    –  «Жырлайды    жүректе»    ақын    өлеңдерін  
орындаудан  сайыс.
Әділ қазылар  бағасын  береді.
«Жазылар  естеліктер  мен  туралы» байқауында ақынның  
шығармаларына,  өмірбаяны  мен    өмірлік    дастандарына  
тоқталу.  Ақын  туралы   слайд  көрсету. Мұқағали – біздің   
заманымыздағы      теңдесі    жоқ,    орыны    ерекше    ғажайып  
ақын.Сөз    жоқ,  Мұқағали      шығармалары      оқушысының  
жүрегіне  сәуле  түсіреді.  Себебі  ақын  туған  жерін, туған  
халқын,  ана тілін  жанындай  жақсы көреді.
Оның  өлеңдеріндегі  өмір   жайлы   толғанысының   өзі  бір  
поэма.  Сол  өлеңдеріндегі өсиет  жолдарына  көз салалық.
Өмірде  қымбат  асылдар – күндер,
Өмірде  қилы  ғасырлар – күндер...
Жылап  келіп, келмейді  жылап  кеткім!
Немесе
Өлі  балық  жолығар, өлмегенге,
Өлмегенге  не  жетсін, өлмегенге!
Өмір  деген  осылай, жаным  менің!
Қайтер    едік,  өмірге    келмегенде!–  деген    жолдары  
ақынның  өмірі  де  өлең, өнері  де  өлең  екенін  көрсетеді. 
Ақынның    көп    өлеңдерінің    басты  тақырыбы  –  махаббат 
тақырыбы.
«Ғашықпын!
Шын  ғашықпын  сол  адамға!
Мен  болмасам, болмайын. Сол аман  ба?
... Мен  өтермін, өтермін, өтермін  мен
Мәңгілік  сен  қаларсың, сағынышым!

110
   
   
 
....Жарқ   етіп  сөнген  жасындай,
Өтуі  мүмкін  жақсы  мен  жақсы  қосылмай»  деген  өлең  
жолдарының    бәрі    де    –  сағыныштан,    көзсіз    ғашықтық  
пен  сұлулықты  көре  білгеннен  туған  ақиық  ақынның  ақ  
маржан  жырлары.
Сайыстың    қорытындысын    анықтау.  Жеңімпаздарға  
сыйлықтар  табыс  ету.
Анаргүл КӨКЕШЕВА,
  Ақмола облысының
Степногорск қаласындағы
  №2 «Бестөбе» орта мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.                     
ӘДЕБИЕТ ӘЛЕМІНДЕ – 
ЗИЯТКЕРЛІК ОЙЫНЫ
Мақсаты:  оқушылардың    әдебиетке  деген  қызығушы-
лығын арттырып, олардың дүниетанымын, ой-өрісін кеңейту 
арқылы таным, білім дағдыларын қалыптастыру. 
Түрі: сайыс сабақ. Көрнекілігі: интерактивті тақта.
Мұғалімнің  сөзі:  -  Бүгінгі  біздің  «Әдебиет  әлемінде»  
атты зияткерлік  ойын сабағымызға қош келіпсіздер!
Сендер  қазақ  әдебиетінен  қаншалықты  білімдерің 
бар  екендеріңді    осы  сабақта  көрсетесіңдер.  Сабақ  сайыс 
болғандықтан    2  топқа  бөлінеді.  Сайысты  бастамас  бұрын 
әділқазылармен таныстырып өтейін. Сайысымыз 8 кезеңнен 
тұрады. Әр кезең  1-5 ұпай аралығында бағаланады. 
(Тапсырмалар слайд арқылы көрсетіледі)
1-кезең. Таныстыру. Әр топ өздерін таныстырады.
2-кезең.  «Ойлан,  тап».  Әр  топқа  әдеби  шығармадан 
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет