Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата07.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

ә)  «Жүздіктер»  тобы.  Сан  есімдерді  тіркескен  сөзімен 
теріп жазыңдар. Оларға сұрақ қойып, мәнін айқындаңдар.
1. Үйде ... күн ұрыс болса,
    Қырық күн ырыс кетеді.
2. ... жақсы ерікпес,
    ... жаман бірікпес.
3. Екі ... он алты.
4. ... сөздің тобықтай түйіні бар.
5. Ер жігіттің ... сөйлегені – өлгені.
6. ... аяқтыда бота, екі аяқтыда бажа тату.
7. ... жылда ел жаңа.
б)  «Мыңдықтар»  тобы.  «Орынымды  тап».  Мақал-
мәтелдердегі орыны ауысып тұрған сөздерді айтылу ретімен 
орналастырып, берілген сан есімдер туралы өз пікірлеріңді 
айтыңдар.
1) ақшаң, бір, сом, жолдасың, жүз, болғанша, болсын.
2) қырық, қыңыр, жақ, бір, кісі, бір, кісі, жақ.
3)  болса,  жақсы,  әйел,  ырысыңның,  тұрағы,  жиғаның, 
иманың, үшінші, екінші, бірінші.
V. Шығармашылық деңгей. 
Әр топқа семантикалық картамен тапсырмалар беріледі.
а)  «Ондықтар»  тобы.  «Біздің  сынып»  тақырыбына 

81
құрамында есептік, реттік сан есімдері болатын шағын мәтін 
құрау.
ә)  «Жүздіктер»  тобы.  Атауында  сан  есім  кездесетін 
қандай халық әндерін білесіңдер?
Оларда  не  жайында  айтылатынын  өз  ойларыңмен 
дәлелдеңдер.
б)  «Мыңдықтар»  тобы.  Бұқар  жыраудың  «Тілек» 
толғауын еске түсіріп, реттік сан есімдерге морфологиялық 
талдау жасаңдар.
VI.  Сабақты  қорытындылау.  Нақыл  сөздің  шешімін 
табыңдар.
Қатар  тұрған  бірдей  дауыссыздан  бастап,  сағат  тілі 
бойынша екі әріптен тастап, нақыл сөз оқи аласыз. Нақылдан 
реттік  сан  есімінің  өзі  тіркескен  сөзімен  байланысын 
көрсетіп, мағынасын түсіндіріңіз.
І
У
Ы
Н
Л
Қ
Ш
Л
Ы
А
Д
Р
І
Й
Қ
С
І
А
Н
Б
Б
Е
Жауабы: Бірінші байлық – денсаулық.
VII. Оқушылардың білімін бағалау.
Білім рейтингісі
Бөлім
                Ұпай
«5»
«4»
«3»
«2»
I
II
II
IV
V
VI
VII
VIII
I   II   III
I  II  III
I  II  III
I   II  III
VIII. Үйге тапсырма: « Менің ғұмырнамам» тақырыбына 
сан есімдерді қатыстырып шағын өмірбаян жазып келу.

82
Айзада МИРМАНОВА,
Қостанай облысының
Рудный қаласындағы
№3 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі.
СӨЗ ҚҰРАМЫН ҮЙРЕТКЕН КҮЗ
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаттары:  білімділік  –  «Күз»  туралы 
сөздерді  дұрыс  пайдаланып,  сызбамен  әңгіме  құра  білу; 
дамытушылық  –  сөз  құрамын  жаттығу,  өздік  жұмыстар 
арқылы бекіту, тіл дамыту; тәрбиелік – күзгі еңбекті баға-
лауға, табиғатты аялауға баулу.
Түрі: жаңа материалды түсіндіру сабағы. Әдіс-тәсілдері: 
түсіндіру,  сұрақ-жауап,  әңгімелесу,  оқушыны  ойландыру, 
жаттығу, т.б. Көрнекілігі: компьютерлік презентация, төрт 
жыл  мезгілінің  суреттері,  сызбалар,  Венн  диаграммасы, 
тест,  өздік  жұмыс  тапсырмалары,  кестелер.  Пәнаралық 
байланыс:  орыс  тілі,  жаратылыстану,  бейнелеу  өнері,               
әдеп, т.б.
Сабақтың  барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Жаңа  сабақ:
2. Модульдің құрамын айту. 1-3слайд.
4-Модуль. Күз. Сөз құрамы. (6-сағат)

83
Бөлімі
Сабақ
саны
Модульдің мазмұны
Модульдің 
уақыты
1-сабақ.
1. Модульдің құрамын 
түсіндіру.
2. Грамматикалық 
тақырыпты сызба бойынша 
түсіндіру.
3. Сөздік жұмысы.
4. Лексикалық тақырып.
5. Бекіту.
5минут
10минут
8минут
12минут
10минут
Сөйлесу
2-сабақ.
1. «Көкөністер мен 
жемістер» тақырыбы 
бойынша үш деңгейлік 
тапсырмалар.
2. Жұмбақтармен жұмыс.
3. Аударма жұмысы.
20минут
15минут
10минут
3-сабақ.
1. Терме, сөздік диктанты.
2. Фонетикалық жаттығу.
3  «Жыл мезгілдері» 
тақырыбы бойынша жұмыс.
10минут.
10минут
25минут
4-сабақ.
1. «Ауа райы» тақырыбы 
бойынша тіл дамыту.
2.Сөздік, түсіндірме 
диктанты. 
30минут
15минут
5-сабақ. «Табиғаттағы өзгерістер» 
мәтіні бойынша жұмыс.
45минут
Қоры-
тынды
6-сабақ.
1. «Брейн-ринг» ойыны. 
«Күз - жыл мезгілі»
2. Тест.
35минут
10минут
3. Сабақтың мақсатын, барысын айту. 4-8-слайд.
Мақсаты: 
1. Сөздерді құрамына қарай ажырата білу;
2.  “Күз”  модулі  бойынша  жаңа  сөздер  мен  сөйлемдерді 
дұрыс пайдалану.

84
Оқушы нені білуі тиіс:
1. Сөздерді, оның құрамын ажырата білу керек.
Түбір, жұрнақ, жалғауды тауып, бір-бірінен ажырата білу.
2. Өз беттерімен сурет бойынша әңгімелей білу.
3. Өз сөздерімен мәтін бойынша ойларын жаза білу.
Оқушы нені үйрену қажет:
1.  «Күз»  деген  модульге  қатысты  жаңа  сөздер  мен 
сөйлемдерді дұрыс пайдалана білуге үйрену.
2.  Тақырып  бойынша  өтетін  сөздер  мен  сөз  тіркестерін 
дұрыс айтуға, сауатты жазуға үйрену.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Модульдің құрамын айту.
3. Сабақтың мақсатын, барысын айту.
4. Грамматикалық тақырып (сызба, ереже).
5. Сөздік  жұмыс.
6. Лексикалық тақырып (сызбамен жұмыс).
7. Мәтінмен жұмыс(М-О –Т) (С-Ж).
8. Грамматиканы бекіту. (3,4-тап. Өздік жұмыс).
9. Тест.
10. Венн диаграммасы.
11. Үйге тапсырмасы. Жаңа сөздерді білу, сызба бойын-
ша әңгімелеу, сұраққа жауап беру.
4.  Грамматикалық  тақырып:  «Сөз  құрамы»  9 
-11-слайд бойынша түсіндіру.
Сөз құрамы (состав слова)
түбір        жұрнақ    жалғау
корень    суффикс  окончание
қосымша
Мысалы: кітап + хана  + лар
 
 
 
 
 
 
 

85
ТҮБІР
                  негізгі                                  туынды 
  (непроизводный)                                (производный)
М.: ән ән+ші
балық          балық +шы
Сөз тудырушы жұрнақтар:
-шы, -ші, -тық, - тік,
-шық, -шік, -лық, -лік,
-дық, -дік -ты, -ті, - ды,
-ді, -лы, -лі. 
5. Кітаппен жұмыс: Ережелерді оқыту, мысал келтіру. 
12-слайд.
Қазақ тілінің сөз құрамы түбір мен қосымшадан (жұрнақ, 
жалғау) тұрады. Ән+ші+лер.
Сөздің бөлшектенбейтін бөлігі негізгі түбір деп аталады. 
Ән.
Негізгі  түбірге  сөз  тудырушы  жұрнақ  жалғанса,  ол 
туынды түбір деп аталады.Ән+ші 
Түбір  сөзден  кейін  қосылып  тұрған  сөз  бөлшектерін 
қосымша дейміз. Ән+ші+лер
6.  Сөздік  жұмысы  (М-  О  –Т  ),  сөз  тіркесін  құру. 
13-слайд.
Серуен- прогулка /поход/
Жаға – берег;                     Табиғат – природа;
Мезгіл, маусым – сезон;     Дымқыл – влажный;
Жиі – часто;                       Бұлтты – облачный;
Сарғаю – желтеть;           Көңілді – веселый;
Салқын – прохладный;       Жауу – идти /дождь/.
7.  Лексикалық  тақырып.  Жыл  мезгілдеріне  шолу, 
суретпен жұмыс. 14-слайд.
8. Сызбамен жұмыс. 15-слайд.
 

86
Жыл 
мезгілі
Айлар
Күн
Түн
Ауа райы
Күз
Қыркүйек
Қазан
Қараша
қыс-
қарақ
ұза-
ғы-
рақ
күн салқын, ауа 
дымқыл, аспан 
бұлтты, жаңбыр 
жиі жауады.
9. Мәтінмен жұмыс (М –о-т-. С –Ж).
10. Бекіту. Грамматиканы бекіту. 3-4тапсырма. Өздік 
жұмыс. 16-17 слайд.
Өздік  жұмыс.
Мына сөздерді сөз құрамына талда:
Мезгілдері, еңбектену, піседі.
Жауап  үлгісі:
1. Мезгіл  дер       еңбек    тен у   піс   е   ді
11. Тест. “Күз”. 18 -20 слайд .
1. Жылда неше жыл мезгілі бар екенін тап.
а) 5;            ә) 4;             б) 3.
2. Қазір қай жыл мезгілі екенін тап.
а) күз;        ә) қыс;         б) жаз.
3. Күз айларын тап.
а) қаңтар, ақпан;           ә) шілде, тамыз;
б) қыркүйек, қазан, қараша. 
4. Күзде ауа райы қандай болады?
а) салқын;         ә) ыстық;         б) аяз.
5. Ағаштың жапырақтары не істейді?
а) көгереді;        ә) сарғаяды;   б) бұлтты.
6. Жаңбыр қалай жауады?
а) бұлт;              ә) сирек;         б) жиі.
 
 
 
 
 
 

87
7. «Түбір» сөзінің аудармасын тап.
а) корень;        ә) суффикс;     б) окончание.
8. «Суффикс, окончание» сөздерінің аудармасын тап.
а) түбір;           ә) жұрнақ, жалғау;    б) бақша.
9. «Қосымша» сөзінің аудармасын тап.
а) корень;        ә) окончание;      б) аффиксы;
Тест жауаптары:
1 – Ә;  2 – А; 3 – Б; 4 – А;  5 – Ә;  6 – Б; 7 – А ;  8 – Ә;  9 – Б.
12. Венн диаграммасымен жұмыс. (Сын тұрғысынан  
ойлау арқылы екі жыл мезгілін салыстыру.
             жаз                                                        күз
1. Маусым, шілде, 1. екеуі де жыл мезгілі. 1. Қыркүйек, 
қазан, қараша.
Тамыз.
2.  әрқайсысында    2.  Күн  салқын  2.  Күн  ыстық  үш-үш 
айдан бар.
3. Аспан бұлтты. 3. Аспан ашық. 3. Оқушыдар үшін.
4. Ауа дымқыл. 4. Ауа таза.демалыс бар. 4. Екеуінде де.
5. Күн қысқа, түн ұзақ. 5. Күн ұзақ, түн қысқа.
6. Жапырақтар сарғаяды, қысқа. Мерекелер бар, т.б.жерге 
түседі. 6. Жағалай жап-жасыл.
7.  Жиі-жиі  жаңбыр  жауады.  7.  Балалар  өзенгежинайды 
т.б.
8. Көкөніс, жемістерді шомылады, балық аулайды, т.б
8. Астана күні,ата заң мерекелері бар, т.б.
13. Бағалау.
14.  Үйге  тапсырма  беру:  “5”  ереже,  сызба    бойынша 
әңгіме; “4” ереже, сұрақ-жауап; “3” ереже, сөздер.
 
Не ортақ? 

88
Гүлсім ЖИЕНАЛИНА,
Ақтөбе қаласындағы
№19 орта мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі. 
АУЫЗЕКІ СӨЙЛЕУ ДАҒДЫСЫНДА 

 
«ҚАРЛЫҒАШТЫң ҚҰЙРЫҒЫ   
НЕГЕ АЙЫР?»                
(Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан. 
5-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың таным-
дық қабілетін жетілдіре отырып, ертегі мазмұнын меңгерту, 
өз  ойын  тұжырымдап,  шығарманың  идеялық  мазмұнын 
ашу,  топта  жұмыс  жасап,  өзіндік  ой  қорытуға  бағыттау; 
дамытушылық – ауызекі сөйлеу дағдысын қалыптастыру, 
қызығушылығын  ояту,  ойын  еркін  жеткізуге  баулу; 
тәрбиелік  –  адамгершілік  қасиеттерді  дамыту,  атамекенді 
сүю, тірі табиғатқа қамқор болуға, аялау сезіміне тәрбиелеу.
Типі:  жаңа  білім  беру.  Түрі:  шығармашылықпен 
жұмыс.  Әдістері:  мәнерлеп  оқыту,  пікір  айту,  ой  қозғау. 
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, табиғаттану. Көрнекілігі: 
Б.Момышұлы  портреті,  қарлығаштың  суреті,  ерлік  туралы 
мақал-мәтелдер.
Сабақтың барысы:     
I. Ұйымдастыру кезеңі. Сәлемдесу, оқушылардың сабаққа 
қатысуын, әзірліктерін тексеру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
1)  М.Жұмабаевтың  «Мен  жастарға  сенемін»  өлеңін 
жаттау.
2) Сабақтың мақсат-міндеттерін түсіндіру.

89
III. Жаңа сабақ.
Мұғалімнің сөзі (слайд арқылы көрсету)
«Жақсыдан - шарапат,
Жаманнан  -  кесапат»,-  деп  мақалда  айтылғандай, 
жақсылық  тек  қана  адамның  ғана  қолынан  келмейді  екен. 
Жақсылық кімдердің, нелердің қолынан келуі мүмкін?
- Ал, сендер, адам баласына жанашыр, қамқоршы қандай 
құсты білесіңдер?
-  Құстар  –  біздің  досымыз.  Құстардың  адамға  пайдасы 
бар.
-  Ал,  балалар,  біз  бүгін  Б.Момышұлының  «Ұшқан  ұя» 
кітабынан  алынған  «Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр?» 
ертегісімен танысамыз. 
Б.Момышұлының суреті. Ол туралы дерек.
Кеңес Одағының Батыры, даңқты жауынгер, Ұлы тұлға  
Бауыржан Момышұлы 1910 жылы қазіргі Жамбыл облысы, 
Жуалы ауданы, “Көлбастау” ауылында дүниеге келген.
Ұлы  Отан  соғысына  қатысып,  ерлік  көрсеткен.  Москва 
түбіндегі шайқастарда даңққа бөленді.     
Жазушының  «Ұшқан  ұя»  кітабы  1975  жылы  жазылды. 
Біз  осы  кітаптан  алынған  «Қарлығаштың  құйрығы  неге 
айыр?»  ертегісімен  танысамыз.  Бұл  ертегіні  Бауыржан 
Момышұлына әжесі айтып берген болатын. Ертегінің атын 
орысшаға аудару.
IV. Ертегіні оқымас бұрын интерактивтік тақтада сөздік 
жұмысын жүргізу:
қарлығаш – ласточка;                                              
бақа-шаян – лягушка и скорпион;
құрт-құмырсқа – черви и муравьи;                                   
әділ – справедливый;   
жарлық береді – дает распоряжение;
тілін біліпті – знал язык (понимал)
алдын тосады –ждет;

90
жау шабады – наступил;
жұлып алады – вырвал;                                                    
айта алмайды – не может говорить;
ызыңдайды – жужжит;
тап береді – набросился;
ұшып үлгереді – успеет улететь;                                    
құйрық – хвост;
тіліп өтеді – прорезал;                                                
шағатын жәндіктер – насекомые;
масаны көреді – увидит комара;                                    
тілін шығарады – высовывает язык;
менің ұрпағым – мое потомство;                                 
ең тәтті қан – самая вкусная кровь.
Енді ертегі не туралы, оқиға қалай болғандығын көрейік.
Мұғалім оқиды.
- Ал, балалар, енді ертегіні оқиық. Рөлге бөліп оқу.
Қарлығаштың  құйрығы  неге  айыр  екен?  (слайдпен 
жұмыс)
Түсінгендерін сұрау.
V. Ертегі мазмұны бойынша сұрақтарға жауап беру:
1. Сүлеймен деген кім?  
2. Сүлейменнің патшалығында не болды?
3. Жаудың беті қалай қайтпады? 
4. Сүлеймен патша жыланға не дейді?
5. Патша қандай жарлық береді?
6. Хабаршылардың жолын не күтеді?
7. Қарлығаш қандай әрекет істейді?
8. Қарлығаш патшаға не дейді?
9. Қарлығаштың сөзі жыланға қалай әсер етеді?
10. Ашулы жылан қайтеді?
VI. Топпен жұмыс. 
I топтың тапсырмасы:
Кестені толтыру.

91
Кейіпкерлерге мінездеме
жағымды
жағымсыз
Сүлеймен
әділ, бір сөзді.
Қарлығаш
тапқыр, 
қайырымды, 
батыл.
Жылан
қатал, 
зұлым.
Маса
ақымақ, 
аңқау.
II топтың тапсырмасы:
Сүлеймен патшаға мінездеме беру.
Кейіпкер
Қасиеті, мінезі
Кейіпкер әрекетіне 
баға
Сүлеймен
 
 
Жан-жануардың, құрт-
құмырсқаның, бақа-
шаянның, балықтың 
тілдерін білген. Ұлы, 
әділ патша
 
Риза болған 
Сүлеймен патша 
жыланның  тілегін 
орындағысы келеді.
 Хан сөзі – қашан  да 
біреу.
III топтың тапсырмасы:
-  Қарлығаш  қандай  құс,  ол  туралы  не  білесіңдер?  (Құс 
туралы сөйлеу).
Кейіпкер
Қандай әрекет жасады?
Негізгі оқиға  
Қарлығаш
1) адамға жаны ашиды
2) хабаршыларды күтеді
3) шағатын жәндіктердің 
тілін жұлып алады.
Қарлығаштың 
адам баласын 
жыланнан 
құтқаруы.
VII. Қорытындылау.
VIII. Бағалау. Топ жетекшілері топ мүшелерімен ақылдаса 
отырып, бағаларын қорытындылайды.       
IХ.  Үйге  тапсырма:  Б.Момышұлының  өмірі  туралы 
мәлімет; 1. Ертегіні оқу, жоспар құру, мазмұндау.

92
Білім негізі – бастауышта
Гүлнар БЕРКУТОВА,
Семей қаласындағы
                                                                       №9 орта мектептің
                                                                       қазақ тілі мен әдебиеті  
                                                                       пәнінің мұғалімі.
ЖАңА СӨЗДЕРГЕ БАЙ                         
ҚЫС АЙЛАРЫ
(2- сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушыларға  жаңа 
сөздерді  меңгерту  және  оларды  сөйлеу  әрекетінде  дұрыс 
пайдалана  білуге  үйрету;  дамытушылық  –  оқушылардың 
ойлау,есте  сақтау  қабілеттерін  дамыту;  тәрбиелік  –  жыл 
мезгілдерінің  ерекшеліктері  туралы  түсініктерін  кеңейте 
отырып,табиғатты сүюге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі : сұрақ-жауап, аударма, түсіндіру, 
ойландыру, тыңдап түсіну. Көрнекілігі: суреттер, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен амандасу;
ә) Сыныптағы оқушыларды түгелдеу;
б) Оқушылардың көңілін сабаққа бейімдеу.
2. Үй тапсырмасын  тексеру.
Жаңа сөздерді жаттау, жұмбақтарды шешу.
3. Жаңа сабақ.
Сабақтың мақсатын,барысын түсіндіру.
а) Сөздікпен жұмыс.
қыс айлары –зимние месяцы;
алғашқы – первый;
соғады – дует;
соңғы – последний.

93
Мұғалім  сөздерді  дауыстап  оқиды.  Оқушылар 
қайталайды. Сөздердің дұрыс айтылуына мән беріледі. Осы 
сөздермен ауызша бірнеше сөйлем құрастырылады.
ә) Мәтінмен жұмыс. 56-беттегі мәтін мәнерлеп оқылады, 
оқушылармен бірге аударылады.
Қыс айлары – желтоқсан, қаңтар, ақпан. Желтоқсан – 
қыстың алғашқы айы. Суық жел соғады. Қаңтар – қыстың 
екінші айы. Жаңа жыл басталады. Ақпан – қыстың соңғы 
айы. Қатты аяз болады.
б) Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру:
1. Қыс айлары қандай?
2. Желтоқсанда не болады?  
3. Қаңтарда не болады?
4. Ақпанда не болады?
4. Дәптермен жұмыс.
56-бет,  4-жаттығу.  Берілген  сөздерден  сөйлем  құрас-
тырып жаз:
Келді, қыс, суық. 
Жауды, қар, алғашқы.
Коньки, балалар, тепті.
Жылы, киінеді, адамдар.
Сергіту сәті.
Ал, балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып,бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.
5. Суретпен жұмыс.
Сурет бойынша әңгіме құрастыру (ауызша). Тірек сөздер: 
қыс  мезгілі,  мұз  айдыны,  сырғанақ,  жылы  киінген,  теуіп 
жүр,  балалар,  шаңғы,  шанамен,  сырғанап  жүр,  коньки, 
аққала жасады, көңілді, ұнайды.

94
   
   
 
6. Сөзжұмбақ шешу.
              
1. Зима.
2. Валенки.
3. Лыжи.
4. Сапоги.
5. Санки.
6. Снег.
   
7. Сабақты бекіту, қорытындылау.
- Балалар, бүгін сабақта  не   білдік, не үйрендік?
- Қыс айларын атайық.
8. Бағалау.
9.  Үй  жұмысы.  56-бет,  жаңа  сөздерді  жаттау,  мәтінді 
мәнерлеп оқу, «Қыс айлары» тақырыбына диалог құрастыру.
Гүлмира МҰҚАНОВА,
Ақмола облысының 
Степногорск қаласындағы
№6 гимназия-мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
СӨЙЛЕМДЕ «АДАМ НЕ ІСТЕЙДІ?»
(3-сынып)
Сабақтың мақсаты: білімділік – лексикалық тақырып 
пен  грамматиикалық  тақырыпты  байланыстыра  өту; 
                                         
                                                                      
Қ  ы  с 
п  и  м 
А   
 
ш  а 
ң  ғ  ы 
 
е 
Т  і 
к 
ш  а  н 
А   
 
қ  а 
Р 
 

95
дамытушылық  –үйренген  сөздерін  күнделікті  өмірде 
қолдануға  үйрету,  сауатты  жазуға,  мәнерлеп,  түсініп  оқуға 
жетелеу, оқушылардың сөздік қорын байыту, дұрыс сөйлем 
құрай  білу  дағдысын  дамыту;  тәрбиелік  –  тазалыққа, 
сыйластыққа, әдептілікке тәрбиелеу. 
Көрнекілік: суреттер, сызба, мультфильм.
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі.
- Балалар, бүгін сабаққа қонақтар келіп отыр. Олай болса, 
бәріміз бірге қонақтармен сәлемдесейік.
Жақсы оқып сабақты,
Әдеп сақтау – сәніміз.
Сәлем бердік сіздерге,
Басты иіп бәріміз.
Сұрақтарға жауап беру:
- Біз қайда отырмыз?
- Сыныпта не бар?
- Сыныпта кімдер отыр?
- Қазір қай сабақ?
- Нешінші сабақ?
- Соңғы өтілген «Менің отбасым» тақырыбы бойын-
ша білімдерімізді көрсетейік. Өз отбасың туралы не айта 
аласың? Отбасы мүшелерін кім атайды?
Отбасы туралы қандай санамақты  білеміз?
Бас бармақ – атам,
Балаң үйрек – әжем,
Ортан терек – әкем,
Шылдыр шүмек – шешем,
Кішкентай бөбек – мен.
Санамақта кімдер аталды? Бәрі неше адам болады? 
Отбасындағы  ең  кішкентай  адам  кім?  Осы  кішкентай 
адам туралы әңгімелесейік. Оның қандай дене мүшелері 
бар? Балалар дене мүшелерін атайды.

96
Тәуелдік жалғауын қайталап шығайық.
Оқушы шығып  бір қадам жасайды  да, «Менің басым» 
дейді.
Екінші қадам  – сенің басың, сіздің басыңыз.
Үшінші қадам – оның басы.                                                       
Бірнеше бала осылай 2-3 сөзді тәуелдейді.
Жаңа  тақырып.  Бүгінгі  тақырыпты  біз  ребус  арқылы 
білеміз. Ребусты шешу. Слайд.
,                 ,,                    ,,,
                                                                           
м
-  Дұрыс,  жауабы  –  адам.  Бүгін  сабақтың  тақырыбы: 
Сөйлемде «Адам не істейді?»
Фонетикалық жаттығу. А, Д, М қандай дыбыстар екенін 
айтқызу. 
Сөздікпен жұмыс: 
дем алады – дышит;
күледі – смеется;
көтерді – поднял;
көреді – смотрит;
естиді – слышит;
ұйықтайды – спит.
Бізге    қонаққа  қуыршақ  келді.  Мынау  кімнің 
қуыршағы?
Шеңберге  үш  адам  тұрады.  Бірінші  бала    қуыршақты 
алып,  «Менің  қуыршағым»  дейді.  Екінші  балаға  беріп,  
«Сенің  қуыршағың»  дейді.  Үшінші  балаға  беріп  тұрып, 
«Оның қуыршағы» дейді.
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет