Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет5/9
Дата07.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Мұқағали 
Мақатаев 
85 жаста 
Алматы 
облысы 
1931- 1976 
мерейтой 
Ақын, 
аудармашы. 
«Үш бақытым», 
«Өмір – өзен», 
«Аққулар ұйықтағанда». 

64
4. Поэзия минуты. М.Мақатаевтың өлеңдерінен үзінділер 
оқу.
«Үш бақытым» өлеңі оқылады.
Өлеңнің  философиялық  мәнін  ашу,  ақын  неге  бірінші 
–  Халқын,  екінші  –  Тілін,  үшінші  –  Отанын  бақытым  деп 
есептеген. Оқушыларды жарыссөзге тарту.
«Жақындық  сеземін»,  «Таныс  өлке»,  «Пай!  Пай! 
Пай!» өлеңдерінен үзінділер оқылады.
5. Дәптермен жұмыс. М.Мақатаевтың өлеңінен үзіндіні 
жатқа жазу.
Батар күн,
Келер күн,
Атар таң.
Шығар күн,
Бәріңе, бәріңе құмармын.
Осы мен мәңгілік тұрармын.
Осы мен, сірә да, өлмейтін шығармын?
6. Кітаппен жұмыс. 80-бет, 7-тапсырма. Өлеңді мәнерлеп 
оқып, ішінен қалау райды тауып жазыңдар.
7. Өздік жұмыс. Қалау райды және бүгінгі сабақта өткен 
лексикалық тақырыпты пайдаланып, шағын әңгіме жаз.
8. Сабақты қорытындылау. 
9. Үйге тапсырма. Етістіктің рай категориясы. Қалау рай. 
80-бет, 6-тапсырма. М.Мақатаевтың өлеңінен үзінді жаттау.
10. Бағалау.
11.  Рефлексия.  Маған  не  ұнады,  не  ұнаған  жоқ.  Әр 
сабақты мен қалай елестетемін? Қазақ тілі сабағында мен не 
үйренгім келеді?

65
Фатима ХАМИТОВА,
Тараз қаласындағы
№13 орта мектептің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
СӨЗДІК ҚОРҒА ҚОСЫЛҒАН 
ҚАНЫШ ТАПҚАН ҚАРА ТАС
(10-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  мәтінді  түсіне  оқи 
отырып,  мазмұнын  өз  сөздерімен  байланыстыра  айтуға 
жаттықтыру,  өз  ойларын  жеткізе  білу;  сұрақтарға  еркін 
жауап беру; тілдік материалдарды меңгеру; дамытушылық 
  сөздік  қорын  молайту,  ойлау  қабілетін  дамыту,  сауатты 
жазу  мәдениетін  дамыта  отырып,  тақырыпты    деңгейлік 
тақырыптық тапсырмалардың көмегімен меңгеру; тәрбиелік 
–  қазақ  халқының  белгілі  тұлғаларды    білуге,  құрметтеуге 
тәрбиелеу.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдісі:  сұрақ-жауап,  түсіндіру, 
жаздыру, сөйлестіру, ойландыру. Көрнекілігі: интерактивті 
тақта, қима қағаздар, кесте.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру кезеңі.
2. Сабақтың тақырыбы мен мақсаты.
3. Өткенді еске түсіру. Үй тапсырмасын сұрау.
4. Топтастыру тәсілі.
5. Жаңа сабақ.
6.  Мәтінмен  жұмыс.  Синоним,  антонимдерді  табу. 
Деңгейлік тапсырмаларды беру.
7. Грамматикалық тапсырмалар.
8. Іздену жұмысы. «Сіз білесіз бе?»

66
9. Бекіту. ИНСЕРТ стратегиясы бойынша.
10. Қорытындылау. Үйге тапсырма.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
А) сәлемдесу;
Ә) кезекшінің сөзі;
2. Сабақтың  тақырыбы мен мақсатын айту.
«Сөздік қорға қосылған Қаныш тапқан қара тас»
3. Өткенді еске түсіру. Үй тапсырмасын пысықтау.
Сыныпты 3 топқа бөлу: 1-топ, 2-топ, 3-топ.
4. Мұғалімнің кіріспе сөзі.
-  Балалар,  біздің  өтіп  жатқан  модуліміздің  тақырыбы 
«Қазақтың белгілі ғалымдары».
Осы  тақырып  бойынша  қазақтың  белгілі  ғалымдары 
деген кезде кім ойға келеді?
(«Ойқозғау» стратегиясы)
1-топ – Қаныш Сәтбаев туралы әңгімелейді және слайд 
көрсетеді.
2-топ – Шоқан Уәлиханов туралы әңгімелейді және слайд 
көрсетеді.
3-топ – Әбу Насыр әл Фараби  туралы әңгімелейді және 
слайд көрсетеді.
5. Топтастыру тәсілін қолдану
 
Адамда қандай 
қасиеттері болу 
керек? 

67
Үй  тапсырмасын  айтып  болған  соң    қорытынды 
жасаймын. Жақсы дайындалғаны байқалады.
6. Жаңа сабақ:
-  Дұрыс,  үй  жұмысын  жақсы    орындадыңдар.  Ендігі 
біздің өтетін тақырыбымыз – Қаныш Сәтбаевтың өмірінен 
алынған бір  оқиға.  Авторы   - Өмірсейіт Шәріптегі.
Жоғары  мектеп  үздігі,    Қазақстан  Журналистер  одағы 
сыйлығының иегері.
Қаныш тапқан қара тас.
1. Мәтінмен жұмыс Топпен жұмыс.
А) қиын сөздерді теріп жазып, мағынасын түсіндіреміз, 
қандай сөздер екені,  жиі қолданылатындығы айтылады:
ғұлама  –  жиі  қолданбайды,  әдебиеттерде,  тарихта  көп 
қолданылады – ученый, великий; 
қомақты – объемистый, значимый;
көне таңбалар – тарихи, көнерген сөз – древние надписи, 
знаки;    
            
жәдігер  –  тарихта  көп  қолданылатын  сөз  –  реликвия,  
наследие; 
өгіз жеккен арба – сөз тіркесі,  көнерген сөзге жатқызуға 
болады;
шырағдан – көнерген сөз, тарихи сөз – факел, свеча;
орысша  баламасын  айтып  кетемін  немесе  оқушылар 
оқып шығады.
Ә) Мәтін бойынша топтарға тапсырма  беру.
1-топ – антонимдерді тауып, сөз тіркестерін құрастырады:
жас – кәрі, 
қара – ақ, 
кездестірді – кездестірмеді;
қажетті – қажетсіз,  
жинастырады – жинастырмайды, 
көрінісі бар – көрінісі жоқ.

68
2-топ  –  синоним,  антонимдерді  тауып,  сөз  тіркестерін 
құрастырады.
ғұлама ғалым – ұлы ғалым;
үлесі  орасан – үлесі көп;
 ел аузында – халықтың есінде;
құнды мұралар – бағалы мұралар.
3-топ. Мәтіннен құрмалас сөйлемдерді  тауып шығу.
Соның дәлелі, 20 жылдардың басында...
Тастағы көне таңбалардың сырын ашып,..
Тау ішіндегі Ақсақ Темір сарбаздарына....
Қаныш Сәтбаев қара тасты тапқан кезде....
Қорытынды жасап кету керек.
7.  Грамматикалық  тапсырмалар:  деңгейлік  тапсыр-
маларды орындау.
1 топ – 
2 топ –
3 топ -   
Қорытынды жасап кету керек.
8. Іздену жұмысы. Ақпарат  «Сіз білесіз бе?» Жамбыл 
облысының  қазіргі заман ғалымдары.
Мекемтас  Мырзахметұлы  –  филология  ғылымдарының 
профессоры,  Жамбыл  облысының  Құрметті  азаматы. 
«Бауыржантану»  пәнінің  авторы.  Қазақ  тілінің  мәселесі 
бойынша көптеген мақалалары жарық көрді.
Қожамжарова  Дария  Пернешқызы  –  ТарМУ-дың  тарих 
ғылымдарының  профессоры.  ТарМУ-дің  оқу-әдістемелік 
жұмысы жөніндегі проректоры. №5 Жамбыл атындағы орта 
мектептің түлегі.
Нұржанов  Райымбек    Бестайұлы  –  Облыстық  Балалар 
Ауруханасының    бас  дәрігері.  Балалар    ортопед-травмато-
логы,  медицина  ғылымдарының  докторы.  №5  Жамбыл 
атындағы орта мектептің түлегі.
9. Бекіту. ИНСЕРТ кестесін толтыру.

69
Мен білемін
Мен үшін 
жаңалық
Мені таң 
қалдырды
10.  Үйге  тапсырма.  Қаныш  Сәтпаев  туралы  ойтолғау 
жазып келу.
Сабақты қорытындылау, оқушыларды  бағалау.
1-топ.
1-деңгей.
1. Синонимдерді  тап:
пішінді –  ұзын – 
алып – 
саулығы –  
           түйістіріп –
еркін – 
ірі –                              асқар –  
ұсақ –   
ақырын –  
           қалжыңға – 
жансақ –  атақты –     
           еске алайық –
2-деңгей.
1.  Көп  нүктенің  орынына  қажетті  сөздерді  қойып, 
сөйлемдерді көшір.
Біз қазақ халқын ... адамдар деп ойлаймыз. Сіздің ...  ғой. 
Сізге біреу ... түсіндірген. Біздің халқымыз - ...  айдынында  
асқар ...  қарап еркін өскендер. Олардың  арасында  мен ... 
болам.
Керекті сөздер: ең аласа, ең ұсағы, Алатауға, Арқаның, 
жаңсақ, түсіңіз ақ құба, бойыңыз ұзын, қысқа бойлы, қара 
түсті.
3-деңгей.
1.  Сөйлемдерді  көшіріп  жазып,  бастауыш  пен 
баяндауышты табыңдар. Оларды тұлғасына қарай талдаңдар.

70
«Қаныш өзінің зор ғалым, алып адам екендігіне қарамас-
тан  өте  кішіпейіл  еді.  «Жақсыны    көріп,  жан  семіреді» 
дегендей, Қаныштың кескініне қарап кісінің көңілі тоятын. 
Оның жүзіндегі жылылық адамның жанына жайма-шуақ леп 
беретін.
Есімі бүкіл дүние жүзіне тарап, мемлекеттік ең жоғарғы 
сый-құрмет,  атақ-дәрежеге  ие  болып  жүргенде  де  ол  сол 
кішіпейіл  қалпынан  айнымайды.  Сүтпен  кірген  халық 
мейірбандылығы алтындай жарқырап, көзге ерекше түсті.
2-топ.
1-деңгей.
1.Синонимдерді тап:
болашақ иелері –     жұрт –    
             
жаңылу –                  адамгершілік –
лауазым –                    еңбексүйгіш – 
 
қарапайым –               ғұлама –
әдейі –                         жансақ –     
асқан – 
                еске алайық – 
2-деңгей.
1.  Көп  нүктенің  орынына  қажетті  сөздерді  қойып, 
сөйлемдерді көшір.
Қаныш Имантайұлы  ірі мемлекет және қоғам қайраткері  
...  . Оның ерекше қасиеті – студенттік шағынан ... өмірінің 
соңғы  күндеріне  дейін    -    қарапайымдылық,  ...,  адамдарға 
сергек ..., қолынан келген көмегін ... .
Керекті  сөздер:  аямау  еді,  қарау,  бастап,  болған, 
кішіпейілділік. 
3-деңгей.
3.  Сөйлемдерді  көшіріп  жазып,  бастауыш  пен    баян-
дауышты табыңдар.
«Бұлар  –  кең-байтақ  Қазақстан  жерінің  түкпір-түкпірі-           
нен  келгендер.  Халқымыздың  қымбатты  асыл  дәстүріне 

71
(үлкенді сыйлау, әдептілік, кішіпейілділік, т.б.) бөленіп өскен 
нәзік  жанды  балалар  ғой.  Олардың  көңілдерін  қалдырып, 
сағын сындыра көрме. Кемшіліктерін көбіне сөзбен айтпай, 
қас-қабағыңмен,  көзқарасыңмен  білдіргейсің.  Сен  кепкен 
нан  тәрізді  қатты  болма.  Сенің  алдың  кең,  оларға  өте 
қайырымды  туған  апасындай  болғаның  жөн,  қарағым»,- 
дейтін еді асыл Аға.
3 топ.
1-деңгей.
1. Синоним сөздерді көшіріп алып, жаттаңдар.
сарп етеді –  
            қадірлі – 
күшін – 
 
            жұмсау – 
 
жылы шыраймен –         
бәрі –
әрқашан –   
             жәрдем –                            
сыпайыгершілік –                оқымысты –    
түнеу –                
 
санаушы –
аяз – 
 
 
создым – 
 
сабақ – 
2-деңгей.
2.  Көп  нүктенің  орынына  тиісті  сөздерді  қойып  жазың-
дар.
1. Керекуге жақында барып ... . 2. Сізге сәлем ... . 3.  Сізге 
әдейі барып ... сәлемімді тапсыр деп еді. 4. Мен екі қолымды 
... . 5. ... отырған орнынан түрегелді. 6. Мен қысып алып ... . 
7. ... тұрмысы қалай екен? 8. ... кезде отыздар шамасында еді. 
9. ... бестемін дейді. 
Керекті сөздер: жетпіс, бізге сабақ берген, денсаулығы, 
жібермеймін, Қанекең, бірдей создым, қолын қысып, айтып 
еді, қайтып едім.
3-деңгей.
2.  Сөйлемдерді  көшіріп  жазып,  бастауыш  пен    баян-
дауышты табыңдар.

72
Қаныш  Сәтбаев  –  Томск  технологиялық  институтында 
білім алған жас қазақ инженері.
Бұл  жинаққа  әуен  мен  саз  саласы  жайында  өте  бағалы 
хабарлама  жасаған.  Сонымен  бірге  ән  мәтіндерін  берген.  
Олардың    орысша  аудармасын  жасаған  тамаша  білгір  де. 
Баянауыл әндерінің жақсы орындаушысы  болған. Біреулер 
адал  еңбегімен  елінің  байлығын  көбейтеді.  Біреулер 
даналығымен  елінің  ынтымағын  біріктіреді.  Қаныштың 
ғылым арқылы халқына сіңірген еңбегі ұшан-теңіз.
Қаныш  тапқан  қара  тас
Ғұлама  ғалым  Қаныш  Сәтбаевтың  ғылымға  қосқан 
жаңалығы қомақты да жан-жақты. Тек геология саласында 
ғана емес, әдебиет, тарих, археология, типология, өнертану 
салаларында да қосқан үлесі орасан.
Соның  бір  дәлелі,  20-жылдардың  басында  Томск 
университетін  бітіріп  келген  жас  ғалым  Орталық 
Қазақстанның  кен  қорларын  зерттеп,  Ұлытаудағы 
археологиялық  мұраларды  жинастырды.  Тастағы  көне 
таңбалардың  сырын  ашып,  Алашахан,  Жошы  кесенелерін 
тарихи  мұра  ретінде  қор  қажеттігін  мемлекет  алдына 
міндет етіп қояды. Едіге тауының басындағы батырдың ел 
аузында аты аңызға айналған бейітіне көтеріледі.
Тау  ішіндегі  Ақсақ  Темір  сарбаздарына  қару  жасап, 
болат балқытқан орынды табады. Соның орыны әлі күнге 
сақталған. Дәл осы жерден бетіне араб әрпімен жазылған 
белгісі  бар  қара  тасты  кездестіреді.  Бұл  жәдігерде  Әмір 
Темірдің  1392  жылы  Тоқтамысқа  қарсы  жорығы  кезінде 
Ұлытауға келіп тоқтағаны айтылады.
Қаныш  Сәтбаев  қара  тасты  тапқан  кезде  Қазақстан 
қалаларында  тарихи  мұражайлар  болмағандықтан,  өгіз 
жеккен арбаға мініп, оны Қызылордаға әкеледі.

73
Қаныш  Сәтбаев  мұны  Ресейдегі  құнды  мұралар 
жинақталған Эрмитажға жолдайды.
Өмірсейіт Шәріптегі, Жоғары мектеп үздігі,
Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының иегері.
ИНСЕРТ      кестесін    толтыру.
Мен білемін
Мен үшін 
жаңалық
Мені таң 
қалдырды
1.    Мәтіннің  мазмұны  бойынша  «Қаныш  аға  қандай 
адам?» деген сұраққа жауап жазыңдар.
Қажетті сөздер: адам болу керек, өзі үшін емес, халық 
үшін,  адамзат  үшін,  сарп  етеді,  барлық  күшін,  жігерін, 
ақылын, жұмсап кеткен адам, адам үшін, бірдей қарайтын, 
бірдей  адам  болатын,  жылы  шыраймен  қабылдап,  қандай 
ортада,  жәрдемін  беретін,  қолынан  келген,  жастарға, 
қайталар едім, ғұлама ғалым, үлкен ойшыл, өте қарапайым, 
мәңгі жасамақ.
2. Екі бағанға бөлініп берілген сөздерді жұптап, сөйлем 
құрап, көшіріңдер.
Томскіде білім алды 
 
Қаныш жасады
бұл жинаққа бағалы 
 
білгір адам еді
сонымен бірге ол   
 
жақсы орындаушысы
әндердің орысша аудармасын 
ән мәтіндерін берді
ол тамаша   
 
 
хабарламалар енді
Қаныш баянауыл әндерінің  
Қаныш Сәтбаев

74
Ақбаян КӨПТІЛЕУҚЫЗЫ,
Алматы облысының
Іле ауданындағы
№19 орта мектептің
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
ЗАТ ЕСІМНІң СЕПТІК 
ЖАЛҒАУЛАРЫ
(6-сынып)
Мақсаты:  қазақ  тілін  оқытудың  оңтайлы  әдістерін 
қолдана отырып, зат есімнің септік жалғауларын меңгерту.
Міндеттері: 
1. Суреттер  арқылы септіктердің жалғауларын үйрету.
2.  Ой  шақыру  стратегияларын  қолдана  отырып, 
практикалық тапсырмаларды орындату.
3. Лексика-грамматикалық тапсырмаларды талдау, жинақ-
тау  негізінде  мемлекеттік  тілге  деген  қызығушылығын 
арттыру.
Типі:  жаңа  сабақ.  Түрі:  кіріктірілген,  практикалық. 
Нысандары:  жеке,  ұжымдық  (оқушылардың  жауабы 
жетонмен  бағаланады).  Көрнекілігі  мен  техникалық 
құралдар: септік жалғауларын үйретудің оңтайлы әдістері 
(сурет арқылы септік жалғауларын үйрету) кесте, киіз үйдің 
суреттері, жетондар. Танымдық материалдар: Қазақстанға 
шолу, слайдтар, ф.ғ.д. К.Ы.Сариеваның  қазақ тілін оқыту-
дың оңтайлы әдістері картасы.
Сабақтың барысы:

75
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың  мақсатын  оқушылармен  бірлесе  отырып 
анықтау.
-  Қазақ  тілі  сабағының  қандай  болып  өткенін  
қалайсыңдар?
- Қазақ тілі сабағында қандай жұмыс түрлері ұнайды?
Фонетикалық жаттығу:
- Қазақ елінің рәміздерін атаңдар.
- Тудың авторы кім?
- Елтаңбаның авторлары кімдер?
- Рәміздеріміз қай жылы қабылданды?
ІІ. Жан-жақты бекіту.
Лексикалық  тапсырма:  оқушылар  туды,  елтаңбаны 
қорғайды (практиалық жұмыс).
Грамматикалық тапсырма: жалқы есім, жалпы есімдерді 
ойын түрінде бекіту (оң қол, сол қол ойыны).
Абай, Құрманғазы, мұхит, Ажар, Каспий теңізі, гүл, дәрі, 
№19 орта мектеп, Астана, домбыра, су. т.б.
ІІІ. Жаңа сабаққа дайындық.
Зат есімнің жалғаулары.
1. Көптік.         2. Жіктік.       3. Тәуелдік.      4. Септік.
IV. Жаңа сабақ. Тақтада екі ауыл орналасқан: септіктер 
ауылы мен жалғаулар ауылы. Ауылдың ақыл айтар ақсақалы 
болады, Атау атаны тыңдау.
Атау септік кім? не?  
Ілік септік кім+ нің? не? + нің?
Барыс септік кім+ге? не? + ге?қайда?
Табыс септік кім+ді? не? +ні?
Жатыс септік кім+де? не? +де?қайда? 
Шығыс септік кім+нен? не?+ден?қайдан?
Көмектес септік кім+мен? не? +мен?

76
Сурет арқылы септік жалғауларын үйрету.
Оқушыларға  суретті  кестелер  таратылып  беріледі. 
Грамматикалық көрсеткіштерін жалғай отырып  септіктерге 
сөйлем құрайды.
V. Тексеру.
Септіктер ауылына саяхат 
Септіктер ауылына барған оқушы  септіктің сұрақтарын 
айтады,  жалғауларын    табады.  Тапсырмаларды  орындауға 
жалғаулар  ауылына  барады.
Жалғаулар  ауылының  тапсырмалары:  Оқушылар 
септіктердің тапсырмалары бар қима қағазды алып, жоғарғы 
ұяшықтан  көп  нүктенің  орынына  қоятын  жалғауларын           
тиісті орынына орналастырады.
-ның, -нің, -дың, -дің, -тың, -тің 
Абай... кітабы                          Асан... бөлмесі
Пышақ... жүзі                          Көше... ұзындығы
- ға, -ге, -қа, -ке, -на, -не, -а, -е 
Қала... барамын.                      Ол көше... шықты.
Анам... гүл сыйладым.            Мектеп... келді.
-ны, -ні,  -ды, -ді, -ты, -ті
Досым... көрдім                      Әжем... шығарып салдым.
Қалам... орынына қойдым.    Нан... турадым.
-да, -де, -та, -те, -нда, -нде              
Парта... кітап жатыр.              Үстел... гүл тұр.
Сынып... оқушылар отыр        Астана... көрікті жерлер көп. 
- нан, - нен, - дан, - ден, - тан, - тен
Жақсы... үйрен.                       Жаман... жирен.    
Марат үй... шықты.                   Алматы... Астанаға ұшамын. 
-мен, -бен, -пен 
Сабаққа досым... бірге барамын.

77
Мұғалім жоспар... таныстырды.
 Әкем қонақ... сөйлесті.
VI.  Бекіту.  Оқушылар  тақтада  кесте  бойынша  берілген 
тапсырмаларды  дәптерлеріне орындайды.
Тапсырма:  Сөйлемдегі  септік  жалғаулы  сөздерге 
сұрақтардың реттік нөмірін қояды. Мысалы: 1. Досым келді. 
2. Әкемнен хат алдым.
1
2
3
4
5
6
7
кім?
кімнің?
-ның, 
-нің, 
-дың, 
-дің, 
-тың, 
-тің
кімге?
-ға, 
-ге, 
-қа, 
-ке
кімді?
-ды, 
-ді, 
-ты, 
-ті
кімде?
-да, 
-де, 
-та, 
-те
кімнен?
-нан, 
-нен, 
-дан, 
-ден, 
-тан, 
-тен
кіммен?
-мен, 
-бен, 
-пен
1. Досым келді.
2.  Бұл Болаттың досы.
3   Әкемнен хат алдым.
4.  Мұғаліммен бірге мұражайға бардық.
5.  Мен кітапханашыдан кітап алдым.
6.  Балалар маған алғыс айтты.
7.   Мен құрбымды қарсы алдым.
8.   Ол бізге кітап оқып берді.
9.   Ғалымға тың ой керек.
9.   Кеше бір баламен таныстым.
10. Дәрігер адамды емдейді.
Қорыту: Сабақта Не білдім? Не үйрендім?  Не білемін?
VI. Үйге тапсырма: 56-беттегі ережені жаттап, әр оқушы 
өз атын септеп келуі тиіс. 
Бағалау.

78
Ақжарқын ӨМІРБАЕВА,
М.Мақатаев атындағы 
№14 мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Тараз қаласы.
САН ЕСІМНЕН ӨТКЕНДІ 
ҚАЙТАЛАУ
(6-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  сан  есім    тарауы 
бойынша    алған  білімдерін  тиянақтау,  олардың  құрамын 
және  мағыналық  түрлерін  ажырата  білуге  үйрету; 
дамытушылық  –  тілдік  тапсырмалар  беру  арқылы  ой 
қорытуға  дағдыландыру,  танымын  кеңейту,  өз  пікірлерін 
еркін айтуға төселдіру, ойлау қабілетін арттыру; тәрбиелік 
  талдауға  алынған  мысалдар,  мәтіндер  арқылы  ұлттық 
дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.
Түрі:  қайталау.  Әдісі:  талдау,  сұрақ-жауап,  іздендіру. 
Көрнекілігі:  перфокарта,  семантикалық  карта,  мақал-
мәтелдер.  Пәнаралық  байланыс:  әдебиет,  математика, 
тарих.
Сабақтың барысы.
I. Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын «Санамақ» ретімен 
үш  топқа  бөліп,  топтарға  «Ондықтар»,  «Жүздіктер», 
«Мыңдықтар» деп ат қойылады.
Қызығушылықты  ояту  мақсатында  «3»,  «7»,  «40» 
қандай  сандар  деген  сұрақ  қойып,  оларға  жауап  алу. 
Осы  сандарға  байланысты  қазақ  тұрмысында  кездесетін 
ырымдық нышандар жайлы түсінік беру.
II. Үй жұмысын тексеру.

79
Ізденіс  кезеңі.  Сан  есімнің  емлесі.  181-жаттығуды 
тексеру мақсатында үш топқа да перфокарталар таратылады. 
Перфокарталар үлгісі
Сан есімдер
Дара 
Күрделі 
екі
бір
төртеуден-бесеуден
қырық
жүз елудей
елу шамалы
екі жүздей
үш мың
жеті мың
жүз елу
бір-екі жүз
III.  Оқулықпен  жұмыс:  182-жаттығу.  Берілген  есептік 
сан  есімдерден  реттік,  топтау,  жинақтық,  болжалдық  сан 
есімдер жасап, сөзбен жазыңдар.
5, 7, 3, 20, 180, 1000, 34, 71, 82, 120.
«Ондықтар»  тобы  –  реттік,  жинақтық  сан  есімдерді; 
«Жүздіктер» тобы – топтау сан есімдерді; «Мыңдықтар» 
тобы – болжалдық сан есімдерді қамтыды.
IV. Мүмкіндік деңгей тапсырмалары.
Мәтінмен жұмыс.
а) «Ондықтар» тобы. Берілген мәтіндегі сан есімдерді 
тауып,  оларды  өздері  тіркескен  сөздермен  көшіріп  жазып, 
тапқан сан есімдерді құрамына қарай талдаңдар.
Тақырыбы: «Тайқазан».
б)  «Жүздіктер»  тобы.  Мәтіндегі  сан  есімдерді  тауып 
жазып, мағынасын түсіндіріп көріңдер.
Тақырыбы: «Жақсы мен жаман»
в)  «  Мыңдықтар»  тобы.  Мәтін  туралы  өз  ойларыңды 
қысқаша баяндаңдар, сан есімдерді тауып, жасалу жолына 
қарай талдаңдар.
Тақырыбы: «Екі соқа».

80
Міндетті  деңгей  тапсырмалары.  Қима  қағазбен 
жұмыс.
а)  «Ондықтар»  тобы.  Жұмбақтағы  сан  есімдердің 
мағынасын  түсіндіре  отырып,  жасалу  жолына  қарай 
талдаңдар,  сөйлемдегі  орыны,  қызметі  туралы  ойларыңды 
дәлелдеңдер.
Бір ақынның атында
Екі түбір, төрт буын.
Төртеуі де бітеу буын.
Мұны тауып тездетіп
Айтар екен кім бұрын? (Сұлтанмахмұт)
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет