Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі


Использованные литературы



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет4/9
Дата07.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Использованные литературы:
1. А.Дистервег. Избр. пед. соч. М., 1956. 
2. Педагогика / Под ред. В.А.Сластенина. М., 1997.
3. К.Д.Ушинский. Собр. соч. Т. 11. М., 1952.
4. Е.А.Ганин. Педагогические условия использования 
современных      информационных  и  коммуникационных 
технологий для самообразования учителей: ИТО, 2003.
5.  Многомерные  компетенции  в  профессиональном 
становлении специалиста http:// old.nmi.su/ lib/ exe/ fetch.
php/ konf: didaktika - 2011: razdel_5.pdf.
6.  Концепция  непрерывного  педагогического  образо-
вания  педагога  новой  формации  Республики  Казахстан. 
Министерство  образования  и  науки  РК.  Астана,  2005//
Казахстанская правда. 2005, 18 август.
7.  Б.С.Смаилова.  Самообразование,  самоанализ  и 
самопроектирование деятельности как основа повышения 
профессионализма педагога. http: /goo.kz/
8.  Психолого-педагогические  основы  самосовер-
шенствования специалиста http: // www.library.ru/

48
Мұғалім мінбесі
Рая БАЙЖАНОВА,
Алматы қаласындағы
№5 мектеп-гимназияның
қазақ тілі пәнінің мұғалімі.
      
БҮГІНГІ КҮННІң ТАЛАБЫ – 
БІЛІМДІ ҰРПАҚ ТӘРБИЕЛЕУ
Әлемдік білім беру жүйесі  ХХI  ғасырда   жаңа,  тың  
бағытта  дами  бастады.  Ал  қоғамымыздағы    мұғалім 
алдында  тұрған  міндет  –  сапалы,  саналы,  тәрбиелі, 
экономикалық 
ойлауы 
дамыған, 
инновациялық 
технологияларды 
меңгерген, 
жалпы 
адамзаттық 
құндылықты  меңгеруде  шығармашылығы,  іскерлігі  мен 
дағдысы  қалыптасқан,  бәсекеге  қабілетті  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру екені белгілі.
Қазақстан  Республикасының  этно-мәдени  білім  беру 
тұжырымдамасында да: «Бізге қажетті – жаны да, қаны да 
қазақ, халықтың тілі мен дінін, тарихы мен салт-дәстүрін 
бойына  сіңірген,туған  жерін  түлетуі,  егеменді  елінің 
еңсесін  көтеруді  азаматтық  парызым  деп  ұғатын  ұрпақ 
тәрбиелеу» дегенді де Елбасымыз айтқан еді.
Пәннің  негізгі  мақсаты  –  мектеп  оқушыларын  
қазақ  тілінде  сөйлеп, жаза  білетін  дәрежеге  жеткізу, 
қазақ  халқының    әдет-ғұрпын,  тарихын    танып-білуге 
талпындырып, тілін құрметтеуге  тәрбиелеу. Мұның  өзі 
– 
оқушыларға интернационалдық,   патриоттық    тәрбие 

49
беру жұмысына  да тікелей  байланысты . Бұл  мақсатқа  
жетуде  оқыту  үрдісін барынша қолайлы етудің маңызы  
зор,  өйткені  ол    сабақтың    білімділік,  тәрбиелік  және  
дамытушылық  міндеттерін    кешенді    жүзеге    асыруды  
көздейді. Олай  болса, бұл талаптар  күнтізбелік   жоспарда  
айқын  бейнеленуі  қажет. Ол  үшін  әр  сабақты  көркем  
жасалған көрнекілікпен  және дидактикалық  қызғылықты  
мысалдармен  қамтамасыз  ету  керек. Бұл орайда  қазақ  
тілі    кабинетінің    маңызы    зор.    Көрнекті      құралдар 
оқушылардың  сабаққа  ынтасын арттыруға  елеулі  әсерін  
тигізіп  келеді,  ал  дұрыс   жабдықталған  кабинет  даярлық  
жұмысын  жеңілдетеді. 
Мектептің  өзекті  тақырыбынан    туындайтын  міндет-
терді  орындауда  мұғалімдер  жаңашыл  педагогтардың  
технологияларын, еңбектерін оқып-үйрену, тәжірибелерін 
іс  жүзінде  қолдану  ісі  алға  қойылып  отыр.  Атап 
айтқанда,  Н.Оразахынованың  «Сатылай  кешенді 
талдау», А.Шаталовтың «Тірек сигналдарын пайдалану», 
Ж.Қараевтың  «Деңгейлеп  оқыту»  әдістемелік  техноло-
гияларын оқу-тәрбие үрдісінде қолданып жүрміз.
Шығармашылық  дегеніміздің  өзі  –  ізденімпаздық. 
Абай  атамыз:
«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,
Ақылың мен қайратың екі жақтап»,

 демей ме?
Ендеше,  оқушы  да,  ұстаз  да  өзіне  сеніп,  жаңа 
технологиялық    ізденіс  үстінде  болуы  керек.  Менің 
көмекші құралым 
– 
тірек сызбасы. 
Ол  оқушының  жете  меңгермеген  тақырыбына 
көңіл  бөлуге,    өзіндік  ой  қорытуына  көп  ықпал  етеді, 
батылдандырады.   

50
Қазақша  оқуға  үйрету    қазақ  тіліне  ғана  тән  тоғыз 
дыбысты    және    олардың    әріптерін    таныстырудан  
басталды.  Мәтінді    түсіндіріп      оқуды  бірінші    кезекке 
қойып,  оқушылардың      ауызша    сөйлеуін    дамытуға  
арналған  жаттығуларды  көбірек  орындатып отырған өте 
тиімді.
Белгілі  бір  әріпті  өткенде  оны  сөз  ішінде келтіріп, 
жеке  бөліп  айтып,  оқып  түсіндіру  керек.
Мысалы, оқушыәліппеқағаз, ұшқыш, гүл, көз  сөздерін  
тақтаға    жазып,  оқушыларға    бұл    сөздерде    кездесетін  
жаңа  әріптерді  таныстырамын. Алдымен  өзім  бір оқып  
беремін  де,    іле    өздеріне    оқытамын.  Кейіннен    бірігіп  
хормен    оқиды.Содан    кейін    жатқа    немесе    көшіріп  
жазу      жұмысын    орындатамын.  Қазақ    ақындардың   
өлең  жолдарын,  күнделікті  баспасөз  материалдарынан  
алынған  сөйлемдерді  дауыстап  оқып  беріп, олардағы  
қазақ    тіліне    тән  дыбыстарды    есту    қабілетіне,    жас  
ерекшелігіне    қарай    оқушыларды    үш    топқа    бөліп, 
тапсырмаларды түрлендіріп  отырамын. 
Сабақтағы  аударма,  қайталау  жұмыстарына  орыс 
тіліндегі өлеңдерді де қолдануға болады. 
Мысалы, «Маша моет куклу», «Друг мой солнышко» 
өлеңдерін былайша пайдаландым. 
Өлеңдерді  мәнерлеп  оқып  шығып,  «Осы  өлең 
жолдарындағы  біз  үйренген    қазақ  сөздерінің  баламасы 
бар  ма,  болса  ол  қандай  сөздер»  деген  сұрақ  қойдым. 
Оқушылар  өлеңде  кездесетін 
сегодня,  мыло,  вода, 
полотенце ,солнце  сөздерін тауып, олардың қазақ тіліндегі 
баламасын  айтады,  сөйлемдер  құрастырады.  Мысалы
Маша орамал алды. Ол көйлегін жуды. Ойын-сөздіктерді 
пайдаланамын.      

51
Мысалы,  белка-тиын,  работа-жұмыс,  одежда-киім, 
серебро-күміс, нет-жоқ, лицо-бет. 
Қай  тілде  болса  да,  оның  ішінде  қазақ  тілінде  де 
дұрыс оқуды үнемі жаттығып отырғанда ғана ойдағыдай 
меңгеруге болатыны тәжірибеде дәлелденген.
Мұғалім, әрине, өз пәнінің өміртанушылық, тәрбиелік 
мүмкіндіктерін  де  жан-жақты  ойластыруға  міндетті. 
Оқушылардың  дербестігін,  өзіне-өзі  сенімділігін,  зейін-
ділігін,  тапқырлығын  қалыптастыру  оқу    үрдісінде  жү-
зеге асырылатын тәрбие жұмысына тікелей байланысты. 
Ал бұл істе мәтінмен жұмыстың орыны ерекше. Өйткені 
тәрбиенің  қай  түрі  де  сол  мәтіннің  мазмұнын  ашып, 
мәнін  ұғындыруға  құрылады.  Сол  негізінде  балалардың 
дүниеге,  қоғамға,  айналадағы  ортаға  көзқарасы,  өмірлік 
бағдары  қалыптасады.  Сабақ  барысында  оқытушы  бұл 
жәйіттерді үнемі жадында ұстауы керек. Сонымен бірге 
тәрбие  жұмысын  оқулық  материалдарымен  ғана  шектеп 
қоюға  болмайды.  Бұл  жағынан  дұрыс  таңдап  алынған 
түрлі  мақал,  суреттер,  ғылыми-көпшілік  кітапшалардың 
берері  көп.  Көркемөнер  туындылары  (сурет,  мүсін, 
әуен)  назардан  тыс  қалмауы  тиіс.  Бұл 
– 
бір  жағынан, 
оқушылардың  қазақ  өнері  туындылары  жөніндегі 
түсінігін  тереңдетіп,  халықтың  өткені  мен  бүгінгісін 
танып-білуге,  эстетикалық  сезімдерін  тәрбиелеуде  өте 
тиімді  құрал  болса,  екінші  жағынан,  оның  мазмұнын 
әңгімелету,  сөйлемдер  құрастыру,  тілге  жаттықтырудың 
нәтижелі жолы.
Оқушылардың  білуге  ынтасын  оқу  үрдісінде 
үздіксіз  дамытып,  алған  білімдерін  тәжірибеде 
қолдану  дағдыларын  қалыптастыру  үшін  сабаққа  ойын 
элементтерін  кірістіріп  отырудың  рөлі  ерекше.  Жаңа 

52
тақырыпты түсіндіру, өткенді қайталау кезінде (5-7мин), 
«Қай әріпті жоғалттым?»,  «Үндемес», «Жұмбақ шешу», 
«Қарлы  кесек»,  «Мәтін  бөліктері»,  «Даналық  ағашы» 
«Брейн ринг», «Жарыс», т.б. грамматикалық ойындарды 
қолданамын. Сабақ үстінде шынықтыру ойыны өткізілді. 
Оған  оқушыларды  түгел  қатыстырып,  мазмұн  ырғағы 
үйлесетін шағын өлендерді жаттауға болады. Сыныптан 
тыс жұмыста тіл дамытуға баса назар аударылды. Мұндай 
жұмыстардың  түрі  көп.  Мысалы,  сыныптан  тыс  оқу, 
қазақ  тілі  үйірмесі,  мәнерлеп  оқу,  әдебиеттік  үйірме, 
тақырыптық  кеш,  экскурсия,  мәдени  орындарға  саяхат, 
қазақ тілі апталығы, т.б.
Cоңғы  жылдары  көркем  сөз,  оқушылар  сайысы,  жас 
суретшілер көрмесі, сыныпаралық жұмыстар, альбомдар, 
көрнекі  құралдар  жасау  сайысы  сияқты  шараларды  
өткізіп жүрмін.
Оқушыларды одан әрі ынталандыра түсу үшін сайыс 
жеңімпаздарын  көп  алдында  мадақтап,  сыйлықтар 
беріледі.
Жетінші  сынып  оқушылары  арасында  өтетін  «Сен 
білесің бе?» сайысы тілдік шеңберде қалмай, оқушылар-
дың  Қазақстан  тарихы,  өнері,  мәдениеті,  әдебиеті 
жөніндегі білім-мағлұмат сайысы болады.
«Еңбексіз  талант  –  тұл»  дегендей,  уақыт  көшінен 
қалмай,  өркениетті  елдермен  тереземіз  тең  болуы  үшін 
ұрпақ  алдындағы  борышымызды  естен  шығармайық. 
Қазақ  даласының  алғашқы  ағартушыларының  бірі, 
балалар  әдебиетінің  атасы  -  Ы.Алтынсарин  «Маған 
жақсы мұғалім өте қымбат, өйткені ол 
– 
мектептің жүрегі» 
деді емес пе?  Олай болса қазақ тілі пәнінің мұғалімі тек 
ізденгенде ғана жетістікке жете алады.

53
Әдістеме әлемінде: қазақ әдебиеті
Рита МҰХТАРҚЫЗЫ,
Астана қаласындағы 
№1 мектеп-лицейдің 
мұғалімі.
СӘКЕН СЕЙФУЛЛИН.                   
«АНАНЫң ХАТЫ»
(7-сынып)
Мақсаттары: С.Сейфуллинің «Ананың  хаты» өлеңінің 
идеясын ашып, рухани адамгершілік қағидаларымен танысу, 
өлеңді нақышына келтіре оқи отырып, негізгі түйінді таба 
білуге  дағдыландыру;  Ата-ана  алдында  баланың  қашан  да 
борышты  екенін  түсіндіруге  баулу;  Оқушылардың  қоғамға 
деген  өзіндік  көзқарасының  қалыптасуына  ықпал  ету,  өз 
ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл байлықтарын 
дамыту, өз бетімен ізденуге, ой қорытуға дағдыландыру.
Түрі:  аралас  сабақ.  Әдістер:  сұрақ-жауап,  сұхбаттасу, 
талдау.  Көрнекіліктер:  қанатты  сөздер,  мақал-мәтелдер,  
суреттер,  үнтаспа,  интерактивтік  тақта,  презентациялар. 
Пәнаралық байланыс: орыс тілі, қазақ тілі, қазақ әдебиеті.
Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі:
Психологиялық  дайындық  жасау.  Сабаққа  зейіндерін 
аудару.
Сабақтың тақырыбы мен мақсаттарымен таныстыру.
Сабақтың  эпиграфы:  Атақты  жазушы  Роллан 
Сейсенбаев Сәкен Сейфуллин туралы былай деген екен:
«Ол  өз  елін  сүйген.  Ол  нағыз  ақын  болған,  ал  нағыз 
ақынның халқы өмір сүрсе, ол да мәңгілік өмір сүреді».

54
Оның шығармалары ақынның атын өшпестей етіп отыр.
Сабақтың кезеңдерімен таныстыру:
1.  Түсіндірмелі-иллюстративті  оқыту  (үй  тапсыр-
масын қайталау).
2.  Жаңа  тақырып.  С.Сейфуллиннің    өмірбаяны, 
берілген шығармасымен танысу.
3. Кітаппен жұмыс.
4. Шығармашылық жұмыс.
5. Пікір алмасу.
6. Поэзия минуты.
7. Семантикалық картаны толтыру.
8. Ой қорыту.
Біз ХІХ-ХХ ғасырлардың   қандай ақын-жазушыларымен 
таныстық?
1) Аты-жөні.
2) Кім болған?
3) Өмір сүрген жылдары.
4) Шығармалары.
Мұғалімнің  сөзі:  -  Сәкен  (Сәдуақас)  Сейфоллаұлы  
туралы айтамыз. Үш бәйтеректің бірі – Сейфоллаұлы Сәкен 
– дара тұлға, әдебиетіміздің  аса көрнекті ақыны, сыршыл 
өлең сөздің бәйге бермес шабандозы.
Астана  қаласындағы    Сәкен  мұражайында  болып, 
ақынның  жеке  әлемімен танысқан оқушыларға сөз кезегін 
беру.
Ақынның  өмірбаянымен танысу.
Кітаппен  жұмыс:  мұғалімнің  оқуы,  іштей  оқу,  өлеңді 
дауыстап,  мәнерлеп оқу.
Сөздік жұмыс:
Уәж – совет, синонимі – кеңес;
Ұлық – начальник.
Шығармашылық   жұмыс.
І тапсырма. Өлеңнен тұрақты тіркестерді табыңыз.

55
ІІ тапсырма. Берілген сөздерге түсініктеме беріңіз.
Кем саулығым
Жауап қайыр
Ер жетіп
Мені күтті
ІІІ тапсырма. Сөздердің синонимін тауып жаз.
Ақыл
Қалжырадым
Ұлық
Туысқан
Тозды
Уайым
Қарамадың
Не істейін
Өлең құрылысына талдау.
–  Сонымен  қатар,  балалар,  Сәкеннің  анасының  хатына 
жауабы да бар екен.
Сол  хаттың    үзіндісін  тыңдап  көрейік.  Бұл    оқулықта 
берілмеген, қосымша материал.
Үзінді (үнтаспа арқылы тыңдау).
Ал,  енді  осы  екі  хаттың  негізінде  мынадай  сұрақтарға 
жауап берулеріңізді сұраймын. Аздаған пікірталас деуге де 
болады:
1.  Сағыныштан  сарғайған  ананың  таққан  кінәсін  қай 
шумақтан байқауға болады?
2. Кімді жақтайсыңдар?
Қазақта «Ана» тақырыбына арналған  өлең, әңгіме, дана 
сөздер де аз емес, ал енді мақал-мәтелдер  жағын айтсақ,   ол 
енді өте көп десек те болады,  «Кім көп біледі?» ойынын  
ойнайық.
Сәкен  Сейфуллин  –  лирик  ақын.  Оның  шығармалары 
алуан  түрлі  тақырыпта  жазылған.  Солардың  бірі  –  біздің 
мақтанышымыз,  бәрімізге  таныс,  жанымызға  жақын 

56
табиғаты тамаша  «Бурабай» өлкесі. Ал, енді, сәл тынығып, 
Жансаяның  орындауында    үзіндісін  тыңдап  көрелік. 
Бурабайдың табиғатын тамашаламаған жан жоқ шығар деп 
ойлаймын. Әрбір сөзіне көңіл бөліп, мұқият тыңдауларыңды 
сұраймын.
Поэзия минуты
–  Бүгінгі    талдаған  өлеңнің  негізгі  мазмұны  –  бала 
мен  ананың  арасындағы  сүйіспеншілік,  бір-біріне  деген  
сағыныш.
Сабағымызды  әрі  қарай  жалғастыра  отырып,  ана  мен 
баланың  арасындағы  қарым-қатынас  мәселесі  туралы  ой 
қозғайық.  Қазір  көрсететін  фильмнің    үзіндісіне  назар 
аударайық.
«Ананың  алақаны  әлемді  әлдилейді»  дегендей,  қай 
заманда  да  ана  бейнеті  ауыр.  Түн  ұйқысын  төрт  бөліп, 
асырап-бағып жеткізген ата - анасын жалғыз қалдыру қазақ 
тарихында  болмаған.  Өмірде  кездесіп  жататын  сондай 
келеңсіз жағдайлардан аулақ болып, ата-аналарының еңбегін 
бағалап,  мәңгілік  қамқорлық  жасап  өтуге  тиіс.  Себебі,  ана 
адамда  біреу  ғана,  оны  ешкім  де,  ештеңе  де  алмастыра 
алмайды.
Еркін Нұржановтың орындауында «Аяулы алақан» деген 
ән тыңдалып, шағын шығарма жазады.
Қазақстан Республикасының қоғамы  Сәкен  Сейфуллин-
нің аты өшпес үшін  қандай құрмет көрсетті?
Семантикалық картаны толтыру
Кімнің 
шығармасымен 
таныстық
Өлеңнің 
негізгі 
тақырыбы
Осы өлеңнең маған 
әсер еткен шумағы
Есіңде сақта!
- 1894 ж.     - 1938 ж.     - 1913 ж.     - 1914 ж.    - 1916 ж.
Үйге тапсырма: өлеңді жаттау. Бағалау.

57
Әдістеме әлемінде: қазақ тілі
Қаламқас ТОҒАСБАЕВА,
№9 жалпы білім беретін 
орта мектептің мұғалімі.
Семей қаласы.
ЕТІСТІКТІң ШАҚТАРЫНДА «НАН 
ДАСТАРХАНҒА ҚАЛАЙ КЕЛЕДІ?»
(5-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  оқушылардың 
шығармашылық  қабілетін  дамыту,  ізденіске  жетелеу, 
белсенділіктерін  оятып,  нанның  дастарқанға  қалай  келеті-
нін  түсіндіріп,  етістіктің  шақтарын  еске  түсіру,  меңгерту; 
дамытушылық  –  оқушыларды  мәтінді  зерттеп,  талқылау 
арқылы өз пікірін айта білуге үйрету, сөздік қорын байыту; 
тәрбиелік – адамдардың еңбегін бағалауға, оларға құрмет-
пен қарауға, елін, жерін сүюге, нанды қастерлеуге тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, диалог, 
топпен  жұмыс.  Көрнекілігі:  плакат,  суреттер,  сызбалар, 
Венн диаграммасы, кластер.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру  кезеңі:  оқушылардың  сабаққа  ынтасын, 
қызығушылығын  ояту,  сабақтың  тақырыбы  мен  мақсаты, 
міндеттерімен  таныстыру.  Кезекшінің  есеп  беруі. 
Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.
Үй  тапсырмасын  тексеру:  1.  Етістіктің  шақтарын 
қайталап, еске түсіру.
Мамандықтар мәтіні бойынша жұмыс. Мамандықтардың 
барлығы да адамға қажет. Әр мамандықтың өз ерекшелігі бар. 
Мысалы:  дәрігер  адамдарды  емдейді,  мұғалім  балаларды 
оқытады.  (Оқушылар  тақтаға  шығып,  рөлдік  ойындарын 
орындайды).

58
2. Венн диаграммасын толтырып, салыстыру. Етістіктің 
шақтарын бір топ екінші топқа сұрақ қою арқылы айтады.
II. 1. Жаңа сабақ. Сөздіктерді мәнерлеп оқып, аударады, 
сөз тіркестерін құрастырады.
Шашылу – рассыпаться;
Қызығу – любоваться;
Қай жақтан – откуда;
Нан жабу – выпекать хлеб;
Диірмен – мельница;
Тарту – молоть;
Наубайшы – пекарь;
Нан – хлеб.
2. – Олай болса, балалар, бүгінгі сабағымыздың тақыры-
бы – Етістіктің шақтарында «Нан дастарқанға қалай келеді?».
Диқандар көктемде жер жыртып, егін егеді. Егін жақсы 
шығу үшін көптеген адамдар еңбек етеді, күні-түні тынбай 
жұмыс жасайды. 
Содан  кейін  күзде  піскен  егінді  комбайнмен  жинайды, 
оны  элеваторға  тасиды,  себебі  элеваторда  астық  жақсы 
сақталады.
Одан кейін бидайды диірменге апарып, ұн тартады. Ұнды 
наубайханаға апарып, нан пісіріп шығарады. Наубайханадан 
нан  дүкенге  түседі.  Тұтынушы  дүкеннен  қалаған  нанын 
сатып алады.
Мәтінмен  жұмыс.  Мәтінді  үш  бөлікке  бөліп,  әр  топқа 
 
мұғалім 
дәрігер 
шаштараз 
заңгер 
наубайшы 
оқытады    
емдейді              
шаш қияды 
әділдік орнатады 
нан пісіреді 
ма-
ман-
дық 

59
оқытып, аудару. Мәтін бойынша суреттерге қарап әңгімелеу.
Мысалы:
  қашан жер жыртады?                          егеді?
                          қашан?          не?          піседі?
                          қашан?                          жинайды?
III. 1. Жаттығу бойынша жұмыс. Берілген етістіктерді үш 
шаққа қойып, жалғауларын жалғату.
Үлгі: Тұр+мын – нақ осы шақ
          Тұр+а+мын – келер шақ
          Тұр+ды+м – өткен шақ
Істеу, өсіру, тарту, алу, білу.
2. Рөлге бөліп оқыту, диалог
«Қайдан келдің, бауырсақ?»
3.  Нан  туралы  мақал  мен  нақыл  сөздерді  түсініп  оқып, 
есте сақтау.
А) Еңбектің наны – тәтті, Жалқаудың жаны – тәтті.
Ә) Нан – қасиетті тағам.
Б) Нанды қастерле!
В) Ас атасы – нан. 
Г) Нан дастарқанға еңбекпен келеді.
Сабақты бекіту кезеңі. Топтастыру стратегиясы бойынша 
кластер құрастыру.
                             көктемде жер жыртады
 
              элеватор                       егін егеді
 
         диірмен                                 суғарады                     
 
       наубайхана                                        жинайды
 
                дүкенде 
             тәтті тоқаш
 
                   сатады           дәмді нан
2. Бағалау (оқушылардың жұмысын бағалау).
3.Үйге тапсырма: 122-бет, 4 тапсырма, сөздікті жаттау.
 
 
НАН 
күзде 

60
Сабира БАКИРОВА,
№17 жалпы орта білім 
беретін мектептің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Қарағанды облысы,
 Саран қаласы.
ЕТІСТІКТІң РАЙ              
КАТЕГОРИЯСЫ
(7-сынып)
Сабақтың  мақсаты:  білімділік  –  өз  ойларын  шақ, 
жақ,  есімше,  көсемшенің  жұрнақтарын  пайдалана  отырып 
жеткізуге баулу; тәрбиелік – Мұқағали Мақатаевтың өмірі, 
шығармашылығымен таныстыру; дамытушылық – Мұқағали 
өлеңдерінің  мазмұнына  үңіле  отырып,    қазақ  поэзиясына 
деген қызығушылықтарын ояту.
Түрі: аралас сабақ. 
Көрнекіліктер: 
1. Етістіктің рай категориясы жазылған сызба.
2. «Мұқағали Мақатаев» слайд.
3.  Мұқағали  Мақатаевтың  өмірі,  шығармашылығы 
туралы кластер.
4. Мұқағали Мақатаевтың поэзиясынан үзінділер.
Сабақтың барысы.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
ІІ. Өткенді қайталау.
1. Үй тапсырмасын тексеру. 72-бет, 4,5-жаттығулар.
2. Етістіктің категорияларын қайталау.
- Қазақ тілінде қандай сөз таптары бар?
- Етістік заттың несін білдіреді?
- Етістіктің сұрақтарын атаңдар.

61
-  Етістіктің  қандай  категорияларын  білесіңдер?  (жақ, 
шақ, есімше, көсемше, етіс)
 
а) Етістіктің шақ категориясы нені білдіреді, олар қалай 
бөлінеді?
Етістіктің 
шақтарын 
компьютерден 
сызбаларды 
пайдалана отырып қайталау және мысалдар келтіру
- Есімшенің жасалу жолдары:
 
Етістік 
 
етістік
 
етістік
 
етістік
 
етістік
 
етістік
 
 
Етістіктің шақтары 
Осы шақ 
Өткен шақ 
Келер шақ 
 
Болжалды 
к.ш.есімше 
-ар, -ер, -р; 
 
Мақ, есімше 
-мақ, -мек, 
-бақ, - бек, 
-пақ, -пек 
Ауыспалы 
ө.ш.есімше 
-атын, -етін, 
-йтын, -йтін 
Өткен шақ 
есімше 
-ған, -ген, 
-қан, - кен; 
 
Есімше 

62
- Көсемшенің жасалу жолдары:
-  Қазақ  тілінде  неше  етіс  категориясы  бар,  олар  қалай 
жасалады?
(Етістіктің  категорияларын,  жасалу  жолдарымен 
қайталап, мысалдар келтіру)
ІІІ. Жаңа сабақ. 1. Етістіктің райлары. Мысалдар арқылы 
түсіндіріп,  әр  сөйлемнің  мағынасын  ашу.  Мысалы:  Мен 
кітап оқығым келеді (айтушының тілегін, қалауын білдіреді 
– қалау рай). Ол кітап оқысын (өтініш, бұйрықты білдіреді – 
бұйрық рай).
 
Ауыспалы 
к.ш.көсемше  
-а, -е, -й 
Көсемше  
-ғалы, -гелі, 
-қалы, -келі 
Субьективті 
ө.ш.көсемше 
-ып, -іп, -п 
Көсемше 
 
Ырықсыз 
етіс 
-ыл, -іл, -л, 
-ын, -ін, -н 
 
 
Өзгелік етіс 
-ғыз, -гіз, -
қыз, -кіз, 
-дыр, -дір, -
тыр, -тір, -т  
Ортақ 
етіс 
-ыс, -іс, -с 
Өздік етіс 
-ын, -ін, -н 
 
Етіс 

63
Мен кітап оқысам (шартты білдіреді – шартты рай), т.б. 
мысалдар келтіру. Оқушылардың тілегін қатыстыра отырып, 
сөйлемдер құрату. (Мен кім болғым келеді? Бос уақытымды 
қалай өткізгім келеді? Анама не сыйлағым келеді? Сыныптас 
достарыма не тілегім келеді?
2. Мына сөз тіркестерін қалау рай тұлғасында жаз:
Айтып  келдім  –  айтқым  келеді  (І  жақ,  нақтылы  өткен  
шақ, қалау рай)
Күлкісі келді – күлкің келген (ІІ жақ, нәтижелі өткен шақ, 
қалау рай)
Ойнап  кел  –  ойнағысы  келер  (ІІІ  жақ,  болжалды  келер 
шақ, қалау рай)
3.  Оқушылар  кластер  бойынша  қысқаша  әңгіме 
құрастырады.
 
Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет