Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі


Ол  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет2/9
Дата07.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Ол  –  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік 
жалпыға  міндетті  орта  білім  стандарттары  талаптары 
деңгейінде  үш  тілде  білім  меңгерген,  көптілді 
коммуникативтік  құзырлылықтары  қалыптасқан,  көп 
мәдениетті,  рухани-адамгершілік  қасиеттері  дамыған 
тұлғаны тәрбиелеу.
Қазақ тілін оқу құралы ретінде пайдалану:
Әр түрлі пәндерді қазақ тілінде оқыту;
Аудармасыз оқыту;
Көптілді   оқытуда    мектеп,    отбасы,   педагогикалық   
ұжым    мен жұртшылықтың ынтымақтастығы;
Тіл  меңгеру  және  мемлекеттік  білім  стандарттары 
деңгейінде;
Оқытудың   жеке,   жұптық,   топтық   және   ұжымдық   
формаларын біріктіру;
Бір тіл ұстанымы.
Әлемдік білім берудің іс-тәжірибесі негізінде де (АҚШ, 
Франция,  Англия,  Германия  елдерінде)  мемлекеттік  тілді 
білу арқылы жүзеге асыру басшылыққа алынады.
Қазақ  тілінің  өзге  ұлт  мектептерінде  оқытылуы  – 
мемлекеттік  тілдің  өркендеп  дамуына,  келешекте  ғылым 
тіліне  айналуына  жол  ашу  деген  сөз.  Мектебімізде  қазақ 
тілін  оқыту  бірнеше  жылдардан  бері  төмендегідей  арнайы   
ережелерді   басшылыққа   ала   отырып,   кезең-кезеңмен   
жүзеге асырылып келеді:
- пәннің    білім    мазмұнын    анықтау.    Дамытушылық    
ұстанымдарын  басшылыққа  алып,  оқуға  пайдаланатын 
материалды нақтылау; 
-  оқу-тәрбие  үрдісінің  оқушылардың  жас  және  жеке 
дербес ерекшелігі мен қажеттілігіне қарай құрылуы;
-  бағдарлама  оқушыға  қиындық  туғызбау  үшін  оны 
шамадан тыс толықтырып, күрделендірмеу;

16
-  оқушылардың  негізгі  бағдарлама  мазмұнын  жоғары 
деңгейде меңгеруі; 
-  бүкіл  оқуда  әр  түрлі  қолжазба  материалдарымен, 
қосымша  әдебиеттермен,  электрондық  оқу  құралдарымен 
толықтырып отыру; 
-  оқушының  өз  бетінше  жұмыс  істеуіне,  ой-өрісін 
кеңейтуіне мән беру; 
-  жыл  бойы  білім  дәрежесін  үздіксіз  тексеріп, 
диагностикалық талдау жүргізу;
- қазақ тілі пәнінен оқыту-әдістемелік кешендер әзірлеу, 
қазақ  тілі  пәнін  оқытудың  оқу-материалдық  базасын  
нығайту.
Мемлекеттік  тілді  осылайша  оқыту  өз  жемісін  беріп 
келеді.  Соның  нәтижесінде  мемлекеттік  тілдің  бәсекеге 
қабілеттілігін  арттыру,  оның  қолдану  аясын  кеңейту 
мақсатында  мектепте  көп  жұмыстар  қолға  алынған.  Атап 
айтқанда:
1) қазақ тілді ортаны қалыптастыру үшін аптаның жұма 
күні «қазақ тілі» күні деп белгіленіп, мектеп ұжымы сол күні 
тек  қазақ  тілінде  ғана  сөйлейді,  «Қазақ  тілін  үйренеміз!» 
үйірмесі жүргізіледі;
2)  мектепте  кейбір  пәндер  қазақ  тілінде  оқытылып 
келеді.  Мәселен,  дене  шынықтыру,  бейнелеу  өнері,  ән-
күй, технология сияқты пәндер екі тілде – қазақ және орыс 
тілдерінде өтеді. Сондай-ақ химия, физика, тарих, биология 
пәндері билингвалды негізде мемлекеттік тілде және өзбек, 
орыс тілдерінде өткізіледі.
3)  ата-аналар  мәжілісі,  педагогикалық  кеңестер, 
тәрбиелік іс-шаралар қазақ тілінде өткізіледі;
4)  оқушылар  мемлекеттік  тілді  дамыту  мақсатында 
өткізіліп  келе  жатқан  «Мемлекеттік  тіл  –  менің  тілім», 
«Мемлекеттік тілді білу – парызың», «Мен, өзге ұлт өкілі, 
мемлекеттік  тілде  бәсекелесе  аламын»  байқауларына 

17
қатысады.
Жуырда  мектебімізде  «Көп  тілді  және  жан-жақты 
мәдени дамыған тұлғаны қалыптастыру: міндеттері мен іске 
асыру  жолдары»  атты  халықаралық  ғылыми-практикалық 
конференция  өтті.  Мұнда  Еуропадағы  қауіпсіздік 
және  ынтымақтастық  ұйымының  саны  аз  ұлттар  істері 
жөніндегі  Жоғарғы  комиссары  өкілдерінің,  Қырғызстан 
облыстарындағы  өзбек,  ұйғыр  және  тәжік  тілдерінде 
оқытатын  мектеп  мұғалімдері  мен  басшыларының 
қатысуымен  көптілді  білім  беру  мәселелеріне  арналды. 
Мектеп  ұжымында  БО  мен  КО  бойынша  шығармашылық 
топ  құрылған.  Бұл  топ  мектеп,  оқушы,  ата-аналардың 
сұраныстары мен тілектерін ескере отырып, жұмыс жоспары 
мен мақсатын белгіледі.
Мектепте 1428 оқушы оқиды, 61 сынып бар.
10 сынып қазақ тілінде оқиды.
23 сынып орыс тілінде оқиды.
28 сынып өзбек тілінде оқиды.
Диаграммада  көрсетілгендей,  мектеп  оқушылары 
билингвалды  ортада  қалыптасуда,  қарапайым  күнделікті 
тілдік  қарым-қатынастан  бастап  екінші  мемлекеттік  және 
үшінші (орыс) тілге өту, оларды меңгеру – бағдарламаның 
негізгі  мақсаты.  Мектеп  мұғалімдері  билингвалды  және 
көптілді  оқыту  курсынан  өтіп,  ОҚО  мектептерінің 
тәжірибесімен  алмасуда.  Бұдан  шығатын  қорытынды: 
билингвалды  және  көптілді  оқыту  –  өмір  қажеттілігі  деп 

18
қарау керек.
Көптілді  және  билингвалды  білім  берудің  бейімделген 
үлгісін мектептің оқу-тәрбие үрдісіне енгізудің нәтижелерін 
сараптау,  сандық  және  сапалық  талдау  біздің  іс-
тәжірибеміздің тиімділігін дәлелдей түседі.
Біз БО және КО бойынша қандай нәтижеге жеттік?
-  мұғалімдер,  оқушылар  бұл  іске  белсене  ат  салысты 
(олимпиадалар,  байқаулар,  ғылыми  жоба  қорғаулары  екі 
тілде  жүргізілді,  оқушылар  қала  және  облыс  көлемінде 
қатысты).  Мәселен,  6-сынып  оқушылары  Сабина 
Абутова,  Жұлдыз  Кочкарова,  Фарух  Абдувахапов,  Юлия 
Ногайлар  байқауларда  мемлекеттік  тілден  өз  білімдерін 
көрсетіп, жүлделі орындарға ие болды.  Мақтау қағаздары- 
мен, алғыс хаттармен марапатталды.
Оқушылардың оқуға қызығушылығы артты.
Сонымен,    біраз    іс-тәжірибемізді   жинақтай   отырып,   
мына  мәселелерге  шешім  табылса  екен  деген  ұсыныс-
тілегіміз бар:
1. Материалдық-техникалық базамен қамтамасыз ету;
2. Мұғалімдерге тәжірибе жинақтау үшін жағдай туғызу;
3. БО мен КО бойынша курстар ұйымдастыру;
4. Басқа мектептермен тығыз байланыста болып, олармен 
тәжірибе алмасу;
5. Нормативтік-құқықтық база, әдістемелік әдебиет беру.
Орта мектепте үш тілде оқытудан мына нәтижелерге 
жетуге болады:
-  ҚР  мемлекеттік  жалпыға  міндетті  білім  стандарттары 
талаптары  деңгейінде  қалыптасқан  білімдерін  ана  тілі, 
мемлекеттік  тіл,  орыс  тілінде  еркін  білдіретін  мектеп 
бітірушісі;
-  бітірушінің  көптілді  коммуникативтік  және  ақпарат- 
тық құзыреттілігі;

19
-  көп  мәдениетті,  рухани-адамгершілік,  ұлтаралық 
қатынастар мәдениетінің жоғары деңгейі;
-  ұлттық  және  жалпы  қазақстандық  құндылықтарды 
қастерлейтін,  тілдерді  меңгеруге  тұрақты  қызығушылық 
танытатын,  отансүйгіштік  және  азаматтық  сана-сезімдері 
дамыған  тұлға;
-  бітірушілер  еңбек  нарығында,  өмірлік  қызметте  тілдік 
кедергілерге ұшырамайды.
«Тілі  бірдің  –  тілегі  бір»,  «Тіл  тағдыры  –  ел  тағдыры» 
екендігін жадымызда ұстай отырып, ел бірлігінің негізі – тіл 
бірлігіне қол жеткізу жолында қызмет ету парыз. Ендеше жас 
ұрпақтың  қазақ  тіліне  деген  сүйіспеншілігін,  өзге  тілдерді 
оқып-білуге  деген  қызығушылықтары  мен  ұмтылыстарын 
арттыру  арқылы  олардың  Отанға  деген  махаббатын  оятып, 
өз  тағдырын  ел  тағдырымен  мәңгілікке  байланыстыратын 
ұрпақ болып қалыптасуына қол жеткізу – басты міндетіміз.
Өзім  сабақ  беретін  өзбек  тілінде  білім  алатын  6-сынып 
оқушыларына  қазақ  тілі  пәні  қазақ  мектептерінің 
бағдарламасы  бойынша  жүргізілді.  Алғашқы  кезеңде 
тілдік кедергілердің көптеген қиындықтары болса да, мем-
лекеттік стандарт көрсеткіштерін қалайда орындауға үлкен 
құлшыныспен  кірістік:  тіл  үйрену  бойынша  қосымша 
сабақтар ұйымдастырдым, сабақтан тыс уақыттарда сынып 
балаларын қатыстыра отырып тек қазақ тілінде грамматика-
лық  ойындар  мен  мәдени-тәрбие  шараларын  өткіздім, 
әдебиет  сабақтарында  өтілетін  оқу  материалдарының 
ыңғайлы  жерлерін  сахналық  қойылымдарға  айналдыра 
орындаттық.
Көптілді  оқыту  сыныптарында  қазақ  тілі  пәнін  қазақ 
мектебінің  бағдарламасы  бойынша  оқыту,  яғни,  оқу 
материалдарын күрделендіру оқушыларды көп ізденіп, мол 
білім жинақтауға жетелейді, мемлекеттік тілдің қажеттілігін 

20
арттырады,  тілдік  ортаны  кеңейтеді,  дарынды  балалардың 
танымдық  сұранысын  қанағаттандырады,  қазақ  халқының 
тарихы,  мәдениеті,  фольклоры  мен  этнографиясы  туралы 
оқушы  білімін  байыта  түседі,  қазақстандық  патриотизм 
тәрбиесінің қызметін нәтижеге бағыттайды.
Қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында ойын элементтерін 
молырақ  пайдаланғаным  тиімді  болып  шықты.  Балалар 
тілдік  кедергілерді  жеңіп,  қазақ  тілінің  грамматикасын 
меңгерді.
Бүгінде  балалар  оқу  қазақ  тілінде  жүргізілетін 
мектептердің оқушыларына арналған тест материалдарымен 
жұмыс  істеуге  қиналмайды.  Әдебиет  сабақтарында 
көркем  шығармаларды  талдауға,  олардың  эстетикалық 
құндылықтарын  бағалай  алуға  бейім.  Қазақ  халық  ауыз 
әдебиеті  үлгілерінің  өздеріне  тән  ерекшеліктерін  ажырата 
алады.
Коммуникативтік, 
әрекеттік 
мәдениеттанымдық 
құзыреттіліктері  мен  жобалаушылық  қабілеттерін  дамыту 
мақсатында  үш  тілде  оқып  жүрген  балаларды  ғылыми-
ізденушілік  жұмыстарға  тартуды  қолға  алып  отырмыз. 
Үстіміздегі  оқу  жылында  сынып  оқушысы  ғылыми 
жобалардың  облыстық  жарысына  қатысып,  «Аңыз 
әңгімелер»  деп  аталатын  жұмысты  қазақ  тілінде  қорғады. 
Өзбек тілінде оқитын оқушыға қазақ тілі пәнін қазақ мектебі 
бағдарламасымен  оқып  кету  қиынға  соғатыны  мәлім. 
Сондықтан біздің әдістемелік бірлестікте төселу, бейімделу 
кезеңіне арналған бағдарлама жасалынып, әдістемелік кешен 
құрылды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерін көптілді формат 
бағдарламасы  бойынша  оқытудағы  мәселелер  төмендегіше 
болды:
1. Көптілді   мектептерге   арналған   арнайы   оқулықтар   
шығарылуы қажет;

21
2.  Көптілді      мектептерге      арналған      маман      кадрлар   
даярлау   қолға алынуы тиіс;
3. Көптілді    форматпен    оқытуға   арналған    қазақ   
тіліндегі    оқу-әдістемелік құралдар, электрондық оқулықтар 
жасалуы керек;
3. Материалдық база жеткіліксіз;
4. Қазақ тілі пәнінің белгілі бір саласы бойынша қосымша 
пән енгізілуі тиіс.
Сөз  соңында  көптілді  оқыту  –  жас  ұрпақтың  білім 
кеңістігінде  еркін  самғауына  жол  ашатын,  әлемнің  ғылым 
құпияларына  үңіліп,  өз  қабілетін  танытуына  мүмкіндік 
беретін бүгінгі күнгі ең басты қажеттілік деп айтар едім.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті» жұрналы. 3/2003.
2.  «Қазақ тілі  мен  әдебиеті  орыс  мектебінде» жұрналы. 
5/2010.
3.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті.  Орыс  тілінде  жалпы  білім 
беретін мектептің 5-7 сыныптарына арналған бағдарламалар. 
А., «РОНД», 2003, 32-бет.
4.  М.М.Жанпейісова.  Модульдік  оқыту  технологиясы 
оқушыны дамыту құралы ретінде. А., 2002, 180-бет.
5.  «Қазақ тілі  мен  әдебиеті  орыс  мектебінде» жұрналы. 
9/2003.
6. «Қазақстан мектебі» жұрналы. 2/2010. А.Рахымбердиев. 
Үш өлшемді әдістемелік жүйе. 39-41-бет.
7.  «Қазақстан  мектебі»  жұрналы.  7/2010.  Б.Нұралиев. 
Көптілді және билингвалды білім беру – басты бағытымыз. 
3-6-бет.
8.  «Қазақстан  мектебі»  жұрналы.  6/2011.  Ж.Жакенова. 
Үш тілде білім беру – заман талабы. 3-4-бет.
9.  «Қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  жұрналы.  10/2009. 
Қ.Жүнісханова. Тіл мерейі – ел мерейі. 139-143-бет. 

22
Айнаш МАКЕЕВА, 
№5 жалпы орта 
білім беру мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
Павлодар қаласы.  
ОҚУШЫЛАРДЫ ҰБТ-ҒА 
ДАЙЫНДАУ ЖОЛДАРЫ
Бүгінгі  білім  беру  жүйесінің  басты  бағыты  –  қоғам 
өзгерістеріне  қарсы  тұра  алатын  ғана  емес,  әлеуметтік-
экономикалық  үдерістерін  басқара  алатын    мамандарды 
қалыптастыру. Шын мәнінде, өркениетті қоғамдағы бәсеке-
лес нарықтық қатынастардың барлық қиындықтары – бүгінгі 
оқушылардың  мойынында. Мектептің білім беру жүйесінің 
стратегиялық  міндеті  –  бәсекеге  төтеп  беретін  тұлғаны 
тәрбиелеу мен оқытуына жағдай тудыру.
Постиндустриалды  қоғамда  еңбек  ететін  мектеп  түлегі 
белгілі қасиеттерді меңгеруі тиіс, атап айтқанда:
-  өз  бетінше  сыни  тұрғыда  ойлай  алуы,  нақты  өмірдегі 
қиындықтарды  көруі  және  оларды  тиімді  шешу  жолдарын 
таба білуі қажет;
- өзінің адамгершілігін, санасын, мәдениеттілік деңгейін 
дамыту үшін өз бетінше еңбектенуі қажет.
ҰБТ  дегеніміз  –  мемлекеттің,  қоғамның  және  тұлғаның 
қажеттілігінде сәйкес келетін бүгінгі білім сапасын көтеру 
және басты бағыт  болып табылады.
Жыл сайын ҰБТ өткізу келесі жағдайларды туғызады:
- Білім  беру  мәселелеріне қоғамның назарын аудару; 
- Оқуда оқушы  мен  оқытушының жақсы нәтижелерінің 
себептерін жоғарылату;
- Білім сапасы  бағасының әділдігін  және  нақтылығын 
орнықтыру;

23
- Білім   беру  ұйымының қызметін әділ  бағалау;
-  Бірыңғай  өлшеу    материалдарының  көмегімен    білім  
сапасын басқару.
ҰБТ-ның  жоғары  нәтижесі  11-сыныпта  ғана  пайда  
болмайды.  ҰБТ-ға    дайындаудың  басты    тұлғасы  – 
оқытушы. Мұғалімге  қойылатын талаптар: 
- Оқушылардың білім алу себептерін айқындау;
- Пәндік оқыту үдерісін ұйымдастыру;
- Тиімді технологияларды қолдану.
Сонымен,  мұғалім  ҰБТ-ға  дайындауда  қандай  мақсат  
қоюға тиіс?
Maқсаттар:
1.  Оқушылар  сабақта  алған  білімдерін  өмірде  қолдана 
білуге тиіс;
2. ҰБТ-ға сапалы дайындық ұйымдастыру;
3. Оқушыларын 100% оқу үлгеріміне талаптандыру;
4. ҰБТ-ның сапасын және орташа ұпайын жоғарылату;
- Күнделікті жүйелі жұмыс ұйымдастыру;
- Оқыту өлшеуіштерін құрастыру;
- Интерактивті технологияларды қолдану;
- Жеке тұлғаның даралығын дамыту;
- Оқушылардың білім алу себептерін қалыптастыру.
Мұғалімнің жұмысында көп қиындық тудыратын орташа 
деңгейлі  оқушы  емес,  потенциалды  және  үлгерімі  төмен  
балалар, өйткені тест сұрақтары орташа оқитын оқушыларға 
бағытталған.  Оқушылардың  жеке  ерекшеліктерін  ескере 
отырып,  оқу  үдерісін  ұйымдастыру  және  білім  сапасын 
көтеру жұмыстарын келесі кезеңдерден көруге болады.
1-кезең. Диагностикалық:
-  Бақылау  жұмыстарын  өткізу  арқылы  оқушылардың 
білім деңгейлерін анықтау;
- Өткен жылдағы ҰБТ нәтижесі мен байқау тестілердің  
сараптамаларын  жасау  арқылы  қиындық    тудыратын 
мәселелерді анықтау;

24
-  ҰБТ-ны  өткізу  ережелерімен  және  ұсыныстарымен 
танысу.
2-кезең. Практикалық:
- Тест жинақтарымен жұмыс;
- Күрделі тақырыптар бойынша деңгейлік тапсырмалар;
- Топтық және жеке дайындық;
- Тестпен жұмыс істеуде тиімді тәсілдерді қолдану.
3-кезең. Синтетикалық (анықтаушылық):
- Тақырыптар бойынша бақылау тестілері;
- Мониторинг;
- Қатемен жұмыс парағын жүргізу;
- Психологиялық тренинг ұйымдастыру және өткізу.
Үш  кезең  бойынша  өткізілген  жұмыстар  оқушыларды 
үш топқа бөлінетінін анықтайды: 1-топ – үнемі 20 ұпайдан 
жоғары  алатын  оқушылар;  2-топ  –  15  ұпайдан  20  ұпайға            
дейін алатын оқушылар; 3-топ – 15 ұпайдан төмен алатындар.
Мен  11  «А»,  11  «Б»  сыныптарында  жұмыс  істеймін. 
Жалпы оқушылардың саны – 33, 1–топта – 9, 2-топта – 16, 
3-топта – 8 оқушы. Жұмысты неден бастадым? Алдын ала 
өзім бақылау тест – «Кіріспе тест» өткіздім. Әр сыныпқа жеке 
папка дайындадым. Оның ішінде: ҰБТ нәтижелерінің жеке 
парағы, қателерді талдау парағы, оқушылардың мониторинг 
парағы,  сыныптың мониторинг парағы, сонымен қатар әр 
оқушының жеке жұмыс ұйымдастыру дәптері бар.
Бірінші,  әр  оқушы  мониторинг  парағын  алғаннан  соң, 
өзіне  мақсат  қояды  (мақсаты  мүмкіндігіне  қарай  нақтылы 
болу тиіс). Мұғалім сыныптың мақсатын жоспарлайды (11 
«А»  сынып  –  17  ұпай,  11  «Б»  -  18  ұпай).  Тест  нәтижелері 
шыққан  соң  қатемен  жұмыс  жасалады.  Қатемен  жұмыс 
парағына  қазақ  тілінің  грамматиқалық  тарауларының 
сұрақтары  және  лексикалық  сұрақтар  енгізілген.  Парақ 
бойынша түрлі жұмыс ұйымдастыруға болады.

25
Мысалы: 
- грамматикалық терминдерді аудару, жаттау; 
- түрлерін анықтап жазу немесе айту;
- ережелерін еске түсіріп жазу;
- мысалдар келтіру;
- тест жинақтарынан сұрақтар  тергізу;
- бірін-бірі тексеру;
- өзін тексеру.
Сабақта  жеке  өткізілетін  жұмыстар  грамматикалық 
түсініктерді  жақсы  білуге,  естерінде  сақтауға  көп  көмегін 
тігізеді.  Мектепішілік  байқау  –  тестілеу  нәтижелерінің 
мониторингі  өткізіледі.  Оқушылардың  алдына  қойылған 
мақсаттары және фактілік нәтиже салыстырылып қаралады.
Келесі  тоқсанның  жұмысы  жоспарланады.  Ал,  енді, 
жұмыс түріне тоқталсақ деймін:
А)Үлгерімдері  төмен    оқушылар  тобы  үшін  оқу 
материалы  жай    түрінен  басталып  күрделенуі  тиіс.  Әр 
тақырыпты  қайталағаннан    соң  түрлі  жаттығулар  беріледі, 
үлестірмелі  кәртішкелер    тапсырмалары  орындалады,  тест 
өткізіледі. Алдымен бұл оқушыларға 2 жауап нұсқасы бар 
тест ұсынылады   (жауаптары: дұрыс – бұрыс немесе иә - 
жоқ). Кейін жасырын тест түрі (3 немесе 5 жауап нұсқасы 
бар тест) беріледі. Ең соңында ашық (жауаптары жоқ) тест 
түрі орындалады немесе сынақ өткізіледі.
Мысал  ретінде  «Грамматика»  тақырыбын  алсақ: 
ережелерді талқылау (оқушы – НЕ БІЛЕМІН, мұғалім – НЕ 
БІЛУ КЕРЕК). 
2. Бекіту жұмыстарын орындау (жаттығулар, үлестірмелі 
материалдар). 
3. Тест (2 жауап нұсқасы бар).
4. Жасырын тест түрі (3 немесе 5 жауабы бар)
5. Ашық тест түрі (жауап жоқ) немесе сынақ.
6. Түзету жұмыстары жүргізіледі:

26
ә)  Бұл  оқушылардың  жеке  жұмыс  өткізу  кестесі  
кұрылады. Оқушылар міндетті түрде қатысуы тиіс;
б)  Мектеп  психологінің  кеңестері,  оқушылардың 
аналитикалық  қабілеттерін,  есін,  зейінін  дамыту 
тренингтерін өткізу;
в)  Оқушылардың  ата-аналарымен  кездесуін,  үй 
тапсырмаларын жоспарлау және бақылау. 
ІІ.  а)  Потенциалды  немесе  үлгерімі  жоғары  
оқушылармен өзгеше жұмыс өткізіледі.
1.  Тестілердің  күрделі  түрлері  берілді  (жасырын  және 
ашық).
2.  Қазақ  мектеп  оқушыларына  арналған  2005-2013 
аралығындағы тестілер бойынша жұмыс.
3.  Оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру 
және жауапкершіліктерін қалыптастыру үшін кеңесші рөлін 
атқаруға мүмкіндік беріледі. Кеңесші ретінде олар үлгерімі 
төмен  оқушыларға  ережелерді  түсіндіреді,  көмектеседі, 
жауаптарын тексереді, бағалайды.
4. Тақырыптық тестілер құрастыру.
5.  2008-2013  жылдар  аралығындағы    тест  жинақтары 
бойынша  тақырыптық сұрақтарын жүйелеу.
6.  Интернет  жүйесіндегі    жаңа  тест  материалдарын 
қадағалау:
а) мектеп психологі жеке жұмыс өткізеді. Оқушылардың 
өзін-өзі  бағалау  сезімдерін  жоғарылату,  алаңдаушылық 
сезімін төмендету тренингтерін өткізу;
ә) оқушылардың тілектері бойынша жеке жұмыс кестесі 
құрылады;
б) оқушылардың ата-аналарымен кездесу.
- Сонымен, үлгерімі төмен және потенциалды (үлгерімі 
жоғары)  оқушылармен  жұмыс  жүргізу  көп  уақытты, 
төзімділікті талап етеді. Солай бола тұрса да, бұл – қажетті 
жұмыс, өйткені ол ҰБТ нәтижелеріне әсер етеді.

27
Қазақ тілі орыс аудиториясында
Базаргүл КӨЛБАЕВА,
Қарағанды облысының
Теміртау қаласындағы
№24 жалпы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ ТӘН 
ДЫБЫСТАРДЫң ДҰРЫС 
АЙТЫЛУЫ МЕН ЖАЗЫЛУЫН  
ҮЙРЕТУ
Мұғалімнің  әдіссіз  оқыту  үдерісі  жүзеге  асуы  мүмкін           
емес. Осы оқыту әдісі дегеніміз не? Соған тоқтала кетейік. 
Оқыту әдісі – дидактиканың ең басты құрамды бөлігінің 
бірі.  Оқыту  әдістері  білім  берудің  мазмұны  сияқты  оқыту-
дың  жалпы  мақсаттарымен  және  міндеттерімен  анықтала-
ды.  Оқыту  үдерістерінің  нәтижелі  және  сапалы  болуы 
оқыту  әдістемесінің  тиімді  шығармашылықпен  жүзеге 
асырылуына  байланысты.  Ол  –  мұғалім  мен  оқушының 
бірігіп  жұмыс  атқаруы.  Оның  арқасында  білім,  іскерлік, 
дағдының қалыптасып, оқушының дүниетанымдылығы мен 
қабілеттілігінің артуы. 
Қазақ  тіліне  тән  дыбыстардың  дұрыс  айтылуы  мен 
жазылуына  көңіл  бөлсек,  олардың  бірнеше  әдістемелік 
түрлері бар. 
Бірінші,  қазақ  тіліне  тән  әріптерді  дұрыс  үйрету.  Олар-
дың  естілуі  мен  айтылуына  тоқталу.  Ол  үшін  суреттерді 
қолданып, оқушылардың танымдық, көру, білу қасиеттерін  
жаттықтыру.

28
Екіншіден, 
оқушылардың 
танымдық 
қасиеттері 
қалыптасқаннан  кейін  тән  дыбыстарды  дұрыс  жазу,  дұрыс 
қолдана  білулеріне  ерекше  көңіл  бөлу  керек.  Ол    үшін 
оқушылармен  көбірек    қазақ  тіліне  тән  дыбыстары  бар 
сөздерді қолдана отырып жұмыстар жасау қажет. 
Үшіншіден,  оқушылардың  сөздік  қорларын  молайту. 
Әр  сабақ  сайын  тақырыпқа  сай  көрнекі  құралдар,  түрлі 
суреттер, кестелер, бейнекассеталар, тақырыптар бойынша 
электронды  оқулықтармен  сабақты  көркемдеп  отырса, 
оқушылардың  сөздік  қоры  біршама  толығады  деген 
сенімдемін.
Жалпы  педагогиканың  әдістерінен  әр  пәннің  өзіне  тән 
әдістері шығады. 
Оқу  орыс  тілінде  жүретін  мектептерде  оқушыларға 
қазақ  тілінен  үйретілетін  сөздер,  біріншіден,  белгілі  бір 
тақырыптарға,  екіншіден,  сөз  таптарға  қатысты  болады, 
сол  себептен  қазақ  тілі  сабағы  әрі  тілдік,  әрі  әдебиеттік 
оқу  материалдарын  қамтиды.  Кейбір  грамматикалық 
түсініктемелер, 
жаттығу 
шарттары 
орыс 
тілінде 
берілетіндіктен,  салыстырмалы  грамматикаға  байланысты 
мәліметтер  де  қамтылады.  Қазақ  тілі  сабағындағы  сөздік 
қорды  дамыту  жұмыстары  мынадай  әдіс-тәсілдер  арқылы 
жүзеге асады. Ол – сұрақ-жауап, сөйлесу, әңгімелесу, әңгіме, 
түсінігін  айтқызу,  көрнекілік,  аударма,  кітаппен  жұмыс, 
мәтінмен  жұмыс  әдістері.  Заман  өзгерген  сайын  әдіс-
тәсілдер көбейіп, жаңарып, толығып отырады. Әр түрлі жаңа 
технологияларды өз тәжірибемізде қолданып жүрміз. 
Жаңа технологияны, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдану білім 
сапасын көтерді. 
Мемлекеттік  тілдің  қоғамдағы  орынын  көтеру  үшін 
жүйелі  жұмыс  істеуіміз  қажет.  Бала  енді  тілі  шығып, 
балабақшаға  барып,  қазақ  сөздерімен  танысуы  тиіс. 

29
Мектеп  қабырғасынан  күнделікті  өмірдегі  қолданыстағы 
тілді  үйреніп  шықса,  жоғарғы  оқу  орындарында  мектеп 
бағдарламасын  қайталамай,  тілдік  категория  тереңірек 
оқытылса,  болашақта  орысша  және  қазақша  тіл  білетін 
маман даярлар едік. Осындай күрделі де ауқымды мәселені 
шешу  үшін  сөздік  қорды  байытуға  бағытталған  әдістер 
жайлы бағдарламамды ұсынып отырмын. 
Себебі сөздік қордың бай болуы – манызды мәселе. 
Мақсаты: 
-  Оқушылардың  сөздік  қорын  дамытуға  арналған  әдіс-
тәсілдер туралы мәлімет беру. 
- Әдіс-тәсілдер туралы теориялық ұғым беру. 
- Әдістерді тәжірибеде қолдана білуге үйрету. 
- Қазақша сөйлеу дағдысын дамыту.
- Жазбаша тілін дамытып, орфографиядан түсінік беру. 
-  Қазақ  тілінің  сөздік  қорындағы  сөздер  арқылы  қазақ 
халқын сыйлауға, ұлтжандылыққа тәрбиелеу. 
Міндеттері: 
- Сөздікті дамыту. 
- Сөйлеу тілінің грамматикасын қалыптастыру. 
- Қазақ тіліне тән дыбыстарды дұрыс айтуға үйрету. 
- Диалогтік сөзді қалыптастыру. 
- Түсінгенін айта білу. 
- Көркем шығармамен таныстыру. 
- Сауатты жазуға дағдыландыру. 
Тіл  үйренуде  ең  басты  міндет  –  оқушылардың  сөйлеу 
тілін жетілдіру. 
Сөздік  қорды  дамытуға  бағытталған  әдістердің  жалпы 
міндеті.  Сөздің  мағынасын  дұрыс  түсініп,  оны  өз  сөзінде 
дұрыс қолдану. Сол әдістерді ұсынып отырмын. 

30
Түсіндіру  әдісі  –    жаңа  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлемдерді 
түсіндіруде қолданады.Сабақ сайын үйретілетін жаңа сөздер 
бойынша,  яғни,  сөздік  жұмысында  іске  асады.  Сондай-ақ 
қазақ тілі грамматикасының кейбір ерекшеліктері (алфавит 
бойынша  қазақ  тіліне  тән  ерекше  дыбыстарды,  дауысты 
дыбыстардың  жуан,  жіңішке,  ал  дауыссыз  дыбыстардың 
қатаң, ұяң, үнді болып бөлінетіндігі, екпіннің соңғы буынға 
түсіп, «не істейді?» сұрағына жауап беретін сөздердің сөйлем 
соңында тұратындығы, жалғау, жұрнақтардың жуан, жіңішке 
– екі вариантта болатындығы, «кім?» сұрағының тек адамға 
қойылатындығы, ма, ме , ба, бе, па, пе деген қосымшалардың 
бірде жалғау болатындығы, т.б.) түсіндіріледі. 
Көрнекілік  әдіс  –  сабақ  сайын  жүргізілетін  әдіс. 
Басқа  тілді  үйретуде  ең  нәтижелі  және  жиі  қолданылады. 
1-2-сыныптарда түрлі суреттер мен заттарды, ойыншықтарды 
көрсету  арқылы  сөздерді  үйретуге  болады.  Көрнекілік 
тақырыпқа сай, көзге тартымды, яғни, эстетикалық жағынан 
жақсы, ірі екі немесе үш түстен болуы керек. 
Мысалы:  «Ұлттық  киімдер»  тақырыбын  өткен  кезде 
киімдердің суретін көрсету арқылы немесе сыныпқа кәдімгі 
киімдерді көрсету  арқылы жүзеге асып отырады. Әр  түрлі 
тірек кестелер және таблицалармен сөздерді, сөз тіркестерін 
үйретуге  болады.  Ы.Алтынсарин  Натуральды  әдіс  туралы 
былай  деген:  «балаға  айтып  түсіндіргеннен  гөрі,  қолымен 
ұстап,  көзіне  көрсетіп,  мұрынымен  иіскетіп  түсіндірген  
сабақ  ұғымды  »  деген.  Бұл  әдісті  сөздік  қорды  дамытуға 
бастауыш  сыныптарда  қолданады.  Мысалы: 
Алма  сөзін 
алманы көрсету арқылы ұғындырамыз. Бұл әдіс – «Жеміс-
жидектер», «Оқу құралдары», «Ойыншықтар», «Тағамдар» 
тақырыптарында жүзеге асады. 
Келесі бір ұтымды әдіс: Сұрақ-жауап әдісі – балалардың 
тілін дамыту үшін манызды әдістің бірі. Қай сынып болсын

31
сабақтың  қай  кезеніңде  болсын  қолдануға  болады.  Өте 
белгілі де тиімді әдіс. Жас ерекшелігіне байланысты сұрақ 
дайындалады. Мысалы: 
– Сенің тұратын қалаң қалай аталады? 
– Менің қалам Теміртау деп аталады. 
– Қаланың жанынан қандай өзен ағады? 
– Нұра өзені ағып өтеді. 
Практикалық  әдіске  ойнау  элементтері  бойынша  тіл 
үйрену  кіреді.  Дидактикалық  ойындар  оқушылардың 
білімін  бекітіп,  сөздік  қорын  молайтады,  сөз,  сөз  тіркесі, 
сөйлемдерді  дұрыс  құрастыруға,  қажетті  сөздерді  дұрыс 
тауып  қоюға,  кішігірім  әңгіме  айтуға  жаттығады.  Балалар 
ойынның тәртібін білмейтін балаға үйретеді, түсіндіреді. 
Сонымен  қатар  бұрынғы  ойнаған  ойындарын  естеріне 
түсіреді.  Белгілі  суретшілердің  туындыларын,  балаларға 
арналған суретті кітапшалар, мерекелерге дайындық, түрлі 
ойын-сауықтар өткізу де балалардың тілін дамытуға септігін 
тигізеді. 
Балалармен  түрлі  әдеби-музыкалық  ойындар  өткізу  – 
олардың  әдеби  тілде  сөйлеу  машығын  қалыптастыру  үшін 
қажет.  Оқушылар  қазақша  сөз,  сөз  тіркесі,  сөйлемдерді 
оқығанда  сөйлеу  екпінін  сөзге,  буынға  дұрыс  түсіруді 
үйренеді. Рөлдік ойын баланың ойын өз бетінше тұжырым-
дап айтуына көмектеседі. 
Тағы да өте көп әдіс-тәсілідерді сөздік қорды дамытуға 
қолданып жүрмін. 
Қандай  әдіс  болсын  мұғалім  өз  сабағына  икемдеп 
қолдануы  керек.  Сол  кезде  ғана  сабағы  жүйелі  түрде 
өтеді  деп  ойлаймын.  Мұғалімнің  сабағы  жүйелі  түрде 
өтсе,  сол  сыныптың  білім көрсеткіші де  жоғары  боларына              
сенімдімін. 
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет