Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі


 Тапсырмалардың мазмұндылығы мен оқу- таным-



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет3/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6. Тапсырмалардың мазмұндылығы мен оқу- таным-
дық әрекетіне талдау.
(Әр нұсқа жеке толтырылады).
Мазмұны 
Білімді 
қабылдау
Білімді 
қолдану
Білімді 
интегралдау
Тестідегі 
қатысымдық 
пайыз
Фонетика
2
1
1
Лексика
2
3
1
Стильдердің 
түрлері
2
1
Морфология
3
3
1
Тестідегі 
қатысымдық 
пайыз

32
7. Тест спецификасына талдау.
Тест реттемесі
Тапсырма 
№  
Тексерілетін элемент
1
Ф
Қазақ тілінің тән дыбыстары.
2
Ф
Үндестік заңы.
3
Ф
«ә» дыбысын дұрыс қолдану.
4
Ф
Дұрыс жазылған сөз.
5
Л
Отбасы.
6
Л
Туыстық атаулар.
7
Л
Экономика.
8
Л
Ұлттық валюта.
9
Л
Ұлттық тағамдар.
10
Л
Отбасы туралы мақал-мәтелдер.
11
Ст
Стильдердің түрлері.
12
Ст
Жалпылама лексика.
13
Ст
Ғылыми стиль.
14
М
Біріккен сөздер.
15
М
Зат есім.
16
Л
Сөйлемдер ретін дұрыс орналастыр.
17
Д
Диалогты  қалпына келтір.
 Белгілері. Ф - фонетика, Л – лексикадан алған білімдері, 
Ст – стильдер түрлері, М - морфология.
8. Тест тапсырмаларының ретке сәйкес келуін тексеру.
А блогы.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстардың санын көрсетіңіз:
а) 8;                  ә) 10;              б) 9.
2.  Буынның  жуан,  жіңішкелігіне  қарай  болатын 
үндестікті көрсетіңіз:
а) Үндестік заңы;  ә) буын үндестігі;  б) дыбыс үндестігі.
3. «ә» дыбысы қай сөзде жазылады?
а) ... же;             ә) ....та;          б) ...па.
4. Орфография бойынша дұрыс жазылғанын табыңыз.
а)   байиды;          ә) байады;            б)  байыйды.
5. «Қара шаңырақ» иесін көрсетіңіз:
а) тұңғыш бала;      ә) қыз бала;       б) кенже бала.  
6. Жеңге деп кімді атаймыз, көрсетіңіз:
a)  ағамның жұбайын;         ә) әпкенің күйеyін;        
б) анамның туысқанын.

33
7. Мағынасы ұқсас ұғымды тап.
Экономика –
a) тұрмысты үнемдеу;    
ә) шаруашылықты басқару
б) тұрмысты жою.
8. Ақшаның атқаратын қызметін көрсетіңіз:
а) төлем, сатып алу, сату құралы;  
ә) өңдеу, нығайту құралы; 
б) тұрмысқа байланысты құрал.
9. Неге қымызды пайдалы тағам дейді?
а) денсаулыққа пайдалы; 
ә) адамның көңілін көтереді
б) адамның шөлін қандырады.
10.  Мақалды  толықтырыңыз:  жақсы  бала  –  сүйік, 
жаман бала – ...........
а)  сасық;        ә) күйік;        б) суық.
11. Стильдің қанша түрі бар?
а) 5;                 ә) 3;               б)  7.
12. Адамдардың бір-бірімен күнделікті қатынасында 
пайдаланатын стиль:
а)  ресми;     ә)  cөйлеу;      б) публицистикалық.
13.  Әр  салада  жазылған,  ғалымдар  жазған  
шығармалар қай стильге жатады?
а)   көркем әдебиет;   ә) ғылыми;    б) публицистикалық.
14. Біріккен сөзді табыңыз:
а) тасбақа;        ә) жаз бойы;         б) қысы-жазы.
15. Туынды зат есімді табыңыз.
a) мамандар;    ә) өнерлі;              б) оқулық.
Б блогы.
1. Сөйлемді аяқта:
Түбір  сөзге  жұрнақ  жалғану  арқылы  жасалатын  сөзді  
……….    ………..

34
2.  Мына  сөздерге  жалғау  жалғап,  сөйлем  құраңыз: 
бата, сөз,бер, айт, біреу.
3. Дұрыс жауапты белгілеңіз.
Мен.... бара жатырмын. 
 А) базарға.
Сен.... келе жатырсың. 
 Ә) дүкеннен.          
Сіз.... нан әкеле жатырсыз.    Б)университеттен.
4. Сөйлемдер ретін дұрыс орналастыр:
(а)  Балалар  әке-шешесін  сыйлап,  олардың  ақыл-кеңесін 
орындап отырған. 
(б) Қазақ халқы отбасына ерекше көңіл бөлген. 
(в)  Отбасының  берік  болуына  қазақ  дәстүрі  алғашқы 
күннен бастап ерекше әсер етеді.
(г)  «Баланы  –  жастан,  әйелді  –  бастан»  деген  мақал 
бұған дәлел.
(д)  Немерені  бесікке  салу,  қырқынан  шығару,  тұсауын 
кесу  рәсімін  үлкен  әжелер  жасайды,  әкесі  ұл  балаға  атқа 
мінуді, ағаш жонуды үйретсе, шешесі қыздарға кесте, киім 
тігуді үйреткен. 
(е) Үлкен адамның сөзін бөлмеу, қарт кісінің жолын кесіп 
өтпеу – бірінші қағида.
5. Диалогты  қалпына келтір:
-  Менің  жүріп  өткен  маршрутыммен  жүруге  кеңес  
беремін.
- Келіп қалдың ба? Келуіңмен ! Жақсы демалдың ба?
-  Тұрмыстық,  мәдени  жасаған  жағдайлары  кере-
мет!Өкінбейсің.
- Бәрінен бұрын несі ұнады?
- Әрине, тамаша әсерде қалдым!
- Білмеймін, жазда қайда барып демалсам екен?
- Он күн бойы теңізбен жүзу.... Іш пыстырады екен ...
-  Мен  көп  қызыққа  кенелдім.  Әдемі  қалалар,  табиғат 
қандай! Халықтық мерекелерді тамашаладым.
9. Тест тексеру бағасын толтыратын қағаз.

35
   
   
 
Тест тапсырмаларының әр нұсқасына тексеру қағаздары 
жеке толтырылады.
«__» ____________ 20    ж.
Тексеруші аты- жөні  ________________________
Сынып              _____________________________
Пән                   ______________________________
Тест нұсқасы    _____________________________
Шешім             ______________________________
                                                                    Қолы ______
10. Тексеру хаттамасы   
Светлана ДОСЖАНҚЫЗЫ,
Павлодар қаласының
№16 лицей-мектебінің 
қазақ тілі мен әдебиеті 
пәнінің мұғалімі.
ҚАЗАҚ ТІЛІ САБАҒЫНДА 
ОҚУШЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ-
КОММУНИКАТИВТІК 
ҚАБІЛЕТТЕРІН ДАМЫТУ
Тілдерді  үйрету  әдісі  үнемі  заман  талабына,  уақыт 
ағымына  қарай  өзгеріп,  дамып,  жетіліп  отырады.  Қазақ 
тілін  меңгертудегі  негізгі  әрекет  –  қарым-қатынас  үрдісі, 
сөйлеу қатынасы, ақпаратты қалай танып-білу бүгінгі күнде 
бұлтартпас ақиқат екендігі белгілі.
Тілді  зерттеуші  ғалымдар  тілдік  қатынас  құбылысына 
байланысты  үш  кезеңді  атап  өтеді:  1.  Хабардың 
дұрыс  айтылуы,  шығыс  /синтаксистік,  грамматикалық 
заңдылықтар/. 2. Айтылуға тиісті мағынаның дұрыс жеткі-

36
зілуі /семантикалық заңдылықтар/. 3. Әңгімелесуші – екінші 
адамның  хабарды  дұрыс  қабылдауы.  Линвистикалық, 
әдістемелік  әдебиеттердің  көпшілігінде  сөйлесім  әрекетін 
4 түрге бөліп қарастыру тұрақты орын алған /сөйлесу, оқу, 
жазу, түсіну/.
Қазіргі  кезде  қазақ  тілін  оқытудағы  мақсат  тұлғаның 
ақпараттық-коммуникативтік  қабілеттерін,  яғни,  сөйлеу, 
жазу,  оқу,  түсіну  мәдениетін  дамытып,  ақпараттық-
коммуникативтік ұстанымдарын ұштастыру.
Коммуникативтік ұстанымдар: Тілдік бағыттар. Оқу 
материалдары  сабақтардың  неліктен  сол  туралы  өткізіліп 
жатқандығының  нақты  қарым-қатынасын  елестету  керек. 
Функционалдық.  Сөйлесу  іс-әрекетінің  лексикалық, 
грамматикалық  және  фонетикалық  жақтары  үзіліссіз  өзара 
сөйлеу  үрдісінде  жүзеге  асады.  Сабақта  тілдік  бірліктер 
меңгерілуі керек. Оқиғалық. Оқу материалын оқушыларды 
қызықтыратын,  оқиғалық  және  қарым-қатынас  мәселесі 
негізінде  іріктеу  және  ұйымдастыру.  Жаңашылдық.  Оқу 
материалы  сабақта  өзіндік  жаңалығы  бар  және  оқушылар 
үшін қызықты болуы керек. Оқу материалымен жұмыс, тілдік 
оқиғалардың нысанын және жұмыс тәсілдерінің әр түрлілігі, 
сабақты  ұйымдастырудың  жаңалығын  көздейді.  Қарым-
қатынасының  дербестік  бағыттары.  Әр  оқушының 
жекелеген  тілдік  ерекшеліктерін,  эмоцианалдық  бағытын, 
сынып  ұжымындағы  оның  статусын  және  т.б.  есепке  алу. 
Ұжымдық  өзара  қарым-қатынас.  Оқушылардың  өзара 
белсенді қарым-қатынасы, олардың оқудағы жетістіктерінің 
өзара  байланысы.  Үлгілеу.  Тілдің  мазмұндық  жақтарын 
тақырыптар 
емес, 
мәселелер 
таныстыру 
керек. 
Коммуникативтік әдісі. Қолдану жолдары. Сабақта тілдік 
қатынас үш түрлі жолмен немесе қалыппен іске асырылады: 
жұптық,  топтық,  ұжымдық.  Жұптық  қалып  бойынша 
бүкіл  тілдік  материал  диалогтың  негізінде  меңгеріледі. 

37
   
   
 
Тілді топтық форма арқылы оқыту арнайы құрылған шағын 
топтарды  қатысымдық  әдістің  қағидаларына  бейімделудің 
нәтижесінде жүреді. Ұжымдық қалпы жұптық және топтық 
қалыптарды өзара біріктіреді.
Ақпараттық  дегеніміз  мәліметтерді  тек  әріптермен 
кітап  беттері  немесе  адамның  тілі  ғана  емес,  күн  сәулесі 
де,  тау  жоталарының  қыртысы  да,  сарқыраманың  шуылы 
да,  шөптің  сыбдыры  да  жеткізеді.  Зерттеу  жұмысының 
нәтижесінде ақпараттың атқаратын дүниетанымдық қызметі 
төрт көрсеткіштен тұратыны анықталды: әлемдік танымдық 
қызметі, қоғамдық танымдық қызметі, әлеуметтік танымдық 
қызметі,  эмоцианалдық  танымдық  қызметі.  Оқулықтар, 
электрондық  оқулықтар,  мультимедиялық  және  үйретуші 
бағдарламалар,  жаттығулар  жинағы,  анықтамалар  ақпарат 
тасуыштарға жатады.
Қазақ  тілі  сабақтарында  технологияларды  пайдалану 
кезінде 
ақпараттық-коммуникативтік 
технологияның 
оқушыларды  ынталандыратыны  байқалады.  Сондай-ақ, 
аудио-бейнематериалдарды  дайындау,  қолдану  ақпараттық 
ресурстар арқылы іске асады.
МАҚАЛ – СӨЗДІҢ МӘЙЕГІ
•  Еңбек қылмай ер оңбас,
       Бірлік қылмай ел оңбас.
•  Қазсаң арықты –
       Көрерсің жарықты.
(Қазақтың  мақалдары  мен  мәтелдері.  А.,  1959  ж.,  16-
бет.)

38
Раушан ИЗГУТТИНОВА,
Сәрсен Аманжолов атындағы 
ШҚМУ оқытушысы.
ҚАЗАҚ ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ ТІЛ 
ДАМЫТУ ЖҰМЫСТАРЫ
Қазақ тілін орыс топтарында оқыту әдістемесінің басты 
мақсаты – сөйлету, ойын еркін жеткізуге, басқаның сөйлеуін 
түсінуге, сөздік қорын молайтуға көмектесу, яғни, тіл дамыту 
– оқушыны тілдік тұлғаларды дұрыс қолданып, ойын басқа 
адамға  толық  жеткізуге  дағдыландыру,  басқа  адамдардың 
сөзін жақсы түсінуге үйрету.
Бүгінгі танда орыс сыныптарында қазақ тілін оқытудың 
түрлі жолдары қарастырылып жүзеге асырылуда. Оқытудың 
жаңа  технологиялық  үлгілері  ұсынылуда.  Жаңа  буын 
оқулықтары сынақтан өтіп енгізілуде. 
Жүсіпбек  Аймауытов  «Сабақ  беру  –  үйреншікті  ғана 
шеберлік  емес,  ол  –  жаңадан  жаңаны  табатын  өнер»  [1] 
деген, яғни, оқу үрдісін жаңаша ұйымдастыру, оқушылардың 
іс-әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше 
білім алу, шығармашылық қабілеттерін дамытуға негізделуі 
қажет.  Олай  болса,  осы  жұмыстарды  ұйымдастырушы, 
міндеттерді  орындаушы  тұлғалардың  бірі  –  мұғалім. 
Сондықтан  мұғалімнің  көтерер  жүгі  де,  жауапкершілігі 
де шексіз. Орыс тілді топтарда қазақ тілі пәнін оқытуда әр 
мұғалімнің өзі қалаған әдісі, тәсілі, жинақтаған тәжірибесі 
болады.  Мұғалім,  қажет  етсе,  өзгеден  үйрене  алады, 
қолданады, жетілдіріп, жаңартады.
Қазақ  тілін  оқытудағы  ең  өзекті  мәселе  –  тіл  дамыту. 
Мұғалім 
тіл 
дамытуға 
байланысты 
жүргізілетін 
материалдарды  дұрыс  тандай  біліп,  оны  дұрыс  бере  білуі 
қажет.  Көздеген  нәтижеге  жету  үшін  сабақ  жоспарлағанда 

39
оқушылардың  жас  ерекшеліктерін  және  уақытты  дұрыс 
пайдалану қажет.
Әдіскер  ғалым  Нұржамал  Оралбаева  тіл  дамыту  үшін 
төмендегідей  жұмыс  түрлерін  көрсетеді:  сөздік  жұмысы, 
жаттығулар  арқылы  тіл  дамыту,  мәтін  арқылы  тіл  дамыту, 
жазбаша тіл дамыту. Орыс аудиториясында сабақ жүргізетін 
оқытушылардың барлығы тіл дамытудың түрлерімен таныс, 
сабақ барысында үнемі қолданылады, бірақ әрбір оқытушы 
өз әдістемесіне байланысты әр түрлі жолмен келеді.
Сабағымды  бастамас  бұрын  баланы    және  оның  көңіл-
күйін  осы  сабаққа  аударамын.  Оған  керекті  әдістің  бірі 
–  диалог.  Диалог  арқылы  оқушымен  тікелей  сөйлесіп, 
арадағы  үнсіздікті  жоямын,  оқушының  тілін  қазақша 
сөйлеуге  жаттықтырамын.  Диалог  арқылы  әр  сабақта 
оқушымен  сөйлескенде  сұрақтар  қоя  отырып,  бүкіл  топты 
жұмылдырып,  олардың  зейінін  өзіме  бағыттаймын.  Кейін 
үй тапсырмасын сұрастыра келіп, өтілетін жаңа тақырыппен 
байланыстыра  қысқаша  әңгіме  өрбітуге  болады.  Бұл  әдіс 
оқушы мен мұғалім, оқушы мен оқушы арасында күнделікті 
сабақ  барысында  жүргізілетіндіктен  өзіндік    нәтижесін 
беретіні анық.
Тіл  дамытуда  атқарылатын  жұмыстың  тағы  бір  түрі  – 
сөздік жұмысын жүргізу. Сөздік жұмысын жүргізу арқылы 
оқушының сөздік қорын байыту көзделеді Сөздік қоры бай 
адамның ойын анық жеткізу мүмкіндігі бар. Екінші бір тілді 
меңгеру сөз үйренуден басталады. Тіл үйрету дегеніміз – кез 
келген сөзді құрғақ жаттап алу емес, жаңа сөздің мағынасын 
түсініп, саналы түрде есте сақтау, жаттау, ауызша, жазбаша 
сөздерді дұрыс қолдана білу. Ал, оқушының жаңа сөздерді 
саналы түрде есте сақтауы үшін сабақта түрлі көрнекіліктер, 
кесте  сөздердің  орыс  тіліндегі  аудармасын  айту,  түсіндіру 
сияқты тәсілдер қолданылады. Жалпы, оқушылардың тілін 
дамытуда өткен сабақтарда үйренген сөздерді жаңа сабақпен 

40
байланыстыра, сол сөздерді қайталап, жаңа сөздермен бірге 
ауызша, жазбаша сөйлем құраттыру аса маңызды. Оқу орыс 
тілінде  жүретін  мектептерде  оқушыларға  жаңа  сөздерді 
үйретуде төмендегідей әдістемелік талаптар ескерілуі тиіс: 
1. Жаңа сөздерді дұрыс айтуға дағдыландыру. Сөздердің 
мағынасын  түсініп  есте  сақтаумен  бірге,  дұрыс  айтып 
үйренудің мәні зор.
2.  Заттың  өзін  көрсету  арқылы  меңгерту.  Затты  нақты 
көрсеткенде  оқушының  көру  қабілеті  арқылы  сөздің 
мағынасын түсініп, есте сақтау мүмкіндігі артады.
3.  Жаңа  сөзді  аудару  арқылы  меңгерту.Жаңа  сөздерді 
оқушылардың  ана  тіліне  аудару    сөздің  дәл  мағынасын 
ашатын бірден-бір тәсіл деуге болады.
Осындай сөздік жұмыстары арқылы тіл дамытуда мұғалім 
оқушыға  жаңа  сөздердің  мағынасын  меңгертіп,  дұрыс 
айтуын  қалыптастырумен  бірге,  жаңа  сөздерді  оқушының 
қазақша сөйлеуіндегі белсенді сөзге айналдыруды көздейді. 
Әсіресе, жоғарыда айтылып өткендей, жаңа сөздерді үйретіп 
есте сақтауда көрнекіліктердің маңызы ерекше. Көрнекілік 
құралдарға  суреттер,  альбомдар,  техникалық  құралдар, 
т.б.  әр  түрлі  заттар  жатады.  Соның  ішінде  сурет  бойынша 
жүргізілетін жұмыстың алатын орны ерекше. Оқушы суретті 
көріп қана қоймай, оның аты қазақ тілінде қалай жазылып, 
қалай  аталады,  соған  көзін  үйретіп,  тілін  жаттықтырады. 
Көргені, байқағаны бойынша өз  жанынан  сөз қосады.  Сол 
арқылы оның логикалық ойы дамиды, тілі жетіледі. 
Оқытушыларға  тіл  үйретуде  жүргізілетін  тіл  дамыту 
жұмыстарының  бірі  –  мәтінмен  жұмыс.  Мәтінді  оқудың 
белгілі  бірнеше  түрі  бар  екені  барлығымызға  белгілі. 
Мәтінмен  жұмыс  істегенде  әр  түрлі  әдіс-тәсілдер 
қолданылады.  Мәтінді  оқытудағы  түпкі  мақсат  оқушының 
түсініп оқуы. Оқушының мәтінді түсіну қабілетін әр түрлі 
әдіс-тәсілдерді қолдана отырып анықтауға болады:

41
1.  Оқыған  мәтіннің  мазмұнын  айтып  беру  жолымен  өз 
алдына дербес сөйлемдер құрастыру.
2. Мәтіндегі мұғалімнің сұрағына дайын жауап айту (оқу).
3.  Берілген  мәтіндегі  ойды  бірнеше  сөйлеммен  айтып 
беру.
4. Оқыған мәтінге тақырып қою.
Міне,  осы  сияқты  жұмыс  түрлерін  өткізе  отырып, 
мәтін  арқылы  тіл  дамыту  кезінде  оқушылардың  ой-өрісін 
дамытуға, білім алуларына мүмкіндік туады.
Сабақта  ойын  элементтерін  қолдану  оқушылардың 
белсенділігін  арттырып,  оларды  ынталандырады.  Ойын  
оқушының  сабаққа  қызығушылығын  арттырса,  екінші 
жағынан  тапқырлыққа  баулып,  ойлау  қабілетін  дамытады. 
Әсіресе, рөлдік ойындар оқушылардың тілін дамытып, алған 
білімін  күнделікті өмірде қарым - қатынас жасау барысында 
қолдана білуге машықтандырады.
Қазақ  тілі  сабағында    мұғалімнің  алдына  қойған 
мақсатына жетуі үшін орындалатын әр түрлі жұмыс түрлері 
оның  біліктілігі  мен  әдістемелік  шеберлігіне  байланысты. 
Осындай  жұмыс  түрлерін  сабақ  барысында  пайдалана 
отырып, «Шет тілі» мамандығының 1-курс студенттерімен 
жүргізген сабақ жоспарын ұсынамын.
Сабақтың тақырыбы: Аяқ-киім жөндеу шеберханасында
Сабақтың мақсаты: білімділік – студенттердің ауызекі 
сөйлеу  тілін,  сөздік  қорын    дамыту,      тақырыпқа  қатысты 
сөздер  мен  сөз  тіркестерін  дұрыс  құрастыруға,  қолдануға, 
сұрақ  қойып,  жауап  бере  алуға    үйрету;  дамытушылық 
  түрлі  әдіс-тәсілдерді  пайдалана  отырып,  сабаққа 
қызығушылығын  ояту,  компьютерлік  технологиялардың 
негізінде танымдық қабілетін  қалыптастыру, белсенділігін 
арттыру,    диалог  ұйымдастырып,  сөйлету  жолдарын 
іздестіру, өз бетімен, топпен жұмыс істеуге дағдыландыру; 
тәрбиелік – мамандықтың кез келген түрін бағалау, адамның 

42
еңбекқорлық  қасиетін бойына сіңіру, адал еңбекке тәрбиелеу.
Түрі: жаңа сабақ. Әдісі: түсіндірмелі, демонстрация, ой 
қозғау, рөлдік, сұхбат, топпен жұмыс, т.б. 
Көрнекілігі:  интерактивті  тақта,  компьютер,  слайдтар, 
дыбыстық файлды тыңдау үшін колонка. 
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру. Сәлемдесу. Түгелдеу. Сабаққа дайын-
дау. 2. Үй тапсырмасын сұрау.
Өткен  сабақта  халыққа  қызмет  көрсету  орындарының 
бірі  -  «Шаштаразда»  тақырыбын  қарастырдық.  Тақырып 
бойынша  екі-үш  студенттен  бірігіп  слайд  дайындау,  оны 
қорғау берілген. Кім айтады? (2-3 студент (7мин). 
Сұрақ қойып, үй тапсырмасын қорытындылау.
Жаңа сабақ.
Жаңа  тақырыпты  бастамас  бұрын  қазір  дыбыстық 
файлды қосу  арқылы бір мәтін тыңдайық. Мәтінді  екі рет  
тыңдаймыз,  кейін  мәтінде  не  туралы  айтылғанын  айтып 
мәтінге ат қоямыз. 
Мынау – «Ивушка» дүкені. Дүкеннің сол жағында «Аяқ-
киім  жөндеу»  шеберханасы  орналасқан.  Шеберхана  үлкен 
емес,  онда  әр  түрлі  қызмет  түрлері  көрсетіледі.  Оның 
жұмыс  істеу  уақыты  сағат  9.00-ден  кешкі  18.00-  ге  дейін. 
Шеберханада  етікші  жұмыс  істейді,  ол  аяқ-киімдерді 
жөндейді.  Етікші  –  қоғамға  қажет  мамандықтардың  бірі. 
Өйткені  адамдардың  аяқ-киімдері  жыртылса,  оны  жөндеу 
үшін  шеберханаға  барады.  Әсіресе,  көктем  мен  күз 
айларында  оның  жұмысы  көп  болады.  Ол  әрдайым  халық 
үшін қызмет етеді (2мин).
Сұрақ қойып, мәтінді пысықтау:
Мәтінде не туралы айтылған?
Шеберханда кім жұмыс істейді?
Етікші қандай мамандық, ол не істейді?
Кім үшін қызмет етеді?

43
Аяқ киім жыртылса, біз қайда барамыз?(1мин)
Мәтінге қандай ат қоюға болады?
-  Ендеше,  бүгін  біз  сіздермен  халыққа  қызмет  көрсету 
орындарының  бірі  –  «Аяқ-киім  жөндеу  шеберханасында» 
деген  жаңа  тақырыпты  бастаймыз.  (Сабақтың  мақсатын 
түсіндіру) 
Слайд  көмегімен  етіктің  суретін  демонстрациялау 
арқылы  етіктің  құрылымымен,  тақырыпқа  қатысты 
жаңа  сөздермен  және  сөз  тіркестерімен  таныстыру  (20 
мин).
өкше                          ломаться                                        
нәлі                            прибить, вбивать
табан                        клеить
ұлтан                        сшивать
қоныш                       сузить           
қапсырма                  поменять          
ұлтарақ                    класть       
етік                           ремонтировать
бәтеңке                    прибивать гвоздями 
Жедел жөндеу, алдын ала төлеу, қашан дайын болады?
Жаңа сөздерді  дауыстап хормен оқу. Екінші бағанда орыс 
тілінде берілген етістіктерді аударып, бірінші бағандағы зат 
есімдермен сөз тіркестерін құрастырамыз. Ол үшін орысша-
қазақша  сөздікті  пайдаланамыз.  Енді  сөз  тіркестерді 
пайдаланып,  етістіктің  бұйрық,  шартты,  қалау  райларында 
сөйлем құрастырамыз. Тақтаға екі-үш студент шығады. 
Сабақты бекіту. Тілді дамыту мақсатында студенттерді 
үш топқа бөліп, әр топқа белгілі бір жағдаят бойынша рөлдік 
тапсырма  орындату.  Рөлдік  тапсырманы  беру  барысында 
студенттерге тірек сөздер беріледі.
1.  Сіз  туған  күн  кешіне  келе  жатырсыз.  Жолда  аяқ-
киіміңіздің  өкшесі  сынып  қалды,  жақын  арада  аяқ-киім 
жөндеу шеберханасы бар ма, сол туралы сұрап біліңіз, аяқ-

44
киіміңізді жөндетіңіз.
2. Сіз жарнама жасау агенттігінде жұмыс істейсіз. Сізге  
аяқ-киім жөндеу шеберханасы туралы жарнама жасау керек.
3.  Сіз  аяқ-киім жөндеу  шеберханасына келдіңіз, шебер-
хана жабық. Сіз не істейсіз? (7 мин)
Студенттерді тыңдау. (7мин)
Сабақты қорытындылау.
Аяқ-киім жөндеу шеберханасында қандай қызмет түрлері 
көрсетіледі? 
Қандай жаңа сөздер мен сөз тіркестерін меңгердіңіздер?
Бұл тақырып арқылы не білдіңіздер?
Етікші қоғамға қажет мамандық па?
Кез келген адам етікші бола алады ма?(3 мин)
Бағалау. 
Үйге тапсырма. (3 мин.)
1. Тақырыпқа қатысты берілген сөздер мен сөз тіркестерін 
жаттау.
2. Жағдаяттық сұхбатты ауызша тапсыру.
3. Берілген мақал-мәтелдерді аударып, мағынасын түсін-
діріңіз.
•  Шебердің қолы – көпке ортақ.
•  Ұста пышаққа жарымас,
       Етікші бізге жарымас
•  Жаман етікші біз таңдайды.
•   Ерінбеген етікші болады.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.  Орыс  тіліндегі  мектептерде  қазақ  тілін  оқыту 
әдістемесі: Жоғары оқу орындары студенттеріне арн.оқулық 
/ Н.Оралбаева, К.Жақсылықова. А., «Ана тілі», 1996 ж., 208-
бет.
2. Ж.Аймауытов. Қазақстан мектебі. №6, 1991, 72-бет.
3. Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектептерінде. №4, 2008 
жыл.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет