Адамға екі нәрсе тірек тегі: Бірі тіл, бірі ділің жүректегі



жүктеу 2.98 Kb.
Pdf просмотр
бет10/10
Дата09.09.2017
өлшемі2.98 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Ойын  тәртібі:  Балалар  арасынан  қалауы  бойынша  бір 
жүргізуші шығады. Содан барлық балалар оған арқасымен тұрады 
және сығаламайды. Бала құпия түрде кез келген бір балаға келіп, 
оған белгілі бір қалыпты көрсетеді. (оны ол өзі ойлап шығарады) 
Содан  кейін  жүргізуші  артқа  бұрылып,  шетке  шығып  тұрады, 
қалыпты көрсеткен бала, басқа бір қатысушыны таңдап алып және 
оған  өзі  көрген  сол  қалыпты  көрсетеді...  т.с.с.  Бүкіл  балаларға 
қалып көрсетіліп болғаннан кейін, олар шеңбер жасап бір-біріне 
қарап  тұрады.  Жүргізуші  өзінің  қалпын  көрсеткеннен  кейін 
балалар арасында ойынды соңғы аяқтаған бала қалпын көрсетеді. 
Бірінші және соңғы қалыптар теңестіріледі.
Ескерту:  Қалыптар  әр  түрлі  болуы  қажет,  егер  балалар  өз 
қалыптарының  әр  түрлі  болуынан  ұялса,  оларға  солай  болуы 
керектігін  түсіндіру  қажет,  “бұзылған  телефон”  жайлы  айтып 
беріңіз.
 14-ойын: « Осы қалыптар» (25 минут)
Ойын мақсаты: бақылау қабілетін және назарды (ықыласын) 
дамыту.
Ойын тәртібі: Балалар қалауы бойынша топтан 5 бала шығады. 

137
Олардың біреуі – жүргізуші. Басқа балалар орындыққа отырады, 
олар – көрермендер. Таңдап алынған 5 баланың  төртеуі жүргізушіге 
өз  қалыптарын  көрсетеді.Ол  үстелдерді  айналып,  балалардың 
қалпын есте сақтап қалады. Содан кейін балалар залға кетеді және 
орындыққа  отырады,  ал  жүргізуші  олардың  қалыптарын  көрген 
реті бойынша қайталайды. Залдағы көрермендер қалыптар дұрыс 
қайталанды  ма,  жоқ  па  туралы  айқайлайды.Егер  қалып  дұрыс 
көрсетілмеген жағдайда, көрермендер арасынан сахнаға бір бала 
шығып, қайталап көрсетеді.
15-ойын: « Тәртіпті есте сақта» (25 минут).
Ойын мақсаты: есте сақтау қабілетін дамыту.
Ойын  тәртібі:  5-6  бала  таңдап  алынады.Қалғандары  – 
көрермендер.
Таңдап  алынған  балалар  арсынан  біреуі  –  жүргізуші.  Қалған 
4-5 бала паравоз болып құралады.Жүргізуші құрылған паравозға 
1  минуттай  қарап  тұрады,  содан  соң  артқа  бұрылып,  балаларды 
атымен атап, паравозда тұрған ретімен  санап беруі керек.
Содан  кейін  ойыншылар  көрермендерге  айналып,  сахнаға 
басқа балалар шығады.
Ескерту:  Егер  балалар  ойыннан  шаршап,  оған  көңілсіздік 
танытса, ойында 25 минуттан артық ойнатпаңыз және басқа ойынға 
көшіңіз.  Балалардың  көңілінен  шыққан  ойындарды  қайталауға 
болады.  Балаларға  қиындық  туғызатын  ойындарды  бірнеше  рет 
қайталау ұсынылады.
16-ойын: « Кім не істеді» (25 минут).
Ойын  мақсаты:  бақылаушылық  және  есте  сақтау  қабілетін 
қабылдауды дамыту.
Ойын  тәртібі:  Балалар  тобынан  3-4  бала  таңдап  алынады.
Таңдап  алынғанның  біреуі  –  жүргізуші.Қалған  балалар  – 
көрермендер.  Таңдап  алынған  2-3  бала  кезекпен  жүргізушіге  әр 
түрлі әрекеттерді көрсетеді. Ол қарап және есінде сақтайды.Содан 
соң ол оларды көрген тәртіптік реті бойынша қайталайды.
Ескерту:  Мүмкіндігінше,  ойынды  фонограммамен  өткізген 

138
дұрыс.  (көңілді әуенмен)
17-ойын: « Суретші» (25 минут).
Ойын  мақсаты:  бақылаушылық  және  есте  сақтау  қабілетін 
қабылдау мүмкіндіктерін дамыту.
Ойын тәртібі: Балалар тобынан 2 бала таңдап алынады. Қалған 
балалар – көрермендер.Таңдап алынған баланың біреуі – суретші 
(қалауы  бойынша),  екіншісі  –  оған  өзінің  портретіне  тапсырыс 
береді.  Суретші  ұқыпты  түрде  өзінің  тапсырыс  берушісіне 
қарайды (1,5 – 2 минут). Содан соң ол артқа бұрылып, есте сақтауы 
бойынша бірінші баланың түрін суреттейді.
Ескерту: 
1.  Егер  суретші  баяу  қимылдаса,  оған:  «Ақеркенің  шаштары 
қандай?», «Оның көздері қандай?» Ол қандай киімдер киген?» - 
деген сұрақтар қоюға болады. т.с.с.
2.  Балалар  намысына  тиетін  көзқарастарды  айтуға  тыйым 
салынады.
3. Мұғалім: - «Қане, Ақерке қандай сұлу ?» деген балалардың 
сыртқы әдеміліктерін көрсетуі керек.
18-ойын: «Айналар» (25 минут).
Ойын  мақсаты:  бақылаушылық  және  коммуникативтік  
мүмкіндіктерін дамыту.
Ойын тәртібі: Балалар тобынан бір жүргізуші таңдап алынады. 
Ол  көп  айнасы  бар  дүкенге  келді  деп  есептелінеді.Жүргізуші 
ортада  тұрады,  ал  балалар  жартылай  шеңбер  жасап,  оның 
жанында тұрады (Жүргізуші және мұғалім ойнаушылардың біреуі 
болуға болады.) Жүргізуші қимылды көрсетеді, ал «айналар» сол 
қимылды сол сәтте-ақ қайталайды.
Жүргізуші сан түрлі қимыл көрсетуіне болады.
Ескерту: Жүргізуші рөлінде барлық балалар болуы қажет.
19-ойын: «Барлаушылар» (25 минут).
Ойын мақсаты: бақылаушылық, есте сақтау, коммуникативтік 
және ұйымдастыру қабілетін  дамыту.
Ойын тәртібі.

139
1-нұсқа.  Балалар  тобынан  «Барлаушы»  және    «Командир» 
таңдап  алынады.Қалғандары  –  «Жасақ».  Бөлмеде  орындықтар 
ебедейсіз  жағдайда  орналасқан.  «Барлаушы»  орындықтар 
арасымен жан-жақтан өтеді, «Командир» «Барлаушы» әрекеттерін 
бақылап  тұр.  Содан  кейін  ол  «Жасақты»  «Барлаушы»  көрсеткен 
жолмен өткізеді. Содан кейін екінші «Барлаушы» жаңа жол салады 
және басқа «Командир» оны қайталайды, т.с.с.
2-нұсқа.  Жалпы  ойын  тағы  сол  сияқты  өткізіледі,  бірақ 
«Командир» «Жасақты» «Барлаушы» өз жолын  аяқтаған жермен 
жүргізеді және «Барлаушы» шыққан жерге апарады.
3-нұсқа.  Өзін  өзі  бақылауды  және  еркін  қозғалыстарды 
дамыту.
20-ойын: «Жалауша» (25 минут).
Ойын мақсаты: гипербелсенділіктен өту, өзін өзі бақылауды 
дамыту.
Ойын  тәртібі:  Әуен  ойнап  тұр  (дұрысы  марштық)  және 
балалар  әуенге  қозғалуда  (маршпен  немесе  еркін  қозғалыста) 
Бастаушы  әмірі  (жалауша  немесе  қолын  көтергенде)бойынша 
барлық балалар бастаушы берген әмірдегі қалыпта тоқтап, қатып 
қалулары керек (5 – 7 секунд). Әуен ойнауы жалғаса береді. Содан 
кейін бастаушы әмірі бойынша қайтадан қозғала бастайды.
21-ойын: «Тыйым салынған нөмір» (25 минут)
Ойын мақсаты: өзін өзі бақылауды, өзіндік тәртіпті, сонымен 
қатар санау қабілетін күшейтуді дамыту.
Ойын  тәртібі.  Белгілі  бір  сан  таңдап  алынады,  мысалы 

  4. 
Сағат белгісі бойынша балалар шеңберге тұрып кезекпен 1,2,3... 
санайды.  Кезек  төртінші  балаға  келгенде  ол  санды  айтпайды, 
шапалақпен  алақанын  4  рет  соғады.  Тыйым  салынған  ретінде 
4,7,11,14,15,18,21,23,  25  сандары  алынады.  (25-ке  дейін  санаған 
жағдайда.)
22-ойын: «Тоқта» (25 минут).
Ойын мақсаты: Өзін өзі бақылауды және еркін қозғалыстарды 
дамыту.

140
Ойын  тәртібі.  Марштық  әуен  ойнап  тұр.Балалар  маршпен 
қозғалып тұр.Кенеттен әуен үзіліп қалады, бірақ балалар маршпен 
қозғалуды  жалғастыра  береді.1  –  1,5  минуттан  кейін  әуен  қайта 
жалғасады, ал балалар қозғалады, содан кейін 3 – 4 минуттан кейін 
әуеннің  кенеттен  тоқтап  қалуы  қайталанады,  балалар  маршпен 
қозғалып тұр, т.с.с.
23-ойын: «Қатып қал» (25 минут).
Ойын мақсаты: Еркін қозғалыстарды дамыту.
Ойын  тәртібі.  Көңілді  және  қозғалысты  әуен  ойнап  тұр.
Балалар секіріп және еркін әуен тактісіне қозғалады.Кенетен әуен 
үзіліп қалады, балалар әуен тоқтағандағы қалыпта қатып қалады. 
Содан  кейін  1  –  1,5  минуттан  кейін  әуен  қайта  жалғасады  және 
балалар қозғалысты жалғастырады.
24-ойын: «Сиқырлы сөз» (25 минут).
Ойын мақсаты: Еркіндікті,  өзін өзі бақылауды және назарды 
дамыту.
Ойын тәртібі. 
1-нұсқа. Балалар және бастаушы шеңберге тұрады. Бастаушы 
әр  түрлі  қозғалыстар  көрсететіндігін  түсіндіреді,  ал  балалар 
бастаушының пожалуйста деген сөзінен кейін ол қозғалыстарды 
қайталауы  қажет.Егер  бұл  сөзді  бастаушы  айтпаса,  балалар 
қозғалыссыз қалады.
Ескерту:  1  –  5  қозғалыстан  кейін  бастаушы  сиқырлы  сөзді 
белгісіз тәртіпте қайталайды.
2-нұсқа. Ойын тәртібі 1 нұсқадағы сияқты еш өзгеріссіз, бірақ 
кім қателессе, сол ортаға шығып нөмір орындауы керек (ән айтып 
беруі керек, өлең оқу,жаңа ойын ойлап табу және басқа)
Ескерту: Егер балалардың ішінде балалар ойыннан бас тартып 
жатса, оны мәжбүрлеудің қажеті жоқ, ойынды жалғастыра беріңіз.
   
   
 

141
Мұғалім мінбесі
Әлия КӘКІМҚЫЗЫ,
                                                                                   Д.Серікбаев атындағы 
                                                                   Шығыс Қазақстан мемлекеттік
                                                              техникалық университетінің                
                                оқытушысы.
СЫН ТҰРҒЫСЫНАН ОЙЛАУ
Сын тұрғысынан ойлау – оқу мен жазуды дамыту бағдарламасы. 
Оқушыны  мұғаліммен,  сыныптастарымен  еркін  сөйлесуге,  пікір 
таластыруға,  бір-бірінің  ойын  тыңдауға,  құрметтеуге,  өзекті 
мәселені  шешу  жолдарын  іздей  отырып,  қиындықты  жеңуге 
көмектесетін бағдарлама. [3]
Сын  тұрғысынан  ойлау  дегеніміз  белгілі  бір  идеяларды 
қабылдай  отырып,  оның  неге  қатысты  екендігін  зерттеу,  оларды 
жеңіл  септикалық  ойларға  қарсы  қоя  салыстыру,  сол  идеяларға 
қарсы  көзқарастармен  тепе-теңдікті  ұстап  зерттеу,  оларды  жеңіл 
синтетикалық  ойларға  қарсы  қоя  салыстыру,  оларға  сеніммен 
қарайтын белгілі бір жүйелілікке түсіріп қолдану.
Сын  тұрғысынан  ойлау  –  идеялармен  бар  мүмкіндікті 
шығармашылықпен  қарап,  жақындастыратын  концепциялар  мен 
ақпараттарды қайтадан түйіндеп тұжырымдайтын құбылыс. 
Сын тұрғысынан ойлаудың негізгі мәні:
1.  Жаңа  ситуацияда  қолдана  алатын  ұтымды  және  ұзақ 
мерзімдік  оқу  негізінен  ақпараттар  мен  идеялар  туралы  қолма-
қол ой, пікір айту. Егер де оқу белсенділікпен үйреніп, талданса 
және  берілген  ақпараттардың  соңында,  оның  өз  тәжірибесінің, 
білімінің бір бөлігі ретінде айта қалсақ – бұл іс-әрекет өте жақсы 
жасалынады.
2. Егер оқушы ойлау іс-әрекетінде үнемі тұрақты стратегияны 
қолданып отырса, онда оның білімі даму деңгейіне жетеді.
3. Оқушының жаңа үйренгенін нағыз өмірде қолдану мүмкіндігі 
болса,  онда  оның  үйренуі  мен  сын  тұрғысынан  ойлау  дәрежесі 

142
өседі.
4. Шәкірттің білім деңгейі өседі,
 
ол оны өзінің байырғы білімі 
мен жаңа ақпаратты сабақтастыруға мүмкіндік жасалынса.
5. Мұғалім ой мен тәжірибенің әр түрлілігін және мәнін түсінсе, 
сонда ғана сын тұрғысынан ойлау мен жазу іс-әрекеті болады.
Орыс  аудиторияларындағы  шәкірттердің  сөз  байлығын 
дамытуда,  оларды  қазақша  сауатты  жазып,  дұрыс  сөйлей  білуге 
үйретуде, ең алдымен, мынадай талаптар атқарылуы керек.
Әрбір сөзді тұрақты түрде естерінде сақтаулары керек.
Оқушыға үйрететін сөздің көпшілігі күнделікті өмірде кездесіп 
отыратын сөз болуы керек.
Әрбір үйретілген сөз қайталанып отыруы шарт.
Қазақ  тіліне  тән  дыбыстарды  дұрыс  айтуға  дағдыландыру 
арқылы дұрыс сөйлеуге үйретуіміз керек.[1] 
Оқушы  бірлесіп  үйренуде  кішігірім  топтармен,  жұппен 
жұмыс жасауда, ортақ мәселелерді талқылағанда жаңа пікірлерге 
шығармашылықпен қарау тұрғысында, жаңалықтар ашу барысын-
да  жұмыс  істейді.  Топ  мүшелері  өз  ойларын  ортаға  салып  және 
сол ойларды кесте арқылы көрсетеді. Шамалары келгенше қорғап 
шығуға  тырысады.  Бірлесіп  жұмыс  жасағанда  мына  жайттарды 
еске ұстау қажет: сыйластық; жауапкершілік; топқа бөлгендегі әр 
тектілікті ұмытпау; топтың барлық мүшелерінің кезекпен сөйлеу 
дағдысын  үйрету;  тікелей  сөйлеуде  әлеуметтік  қарым-қатынас 
жасау  дағдыларын  қалыптастыру;  мұғалімдердің,  оқушылардың 
топ ішінде сөйлеуін бақылау және қажет кезде кірісіп сөйлеп кету; 
топта ұтымды жұмыс істеу. 
Осындай топта бірлесіп жұмыс істеп үйренген оқушылардың 
білімдері нәтижелі болады, шыңдалады.
Бірлесіп  жұмыс  жасауда  қол  жеткізуге  болатын  жетістіктер: 
оқушының,  ең  алдымен,  есте  ұстау  қабілетінің  жоғарылауы; 
жиі-жиі  ой  талқысын  жасау  және  терең  түсінікпен  ойлаудың 
дамуы арқылы оқушыны сөйлету; сабақта өз бетімен бақылаусыз 
отырғаннан  гөрі  оқушылардың  жұмыс  басты  болуы;  бір  нәрсеге 
үйрету  мәнді  түрде  қызығушылығының  оянуы;  бірлесіп  жұмыс 
жасау  кезінде  топ  мүшелерінің  ұлтына,  жынысына,  қабілетіне, 

143
әлеуметтік  жағдайына  қарамай  олардың  бір-біріне  дұрыс 
көзқараспен қарап, ойларын түсінеді.
Оқушылар  жұмыс  жасау  барысында  бір-біріне  көмектесіп, 
ойларын  ортаға  салады,  ынталарына  күш-қуат  бере  отырып, 
өздерінің  білім  алуын  көтермелейді,  оқуға,  жазуға,  тыңдауға, 
сөйлеуге  кең  мүмкіндіктер  беретін  ортада  оқушы  өз  пікірлерін 
еркін жеткізуіне жағдайлар жасайды. [2]
Сын  тұрғысынан  ойлау  бағдарламасының  философиясын 
түсініп, әдістерін тиімді пайдаланған кезде мынандай жетістіктерге 
жетуге болады:
1. Мәселенің ең негізгі түйінін табуға дағдыланады.
2. Оқушылар өз бетінше ізденуге үйренеді.
3. Сұрақ қойып, сұрақтарға жауап беруге машықтанады.
4.  Тақырыпқа  деген  жан-жақты  түсінігін  аңғара  отырып, 
ынтасын одан әрі дамытуға мүмкіндік жасалады.
5. Ой идеясының ішкі астарына үңілуге, өзекті мәселеге терең 
барлауға бағыт беріледі.
6. Ақпаратты саралауға, жүйелі жүргізуге дағдыланады.
7.  Оқушылардың  шығармашылық  белсенділіктері  және  сын 
тұрғысынан ойлау әрекеттері бағаланады.
8. Сын тұрғысынан ойлай отырып, өзіндік белсенділіктің болуы 
да білімге құлшынысты, жаңалықты ашуға, ізденуге, қиындыққа 
төзуге үйретеді.
Сын  тұрғысынан  ойлаудың  әдіс-тәсілдері  оқушыларды 
тынымсыз  ізденімпаздыққа  баулиды.  Баланың  еркін  де  терең 
ойлауына,  үздіксіз  жұмыс  жасауына  жол  ашады.  Оқушының 
ізденісі жеміссіз болмақ емес. [4]
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде». №1/2004 ж. «Ой 
қозғау – ынталандырудағы танымдық тәсілдің бірі».
2. З.Рахметова «Сын тұрғысынан ойлау технологиясы». «Қазақ 
тілі мен әдебиеті орыс мектебінде». №1/2004 ж. 
3.Қазақ әдебиеті энциклопедиясы А., «Білім», 1993.
4. Ш.Алтаева. «Сыни ойлау – шыңдалған ойлау». Қазақ тілі мен 
әдебиеті. №7/2003. 

144
Бас редакторы - Зернебек ШІЛДЕБАЙҰЛЫ.
“Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде –
Казахский язык и литература в русской школе”  –
ай сайын шығатын республикалық 
ғылыми-педагогикалық жұрнал.
Құрылтайшы және шығарушы: 
“Білім және Ғылым” жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
Жауапты редакторы –  Гүлзия БОЛАТБАЙҚЫЗЫ.  
Корректоры - Гүлзира ӨМІРБЕКҚЫЗЫ.
Компьютерде теріп, беттеген – Жанар СЕЙДУЛЛАҚЫЗЫ.
Қолжазба қайтарылмайды. Авторлардың мақалаларындағы
ой-пікірлер редакцияның көзқарасын білдірмейді.
Жұрнал Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат 
және спорт министрлігінің Ақпарат және мұрағат 
комитетінде тіркеліп, оған 2005 жылдың қыркүйек 
айының 14-і күні Бұқаралық ақпарат құралын есепке 
қою туралы №1402-Ж Куәлігі берілген.
Басуға 20.12.2011ж. қол қойылды. Пішімі – 84х108 1/32.
Офсеттік басылым. Әріп түрі – Times New Roman.
Шартты басылым табағы – 8.0. Есептік баспа табағы – 7.68. 
Таралымы – 1400. Бағасы – келісімді. ИНДЕКСІ – 75697.
Мекен-жайымыз: 050009, Алматы қаласы, 
Гайдар көшесі, 123-үй.
Бас редактордың қабылдау бөлмесі және 
бөлімдер.........................256-06-46.
Факс................................256-13-41.   
Электрондық пошта: KazUlagat@mail.ru
Басылатын жері – «Хай Текнолоджи» полиграфиялық 
кешені. Алматы қ., Мыңбаев көшесі, 43. 
РЕСПУБЛИКАНСКОЕ НАУЧНО-ПЕДАГОГИЧЕСКОЕ
 ИЗДАНИЕ ТОВАРИЩЕСТВА С ОГРАНИЧЕННОЙ
 ОТВЕТСТВЕННОСТЬЮ “БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ”
© «Қазақ тілі мен әдебиеті орыс мектебінде -
Казахский язык и литература в русской школе»,
 №12, 2011 ж., 144 бет, Алматы.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Каталог: uploads -> magazine -> pdf
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> АҚпан 2011 февраль ақылдастар алқасы: Зейнеп ахметова, Бөлек аманбаева, Мұзафар
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Мектебінде
pdf -> Жүсіп баласағҰНИ
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық
pdf -> «Қазақ тілі мен әдебиеті» және «Ұлағат» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ай сайын шығатын Республикалық

жүктеу 2.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет