Абылай хан (1711-1781 ж ж.) Бектібаева Л. А



жүктеу 168.82 Kb.
Pdf просмотр
Дата14.02.2017
өлшемі168.82 Kb.
#2832

АБЫЛАЙ ХАН 

(1711-1781 ж.ж.)

Бектібаева Л.А.

АБЫЛАЙ ХАН – ҰЛЫ ҚАЙРАТКЕР,

ДАРЫНДЫ ҚОЛБАСШЫ, ДАҢҚТЫ 

МӘМІЛЕГЕР

• Лауазымы

Қазақ ханы

Орта жүздің ханы

1771 — 1781жж.

• Ізашары: 

Әбілмәмбет хан

• Ізбасары: 

Уәли хан

• Дүниеге келуі: 

1711 жыл

• Қайтыс болуы: 

1781 жыл

• Жерленді:

Түркістан Қожа Ахмет Иасауи кесенесі



• Әкесі: Көркем Уәли Сұлтан

Алмағайып сұрапыл заманда 

есеңгіреген елге ес  кіргізіп, бір тудың 

астына біріктіре білген Абылай ерлігі 

мен  ақыл-парасатын қатар жұмсаған 

сарабдал саясаткерлігінің арқасында 

қазақ халқын жойылып  кетуден сақтап 

қалды. Осылайша, туған халқының      

кемел болашағын аңсаған ол өз дәуірі 

артқан ұлы жүкті қайыспай көтеріп, ел 

алдындағы перзенттік парызын 

атқарып кетті.

Н.Назарбаев



• Тарих-халқымыздың жүріп өткен сан

ғасырлық жолдары, бастан кешкен қилы

тағдыры, жеңілісі мен жеңісі. Өткеннен

тағлым алу, ата-бабаларымыздың қандай

тіршілік

кешкенін,

қасиетті

Қазақ

халқының сан ғасырлық арпалыс, күресін

білу-жүрегі ұлтым деп соққан әрбір

азаматтың парызы. Адамзатқа қажетті

рухани негіз тіл, дін, салт-дәстүрмен бірге,

тарих – сол халықты танытатын керемет

өмір оқулығы.

2015 жыл - ұлттық тарихымызды ұлықтау және

бүгінгі биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі

белестер жылы.

Биыл - Қазақ хандығының құрылғанына 550

жыл. Мемлекетіміздің іргетасын қалаған Керей мен

Жәнібек хандардан соң осы дәрежедегі бірнеше ірі

тұлғалар елді басқарып, оның аумақтық тұтастығын

сақтау, халықты сырт жаулардан қорғау жолында

жанын салған. Осы жолда ел тарихында ерекше

орын алатын, дәрежелері өзгелерден әлдеқайда

жоғары да асқақ бір шоғыр хандардың есімдері

белгілі.


Бұлардың

ішінде


өзінің

жеке


батырлығымен, кемеңгерлігімен, көрегендігімен,

ақылмен, саясаткерлігімен тарихымызда айрықша

аталатыны Абылай хан.




Абылайдың

есімі

мен

ерліктері туралы басы

Бұқар,

Тәтіқара, Үмбетбай жыраулар

болып, олардан кейінгі жыр

сүлейлерінің

дастандарында

ханның

бейнесі

барынша

толыққанды мүсінделеді.

Абылай хан дәуірі - қазақтың қайта бір

тұтасқан,

қазақ

территориясының

қайта

қалпына келген кезеңі, Қазақ хандығының

қайта шарықтаған кезі. Осы тұрғыдан алғанда,

Абылайдың қазақ үшін сіңірген еңбегі ұлан-

ғайыр. Төле бидің тәлім-тәрбиесінде болуы

Абылайға

зор

ықпал

жасады.

Қазақ

даласының даналығын бойына жинаған баба

ақылы мен парасатын, ел билеу қабілетін,

анталаған жауға қарсы қазақ халқы

басы

біріксе ғана тойтарыс бере алатынын жас

баланың санасына ұялата білген. Оған қоса

бала кезінен көрген жұпыны тіршілік, өмірлік

тәжірибе

Абылайдың

ел

өміріне

ерте

араласуына себепші болды.



АБЫЛАЙ, Әбілмансұр 1711 

жылы дүниеге келген (Ресей 

деректерінде 1713ж.). Ұлы 

мемлекет қайраткері, қолбасшы 

және дипломат. 

Абылай хан Шыңғыс ханның 

тікелей  ұрпағы, төре. 

Шежіре деректері бойынша 

• Шыңғыс хан – Жошы хан – оның



төртінші ұлы – Тоқайтемір - Қожа –

Бадақұлан – Өріс хан – Құйыршық

хан – Барақ хан – Әз Жәнібек –

Жәдік – Шығай хан – Ер Есім хан –

Жәңгір хан – Уәли Сұлтан –

Қанішер Абылай сұлтан – Көркем

Уәли – Абылай (Әбілмансұр) хан

болып таралады.



Абылай - Жәңгір ханның бесінші ұрпағы.



Жәңгір ханның Уәлибақы, Тәуке деген екі

ұлы болады. Жәңгір хан қайтыс болып,

таққа Тәуке отырғанда, Уәлибақы хандыққа

өкпелеп, Үргенішті билеген нағашы атасы

Қайып

ханның

қолына

барады.

Уәлибақының баласы Абылай жекпе-жекке

шыққанда жауы шақ келмейтін батыр

болып, Қанішер Абылай атаныпты. Осы

Абылайдан Көркем Уәли туады. Оның

баласы Әбілмансұр (кейін қазаққа хан

болып Абылай атанған).



Абылай хан, әкесі Көркем Уәли Түркістанға 

сұлтан болып тұрған кезде дүниеге келген. 

Бұл кезең қазақ халқы үшін жойылып кету 

қаупі төніп тұрған, өлім мен өмірдің арасында 

күн кешкендей алмағайып заман болатын. 

Батысында отаршылдық дәмін татып, тәсілін 

меңгеріп үлгерген Ресей империясы кеуделеп 

келе жатты. Шығысында өзін аспан 

әміршісіне балайтын Қытай империясы 

айдаһардай ысқырып тұрған кез. Әсіресе, 

көшпелі өмір салты ұқсас, мекен-тұрағы 

жапсарлас Жоңғар хандығы деп аталатын 

ойраттардың саяси бірлестігі (1635-1758) аш 

бүйірден шаншудай қадалады. 

Осынау тарихи жағдайды сол кездің дуалы ауыз 

ақыны бір ауыз өлеңмен былай бедерлейді: 

«Былай барсаң Қоқан бар,

Қоқаңдаған әкең бар.

Былай барсаң Қалмақ бар,

Күшіңді еппен алмақ бар.

Былай барсаң Қытай бар,

Жапырағыңды бұтай бар.

Былай барсаң орыс бар,

Балаңды берсең қоныс бар»-

осы бір шумақ аясына сол кездің әскери-саяси 

ахуалы ғана сыйып тұрған жоқ, сонымен бірге 

қазақ даласына сұғын қадаған елдердің 

дипломатиялық талғам-тәсілі мен басқыншылық 



тактикалары да айқын аңғарылады.



Абылай хан көзін ашар-ашпастан тағдырдың 

осындай зұлмат тауқыметімен беттесті. 

Жастайынан жетім қалған Абылай Төле би 

сияқты ақылгөй абыздың, Әбілмәмбет сияқты 

ханның, Бөгенбай сияқты батырдың тәрбиесін 

көріп ел-жұрттың саяси-әлеуметтік өміріне қоса 

жорық-жортуылдардың да  қыр-сырына көз 

қанықтырып, көңіл зерделетіп, бой үйретіп өседі. 

("ақтабан шұбырынды" жылдарында 

Әбілмансұр жетім қалып, үйсін Төле бидің 

қолына келеді. Аш-жалаңаштықтан жүдеген 

өңіне, өсіп кеткен шашына қарап Төле би оған 

"Сабалақ" деп ат қойып, түйесін бақтырады. 

Әбілмәмбет төренің жылқысын да бағады.)

Үмбетей жыраудың тағы басқа ауыз әдебиетінің ірі

өкілдерінің мәліметтеріне қарағанда Абылай 20 жасында

қан майданда ерлігімен танылған. Бұқар жыраудың

Абылайға "Сен жиырма жасқа жеткен соң, Алтын тұғыр

үстінде Ақ сұңқар құстай түледің" деуі осының дәлелі.

1730 - 1733 жылдар аралығында болған бір ұрыста

бұрын белгісіз жас жігіт Әбілмансұр жекпе-жекке

шығып, қалмақтың бас батыры, қоңтажы Қалдан

Сереннің жақын туысы (кейбір деректерде: күйеу

баласы) Шарышты өлтіреді.

Үлкен әкесінің аруағын шақырып, жауға Абылайлап

ат қойған Әбілмансұр жеңісті ұрыстан соң, Орта жүздің

сұлтаны деп танылып, қазақ даласындағы ең беделді

әміршілердің біріне айналады. Бұдан соңғы жерде

Әбілмансұр есімі ұмытылып, Абылай атанады.



Аңырақай

шайқасына

қатыспады

дегеннің өзінде де, Абылайдың 1730 -

1733 жылдары болған бір ірі шайқасқа

қатысқаны дау тудырмайды. Тарихи

деректерден Орта жүз жасақтары мен

жоңғарлардың арасында 1730 жылы да,

1731 жылы да бірнеше үлкен ұрыстар

болғаны

белгілі.

1732

жылы

жоңғарлардың 7 мыңнан астам әскері

Орта

жүздің

шығыс

шетіндегі

ауылдарына шабуыл жасап, тегеурінді

тойтарысқа тап болады.



Абылайдың әскери қайраткерлігі, 

қолбасшылық қабілеті 1730 - 1740 

жылдардағы шайқастарда ерекше көрінеді. 

Осындай жан алысып жан беріскен 

соғыстардың бірін Бұқар жырау 

"Қалданменен ұрысып, Жеті күндей 

сүрісіп..." деп суреттейді. Осы соғысқа 

Абылайдың қанды көйлек жолдастары: 

Қаракерей Қабанбай, Қанжығалы Бөгенбай, 

Шақшақ Жәнібек, Қарақалпақ Қылышбек, 

Шапырашты Наурызбай тағы басқа да 

қазақтың белгілі батырлары тізе қоса 

қатысады. Бұл да Абылайдың жауға қарсы 

қазақ халқының басын біріктіре білгендігінің 

дәлелі болып табылады.

Бірте-бірте ұлыстағы бар өкім Әз-Тәуке 

ханның немересі Әбілмәмбет ханнан (ол 

да Салқам Жәңгірдің әулеті) өтіп, 

Абылайдың қолына көшеді. Абылайдың 

ерлігі мен ақыл-парасатына бас ұрған 

Әбілмәмбет ақылшы аға болып қалып, 

кеңесші хан дәрежесімен шектеледі.

ХҮІІІ ғасырдың 30-шы 

жылдарының аяғында Абылай 

есімі бізге белгілі құжаттарда 

Әбілмәмбет ханмен қатар аталады. 

Орыс тарихшысы А.И. Левшин: 

"1739 жылы Орта жүзде Сәмеке 

(Орта жүздің батысындағы аз 

санды руларды билеген) ханның 

орнына хан сайлаудан бұрын 

Әбілмәмбет пен Абылай екеуі 

бірдей хандық билік жүргізген", -

деп жазды. Шоқан Уәлиханов та 

осы пікірді қолдайды.

А.И. Левшин

1740 жылы тамызда ол Орта жүз ханы 

Әбілмәмбетпен тағы да басқа 120 

старшынмен Орынборға келіп, орыс 

өкіметінің "қамқорына" кіруге келісімін 

білдірді. Сонымен бір мезгілде қазақ 

халқының тұтастығын сақтау мақсатында 

Шың империясымен де қарым-қатынасын 

суытпады. Петербург пен Пекинге елшіліктер 

аттандырды (1757-1777 жылдар аралығында 

Пекинге 10 елшілік жіберген). Ол Ресей мен 

Қытай империяларының өзара 

қайшылықтарын қазақ хандығы мүддесіне 

пайдаланып отырды.



1738 - 1741 жылдары Абылай бастаған қазақ

қолы жоңғар басқыншыларына бірнеше мәрте

соққы берді. 1742 жылы Абылай тұтқиылдан

шабуыл

жасаған

жоңғарлардың

қолына

тұтқынға

түседі.

Сол

кездегі

ойрат

басқыншыларына қарсы күресетін ең белсенді

ұйымдастырушыларының

біріне

айналған

Абылайдың жау қолына түсуі қазақ, қоғамында

абыржушылық туғызып, Абылайды босатып алу

үлкен

саяси

мәселеге

айналады.

Тарихи

жырларда қазақ, билеушілерінің атынан Төле би

мен Әбілқайыр хан Орынбор әкімшілігінен

Абылайды тұтқыннан босатып алуда ара түсуге

өтініш жасайды. Бұл деректің шындық екенін

осы

кезеңде

Орынбор

генерал-губернаторы

И.И.Неплюев

пен

Әбілқайырдың

өзара

жазысқан хаттары да дәлелдей түседі.

Қазақтың үш жүзінен Төле би бастап 90

адам елші болып барып, келіссөз жүргізіп,

1743

жылы

5

қыркүйекте

Абылайды

тұтқыннан шығарып алады. Бұл жөнінде

И.И.Неплюевтің Сыртқы істер коллегиясына

жазған хатында қазақтар мен қалмақтар

бітімге келіп, бірігіп кете ме деген қауіп те

білдірілген. Абылай билігінің күшейе түсуінің

жаңа

кезеңі

1744

жылы

Әбілмәмбеттің

Түркістанға көшіп кетуі уақытына саяды.

Абылай

көреген

саяси

қайраткер

бола

отырып, қалмақтармен аса ауыр соғыстардан

қалжыраған

елінің

есін

жиғызу

үшін

дипломатиялық

жолдарды

да

тиімді

пайдаланады.

Абылай 1745 жылы Қалдан Серен дүние

салғаннан кейін, Жоңғарияның билеуші

топтарының

тақ

таласынан

әлсіреп,

бұрынғы

әскери

қуатынан

айырыла

бастауын және жоңғар-қытай соғысын

Шығыс

Түркістанмен

іргелес

өңірдегі

ойраттардың уақытша билігінде қалған

қазақ жерлерін қайтаруға, елдің дербестігін

толық қалпына келтіруге пайдалану үшін

барынша күш салды. Абылай қазақ елінің

тәуелсіздігіне

нұқсан

келтіретін

жағдаяттармен аянбай күресіп, дербес

сыртқы саясат ұстанып өтті.

1745 жылы Орта жүздегі Әбілмәмбет, 

Абылай және Барақ сұлтан қатар аталса, 3-4 

жылдан кейін мұндағы жағдай мүлдем 

өзгерді. 1749 жылы тамыз айында 

И.И.Неплюевпен кездесуінде Жәнібек тархан: 

"бұрын Орта жүзде Әбілмәмбет хан болған, 

бірақ ол біраздан бері Ташкентте тұрып 

жатыр, ел басқарудан қалған. Барақ сұлтан 

зұлымдық ісі үшін қашып жүр. Онда жалғыз 

Абылай сұлтан ғана билік жүргізіп отыр", -

деп көрсетті. 

Жазба деректерде Абылайдың шетел 

басқыншыларына қарсы табанды соғыс 

жүргізгендігі айқын көрсетіледі. 1752 жылы 

ол бастаған қазақ әскері шамасы 15-20 мың 

адамдай ойраттар қолының шабуылына 

тойтарыс берді. 1753 жылы желтоқсанда 

Абылай 5 мың жауынгерімен жоңғар 

әскерлерімен шайқасып, бірталай қазақ жерін 

азат етті. 1754 жылы сәуірде Абылай бастаған 

1700 қазақ әскері 10 мың қалмақпен соғысуға 

мәжбүр болса (Қаратал өзені бойында), сол 

жылдың шілде-тамыз айында 4 мың әскермен 

Жоңғарияға жорық жасап, 3000 қалмақты 

тұтқынға алып келген.

1753 - 1754 жылдардағы шайқастарға Қабанбай, 

Бөгенбай, Жанатай, Керей Жәнібек, Өтеген 

батырлар қысы-жазы үзбестен катысады. Абылай 

бірде Қалдан Серенмен бітімге келсе, бірде 

Дабашыны (Давациды) шауып, бірде оны және 

Әмірсананы өзіне паналатты. Сөйтіп Ойрат 

ұлысының бөлшектене беруін көздеді. 

1756 жылы Абылайдың бастауымен қазақтар 



қытайлар мен қалмақтардың біріккен күшімен екі 

рет шайқасып, оның бірінде жеңіліп Абылай жаралы 

болады, екіншісінде жеңіске жетеді.

1757 жылы Абылайдың 6 мың әскері Қытайдың 



40 мың әскерімен шайқасынан соң, қытайлар 

Абылайдан бітім сұрайды. Тегеурінді әскери 

қимылмен қатарластырыла жүргізілген 

дипломатиялық әрекеттері Абылайды өз заманының 

ұлы қайраткері деңгейіне көтерді. 


Саяси ахуал тұрақталған шақта Абылай қазақ

жерінің

бүтіндігіне



қол

сұққан


басқалармен

ымырасыз күрес жүргізді. 1754 - 1755 және 1764

жылдары қырғыздар Жетісуда біраз ауылдарды

шауып, Жауғаш, Көкжал Барақ пен Шынқожа

батырлар бастаған әскерлерді Ақсу, Көксу және Шу

бойында талқандайды. Осы себепті Абылай 1755-

1765 жылдары Қырғыз ұлысына қарсы жорық

жасап, Іленің сол жағасын, Шу бойын тазартады.

Қазақтың

Жайыл


қырғыны

пен


қырғыздың

Нарынқолдан Қордайға тартылған күні бүгінге

дейін сақталып отырған шекарасын анықтайды.

Өмірінің


соңғы

15

жылында



Орта

Азия


хандықтарына қарсы тынымсыз күрес жүргізді.

1765 - 1767 жылдары Абылай қолының Қоқан

билеушісі Ерденбекпен

соғысының нәтижесінде

Түркістан, Сайрам, Шымкент қалалары қайтадан

қазақтар иелігіне өтті.



Екі жүз жылға созылған халқының жоңғар 

шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің соңғы 

жаңғырығы алаш жұртының санасында "Шаңды 

жорық" деген атпен белгілі. Бұл 1771 жылы  Еділ 

қалмақтарының (170 - 180 мың адам;) 40 мыңдай 

әскері бар жоңғарға қазақ жері арқылы үдере көшуі 

еді. Кіші жүздің ханы Нұралы асығыс әскер жиып

Жем бойында қалмақтарға алғашқы соққы береді. 

Балқашқа жақындаған кезде Абылай бастаған 

қазақтың қалың қолы калмақтарды қоршауға алады. 

Осы кезде қалмақ басшылары Ұбашы мен Серен 

бітімге келуді, бүкіл ел жұртымен бодандыққа 

қабылдауды сұрап, елші жібереді. Кіріптар 

ұсынысты талқылау үшін шақырылған әскери 

кеңесте Абылай тағы да көрегендік танытып, 

жеңілген жауды қырып-жоюдың қажеті жоқ 

екендігін дәлелдеуге тырысады.



Абылай хан «Шаңды жорық» соғысында торғауыт 

қалмақтарды біржола тоздырды



Еділден ауған қалмақпен келіссөзге келіп, тым 

кұрыса олардың Жоңғарға еркін өтіп кетуіне 

мүмкіндік беру жөніндегі Абылай түйінінің 

аржағында шығыстағы ұлы көршімен болашақтағы 

қарым-катынасты ойлау жатыр. Жоңғардан азат 

етілген шығыстағы жерлерге қазақ ауылдарын 

апарып түпкілікті қоныстандыру да Абылай 

саясатының тереңдігін, кемеңгерлігін айқын 

көрсетеді. Оның әрбір іс-әрекеті қазақ халқының 

бүтіндігін, елі мен жерінің тұтастығын сақтауға 

бағытталды. Билікке таласқан Барақ сұлтан 

Әбілқайыр ханды өлтіргенде де Абылай ел бірлігін 

ойлап қынжылып, Төле бимен тізе қоса қимылдап, 

бұзық сұлтанды жазаға тарту жағында болады. 

Абылай соғыс жағдайына сай қол 

астындағы елде, әсіресе, әскер ішінде қатаң 

тәртіп орнатты. Сондықтан да хан бастаған 

жауынгерлердің ел-жұрты мен ата мекенін 

қорғау рухы жоғары, ұзақ жорықтарға 

шыдамды, шайқас даласында тегеуріні қатты 

болған. Абылай сан жағынан әлдеқайда 

басым жаумен шайқасудан еш тайынбаған 

және көбіне үстем шығып отырған. Абылай 

қазақ хандығының күшін біріктіріп, әскери 

жағынан қуатты мемлекетке айналдырды.

1771 жылы жасы жеткен Әбілмәмбет хан

дүние салады. Қалыптасқан дәстүр бойынша

Орта жүздің ханы болып не Әбілмәмбеттің

інілерінің бірі, не үлкен ұлы Әбілпейіз сайлануға

тиіс

еді.


Алайда

басты


сұлтандардың,

старшындардың, Әбілпейіздің өз қалауымен үш

жүздің басшы өкілдері қасиетті Түркістанда

Абылайды ақ киізге көтеріп хан сайлайды.

Абылай іс жүзінде жалғыз Орта жүздің ғана

емес, бүкіл Қазақ ордасының (хандығының) ұлы

ханы болды.


Тарихи деректер, аңыз-жырлар да 

Абылайдың Үш жүздің әміршісі ретінде 

ардақталғанын көрсетеді. Қытай 

императоры, Жоңғария хандығы, Орта Азия 

мемлекеттері Абылайды бүкіл қазақ ханы 

деп ресми түрде танығанымен, Абылай 

ханның беделінің өсіп бара жатқанынан 

сескенген Ресей патшасы Екатерина II 

Абылайға Орта жүз ханы ретінде ғана сый-

сыяпат көрсетті.



Екатерина II

Ш. Уәлиханов Абылайдай шексіз билікке ие 

болған бір де бір қазақ ханының болмағанын, 

оның мемлекет билігін орталықтандырып, 

нығайту бағытындағы әрекеттерін, "ханның 

билігін алқалы кеңес арқылы шектеп отыратын 

ру басылар мен сұлтандардың өркөкірек 

үстемдігін" тыйғандығын жазды. Шоқан: 

"Қазақтардың аңыз-әңгімелерінде Абылай 

айрықша қасиеті бар киелі, керемет құдірет иесі 

болып саналады. Абылай дәуірі, қазақтардың 

ерлігі мен серілігінің ғасыры. Оның жорықтары 

және батырларының көзсіз ерлігімен 

каһармаңдығы жыр дастандардың арқауына 

айналған", - деп атап көрсетті. 



Бүкіл өмірін Абылайдың оң тізесін басып 

отырып, оған ақыл-кеңес айтумен өткізген Бұқар 

жырау Қалқаманұлының ханға "Алтын тақтың 

үстінде, Үш жүздің басын құрадың" деуінің 

негізінде тарихи шындық жатыр. Абылай Ресей мен 

Қытай империяларының арасында орналасқан Қазақ 

елінің геосаяси жағдайына икемделген саясат 

жүргізді. Қытай әскерлері жоңғарларды жойып, 

Орта Азия мен Қазақстанға ене бастаған кезде 

мұсылман елдерінің басын қосуға ұмтылып, Ауған 

шаһы Ахмад Дурранимен келіссөз жүргізді. 

Түркияға елшілік жіберу ниеті де болды. Қытаймен 

қатынас жақсара бастаған кезде орыс бодандығынан 

бойын тартып, патша әкімшілігінің шақыруымен 

хандық белгілерді қабылдау үшін 1779 жылы қазан 

айында Петропавл бекінісіне барудан бас тартты. 


• Абылай хан «Жеті Жарғы» заңдар 

жинағын негізге ала отырып, 

мемлекеттің ішкі жағдайын 

күшейтуге бағыттады. Қазақтың 

тайпа, ру басыларын жылына бір рет 

жинап, хандықтың сыртқы және ішкі 

жағдайына қатысты іргелі 

мәселелерді талқыға салды. Ішкі 

саясатта хандық билікті нығайту 

бағытын ұстанып, шаруашылық пен  

сауданы дамытты, тұрғындардан 

салық жинаудың жаңа түрлері мен 

мөлшерін енгізді.

ХҮІІІ ғасырдың орта кезінен бастап

Абылай қазақ елінің ерікті, іргелі біртұтас ел

болуын, ата қонысына жайғасып, бейбіт еңбек

етуін қалады. Ол елді отырықшылыққа

көшіруді, Үш жүздің басын қосуды, туған

Отанын жаудан қорғауды мақсат етті. Орыс

казактары салып жатқан бекініс, қамал-

қалалардың

маңындағы

жайылымды

жерлерден айырылып қалмау үшін, орыс

мұжықтарынан

қазақтарға

егіншілікті

үйретуге әрекет етті.


Ұлы хан дүниеден өтер алдында қоштасуға

келген Бұқар жырау: «Хан ием, не арманың

бар?», деп сұрайды. Абылай хан сонда:

«Үш арманым бар.



Біріншісі,

менің елім мал емшегін емген ел еді,

аяғына дейін жер емшегін емізе алмадым.

Екінші,

менің тұсымда қан көп төгілді. Соған

өкінемін. Егер мен жаудың қанын төкпесем, ол

менің қанымды төгетін еді.



Үшінші,

елімде телі мен тентек көп

болды, бастарын біріктіру қиынға түсті»,-

деген екен.





Абылай хан өмір жолын ат үстінде 

жорықтарда өткізіп, Арыс өзені 

жағасында 1781 жылы қайтыс 

болады. Сүйегі Түркістан 

қаласындағы Қожа Ахмет Иасауи 

кесенесінің ішінде Қабырхана мен 

Ақсарай арасындағы дәлізде 

жерленген. 

Қожа Ахмет Иасауи кесенесі

Абылай хан 

құлпытасы



Абылай ханның 12 әйелінен 30 ұл, 40 

қызы болған. Абылай ханның ұрпақтарының 

ішінде біз білетін қазақтың көрнекті ғалымы 

Шоқан Уәлиханов.  Шоқан Шыңғысұлы 

Уәлиханов Уәли ханның немересі, Абылай 

ханның шөбересі. Белгілі тарихшы, тарих 

ғылымының докторы Ермұхан Бекмахановта 

Абылай ханан тараған жетінші буын. 

Абылайдың 8-ші немесе 9-шы ұрпағы Қазақ 

халқының аса көрнекті архитекторы 

Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Шот-

Аман Ыдырысұлы Уалиханов.

Шоқан Уалиханов      Ермұхан Бекмаханов         Шота-Аман Ыдырысұлы

Уалиханов

Абылай қаһарлы хан болуымен

қатар, қазақ халқының рухани

қасиетінен

еркін

сусындаған

дарынды күйші ретінде де белгілі.

Ол - "Ақтолқын", "Алабайрақ",

"Бұланжігіт",

"Дүние

қалды",

"Жетім

торы",

"Қайран

елім",

"Қара жорға", "Қоржынқақпай",

"Майда

жел",

"Майдақоңыр",

"Садаққақпай",

"Сары

бура",

"Шаңды

жорық"

тағы

басқа

күйлердің авторы.



Азаттық күрестің жалынды басшысы 

Абылай ханның асқақ тұлғасы, ақыл-

парасаты Бұқар жырау, Үмбетей жырау, Шәді 

төре Жәңгір ұлы жырларында, ақындар 

Көпбай Жамантайұлы, Мәжит Айтбаевтың 

дастандарында, жазушылар I.Есенберлиннің, 

Ә.Кекілбаевтың, Қ.Жұмаділовтың тағы 

басқаларының шығармаларында сомдалды. 

Сонымен қатар, 2000 жылғы «Жаңа ғасырға-

жаңа ән» байқауының бас жүлдесін Темірхан 

Медетбектің сөзіне жазылған Мұратхан 

Егінбайдың «Абылай» әні алған. Бұл әнді 

Тәуелсіздік монументі ашыларда белгілі әнші 

Бекболат Тілеухан алғаш рет орындаған.

Оның ұлағатты өмірі мен ішкі, 

сыртқы саясаты отандық және 

шетел ғалымдарының                     

(Ш. Уәлиханов, В.В. Бартольд,

Дж. Уилер, М.Б. Ожотт,  

Н. Мыңжани, Р.Б. Сүлейменов, 

М. Мағауин, т.б.) назарын 

аударып келді.

Қазақстан тәуелсіздігін алғаннан кейін 1991

жылы Алматы қаласының басты даңғылдарының

біріне Абылай хан есімі беріліп, Алматы-2 темір

жол вокзалының алдына ат үстіндегі үлкен

ескерткіші

орнатылды.

Хан


ескерткіші

Қазақстанда бірінші рет Қызылорда қаласының

орталық алаңында ашылған.

Сонымен қатар

Абылай хан ескерткіші Қазақстанның көптеген

қалаларында және шетелдерде орнатылған. Атап

айтсақ

Жезқазған,



Павлодар,

Көкшетау


қалаларында және Оңтүстік Қазақстан облысы,

Сайрам


ауданының

Ақсукент


әкімшілік

орталығында, ежелгі Жібек жолы бойында

орналасқан,

Түркияның

Нигде

қаласында



(2006ж.) орнатылған.

Қазақстанның 1993 жылғы ең бірінші төл теңгесінде 

Абылай хан бейнесі бедерленді. 2005 жылы Абылай 

ханның өмір жолына арналған «Көшпенділер» фильмі 

түсірілді. 2008 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың 

қатысуымен Петропавл қаласында «Абылай хан 

ордасы» кешені ашылып, алдына ескерткіші орнатылды. 

Абылай хан есімі 2000 жылдың 11 ақпанында Алматы 

қаласындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем 

тілдері университетіне берілген. Бұның бәрі Абылай 

ханның  халқына, еліне, жеріне жасаған еңбегінің, 

абырой - атағының айғағы.

2013 жылы қазан айында Көкшетауда Абылай 

ханның 300 жылдық мерейтойы кең ауқымда аталып 

өтті.


Күрделі жөндеуден өтіп, 2008 жылы пайдалануға берілді 

Абылай ханның мөрі

Қазақ

хандарының

ішінде

жұлдызы

ерекше

жарқыраған

Абылайдың

есімімен

аталатын

жер-су

атаулары

жеткілікті.

Мысалы: «Абылай аспас сары

бел», «Хан тауы», «Абылай асуы»,

«Абылай жолы» тағы басқалары.

Дүрбелеңге толы дүбірлі кезең Абылайдың 

тапқырлығы мен табандылығын, 

ақылдылығы мен алғырлығын танытуға 

жағдай жасайды

Ш. Уәлиханов

Даңқы дәуірлеп көтерілуіне жеке басының 

кісілігімен, ақыл-парасатының кеңдігімен 

жеткен ол арыны ауыздықсыз, қызуқанды 

қызба халықтың қадір - құрметіне ие бола 

білді

Ш. Уәлиханов

Абылай хан – ХҮІІІ 

ғасырдағы хандардың 

ішіндегі құдіреттісі

В.В.Бартольд



Абылай

хан

тәжірибесі,

ақыл-

айласы

жағынан

болсын,

қол

астындағы халқының саны жағынан

болсын,

сондай-ақ,

өзінің

Ресей

патшалығымен,

Қытай

Боғды

ханымен жүргізген тапқыр, шебер

қатынастары жағынан болсын, өз

тұсындағылардың бәрінен басым еді

А.И.Левшин

Абылай мен Кенесары - қазақ

халқының

қаһармандары.

Олардың

істері

мадақтауға

лайық, ұмытылмайтын істер

Абай


Шиеленіскен халықаралық 

жағдайда Абылай бытыраңқы қазақ 

жерлерін өз қол астына біріктіруге 

тырысты. Қазақстанды басып алуға 

тырысқан көршілері - Россия, 

Қытай, Жоңғар мүдделерінің 

қайшылығын дұрыс пайдалана 

отырып, Абылай іс жүзінде елдің 

тәуелсіздігін сақтап қала алды. 

Е. Бекмаханов



Сол аласапыран дәуірде қалың елдің 

«қайраңдап жан қала ма» деген, 

«Қазғұрттай үміті» жалғыз ғана Абылай 

басында қалған болатын. Ескі қазақ 

елдігін, ескі жұрттың тілегін ту көтеріп, бір 

арнаға жиған Абылай болатын. Қазақтың 

жат елге бағынбай өз елдігін сақтап қалып, 

іргесін бөлек салуы – Абылай заманынан 

бері қарай, ХІХ ғасырдың ортасынан 

ауғанға дейін - жаңа саяси бет болды.

М. Әуезов



Мемлекет

билігі

бір

қолда

болмай,

берекесіз өз бетімен күн көрген елді патшалық

Россия, Қытай, Жоңғария әлсін-әлсін шаба

берді. Арқадағы қазақ халқы осылай айнала

таланып қысылған кезде олардың арасында

Абылай хан пайда болып, бытырап жүрген

халықтың басын қосып, біріктірді, елдің

мемлекеттік рухын көтеріп талан-тараждан

құтқарды. Сондықтан Абылайдың халық

алдындағы беделі өзге хандардан гөрі арта

түсті. Ел аузында «Абылайдың ала туын ала

аттанса, артынан еретін аламаны бізбіз» деген

аңыз шығады.

С. Мұқанов



Абылай

хан

қабілеттілігі

арқасында Орта жүздің бәріне, Ұлы

жүздің көбіне, Кіші жүздің біразына

ие болып, жалпы төре атаулының

бәрінен басым келген

Қ. Халид


«Қазақ болмысын сақтап, болашаққа 

үміт - сенім отын жандырған, Қытайдың 

жымысқы оспағына, орыстың содыр 

тоқпағына қарсы тұрып, бірде айламен, 

бірде найзамен өнерін асырып, екі ұлы 

империяны естерінен тандырған, қазақты 

тірідей үйітіп жегісі келген отаршылдардың 

бағын ақылымен, айбынымен тайдырған 

ХҮІІІ ғасырдың әлемдік деңгейдегі 

тұлғасы, ғажайып дипломаты -Абылай хан»

М.Қозыбаев



Иә, Абылай аңызға айналған тұлға, 

бірақ біз ата тарихының бар шындығын 

ашу үшін сол аңыздан ақиқатты 

ажыратып алуымыз керек. Және оны 

өткеннен сабақ, тарихтан тағылым алу 

үшін жасауымыз керек

Н.Ә.Назарбаев



Айбарлы Абылай аңсаған асқақ 

арманға, ұлы мұратқа бүгінгі ұрпақ 

жетті

Н.Ә.Назарбаев



Абылай хан туралы қыл қалам 

шеберлерінің туындылары



А. Дүзелханов

А. Дүзелханов

Абылайдың қайраткерлік қызметі, әскери өнері,

елшілік мектебі бір-бірімен біте қайнасып жатыр.

Сондықтан

болар,


қарсыластарының

өздері


Абылайдан

үйренуге


тырысқан.

Өйткені,


Абылайдың саяси іс-әрекеттері елдің тәуелсіздік

жолындағы

мұң-мұқтажы

ескеріле


отырып

жүргізілді. Қазақ даласында дербес мемлекетіміздің

іргесін қалаудағы Абылай ханның тарихи орнын

айрықша атауымыздың сыры осында. Абылай хан -

ұлтымыздың мақтанышы, тағылымды тарихи тұлға,

үлкен


қайраткер,

даңқты


қолбасшы,

көреген


саясатшы. Әлемдегі ұлы қайраткерлер, атақты ел

билеушілердің алдыңғы қатарында ерлердің ері,

хандардың ханы Абылай мәңгі ардақталып тұрады.


Ел тұтастығы жолындағы жанқиярлық 

күресте Абылай хандай қызмет еткен тарихи 

қайраткер тұлғамыз өте сирек. 

Қазақ халқының жадында Абылай 

қажырлы мемлекет қайраткері, батыл 

қолбасшы, дарынды дипломат ретінде сақталып 

келді. Оның есімі тәуелсіздік символына, 

жауынгерлік ұранға айналды.

Абылай тұлғасы ізгілікті, жасампаз істермен, 

асыл арман-мұратымен, алғыр ойларымен, 

дәстүр сабақтастығында көркем әдебиет пен 

өнерде де талай ғасыр бейнеленеді. Ел қасиетін, 

жер кадірін терең сезінетін ұлтым деген әр жүрек  

дүрсілінде ұлы Абылай есімі мәңгі сақталады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.

Абылай Баһадур хан //Мағауин М. Қазақ тарихының әліппесі /М. Мағауин. – Алматы; 2008. -



132-153 б. 

2.

Абылай хан: энциклопедия /бас. ред. Б.Ө. Жақып. - Алматы: Қазақ энциклопедиясы, 2013. - 656 б.



3.

Алтыншы тарау қазақ хандығының құрылуы, кеңейіп күшеюі  //Сабыров С. Қазақстан тарихы: оқу 

құралы /С. Сабыров. - Алматы, 2004. - 63-76 б.

4.

Жұмаділов Қ. Абылайдың ақырғы күндері: хикаят [Абылай хан туралы] /Қ.Жұмаділов //Жұлдыз. -



2012. - № 10. - 3-27 б.

5.

Қазақтың ханы  - Абылай: дәуірі, өмірі мен қызметі: ғылыми басылым. - Т. 1. - Алматы: «Ел-шежіре» 



Қ.Қ., 2011. - 640 б.

6.

Қазақтың ханы  - Абылай: дәуірі, өмірі мен қызметі: ғылыми басылым. - Т. 2. - Алматы: «Ел-шежіре» 



Қ.Қ., 2011. - 640 б.

7.

Қасымбаев Ж.  Абылай, Әбілмансұр /Ж. Қасымбаев //Оңтүстік Қазақстан: энциклопедия /бас редактор 



Б.Ғ. Аяған. – Алматы, 2005. - 52-55 б.

8.

Қасымбаев Ж. Абылай, Әбілмансұр /Ж. Қасымбаев,  К. Есмағамбетов, О.Смағұлұлы //Түркістан: 



халықаралық энциклопедия /бас ред. Ә. Нысанбаев. - Алматы, 2000. - 21-25 б.

9.

Мұқаметханұлы Н. Абылай ханның тарихи орны мен рөлі: [Абылай хан туралы] /Н.Мұқаметханұлы                    



//Отан тарихы: ғылыми журнал. - 2010. - № 4. - 62-70 б.

10.


Нұржан А. Абылай хан – ұлы қайраткер, дарынды қолбасшы, даңқты мәмілегер:[Абылай хан туралы] 

/А.Нұржан //Қазақстан тарихы: әдістемелік журнал.- 2015. - № 3. - 3-9 б.

11.        Тарақ Ә. Абылай хан /Ә. Тарақ. - Алматы: ЖШС Қазакстан баспа уйі, 2014. - 496 б.

12.        Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым: мектеп жасындағы оқушылар мен көпшілік 

оқырмандарға арналған /құраст. Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. - Алматы. Алматыкітап баспасы, 2011. -

376 бет.


13.        Уәлиұлы Абылайхан (1711-1781) //Жолдасбекұлы М. Елтұтқа. Ел тарихының әйгілі тұлғалары: оқу 

құралы /М. Жолдасбекұлы, Қ. Салғараұлы, А. Сейдімбек. - Астана, 2001. - 165-168 б.

14.       Уәлихан Ш. Абылай, Әбілмансұр /Ш.Уәлихан //Қазақстан: ұлттық энциклопедия / бас. ред. Ә. 

Нысанбаев. – Т. 1. - Алматы, 1998. - 45-51 б.

15.          

https://kk.wikipedia.org/wiki/



Абылай хан (қаралған уақыты – 05.10.2015)


жүктеу 168.82 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет