Қабдеш жұмаділов



жүктеу 142.71 Kb.
Pdf просмотр
Дата07.03.2017
өлшемі142.71 Kb.
#4274

Sauap.org 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

ҚАБДЕШ ЖҰМАДІЛОВ

 

 

 

 

 

 

 

 

ТҰЛ МАХАББАТ

 

 



 

 


Sauap.org 

       Бұлай  болар  деп  кім  ойлаған.  Ойға  алған  шаруаларын  қапысыз 

тындырып,  бірнеше  келісім-шартқа  қол  қойып,  енді  қалған  екі-үш  күнде 

Шаңхай  қаласын  армансыз  аралармыз  деп,  арқаларын  кеңге  салған  жігіттер 

бес  жұлдызды  қонақүйде  шалқалап  жатқан-ды.  Аяқ  астынан  жетіп  келген 

жеделхат  ол  жоспарды  бұзып,  кәсіпкер  Бақтиярды  естен  тандыра  жаздады. 

Қаралы  хат  қысқа  жазылыпты:  «Тез  елге  қайтыңыз.  Зайыбыңыз  Гүлсім 

ойламаған жерден қайғылы қазаға ұшырады. Қайғыңызға ортақпын. Жерлеу 

алдағы сәрсенбіде» депті жеделхат жолдаған орынбасары Медеубай. 

     Таңғы  ұйқыдан  әлі  толық  оянбаған  Бақтияр  басында  ештемеге  түсінбей 

мәңгіріп қалды. Не дейді мына сұмдық хат?    Осыдан бір апта бұрын, бұлар 

елден  аттанарда  сап-сау  жүрген  Гүлсімге  не  болды  екен?  Иә,  айтпақшы, 

«қайтыс болды» демеген, «қазаға ұшырады» деп жазған ғой... Демек, кӛшеде 

кӛлік  апатына  тап  болған...  Сонда,  оны  машина  қағып  кетті  ме,  әлде  ӛз 

машинасымен  бірдемеге  соғылды  ма  екен?  Гүлсім  жүріс-тұрысқа  ұқыпты, 

машинаны да жаңа айдап жүрген жоқ-ты. Қалай килікті екен ондай апатқа? 

     Ойлай  берсең  сұрақ  кӛп.  Бірақ  оның  бәріне  жауап  іздеп  жатуға  дәл  қазір 

уақыт жоқ еді. Бүгін қалайда елге қайту керек. Дереу кӛрші бӛлмеде жатқан 

кӛмекшісіне телефон соқты. 

-   Ерболат, маған тез келіп кетші! 

 Не боп қалды, Бәке? Жайшылық па?.. 

-   Сұмдық... Келген соң білесің. 

Кӛмекшісі,  әрі  қытай  тіліне  жетік  тілмашы  Ерболатта  асып-сасып  ішке 

кірді. 

-   Аға, не болды? Ӛңіңіз бұзылып кетіпті ғой... 



-      Бізге  жедел  түрде  елге  қайту  керек.  Анықтап  білші:  Шаңхай-Үрімжі-

Алматы бағытында ұшатын ең жақын рейс қай мезгілде болады екен? Мына 

жеделхатты кӛрсетіп, қайтар билетті соған ауыстыр. 

Бақтияр  ұсынған  жеделхатқа  қарап  жіберіп,  кӛмекші  жігіттің  де  ӛңі 

бозарып сала берді. 

-      Мәссаған...  Кеше  ғана  сап-сау  жүрген  Гүлсім  апайдың  қазаға 

ұшырағаны ма? 

-   Солай болғаны ғой... Қайғылы хабар жаңсақ жазылмайды. 

    Кӛп  ұзамай  кеше  бұлар  келісім-шартқа  қол  қойысқан  Шаңхайдағы 

құрылыс  материалдары  бірлестігі  мен  үй  жиһаздары  фирмасының  жауапты 

адамдары  да  келіп  қалған.  Олар  бүгін  қонақтарға  қаланың  кӛрікті  жерлерін 

кӛрсетпекші болатын. Мынадай қайғылы хабардан соң жоспар ӛзгеріп, олар 

да жолаушыларды аттандыру қамына кірісіп кетті. 

     Алайда,  қанша  күш  салғанымен,  Бақтиярлар  сол  күні  ұша  алмады. 

Ӛйткені,  бұларға  қажетті  рейс  келесі  күнге  белгіленген  екен.  Бір  тәуірі, 

Шаңхайдан  ұшатын  самолет  Үрімжіде  бір  сағаттай  аялдап,  сол  күні  кешке 

қарай  Алматыға  жеткізетін  кӛрінеді.  Бұған  да  шүкір  демеске  амалың  жоқ. 

Жер түбіне ұзап кеткен жолаушыны бір-ақ күнде ӛз еліне жеткізу қазіргідей 

техника  заманында  ғана  жүзеге  асатын  нәрсе  ғой.  Обалы  кәнеки,  кәсіпкер 

Бақтияр  соңғы  жылдары  осындай  алыс  сапарларда  аспан  кемелерінің 



Sauap.org 

қызметін  армансыз-ақ  кӛріп  жүр.  Кӛптен  бері  бизнес  саласында  тұяғын  тас 

қақпай,  түтіні  түзу  ұшып-ақ  келе  жатыр  еді.  Амал  не,  кейде  тағдырдың 

осылай ұзақ еркелетіп келіп, кенет алдыңнан арқан керетін кезі болады екен. 

Жаратушы не бұйырса да, қашанда адамның ниетіне қарап береді дейді ғой. 

Әлде  мұның  отбасында  басқа  қонған  бақты  кӛтере  алмай  кекірелеп, 

күпірлікке ұшыраған біреу болды ма, кім білсін?! 

    Бақтияр  жол  бойы  осындай  ауыр  ойдан  арылмады.  Самолет  салонында 

француз  шарабы  бар  екен.  Содан  ара-тұра  сыздықтата  сіміріп  қойып, 

тербелген қиял теңізінде жүзді де отырды. Кеше оның қайғылы қазаны алғаш 

естігенде  бұрқ  етіп,  басқа  шыққан  сезімдері  қазір  ӛзгеше  түс  алған.  Олай 

болатыны,  кӛмекшісі  Ерболат  кеше  Алматымен  сӛйлесіпті.  Ӛздерінің  қай 

рейспен,  қай  мезгілде  жететінін  хабарлаған.  Сонымен  бірге,  Гүлсімнің 

қандай  жағдайда  неден  мерт  болғанын  да  сұрастырған  кӛрінеді.  Сонда 

ұққаны, Гүлсім бұлар ойлағандай жол апатынан емес, ата-анасы тұратын биік 

үйдің  тоғызыншы  қабатынан  құлап  ӛліпті.  Біреулер  қастық  қылды,  не 

байқаусызда  оқыстан  болды  дейтін  емес,  артына  хат  жазып  қалдырған... 

Осыны естігенде, Бақтиярдың сана-сезімі асты-үстіне келіп, аударылып түсті. 

Осыған дейін тұла бойын меңдеткен әйеліне деген қимастық, Гүлсімнің қатал 

тағдырына  аяушылық,  оның  ӛліміне  ӛзін  кінәлі  санау  секілді  сезімдер  сап 

тыйылды  да,  оның  орнын  ӛзекті  ӛртеген  ӛкініш,  Гүлсімге  деген  ӛкпе-нала, 

ашу-ыза  басты.  Сол  сезімдер  бірте-бірте  ұлғайып,  айықпас  ӛштікке,  жек 

кӛруге айналып кетті ме, қалай?! 

     Небәрі  отыз  бес  жасында  тірліктен  бас  тартып,  ӛзіне  қол  жұмсау,  артта 

қалып  бара  жатқан  күйеуін,  ата-анасын,  туыстарын  ойламау  -  неткен 

қатыгездік,  не  деген  ӛзімшілдік  десейші!  Қастық  пен  қысастың,  кек 

қайтарып, ӛш алудың ең жоғарғы түрі осындай-ақ болар. Ойпырай, осындай 

қаскӛйлікке  барып,  ӛзін  ӛлімге  қиятындай  Гүлсімнің  басына  не  күн  туды 

екен?  Ішкені  -  алдында,  ішпегені  -  артында.  Не  ішем,  не  кием  демейді. 

Астында  -  шетелдік  машина,  басында  -  үш  қабатты  сәнді  сарай.  Қорада 

күзетші, ас үйде үй қызметшісі бар. Қазан-ошақ маңына барып, тым құрыса 

жылы суға да қолын малмайды-ау! Бұдан артық не керек әйел адамға? Әлгі 

«семіздікті қой ғана кӛтереді» деген рас шығар. Демек, Гүлсім де басындағы 

бағын кӛтере алмады. Сонан соң, оның түбіне жеткен - сол баяғы іштарлық, 

қызғаныш.  Тӛңірегіндегі  дүние  тек  менікі  болсын  дейді.  Бір  аяқ  асты,  бір 

сабақ  жіпті  де  ешкіммен  бӛліскісі  келмейді.  Басқа  қонған  бақты  ұстап  тұру 

үшін де, біраз адамгершілік, ақыл-парасат керек екен ғой. Гүлсімде, міне, сол 

жағы кеміс болды. Мамандығы  - қаржыгер еді, ой-ӛрісі есеп-шоттан алысқа 

бармады  ғой...  Сонда,  Бақтияр  осындай  әйелмен  он  бес  жыл  бойы  қалай 

отасып келген? Әйел бойындағы сұлулық шығар - кӛзді арбаған. Сұлулық  - 

кӛздің құрты. Албырт жастық одан арғыны ойлатты ма? 

   Сен, «жігітім, бәрін  бүгінгі  күнмен  ӛлшемей, ӛткен  күнге  де  кӛз қырыңды 

салып, қарай отыр, - деді қашанда бұған оппозицияда жүретін бір ішкі дауыс. 

- Осыдан он бес жыл бұрын кӛп жігіттің арасынан Гүлсім сұлуға қолың әрең 

жетпеп пе еді. Оны қалай ұмыта қалдың?». 



Sauap.org 

    Иә, рас айтады. Онда Бақтиярдың Алматыдағы Зоовет институтында оқып 

жүрген кезі. Қанша дегенмен, кітапқа жастай бауыр басқан ауыл мұғалімінің 

баласы  емес  пе,  оқу-үлгерімі  жаман  болған  жоқ.  Бірақ  тұрмыс  жағынан 

байдың  мырзаларымен  теңесе  алмаушы  еді.  Жаздық  каникулда  құрылыс 

әтіретінде  жұмыс  істеп,  киім-кешегін  зорға  бүтіндейтін.  Оның  тӛлеуіне, 

табиғат  бұған  біраз  қарымта  сыйлар  жасаған.  Анасы  марқұм  аса  сұлу  әйел 

еді,  сірә,  сол  кісіден  ауысқан  болар.  Бақтиярдың  бет-жүздік  етері  -  сұңғақ 

бой,  сұлу  келбет,  бұйра  шаш...  Осылардың  арқасында  жиын-тойда  кӛзге 

түспей қалған жоқ. 

      Ал, Гүлсім қандай еді ол кезде? Аққудың кӛгілдіріндей, тал бойында бір 

міні  жоқ,  аппақ  ару  кӛрген  кӛздің  жауын  алатын.  Әлгі  романдарда  кӛп 

жазыла  беретін:  бел,  қаз  омырау,  тана  кӛз  сұлудың  ӛзі...  Халық 

шаруашылығы  институтының  (ол  кезде  қазіргі  университеттердің  бәрі 

институт деп аталатын) үшінші курсында оқиды екен. Бақтияр Гүлсіммен сол 

институтта оқитын бір жерлесінің туған күнінде танысып қалды. Сол кеште 

түннің  бір  уағына  дейін  билегені,  Гүлсімді  үйіне  шығарып  салғаны  есінде. 

Әрине,  сол  тұста  ол  қызға  кӛз  салушылар  аз  болмаса  керек.  Бірақ,  бұйрық 

шығар, күн ӛткен сайын бұлардың жұлдыздары бір-біріне ыстық тарта берді. 

    Бақтияр  сол  жылы  оқу  бітірген.  Онда  Кеңес  дәуірі,  колхоз-совхоздардың 

мұрты  бүлінбеген.  Қазақстан  сол  баяғысындай  елу  миллион  қой  ӛсіріп 

жатқан  кез.  Мал  мамандарының  қаны  жерге  тимейді.  Егер  Бақтияр  ауылға 

барса, кез келген совхозда бас зоотехник болып, тіреп тұра қалатыны сӛзсіз 

еді.  Осы  Гүлсімнің  бітпеген  оқуына  қарайлап,  Алматыдан  кеткісі  келмеді. 

Кӛзден  тайса  болғаны,  Гүлсімнен  айрылатын  секілді.  Ақыры,  конкурста 

жеңіп, аспирантураға оқуға түсті. Онысы, бір есептен, жаман да болған жоқ. 

Арада  үш  жыл  ӛткенде,  биология  ғылымының  кандидаты  деген  атақты 

қанжығасына байлап шыға келді. Осы қарсаңда Гүлсімге үйленіп те үлгірген. 

Қыздың ата-анасы да, ағалары да - Алматыны тіреп тұрған лауазымды кісілер 

екен.  Жігіттің  шыққан  жерін  қомсынса  да,  болашағынан  үміт  күттірер  жас 

ғалымды кемсіте алған жоқ. 

    Осыдан  кейін-ақ  кӛп  ұзамай  ӛзгерістер  дәуірі  басталып  кетті  емес  пе. 

Заман  ағымына  ешкім қарсы  тұра  алған  жоқ.  Ең  алдымен  кеңестік  империя 

келмеске кетті.  Түбі  шіріп,  тамыры  іріп  тұрған  неме  екен,  ешкім бір  тал  оқ 

атпастан  ӛзінен  ӛзі  омырыла  құлады-ау!  Сол-ақ  мұң  екен,  Кеңес  ӛкіметінің 

артында  қалған  мол  байлық  ханталапайға  түсті.  Айналасы  үш-тӛрт  жылда 

колхоз-совхоз  тарап,  қазақ  жеріне  сыймай  жататын  тӛрттүлік  мал  әпсәтте 

қолды  боп  кетті.  Мал  кеткен  соң  мал  мамандарының  да  қажеті  болмай 

қалған. Бақтиярлар, амал жоқ, кәсіп ӛзгертуге тура келді. Сӛйтсе, еш уақытта 

жұтқа  ұшырамайтын,  ӛкіметтер  ауысып  жатса  да,  ӛз  құнын  ешқашан 

жоймайтын,  малдан  басқа  да  байлық  бар  екен  ғой.  Оның  аты  -  қаржы, 

кәсіпкерлік, сауда деп аталады екен. Бір сӛзбен «бизнес» дейтін кӛрінеді. 

    Бақтияр  енді  осы  бизнеске  ат  басын  тіреді.  Биліктегі  қаржыгер  қайын 

ағаларының кӛмегімен ақшаның құнды кезінде банктен түп кӛтере мол қарыз 

алған.  Сол  ақшаға  бірнеше  жерден  сауда  дүкенін  ашты.  Құрылыс 



Sauap.org 

материалдары  дүкені,  сантех,  үй  жиһаздары  дүкені...  Қарызды  дер  кезінде 

қамтығаны  қандай  жақсы  болған.  Кейін  ақша  топыраққа  айналып,  жүз  есе, 

мың есе құнсызданған кезде, банкке берешегін болымсыз тиын-тебен күйінде 

тӛлей  салды.  Мұның  бәрін  іске  асыруда  қаржы  маманы  Гүлсім  мен  оның 

ағаларының қосқан үлесі аз емес, әрине. Кейде қайын жұртының «Бақтиярды 

адам қатарына қосқан - біз» деп бұлданатын бір себебі осы болатын. 

   Сұлулық  -  кӛздің  құрты  болғанда,  байлық  -  кӛңіл  құрты.  Сол  байлықтың 

соңына  түсеміз  деп  жүріп,  бұлар  арада  он  шақты  жылдың  қалай  ӛте 

шыққанын аңғармай да қалыпты. Ӛмір қызық, кӛңіл мас. Үйленуден кейінгі 

бал  дәурен  тым  ұзаққа  созылған.  Не  тілесең  бәрі  бар  сияқты  еді,  сӛйтсе 

бұларда  бір-ақ  нәрсе  жоқ  екен.  Оны  да  Бақтияр  бертінде  аңғарды.  Тоба, 

бұларда бала жоқ екен ғой. Әлі күнге дейін нәресте сүймепті. Даңғарадай үш 

қабатты  коттеджде  соқа  бастары  сорайып,  екеуі  ғана  тұрады.  Бәлкім,  бұл 

кемістікті Гүлсім де сезініп жүрген болар, бірақ сырттай сыр бермейді.  Сол 

баяғы  тәкаппар,  кербез  қалпы.  Тек,  соңғы  кезде  кӛп  ешкімге  араласпай 

тұйықтала берді.  Қонаққа  бармайды,  үйге  қонақ  шақырмайды.  Жалпы,  бала 

туралы, ұрпақ туралы әңгімеден қашады. Сүйте-сүйте, бұл үйде «бала» деген 

сӛз тыйым салынған табуға айналған. 

    Сӛйтіп жүргенде, қайын жұрты мен әйелінің ырқына бағынған Бақтияр бір 

күні  аяқ  астынан  бүлінді.  Бойындағы  бабалар  қаны,  жігіттік  жігері  мен 

еркектік намысы үндемей жатып-жатып, бір-ақ күнде «кӛтеріліске» шықты... 

Оның  мәнісі  былай  болып  еді.  Әсілі,  Бақтияр  -  баяғы  жоңғарға  қарсы 

соғыстың  даңқты  батырларының  бірі,  Кӛкжарлы  Кӛкжал  Барақтың  жетінші 

ұрпағы. Батыр бабасы қазағы-қалмағы аралас жеті қатын алған екен. Бақтияр 

қалмақ  әжелерінің  бірінен  тарайды.  Осыдан  тӛрт-бес  жыл  бұрын  Шығыс 

Қазақстанның  Күршім  ауданында  сол  Барақтың  280  жылдық  тойы  болды. 

Барақ  ұрпақтары,  оның  ішінде  кӛзге  кӛрініп,  атқа  мінген  қалталы  жігіттер 

түгел  тізімде  екен.  Соларға  үш  ай  бұрын  сауын  айтылды.  Солар  той 

қарсаңында  бас  қосып,  ӛз  үлестерін  атасқан.  Мұндай  берекеден  қағыс  қалу 

ұят.  Бақтияр  аламан  жарыстың  бас  бәйгесіне  деп,  бір  су  жаңа  «Жип» 

машинасын атады. Той болатын қарсаңда машинасын алып, қасына Гүлсімді 

ертіп, еңсесін тік ұстап, салтанатпен барған-ды. 

     Той  кӛңілдегідей  жақсы  ӛтті.  Күршім  ӛзенінің  жағасына  елу-алпыс  үй 

тігілген. Үй басы жылқы жығылған. Дастарқан аста-тӛк, қазан-қазан ет, саба-

саба  қымыз.  Тойға  ой  мен  қырдағы  Барақ  әулеті  түгел-ақ  жиналған  екен. 

Бақтияр  бұрын  кӛрмеген  туыстарымен  қауышып,  мәре-сәре  болып,  жырғап 

қалды.  Батырдың  жеті  әйелінен  отыздай  ұл,  жиырмаға  жуық  қыз  тараған 

екен. Қазір ӛрен-жаранымен мыңнан асып кетіпті. Ӛздері бір тайпа ел дерсің. 

Кӛбі  жетінші,  сегізінші  ұрпақтар.  Бірен-саран  тоғызыншы  буын  да  бар 

кӛрінеді.  Және  «батырдың  ұрпағы»  десе  дегендей,  жігіттер  шетінен  еңселі, 

екі  иықтарына  екі  кісі  мінгендей  зор  екен.  Бірнешеуіне  сауыт  кигізіп, 

қолдарына найза ұстатып, киіз үйлердің алдына тұрғызып қойыпты. 

-   Біз қазақ әжемізден тараппыз! 


Sauap.org 

-      Біз  қалмақ  әжемізден  тараппыз!  -  деседі,  қызықтап  жӛн  сұраған 

адамдарға. 

Барақтың  үш  әйелі  қазақ,  қалған  тӛртеуі  қалмақ  болса  керек.  Әрине,  қазақ 

әйелдерін  қалың  мал  тӛлеп,  не  әмеңгерлік  жолмен  құдаласып  алған.  Ал, 

қалмақ  әйелдері  -  соғыста  олжаға  түскендер.  Ол  кезде  дала  заңы  бойынша, 

олжаға  түскен  қыздарға  таңдау  беріледі  екен.  Кӛрдіңіз  бе,  қолға  түскен 

қалмақ  қыздары  болашақ  күйеулерін  ӛздері  таңдаған.  Сондайда  қолы 

жеткендері Барақтың етегінен ұстаған кӛрінеді... 

    Сол  тойда  кӛкірегін  мақтаныш  кернеген  Бақтияр  бабалардың  даналығына 

қайран қалды. Соғыста шығын болған сарбаздың орнын ұрпақпен толтырып 

отырған  ғой.  Ер  қайратын,  ұрғашы  ұқығын  тежемеген...  Ӛзің  айналаңа 

қарашы:  керемет  емес  пе!  Баяғыда  жау  қолынан  бір  Барақ  ӛлсе,  бүгін  мың 

Барақ  жүр  осы  тойда.  Ондай  адамды  ӛлді,  бітті,  келмеске  кетті  деуге  бола 

ма?! Тӛніп тұрған ажалға пысқырмаған ғой Барақтар. Тек, мына туған жерді 

жауға  бермей  сақтап  қалуды  ғана  ойлаған.  Жер  болса  ел-жұртта  ұрпақ 

дегенің жалғаса береді. Батырлардың ата-жауына қарсы аянбай соғысқаны да 

содан шығар... Ал, бүгінгі Бақтиярдың жүрген жүрісі мынау - бір балаға қолы 

жетпей, бір әйелдің ықпалынан шыға алмай... Осындай ойлармен ширыққан 

Бақтияр бір күні қасындағы Гүлсімге қарап: 

-      Міне,  кӛрдің  бе,  менің  батыр  бабаларым  қандай  болған?  Бір  ӛзі  жеті 

қатын алып, қырық-елу бала сүйген! - деді масайраған мақтанышпен. 

-   Ол - феодализм заманы ғой, әйелді адам қатарына қоспай, ризалығын да 

сұрамай, үйірімен ала берген, - деді Гүлсім күйеуінің сӛзін ұнатпай. 

-   Ендеше, менің сол феодализмге қайтқым келіп тұр, - деді Бақтияр одан 

ары қырсыға сӛйлеп. 

-   Сен де жеті қатын алмақсың ба? 

-      Несі  бар?  Қанша  дегенмен  батырдың  ұрпағы  емеспін  бе!..  Сендерге  де 

жаман емес, кезектерің жеті күнде бір айналады. 

Гүлсім  терісіне  сыймай  тырсылдап,  ыза  боп  қалды.  Ашуланғанда,  пісте 

мұрны қусырылып, тіпті сұлуланып кетеді. 

-   Пішту!.. Дәмесін қарай гӛр! Алдымен бір қатынды жарылқап алсайш, - 

деп салды ашу үстінде алды-артын ойламай. 

Бұл  сӛз  Бақтиярға  сұмдық  ауыр  тиді.  «Бір  қатынды  жарытпай  жүрсің» 

дегені  баласыздығын  бетіне  басқаны  ғой.  Ал  осыған  кім  кінәлі?  Әлі  күнге 

дейін пұшпағын қанатпай жүрген - Гүлсімнің ӛзі емес пе екен? 

-   Жарытпай жүрген - мен бе? - деді әйеліне ажырая қарап. - Бәлкім, тесік 

қазан, жыртық астауға тап болып, еңбегім еш кетіп жүрген мен шығармын... 

     Айтылған сӛз - атылған оқ. Енді қайтарып ала алмайсың. Әйткенмен, ашу 

үстінде айтылған сол сӛз бітеу жараның аузын ашып кетіп еді. 

      Тойдан кӛңілсіз қайтқан бұлар біразға дейін қас-қабақтары жараспай, тоң-

торыстау күйде жүрді. Содан, арада ай ӛтті ме, жоқ па, бір күні Гүлсімнің ӛзі 

сӛз шығарды. 



Sauap.org 

-   Бақтияр, сен перзент сүйе алмауыңды менен кӛретін сияқтысың. Бұған 

кінәлі - мен бе, әлде сен бе, оны ажырату қиын емес. Бүйтіп, ішімдегіні тап 

деп, сызданып жүргенше, давай, осының басын ашып алайық. 

     Бұл  ұсынысқа  Бақтияр  қарсы  болған  жоқ.  Осы  мәселе  ӛзінің  де  ойында 

бар  еді,  тек  жұмыстан  қолы  тимей  жүрген.  Гүлсім  мұны  әлдебір  дәрігерге 

алып барды. Бұрыннан араласып жүрген таныс адамы кӛрінеді. Осында екеуі 

қан  тапсырды,  анализ  ӛткізді,  ұрықтарын  тексертті.  Тым  тез,  тым  бӛгетсіз, 

жылдам ӛтті  осының  бәрі.  Айналасы бір  аптаның  ішінде  қорытынды  дайын 

болды. Не керек, нәтижеде Гүлсім сап-сау, баласыздыққа Бақтияр кінәлі боп 

шықты...  Содан  бері  Гүлсімнің  мерейі  үстем.  Күйеуіне  жоғарыдан  мүсіркей 

қарайтын болған. Кейде, кӛңілі түскенде бұған аяушылық білдіріп: 

-      Соған  бола  жасымашы,  жаным!  Ӛзің  білесің,  бала  бағуға  құлшынып 

тұрған  мен  жоқ  қой.  Маған  сен  аман  болсаң  жетеді.  Мен  үшін  одан  артық 

бақыт жоқ, - деп жұбатқан болады. 

     Бақтияр әйелінің бұл сӛзіне де, дәрігердің қорытындысына да сенген жоқ. 

Гүлсімнің таныс дәрігері тым жылпос, пысық адам екен, атқарған ісінде бір 

шикілік  бары  анық.  Басқа  бір  дәрігерге  қаралуға  оқталса  да,  біразға  дейін 

жұмыстан қолы тимей жүрген-ді. Ақыры оның да сәті түсті-ау! Іс-сапармен 

Мәскеуге  бір  барғанында,  сондағы  орталық  клиникалардың  бірінде 

тексеруден ӛтті... Міне, қызық! Нәтиже мүлде басқаша: 

-  Сіз  уайымдайтындай  ештеңе  таппадық,  мырза.  Еркектік  қуатыңызда 

мүлтік жоқ. Жәй бала сүю былай тұрсын, мына қалпыңызда кез келген жас 

әйелге  «Алтын  алқа»  сыйлауға  мүмкіндігіңіз  бар,  -  деді  Бақтиярды 

құттықтаған профессор қорытынды қағазды қолына ұстатып тұрып. 

     Сол сәттегі Бақтиярдың қуанышын сұрама! Бейне халықаралық үлкен бір 

сыйлыққа  қол  жеткізгендей,  сол  жолы  Мәскеуден  кӛңілді  қайтты.  Демек, 

Гүлсімнің  дәрігері  мұны  алдаған  болды  ғой.  Мына  заманда  ақшаға 

сатылмайтын  зат  жоқ  деуші  еді,  сол  сӛзрасқа  шықты.  Ал,  Гүлсім  мұндай 

қиянатқа қалай барып жүр? Бақтиярды алдау-арбау жолымен ұстап отырмақ 

па?  Мәскеуден  келісімен  жаңа  қорытындыны  әйелінің  алдына  жайып 

салайын  деп  бір  оқталды  да,  ойынан  тез  қайтты.  Іші  тар  әйелді  одан  ары 

ӛшіктіріп,  күндестігін  қоздырғысы  келмеді.  Ӛзінше,  күйеуімді  оңдырмай 

алдадым,  ешқайда  кетпейтіндей  мызғымас  қазыққа  байладым  деп  жүрген 

шығар.  Әзірше  солай  жүре  тұрсын  ӛзін-ӛзі  алдап.  Гүлсім  жәй  күндері 

махаббат туралы, сүю-күю жӛнінде кӛп айтады. Сол Гүлсім ӛзінен басқа жан 

баласын жақсы кӛре ме екен? Егер ол күйеуін шын жақсы кӛрсе, ең алдымен, 

соны бақытты етуі керек қой. Ал, Гүлсім басқаны былай қойғанда, күйеуіне 

перзентті  болуды  қимайды.  Жалпы,  алдау-арбау,  бақай  қулық  араласқан 

жерде шын махаббат болуы мүмкін бе?! 

Әйтсе  де,  күйеуінің  әр  қадамын  аңдыған  айлакер  әйел  Бақтиярда  бір 

ӛзгеріс барын сезді. 

-      Сен  кейінгі  кезде  жайың  жарасып,  біртүрлі  кӛңілді  жүрсің  ғой.  Ненің 

қуанышы? - деді бір күні мұның бетіне барлай кӛз салып. Бақтияр сыр берген 

жоқ: 


Sauap.org 

-   Бір қызға кӛзім түсіп жүр. Сірә, тоқал алатын шығармын,  - деді ежелгі 

қылжағына басып. 

-   Не дейді-ау! Шамаң жетсе, ал... 

-   Шама жетпей не кӛрініпті?! Жеті қатын алған батырдың ұрпағымыз... 

Бұл сӛздерді Бақтияр жәй ерігіп отырып, Гүлсімнің жынына тию үшін айта 

салған.  Бірақ  осы  сӛзді  аузына  Құдай  салған  екен.  Кӛп  ұзамай  Адасқан 

ұшырасты мұның тағдыр-талайына. Бұл іздеген жоқ, қыздың ӛзі іздеп тапты. 

Бір күні түстен кейін кеңседе отырғанда, хатшы қыз: 

-      Бақтияр  Кӛпбайұлы,  бір  бойжеткен  сізге  кіруге  рұқсат  сұрайды,  -  деді 

дауысына ойнақы бояу қосып. 

-   Кірсін. 

        Кешікпей есікті тықырсыз ашып, бір әдемі қыз кірді. Қол-аяғы балғадай, 

сұңғақ  бойлы,  бәденді,  сұлу  қыз.  Бұрын  бір  кӛрген  адамы  сияқты.  Бірақ 

қайдан кӛргені есінен шығып кетіпті. 

-      Ағай,  сіз  мені  ұмытып  та  қалған  шығарсыз,  -деді  бүйірдегі  бос 

орындықтардың  біріне  ибамен  жайғасып  жатып.  -  Мен  ӛткенде  ӛзіңіз 

денсаулығыңыз  жайында  анықтама  алатын  доқтырханада  медбике  болып 

істеймін. Атым - Адасқан... 

-      Атыңыз  жақсы  екен...  Бірақ  ӛзіңіз  адасып  келмеген  шығарсыз, 

шаруаңызды айта беріңіз, - деді Бақтияр бұл қызды қайда кӛргені есіне енді 

түсіп. 

-   Ағай, кешіріңіз!.. Мен содан бері ар-ұяттың қыспағында жүрмін. Сол бір 



алдамшы,  жалған  анықтамаға  лаборант  ретінде  менің  де  қол  қойғаным  бар 

еді. Соның шындығын айтып, сізден кешірім сұрамасам, ішкен асым бойыма 

тарайтын емес... 

Адасқан соны айтып, ӛзінің бастық дәрігері мен Бақтиярдың әйелі Гүлсімнің 

қалай  тіл  табысқанын,  жалған  құжаттың  қалай  жасалғанын  бастан-аяқ 

баяндап берді. 

-      Мұны  сол  кезде  неге  айтпадыңыз?  -  деді  Бақтияр  қыздың  сұлу  жүзіне 

сүзіле қарап. 

-      Қорықтым.  Білесіз  ғой,  қазір  қызмет  табу  оңай  емес.  Артынан  ойға 

салып кӛрсем, оным пендешілік екен... 

-   Қазір де сонда істейсіз бе? 

-   Сондамын... Сіз менің үстімнен шағым айтпайтын шығарсыз. 

Бақтияр Мәскеуде тағы бір тексеруден ӛткенін Адасқанға айтқан жоқ. Бұл 

жаңалықты  бірінші  рет  естігендей,  шын  қуанған  қалып  танытты...  Қызға 

рахметін жаудырып, разы-хоштықпен шығарып салды. 

    Ақпейіл Адасқанның тұратын мекенжайын, телефонын жазып алмағанына 

қатты  ӛкініп  жүрген.  Бірақ,  бұйрықты  қойсайшы,  ойда  жоқта  Адасқанмен 

тағы  ұшырасыпқалды.  Шілденің  шіліңгір  ыстық  күні.  Бақтияр  жұмыстан 

ертерек шығып, кептелген машина ағынымен баяу жылжып келе жатқан-ды. 

Кенет  кӛше  жиегінде  кӛлік  ұстамақ  болып,  әркімге  қол  кӛтеріп  тұрған 

Адасқанды  кӛріп  қалды.  Үстінде  кӛбелек  гүлді  жібек  кӛйлек,  етегі  самал 


Sauap.org 

желмен  бірге  желбіреп,  қыздың  аппақ,  түзу  аяқтарын  айшықтай  кӛрсетіп 

тұр... Бақтияр дәл қасына келіп тоқтай қалды. 

-      Қарындас,  келіңіз.  Карета  подана!  -  Күймеңіз  дайын!  -  деген 

«Мерседестің» алдыңғы есігін ашып. 

Асыққан  Адасқанның  бұған  қарауға  да  мұршасы  болған  жоқ.  Малтабар 

шопырлардың  бірі  деп  ойласа  керек,  алдағы  бос  орынға  лып  етіп  отыра 

қалған. Қасында кімнің отырғанын енді ғана байқады: 

-   Ой, ағай, сіз екенсіз ғой! - деді күтпеген қуаныштан есі шығып. - Қайдан 

келе жатырсыз, ағай? 

 Қала кезіп, қыз іздеп жүрмін... 

-   Қызық екен... Қандай қыз керек сізге? 

-      Маған  қолма-қол  күйеуге  шығатын,  және  басы  бақырдай  ұл  тауып 

беретін қыз керек. 

      Адасқан  сыңғырлай  күлді.  Күлкісі  мұндай  әдемі  болар  ма!  Еш  қоспасы 

жоқ,  мӛлдір,  таза  күлкі.  «Осы  қыз  кӛнсе,  ойланбастан  үйленер  едім»  деп 

ойлады  Бақтияр.  -  Ӛз  жасы  -  қырықта,  ал  Адасқан  ұзаса  жиырма  бесте 

болар... Жас айырмасы бәлендей бӛгет болмас». 

-      Жұмыстан  шыққан  бетіңіз  бе?  -  деді  Бақтияр  басталған  әңгімені  үзгісі 

келмей. 

-   Жоқ, бүгін менің бос күнім. Бір құрбым перзентханада босанып жатыр 

еді, соған кіріп шықтым. 

-   Не тауыпты? 

-   Ұл бала... Тұңғыштары ғой, күйеуі қуаныштан жарылғалы жүр. 

-   Тамаша! Иншалла, бүгін жолым болады екен! - деді Бақтияр желпініп. - 

Қой, онда, кеттік! 

-   Қайда? 

-    Дүниеге  келген  сәбиді  «шомылдырмаймыз  ба».  Ӛзіңіз  -  ұл  тапқан 

әйелдің құрбысы екенсіз. Ырымдап отырмын. Осы сіз - әлгі мен іздеп жүрген 

қыз емессіз бе? 

     Бұлар  сол  кешті  Алма-арасан  аңғарындағы  кафелердің  бірінде  ӛткізді. 

Басында  әзілмен  басталған  әңгіме  бірте-бірте  шынға  кӛшіп,  айрылмас 

уәдемен,  антпен  аяқталып  еді.  Адасқан  -  қарапайым  ауыл  қызы  екен.  Кӛп 

балалы  отбасынан  шыққан.  Анасы  кілең  қыз  таба  берген  соң,  тағдырды 

адастырмақ болып, мұның атын «Адасқан» қойған екен. Артынан іле-шала ұл 

тауыпты. Ата-анасы «ақжолтай» деп Адасқанды жақсы кӛреді екен. 

    Арада  үш  ай  ӛткенде  Адасқанның  ауыр  аяқты  екені  мәлім  болды. 

Бақтиярдың  қуанышында  шек  жоқ.  Құдайым  «Кӛктен  сұрағанды  жерден 

берді»  деген  осы.  Әзірше  бұл  қуаныштарын  ешкіммен  бӛліскен  жоқ.  Бір 

жағынан, он бес жыл отасқан Гүлсімді де далаға тастағысы келмейді. Әйелі 

тілге кӛнсе, екі отбасын бӛлек үйлерде қатар ұстағысы келеді. Оған Адасқан 

байғұс кӛніп тұр. Мұндай бәтуаға Гүлсім кӛне ме, мәселе сонда. 

    Расында  да,  Гүлсіммен  тіл  табысу  оңайға  соқпады.  Гүлсімдер  -  Батыс 

ықпалында,  одан  қала  берсе  кеңестік  орыс  тәрбиесінде  ӛскен  әйелдер  ғой. 

Әсілі, жетпіс жылға созылған кеңестік түзім кедейлер мен әйелдердің ӛкіметі 



10 

Sauap.org 

болды  емес  пе.  Еркек  -  әйелдің  меншігі,  бағынышты  құлы.  Әйелінен 

ажырасқан  еркек  партбилеттен  айырылып,  қызметтен  де  жұрдай  болып, 

күйзеліп  шыға  беретін.  Бұл  жағдай  әйел  эгоизмін  шектен  тыс  шарықтатып 

жіберді.  Рас,  әйел  ол  заманда  қалыңмалсыз,  тегін  еді,  бірақ  ӛмір  бойы 

мойныңнан түспейтін. Гүлсім де, оның туыстары да - сол заманның ӛнімдері. 

Ұлттық дәстүр, салт-сана - олар үшін жат нәрсе. 

     Әйтсе  де,  Бақтияр  бір  күні  алдағы  жоспарын  Гүлсімге  шет-жағалап 

жеткізді. Алыстан орағыта келіп: 

-   Бәйбіше, мен туралы дәрігердің қандай қорытынды шығарғанын білесің. 

Әйткенмен,  «үмітсіз  -  сайтан»  дейді  ғой,  соны  іс  жүзінде  ӛзіміз  бір  сынап 

кӛрсек қайтеді? - деген жай сӛз сырағысы ретінде. 

-   Сонда, қалай сынамақсың ӛзіңді? - деді Гүлсім әлденеден секем алып. 

-    Тылсым  табиғаттың  жұмбағы  кӛп  қой.  Мен  бір  әйелге  барып  кӛрсем 

деймін.  Егер  Құдай  бірдеңе  беріп  жатса,  сен  екеуміздің  арманымыз 

орындалмай  ма?!  Баланың  біреуін  сен,  екіншісін  ол  бауырына  салып, 

екеулерің екі үйді думандатып отырмайсыңдар ма? 

-      Ол  қиялың  бола  қоймас!  -  дегенде  Гүлсімнің  сілеусін  кӛзі  шыныдай 

шатынап кетті. - Одан да, әлдебір жас әйелге кӛңілім кетіп жүр демейсің бе. 

-      Иә,  солай-ақ  болсын,  бірақ  одан  несіне  қауіптенесің,  -  деді  Бақтияр 

аузына  ыңғайлы  сӛз  түспей.  -  Дәрігердің  маған  шығарған  үкімін  білесің... 

Менікі - әшейін ӛз пешенемді сынап кӛру ғой, баяғы... 

-      Только  через  мой  труп  -  мен  ӛлген  соң  ғана!  -  деді  Гүлсім  сазарған 

қалпы  қалш-қалш  етіп.  -  Сен  алаяқ  қатындардың  ондай  баланы  кімнен 

табатынын  қайдан  білдің?!  Әлде  саған  бәрібір  ме?  Тіпті  баласыз  тұра 

алмайтын болсаң, жетімханадан асырап алмайсың ба? 

      Сӛйтіп,  қанша  иіліп  жалынса  да,  әйелімен  тіл  табыса  алмаған.  Бірақ 

Гүлсімді  мынадай  сұмдыққа  барады  деп  ойлаған  жоқ-ты.  Ата-анасын, 

туыстарын  араға  салып,  түбі  кӛндірермін  деген  ниетте  еді.  Бір-ақ  оған 

жеткізбеді  ғой.  Ақыры,  долы  Гүлсімнің  айтқаны  келді.  Бақтиярдың  арманы 

ол ӛлген соң ғана жүзеге асатын болды. 

     «Ал,  осы  Гүлсімді  махаббат  құрбандығы  деп  санауға  бола  ма?  -  деп 

ойлады  Бақтияр  ұшақ  үстінде  тербеліп  келе  жатып.  -  Жоқ,  мұндайды 

махаббат  деп  те,  «махаббаттың  құрбандығы»  деп  те  атауға  болмайды. 

Махаббат ешкімнен де ондай әділетсіз, қатыгез құрбандықты талап етпейді. 

Әсілі, махаббат ӛлімге емес, ӛмірге қызмет етуі керек қой. Гүлсім ешқашан 

да  Бақтиярды  шын  сүйген  емес.  Шын  сүйсе,  бүйтіп  ортақ  бақыттан  бас 

тартпас еді ғой. Бұған жәй асыраушы қызметшім, құмар қандыратын құлым 

деп қарады ол. Оның ұғымындағы махаббат - жеміс бермейтін тұл махаббат, 

бедеулер махаббаты». 

    Жолда  бірер  сағат  Үрімжіде  аялдаған  алып  лайнер  Алматыға  күн  еңкейе 

келіп  қонды.  Әуежайда  бұларды  Бақтиярдың  орынбасары  Медеубай 

бастатқан  екі-үш  адам  күтіп  тұр  екен.  Амандасу,  кӛңіл  айту  рәсімі  етелген 

соң, машиналарға бӛліне жайғасып, орталыққа бет түзеді. Жолда келе жатып 

естігені: Гүлсімнің сүйегін ертең шығарады екен. Мұның ӛз үйінен емес, ата-



11 

Sauap.org 

анасының  үйінен  шығармақ.  Олай  болатыны,  Бақтиярдың  ӛз  үйінде  қазір 

ешкім жоқ. Оның үстіне, Гүлсім ата-анасы тұратын биік үйден құлаған ғой. 

Мәйітті тауып алысымен, бірден сонда апарған екен, сол беті тӛркінінде қала 

беріпті. 

    Бақтияр  бұл  шешімді  құптаған  да,  қарсы  болған  да  ештеңе  айтпады.  Бір 

есептен,  Гүлсімнің  соңғы  сапарға  ӛз  тӛркінінен  шыққаны  да  дұрыс  шығар. 

Ӛйткені,  ол  ӛзінің  бір  кезде  оң  аяғымен  аттаған  ақ  босағасын  сыйлап,  ӛз 

ажалымен  ӛлген  адам  емес  қой.  Бұл  үйді  енді  қайтып  кӛрместей  болып, 

қарғап-сілеп, хат жазып кетіпті. 

      Бұлар  алдымен  тау  бӛктеріндегі  Бақтиярдың  ӛз  үйіне  соғып,  жуынып-

шайынып, киім ауыстырып, қайын жұртқа сонан кейін ғана ат басын тіреді. 

Бұл үйде мұны сағынып отырған ешкім жоғын біледі. Міне, бүгін де алдынан 

шығып,  қайғысына  ортақтасып,  кӛңіл  айтқан  бір  пенде  болсашы.  Бір  ӛңкей 

қабағынан  қар  жауып,  түйіліп  қалған  адамдар.  Қайын  атасы  да,  қайын 

ағалары  да  Бақтиярды  адам  деп  елеген  жоқ.  Бұған  бәрі  де  қас  дұшпанын 

кӛргендей  сыздана,  жауыға  қарайды.  Тақ  бір  қыздарын  Бақтияр  ұрып 

ӛлтірген  секілді...  Ал,  енесі  бар  уытын,  ашу-ызасын  бойына  жинап,  мұны 

күтіп отыр екен, Бақтиярды кӛрген бетте-ақ аттың басын қоя берді: 

- Келдің бе, екі жүзді арам неме? Бұл босағаны не бетіңмен аттап тұрсың? 

Басыңа  қонған  бақтың  қадіріне  жетпедің-ау,  сен  ақымақ!  Есіктегі  басыңды 

тӛрге  шығарып,  мәпелеп  ӛсірген  Гүлімді  қолыңа  ұстатып  едім,  соны  қурай 

құрлы  кӛрмей  қуратып  тындың  ба,  ақыры?  Құл  құтырса  құдыққа  тышады 

деп,  кӛтіңе  қарамай  тоқал  алмақ  болыпсың.  Ол  шӛпжелкең  шермиіп  алып, 

«босанатын  күнім  тақау,  байымның  үйін  дереу  босат»  деп  тепсінетін 

кӛрінеді... Мә, сенбесең оқы - менің қарғашымның не жазып кеткенін? - деп 

бұл күнде алпыстың ішін мол аралап кеткен адуынды, семіз кемпір алқынып 

барып тоқтады да, әлдебір қағазды мұның қолына ұстата салды. 

      Қазақ  енесін  анасынан  кем  кӛрмейді.  Бақтияр  да  бәлендей  аналық 

мейірімі асып тұрмаса да, мына кісіні алдынан кесе ӛтпей сыйлаушы еді. Ал, 

орыстар енелерін жек кӛретіні сонша, «теща» десе тӛбе шаштары тік тұрады. 

Әсілі,  орыс  -  ұлы  халық  қой,  солар  бірдеңені  білетін  сияқты...  Бақтияр 

қолындағы  бір  парақ  қағазға  кӛз  жүгіртіп,  айбақ-сайбақ  асығыс  жазылған 

Гүлсімнің  жазуын  бірден  таныды.  Бір  бетте  тӛрт-бес  қана  сӛйлем:  «Ал, 

Бақтияр,  сенің  болашақ  балаларың  еркін  ӛмір  сүрсін  деп,  мен  ӛз  орнымды 

босаттым.  Ондай  ӛмір  саған  керек  шығар,  маған  қызық  емес.  Қашанда 

қарызым  -  мойныңда,  екі  қолым  -  жағаңда.  Әлдебір  қатынның  сенің  үйіңде 

тайраңдап  жүргенін  кӛргенше  ӛлгенім  артық...  Бақұл  бол!  Гүлсім»  деп  қол 

қойыпты. 

    Бақтияр  жазулы  қағазды  енесіне  ұстатты  да,  есіктен  шығып  жүре  берді. 

Дәл бұл жерде уәж айтып, сӛз таластырудың орны жоқ... Ертеңінде Гүлсімнің 

жаназасына қатысты. Ел қатарлы Кӛктӛбедегі зиратқа барып, топырақ салды. 

Қайын  жұрттың  кезінде  мол  етіп  қоршап  алған  әулеттік  зираты  бар  екен, 

Гүлсім  де  солардың  тобына  қосылды.  Ӛліктің  артын  күтуге  Бақтиярды 


12 

Sauap.org 

қатыстыратын  ойлары  жоқ.  Жетісі,  қырқы  деген  рәсімдерді  де  ата-анасы 

ӛткізіп жатты. 

     Ал,  Адасқанды  Бақтияр  зират басынан  қайтып  келген  соң-ақ  іздеп  тауып 

алған. «Самал» ықшамауданында бір бӛлмелі аядай ғана пәтері бар еді, сонда 

екен.  Екі-үш  күннің  алдында  декреттік  демалысқа  шығыпты.  Іші  ӛсіп,  бет-

ажары  таралып,  жұқарып,  жүдеу  тартқан.  Болып  жатқан  оқиғадан  толық 

болмаса да, ішінара хабардар. Гүлсімнің ӛлімін де естіп отыр екен. 

Айтысына  қарағанда,  Адасқан  біреулер  айтып  жүргендей,  Гүлсімді  іздеп 

барып,  «мен  Бақтиярдың  ауыр  аяқты  әйелімін,  үйді  босат»  деп  талап 

қоймаған.  Керісінше,  Адасқанды  Гүлсімнің  ӛзі  іздеп  келген.  Сӛйтсе, 

Бақтиярдың  соңына  тыңшы  салып  қойған  Гүлсім  былтырдан  бері  оның  әр 

қадамын зерттеп, біліп жүреді екен ғой. Енді, тек, Адасқанның кімнен жүкті 

болғанын ӛз аузынан естуге келсе керек. 

-   Адасқан деген келіншек сен бе? - депті келген бетте түсін суыққа салып. 

-      Иә,  мен  едім,  -  дейді  Гүлсімді  сырттай  білетін  Адасқан  еш  қауіп 

ойламай. 

-      Байың  бар  ма?  Мына  кӛтеріп  жүргенің  кімнің  баласы?  -  депті 

Адасқанның шермиген ішін кӛрсетіп. 

Адасқан  үндей  алмай  қалыпты.  Бірден  «бәленбайдың  баласы»  деуге 

батылы жетпесе керек. 

-      Несін  жасырасың,  Бақтиярдың  баласы  емес  пе?  -  дейді  Гүлсім  ӛз 

сұрағына ӛзі жауап беріп.  - Бақтияр - менің он бес жыл отасқан байым ғой, 

оны білесің бе? Біреудің байын азғырып алуға қалай ұялмайсың? 

Адасқан  не  айтарын  білмей  сасқалақтап  қалады  да,  бір  кезде  Бақтияр 

үйреткен сӛзді айтады. 

-      Сіздерді  кӛптен  бері  балаға  зәру  дейді  ғой.  Егер  нәресте  аман-есен 

дүниеге  келсе,  сізге  тарту  етсем  деген  ойым  бар  еді,  -  дейді  Гүлсімнен 

әлдебір қауіп тӛне ме деген оймен ығына жығылып. 

Сол  сәтте  Гүлсімнің  түрі  тіпті  қорқынышты  болып  кетті  дейді. 

Қалшылдап, дірілдеп, жындана жаздапты. Сонан соң: 

-      Керек  емес!  -  деп  шыңғыра  айқайлапты.  -  Маған  ендігі  жетпегені  - 

әлдебір  қатынның  ойнастан  туған  баласын  бағу  еді...  Жоғал  балаңмен  қоса 

кӛзіме  кӛрінбей!  Бақтиярдың  есіл-дерті  -  бала  еді,  сол-ақ  перзент  сүйіп, 

мұратына жетсін! 

Гүлсім  соны  айтыпты  да,  есікті  тарс  жауып,  тұра  жӛнеліпті.  Адасқан 

араларында  болған  сол  әңгімені  еске  алып,  ағыл-тегіл  жылады.  Қанша 

дегенмен, ауыр аяқты ана ғой, Гүлсімнің қарғысына қалдым ба деп қорқады 

екен. Бақтияр білген ақылын айтып, Адасқанды зорға жұбатты. 

   Жазмыш  деген  сол.  Кейде  адамның  қолынан  келмегенді  Жаратушы  Ием 

ӛзі-ақ оп-оңай реттей салады. Адам пендесі тойымсыз ғой. Дүние кең, бақыт 

та, қуаныш та жеткілікті. Тек, адамдар соны бӛлісе алмай, не бір-біріне қимай 

қор  болады.  Әйтпесе,  дүниеге  келер  бір  ғана  сәби  қанша адамды қуанышқа 

кенелтер еді. 


13 

Sauap.org 

     «Біреу ӛлмей, біреуге күн жоқ» дегенді де атам қазақ тегін айтпаған болар. 

Арада бір ай ӛткенде, Бақтияр әжептәуір той жасап, Адасқанды үйіне кіргізіп 

алды.  Сонан  соң,  тағы  бір  ай  ӛткенде,  Адасқан  аман-есен  босанып,  басы 

бақырдай ұл тапты. Ӛмір жалғасып жатыр. 



 

 

 



 

Кітаппен танысқаннан кейін, оның қағаз нұсқасын сатып алуды 

ұмытпаңыз! 

Сайттағы барлық кітаптар тек танысу мақсатында ұсынылған. 

Кітапті  жүктеп,  мазмұнымен  танысқан  соң,  Сіз  оны  қалдырмай, 

жоюға тиіссіз. 

Кітаптың  мәтінін  көшіре  және  сақтай  отырып,  Сіз  авторлық  және 

аралас  құқықтар  туралы  заңға  сәйкес,  барлық  жауапкершілікті  өз 

мойныңызға аласыз.  

Сайт  әкімшілігі  пайдаланушыларды  кітаптарға  заңды  жолмен  қол 

жеткізуге шақырады. 

 

Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
2016 -> №70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек
2016 -> -
2016 -> ҚазаҚстан Республикасының Мәдениет Және споРт МинистРлігі МинистеРство культуРы и споРта Республики казахстан
2016 -> Еуразия гуманитарлық институтының хабаршысы тоқсандық журнал 2001 ж шыға бастаған 2016
2016 -> 2016 жыл №89 (8009 ) 12 Қараша сенбі (Жалғасы 3-бетте)
2016 -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі «мектепке дейінгі балалық шақ» республикалық орталығЫ

жүктеу 142.71 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет