Абай атындағы ҚазҰпу-дың хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы



жүктеу 1.74 Mb.

бет9/18
Дата03.02.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18

ҚАТЫСТЫ ТЫҢ МƏЛІМЕТТЕР 

 

А.М.Нұрғызарынов - 

ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы, профессор 

Қорқыт Ата атындағы Қызылорда Мемлекеттік Университеті, Қызылорда қаласы 

 

Арал  теңізінің  Қазақстандық  бөлігінде  судан  босаған  орнының  аумағы 2002 жылғы  мəлімет 

бойынша 21,4 мың км

2

. Ол теңіздің теріскейіндегі Сарышығанақ қолтығынан оңтүстік батыс бағытымен 



бұрынғы  Ұялы  аралының  оңтүстік - батыс  сыртымен  «Барсакелмес»  аралының  батыс  жағын  айналып, 

Құланды  түбегінің  тұсынан  теріскей-шығыс  бағытпен  Көкаралдың  тұсындағы  Берг  бұғазына  дейін 

ауқымды  кеңістікті  алып  жатқан  жазық.  Даланың  жалпы  бет - бедері  жазық  дегенмен  əр  бөлігінде 

микробедері күрделі. Теңіз жағалауындағы ені 4-5 км жолақ бірыңғай құм. Тек, Жыңғылтүптің тұсында 

ғана  құм  жоқ.  Құрғақ  құмды  жел  үрлеп,  əртүрлі  деңгейдегі  жал  құмдардың  арасында  дефляциялық 

қазғанақтар  жиі  кездеседі.  Теңіз  орнындағы  шөгінділер  терригендік  материалдар,  ал  дарияның  теңізге 

құярлығында  жиналған  аллювийлік  шөгінділер.  Теңіз  табанының  осы  шығыс  жағындағы 

геоморфологиялық келбетінің қалыптасуына Сырдария өзенінің əсері күшті болса керек. Ғылыми əдебиет 

бетінде  геологиялық  дəуір  ішінде  Сырдария  өзенінің  қалыптасуы  рет  ретімен  бірнеше  кезеңнен  өткенін 

көрсетеді.  Осы  схема  бойынша,  ең  алғашқыда  үштік  дəуірдің  соңында  жəне  төрттік  дəуірдің  басында 

Оңтүстік Қызылқұмда Дариясай ескі өзенінің пайда болуынан басталады. Кейінгі дəуірде сол ескі өзен 42-

ші  ендікпен  Солтүстікке  қарай  жылжиды.  Жоғарғы  төрттік  дəуірдің  басында  ол  Жаңадарияның  ескі 

арнасымен, онан ары өзен арнасы тағы да жылжып, Қуаңдарияның арнасына түсіп ағады. Сырдарияның 

тағы да Солтүстікке қарай жылжыған кезеңі кейінгі Хвалин дəуіріне тура келеді. Жаңа дəуірде Сырдария 

өзені Жосалының батысында тектоникалық қатпарды жарып, қазіргі арнасымен жаңа атырауды (Қазалы 

оазисі) жасайды. Оңтүстік Қызылқұмдағы ескі өзен Дариясайдан санағанда Жаңадария, Қуаңдария, сосын 

қазіргі  Солтүстік  Арал  теңізіне  құйып  жатқан  Сырдарияның  арнасы  үшінші  болады  екен.  Біздің 

зерттеулеріміз, Қуаңдария мен қазіргі сулы арнаның арасында тағы бір негізгі арнаның болғанын көрсетті. 

Ол  арна  анық  сақталған  оңжақ  жəне  солжақ  өзектерімен  бірге  теңіздің  астында  қалып  белгісіз  болып 

келген. Сырдарияның ескі арнасы мен оның атауы туралы мəлімет ғылыми əдебиет бетінде кездеспейді. 

Біздің  пікірімізше,  Арал  теңізінің  осы  бетінде  бедер  жасаушы  негізгі  нысан  Сырдария  өзені  туралы 

мəлімет  толық  болуы  үшін  оның  теңіз  астынан  шыққан  ескі  арнасына  лайықты  ат  қойып,  ғылыми 

айналымға  қосу  лəзім.  Теңізден  шыққан  арна  «Аралдария»  деп  аталды.  Сонда  Дариясайдан  оңға  қарай 

өзеннің жылжуы Жаңадария – Қуаңдария - Аралдария, сосын қазіргі кіші Аралға құйып жатқан Сырдария 

болады. Яғни, Сырдарияның арнасы оңға қарай үш рет емес, төрт рет жылжығаны анықталып отыр.  

Ескі  заманда  Қуаңдарияны  тастап,  оңға  жылжып  аққан  өзен  Қаратерең  қырқасының  шығыс 

шетіндегі  «Тастақ»  шыңының  жарқабағына  тіреледі.  Сонан  тағы  да  оңға  таман  ойысып,  оңжағындағы 

Тұщыбас  жəне  Қарашалаң,  солжағындағы  Баян  ойпаттарының  арасымен  ағып,  арналық  қырқа  жасайды. 

Сөйтіп,  теріскей  бағытпен  аққан  өзен  қазіргі  Берг  бұғазына 15 км-дей  жақындап,  Көкарал  шыңының 

оңтүстік  шығыс  етегіндегі  қырқаға  тіреледі.  Осы  жерде  өзеннің  негізгі  арнасы  батысқа  қарай 90

0

 

бұрышпен  кілт  бұрылып,  Қаратерең  қырқасын  жарып,  батысқа  қарай  бұрылады.  О  заманда  қазіргі 



Солтүстік  Арал  теңізі  болмаған  сыңайлы,  өйткені,  оның  табаны  үлкен  теңізден  едəуір  жоғары  жатыр. 

Өзеннің батысқа бұрылуының басты себебі осы деп пайымдауға болады. Жаңа дəуірде теңіз суы молайып, 

деңгейі  көтерілгенде  өзен  ағысы  теңіздің  тұзды,  сондықтан  массасы  ауыр,  əрі  тығыз  суымен  қабысқан 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



47

тұсында күшті кедергіге ұшырап, иірімденіп (турбуленттік) ақса керек. Сонан жиналған ірі құм шоқаттар 

өзен  арнасының  осы  бөлігінде  арналық  қырқаны  құрайды.  Ескі  өзен,  яғни  Аралдария  Қаратерең 

қырқасынан  өтіп,  батыс  беткейдегі  Арал  ойпатының  табанына  түскен  соң 16-17 км-ге  барғанда  арна 

жайпауыттанып,  жазық  далада  жайылып  аққан  су  теңіздің  теріскейіндегі  Құланды  жəне  Көкарал 

шыңдарының аралық тұсынан барып теңізге құйған. 

Дарияның  ағысы  жоғарыда  айтылған  «Тастақ»  қырқасына  тірелгенде  тасқын  судың  бір  бөлігі 

арнадан  асып,  өзеннің  сол  жағындағы  алдымен  «Ақкөл»,  сосын  оған  жалғас  жатқан  «Кəртіма» 

ойпаттарына  құяды. «Кəртіма»  толғанда  артық  су  Қаратерең  жонының  оңтүстік  батыс  мүйісін  айналып, 

Қаратереңнің  батыс  беткейімен  қатарласа  теріскей  бағытта  жылжып,  Аралдарияның  жазық  даладағы 

жайылма  суымен  қабысады.  Қазіргі  «Құйылыс»  деп  аталатын  табан  сол  Кəртімадан  шыққан  судың өзек 

түрінде  баяу  жылжыған  ізі  болса  керек.  Құйылыстың  ауыр  саздақ  грунты  баяу  жылжыған  судың 

құрамындағы  өте  майда  лай  бөлшектердің  тұнбаға  түскенінен  жиналған  шөгінді  екенін  мегзейді. 

«Құйылыс» өзегі тұрақты болмай, дария тасу жылдары ғана ағысы болып, өзен қайту жылдары Ақкөл мен 

Кəртімаға  су  аз  түсуі  себепті  суы  тартылып,  əр  жерде  батпақты  көлшік  түрінде  қалатын  болған. 

Құйылыстың  батыс  жағында  өзектің  бойымен  соғылған  тоған  бар.  Сонымен  бірге  мұнда  тым-тəуір 

дамыған  суармалы  егіншілік  болғаны  осы  жерде  жиі  кездесетін  ирригация  жүйесінің  қалдықтары  мен 

фрагменттерінен көрінеді.  

Көне  заманда  «Тастақ»  шыңының  тұсынан  оңға  ойысқан  Сырдария  өзені  Қаратерең  қыратын 

Көкаралға жақын тұстан жарып, батыс беткейіндегі табанға шығатынын айтқанбыз. Жоғарыда айтылған 

«Құйылыс»  өзегі  осы  қыратты  оңтүстік  батыс  мүйісінен  айналып,  теріскей  бағытпен  жылжып, 

Сырдарияның  табанға  түскен  ағысымен  қабысатын  болған.  Сонда  қазіргі  Қаратерең  қырқасы  Сырдария 

өзенінің  атырауындағы  арал  болғаны  анық.  Оның  түбекке  айналуы  жаңа  дəуірде  арал  теңізінің  деңгейі 

көтерілгенде болған. 

Ғылыми əдебиет бетінде Арал теңізінің табаны шығыстан батысқа қарай бір бағыттағы еңістікпен 

баяу ылдилайтын жазық дала деп айтылады. Біздің зерттеулеріміз, бұл теңіз табанының барлық бөлігіне 

тəн  емес  екенін  көрсетті.  Мысалы,  Қаратерең  қыратынан  бедердің  еңістігі  батыс  бағытпен,  ал  осы 

қыраттың  батысында  орналасқан  «Массагет»  даласында  еңістігі  шығыс  бағытпен  Құйылыстың  орта 

тұсына келеді. Яғни, теңіз табанының бұл бөлігінде жер бетінің еңістігі қаусырма бағытта ылдилады. 

Теңіздің  құрғаған  орнында  орналасқан  бедері  жайлы  ауқымы  үлкен  телімдерден  «Массагет» 

даласын  ерекше  атап  өткен  жөн.  Көне  заманда  мұнда  суармалы  егіншілігі  дамыған  ел  мекені  болғаны 

анықталып  отыр.  Оны  осы  жерден  табылған  елді  мекеннің  (қала)  орны  жəне  ирригация  жүйесінің  анық 

сақталған  элементтері - жармалар  мен  арық - атыздардың  фрагменттері  айғақтайды.  Жармалар 

солтүстіктен оңтүстікке қарай салынғанына қарағанда суды Сырдариядан алғаны күмəн туғызбайды. 

Тарихи  деректі  мəліметерге  қарағанда,  біздің  жыл  санағымызға  дейін V-VII ғасырларда 

Сырдарияның  төменгі  ағысында  суармалы  егіншілікпен  айналысқан  «Массагет»  тайпалары  мекендейді. 

Онан  беріректе,  біздің  жыл  санағымызға  дейінгі  І-ІІ  ғасырларда  құрылған.  Ұлы  Құшан  патшалығының 

құрамына  кірген  Кердері  тайпалары  осы  арал  өңірінде  егін  егіп,  мал  баққан  болса  керек.  Құшан 

мемлекетінің  негізін  салған  да  осы  Кердері  тайпалары,  ал  Кердерілер  қазіргі  Қазақ  руларының  бірінен 

саналады. Құшан мемлекеті қоғамдық дамуда Рим империясы жəне Қытаймен қатар тұрған дейді ғылыми 

деректер.  Осындай  мемлекеттің  құрамында  өмір  сүрген  Кердерілердің  тəуір  дамыған  ирригация  жүйесі 

мен суармалы егіншілігінің болуы əбден мүмкін. Теңіз орнынан табылған археологиялық жəдігерлер бұл 

өңірдің  табиғатын  адамның  пайдалануы  көне  дəуірден  бастау  алатынын  көрсетеді.  Қазіргі  ғылыми-

техниканың даму деңгейі теңіз орнындағы құрлықтың табиғи қорларын шаруашылық айналымға қосып, 

экономикаға қызмет еткізуі пəлендей қиындық туғызбаса керек. Соңғы кезде Арал мəселесін халықаралық 

деңгейде  қайтадан  қолға  алу  өңірдің  экология - экономикалық  жағдайын  көтеруді  мақсат  тұтатыны 

ақиқат. 

• 

Арал  теңізі  құрғаған  орнының  геоморфологиясына  қатысты  бұрын  белгісіз  тың 



мəліметтер  жəне  осы  жерден  табылған  археологиялық  жəдігерлер - елдің  мекені  мен  ирригация 

жүйесінің элементтері, ғылымның тиісті салаларына қосылған жаңалық болып табылады; 

•  Теңіз  орнының  табиғи  қорларын  тиімді  пайдалану  үшін  оның  геоморфологиялық 



ерекшеліктеріне  байланысты  қазіргі  даму  бағытын  бақылаудан  шығармай  басқарудың  ғылыми - 

тəжірибелік маңызы бар. 

 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



48

1.

 

Петрушевский  Б.А.  Геоморфологический  очерк  нижного  течения  Сырдарьи. // 

Землеведение. - Т.37. - 1933. 

2.

 

Герасимов И.П. Основные черты развития современной поверхности Турана. // Тр. Ин-та 

географии АН.СССР. - Вып. 25. - 1937. 

3.

 

Федорович  Б.А.  Древние  реки  в  пустынях  Турана. // Материалы  по  четвертичному 

периоду СССР. - Вып.3 АН. СССР. - 1952. 

4.

 

Нұрғызарынов  А.М.  Арал  теңізінің  құрғаған  орнындағы  жаңа  құрлықтың  қалыптасуы 

жəне  тұрғындарды  реабилитациялау  мақсатында  оны  шаруашылыққа  игеру. // Проблемалық  ғылыми-

зерттеу  экология  лабораториясының 2002 - 2003 жж.  ғылыми  есебі. - Қорқыт  Ата  атындағы 

Қызылорда мемлекеттік университеті. 

 

Резюме 



Впервые получены неизвестные сведения по геоморфологии осушенного дна Арала. В частности, 

общий  уклон,  направленный  с  востока  на  запад,  не  характерен  для  всех  участков  территорий;  равнина 

«Куйылыс» является бывшим руслом одного из протоков, и полуостров «Каратерень» прежде был одним 

из  дельтовых  островов  реки  Сырдарьи;  считалось,  что  река  Сырдарья  в  своем  историческом  развитии 

смещала свое русло вправо три раза, а по нашим данным - четыре раза. В различных частях осушенного 

дна  Аральского  моря  найдены  остатки  поселений  и  элементы  ирригационной  системы, 

свидетельствующие  о  древней  земледельческой  культуре.  Показано,  что  сведения  об  особенностях 

геоморфологии  осушенного  дна  имеют  научно-практическое  значение  при  хозяйственном  освоении 

природных ресурсов региона. 

 

Summary 



For the first time, unknown information about geomorphology of dewatered bed of Aral are received. In 

particular, common slope directed from east to west is not characteristic to all sections of territory; plain «Kuylys» 

is a former conduit of one of the channels and «Karateren» half-island was initially one of the delta-islands of 

Syrdarya river; it is considered that the Syrdarya river in its historical development had changed its conduit 

rightwards three times, and according to us it had changed four times. In different sections of dewatered bed of 

Aral Sea, the remains of life and elements of irrigation system were found which confirms about ancient land 

farming. It is shown that the information about the features of geomorphology of dewatered bed has scientific-

practical importance in development of natural resources of region. 

 

 

 



 

ƏОЖ 911:52.911.6(574.51) 

 

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕР БЕДЕРІН ҚАЛЫПТАСТЫРУШЫ ФАКТОРЛАР 

 

Р.Т.Искакова - 

«Елтану» кафедрасының оқытушысы 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

 

Жамбыл облысының жер бедері жазық болып келеді. Тау массивтері оңтүстігінен, шығыстан жəне 

оңтүстік - батыстан  қоршап  жатыр.  Оңтүстік  шығысында  Кіндіктас  тауы  жатыр.  Кіндіктастың 

солтүстігінде Шоқпар жəне Қопа ойысымен, оңтүстік, оңтүстік - батысында Шу аңғарымен шектелген. Ол 

бірнеше массивтерге бөлінеді. Солтүстік-шығысында Қордай үстірті, шығысында Желтау тауы, оңтүстік - 

шығысында  Ырғайты,  Ақалтас  өзендері  бассейндерінде  Ырғайты  үстірті,  батысында  Аққойлық  қыраты 

жатыр.  Шоқпар  ойысының  солтүстік - батысында  Шу,  Іле  өзендерінің  су  айрығында  Шу - Іле  таулары 

жатыр.  Оңтүстік-батыс  жағы  көтеріңкі,  ол  Айтауда (1800 м)  ұсақ  шоқылардан  тұрады.  Солтүстік-

батысында  Хантаумен (1053 м)  жалғасады,  одан  əрі  желтау  таулы  үстірі  жатыр.  Солтүстік-батысында 

Бетпақдалаға  ұласады.  Облысытың  оңтүстігінде  Қырғыз  Алатау  жатыр.  Ол  батысында  Тектұрмкас 

қыратынан  басталады.  Оның  биіктігі  біртіндеп  биіктей  береді. 1000-3000 м  (Мақпал  шыңы, 3685 м). 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



49

Қырғыз Алатауының батысында беткейлердің ассиметриясы жақсы байқалады. Солтүстік беткейі тік жəне 

қысқа, оңтүстік беткейі ұзын жəне көлбеу. Қырғыз Алатауының жоталары тек оңтүстік - шығысында ғана 

қар  сызығынан  жоғары  көтеріледі (3000-3800 м).  Оңтүстік - батысында  Қаратау  жоталары  жатыр.  Ол 

солтүстік-батысында 700 метрден,  оңтүстік-шығыста 1000 метрге  дейін  көтеріледі. 43

40



-та  Қаратау 

екіге бөлінеді: Шығыс - кіші Қаратау жəне Оңтүстік-батыс Қаратау.  

Қаратаудың рельефіне жергілікті халық жон деп аталатын суайырық жоталары тəн. Полезойдың əк 

тастарынан  тұратын  тау  массивтерінде  карстылық  рельеф  формалары  көп  кездеседі.  Қаратаудың 

оңтүстігіндегі  тегістелген  беткейден  Боралдай  жотасы  шығып  тұрады.  Оның  суайырығы  жіңішке.  Бұл 

жотаның беткейлері тік жартасты. Қаратауға Солтүстік-шығысынан бордың үштік дəуірдің сазды-құмды 

қабаттарынан тұратын тау алды жазығы жалғасып жатыр. Мұнда рельефтің қыр деп аталатын формалары  

таралған,  яғни  тік  беткейлі,  төбесі  тегістелген  қалдық  тау.  Ол  жазықтардан 30-50 м  көтеріліп  тұрады. 

Қазіргі Шу, Талас өзендерінің аңғарының рельефіне 2 терасса жайылмаға жəне терассалы Шу аңғарында 

жайылма  терассасы  Қамқалы  ауданында  өсіп, 10-15 м  жетеді.  Шу  аңғарының  оңтүстігінде  Мойынқұм 

құмы жатыр (абс. биіктігі 200-800 м) [1] 

Мойынқұмның  солтүстігі  Шу  маңы  құмды  жазық,  құм  төбелер  мен  жоталар  солтүстік-шығыс 

бағытта созылып жатыр. Мойынқұмның орталық бөлігі төбелі жоталы жазықтан тұрады. Рельефтің типтік 

элементі төбешіктер. Оңтүстік-шығыс жəне солтүстік - батыс бөлігінде төбешіктер жалдармен кезектесіп 

келіп,  өсімдік  жамылғысымен  жамылған.  Құм  жазықтардың 10 %-ын  жауып  жатыр.  Мойынқұмның 

оңтүстік-шығысында  құмдар 10-20 % -ын  осы  жерден  ағып  жатқан  Шу  жəне  Қорағаты  өзендерінің 

аңғарының  тереңдігі 40-60м.  Шудан  солтүстікке  қарай  Бетпақдала  жатыр.  Облысқа  оның  оңтүстік-

шығысы ғана кіреді [2]. Бетпақдаланың оңтүстігінде солтүстік батысқа созылған Жамбыл, Қойжарылған, 

Майжарылған,  Байқара,  Шоғырлы  таулары  созылып  жатыр.  Батысында  төбелі-жоталы  жазық  жатыр. 

Солтүстігінде  салыстырмалы  биіктігі-450м,  оңтүстігінде 325-400 м.  Оңтүстігінде  Сарыой  аңғарымен 

шектелген [3]. 

Физикалық - геологиялық  процестерге  жəне  морфологиясына  байланысты  рельефтің 3 - типін: 

денудациялық-тектоникалық,  денудациялық,  аккумулятивтік  рельеф  типтерін  бөліп  қарастыруға  боады 

(Сваричевская З.А. жəне Колецкая М.С. мəліметтері бойынша).  



Денудациалық-тектоникалық  рельеф.  Бұл  категорияға  барлық  қатпарлы  құрылымдар  жатады. 

Ол активті жаңа тектоникалық қозғалыстың нəтижесінде пайда болған. Беткейлердің морфологиясы мен 

абсолюттік  биіктігіне  қарай  рельефтің  морфогенетикалық  мынадай  типтерін  бөліп  қарастырамыз:  биік 

таулы, орта жəне аласа таулы рельеф. 



Биік таулы рельефте мəнгі мұздықтар мен қардың зонасында жатқан зоналарды айтуға болады. 

Оның ерекшелігі қарқынды тілімдену, салыстырмалы биіктіктің үлкен амплетуда жасауы жəне мұздықты 

форманың көп таралуы. Жоталардың беткейлері тік, қатпарлы жоталар, сызығы жіңішке. Өзен аңғарлары 

тар шатқалдар жасайды. Мұздықтардың еруіне байланысты өзендердің эрозиялық əрекеті көтеріліп тұрған 

пенепленденрдің одан əрі тілімденуіне алып келеді. Бұған облыстың ең оңтүстік бөлігі кіреді.  

Орта  биік  рельеф. 1000 м - ден-2000  м - ге  дейінгі  жоталарда  дамыған.  Биік  таулы  рельефтен 

айырмашылығы,  мұздықты  форма  жоқ,  беткейлері  көлбеу,  тілімденуі  терең  емес.  Салыстырмалы 

биіктігінің амплетудасы (төбесі мен түпкі аңғардың) 500 - 700 метрден сирек асады. Өзен аңғарлары U-

тəрізді болады. Аңғарлардың тереңдігі 800 м болады. 



Аласа  таулы  рельеф.  Ертедегі  денудациялық  жазықтың  аздап  көтерілген  территориясын 

қамтиды. Рельефтің тілімдену тереңдігі, беткейлердің морфологиясы əр жерде əр түрлі. Кіндіктастас, Шу, 

Іле тауларында суайырық жоталары жатық беткейлі жəне қиыршық тасты саздақпен жабылған. Суайырық 

беткейлері каньон тəрізді аңғарлармен тілімденген. 



Денудациялық рельеф аридті денудациялық жазықта, эрозиялық үстірттер түрінде тараған. Олар 

тау  массивтерімен  аккумулятивті  жазықтардың  аралығындағы  өтпелі  баспалдақты  қамтиды.  Оған 

Бетпақдала жəне Қаратау жотасымен Шу - Іле тауларының алдындағы қалдық қыраттар түрінде сақталған 

тау  алды  еңіс  жазықтарының  участоктары  жатады.  Аридті-денудациялық  жазық  пен  эрозиялық 

үстірттедің  ерекшелігі  фундамент  жыныстарының  терең  жатпауына,  геологиялық  құрылысына 

байланысты.  Шу-Іле  тауы  мен  Қарату  жотасында  денудациялық  жазықтар  тілімденуге  ұшыраған.  Өзен 

аңғарлары торының жиілігі оларды көлбеу беткейлі жəне жонды жеке қалдықтарға бөліп жібереді. Сорлы 

дефлияциялық  ойыстар  Бетпақдаланың  оңтүстігінде  кездеседі.  Олардың  түбі  сортаңдармен  жəне 

тақырлармен жабылған.  


ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



50

Аккумулятивті  рельеф.  Таулардың  көтерілуімен  бірге  грабен  немесе  синклинальдық  ойыс 

түрінде төмен түскен үлкен алқаптарды көруге болады. Оларға əртүрлі мезгілде пайда болған тау аралық 

ойыстарды  жатқызуға  болады.  Олардың  бетіндегі  шөгінді  жыныстардың  құрамы  жəне  олардың  жату 

жағдайы  қазіргі  жазық  рельефтің  сулы  аккумулятивті  шығу  тегін  анықтайды.  Аккумулятивті  жазықтар 

шығу  тегіне  қарай:  пролювийлі,  аллювийлі  жəне  көлдік  аллювийлі  болып  бөлінеді.  Тауалды  жазықтары 

ысырындылы коустар мен делювийлі  шлейфтердің қосылуынан түзілген пролювийлі жазықтарға жатады. 

Пролювийлі еңіс жазықтар Шу - Сарысу ойысында жақсы байқалады. Олардың беткейі тау өзендерімен 

тілімделген.  Тілімдену  тереңдігі  əр  түрлі,  таудан  ойыстың  ортасына  жақындаған  сайын  кішіриеді. 

Аллювиальды  жазықтар  бетінің  əлсіз  көлбеулігімен,  бірнеше  өзен  терассаларының  болуымен 

ерекшеленеді.  Өзен  аңғарының 4 баспалдақты  жайылма, 1, 2, 3 терассалы  болады.  Жоғарғы  жəне  орта 

төрттік дəуірдің жыныстарынан құралған 1-2 терасслар кең алқаптарды алып жатыр. Ал 3 терасса Сарысу 

өзенінің бойында қалдық түрінде кездеседі. Шу өзенінің аңғарында ол Мойынқұмның құмды массивінің 

көп  жерін  алып  жатыр.  Көлдік-аллювиийлі  жазық    Балқаш,  Алакөл  қазан  шұңқырын  алып  жатыр. 

Сонымен қатар, майда көлдер аймағында таралған, көлдердің маңын тегіс жазықтар алып жатыр [4]. 

Жер  бедерінің  қалыптасу  тарихында  облыс  аумағы  бүкіл  Қазақстан  жеріндей  ұзақ  уақыт  бойы 

Жердің ішкі жəне сыртқы күштерінің əсер етуі нəтижесінде қалптасқан. Аумақты бірнеше рет теңіз басып, 

кейіннен  құрлыққа  айналып,  одан  кейін  қайта-қакйта  теңіз  суы  астында  қалып  отырған.  Жер  бетінде 

таулар  пайда  болып,  кейіннен  олар  мүжіліп,  жазыққа  айналған.  Мұндай  күрделі  процестер  ондаған, 

жүздеген, миллион жылдар бойы қайталанып отырған. Соның нəтижесінде облыс аумағында қазіргі жер 

бедері қалыптасқан. Қазіргі жер бедерінің қалыптасуының 2 кезеңге бөлуге болады. Бұлар ерте мезазой-

палеоген  жəне  жаңа  неоген  төрттік  кезеңдер.  Полезойдағы  қарқынды  соңғы  тектоникалық  қозғалыс 

əсеріне герцин дəуірінде облыс аумағының оңтүстігінде биік таулары пайда болған. Кайнозой эрасының 

басында  олар  мүжіліп  біржола  құрлыққа  айналған.  Жердің  жаңа  тарихының  (кайнозойдан  бастап) 

ұзақтығы 55 - 65 млн.  жылға  созылған.  Облыс  аумағының  қазіргі  жер  бедерінің  қалыптасуы  жер 

қабығының альпілік қозғалысымен тығыз байланысты. Палеоген кезінде облыс аумағында тектоникалық 

қозғалыс  өте  баяу  жүрген  Осы  кезеңде  облыстың  солтүстігіндегі  ескі  тау  жүйелері  бұзылып,  жазық 

өңірлерге (Бетпақдала) айналған. Биік таудың бұзылып, ойпаттарға жиналуынан аккумулятивті жазықтар 

(Шу,  Талас  өзендері  алабы)  пайда  боған.  Неогеннің  екінші  бөлігінде (12 - 15 млн.  жыл  бұрын)  облыс 

аумағында тау массивтері қарқынды көтеріле бастады. Осы уақыттан бастап жаңа тектоникалық қозғалыс 

жүріп,  ірі  тау  жоталары  (Қырғыз  Алатауы,  Талас  Алатауы,  Өгем  жотасы  т.б.)  қалыптаса  бастады.  Тау 

аралық аңғарлар мен ірі өзен аңғарлары пайда болды. Облыс аумағын қамтыған сирек орман орнында шөл 

жəне  қуаң  дала  қалыптаса  бастады.  Төрттік  кезеңде (1 - 1,2 млн.  жыл  бұрын)  облыстың  оңтүстігінде 

мезгіл-мезгіл қарқынды көтерулер қайталанған. Жоталар биік таулы кейіпке келіп, биіктігі 3000 - 4000 м-

ге  жеткен.  Тауаралық  ойыстар  айқындалып,  тау  алды,  тау  аралық  аңғарлар  мен  қазаншұңқырлар 

қалыптасқан. Осы кезеңде Шу өзені жүйесі құрылған. Алғашқы мұз басудан кейін қарқынды түрде терең 

шатқалдар  жасап,  облыстың  оңтүстігіндегі  өзендердің  (Қорағаты,  Меркі,  Аспара)  арналары  қалыптаса 

бастаған.  Қазіргі  кезеңде  неотектоникалық  қозғалыс  əлі  де  жалғасуда.  Қырғыз  Алатауы  мен  Талас 

Алатауындағы тау түзілу процестері де əлі тоқтаған жоқ. 

  

1. Жамбыл облысының энциклопедиясы. – Тараз, 2003. 

2. Карпеков К.Д. Мойынқұм. // Қазақ ССР . ҚСЭ. – Алматы, 1987. - Т. 2. - Б.396. 

3. Карпеков К.Д. Бетпақдала. // Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. - Т.2.–Алматы, 2000. - Б. 342.  

4. Семенова М.И. Джамбульская область. - Алма-Ата, 1961. 

5.  Бейсенова  Ə.С.  Қазақстан  табиғатын  зерттеу  жəне  физикалық-география  идеяларының 

дамуы. // - Алматы: Рауан, 1999.  

 

Резюме 



В  данной  статье  написано  о  рельефе  земли  и  рельефообразующих  факторах  Джамбульской 

области, то есть рассматриваются история образования рельефа земли и рельефообразующие факторы.  

 

Summary 


The article reveals the relief of the earth and relief forming factors of Zhambyl region, that is considered  

history of a relief of the earth and relief forming factors. 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,


1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал