Абай атындағы ҚазҰпу-дың хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы



жүктеу 1.74 Mb.

бет8/18
Дата03.02.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



41

концентрациясы  жоғары.  Теңіз  деңгейі  төмендеуінің 35-40 жылдық  екінші  кезеңінде  кальций  карбонат 

(СаСО

3

) пен бірге кальцийдің сульфаты (CaSO

4

) да шөгіндіге түсті. Қазір теңіз деңгейінің төмендеуі сол 

екінші кезеңде тұр. 

• 

Теңіз  табанының  судан  жақында  шыққан (12-15 жыл)  батыс  бөлігіндегі  шөптесінсіз 



жалаңаш  грунт  бетінде  галиттың (NaCl) əсерінен  қатты  қабыршақ  пайда  болуы  жəне  шығыс 

бөлігіндегі судан 35-40 жыл бұрын босаған грунт бетін өсімдік жабыны бүркеп тұруы себепті теңіздің 

құрғаған орнынан тұзды шаңның таралуы саябырлады, тіпті байқалмайды. Қазіргі кезде теңіздің орнын 

тұз  тарататын  ошақ  ретінде  жəне  азын-аулақ  көтерілген  тұз  шаруашылық  айналымдағы  жерлерге 

түсетін болса, онда оны жердің мелиоративтік күйін аздыратын құбылыс деп қарауға негіз жоқ. 

• 

Арал теңізінің құрғаған орнынан Орта Азия мен Қазақстан далаларына тұздың таралуын 



сипаттайтын  қазіргі  бар  мəліметтерді  толық  деуге  болмас.  Бұл  мəселе  əлде  де  тереңірек  зерттеуді 

қажет етеді. 

 

1.

 

Аралдың  құрғаған  орнындағы  жаңа  құрлық  жəне  оны  шаруашылыққа  игеру  жолдарын 

зерттеу. 2005-2006 жылдардың ғылыми есебі. Проблемалық ғылыми-зерттеу экология лабораториясы. 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті. 

2.

 

Геллер  С.Ю.  Некоторые  аспекты  проблемы  Аральского  моря. // В  кн.:  Проблемы 

Аральского моря. - М., 1969. - С.5-24. 

3.

 

Зенкович В.П. Донные отложения Аральского моря. // Бюлл. Моск. общ-ва природы. - Т.22. 

- Вып. 4. - 1947. 

4.

 

Лепешков  И.Н.,  Бодалева  Н.В.  О  порядке  кристаллизации  солей  при  испарении  воды 

Аральского моря. // Докл. Ан. СССР. - Т. 83. - №4. – 1952. 

5.

 

Блинов А.К. Гидрохимия Аральского моря. - Л.: Гидрометеоиздат, 1956. 

 

Резюме 



В статье рассмотрены особенности движения солей в воде Аральского моря и его осушенного дна. 

Показано, что в начальной стадии отступления моря на осушенном дне происходил ветровой вынос соле-

пылевой  массы.  В  настоящее  время  в  западной  части,  недавно  освободившейся  от  морской  воды,  на 

поверхности  грунта  образовалась  твердая  галитовая (NaCl) корочка,  а  в  восточной  части,  где  море 

отступало 40-45 лет назад, поверхность грунта покрыта растительным покровом. Поэтому ветровой вынос 

солей  с  осушенного  морского  дна  практический  прекратился  и  не  представляет  опасность  для 

земледельческих полей, прилегающих территории. 

 

Summary 



In this article, the features of salt movement in water of Aral Sea and in its dewatered bed are reviewed. It 

is shown that at the initial stage of sea shrinkage, salty-dusty masses were moved by wind. Now, at the western 

part which was recently freed of sea water the hard galit (NaCl) layer was formed at the surface of soil, and at the 

eastern part where sea shrank 35-40 years before the surface of soil was covered by vegetations. Therefore, salt 

movement by wind form the bed of sea was practically stopped and there is no danger for agricultural fields and 

nearby territories. 

 

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



42

УДК 593.1 : 577.486 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҚ ДАҚЫЛДАРЫ МЕН КЕЙБІР ТЫҢАЙТҚЫШТАР ƏСЕРІНЕН 

ТОПЫРАҚТЫҢ ӨҢДЕЛГЕН ҚАБАТТАРЫНДАҒЫ PROTOZOA ДИНАМИКАСЫ 

 

Б.Қ.Есимов - б.ғ.к., доцент, 

Т.О. Абдирова - магистрант, 

А.Калиева - магистрант 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

 

Қазіргі уақытта ауа, су бассейні, топырақ өндірістік, транспорттық жəне тұрмыс қалдықтарымен 

ластануда.  Бұл  табиғаттағы  экожүйенің  бұзылуына  əкеліп  соғады.  Жануарлар  экологиясы  мен 

биологиясын,  оның  ішінде  қарапайымдыларды  зерттеу  өзекті  мəселе  болып  табылады. 

Қарапайымдылардың  тіршілік  ортасындағы  өзгерістерге  бейімделуінің  заңдылықтарын  жан-жақты  əрі 

мұқият  зерттеу  қажет.  Ол  экстремальды  факторлардың,  ең  алдымен  қоршаған  ортаға  антропогенді 

жағдайдың əсерінен туындайды.  

Саркодалардың, талшықтылардың жəне кірпікшелілердің еркін тіршілік ететін түрлері кез-келген 

топырақтың  биоценозын  əрі  топырақта  тіршілік  ететін  жануарлардың  қоректік  тізбегін  құрайды. 

Қарапайымдылардың  барлық  түрлері  топырақтың  химиялық  қалдықтармен  ластануын  көрсететін 

индикаторы болып табылады.  

Қарапайымдылардың  еркін  тіршілік  ететін  түрлері  органикалық  заттардың  минералдануы  мен 

ыдырауында,  улы  заттарды  нейтролизациялауда,  иғни  топырақтың  биологиялық  тазару  процесінде 

маңызы зор. Жерді кең көлемде химизациялау жағдайында топырақты биологиялық тұрғыдан зерттеудің 

бірнеше  əдістерін  көрсетуге  болады.  Көптеген  жағдайларда  минералдық  тыңайтқыштарды  пайдалану, 

оның  тиімділігінің  жеткіліксіз  екендігін  көрсетеді.  Оны  биологиялық  процестерде  түрлі  себептермен 

түсіндіруге  болады:  топырақ  омыртқасыздармен  жəне  микроорганизмдермен  тыңайтқыштарды  сіңіріп, 

иммобилизациялау 25-30% жететін  денитрификацияны  тудырады.  Топыраққа  түскен  тыңайтқыштар  мен 

пестицидтерді биологиялық детоксификациялау қызығушылық танытуда. Топыраққа енген кез-келген зат 

биохимиялық  процестердің  бағыты  мен  жылдамдығын  өзгерте  отырып  топырақта  тіршілік  ететіндердің 

құрамы мен белсенділігін аз да болса алмастырады. Ал тыңайтқыштар мен пестицидтердің жоғары дозасы 

топырақты зарарсыздандыруға əсер етеді. Бірақ, біз оның маңызын əзірге бағалай алмаймыз. 

Топырақта тіршілік ететін микроорганизмдер мен жануарлар кез-келген биогеоценозда бір-бірімен 

байланысып, əртүрлі түрлерді қамтиды. Топырақтағы процестерге жеке-жеке түрлер ғана қатыспайды, ал 

ценоздарда  қатысады.  Оларды  зерттеуге  биологияның  көңілін  аудару  кездейсоқтық  емес.  Əсіресе, 

тыңайтқыштардың  əсерінен  топырақта  жəне  суда  тіршілік  ететін  қарапайымдылардың  түрлеріне  жəне 

олармен  байланысқан  бактериялар  да  қызығушылық  танытуда.  Қарапайымдылар  мен  бактериялар 

топырақтың  құнарлылығын  жəне  өнімін  арттырудағы  негізгі  агент  болып  табылады.  Сонымен  қатар 

микрофлоралардың  минералды  тыңайтқыштарды  зиянсыз  заттарға  дейін  ыдырататын  қабілеті  бар. 

Мұндай қасиет қарапайымдыларда да кездеседі.  

Қарапайымдылар  мен  басқа  ұсақ  организмдер  өзара  тіршілік  етуіндегі  минералды  жəне 

органикалық тыңайтқыштардың практикалық маңызының қыр-сырын білу үшін əлі де болса зерттеулердің 

қажет етеді.  

Бұл мақалада қарапайымдылардың дамуы мен əр түрлі ауыл шаруашылық дақылдарға минералды 

жəне органикалық тыңайтқыштардың əсерін зерттеу түрлері қарастырылған. Осы жұмыстың негізі болып 

1993-95  жылдарда  автормен  бірге  жасалынған  топырақтағы  тыңайтқыштардың  қарапайымдылардың 

дамуына  əсерін  зерттеудегі  тəжірибелер  болып  табылады.  Төменде  келтірілген  мəліметтер  белгілі 

көрсеткіштерге  дейін  стационарлық  жəне  зертханалық  зерттеу  жолымен  алынған.  Тəжірибелер  Алматы 

облысы,  Қарасай  ауданына  қарасты  ҚҒЗ - да  (КИЗ)  жүргізілген.  Қарапайымдылар  фаунасын  зерттеу  бір 

жылдық  шөптесін  өсімдіктер,  жүгері,  тамыр  жемістілердің  вегетациялық  кезеңдерінде  (сəуір - қазан) 

жүргізілді. 

Осыған ұқсас зерттеулер жоңышқа мен жүгері топырақтағы түрлі тыңайтқыштарды: 1 га 60 тонна 

кл жəне минералды тыңайтқыштар: 1 га N-60 кг, P-60 кг, K-60 кг себу арқылы жүргізілді.  

Топырақ үлгілері белгілі мерзімге дейін əр айдың орта шенінде 12-15 ші күндері тəжірибенің əрбір 

нұсқасы бойынша алынды. 1 г топырақтағы протозоа мөлшері мен N құрамы анықталды. 1-кестеде түрлі 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



43

ауыл  шаруашылық  дақылдары  өсірілген  топырақтағы  қарапайымдыларды  зерттеудегі  нəтижелер 

көрсетілген. 

Алынған  нəтижелер  бойынша  вегетативтік  кезеңде  амебалар,  талшықтылар,  кірпікшелілер  саны 

түрлі  дақылдар  өскен  топырақта  ауытқып  отырады.  Мұнда  кейбір  заңдылықтарды  қарастыруға  болады. 

Топырақтағы  қарапайымдылар  саны  вегетативтік  кезеңнің  екінші  жартысында  қыркүйек  пен  қазан 

айларында  жоғарылайды.  Оңтүстік  Шығыс  Қазақстанда  бұл  уақытта  топырақ  ылғалдылығы  күрт  өседі. 

Шуақты күндер қысқарып, түндер суытады. Топырақ ауадағы буланған суды өз бойына сіңіреді. Жауын-

шашын түсімі молаяды. Тамыз, қыркүйек айларында бір жылдық өсімдіктер мен көп жылдық шөптердің 

жеке түрлерінің вегетативтік мерзімі аяқталады. Тамыр жүйесіндегі аймақтар өсуін тоқтатады. Топырақта 

жаңа органикалық зат пайда болады, мыс: екінші жыл өсіп жатқан көп жылдық шөптердің қалдықтарынан 

1  г  топырақта 20-дан 30 мыңға  дейін  кездеседі.  Талшықтылар,  амебалар  жəне  кірпікшелілердің  жекеше 

түр саны 10 мыңға жетті.  

Ұзақ  вегетациялық  кезеңдегі  отамалы  дақылдарды – жүгері  жəне  қант  қызылшасын  шөптермен 

салыстырғанда  олардағы  қарапайымдылар  саны  жаз  бойы  едəуір  төмен  болды.  Тамыз  айында  жүгері 

алқабындағы топырақтың 1 г-да қарапайымдылар саны 370-тен 3000 - ға дейін, ал қыркүйекте 123 000 - ға 

дейін  ауытқиды.  Қант  қызылшасы  алқабындағы 1 г  топырақтағы  қарапайымдылар  саны 1,5 мың  дараға 

дейін  өсті.  Талдықорған  ауданында  керісінше 1 г  топырақта  қарапайымдылар  саны 14 000 - ға  жеткен. 

Қант  қызылшасының  алғы  дақылдарының  алқаптарында  көп  жылдық  шөптердің  өнімділігі  өте  жоғары 

болды. Сонымен бірге қызылша егілген топыраққа баяу сіңетін қи себілді. Мұндай жағдай топырақтағы 

қарапайымдылар  санының  көбеюіне  алып  келеді.  Көп  жыл  бойы  тыңайтылған  əрі  өсімдіктер  өспеген 

топырақты  бақылағанда  қарапайымдылар  санының  төмендегенін  байқадық. 1993 жылы  қыркүйекте 1 г 

топырақта қарапайымдылардың саны 140 дана ғана болған. Демек, қарапайымдылар санына топырақтағы 

тыңайтқыштар  да  əсер  етеді.  Жүгері  мен  жоңышқа  егілген  топыраққа  органикалық  жəне  минералды 

тыңайтқыштарды сепкенде мынадай нəтижелер алынды.  

 

1-кесте. Вегетациялық мерзім кезіндегі түрлі дақылдар егілген топырақтағы  



қарапайымдылар саны 

Тəжірибе нұсқасы 

Зерттеу уақыты 

Талшықтылар (1 г 

топырақ) 

Амебалар  

(1 г) 

Кірпікшелілер (1 г) 



Өсімдіктерсіз  жəне 

тыңайтқышсыз 

бақылау 

Мамыр 


Маусым 

Шілде 


Тамыз 

Қыркүйек 

Қазан 

10 


400 

700 


700 

100 


400 

20 


25 

25 


30 

100 


100 

10 


10 

10 


10 

10 


10 

 

Жүгері 



Мамыр 

Маусым 


Шілде 

Тамыз 


Қыркүйек 

Қазан 


100 

80 


70 

900 


1000 

1000 


100 

100 


100 

100 


100 

100 


100 

10 


100 

100 


2000 

1000 


 

Қант қызылшасы 

Мамыр 

Маусым 


Шілде 

Тамыз 


Қыркүйек 

Қазан 


100 


300 

700 


1000 

1000 


100 


400 

600 


100 

200 


10 


100 


100 

1000 


11 

жыл 


бойы 

шыққан 


бұршақ 

жəне 


астық 

тұқымдас шөптер 

Мамыр 

Маусым 


Шілде 

Тамыз 


Қыркүйек 

Қазан 


100 

900 


10000 

10000 


10000 

10000 


90 

1000 


1000 

1000 


1000 

1000 


80 

900 


1000 

1000 


1000 

1000 


ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



44

2-кесте. 1 г топыраққа əртүрлі тыңайтқыштар қосқандағы қарапайымдылардың жалпы саны 



 

Нұсқалар 

Жүгері 

Жоңышқа 


Бақылау (тыңайтқышсыз) 300 

420 


Көң 17700 

20000 


Минералды тыңайтқыштар 

(N,K,P) 


8200 10050 

 

Жүгері мен жоңышқа егістік алқабының топырағына тыңайтқыштар қосу қарапайымдылар санына 



ғана əсер етіп қоймай, басқа да жеке класс тармақтарына əсер етеді. 2 мен 3 кестеде алынған мəліметтер 

келтірілген. 

Түрлі тыңайтқыштар топырақтағы Protozoa құрамы мен жалпы санына күшті əсер етеді. Қыркүйек 

айында  қимен  өңделген  алқапта  кірпікшелілер  саны 1 г  топырақта 15000 данадан,  ал  басқа  аймақтарда 

3000  данаға  дейін  жетті.  Кірпікшелілер  саны  минералды  тыңайтқыштармен  өңделген  алқаптардағы 1 г 

топырақта 1000 - ға жетсе, ал тыңайтқышы жоқ алқаптарда 100-200-ге дейін болды. Қиды қосқаннан кейін 

де  топырақтағы  талшықтылар  саны  күрт  жоғарылаған.  Олардың  саны  қыркүйекте  топырақтың 1 г-да 

20000, ал бақыланатын егіс алқабында 3000 дара ғана кездескен.  

Қи мен минералды тыңайтқыштармен өңделген топырақта амебалар санының өскені анықталды. 

Қыркүйекте 1 г топырақта олардың саны 30000, ал, бақыланатын аймақтарда 5000 дараға дейін кездеседі. 

 

3-кесте. Топырақтағы қарапайымдылардың дамуына тыңайтқыштардың əсері  



(1 г топырақтағы дана саны) 

 

Талшықтылар 

Амебалар 

Кірпікшелілер 

Зерттеу 

уақыты 


Бақылау 

Көң 


Мин 

тыңайт 


Бақылау

Көң 


Мин 

тыңайт 


Бақылау 

Көң 


Мин 

тыңайт 


Маусым 3000 

1000 


2000  1000  100000 

10000  100 

3000 100 

Шілде 1000  5000 

1000 3000 

15000 


5000 10  1000 

3000 


Тамыз 3000  1000 

1000  5000 

25000 

10000 1000 10000 



1000 

Қыркүйек 3000 

2000 1000 

5000  90000  10000 

100 

15000 100 



 

Сонымен қатар ауыспалы егістіктердегі алғы дақылдардың жүгері өнімділігіне əсер етуіне зерттеу 

жұмыстары  жүргізілді.  Бұл  тəжірибелерде  түрлі  алғы  дақылдардағы  жүгері  топырағындағы 

қарапайымдылардың    санын  анықтауға  болады.  Түрлі  алғы  дақылдармен  жүгері  (осетин,  тіс  тəрізді 

түрлері) топырақтағы қарапайымдылардың жалпы саны 4-кестеде көрсетілген. Көрсетілген мəліметтерден 

түрлі алғы дақылдар егілген топырақтағы қарапайымдылардың жалпы саны вегетативтік кезеңнің аяғында 

аса өзгермейтінін анықтадық. Мысалы: қант қызылшасы егілген 1 г топырақта қарапайымдылар 140000, 

көп  жылдық  шөптесін  өсімдіктер  топырағында 15000, ал  жүгері  топырағында  өте  аз 5000 данадан.  Бұл 

құбылыс  топырақта  органикалық  заттардың  көптігін  көрсетеді.  Жүгерінің  алғы  дақылы  қант 

қызылшасынан органикалық тыңайтқыштар шамадан тыс қалса, ал көп жылдық шөптесін өсімдіктерден 

кейін топырақта қалың шым түзіліп, тамырдың көп мөлшері қалған. Осыған байланысты қыркүйек, қазан 

айларында  өңделген  сұр - қоңыр  топырақта  вегетациялық  кезеңдерде  протозоа  саны 20-30 мыңға  дейін 

жоғарылаған (1 г  топырақта).  Протозоаның  дамуына  тыңайтқыштар,  минералды  тұздар  əсер  етеді. 

Қарапайымдылар  саны  қимен  өңделген  топырақта - 68000, ал  минералды  тыңайтқышы  бар  топырақта - 

11000, тыңайтқыш себілмеген жерлерде - 8000 дана ғана болған. 

Мəдени өсімдіктер мен олардың алғы дақылдары қарапайымдылардың санына əсер етіп қоймай, 

оның сапалық құрамына да əсер етеді. Тəжірибеде жасыл бұршақ пен беденің ризосферасында протозоа 

санының  көп  екендігі  анықталды.  Ризосферадан  тысқары  топырақта  қарапайымдылар  саны  аз.  Өсімдік 

ризосферасының  протозоа  тіршілігіне  əсері  олардың  қарқынды  өсуі  мен  даму  кезеңінде  байқалған.  Жаз 

мезгілінде  жасыл  бұршақ  пен  беде  ризосферасындағы  қарапайымдылар  саны 25-30 мыңға  жетсе,  ал 

ризосферадан тысқары топырақтарда 8-12 мыңға данаға дейін (сұр топырақтың 1 г-да). Қыстық бидайдың 

ризосферасы бірклеткалылар санының өсуімен ерекшеленеді. Күз жəне көктем мезгілінде олардың саны 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



45

10-12  мың,  ал  ризосферадан  тысқары  топырақтарда 3-5 мың.  Бұршақ  пен  күздік  бидай  дақылдарының 

ризосферасын жүгері, əсіресе картоп ризосферасымен салыстырғанда, ондағы қарапайымдылар саны өте 

аз.  Мəдени  өсімдіктердің  ризосферасын  зерттеу  арқылы  бірклеткалылардың  құрамындағы  сапалық 

өзгерістерді 

анықтауда, 

кейбір 

заңдылықтар 



дəлелденді. 

Дақылдардың 

ризосферасындағы 

қарапайымдылардың сапалық құрамы сол дақылдардың жылдан жылға өсуіне байланысты. Көп жылдық 

өсімдіктердің  ризосферасы  мен  айналасындағы  топырақтың  тығыздалуына  қарапайымдылар  құрамының 

өзгеретіндігі байқалды.  

Сонымен,  зерттеу  нəтижелері  бойынша  мынадай  қорытынды  жасауға  болады:  қарапайымдылар 

саны  топырақта  органикалық  заттардың  шоғырлануына  байланысты,  өсімдік  ризосферасы  протозоа 

санының  таралуы  мен  дамуындағы  негізгі  ошағы  болып  табылады.  Қарапайымдылардың  вегетативтік 

клеткалары  тамыр  ұшымен  жылжи  отырып,  топырақтың  жоғарғы  қабатынан  төменгі  беткейіне 

шоғырланады.  Топырақты  құнарландыру  қарапайымдылардың  жалпы  санының  көбеюі  мен  түрлердегі 

алуан  түрліліктің  азаюына  алып  келеді.  Түр  құрамы  мен  клеткалар  санының  өзгеруі  бойынша  алынған 

мəліметтер топырақтың құнарлылығын айқындау үшін пайдалануы мүмкін. 

 

4-кесте. Жүгері мен түрлі алғы дақылдар бойынша топырақтағы қарапайымдылардың саны 



(1 г топырақпен есептегенде) 

 

Талшықтылар 



Амебалар 

Кірпікшелілер 

Нұсқа 

Жасыл 


егістік 

салмағы 


ц/га 

маусым  шілде  тамыз Қыркү 

йек 

маусым шілде тамыз  Қыркү 



йек 

маусым  шілде тамыз Қыркү 

йек 

Жүгері 


бойынша 

840  200  200 3000 3000  100 200 300  2000  20  100 100 100 

Қант 

қызылшасы 



бойынша 

960-1000 300  1000 3000 6000 1000 2000

1000 1000 1000 100 100 100 

Көпжылдық 

өсімдіктер 

бойынша 


1100- 

1200 


400  300 2000 

4000 500 100 1000 1000 100 100 

100 1000 

 

1.

 

Березова  Е.Ф.  Микрофлора  корневой  системы  растений  и  методика  ее  изучения. // Тр. 

Института с\х микробиологии. - 1951. - С. 12. 

2.

 

Кононова  Л.В.,  Штина  Э.В.  Методы  изучения  почвенных  водорослей. // Тр.  Кировского  с\х 

института. - 1982. - С. 288. 

3.

 

Лепинис  А.К.,  Гельцер  Ю.Г.,  Чибисова  О.И.,  Гептнер  В.А.  Определитель  простейших  почв 

европейской части СССР. – Вильнюс, 1973. - С. 172. 

4.

 

Bark A.W. The temporal and spatial distribution of planktonic an benthic protozoan communities in a 

small productive lake. // - Hydrobiology. - 2006. - Vol. 85. - №3. - Р. 239-255. 

5.

 

Curds H. Population dynamics of Protozoa associated with the decay of organic materials in fresh 

water. // Amer. zool. - 2007. - Vol. 13. - P. 149 - 160. 

6.

 

Эггерт Т.А. Численность и биомасса «беспозвоночных в агроценозах Приднестровья». // Сб. 

научных трудов «Биоразнообразие степей Приднестровья». - 2007. - Т. 2. - С. 16-24. 

7.

 

Черкашин  А.Ф.  Экологические  группировки  протоза  пойменных  почв. // Вестник  биологии. – 

Новосибирск, 2008. - Вып. 2. - С. 20-24. 

 

Түйін 



Мəдени  өсімдіктердің  жəне  оның  алдыңғыларының  топыраққа əсері  тек  санына  ғана  емес,  оның 

сапалық құрамына да тисілі.  

Қарапайымдыларың  ең  көп  саны  өсімдіктер  тамырының  жанында  кездеседі,  ал  тамырдан  тыс 

кезде  бірклеткалылардың  саны  анағұрлым  азаяды.  Өңделген  топырақтарда  қарапайымдылардың  жалпы 

саны өсе отырып оның түрлік құрамы кемиді. 

 


ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



46

Summary 


Some agricultural culture`s fertilization influenced on Protozoa dynamics in ground`s arable layer. 

Cultural plants and their predecessors influenced not only on quantity Protozoa, also on their qualitative 

structure. Established, that most quantity of Protozoa are placed in risosfera of plants, out of risosfera Protozoa 

numbers are less. Cultured grand call out increasing a common Protozoa numbers, a decreasing a various forms. 

 

 

 



ƏОЖ 631.44 : 552.524 

 

ҚАЗАҚСТАНДЫҚ АРАЛ ТЕҢІЗІ ТАБАНЫНЫҢ ГЕОМОРФОЛОГИЯСЫНА  



1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал