Абай атындағы ҚазҰпу-дың хабаршысы, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы



жүктеу 1.74 Mb.

бет18/18
Дата03.02.2017
өлшемі1.74 Mb.
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18

ƏӨЖ 37.013.43 (574) 

 

МƏДЕНИ МҰРА НЫСАНДАРЫ АРҚЫЛЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК 

ҚҰНДЫЛЫҚТАРЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ 

 

А.Д. Майматаева  

«Ботаника жəне зоология» кафедрасының ізденушісі, 

Ж.Д. Демеуов– 

 а/ш.ғ.к., профессор, «Ботаника жəне зоология» кафедрасы 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 

 

Мəдени  мұра  халық  тарихымен  тығыз  байланысты  жəне  əрбір  дəуірге  сай  өзіндік  ерекшеліктері 

болады. Ежелгі, ерте заманғы халықтар табиғатпен тұтаспыз деп өмір сүрді. Нəтижесінде олар жануарлар, 

өсімдіктер,  тау-тас,  су,  ғарыш  əлемі  (күн,  жұлдыз  т.б.),  яғни  табиғат  жəне  оның  ерекшеліктері  мен 

құбылыстары  туралы  ой  пікірлер,  түсініктер  тудырды.  Осылардың  ішіндегі  ең  көп  тарағаны,  əртүрлі 

сипаттысы  жануарлар  жайлы  мифтік  мұралар.  Мифтік  мұралардың  бұл  түрінде  тарихи  дəуірге,  пайда 

болған  жеріне  т.б.  байланысты  ерекшеліктері  болады,  əрі  сол  халықтардың  дүниетанымының  негізгі 

дəрежесін, мифтің пайда болу сипатын көрсетеді. 

Қоршаған  орта  туралы  мұндай  түсініктерді  білудің адамның  табиғатқа  деген мəдени  көзқарасын 

дамытуда  маңызы  зор,  бұл  əсіресе  табиғатты  қорғау  жəне  тиімді  пайдалану  мəселесі  күшейіп  тұрған 

қазіргі заманның жасөспірімдерін жан – жақты тəрбиелеуде ерекше роль атқарады. 

Мəдени  мұраның  бір  тармағы  жануарлар  жайлы  мифтік  түсініктер.  Мұндай  түсініктер  бүкіл 

халықтық  күнтізбек  саласында  да  бар.  Бұл  жүйеде  де  жануарлардың  биологиялық  ерекшеліктеріне, 

шаруашылық,  көркемдік  жəне  емдік - шипалық  ғылымилық  маңыздылығына  негізделген  толып  жатқан 

аңыздар, жəдігерлер, мақал-мəтелдер, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, күйлер, өлеңдер, ескерткіштер ауыз 

жəне жазба əдебиет бейнелері т.б. бар. Солардың біріне айлардың жұлдыздық күнтізбегі жатады [1]

Айлардың  жұлдыздық  күнтізбегі  дүниежүзіне  кең  тараған.  Бұл  күнтізбек  Күннің  бір  жылда 

жылжуы  барысында  аспандағы 12 (он  екі)  шоқжұлдыздардың  бірінен  соң  бірімен  (əрбір  шоқжұлдыз 

аумағында Күн бір айдай болады) тұстас келетіндігіне байланысты қалыптасқан: тоқты, торпақ, егіздер, 

шаян, арыстан, бикеш, таразы, сарышаян, мерген, тауешкі, суқұйғыш, балықтар. Бұлардың атаулары əр 

халықтың тілінде əр түрлі болғанымен мағынасы бірдей. 

Жоғарыда аталған шоқжұлдыздар тізбегі тұсымен айда, планеталар да қозғалады. Осыған сай бұл 

шоқжұлдыздар тізбегін «зодиак» кейде «аспан жолы» деп те атайды. Ал, «зодиак» сөзі гректің «кішкене 



жануарлар»  немесе  «шеңбер»  (жануарлар  шеңбері)  деген  ұғымды  береді.  Аталған  шоқжұлдыздардың 

«аспан  жолы»  екеніне  күн  тұтылған  кезде  де  Күнмен  тұстас  тұрған  шоқжұлдыздарды  да  көруге 

болатындығы дəлел [2]. 

Айлардың жұлдыздың бұл күнтізбегінде жануарлардың 7 (жеті) түрлерінің атаулары бар: тоқты, 



торпақ,  шаян,  арыстан,  сарышаян,  тауешкі,  балықтар.  Қалған  бесеуінің  аталу  сипаты  сырт  қарағанда 

тым  əртүрлі.  Мысалы,  мерген  сөзі  адам  əрекетіне  байланысты  болса,  егіздер  деп  тұрғаны  адамға  да 

жануарларға да қатысты сөз. Таразы сөзі адам тіршілігінде қолданылатын бұйым болса, бикеш тек адамға 

тəн сөз. Ал, сөз суқұйғыш сөзін адамға да, ыдысқа да қатысты атауға болады. Шын мəнінде бұл айларға 

тəн күнтізбегіндегі атаулар аспандағы жұлдыздар шоғына қатысты ғана қалыптасқан. Бірақ жұлдыздарға 

бұл  атаулар  əсіресе  жеті  түрлі  жануарлар  атаулары  неліктен  берілген  деген  сұрақ  ой  қозғайды.  Өйткені 

бұл шоқжұлдыздардың жалпы пішіні аталынған заттардың бейнесіне біреулер үшін ұқсай бермейді. Осы 

сұраққа орай ертедегі вавилиондықтар, гректер, мысырлықтар бұл шоқжұлдыздарға жоғарыдай атау беруі 

Күннің  осы  шоқжұлдыздардың  əрбірінің  тұстас  келуі,  белгілі  бір  табиғи  құбылыстарға  немесе  адамның 

тіршілік əрекетіне байланысты қалыптасқан болар деп те жорамалдауға болады. Күн мен түннің теңелуі, 

Күннің ұзара не қысқара бастауы, осы шоқжұлдыздардың əрбір үштігі жыл маусымдарына (көктем, жаз, 

күз, қыс) сəйкес келуі, немесе климаттың өзгерістеріне сай жануарлардағы өзгерістер. Тоқты мен торпақ 

малдардың  төлдейтін,  Арыстан  өсімдік  құнарлығының  жоғарылап,  жануарлардың  қоң  жинайтын, 

Ешкімүйіз  жұп  тұяқты  жабайы  жануарлардың  күйекке  түсетін,  Балықтар  жануарлар  денесінің 

қоңсызданатын - суықтағыш болатын кезеңдері. 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



87

Бұл  шоқжұлдыздар  туралы  ертедегі  вавилион,  мысыр,  грек  аңыздары  не  дейтініне  назар 

аударайық: 

• 

Тоқты  (овен)  бір  тұжырымдар  бойынша  славян  сөзі  «жас  қозы»  немесе  «тоқты» 

мағынасында  қолданылады.  Мысырлық  Фивахта  ең  жоғарғы  құдай  Амонның басы  қошқар  басты  болып 

бейнеленген (Луксорадағы Амон храмына баратын жолда қой басты сфинкстер аллеясы бар). 

• 

Торпақ  (телец)  зодиак  шоқжұлдыздарындағы  ең  ертедегілерінің  бірі.  Ескі  аңыздар 

бойынша осы шоқжұлдыз тұсында Күн қысты жеңіп, көктемнің келуіне жол ашқан. Торпақ сиыр малына 

байланысты  атау.  Ал,  айлар  мүйізді  малды  ертедегі  халықтардың  көпшілігі  киелі  деп  санаған,  өйткені 

сиыр  қолға  үйретілгендердің  алғашқыларының  бірі  жəне  шаруашылықтарында  маңызды  роль  атқарды. 

Жарық пен жерқұнарлығының құдайы шумерлерде - Энлияю, вавилиондықтарда - Ниний бұқа бейнесінде, 

ал,  ертедегі  мысырлықтар  бұқаны  киелі  деп  оған  Аписа  деген  атау  беріп  табынды  жəне  бұқа  мумиясын 

киелі етіп табыттады. Американың халықтары да аспандағы жұлдыздың бірін Бизон деп атапты.  

• 

Егіздер  (близнецы)  деп  аталатын  шоқжұлдыздар  (көзге  көрінетін  жетпіске  жуық 

жұлдыздар)  жалпы  орналасу  пішіні  жөнінен  бойлай  жатқан  төрт  бұрыш  немесе  қақпа  пішінді.  Ертедегі 

грек мифінде бұл шоқжұлдыздарға Кастар мен Полпукс жатады. Полпукс өзі өлтірген Кастар туысынан 

айырылғысы келмей əкесі Зевстен ажыратпауды сұрайды. Содан бері олар жылдың жартысын қараңғы түн 

патшалығында өткізеді. Келесі бір аңызда бұл шоқжұлдыз о дүниенің қақпасы болып баяндалады. 

• 

Шаян  (рак)  деп  аталатын  жəндік  суда  құйрық  қалағы  арқылы  артқа  (кері)  қарай  жүзе 

алады.  Шаян  деп  шоқжұлдыз  тұсынан  бастап  Күннің  күнұзақтығы  (кері  қарай)  азая  бастайтынын  өте 

ертеден - ақ байқаған. Сондықтан бұл шоқжұлдызды шаян шоқжұлдызы деп атаған екен. 

• 

Арыстан  (лев)  шоқжұлдызын  ертедегі  ассириялықтар -  «Ұлы  от»  деп  атаса  халдендер, 

мысырлықтар аптап ыстықпен байланыстырған. Арыстан шоқжұлдызындағы ең жарық жұлдызды арабтар 

мен гректер «патша» деп атапты. Ал, арыстан - аң патшасы. 

• 

Таразы  (весы)  деген  атау  Күннің  осы  шоқжұлдыздар  тұсында  болғанда  күн  мен  түннің 

ұзақтығының  теңелуіне  сай  қалыптасқан.  Бұл  шоғырды  Ноктипар - күн  мен  түнді  «теңестіруші»  деп 

атаған.  Ал,  Мысырда  бұл  шоқжұлдызбен - таразымен  Осирис  пен  Анибус  деген  құдайлар  өлгендердің 

жүрегін өлшейді екен. 

• 

Сарышаян (скорпион) шоқжұлдызының бұлай аталуы мифологияға сəйкес алып Орионды 

шаққан шаян осы. Бұл шоқжұлдызды Полинезия халықтары Мауи атты құдайдың Тынық мұхит түбінен 

Жаңа Зеландиясы көтеріп шығарған қармақ деп майялықтар Ялагау - қараңғылық иесі деп табынады. 

• 

Мерген (стрелец) шоқжұлдызы тұсында Күн болған кезде солтүстік жарты шарда түн ең 

ұзақ уақытына жетеді. Ерте гректік мифологияда кентавр Хиронның орнына алдау арқылы келген зұлым 

кентавр  Кротос.  Дендер  зодиагінде  бұл  кентавр  екі  бетті  етіп  (бірін  алға,  келесісін  артқа  қаратып) 

бейнелеген. 

• 

Тауешкі  (козерог)  шоқжұлдызы  ертедегі  грек  аңызы  бойынша  Герместің  ұлы  ешкіаяқты 

Пан - қойшылардың құдайы жүзбасты Тифоннан қорқып суға түсіп кетіп су құдайына айналыпты. Содан 

бері оған балық құйрығы сияқты құйрық пайда болады да əрі су иесіне əрі боран болатынын білдірушісіне 

айналды.  Сондықтан  бұл  шоқжұлдыздарды  денесі  ешкіге,  құйрығы  балыққа  ұқсас  етіп  бейнелейтін 

болған. Басқа бір аңыз бойынша Зевс құдайды сүтімен қоректендірген ешкі - Амельтей екен.   

• 

Балықтар  (рыбы)  шоқжұлдызы  тұсында  Күн  болған  кезінде  Күн  мен  түннің  көктемгі 

теңелуі  болады.  Балықтар  шоқжұлдыздарға  христиандықтардың  сиынуы  балықтың  грекше  ИХТИС  деп 

аталуына  да  байланысты: «Иичус  Христос  Теон  Ийос  Сотер - Иисус  Христос  Иса  құдайдың  ұлы - 

құтқарушы» деген сөйлемдердегі əрбір сөздің бас əріптері ихтис деген сөзді түзеді [3]. 

Демек, айлардың жұлдыздық күнтізбегі аспанда əртүрлі соның ішінде жануарлар бейнелерінде де 

болатын  құдай,  қорғаушы,  жебеуші  т.б.  табиғаттан  тылсым  күш  иелері  болады  деген  түсініктен  туған 

болар  десек  жансақ  пікірде  емеспіз  деп  ойлаймыз.  Осындай  пікірмен  аспанда  басқа  да  жануарлардың 

атауларымен аталатын жұлдыздар баршылық. Мысалы, Аққу, Қарға, Гидра, Жыланды, Есекқырған (Мөре), 



Шолпан, Айдахар, Үлкен аю, (қазақшада Жетіқарақшы), Кіші аю, Үлкен төбет, Кіші төбет, Жүйрік ит 

(тазы),  Бүркіт,  Қоян  т.б.  осы  топқа  Үркерді  де  қосуға  болады.  Аңыз  бойынша  Аспан  аңшысынан 

(Орионнан) қашып бара жатқан киік үйірі. 

Аспандағы жұлдыздар əртүрлі атала береді. Мысалы, Лаланд деген астроном 1799 жылы өзі ашқан 

шоқжұлдызға Мысық деп атау берген [4]



ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



88

Қазақ  халқында  айлық  күнтізбектің  жануарлардың  маусымдық  тіршілігіне  байланыстылығын 

көрсететін  «тоғыстар», «киік  маталулары», «теке  бұрқылдақ», «құралай  амалы»  т.б.  деп  аталатын 

түсініктер бар [5]. 

Халықтық педагогика мəдени мұраны халыққа жеткізу яғни ата-бабалардың рухани дүниесін жан 

азығын,  адамның  адамға,  адамның  қоршаған  ортаға - табиғатқа  деген  қастерлі  тарихи  дəстүрін,  тарихи 

дүниетанымын  болашақ  ұрпаққа - оқушыларға  жеткізу  болса,  бұл  салада  жануарлар  туралы  тарихи 

мұраларды пайдалану да аса қажет. Өйткені ата - бабаларымыздың табиғатқа деген көзқарасы ең жоғарғы 

мəдениетті, ең жоғарғы шаруашылықты сипатта болды. Міне осыларды көрсету арқылы өткенімізді біліп, 

болашаққа бағдар жасаймыз. 

 

1.

 

Токарев С.А. Мифы народов мира. – М.: Советская энциклопедия, 1980. – Т. І, ІІ.  

2.

 

Тишков В.А. Народы России. – М.: Большая Российская Энциклопедия, 1994. 

3.

 

Исқақов М. Халық календары. - Алматы: Қазақ Мемлекет баспасы, 1963. 

4.

 

Зигель Ю.Ю. Астрономическая мозайка. – М.: Наука, 1987. 

5.

 

Демеуов Ж.Д. Ақбөкен. - Алматы: Қайнар, 1985. 

Резюме 


В  данной  статье  рассматривается  культурное  наследие  казахского  народа  о  животных,  что 

отразилось  в  легендах,  пословицах,  поговорках,  сказках,  наскальных  рисунках  и  народных  календарях. 

Все это имеет большое значение в народной педагогике для воспитании у молодого поколения бережного 

отношения к диким животным Казахстана. 

Summаry 

In this article examined as folk and cultural legacy of kazakh people about animals which was created on 

the basis of biological a feature and economic meaningfulness, and also as cultural elements of landscape.  It was 

expressed in legends, proverbs, saying, fairy-tales, rock pictures and folk kalendarakh. A large value has all of it 

in folk pedagogics and in education of the young generation in a guard and rational  use of wild animals of 

Kazakhstan. 

 

 

УДК 74.00 

ИНФОРМАЦИОННАЯ ТЕХНОЛОГИЯ  

КАК ОДНА ИЗ ВАЖНЕЙШИХ КОМПОНЕНТОВ ОБРАЗОВАНИЯ 

 

Р.Ш.Избасарова - 

кандидат педагогических наук, доцент, КазНПУ им.Абая, г. Алматы 

 

Образование по сути своей работает на будущее. Это утверждение вряд ли требует развернутых 

доказательств,  оно  подтверждается  многовековой  историей  человеческого  общества,  насущной  заботой 

которого  была  подготовка  подрастающих  поколений  к  жизни  и  труду.  Условия  существования 

человечества на пороге XXI в. требовали перехода к новой стратегии развития общества на основе знаний 

и высокоэффективных технологий.  

Современные  средства  информационных  технологий  позволяют  реализовать  практически  все 

передовые  педагогические  идеи,  подходы,  концепции,  ориентированные  на  формирование  творческой 

личности,  развитие  личностных  механизмов  адаптации  к  условиям  быстро  меняющегося  мира, 

способностей  к  постоянному  развитию  и  самосовершенствованию,  готовности  и  способности  осваивать 

новые  области  профессиональной  деятельности.  Это  в  первую  очередь  обусловлено  тем,  что  появилась 

реальная возможность построить образовательный процесс в системе «ученик - посредник - учитель», где 

в  качестве  посредника  выступают  современные  средства  информационных  технологий,  позволяющие 

индивидуализировать обучение и обеспечить непрерывную обратную связь. 

Государственная  программа,  одобренная  президентом  Республики  Казахстан  Н.А.  Назарбаевым 

[1],  и  другие  правительственные  документы  предусматривают  полное  оснащение  школ  современными 

компьютерами.  Эти  меры  решают  материальную  сторону  вопроса.  Другой  стороной  проблемы  является 

разработка теоретико-методологической основы и методического аппарата для применения компьютеров 

в  образовании.  Поэтому  процесс  информатизации  образования  в  современном    обществе  предполагает 

внедрение компьютерной техники в практику учебного процесса школы. Информатизация - комплексное 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



89

программное  и  методическое  обеспечение  компьютерных  средств.  Понятие  информатизация  более 

широкое и включает в себя компьютеризацию.  

Одним из приоритетных направлений процесса информатизации современного общества является 

информатизация  образования - процесс  обеспечения  сферы  образования  методологией  и  практикой 

разработки  и  оптимального  использования  современных  или,  как  их  принято  называть,  новых 

информационных  технологий  (НИТ),  ориентированных  на  реализацию  психолого-педагогических  целей 

обучения, воспитания. Этот процесс инициирует: 

•  совершенствование  механизмов  управления  системой  образования  на  основе  использования 

автоматизированных  банков  данных  научно - педагогической  информации,  информационно - 

методических материалов, а также коммуникационных сетей; 

•  совершенствование  методологии  и  стратегии  отбора  содержания,  методов  и  организационных 

форм  обучения,  воспитания,  соответствующих  задачам  развития  личности  обучаемого  в  современных 

условиях информатизации общества; 

•  создание  методических  систем  обучения,  ориентированных  на  развитие  интеллектуального 

потенциала  обучаемого,  на  формирование  умений  самостоятельно  приобретать  знания,  осуществлять 

информационно - учебную,  экспериментально - исследовательскую  деятельность,  разнообразные  виды 

самостоятельной деятельности по обработке информации; 

•  создание и использование компьютерных тестирующих, диагностирующих методик контроля и 

оценки уровня знаний обучаемых. 

Информатизация  образования  затрагивает  такие  важные  компоненты  образования,  как  цели  и 

содержание.  Одним  из  главных  компонентов,  составляющих  модель  выпускника  школы,  становится 

информационная  культура.  Это  требует  не  только  введение  специальных  предметов  в  школе,  но  и 

пересмотра  содержания  традиционных  школьных  дисциплин,  и  характер  этих  изменений  пока  еще  не 

изучен. 

Термин  «информационные  технологии»  впервые  ввел  Глушков  В.М.  Так,  он  дает  определение: 



«Информационные  технологии – процессы,  связанные  с  переработкой  информации»  [2].  В  обучении 

информационные технологии использовались всегда. Каждая методическая система, будучи отделима от 

своего автора  и  воспроизведена  другим  лицом,  превращается  в технологию, так  как  описывает, процесс 

переработки  и  передачи  информации,  чтобы  она  была  наилучшим  способом  усвоена  учеником.  Это 

касается  как  частных  методик,  относящихся  к  какому-либо  учебному  предмету,  или  теме,  так  и  общих, 

таких  как  проблемное  обучение,  программированное  обучение,  коммуникативная  ориентация  и  др.  То 

есть  любая  педагогическая  технология - это  информационная  технология.  Когда  же  компьютеры  стали 

настолько  широко  использоваться  в  образовании,  что  появилась  необходимость  говорить  об 

информационных технологиях обучения, выяснилось, что они давно фактически реализуются в процессах 

обучения, и тогда появился термин «новая информационная технология обучения». 

Информационные  технологии  включают  программированное  обучение,  интеллектуальное 

обучение,  экспертные  системы,  гипертекст  и  мультимедиа,  микромиры,  имитационное  обучение, 

демонстрации  (рассмотрены  ниже).  Эти  частные  методики  должны  применяться  в  зависимости  от 

учебных  целей  и  учебных  ситуаций,  когда  в  одних  случаях  необходимо  глубже  понять  потребности 

учащегося,  в  других – важен  анализ  знаний  в  предметной  области,  в  третьих - основную  роль  может 

играть учет психологических принципов обучения.  

В  практике  информационные  технологиями  обучения  называют  все  технологии,  использующие 

специальную  технические  и  информационные  средства.  Информационные  технологии  обучения - это 

процессы подготовки и передачи информации обучающему, средством осуществления которых является 

компьютер.  

Очень  интересны  высказывания  наших  отечественных  педагогов,  которые  наиболее  точно  и 

методически верно подсказали особенности дидактического использования информационных технологий 

обучения в учебном процессе школы. 

Так, Жангисина Г.Д. отмечает, что «современная информационная технология»  включает в себя 

методы  обработки  информации,  как  результат  сочетания  технических  возможностей  вычислительной 

техники,  электросвязи,  информатики,  направленных  на  сбор,  накопление,  анализ,  доставку  информации 

потребителям, независимо от расстояния и объемов; на автоматизацию рутинных операций и подготовку 

аналитической информации для принятия решений [3]  



ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



90

Когда  компьютеры  стали  широко  использоваться  в  образовании,  появился  термин  «Новая 



информационная технология обучения». Любая педагогическая технология является информационной, так 

как основу технологического процесса обучения составляет информация и ее преобразование. 

Более  удачным  термином  для  технологий  обучения,  использующих  компьютер,  является 

компьютерная  технология.  В  справочнике  КТО (computerized teaching technology) определена  как 

совокупность  теоретических  знаний  компьютерных  средств,  а  также  методик,  регламентирующих  их 

использование  в  обучении.  Использование  компьютерных  технологий  в  образовании  в  настоящее  время 

имеет определенную цель и сферу применения. Оно направлено на достижение целей процесса обучения. 

Значение  этого  термина  ясно  указывает  на  то,  что  основой  этой  технологии  является  применение 

компьютера. 

По  мнению  Караева  Ж.А.  компьютерная  технология  обучения  представляет  собой  комплекс 

унифицированных  методологических,  психолого-педагогических,  программно - технических  и 

организационных  средств,  предназначенных  для  интенсификации  самостоятельной  познавательной 

деятельности,  обучения  и  управления  учеником,  а  также  для  игрового  человеко-машинного  решения 

учебных и практических задач [4]  

Аманжолова  Н.И.  дает  определение  компьютерной  технологии  обучения  как, «комплекса 

психолого-педагогических,  методических,  программно - технических  средств,  предназначенных  для 

повышения эффективности обучения, его индивидуализации и дифференциации, организации новых форм 

взаимодействия  в  процессе  обучения,  изменения  содержания  и  характера  деятельности  обучающего  и 

обучаемого,  совершенствования  управлением  учебного  процесса,  его  планирование,  организация, 

контроль».  

Компьютерные  технологии  развивают  идеи  программированного  обучения,  открывают 

совершенно новые, еще не исследованные технологические варианты обучения, связанные с уникальными 

возможностями  современных  компьютеров  и  телекоммуникаций.  Так,  по  мнению  Жангисиной  Г.Д. 

«программное обучение - это комплекс программ, необходимых для реализации задач пользователя» [3]

В  настоящее  время  разработано  огромное  количество  программ,  которые  классифицируют  на 

операционные системы и прикладные программы. 



Компьютерные  технологии  обучения - это  процессы  подготовки  и  передачи  информации 

обучаемому, посредством осуществления которых является компьютер. 

Компьютерная  технология  может  осуществляться  в  следующих  трех  вариантах:  1 – 

«проникающая» технология; 

 2 – основная технология; 

 3 – монотехнология. 

Таким образом, современные информационные технологии обучения представляют возможность 

интенсификации  занятий  различных  форм,  а  также  имеют  большое  значение  для  организации 

самоподготовки  учащихся  в  роли  методического  и  информационного  обеспечения  их  самостоятельной 

работы.  

 

 

1.  Государственная  программа  развития  образования  в  РК  на 2005-2010 г. // Казахстанская 

правда. - 2004. – 16 октября. 

2. Захарова И.Г. Информационные технологии и образование. - М., 2005. 

3.  Жангисина  Г.Д.,  Озибекова  А.М.  Роль  компьютера  в  формировании  интеллектуальных 

способностей человека: Материалы Международной конференции «Новые информационные технологии 

в образовании». – Алматы, 2005. 

4. Караев Ж.А. Формирование информационной культуры учащихся: Материалы Международной 

конференции «Новые информационные технологии в образовании». – Алматы, 2005. 

 

Түйін 



Биологиялық  тұсініктер  сабақтын  үстінде  пайда  болу  керек.  Тек  қана  мұғалім  арқылы  емес, 

компьютер  пайдаланып  биологиялық  түсініктерді  оқушыларға  түсіндіру  керек.  Биология  сабағында 

түсініктер мұғалім əр түрлі механизмдер арқылы пайда болады. 

 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



91

Summary 


The special feature of education system is that on one side it acts as consumer, user, and on the other hand 

as creator of informational technologies that are used then in different spheres. This provides practical realization 

of transfer conception from education informatization to society informatization. 

 

 

 



ƏОК 371.3.016.02:573 

 

ЖОБАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ 

ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 

 

Р.Ж.Джунусова - 

«Ботаника жəне зоология» кафедрасының ізденушісі Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Білім  беру  жүйесін  жетілдіру  мақсатында  жаңа  технология  үрдісі  бойынша  тереңдетіп  оқыту 

жолдарын қарастыруда бағдарлама авторлары оқушының шығармашылық қабілетін, шеберлігін, талғамын 

дамыту  жəне  өз  бетінше  орындайтын  жұмыстарының  деңгейін  көтеруде  жаңа  технологияны  қолдануды 

ұсынып отыр. Сондай инновациялық технологиялардың бірі - жобалап оқыту технологиясы

Жоба  дегеніміз - түсіндірме  сөздігінің  анықтамасы  бойынша  қайта  жасалуға,  қайта  құрылуға, 

қалпына  келтіруге  тиісті  ғимараттар  мен  қондырғылардың  əзірленген  жоспары.  Жоба  термині  ХІХ 

ғасырда Америкада пайда болған, ал оның түп негізі ХVІ ғасырда Италияның архитектурлы-инженерлік 

білім  əрекеттерінен  басталса  керек.  Зерттеулер  көрсеткендей  жобалау  əдісі  Римде  жəне  Парижде  ХVІ  ғ. 

архитекторлар  мен  суретшілерді  дайындайтын  өнер  Академиясында  қолданысқа  енген.  Алғашқы  рет 

«жоба»  термині  оқыту  əдісі  ретінде  Римдегі  ди  Сан  Люк  Академиясында  пайда  болды.  Бірақ  ол  кезде 

оқытудың ол негізгі əдісі бола қойған жоқ тек оқу процесінің бір кішкене бөлшегі ретінде, жарыс түрінде 

өткізілетін.  



«Жобалау  əдісінің»  қалыптасу  тарихына  үңілсек  бұл  əдіс 1824 жылдары  инженерлерді  даярлау 

практикасында,  ал  педагогикалық  əдебиеттерде 1908-1910 жылдары  кеңінен  тарала  бастады.  Бұның 

негізін қалаған американдық ғалымдар Д.Дьюи жəне У.Килпатрик еді.  

Д. Дьюидің шəкірті У. Килпатрикпен «Жобалау əдісі» педагогикалық контекстімен байланысты. 

Ол оны нақтылап жəне маңызын əлемдік атаққа ие болған «Жобалау əдісі» очеркінде анықтады (1908 ж). 

У. Килпатрикстің педагогикалық жолында, əсіресе Д. Дьюидің содан кейін Фрэнсис Паркер мен Стэнли 

Холлдың əсері мол болды. Ол оқу əдісін оқушының белсенді іс əрекетімен, эмоциясымен, сезімімен жəне 

өте  ерекшеленетін  практикалық  бағытпен  байланыстырды.  Д.  Дьюидің  білім  философиясы  оқушының 

тəжірибесіне,  ойлауының  дамуына,  қарым-қатынасы  «Жобалау  əдісінің»  əдіснамалық  негізі  болып 

саналды.  

У. Килпатрик сонымен қатар психолог Э.Торндайк еңбектеріне сүйене, «баланың психологиясы» 

оқыту  процесінің  негізгі  элементі  деп,  жəне  «жоба»  шын  жүректен  орындалатын  ниеті  болуы  керек 

екендігін  анықтады. «Ниеттену»  бұл  еркін  əрекет  болып  есептеледі,  егер  ниеті  болмаса  оқытушы 

жұмысты аяғына дейін орындауды талап еткенімен ол тек тапсырма болып есептелінеді деді.  

 

У. Килпатриктің көзқарасы бойынша, жобалар төрт фазадан тұрады:  

* ниеттену 

* жоспарлау 

* орындау 

* пікірлесу 

Осы фазалардың басталуы мен аяқталуы тек оқушының өз еркімен, өз əрекетімен орындауы ары 

қарай дамуына жол ашады деп есептеді. 

 

М. Кнолл «жоба əдісінің» пайда болуы мен дамуын бес фазаға бөлуді ұсынады: 



1. 1590-1765: Европалық архитектуралық мектептерде жобалық жұмыстардың басталуы;           

2. 1765-1880: «жоба» əдістемелік тəсіл ретінде Америкада қабылдануы;  

         



3. 1880-1915: «жобамен» еңбектік жалпы білім беретін мектептердің жұмыс істеуі; 

ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



92

4. 1915-1965: жаңа толқын «Жобалау əдісінің» Америкадан қайта Европаға келуі. 

5. 1965  жылдан  бүгінгі  күнге  дейін  жобалау  идеясының  қайта  өзгеріске  ұшырап  халықаралық 

таралуы.  

Д.  Дьюи  жəне  басқа  оқымыстылардың  сынынан  кейін 1930 жылдардан  бастап  жобалау  əдісі 

қолданыстан шыға бастады. «Жобалау əдісінің» тағдыры генетика ғылымының тағдырына ұқсас қайғылы 

болды, 1931 жылы 5 қыркүйектен бастап жобалау əдісіне тиым салынды.  

1960  жылдардан  ғана  бастап  жобалау  əдісі  Жоғарғы  оқу  орындарында    қолданысқа  ие  бола 

бастады. 1980 жылдарда  оқу  стандарттарының  өзгеруіне  байланысты  ол  жалпы  қабылданған  оқыту 

əдістерімен жəне жалпы қабылданатын формалармен қосылып кетті. 

Жобалар  əдісі  туралы  түсініктің  қазіргі  қағидасын  қысқаша  былай  тұжырымдауға  болады:  «Мен 

мəселені шешу барысында жинаған білім тəжірибемнің маған не үшін қажет екенін жəне оларды қашан, 

қалай  қолдана  алатынымды  білемін».  Сондықтан  да  «Жобалау  əдісі»  оқытудың  академиялық  білім  мен 

прагматикалық  машықтану  арасында  тепе - теңдікке  ұмтылатын  көптеген  жүйелері  үшін  маңызды  роль 

атқаруға тиіс. 

Жобалар түрлеріне (типологиясына) сипаттама.  

Жобалар  əдісін  пайдаланып  оқыту  барысындағы  маңызды  сұрақтардың  бірі - жобалар  түрлерін 

(типологиясын) нақтылау. 



Алдымен типологиялық белгілерін анықтап алайық: 

1)  Жобадағы  жетекші  бағыт  бойынша:  зерттеушілік,  ізденістік,  шығармашылық,  рөлді-ойындық, 

информациялық, практикалық-бағытталған;  

2) Мазмұнды-пəндік сипаты бойынша: моножоба (бір пəн шеңберінде) жəне пəнаралық жоба; 

3) Жобаның үйлесімділік сипаты бойынша: тікелей (айқын) жəне айқын емес (жасырын); 

4) қатысушыларды қамту сипаты бойынша: ішкі немесе аймақтық жəне халықаралық; 

5) Жобаға қатысушылар саны бойынша: жеке тұлғалық, жұптық, топтық; 

6) Жоба ұзақтығы бойынша: қысқа мерзімді, оратша ұзақтығы немесе ұзақ мерзімді. 

Аталған  белгілердің  біріншісін  ескере  отырып  жобалардың  мынадай  типтерін  атауға  болады: 

зерттеушілік,  шығармашылық,  рөлді-ойындық,  ақпараттық,  практикалық-бағытталған.  Осылардың 

əрқайсына тоқталып өтелік. 



Зерттеушілік  жобалар.  Мұндай  жобалар  барлық  қатысушылыр  үшін  жоба  құрылымы  дұрыс 

ойластырылған,  мақсаты  белгіленген,  зерттеу  пəнінің  мəні  ашылған,  ақпарат  пен  əдістер  көздері, 

нəтижелері  белгіленген  болуды  талап  етеді.  Олар  шағын  зерттеу  логикасына  толығымен  тəуелді  жəне 

ғылыми  зерттеу  жұмысына  жақын  немесе  онымен  сəйкес  келетін  құрылымға  ие  (зерттеу  үшін  алынған 

тақырып  маңыздылығын  дəлеледеу;  зерттеу  проблемасын,  оның  пəні  мен  нысанын  анықтау;  зерттеу 

есептерін  белгілеу;  зерттеу  əдістері  мен  ақпарат  көздерін  анықтау;  белгіленген  проблема  шешімінің 

болжамдарын ұсыну; алынған нəтижелерді талдау; оларды безендіру; зерттеу үдерісінің əрі қарай дамуы 

үшін маңызды жаңа проблемаларды белгілеу). Айтылғандардың барлығы студенттердің оқытудың нақты 

сатысындағы біліміне сай келеді.  

Шығармашылық жобалар нəтижелердің лайықты безендірілуін талап етеді. Оларды студенттер 

іс-əрекетінің  айқын  құрылған  құрылымы  ұсынылмайды.  Ол  тек  алдын  ала  белгіленіп,  əрі  қарай 

студенттердің қызығушылығына байланысты дамытылады. Белгілі бір жағдайда жоспарланған нəтижелер 

мен  оларды  бейнелеу  формасы  (сайт  құру,  альманах  шығару,  баяндама  жасау  т.б)  туралы  келісіп  алу 

керек.  Бұл  қандай  да  бір  шығарманың,  фильмнің,  өмірлік  жағдайдың  мазмұнына  байланысты  мəселе 

немесе  фантастика  да  болуы  мүмкін.  Жоба  нəтижесін  безендіру  бейнефильм  сценариі,  газет,  альбом. 

Альманах дизайны сияқты айқын түрде ойластырылған құрылымды талап етеді.  

Рөлді-ойындық жобалар. Бұндай жобаларда да құрылымы белгіленіп, соңына дейін ашық қалады, 

жобаға  қатысушылар  жоба  мазмұнымен  жəне  сипатымен,  шешілетін  проблема  ерекшелігімен 

айқындалған  белгілер  бір  рольдерді  ойнайды.  Олар  əдебиет  кейіпкері  немесе  ойдан  шығарылған, 

əлеуметтік  қатынастарды  бейнелейтін  кейіпкерлер  болуы  мүмкін.  мұндағы  шығармашылық  деңгейі  өте 

жоғары, бірақ негізгі əрекет түрі рольді ойындық болып табылады. 

Ақпараттық жобалар типі алғашқыда қандай да бір құбылыс, нысана туралы ақпарат жинауға, 

қатысушыларды  осы  ақпаратпен  таныстыруға,  оған  талдау  жасап,  фактілерді  жалпылауға  бағытталады. 

Мұндай  жобалар,  зерттеушілік  жобалар  сияқты,  құрылымы  жақсы ойластырылған  болуы  керек,  жəне де 

сол жобамен жұмыс жасау барысында жүйелі түрде өзгерту мүмкіндігін қарастыру талап етіледі. Осындай 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



93

жобалардың  құрылымы  мысалы,  былай  белгіленуі  мүмкін:  жоба  мақсаты  ақпараттық  ізденушілік  пəні, 

ақпарат  көздері  (ЖАК  құралдары,  мəліметтер  қоры,  соның  ішінде  электрондық;  интервью  т.с.с.); 

ақпаратты  өңдеу  тəсілдері  (анализ,  жалпылау,  белгілі  бір  фактілермен  сəйкестендіру,  аргументтелген 

қорытындылар  жасау);  ақпараттық  ізденушілік  нəтижесі  (статья,  аннотация,  мəнжазба,  баяндама, 

бейнефильм жəне т.с.с.); презентация (публикация, соның ішінде интернет жүйесінде де, талқылау жəне 

т.с.с). 

Бұл жоба басынан бастап қатысушылардың анық белгіленген əрекеті нəтижесімен ерекшеленеді. 

Жобаға  қатысушылардың  көзқарастары  есепке  алынады  (экономика,  экология,  биология,  география, 

тарих,  т.б.  пəндер  бойынша  алынған  зерттеу  нəтижелері  негізінде  құрылған  құжат;  жұмыс  жасау 

бағдарламасы,  табиғат  пен  қоғамда  айқындалған сəйкестенбеушіліктерді  жоюға  бағытталған  ұсыныстар; 

заң  жобасы;  анықтамалық  материал;  сөздік;  үй,  пəтер  немес  оқыту  кабинетінің  дизайны  т.б.).  Мұндай 

жоба  жақсы  ойластырылған  құрылымды,  жобаға  қатысушылардың  əрқайсысының  функцияларын 

анықтайтын əрекеттер сценариін талап етеді. Осыған орай сатылы талқылау жоспарында координациялық 

жұмысты практикаға енгізу мүмкіндіктерін қарастыруға көңіл бөлу керек.  

Ал, бүгінгі таңда əр оқытушының алдындағы сəулелі мұраты - өз пəнінен білім беріп қана қоймай, 

əр баланың «менін» ашу, сол «менді» шығармашылық тұлғаға жетелеу. 

Жобалап  оқыту  технологиясына  негізделген  шығармашылық  жұмыстардың  тиімділігін 

төмендегідей саралауға болады: 

• 

Шығармашылық бағыттағы тапсырмалар оқушының білім деңгейін оқушылық деңгейден 



алгоритмдік, эвристикалық, шығармашылық деңгейге дейін көтеруге жол ашады; 

• 

Пəнаралық байланы арқылы берілетін білім тереңдетіледі, дағды, іскерлік жетіледі, тілдері 



дамиды; 

• 

Білім оқушылардың өзі жеке ізденуі арқылы жүзеге асады. Білім деңгейлері анализ-синтез, 



баға беру деңгейіне көтеріледі, өнімді білім (продуктивті) беру үрдісі жүреді; 

• 

Жұмысты оқушылардың таңдап алуларына, қалауларына ерік беріледі; 



• 

Оқушылардың  ізденімпаздыққа,  ситуацияны  өз  беттерімен  шешуге  дағдыландырады, 

дүниетанымын кеңейтеді, жеке тұлғалық қасиетін қалыптастырады; 

• 

Дарынын, қабілетін, шығармашылық ізденімпаздығын дамытады; 



• 

Ерік-қайраты, жігері, еске ұстау, ойлау дағдылар, эмоциясы дамиды; 

• 

Берілетін білімнің ең негізгі түйінді бөлігін ала білуге жаттығады; 



• 

Салыстыру, қорытынды жасау, өз беттерімен бір нəтижеге жету, фактілер мен ұғымдарды 

жүйелі түрде саралап білуге үйренеді; 

• 

Модель, жоба жасау, болжамдар ұсыну, оны қорғау, дəлелдеуге дағдыланады; 



• 

Алдында тұрған қиындықты жеңу, өз пікірін дəлелдей білу, сайыстар мен пікір таластарға 

қатысу, ой шеберлігімен көзге түсу қасиеттері дамиды. 

 

Ғалымдар  пікірін  сараптай  келе  жобалау  технологиясының  тиімділігі  мен  маңызын  мына 



төмендегідей түсіндіруге болады: 

• 

Жобалап  оқыту - оқушылардың  ойлау  үрдісі,  танымын  арттыруға,  белсенді  түрде  бір-

бірімен қарым-қатынасқа түсуіне жағдай туғызады; 

• 

Жобалап оқыту - оқушылардың сөйлеу мəнерін дамытуға ықпал жасайды; 

• 

Жобалап оқыту - бүгінгі білім берудің басты мақсаты, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны 

қалыптастыруға да игі əсерін тигізеді; 

• 

Жобалап оқыту - оқушылардың қабілеті мен дарынын дамытуға ықпал жасайды; 

• 

Жобалап оқыту - оқушы деңгейін шығармашылық деңгейге дейін көтерудің тиімді тəсілі. 

 

1. Полат Е.С. Новые педагогические и информационные технологии в системе образования.  – М., 

2005.  

2. Русских Г. Технология проектного обучения. // Биология в школе. - М.,  2003. 

3. Ахатаева К. Жоғары сынып оқушыларының шығармашылық жұмыстарын өздігінше орындау 

біліктілігін қалыптастыру: Пед. ғыл. кандидаты атағын алу үшін дайын. дис. – Алматы, 2007. 

4.  Крылова  Н.  Проектная  деятельность  школьника  как  принцип  организации  и  реорганизации 

образования. // Народное образование. - №2. - 2005.  


ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



94

Резюме 


В  данной  статье  рассматривается  применение  проектных  технологий  в  системе  общего 

образования.  Приводятся  такие  основные  виды  проектных  технологий,  как  исследовательские, 

информационные,  экспериментальные,  поисковые,  коммуникационные  и  др.,  которые  развивают 

творческую способность обучающихся.  

 

Summary 


In this article application of project technologies is examined in the system of universal education. 

Privodyatsya such basic types of project technologies as research, experimental, searching, communication and 

other which develop creative ability of people. 

 

 



 

 

ƏОЖ 371.3.016.02:573 

 

КƏСІБИ ТƏРБИЕ БЕРУДІҢ ЕРЕКШІЛІГІ 



 

Г.Қ.Тоқтарбекова - 

ботаника жəне зоология кафедрасының ізденушісі Абай атындағы ҚазҰПУ 

 

Оқу-ағарту жүйесі Қазақстан жерінде, əсіресе, оның отырықшы аудандарында орта ғасырдың ерте 

кезеңінде-ақ (7-8 ғ.)  көптеген  мектептер  (мұсылманша  бастауыш  оқу  орны)  мен  медреселер,  діни  білім 

беретін  ортадан  жоғары  оқу  орындары  жұмыс  істей  бастаған.  Ертедегі  Исфинджаб,  Тараз,  Сайрам, 

Түркістан,  Отырар,  т.б.  қалалардағы  медреселер  саны 84-ке  жеткен.  Оларда 5 мыңға  жуық  шəкірт  білім 

алған. Содан бері білім беру үрдісі өз маңызын жойған жоқ, керісінше заман талабына сай жаңару үстінде. 

1991 ж. жаңа үлгідегі мектептер мен арнаулы орта білім беретін оқу орындары: лицей, гимназия, 

кəсіптік-техникалық  мектептер,  колледждер  өмірге  келді. 2003 жылы  республикада – 108 гимназия, 63 

лицей, 289 лицейлік жəне гимназиялық сыныптары бар мектептер, дарында балаларға арналған 30 мектеп 

жұмыс істейді. Сондай-ақ, 312 кəсіптік-техникалық мектепте 89 мыңнан астам оқушы, 382 колледжде 207 

мыңнан астам студент оқиды.  

1995 ж. Қазақстанда жаңа Конституция қабылданып, онда жалпыға бірдей міндетті əрі тегін орта 

білім  беру  бағыты  жарияланды.  ҚР  «Білім  беру  туралы»  жаңа  Заңында  да (1999 ж. 7 маусымда 

қабылданған)  бұрынғыдай  жалпы  білім  беретін  мектептің  бастауыш (1-4-сыныптар),  негізгі (5-9-

сыныптар)  жəне  жоғарғы (10-12-сыныптар)  деп  аталатын  үш  саты  бекітілді.  Орта  (толық)  білім  берудің 

түрлі  жолдары  айқындалған.  Орта  білім  жалпы  білім  беретін  (күндізгі,  кешкі)  жəне  кəсіптік  мектептер 

(лицейлер)  мен  колледждерде  берілетін  болады.  Мұнда  оқушы  кəсіби  мамандық  алумен  қатар  оқуын 

мектеп бағдарламасы бойынша аяқтайды.  

Бүгінгі  жағдайда  еліміз  білім  дəрежесі  бойынша  бүкіл  əлеммен  терезесі  тең  болу  үшін,  заман 

талабына  сай  білім  беру  жүйесін  күрделі  өзгерістерге  ұшыратып  отыр.  Сондықтан  өмір  ағымына  қарай 

жаңа мазмұнда білім беруді ұйымдастыру 12 жылдық оқытуға көшумен тікелей байланысты. 

Ел  президенті  Н.Ə.  Назарбаев 2005 жылғы  өзінің  Қазақстан  халқына  жолдауында:  ХХІ  ғасырда 

білімін  дамыта  алмаған  елдің  тығырыққа  тірелетіні  анық.  Осы заманға  білім  беру  жүйесінсіз  əрі алысқа 

барлап,  кең  ауқымда  ойлай  білетін  осы  заман  азаматтарынсыз  біз  инновациялық  экономикаға  кіре 

алмаймыз. Біздің міндетіміз – жастарға əлемдік стандарттар деңгейінде білім беру» - деп көрсеткен.  

Дүние жүзінің білім дəрежесімен бəсекелесу үшін білім беру жүйесін жетілдіре түсу керек.  

Қазақстан Республикасының он екі жылдық білім беру бағдарламасы үш сатыдан тұрады: 

Бірінші саты- жалпы білім беру 1-4 сынып аралығы. Оқу бастау жасы 6 жас, оқыту ұзақтығы төрт 

жыл.  Негізгі  бағдар – оқушыны  өзін-өзі  тану  мүмкіндігі,  қоршаған  ортаны  тану,  баланың  тұлғалық 

қалыптасуы,  бастауыш  мектепке  қажетті  біліктіліктермен  дағдыларды  игеру,  яғни  оқу,  жазу,  санау, 

шығармашылықпен ойлау элементтері жəне гигиенасы мен денсаулығын сақтау негізінде оқу. 



Екінші  саты – жалпы  орта  білім  беру 5-10 сынып  аралығы,  оқу  ұзақтығы 6 жыл.  Негізгі 

бағыттары – негізгі  жалпы  білім  алуға  жағдай  жасау.  Адамдар  арасында  жəне  этнос  аралық  қатынастар 



Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



95

м»əдениетін,  тұлғаның  біртұтас  көзқарасын  қалыптастыру.  Негізгі  мектеп  оқытуда  бейімдік  мектепте 

немесе кəсіптік мектепте білімін жалғастырудың базасы болып есептеледі. 

Үшінші  саты – жалпы  орта  білім  беру 11-12 сыныптар.  Ұзақтығы 2 жыл.  Негізгі  бағдары – 

оқытудың  саралануы  жəне  даралануы,  оқушылардың  білімін  жалғастыруға  қатысты  жеке  жəне  өмірлік 

өзін-өзі танытуына ықпал ететін, əлеуметтендіруге бағдарланған бейімдік оқытуды іске асыру. Бейімдік, 

жаратылыстану, технологиялық бағыттар жүзеге асырылады. 

Отандық жəне халықаралық мектептердің орта білім беру мазмұнын, тəжірибесін ескере отырып 

Қазақстан  Республикасының  білім  беру  мазмұнының  құрамына  сегіз  білім  саласы  енгізілді.  Олар:  тіл, 

жəне əдебиет, математика, жаратылыстану, қоғамтану, технология, өнер, денешынықтыру жəне адамтану. 

Осы  білім  беру  салаларының  мазмұны - мемлекеттік,  базистік  оқу  жоспарында  қарастырылған  пəндер 

арқылы іске асады. 

Бүгінгі таңда заман талабына сай білім беру күрделі мəселе, шығармашылық қабілеті жан-жақты 

дамыған адамзат тəрбиелеуде педагогикалық технология аудай қажет. Білім беру технологиясының басты 

мақсаты - білім  беру  сапасын  арттыру,  оқушылардың  біліктілігін  қалыптастыру.  Жаңа  технологияны 

меңгеру  мұғалімнің  интеллектуалдық,  кəсіптік,  адамгершілік,  рухани  жəне  адами  қабілетінің 

қалыптасуына игі əсерін тигізеді. 

Қазіргі  дүниежүзілік  дағдарыс  жағдайында,  елімізде  еш  маманның  елеусіз  қалмай,  белгілі  бір 

кəсіпке  тəрбиеленгені  абзал.  Мемлекет  тарапынан  жасалып  жатқан  шаралар  бойынша,  жұмыссыз 

қалғандарды  екінші  кəсіпке  бейімдеу  жүзеге  асырылуда.  Əйтсе  де  тұлғаның  өз  мүмкіншілігі  мен  ерік 

жігеріне,  талап  тілегіне  сай  кəсіпті  меңгерсе,  еліміздің  экономикасына  да  зардабы  тимес  еді.  Заман 

талабына  сай  жаңа  ғасырдың  жан-жақты  тұлғасын  қалыптастыру  үрдісін  ерте  жастан  қолға  алған  жөн. 

Жас өспірімге мамандық таңдау - белгілі бір дəрежеде моральдық күрделі мəселе. Таңдау диапозоны кең 

болған сайыны, ол психологиялық күрделі.  

«Қабілет»  түсінігі  алғашқыда  діни  тұрғыдан,  құдай  адамға  индивидуалды  ашу  жолымен  немесе 

сəйкес əлеуметтік статус беріп нақты бір іс-əрекет береді, - деп түсіндірілген. Қазір қабілет - деп əдетте, 

тұлға  өзін-өзі  танытатын  орта  деп  танытатын  басты  орта  деп  көрсететін,  белгілі  бір  іс-əрекетке 

субъективті бейімділік пен қабілеттің бірлігін айтады. Бірақ бейімділік пен қызығушылық өзі құрылып іс-

əрекет  барысында  өзгереді.  Балаларда  бірден  айқын,  табанды  əрі  белсенді  бейімділік  жиі  байқалмайды. 

Жас өспірім іс-əрекет шеңберін таңдауда болады. Бірақ тек іс жүзінде сол іс-əрекеттер барысында, оның 

жарамдылығы  анықталады.  Мен  егер  ешқашан  сурет  салып  көрмесем,  менен  талантты  суретшінің 

шығатынын мен қайдан білемін. Ал, бірақ барлық іс-əрекет түрін жасап көру мүмкін емес. 

Адамда көптеген қабілетпен дарындылыққа талабы болуы мүмкін. Мысалы, Р. Вагнер бір мезгілде 

музыка  мен  əдебиетке  талантты,  А.С.  Пушкин  мен  Т.Г.  Шевченко  ақындық  дарындылығымен  қатар, 

керемет суретші болған, композитор А.П. Бородин ірі химик болған болған. Халықтың ұлы ақыны Абай 

Құнанбаев филоссоф, ағартушы, композитор болған. Тіпті көптеген талантты адамдар өз жолдарын бірден 

таппай, кəсіптерін бірнеше рет өзгерткен. 

Өзін-өзі  тану  мен  өзін-өзі  шектеу  бір  мезгілде  болады.  Оқушы  кəсіпке  қатысты  əлі  ешкім  емес, 

«таза потенция». Ол мұғалім де, дəрігер де, ұшқыш та бола алады. Мамандық таңдау адамды бірдеңемен 

нақтылайды, оның күші мен қабілетін жүзеге асырып, ол белгілі бір іс-əрекетке ие болады. 

Жас  ерекшелік  психологиясында  кəсіби  өзін-өзі  тануды  əдетте  бірнеше  сатыларға  жіктейді: 

Бірінші  саты - балалар  ойыны,  ойын  арқылы  бала  əртүрлі  кəсіби  рөлдерде  бола  алады.  Екінші  саты - 

жеткіншектік  қиял,  онда  жеткіншек  қиялында  өзін  ұнаған  мамандығында  көре  алады.  Үшінші  саты  -

барлық жеткіншектер мен көптеген жас өспірімдерде болатын - кəсіптің болжамды таңдауы. Əртүрлі іс-

əрекет  түрлері  жеткіншектің  қалауы  бойынша,  кейін  оның  қабілеті  бойынша,  жəне  соңында  оңың 

құндылықтар жүйесі бойынша екшеленеді əрі бағаланады. 

Əрине  қалауы,  қабілеті  мен  құндылығы  нақты  болмаса  да  таңдаудың  кез-келген  сатысында 

байқалады.  Бірақ  құнды  аспектілері,  қоғамдық  немесе  жеке  бастық,  неғұрлым  жинақталғандай,  қалауы 

мен  қабілетіне  қарағанда  кейін  жетіліп  саналы  түрде  меңгеріледі,  дифференциация  мен  консолидация 

қатар  əрі  өзара  байланыста  жүреді.  Пəнге  қызығушылық  оқушыларды  көбірек  оқуға  жетелейді,  бұл 

олардың  қабілетін  дамытады;  ал  қабілеттің  анықталуы  іс-əрекеттің  табыстылығын  арттырып,  қоршаған 

ортаға танылып, өз кезегінде ынтасын арттырады. 

Төртінші саты - іс жүзінде шешім қабылдау, нақты мамандық таңдау, өзіне екі басты компонентті 

қосады: оған дайындыққа қажетті болашақ еңбектің квалификация деңгейін, көлемін, ұзақтығын анықтау; 


ВЕСТНИК КазНПУ им.Абая, серия “Естественно-географические науки”, № 3 (21), 2009 г. 

 

 



96

нақты мамандық таңдау. Қалауы, қабілеті мен бағыттарынан басқа шешім қабылдауда өзінің объективті 

мүмкіндіктерін – отбасының материалдық жағдайы, біліми дайындық дəрежесі, денсаулық жағдайын жəне 

т.б бағалау маңызды рөл атқарады. 

Жоғары  сынып  оқушыларының  мамандық  таңдауы  өмірлік  жомпарларының  іске  асу  дəрежесі 

əлеуметтік  жағдайымен,  əсіресе  əке-шешелерінің  жалпы  білім  дəрежесімен  тығыз  байланысты.  Əке-

шешелерінің  білім  дəрежесі  жоғары  болған  сайын,  олардың  балалары  мектеп  бітірген  соң  оқуын 

жалғастырып, жоспарларының іске асу мүмкіндігі де жоғары болады. 

Жоғары  сыныптарда өз  мансаптарын өздері  таңдай  алады.  Осы  кезде  кəсіби  кеңес  керек.  Кəсіби 

кеңестің  үш  түрі  бар:  анықтамалық-ұйымдық,  медициналық - профилактикалық  жəне  психологиялық - 



педагогикалық

1. 

Анықтамалық - ұйымдық: оқушылар мен ата-аналардың жұмыс орыны, қызметі, тұрмыс 

дəрежесі. Оқышының оқуға деген талабы, кəсіби мамандықты таңдауға қоятын əке мен баланың талабы. 

Таңдайтын  мамандығының  қоғам  үшін  маңыздылығы,  жергілікті  жерде  ата-анасының  кəсібін 

насихаттауды ұмытпау. 



2. 

Медициналық - профилактикалық: бұл қазіргі қоғамдағы қиын іс. Оқушылардың темекі 

тартуы, арақ ішуі, нашақор болуы ең ауыр кесел. Бұл оқушылардың психологиялық - физиологиялық жəне 

медициналық - биологиялықтерекшеліктерін бұзады. 

3. 

Психологиялық - педагогикалық:  оқушының  еліктегіш  қасиетін  анықтау,  оның  ынта 

ықыласына  назар  аудару,  тума  қабілетін  жəне  жүре  пайда  болатын  ерекше  қабілетін  дамытуға  назар 

аударылады. Ең білімді, тəрбиелі, мəдениетті, əр түрлі өнерге құмар балалар осы зерттеуде анықталады. 

Ғылыми  дəлелдерге  сүйенсей,  оқушыларға  кəсіби  кеңесті  екі  кезеңде  тұрақты  жүргізу  дұрыстығын 

дəлелдеп отыр (шет елдерде солай). 

Ұрпақ  болашағы  жарқын  болсын  десек,  Қазақстан  Республикасының 2015 жылға  дейінгі  білім 

беруді дамытумен кəсіпке оқыту, үйрету тұжырымдамасын жүзеге асыру үшін баршамыз ат салысуымыз 

керек. 


 

1.

 

 «Қазақ энциклопедиясы» 5 том. – Алматы, 2003. 

2.

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. 

3.

 

Бұзаубақова К.Ж. Жаңа педагогикалық технология. - Алматы: Жазушы, 2004. 

4.

 

Кон И.С. - М.: Просвещение, 1980. 

 

Резюме 



Статья  посвящена  истории  учебного  процесса  и  рассматривает  ныненшний  учебный  процесс  в 

Казахстане.  Изучается 12-летнее  образование  в  РК  и  проблема  профессионального  определения 

школьников. 

Даются профессиональные советы старшекластникам по выбору профессии. 

 

Summary 


The article begins about history of educational process and rassmotrivaet nynenshnii educational process 

in Kazakhstan. 12 is studied summer education in RK and problem and problem professional determinations of 

schoolboys.  

Given professional councils of starsheklastnikom of choice of profession. 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 


Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ХАБАРШЫСЫ, «Жаратылыстану-география ғылымдары» сериясы,

 

№ 3 (21), 2009 ж. 

 

 



97

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 



 

 

 

 

 



 

Document Outline

  • Варианты
    • Штамм
      •  
      • Рисунок 1. Плазмидный профиль штаммов лактобацилл 
    •  
      • Таблица 1. Гидрирование -(-ионона (10% раствор) на Ni-Cr2O3- катализатора в этаноле при 2,0 МПа и 353К (WВ-ВА=0,6 см3/мин, Wн2= 200см3/мин)
    •  
    •  
    • Классы и наименование учебной литературы
    • 1
    • 2
    • 3
      • I


1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал