АҚ тілеудей ақша қар жауған күн еді



жүктеу 71.35 Kb.
Pdf просмотр
Дата09.09.2017
өлшемі71.35 Kb.

АҚ ТІЛЕУДЕЙ АҚША  ҚАР ЖАУҒАН КҮН ЕДІ 

Ақ тілеудей ақша  қар жауып тұр. Мұ-

ның өзі  қаланың  қалыпты тіршілігіне  қуа-

нышты рең білдіргендей.  Қос  қаптал кең 

көшенің келесі басынан политехникалық 

институттың кес-кестей созылған алып тұл-

ғасы бұлдырай көрінеді. Әлгінде ғана осы-

нау ат шаптырым жерді алып жатқан ғы-

лым-білім ғимратына телефон шалып, со-

ның бір бөлмесінде отырған академик Әбіл-

қас Сағыновпен дидарласуға уәде байла-

нысқанмын. Әр сөзін шегелей айтып, айқын 

сөйлейтін 

қоңыр дауысы әлі 

құлағымда 

тұр. Мән-жайды  қысқаша мәлім еткен соң: 

— Уақытыңыз  б о л с а . . . - д е п өтініш біл-

діргенмін. Сонда Әбекең: 

— Бәрекелді, далада жатқан уақыт бар 

ма... Дегенмен келсейші,- деген. 

Енді міне, көңілде  қобалжу бар, полит-

тің мен мұндалап көлбеген ғимаратын бетке 

алып жүріп келемін. Ертең ақ  қағазды ал-

дыма алып, академик туралы  қалам тарта-

тыным еске түседі. «Япыр-ай, осыным сау-

сақ сорғандай бірдеңе- болып жүрмесе» деп 

өзімнен-өзім  қысылғандай да боламын. Әсі-

лі ғылым адамы туралы пікір айту  қиын-

ның  қиыны. Егер өнердің таразысы, өнер 

құбыланамасы- адамдардың жүрегі де-

сек, ғылымның таразысы, ғылымның  құбы-

ланамасы- адамдар көретін игілікке саяды. 

Демек, ғалым туралы жазудың  қиындығы— 

қиялдан озған бүгінгі болмысымыздың  құ-

діретінен  қаймығып, сол  құдіретті ауыздық-

тап жүргендер туралы асығыс айтпауға, 

ағат кетпеуге талпынған ниетпен сабақтас. 

Ақ  қанат көбелек сияқты ақша  қар бол-

машы лептен көлбей  ұшып, сыбдырсыз  қо-

нып жатыр. Ой шіркін жүйрік  қой, әрне 

еске түсіп, көкейге бірі кіріп, бірі шығады. 

Бір сәт ата аузынан бала  құлағына сің-

ген даналық ойға оралады. Халқымыз ба-

қыт дегенді ірі елекке теңепті. Оның елегі-

не ересендер ғана ілігіп, ездер түсіп  қала-

ды-мыс. Ғажап  қой! Ал уақыттан уақыт 

озып, заманды заман алмастырған сайын 

әлгі електің көзі кеңіген үстіне кеңи түсе-

тін сияқты. Ендеше бүгінгі заңғар заманы-

мыздың талғамына заңғарлар ғана таты-

мақ.  Қазіргі дүние танымымыз адамды өз 

126 

ортасының, өз  қоғамының айнасы дейді. 

Әбекең де ең алдымен дәуіріміздің төл пер-

зенті. Ол кісіні дүниеге әкелуші — мұраты 

биік заманымыздың  қажеттілігі-ау деген 

ой келді. Себебі, дәл  қазір аттай алпысқа 

келген Әбекеңді өткен ғасырдың он бесінші 

жылында дүниеге келді екен деп елестетіп 

көріңізші. Сонда көзін аршыған кәусардай 

көрініс тауып отырған  қазіргі  қабілеттің, 

қазіргі ізденістің,  қазіргі  қыруар еңбектің 

тағдыры не күйге  ұшырар еді. Әнеки, дәуір 

перзенті, уақыт  қажеттілігі деген пікір осы-

дан суыртпақталады. 

Ақ ниеттей ақша  қар әлі жауып тұр. 

Мен ой жетегінде келе жатып политехни-

калық институтқа маңдай тіредім. 

отызға тарта мамандықтар бойынша инже-

нерлер даярлайтын, елуге тарта кафедра-

сы бар, тек  қана соңғы төрт-бес жыл ая-

сында бес мыңдай жоғары білімді инженер-

лерді  қанаттандырған, еліміздің шығысын-

дағы ірі жоғары оқу орындарының бірі. 

Осы тұста Әбекеңнің бейнесі тіптен тұлға-

ланып, тіптен айқындалып елес бергендей. 

Өйткені бұл институттың алғашқы ірге та-

сынан бастап бүгінгі зәулім тұлғасына де-

йінгі әрбір ілгері басқан жетістігінде Әбе-

кеңнің маңдай тері бар,  қабілет-дарыны-

ның табы бар. Сондықтан да осынау шаны-

рағы биік ғылым-білім ордасының табал-

дырығын аттағанда Әбекеңнің еске түсуін-

де әсіре-қызылдан ада заңдылық бар еді. 

Сары сақтиян есік сыбдырсыз ашылып, 

ішке  қадам басқанда Әбекеңнің әлденеге 

шұқшия үңіліп, алдындағы көп  қағазға зе-

й і н ,  қойып отырғаны көрінді. Алғашқыда 

үлкен кісінің ойын бөліп, бейқам отырган 

сәтін бұзғым келмей сәл бөгеліп  қалдым, 

Бірақ, байласқан уәдені көңілге медеу етіп, 

кіші-гірім мәжіліс залындай кең бөлмені 

дендеңкіреп келіп сәлем бердім. 

— Сәламат жақсымысыз, Әбеке! 

Академик сәл бір  қырын отырған еңселі 

тұлғасын ошарыла бұрып, енді ғана назар 

аударды. Іле ақ  құба өңіне  қалтқысыз бір 

жылылық  ұялап, әнтек жымиғандай болды. 

— Ә, ә, інішек, келіп-ақ  қалдың ба... кел, 



кел, жоғары шық,—деп орнынан көтеріле 

берді. 


Енді байқадым тұлғасына жігер, реңіне 

ойлылық  ұялаған, тұла бойы намыс үшін 

соғылған наркескендей,  қыран  қабақты, кең 

маңдайлы атан жілік аптал ағаны алпыс 

келді деуге ауыз бармағандай екен. 

Әбекеңнің алғашқы лебізі мен жылы шы-

райының өзі-ақ үлкен кісілердің мысы ба-

судан пайда болатын тосаңдықты сейілтіп 

жібергендей болды. Енді абзал ағаның ал-

дына еркелеп келіп, есті сұбхатына еліге 

құлақ түрген сезім билеп алғандай. 

Жазуды мұрат еткен бұйымтайымыздың 

беті ашылған соң әңгіме әріден басталды. 

Осыдан аттай алпыс жыл бұрын кіндік 

қаны тамған Баянауылдан басталды. Таба-

нының ізі түскен туған жер,  ұшқан  ұя ту-

ралы Әбекең аз айтса да саз айтып, жү-

ректен лып етіп көтерілген ыстық толқын 

бір сәт дидарын шарпып өткендей болды. 

Туған жер, өскен ортаның салалы әрекетке 

талпындырған ықпал-әсері ойлантып тас-

тағандай... 

Кім білсін Ақан сері мен  Ж а я у Мұсаның, 

Жарылғапберді мен Иманжүсіптің сазды 

әуендері сіңген  қарт Баянның  қызыл таста-

ры жаңғырып, ту сонау балалық бал дәу-

реннің үніндей боп көкірегін күмбір еткіз-

ген шығар-ау. Сол күмбір күй бала Әбіл-

қастың зердесін шыңдап,  қиялдай биік мұ-

раттарға  қанат  қақтырмады деп кім айта 

алар. Бүгінгі академик Әбілқас мүмкін со-

ны еске алған шығар. Немесе, сонау Баян-

ауыл төңірегінде ертеден-ақ ел аузына ілі-

гіп, жастарға армандай үлгі болған, бір 

буын ілгері шыққан ағалары Сұлтанмах-

мұт Торайғыровтың, 

Қаныш Сәтбаевтың, 

Хәкім Иманбековтың, Әлкей Марғұланның 

ұлағатты 

қадамдарына 

қалай еліктегенін 

еске алған болар. Балалық шақ пен Баян-

ауыл сөз болғанда Әбекеңнің  құлпырып, 

бал-бұл жанып шыға келген реңі осы шын-

дықты жария еткендей болды.  Қалай десек 

те, бір ақиқаттың басы ашық, себепсіз сал-

дар жоқ. Саңылауы барлар үшін туған 

жердің тасы да тағылым береді. 

Осы тұста менің есіме тарихшы ғалым-

дар айта беретін бір әзіл орала кетті. Бұл 

себеп дегенді  қойсаңызшы, осынау кең дүние 

келбетінде кәдуілгі алмаға  қатысты өшпес 

із  қалыпты дейді. Пейіш бағына біткен ал-

мадан Хауана ауыз тиемін деп адамзат ба-

ласын күнәкар атандырса керек. Соқыр Го-

мер жырлаған Паристің алмасы  құдайлар-

дың сүйікті  қаласы Трояның өзін жер мен 

жексен етті. Ал Ньютонның басына түскен 

алма әлемнің тартылыс заңын ашуға себеп-

ші болды. Енді себепті жоққа шығарып 

көріңіз. 

Иә, әзілдің жөні бір басқа, бүгінгі абы-

ройы Алатаудай Әбекеңнің өмір жолында 

советтік өмір салтымызбен сабақтас үлкен 

заңдылық бар. Ол жаңа заманның жарқын 

күндерінен бастау алып, ер мұратының ел 

мұратымен тоғысуының жарқын үлгісіне 

саяды. Себептің зоры сол болса керек. 

Олай дейтініміз, Әбекең алғаш рет шах-

та дегенді көріп, жер астына түсіп, бала 

жүрегі бұлқына соққанда небары 16-ақ 

жаста екен. Бұл — мың да тоғыз жүз отыз 

бірінші жыл. Ал көрген шахтасы —  Қоңы-

рат  қойнауындағы шахта болатын. Сонда 

әжесі айтатын ертегіге шығар күндей сене-

тін, сол ертегідегі жеті  қат көк, жеті  қабат 

жер астының ғажайыптарын шындықтай 

қабылдайтын бала Әбілқасты сонау Баян-

ның белдерінен 

Қоңыраттың  қырларына 

алып келуші нендей жағдай?  Қандай себеп? 

Он алты жасар Әбілқас жүріп барған 

жолдың дәл сол кездегі көрінісін Балқаш 

сұрылысына  қатысушы еңбек ардагерлері-

нің бірі былай жазып қалдырыпты: «Бал-

қаш пен  Қарағанды арасын жалғайтып жол 

Зайырғы Уәли салған  ұзын жол деп атала-

ды. Бұл жол  қазір шегінген әскердің шер-

менде ізіне  ұқсас:  қар үстінде бырдай боп 

127 


шашылған автомобильдер, машиналардың 

ауыр бөлшектері, зорығып өлген ат пен 

түйелер, олардың  қасқыр жегеннен  қалған 

жемтіктері, тастап кеткен шаналар мен жа-

нар май  құйған темір бөшкелер тағы бас-

қалары» (Қазақстандағы социалистік және 

коммунистік  құрылыс тарихының мәселеле-

рі. Алматы, 1961 жыл, 118-бет). 

Сөз жоқ,  қиын кез болатын, Бірақ Бал-

қаш,  Қоқырат  құрылысының одақтық ма-

ңыз алып үлгерген шағы еді, 1929 жылдың 

өзінде-ақ Жезқазған мен  Қоңырат бүкіл елі-

міз бойынша түсті металлдың, оның ішінде 

мыстың негізгі ошағы деп танылды. 

Үлкен мақсат үлкен  қиындықтарды жеңу 

арқылы жүзеге асып жатты. 

Сол үлкен мақсаттардың жүзеге асуы 

үшін тусырап жатқан байлықты игеру азат 

елдің бала Әбілқасы сияқты мыңдаған өрен-

дердің пешенесіне жазылды. Олар маңдай 

терін мың төге жүріп оқу оқыды, оқу оқи 

жүріп еңбек етті. Уақыттың көлденең тарт-

қан  ұлы мұраттары соны  қалады. Бал а 

Әбілқасты ертек айтқан әжесінің алдынан 

тұрғызып, алыстағы  Қоңырат шахтасына 

алып келуші себептің үлкені сол болатын. 

Әбекең сөйлеп отыр. Сөйлеп отыр деген 

осы жерде келіңкіремейтін сияқты. Бейне 

бір артта  қалған алыс жылдармен  қайта 

дидарласып отыр. Жаратылысы әсіре-қы-

зылдан ада, бітім-болмысы сабырмен су-

арылғандай, небір тасқынды сезімнің өзін 

темір тегеуріннен босатпай  қалыптасқан 

академиктің үнінде байсалдылық бар. 

— Сөйтіп, он алты жасымда шахта де-

генді алғаш көрдім. Тау-кен инженері деген 

сөзді алғаш естідім. Рас, әсері ерекше бол-

ды. Бірақ  қазіргі айтып жүрген романти-

каға мүлдем  ұқсамайтын... 

Мен Әбекеңнің осы сөздерін блокнотыма 

өзгеріссіз түсіріп үлгердім. Сонсоң өзгеше 

бір сеніммен: «Бұл — үлкен өмір жолының 

бастауы » — деген сөзді жазып  қойдым. 

Жарығы мол, кең көзді терезеге бетін 

беріп отырған Әбекең институт ауласына 

көз тастап  қойып, әңгімесін жалғай берді. 

Сыртта ақ көңілдей ақша  қар әлі жауып 

тұр. 


Сонымен  Қарсақбай сапары ғайыптың 

ісіндей, тағдыр оңға бастаған сапар болды. 

Алғашқыда Өспен руднигіне моторист етіп 

жіберді. Арада аттай бір жыл өткенде тау-

кен техникумына жолдама алды.  Қайнардың 

көзі осылай ашылды.  Ж а с Әбілқастың 

бойындағы  қабілет-қайрат осылай 

қанат 


қомдады. Кешікпей-ақ алғашқы  ұстаздар-

дың ерекше  қабілетті деген пәтуалы пікірі 

Әбілқас Сағыновқа Днепропетровскідегі 

128 

тау-кен институтының есігін аштырды. 

«Әбілқастың бойында ізденгіш, ал-

ғырлыққа  қоса тамаша  ұйымдастырушылық 

қабілетінің бар екені студент кезінің өзінде-

ақ жұрт аузына ілікті. Ол институт  қабыр-

ғасында өткерген алты жыл бойы группа 

комсоргы болды. Өзіне де, өзгеге де үлкен 

талаптар 

қ о я білетін  қасиеті әркімді-ақ 

қайран  қалдырушы еді». 

Бұл — институт  қабырғасынан алты жыл 

бірге тәлім алып, саналы ізденіске толы 

студенттік жылдарды бірге өткерген доста-

ры Ғұмар  Қошанов пен  Ж ұ м а Серғазиннің 

сөздері. Ғұмар  қазір техника ғылымдары-

ның кандидаты. «Гипроуглегормаш» инсти-

тутының директоры. Ал Жұмекең болса шах-

терлік еңбектің ардагері ретінде көпшілікке 

танымал. 

Әбекең институтты үздік бітірді. 

Мен сөз арасында: «Студенттік жылдар 

несімен есте  қалды?» — деген сұрақ  қой-

дым. Әбекең көп ойланған жоқ. 

— Ең алдымен өзімізді жаңа дами бас-

таған халқымыздың шаруашылық салала-

рына ауадай  қажетпіз деп сезінуші едік. 

Бұл сезім студенттер арасындағы  қалтқы-

сыз достық пен сапалы білім алуға негіз 

болады,— деді. 

Сапалы білім алған мамандар ол кезде 

шынында да ауадай  қажет еді. Әсіресе, бе-

рісі республика, әрісі одақ көлемінде ірі 

өндірістік салмақ алып үлгерген  қазыналы 

Қарағанды білікті, іскер мамандарға тіптен 

мұқтаж болатын. Сондықтан да Әбекеңнің 

бел шешіп, білек сыбанып кірісер еңбек жо-

лы  Қарағандыдан басталды. 

Кен өндіру учаскесінің бастығы, №3 — 

бис шахтасы бас инженерінің көмекшісі, 

Отан соғысының отты жылдарында бассейн-

нің батыс бөлігіндегі бірнеше шахтаның 

басқарушысы,  Қарағанды кен  қазбалары 

ауданының «Гостортехнадзор» жұмыстары-

на жетекшілік ету, «Карагандауглеразрез» 

тресінің бас инженері, Бүкілодақтық ғылы-

ми-зерттеу көмір институты филиалының 

директоры,  Қарағанды политехникалық ин-

ститутының ректоры... Міне, бұл — академик 

Әбілқас Сағыновтың күрес жолы, ізденіс 

жолы, бойындағы  қабілет-дарынын ел игі-

лігіне аямай бағыштаған еңбек жолы. Әбе-

кеңнің арман-мұратын асқар биіктерге жет-

кізуші де осы жолдар. 

Бір ғажабы осынау ыстық-суығы мол 

еңбек баспалдақтарының бірде-бірі ғылыми 

ізденіссіз өткен емес. Әр күні, әр сағаты 

еңбек пен ғылымның  қоян  қолтық беттесуі 

арқылы етіп жатты. Ол ғылыми-практика-

лық мәні бар жүзден астам еңбектің, соның 



ішінде 8 монографияның авторы. Бұл, әри-

не,  у а қ ы т талабы. 

Осы тұста Әбекеңнің Москвада доктор-

лық диссертация  қорғағаны, сол  қорғауда 

С С С Р Ғылым Академиясының мүше-кор-

респонденті В. В. Ржевскийдің айтқан пікі-

рі тілге оралды: «Теория мен практиканың 

дәл мына сияқты сәтті үндесуі —  Қараған-

ды бассейніндегі көмір өндірудің техника-

лық-прогресіне өз өмір жолын бүтіндей ар-

наған инженер-зерттеушінің ғана  қолынан 

келетін ісі»,—депті. Сөз жоқ, мұндай пікір 

тәптіштеуді  қ а ж е т етпейді. 

Тақыр жерге шөп шықпақ емес. Бұлақ-

тар бірігіп өзен  құрайды. Өзендер біріксе 

дария боп шалқиды. Демек, ғылымның  құз-

қиясы әсіресе бүгінгі таңда, бүгінгі  қ отар а 

зерттелетін  ж а н - ж а қ т ы л ы қ заманында жал-

ғыз адамның  ж а я у л а п шығуына көнбейді. 

Сондықтан да Әбекең өзіне  ұстаз ретінде, 

ғылымның  қиын  қиясында дем беруші ре-

тінде марқұм  Қаныш Сәтбаевты, академик-

тер Н. С. Поляков, Л. Д. Шевяков, Украин 

С С Р Ғылым Академиясының мүше-коррес-

понденті Ф. А. Абрамов сияқты одақ көле-

міне белгілі ғалымдарды зор ілтифатпен, 

ыстық ықыласпен үнемі ауызға алып оты-

рады екен. 

Ал академик Ә. Сағыновтың ғылым жо-

лынада өзімен бірге үзеңгі  қағыстырып жүр-

ген әріптес достары, шәкірттері  қаншама 

десеңізші. Артынан  қара ілеспеген, алдынан 

қуанышты  ұрпағы күтпеген ғалым - ғалым 

болып жарытпақ емес.  Қай кезеңге көз сал-

саңыз да айтулы ғалымдар алқалы көптің 

ұ йымдастырушысы да бола білген. Сөз 

орайы Әбекеңнің терең ғалым, тегеурінді 

ұ йымдастыруш ы екеніне айғақ бір мысал-

ды көлденең тартқызады. 

1948  ж ы л ы 

Қазақ СС Р Ғылым ака-

демиясы шаңырақ көтергенде республика-

мыздағы ғылыми дәрежесі бар  қызметкер-

лердің саны небары 389 екен. Ал 1955 жылы 

ашылып, алғашқы күнінен бастап Әбекең 

ректор болып келе жатқан  Қарағанды по-

литехникалық институтьшда ғана бұл күн-

дері ғылым докторлары мен кандидаттар 

саны 250-ден астам. Бұл бүгінгі болмысы-

мызға, бүгінгі ғылым көк жиегінің тынысы-

на да айғақ болғандай. 

Мұхит үстінде маңып жүретін айсберг 

атты мұзарт таудың жетіден бір бөлігі ғана 

көзге керініп,  қалғаны суға батып тұрады. 

Әбекең жайында айтылып жатқан осынау 

қ ыс қ а- қ айыры м лебізіміз, сөз жо қ , айсберг-

тің көзге көрінген тұлғасын тамашалаған-

мен пара-пар. Солай десек те Әбекеңнің көп-

ке әбден белгілі бір  қыры бар. Ол — ең 

алдымен азаматтығы, ел дегенде иіліп жұрт 

дегенде жиылатын  қоғамшылдығы. Ол кі-

сінің, кезінде СССР Жоғарғы Советіне де-

путат болып сайлануы,  қазір облыстық со-

веттің депутаты болуы,  Қазақстан Компар-

тиясының XIV съезіне делегат болып санла-

нуы, омарауында  Қ а з а қ ССР мемлекеттік 

сыйлығы мен Социалистік Еңбек Ері ата-

ғының алтын жұлдызының жарқырауы, 

жуырда ғана «Халықтар достығы» ордені-

мен наградталуы әлгі пікірдің айқын айға-

ғы. Сондықтан да біз талантты ғалым, та-

банды коммунист Әбілкас Сағыновты пар-

тияның берік те берілген солдаты дейміз. 

Әбекеңмен  қош айтысып, сыртқа шық-

қанда ақ тілеудей а қ ш а  қар әлі жауы п тұр 

еді. Менің көкейіме: «Алпыс мұрат емес-ау, 

алпысқа келгенде еліңнің ардагер 

ұлы, 


аяулы перзенті болу мұрат!»—деген ой ора-

ла берді. 



Ақселеу СЕЙДІМБЕКОВ. 

Жалын. - 1976. - № 4. - 126-129 б. 



Каталог: irbis64r 01 -> Kraeved -> Adebi omir -> Seydimbek A
Seydimbek A -> Ай заман, қандай қоғам болсын саяси әлеуметтік өзгерістер кезең
Adebi omir -> Қазақтың тұңғыш режиссері Жұмат шаниннің туғанына 100 жыл толуына
Adebi omir -> Серік АҚСҰҢҚАРҰЛЫ
Adebi omir -> Амантай сатаев абай мен Мәди
Adebi omir -> Жастық жыршысы 1 Аялайық асылды
Seydimbek A -> Атадан балаға жалғасып ж е т к е н ауыз әңгімеде де
Adebi omir -> Түрсынбек КӨкішев ғалым, ж а з у ш ы
Adebi omir -> Кең-байтақ қазақ жерінің інжу-маржаны Қарқаралыға, оның көл-көсір тарихына түсінік беріп жатудың қажеті жоқ. Бір ғана
Adebi omir -> Әлібек Әбдіраш, Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты

жүктеу 71.35 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет