А. Ш. Жангазин жалпы білім беру мектебінде



жүктеу 0.58 Mb.

бет4/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6

 

 

5. БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ӨМІРІ МЕН 

ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ АРҚЫЛЫ ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУ 

 

Аңыз  адам,  батырдың  бейнесіне  көз  жүгіртсек,  оның  көз 



жанарының  оттай  өткір,  үлкен  екенін  байқаймыз.  Көз  көргендердің 

айтуы  бойынша,  соғыс  кезінде  немесе  ашуланған  кезде  бұл  көздер 

найзағайдың  отындай  жарқылдаған.  Бұл  Бауыржан  батырдың  ең 

басты  ерекшелігі.  Бет  әлпеті  сұсты,  маңдайы  кең,  шашы  тікірейген, 

қайратты, фотосуреттерінде қос иығын қомдап, ұшуға дайын отырған 

қыран  құсты  көз  алдына  елестетеді.  Әрбір  уақытын  есептеп  жүреді. 

Жас  кезінен  кітапты  көп  оқыған.  Үлкендерді  сыйлаған.  Білімдердің 

сөзін  құлақ  қойып  тыңдаған.  Өз  ұлты  мен  оның  тілін,  дәстүрін 

жанындай сүйген. Әрқашанда Отан үшін жанын қиюға дайын тұрған. 

Игерген өнерлері көп. Атап өтсек: 

– Құралайды көзге атқан мерген. 

– Турникке  және  басқа  спорт  түрлерінен  де  озық  жетістіктерге 

жеткен. 

– Ат құлағында ойнайтын шабандоздығы мен атбегілігімен аты 

шыққан. Москва түбіндегі шайқастағы атақты ақ боз аты туралы аңыз 

әңгіме көп. 

Әсіресе қарамағындағы жауынгерлерді соғысқа тәрбиелеуде өте 

озық  нәтиже  көрсеткен.  Нағыз  қаһармандарды  тәрбиелеген  және 

жауынгерлерінің «Батька», «Ақсақал» дегендей қошеметіне ие болған. 

Әскери  қолбасшылығы  өз  алдына  бөлек  әңгіме.  Генералдарға 

сабақ  берген  ұстаздығы  да  –  бір  төбе.  «Бауыржан  Момышұлының 

соғыс  тактикасы»  деген  оқу  пәні  Израиль  еліндегі  әскери  оқу 

орындарында  оқытылады  және  студенттер  ол  пәннен  емтихан 

тапсырады.  Кубаның  әскери  мектептерінде  де  Баукеңнің  соғыстағы 

әдіс-тәсілдері  бойынша  дәріс  беріледі.  Осыны  ескерсек,  Баукеңді 

әскери ғылымның нағыз білгірі деуге болады. 

– Кітабы әлемге тараған жазушы. (Кубадағы қолтаңба қоюы) 

– Көпшілікке белгісіздеу өнері суретшілігі (анасының өзі салған суреті) 



 

31 


– Бильярд  ойынының  шебері.  Сегіз  шарды  тоқтатпай  торға 

тоғытқан  сәттерін  ескерсек,  бүгінгі  ең  мықты  бильярдшылармен 

бәйгеге түсетіндей қабілет иесі. 

– Сөзге шешен және тапқыр. 

– Ою-өрнек  сызудың  шебері  (ертедегі  қазақ  халқының  ұлттық 

киімдерін ру, аймақ т.б. бойынша айыра білген) 

– Карта сызуға машықтанған, бертінге дейін сызып жинақтаған. 

– Музыканы, классикалық өнерді жақсы түсінген, сүйіп тыңдайтын 

халық әндері болған. (Жұрт алдында ән айтпаса да, кейде ән салатын) 

Бақытжан  Момышұлының  «Восхождение  к  отцу»  кітабындағы 

Баукеңнің парыз туралы айтқан ойлары терең тамырлы дәлелдерімен 

назар  аудартады.  Келіні  Зейнеп  Ахметқызына  «Мені  аударам  деп 

қаратер  болмай-ақ  қой»  –  дейтін  аталы  сөзін  қаперге  ала  отырып, 

орысша мәтінін қаз-қалпынша ұсынады. 

«Патриотизм  –  дейді  Б. Момышұлы,  Отанға,  мемлекетке  деген 

сүйіспеншілік,  жеке  адамның  аман-саулығы,  қоғамдық,  мемлекеттік 

қауіпсіздікке  тікелей  байланыстылығын  сезіну,  мемлекетті  нығайту 

дегеніміз жеке адамды күшейту екенін мойындау, қысқасын айтқанда, 

патриотизм дегеніміз мемлекеттік деген ұғымды, оның жеке адам мен 

барлық жағынан өткенімен, бүгінгі күнімен және болашағымен қарым-

қатынасын білдіреді». 

«Отанды  сүю  отбасынан  басталады,  отансүйгіштік  қасиетті 

қалыптастыруда  отбасы  тәрбиесінің  маңызы  зор»,  «Еліңді  сүйсең, 

ерлік істейсің», «Ер жігіт ел үшін туады, ел үшін өледі» тәрізді мақал-

мәтелдерінен  Б. Момышұлының  патриоттық  тәрбиеге  жоғары  талап 

қойғанын байқауға болады. 

Халық  қаһарманы  Б. Момышұлының  «Жігітті  жауынгерлік 

қасиеттерге  даярлап  тәрбиелейтін  қазақтың  игі  дәстүрлері»  атты 

мақаласында халық басынан өткен жауынгерлік жолдары мен ұлттық 

дәстүрлердің маңызы зор екеніне тоқтала келе, өз жоспарын ұсынады. 

Отансүйгіштік қасиетті қалыптастыруға әсер ететін факторлар: 

Ұлттық сезім: өзінің ұлттық өкілдігін мойындай отырып, ұлтына 

деген  сүйіспеншілік,  жанашырлық,  халық  даналығын  бағалай, 

құрметтей білу парыз. 

Жоғары сезім: парыз, адамгершілік, ержүректілік, ерлік, батырлық, 

қаһармандылық, т.б. 

Төменгі  сезімдер:  опасыздық,  ұждамсыздық,  қорқыныш,  үрей, 

жігерсіздік, намыссыздық, т.б. 

«Жас  ұрпақты  халқымыздың  қанды  еңбектерімен  тәрбиелесек, 

ешкімнің  алдында  ұялмаймыз,  мерейіміз  үстем  болады»,  -  деп 

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстан халқына Жолдауына» орта 


 

32 


мектептерде  өтетін  алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  мақсаты  мен 

мұраты жайында анық та, ашық айтылған. Осы мақсаттарды патриотизм 

мен  интернационализмге,  демократиялық  қоғам  ісіне  шексіз 

берілгендікпен Отанға, Қарулы Күштерге деген сүйіспеншілік, әскери 

борышты  мүлтіксіз  орындауға  әзірлік  рухында  тәрбиелеуге 

бағытталған. 

Жастарға  ұлттық-патриоттық  тәрбие  берудің  бір  мақсаты  – 

жастардың  бойындағы  игілікті  құлшыныстар  мен  сезімді  ояту, 

жандандыру,  адамның  ар-ожданына,  абыройына,  ерік-жігеріне, 

парасатына  ықпал  ету,  адам  бойындағы  басты  сезім  –  парыз  сезімін 

ұштап тәрбиелеу. 

Парыз  дегеніміз  –  өзінің  мағыналық  аясына  ақыл-ой,  әділдік, 

шындық,  сүйіспеншілік  сияқты  қасиеттерді  қамтып,  оларды  адам 

өміріндегі  қайшы  құбылыстарды  қарама-қарсы  қоятын  жоғары 

философиялық интеллектуалды ұғым.  

Елбасымыз Н.Ә. Назарбаевтың: «Отанын Бауыржан Момышұлындай 

сүюді  өнеге  етіп  қалдырған  басқа  қаламгер  жоқ»,  –  деп  баға  беруі, 

майдангер-жазушының  шығармаларын  ұлттық  идеологияның  бастауы, 

қайнар көзі ретінде қарастыруға негіз бола алады. 

Б. Момышұлы шығармаларының басты тақырыбы – ұлттық рух 

пен  патриотизм.  Елін,  жерін,  халқының  өткен  тарихы  мен  ұлттық 

әдеп-ғұрпын,  салт-санасын  ардақтап,  отбасы  тәрбиесі  мен  адами 

құндылықтарға,  әскери  істі  зерттеп  саралауға  қаламгер  ерекше  мән 

берген.  Батыр  Бауыржан  Момышұлы  халқының  ұлттық  санасының 

оянуын, қазақ халқының жеке тәуелсіз мемлекет болуын аңсап өткен 

бірегей  жазушы.  Батыр  аңсаған  тәуелсіздігіміздің  20  жылдығына 

қадам  бассақ  та,  оның  ұрпаққа  ұран  болар  еңбектерінің  мәні  күн 

тәртібінен түскен емес. 

«Ешкім іштей батыр болып тумайды. Батырлық та мінез секілді 

өскен  орта,  көрген  тәрбиеге  байланысты  қалыптасады»,  –  деп 

Б. Момышұлы  айтқандай,  жас  ұрпаққа  патриоттық  тәрбие  беруде 

мектептегі алғашқы әскери дайындық пәнінің орны ерекше. “Ұлттық 

мақтаныш  сезімі  дегеніміз  белгілі  бір  немесе  басқа  ұлт  адамының 

көптеген  жеке  мақтаныш  сезімінің  жиынтығы  болып  табылады, 

ұлттық  мақтаныш  сезімі  әрбір  ұлт  адамы  үшін  бұзылмас  заң”  –  деп, 

ұлттық  патриотизмнің  негізгі  қасиетін  атап  көрсетеді.  Бауыржан 

Момышұлы  ұлтжандылық  пен  ұлтшылдықтың  да  ара  жігін  ашып 

көрсетеді:  “Екі  түрлі  ұғым  бар:  ұлттық  рух  –  бұл  асыл  қасиет, 

ұлтшылдық – бұл ұлт ішіндегі жеке адам бойындағы көркеуделік. Бұл 

мәселені  дұрыс  түсіне  білу  керек”  –  деген  сөздерінің  жоғары  сынып 

оқушыларына патриоттық тәрбие беруде мәні зор.  


 

33 


Бауыржан  Момышұлы  офицер  ретінде  қазақ  халқының 

жауынгерлік  қасиетке  тәрбиелейтін  дәстүрлерін  жоғары  бағалады. 

Б. Момышұлы  1941  жылы  Мәскеу  түбінде  27  рет  сәтті  шайқас 

жүргізді.  Батыр  207  рет  ұрысқа  қатысып,  5  рет  өлімнің  құрсауында 

қалады,  2  рет  ауыр  жараланады.  Баукең  Ұлы  Отан  соғысында  11  ай 

қызыл әскер, 14 ай взвод командирі, 9 ай атқыштар полкі штабының 

орынбасары, 6 ай республикалық әскери комиссияның аға нұсқаушысы, 

5 ай батальон орынбасары, 8 ай атқыштар полкінің командирі, 5 жыл 

әскери  академияда  әскери  профессор  болды.  1955  жылы  қаруын 

қаламға айырбастап, азаматтық өмірге ауысқанда әдеби шығармаларымен 

өзбиігіне көтерілді. 

Б. Момышұлы  жауынгер  болу  үшін  әскерге  дейін  жақсы 

азаматты тәрбиелеп, өсіруіміз қажет деген терең мәселе көтерді. Қазақ 

халқында  «Ұяда  не  көрсе,  ұшқанда  соны  ілер»,  «Жаным  арымның 

садағасы»  деген  мақалдардың  мазмұнына  ерекше  көңіл  бөліп, 

мынадай  қорытынды  жасады:  «Тәрбие  адам  санасына  ананың  ақ 

сүтімен беріледі, үлкенді сыйлау, абырой мен парыз сезімі, қоғамдық 

тәртіпті  мүлтіксіз  сақтауы,  адамның  заңға  бағынуын  бәрінен  жоғары 

қою,  Отанға,  өз  халқына,  отбасына,  адамға,  өмірге  деген  сүйіспеншілік 

тұрғысында адамгершілікке тәрбиелейді. Игілікті тәрбие көрген адам 

–  адалдық,  тәртіптілік  сияқты  жауынгерлік  қасиеттердің  негізін 

меңгеріп алады».  

Бауыржан Момышұлының «Соғыс психологиясы» атты еңбегінің 

негізінде  тәрбиелі  адам,  жақсы  жауынгер  болу  үшін  әскерге  дейін 

жақсы азамат тәрбиелеу керектігі айтылған, оған батыр қолбасшының 

өмір  жолы  үлкен  өнеге  болары  анық,  Гвардия  полковнигі 

Б. Момышұлының әскери-теориялық  тұжырымдары  – Куба, Венгрия, 

Словакия,  Израиль сияқты  мемлекеттерде  әскери  тактикалық оқулық 

ретінде жас жауынгерлермен жұмыс жүргізу барысында пайдаланылады. 

Б. Момышұлы  соғыста  дивизия  басқара  жүріп,  жауынгерлердің 

әрбірінің  тағдырына  әскесі  сынды  алаңдады.  «Жеңіске  тек  рухтың 

күшімен  жетуге  болады»,  –  дейді  Б. Момышұлы.  Тек  рухы  күшті 

жандар ғана өз Отанын қандай жаудан болса да батыл қорғай алады. 

Ұлы  Отан  соғысының  Батыры,  Халық  қаһарманы  Б. Момышұлының 

бейнесі мен оның жазған еңбектерінің маңызы жас ұрпақтарға үлгі-өнеге. 

Бауыржан  Момышұлы  –  ержүрек  жауынгер,  атақты  қолбасшы, 

әскери  жазушы.  Ең  бастысы  –  әр  қылығымен,  әр  көзқарасымен,  бар 

болмысымен  қазақтың  намыстан  жаралған  халық  екенін  мойындата 

алған тұлға. Бауыржан Момышұлының отызға енді ілінген шағынан-

ақ  есімі  аңызға  айналды,  даңқы  әлемді  шарлады.  Ұлтжандылықтан 

жаралған батырлық бейнесі тарих белдерін аралап, жыл өткен сайын 


 

34 


“тот  баспас  саф  алтындай  жарқыраған”  ерлік  жолын  жалғастыра 

отырып,  әдебиетіміз  бен  мәдениетіміздің  қаһарманына  айналды.  Өзі 

үшін емес, халқы үшін, сол елінің аты үшін бейбіт өмірде де күрестен, 

ерлік  пен  табандылықтан  қайтпаған  Бауыржан  Момышұлының  өрлік 

бейнесін Қасым ақын былай жырлайды: 

Нақ сол кезде естідім ер дүбірін, 

Атағы атын алып келді бұрын,  

Үстінде туған елдің тұрды толқын 

“Бауыржан Момышұлы” – деген бір үн. 

Б. Момышұлының қол бастаған батырлығы мен интеллектуалды 

ой-сананың  да  айтулы  еріне  айналған  даңқы  бүкіл  Одақ  халқы  мен 

күллі  әлем  жұртшылығына  тұтас  жайылуымен  дараланады.  Сондықтан-

да, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты сақтау, оны үзбей атадан балаға, 

ұрпақтан-ұрпаққа  мұра  етіп  жалғастыру  –  педагогика  ғылымында 

тәрбиенің өзекті мәселелерінің бірі.  

Бауыржан  Момышұлының  патриот  азамат  ретінде  қалыптасуы, 

қоғамдық-саяси  істерге  араласуы  Ахмет  Байтұрсынов,  Міржақып 

Дулатов,  Мағжан  Жұмабаев,  Тұрар  Рысқұлов  сынды  ұлт  зиялыларынан 

бастау алып, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Қаныш Сәтбаев секілді 

асыл  азаматтардың  қасында  өтті.  Демек,  оның  азаматтық  тұлғасы 

өзіндік  сананы  ұлттық  санаға  ұластырудағы  биік  парасат  өлшемімен 

көрінеді.  Б. Момышұлы  қайсыбір  саяси,  мәдени,  әдеби  жиындарда 

болсын, еркін сөйлеп өз ойын ашық айтып отырған. Мысалы, Нұртас 

Дәндібайұлы Оңдасыновқа жолдаған хатында (1943 ж.) халық тәлімін 

негізге  алып,  жігітті  батырлық,  жауынгерлік,  қаһармандық  сияқты 

қасиеттерге  тәрбиелейтін  ой-тұжырымдарын  баяндайды.  Халық 

тәлімінің  жүйе-желісін  ұстанған  жазушы  игі  дәстүріміздің  өмірде 

қайта жаңғыруына ат салысқан. 

Бауыржан  Момышұлының  хаттарының  қаһарлы  күндердің 

шежіресіндей болашақ үшін маңызы зор. Б. Момышұлының Ұлы Отан 

соғысы  жылдарында  халқымыздың  ақиық  жазушысы  М. Әуезовке, 

Қазақстан  КП(б)  Орталық  комитетінің  насихат  және  үгіт  бөлімінің 

меңгерушісі М. Әбдіхалықовқа, бүкіл әлемге әйгілі “Арпалыс” романының 

авторы  А. Бекке,  Қазақ  ССР-ы  Халық  комиссарлары  Советінің 

председателі  Н. Оңдасыновқа,  Қазақ  ССР  Ғылым  академиясының 

президенті  Қ. Сәтпаевқа  және  басқа  да  белгілі  адамдарға  жазған 

хаттары,  біздің  ойымызша,  мән-мағынасын  жоймайтын,  биік 

патриотизмге толы, болашақ ұрпаққа сабақ болар құнды шығармалар. 

Жауынгер  жазушының  шығармалары  арқылы  отбасы  тәрбиесі 

ондағы  ұстаз  бен  ата-ана,  мораль,  этика  турасында  тұщымды  сөз 

қозғағанына  көз  жеткіздік.  Оның  қаламынан  туған  төл  еңбектерінің 

тәрбиелік жақтары ашылып, патриоттық мәні айқындалды.   



 

35 


Біздің зерттеу нысанымыз болып отырған Бауыржан Момышұлы 

шығармаларында  ұлттық  рухтың  жоғары  болуына  айрықша  назар 

аударды.  Осыған  орай,  бірнеше  еңбектерін  жарыққа  шығарды. 

Мәселен, "Қанмен жазылған кітап", "Ұшқан ұя", "Жонарқа", "Төлеген 

Тоқтаров"," Бір түннің оқиғасы", "Генерал Панфилов", "Москва үшін 

шайқас", "Олар менің есімде", "Ел басына күн туса" атты туындылары 

дүниеге келді. 

Жоғары  сынып  оқушыларына  патриоттық  тәрбие  беруде 



Бауыржан  Момышұлының  шығармаларының  мүмкіндіктері  кең. 

Өйткені  ол  біріншіден,  жас  ұрпақты  тәрбиелеуде  адамгершілікке 

баулудың  басты  құралы,  рухани  дүниесі  байиды,  ниет-танымы, 

өмірлік  көзқарасы  қалыптасады;    екіншіден,  ұлттық  тәлім-тәрбие, 

отбасы  тәрбиесі  мен  салт-дәстүр,  әдеп-ғұрыптарға  бай  тарихи  мұра, 

үшіншіден,  Ұлы  Отан  соғысында  жанқиярлықпен  соғысқан  ұлдарымыз 

бен  қыздарымыздың  бейнесін  және  ерен  ерліктерін  ұмыттырмауға 

мүмкіндік беретін танымдық мұра. 

Ер есімін ел есінде мәңгілікке қалдыру мақсатында 1990 жылы 

ел  президенті  Н.Ә. Назарбаевтың  ұсынысы  бойынша  Бауыржан 

Момышұлына  Кеңестер  Одағының  Батыры  атағы  берілді.  Осы  атақ 

берілген  кездегі  өз  сөзінде  Н.Ә. Назарбаев  «Бауыржан  жұлдызды 

болған күн – қазақтың жұлдызы жанған күн», - деп толғана айтқан еді. 

Жоғары сынып оқушыларына патриоттық тәрбие берудің басты 

мақсаттарының бірі: 

– Қазақтың  қаһарман  қолбасшысы  Бауыржан  Момышұлының 

өнегелі өмірін жас ұрпаққа насихаттау, оларды отансүйгіштікке баулу. 

Қарулы Күштер қатарына жан-жақты жетілген жастарды тәрбиелеу; 

– халқымыздың  атадан  балаға  жалғасқан  ерлік  дәстүрінің  мән-

мағынасын түсіндіру; 

– Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан  батырдың  ерен  ерліктерін 

ұрпақтан-ұрпаққа жалғастыру; 

– оқушылардың патриоттық сезімін ояту

– отанын сүюге, елінің қорғаны болуға тәрбиелеу; 

– батыр ағаның ерліктері мен еңбектері арқылы өткен тарихымызға 

қызығушылығын арттыру; 

– тарихи  тұлғаларды  құрметтеуге  тәрбиелеу,  жоғары  сынып 

оқушыларын отансүйгіштікке, ұлтжандылыққа баулу

– тарихи көркем шығармалар арқылы ой-өрістерін кеңейту. 

Осылайша,  әскери пәндерді оқыту  арқылы  жас  ұрпаққа  ұлттық 

тәрбие беретін, егемен еліміздің ұлттық сана-сезімі мен намысы оянған, 

рухани  ойлау  дәрежесі  биік,  мәдениетті,  еңбекқор,  бойында  білімге 

негізделген ізгілікті қасиеттері қалыптасқан, «Сегіз қырлы, бір сырлы 

қазақ азаматын» тәрбиелеуге болатынына біздің көзіміз жетіп отыр. 


 

36 


Сонымен  қатар  сол  қиян-кескі  арпалыс  тұсында  Бауыржанның 

өзі де сол дәуірге дөп келетін нақыл сөздерді дүниге келтірді. Соғыс 

психологиясын  зерттеп,  қолданыстағы  әскери  терминдерге  талдау 

жасап,  өз  пікірі  бойынша  анықтамалар  жазды.  Соларды  осы  оқу 

құралында көрсетуді дұрыс деп білдік.  

Армия  –  мемлекетті  сыртқы  және  ішкі  жаулардан  қорғауға 

арналған  ұйымдасқан,  тәртіпті  мемлекеттің  Қарулы  Күші,  армия 

адамның  рухани  күші  мен  қажыр-қайраты  қалыпты  әрі  жоспарлы 

жұмыс жүргізу үшін, қатаң тәртіпке бағынады. 

Адамның  ақыл-ойы,  сезімі,  еркі  армияда  әскери  істі  үйреніп 

білудегі арнаулы (әскери) бағыттарда және арнаулы әскери міндеттерді 

атқаруда дамып жетіледі, ұштала түседі, көрініс табады. Ұйымдасқан 

күш  ретінде  армиядағы  адамдардың  қимыл-әрекеті,  күштің 

бағытталуы  және  мақсатқа  ұмтылушылығы  әскери  парызды  терең 

түсінуге негізделеді де, бағынуға командованияға сүйенеді. 

Армия қарамағындағы адамдардың бастықтарға тәуелді болуын 

табиғи түрде міндеттей отырып, барлық жеке ерікті жалпы ерік-жігер 

күшке  біріктіреді.  Қарамағындағылардың  ерік-жігерін  аға  бастық 

біріктіреді.  Армияда  командир  арқылы  көрініс  табатын  жалпы  ерік-

жігер бар. Демек, армия дегеніміз – ең саналы әрі парасатты адамдар 

тобы  екен.  Әскерге  жоғары,  асқақ  сезім,  жалпы  табанды  ерік-жігер, 

тамаша ұйымшылдық, жоғары мінез-құлық тән. 

Ерік  -  өз  бетінше  дұрыс  та,  парасатты  шешім  жасауға  әрі  оны 

жүзеге  асыруға  қабілеттілік,  яғни  ақыл-ойдың  сезіммен  үйлесімді 

жұмысы,  сезімнің  ақыл-ойға  бағынуы.  Мықты  ерлік  –  қорқынышты 

ұрыстың  ауыр  жан  ауыртпалығын  басады,  сейілтеді,  аштық  пен 

суықты  және  басқа  да  қиыншылық  ауыртпалық  пен  азапты  жеңеді, 

солдаттардың еркін  өзіне бағындырып,  өзін де өзгелерді де  мақсатқа 

жету  жолындағы  қауіп-қатерге  жұмсайды.  Қысқасын  айтқанда,  ерік 

дегеніміз  –  адамды  қозғаушы  күш,  мақсатқа  жету  жолындағы 

кедергілерді жеңуші құрал. 

Назар  –  ерік-жігердің  алаңдаушылық  күйі.  Өзінің  барлық 

болмысымен  құбылысты  тану,  қабылдау  және  міндеттерді  айқындау 

мақсатымен мида қорытуға көңіл аудару. 

Ынтасыздық  -  әр  түрлі  себептермен  ерік-жігердің  босаңсуы, 

жинақсыздығы, тұрақсыздығы. 



Салақтық  –  істі  аяғына  жеткізуге  дейін  еріктің  әлсіреуі, 

нашарлауы, божырауы. 



Күш-қайрат  –  қажыр-қайраттың,  ерік-жігердің  тас  түйіндей 

түйілуі, алға қойған міндеттерді орындап шығу үшін ақыл-ой, жүйке, 

бұлшық ет күшін жұмылдыру. 

Табандылық  –  барлық  күш-қуаттың  арту,  ширығу  күйі,  сәтсіз-

діктің тақсіретін басу, белгіленген мақсатқа қалайда жетуге ұмтылу. 



 

37 


Өзін-өзі  ұстай  білу  –  ақыл-ойды,  ерік-жігерді,  құлшынысты, 

сезімді  өз  еркіне  бағындыруға,  адамның  бұл  қасиеттерін  ұрыс 

жағдайына байланысты тең пайдалана білуге, сабырлы әрі парасатты 

шешім қабылдауға қабілеттілік. 



Инициативав,  бастаманы  қолға  алу  -  әркімнің  өз  қалауына, 

еркіне қарай, жауапкершілікті өз мойнына алып, әрекет ету қабілеті. 



Батылдық  –  қатаң  түрде  атқаратын  қызметіне,  әскери  атақ, 

шеніне,  міндеттерді  орындау  мақсаттарына  сәйкес  ұрыс  даласында 

өзін алып жүру қабілеті. 

Әдетте,  батылдық  дегенде  жүйке  жүйесі  қызметінің  ерекше 

күшейе  түсуін,  қажыр-қайрат  пен  рухани  күштің  қанаттануын 

ұғынамыз, мақсатқа жету үшін айталық жеке басты өлімге тігіп жету 

барлық уақытта барлық жерде дұрыс емес. 

Мұндай  қимылдар көбінесе шешімділік  ұғымына саяды. Ақыл-

ой,  ерік-жігер,  күш-қуат,  өзін-өзі  ұстай  білушілік,  шешімталдық  бұл 

қасиеттердің жиынтығы «ерлік» деген ұғымды береді. 



Қорқақтық – ерік-жігердің және өзін-өзі ұстай білудің жоқтығы, 

соның  салдарынан  әскери  парызды,  жеке  басының  абыройын  тәрк 

етеді. Өзін-өзі сақтау инстинктінің жағымсыз жағының көрінісі. 

Шешімсіздік  –  асып-сасуға,  абыржу  мен  әрекетсіздік  күйге 

дейін  жеткізетін  ерік-күштің  толқуы.  Устав  ешқандай  әрекетсіз 

отырғаннан  әйтеуір  бір  шешім  қабылдауды  міндеттейді.  Кінә  жауды 

жоюға 


ұмтылып, 

мақсатына 

жете 

алмаған 


адамға 

емес, 


жауапкершіліктен  қорқып,  тайсақтап,  іс-әрекетсіз  қарай  отырып, 

қалған қажетті сәтте жеңіске жету үшін барлық күш-қуат пен қаруды 

қолдана алмаған жанға артылады.  

Мінез  –  жеке  адамның  өзіндік  ерекшелігі  және  оның  өзіне 

ұқсағандардан айырмашылығы, қабілеттілігі – оның қызметінің көрінісі. 



Мінізсіздік – ойлаудың айқын еместігі. 

Сондай-ақ  АӘД  пәнінің  оқытушы-ұйымдастырушыларына  батыр 

еңбектері мен шығармашылықтарын, қанатты сөздерін сабақта ұдайы 

пайдалану үшін әдейі беріп отырмыз: 

 

Отан үшін отқа түс – күймейсің. 



Тірескеннің тізесін бүктірген – ер. 

Жағаласқанның  жанын  жаһаннамға 

тапсырған – ер. 

Ерлік елеусіз қалмасын. 

Тізе бүгіп, тірі жүргеннен, 

Тіке тұрып өлген артық. 

Ана үшін аянба – ант ұрады, 

Бала үшін аянба – бетің күйеді. 

Атақ – ерге сауға, олжа – елге сауға. 

Ел үшін аянба – ерлігіңе сын. 

Жұрт үшін аянба – жігіттігіңе сын 

Тәртіпке бас иген – құл болмайды,  

Тәртіпсіздік – ер болмайды. 

Тәртіп – тән үшін, ынтымақ – жан үшін 

керек. 

Ерлік – елдің қасиеті 



Жүректілік – жігіттің қасиеті. 

 

38 


Сонымен қатар Бауыржан Момышұлының шығармаларындағы 

жоғары  сынып  оқушыларын  патриоттыққа  тәрбиелеудің  моделін 

ұсынамыз:  

 

№ 

Компонент 

Өлшемдер 

Көрсеткіштер 

1 

Мотивациялық  

Б.Момышұлы 

шығармаларындағы 

патриоттық 

тағылымдары 

арқылы 


отансүйгіштік іс-

әрекеттерге 

қызығуы 

 

-



 

Б.Момышұлы 

шығармаларындағы 

патриоттық  тағылымдарын  үйренуге 

талпынысы, 

-

 



Б.Момышұлы 

шығармаларындағы 

патриоттық 

тағылымдар 

арқылы 

отансүйгіштік 



іс-әрекеттерді 

қажетсінуі; 

-

 

Б.Момышұлы 



шығармаларындағы 

патриоттық 

тағылымдар 

арқылы 


отансүйгіштік 

іс-әрекеттердің 

әлеуметтік мәнін түсінуі; 

-

 



Б.Момышұлы 

шығармаларындағы 

патриоттыққа  баулитын  бейнелерге 

қызығушылығы және аялы көзқарасы; 

-Б.Момышұлы 

шығармаларындағы 

патриоттық 

тағылымдарды 

елжандылық сезіммен қабылдауы. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал