А. Ш. Жангазин жалпы білім беру мектебінде



жүктеу 0.58 Mb.

бет3/6
Дата11.01.2017
өлшемі0.58 Mb.
1   2   3   4   5   6

Жоспарда  қарастырылуға  тиісті  тақырыптар  және  оның 

мазмұнын ұсынып отырмыз: 

 

№ 

Айы  

Атауы  

Мазмұны  

1. 


Қыркүйек 

Білім күні 

Ол күні міндетті түрде барлық жерде мерекелік 

іс шаралар ұйымдастырылады. Әскери мұғалім 

осы  білім  күнінен  бастап  барлық  әскери 

патриоттық  тәрбие  беретін  шараларды  өз 

мойнына  алу  керек.  Білім  күні  барлық  баланы 

білімге,  ғылымға  шақырады.  Осы  айда  немесе 

осы  айдың  аяғына  дейін  бастапқы  әскери 

дайындық  пәнін  енді  бастаған  оқушылардың 

әскери ант (оқушының анты) қабылдау рәсімін 

орындау қажет. 

Қазан 


Әскери  спорттық 

жарыс,  


саптық байқаулар 

Президенттік  тест  бойынша  тексеру  және 

сайыстар ұйымдастыру.  Мектеп аралық әскери 

жарыстарға қатыстыру. Қазан айы деп отырған 

себебіміз,  әлі  де  күн  салқындамаған  кезді 

пайдаланып, іс шараларды далада ұйымдастыру 

керек. 



Қараша 



Әскери 

комиссариат 

Қорғаныс 

департаментімен 

(әскери 

комиссариат) 

байланысып, 

оқушылардың 

құжаттарын  жинастыру  және  жинастыра 

отырып, оларды қорғаныс департаментіне алып 

барып 

сол 


уақыттағы 

әскерге 


шақырушылардың 

әскери 


дәрігерлік 

тексерістен  өтуін  көрсету  (егер  көрсетуге 

рұқсат  берсе).  Қорғаныс  департаментінің 

жұмыстарымен және олардың жұмыс жасайтын 

әскери 

заңдарымен 



таныстыру. 

Сабақ 


барысында 

әскер 


туралы 

кинофильмдер 

көрсету.  Қарулы  Күштердің  түрлері  туралы 

түсініктер беру. 

Желтоқсан 



Әскери оқу 

орындары және 

әскери кафедралар 

туралы 


мағлұматтар беру 

Әскери 


мамандықтарды 

түсіндіру, 

әр 

мамандыққа өзінше қызықтыру. Барлық әскери 



мамандықтың 

ерекшелігіне 

бөлек-бөлек 

тоқталып  өту.  Қай  қалаларда  әскери  оқу 

орындары  бар  екенін  айту.  Қандай  азаматтық 

оқу  орындарында  әскери  кафедра  бар  екенін, 

қандай  мамандық  дайындайтынынан  ақпарат 

беру.  Әскери  оқу  орындарында  қандай 

құжаттар  керектігін  жеткізу  және  соны 

дайындауға  көмек  көрсету.  Жастардың  әскери 

мамандыққа 

икемдігін 

анықтап, 

сол 


мамандыққа бағыттау. Әскери оқу орындары да 

мектеп  оқушыларына келіп,  әскери  мамандары 

қызықтыруы  тиіс.  Осы  желтоқсан  айында 

желтоқсан  оқиғасына  сәйкес  іс-шара  өткізу. 

Әскерден 

жақында 


келген 

жауынгермен 

кездесу ұйымдастыру. 


 

23 


Қаңтар 


Тарихымыздағы 

әскери 


батырлардың 

өмірімен, 

ерлігімен 

таныстыру 

Аға  ұрпақтың  лайықты  мұрагері  болу  үшін 

жастарға  халқымыздың  Отан  мүддесі  жолында 

ерлік,  батырлық  істерінің  ұлылығын  жете 

түсіндіру  әскери  мұғалімнің  міндеті.  Тарихи 

әскери  тақырыпта  кинолар  көрсету.  Әскер 

батырларының  суреттерін  көрсету,  тәрбие 

сағаттарын  өткізу.  Тарихымыздағы  осыған 

дейінгі  пайдаланған  қарулардың  суреттерін 

көрсету. 

Әскери 


тақырыпта 

рефераттар 

жаздыру. 

Ақпан 



Қазіргі 

кездегі 


әскер 

батырларымен, 

әскери 

генералдармен, 



олардың 

өмірбаянымен 

таныстыру 

Ауған  соғысы  туралы  мағлұмат  беру,  деректі 

фильмдер  көрсету.  Ауған  соғысына  қатысқан 

азаматтармен  кездесулер  ұйымдастыру.  Ауған 

соғысында 

қайтыс 


болған 

әскери 


қызметшілерді еске алу. Ауған жерінен әскерді 

шығарған күнге байланысты әскери патриоттық 

тәрбиелік  маңыздылығы  зор  іс-шара  өткізу. 

Ауған  соғысында  Қазақстаннан  аттанған 

әскерді  басқарған  қазіргі  генерал  Ертаев 

Бақытжан  ағамыз  туралы  әңгіме  қозғау.  Ауған 

соғысы туралы «Мен көрген соғыс» атты кітап 

шығарған ауған соғысының батыры «Қазақстан 

ардагерлері» 

қауымдастығы 

төрағасының 

орынбасары  –  Бақытбек  Сағұл  туралы  айту. 

Қазіргі  кездегі  Қазақстан  Республикасындағы 

Ауған соғысына қатысқан  азаматтардың  тұрмыс 

жағдайлары  және  оларға  өкіметтен  көрсетіліп 

жатқан көмектер туралы айту. 

Наурыз 


Қарулы Күштер 

қатарында 

қызметін өткеріп 

жатқан әйел 

әскери 

қызметшілер 



туралы әңгіме 

қозғау, кездесу 

өткізу 

Осыған  дейінгі  тарихымыздағы  Әлия  мен 



Мәншүкті  еске  алу.  Жастарға  олардың  өмірін, 

ерліктерін айтып жеткізу. Әскерде әйел әскери 

қызметшілердің ерекше қызметін атқаратынын, 

олардың міндеттерін түсіндіру. Қыз балалармен 

әскери жарыстар ұйымдастыру. 

Сәуір 



Кездесу 

ұйымдастыру 

Әскери  бөлімдерді  аралату,  запастағы  әскери 

қызметшілермен,  қорғаныс  департаментінің 

адамдарымен  (мүмкіншілік  болып  жатса, 

қорғаныс  департаментінің  бастығымен  немесе 

әскери 

бөлімнің 



бастығымен) 

кездесу 


ұйымдастыру.  Мектептегі  оқушылар  әскери 

адамдарды  киімде  және  олардың  қызықты  іс-

қимылдарын көргенде ғана Қарулы Күштерінің 

қатарына әскери борышын өтеуге ұмтылады. 

Мамыр 


Қарулы Күштер 

құрылған күніне 

және Жеңіс күніне 

мерекелік  

5  күндік  әскери  далалық  жиынын  өткізу. 

Оқушы сол 5 күндік лагерьлік жиын барысында 

өзін 

жауынгер 



есебінде 

сезінуге 

тиіс. 

Мектептегі  жастардың  болашақ  өмірінде  тек 



 

24 


іс-шара 

ұйымдастыру 

сол  5  күндік  лагерьлік  жиындар  ғана  есінде 

қалады.  Ол  жастардың  дене  бітімін,  ой 

қабілетін,  оның  әскерге  дайын  екендігін 

танытады. Жастардың әскери деңгейін анықтау, 

қорытындылау  5  күндік  лагерьлік  жиынды 

өткізген  уақытта  видеокамераға  түсіріп,  келер 

жылы  жастарға  көрсетіп  отыру  қажет. 

Жастарды  әскери  парадқа  қатыстыру  немесе 

жастармен  мектеп  алаңында  әскери  парад 

ұйымдастыру.  Үлкен  қалаларда  өтіп  жатқан 

әскери  парадтарды  теледидар  арқылы  көрсету. 

Әскери 


сайыстарда 

арнайы 


мақтау 

қағаздарымен  құттықтау.  Әр  айда  әскери 

патриоттық  тәрбиелік  іс-шараларын  өткізу 

барысында  әскери  бұрыштар  жасау.  Әскери 

жаңалықтар  туралы  жазып,  қабырға  газеттерін 

шығару. 


 

 

4. ПАТРИОТТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДЕ МЕМЛЕКЕТТІК 

РӘМІЗДЕРДІҢ МАҢЫЗЫ 

 

Еліміздің  ұлттық  білім  беру  жүйесінде  «Қазақстандық 

патриотизм»  ұғымы  қолданылып  келеді.  «Қазақстандық патриотизм» 

арқылы  Отан,  туған  жер,  ел,  атамекен,  мемлекет,  туған  өлке,  халқы 

туралы  түсініктер  оқу-тәрбие  үрдісінде,  сабақтан  тыс  іс-шараларда 

Отансүйгіштік  сезімді  дамыту,  ұлттық  салт-дәстүрді  сақтау, 

мемлекеттік  рәміздерді  құрметтеу,  ана  тілін  қадірлеу  сияқты 

сезімдерді оқушылар бойында қалыптастыру жүзеге асырылады. 

Қазақстандық  патриотизм  –  көп  ұлтты  Қазақстан  халқының 

өзін-өзі  тануының  күрделі  жолы.  Өзін-өзі  тану  –  өзіндік  өсу  мен 

өзіндік  даму  процесі  арқылы  жалпы  адамзаттық  құндылықтарды 

меңгеруге, бағалауға алып келеді. Ең бастысы – жас ұрпақтың бойында 

Отанға, туған еліне деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру. 

Мектеп  қабырғасынан  бастап  жастарға  патриоттық  тәрбие 

беруде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздеріне, Қазақстан 

Республикасы Қарулы Күштерінің жауынгерлік дәстүрлеріне құрметпен 

қарауды үйрету – ең басты болып табылады.  

Жауынгерлік  дәстүр  –  бұл  армия  мен  флотта  жауынгерлердің 

ұрыстағы  және  әскери  қызмет  атқару  кезіндегі  тарихи  тұрғыда 

қалыптасқан  және  ұрпақтан  ұрпаққа  беріліп  отыратын  қағидалары, 

салттары мен құқық нормалары. 

Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  жауынгерлік 

дәстүрлері  –  белгілі  бір  қоғамдық  құрылыстан  туындаған  дәстүрлер; 


 

25 


оларда  Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштерінің  міндет-

мақсаттарының  ерекшеліктері  бейнеленген.  Бұл  дәстүрлер  Қазақстан 

пролетариаттарының  революциялық  оқиғаларының  бастауында, 

қазақстандықтардың  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарындағы  қаһармандық 

ерліктерінде  қалыптасып,  Кеңес  Армиясының  өткендегі  ерлігінің 

барлық жақсы жақтарын дарытқан. 

Қазақстан  Республикасы  Қарулы  Күштері  жауынгерлерінің  ең 

маңызды  жауынгерлік  дәстүрлері:  өз  халқына  шексіз  берілгендік; 

агрессорларға өшпенділік; өз күшіне деген нық сенім; Отан  қорғауға 

әрдайым әзірлік; армия мен флотқа деген сүйіспеншілік, әскери антқа, 

әскер  бөлімінің  Жауынгерлік  Туына  және  әскери  парызға  адалдық; 

ұрыстағы  жаппай  ерлік;  берік  әскери  жолдастық,  командирді  сыйлау 

және ұрыста оны қорғау; саяси білімді кемелдендіруге үнемі ұмтылыс; 

жоғары қырағылық пен жауынгерлік дайындық үшін тынымсыз күрес; 

ұжымшылдық  пен  интернационализм,  ТМД  жауынгерлерімен 

жауынгерлік  достастық  сезімі,  егемен  демократиялық  мемлекетті 

қорғауға  әзір  болу  екенін  әр  сабақта  оқушылардың  есіне  салу  –

болашақ  патиротты  тәрбиеледе  үлкен  үлес  қосатыны  сөзсіз  анық. 

Сондай-ақ  біздің  Қарулы  Күштеріміздің  ерлік  тарихи  Ұлы  Отан 

соғысы жылдарында Қазақстаннан 1 миллион 200 мың адам майданға 

аттанып, 600 мыңнан астам адам қайта оралмады. Олар ең аяулысы  - 

өмірін біздің болашағымыз үшін, Отан үшін құрбан етті. Қазақсатандық 

жауынгерлердің – Брест қамалын, Мәскеуді, Ленинградты, Сталинградты, 

Новороссийскіні  және  Ұлы  Отан  соғысының  алғашқы  күндері  мен 

айларында  неміс-фашист  басқыншылардың  жойқын  соққыларына 

ұшыраған  басқа  да  көптеген  қалаларды  қорғаушылардың  мәңгі 

жасайтын ерліктері жас ұрпаққа патриоттық тәрбие беруде орасан зор 

роль атқарады. 

Біздің  жастарымыз  өз  ата-бабаларының  жолымен  Отанын 

қорғауға  дайын  болып,  Отанға  адалдық  рухында  тәрбиеленуге  тиіс. 

Осындай тәрбие берудің тағы бір жолы – Қазақстан Республикасының 

Мемлекеттік  рәміздеріне  деген  құрмет.  Қазақстан  Республикасы 

Президентінің 1996 жылғы 24 қаңтарындағы конституциялық заң күші 

бар  Жарлығымен  мемлекеттік  рәміздер  –  Елтаңбаның,  Жалаудың, 



Әнұранның сипаттамалары мен оларды ресми пайдаланудың рет-жөні 

бекітілді. 

Ең  алдымен  патриоттық  тәрбие  Қазақстан  Республикасының 

мемлекеттік  нышандарын  саяси  және  рухани  жағынан  пайымдаудан 

басталады.  Бұл  ұлт  нышандары  –  ар-намысын,  борышын,  парызын 

құрметтеуге  үйретеді.  Мемлекеттік  нышандардың  көмегімен  азамат-

тардың  еліне  деген  мақтаныш  пен  патриоттық  сезімі  табандылықпен 

тәрбиелене  түседі.  Оқушыға  мемлекеттік  белгілердің  аса  маңызды 



 

26 


екенін, оны ерекше құрметпен мақтан тұту керектігін түсіндіре отырып, 

ой-өрісін  кеңейту  және  сана-сезімдерін,  Отанды  сүю,  халқымыздың 

игі дәстүрлерін құрметтеу рухында тәрбиелеуіміз керек. 

Сол  жағында  (сабына  таман)  алтын  түстес  ұлттық  ою-өрнегі, 

ортада алтын түстес күн мен қалықтаған қыран бейнеленген Қазақстан 

Республикасының көк түстес жалауы бостандықтың, республиканың 

тәуелсіздігі мен егемендігінің рәмізі деп қабылданады. 

Суреттерімен  бірге,  жалаудың  түсі  де  мемлекеттік  жалаудың 

басты  элементі  болып  табылады.  Ұлттық  түс  пен  тән  нышан  деген 

ұғымдар бар. Түс әрбір халықтың жан-дүниесіне, табиғаты мен дүние 

туралы  түсінігіне  жақын  болуға  тиіс.  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік жалауының түсі көк. 

Бұл түсті адамзат атамзаманнан қанық, жағымды, айқын түстердің 

бірі  деп  пайдаланып  келеді.  Бұл  түс  табиғатта  көп,  шұғыланың  жеті 

түсінің  біреуі,  сенімділік  пен  байыптылықты  аңғартады.  Аспан  мен 

судың түсі. Көк түс адалдықты, тазалықты, пәктілікті білдіреді. 

Жалауымыздың  таза  көк  түсі  мәдениетімізге  де  айғақ  – 

халқымыздың  этностық  тұтастығын  білдіреді,  сонымен  қатар 

мемлекетіміздің тұтастығы идеясын ұғындырады. 

Күн  –  тіршілік,  күш-қуат  қайнары,  өмірдің  символы.  Күннің 

қозғалысы  әсіресе  көшпенділер  үшін  уақыт  өлшемі  болған.  Күннің 

шығуы  мен  батуы  –  бір  күн  (тәулік).  Бұл  циклдың  сан  мәрте 

қайталануынан  апталар  мен  айлар,  жылдар  мен  ғасырлар  құралады. 

Күннің қозғалысымен жылдың маусымдары: көктем, жаз, күз бен қыс 

кезектесіп келіп отырады. Адамдардың өмірі, тұрмысы мен шаруашы-

лығы  күнмен  орайлас.  Әлемнің  төрт  тарабы  да  күннің  қозғалысына 

қарай  анықталады.  Күн  бүкіл  адамзатқа  ортақ.  Геральдика  заңдары 

бойынша  күн  байлық  пен  молшылықтың  символы.  Біздің 

жалауымыздағы  күннің  сәулелері  мұқияттап  қарағанда  молшылық 

негізі – дәннің бітіміне ұқсайтыны көрінеді.  

Көшпенділердің  әлем  туралы  түсінігінде  дала  қыранының  алар 

орны  ерекше.  Қазақстанды  мекендейтін  халықтардың  елтаңбаларында, 

жалауларында  оның  бейнелеуінің  ежелден  келе  жатқан  дәстүрі  бар. 

Символика  тілінде  қыран  бейнесі  мемлекеттік  билікті,  кеңдік  пен 

көрегендікті  білдіреді.  Әлемнің  көптеген  халықтары  үшін  қыран  – 

еркіндіктің,  тәуелсіздіктің,  мақсатқа,  биікке  ұмтылудың,  болашаққа 

қарай самғаудың символы. Ұшуына бөгет жасамақшының қайсысына 

болсын  қыранның  лайықты  қаруы  дайын.  Қазақстан  Республикасының 

Мемлекеттік  Жалауындағы  қыранның  тұлғасы  жас  тәуелсіз 

Қазақстанның әлемдік өркениет өріне самғамақ идеясынан туындаған. 

Саппен  қатарлас  сол  қапталдағы  ою-өрнек  –  қазақтың  қолданбалы 

өнерінің  үздік  жетістіктерінің  бірі.  Оған  қарап  Қазақстан  Республи-


 

27 


касының  Жалауы  танылады.  Отанымыздың  болашағы,  жастарымыз, 

үшін бұл үлкен мақтаныш!  

Жалауға құрмет білдіру – мемлекетке, оның халқына, тарихына 

деген  құрмет.  Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  Жалауы 

Қазақстан  Республикасы  елшіліктері  ғимараттарының  төбесінде  шет 

мемлекеттерде  желбірейді,  еліміздің  еркіндігі  мен  тәуелсіздігінің 

символы болып БҰҰ ғимараттарының маңында орнатылған. Шет елде 

жүрген  жастарымыз  үшін  бұл,  әрине,  мақтанарлық  нәрсе!  Осыған 

құрметпен қарау – патриоттық болмағанда не?!  

Елтаңба.  Мемлекеттік  Елтаңба  дөңгелек  бітімдес.  Көшпелі 

халықтарда дөңгелек неғұрлым ұнамды геометриялық фигура: киіз үй, 

қазан, ыдыс-аяқ. Елтаңбаның орталық элементі – шаңырақ. Шаңырақ 

–  отбасының  құты,  тыныштық,  бейбітшілік  белгісі.  Елтаңбада  киіз 

үйдің  құрылымдық  элементтерінің  бәрі  берілген.  Киіз  үйдің  тас 

төбесіндегі  жарық  түсетін,  бүкіл  көк  дүние,  көгілдір  аспан  көрініп 

тұратын  түндік  әлемі  бейнеленген.  Елтаңбаның  көгілдір  кеңістігін 

бойлайтын  уықтар  (сызықтар)  жылу  мен  тіршіліктің  қайнары  күннің 

сәулелерін  еске  түсіреді.  Шаңырақтың  айқыш  тәрізді,  үшемделген 

күлдіреуіштері  берік  негіз  –  керегеге  (киіз  үйдің  жиналмалы  торлы 

іргелері)  тірелген  қалпында  бір  шаңырақ  астында  тоқайласқан  үш 

жүздің  бірлігін  меңзейді.  Елтаңбаның  идеясы  «барлық  халықтар  бір 

шатырдың астындағындай ынтымақты болсын» деген үндеу. Елтаңба 

әрбір  халықтың  тарихын,  дәстүрлерін,  рухын  білдіріп,  пәлсафалық 

мән-маңызын  ұғындыруға  тиіс.  Биік  шаңырақ,  берік  ірге,  келісті 

кереге – Елтаңбаның идеялық мән-мазмұны.  

Елтаңбаның композициялық құрылымының негізгі бөлігі жарты 

ай  бітімдес  мүйіздері  бар,  қиял-ғажайып  тұлпарлар.  Олардың 

қанаттары  бидай  масақтары  түрінде.  Геральдикада  аттың  ежелден  өз 

мәні бар: арыстандай айбарлы, қырандай қырағы, бұқадай бұла күшті, 

еліктей  епті  де  ұшқыр,  жаумен  таласта  түлкідей  тапқыр  да  айлалы, 

иесіне айнымастай адал, ат  – көшпендінің көнеден бергі серігі, киелі 

жануар,  қалтқысыз досы. Көшпелілер өркениетінің өрбуінде  жылқының 

орны ерекше. Ат – елін қорғаған ердің қанаты. Алтын қанатты аттар – 

елдің  сенімді  қорғанысының,  достық  пейілінің  нышаны.  Әсем  де 

айшықты мүйіздер жеті буыннан не бөліктен құрылған. Ол қазақ жеті 

атасын  білуі  керек  дегенді  меңзейді.  Қазақстан  Республикасының 

Елтаңбасында  бесбұрышты  қызыл  жұлдыз  да  бар.  Біз  бес  континенттің 

бесеуіне  де  ашықпыз.  Елтаңбадағы  түстер  –  алтын  түсте  және  көк. 

«Қазақстан»  деген  жазу  «бізге  қош  келіпсіз»  деп  тұрғандай. 

Мемлекеттік  Елтаңба  айшықты  да  әсем,  адамшылықпен  бейбітшілік 


 

28 


пен  келісімге  үндейді.  Ел  қорғаны  –  қазақстандық  жауынгерлер  оны 

бас киімдеріне мақтанышпен тағып жүреді.  



Әнұран. Патриотизм мен отаншылдыққа тәрбиелеудің формалары 

мен  әдістері  әр  түрлі.  Соның  бірі  –  жастарды  патриоттық  әндер 

арқылы  тәрбиелеу.  Өткен  тарихымыздың  тағылымдарына  терең  үңілер 

болсақ,  тарихи  оқиғаларға,  батыр  адамдарға,  жауынгерлерге,  түрлі 

төңкерістерге арналған әндер, өлеңдер мен гимндер бұрыннан белгілі. 

Олар  халық  жүрегінің  лүпілін  танытып,  адамдарды  патриоттық 

сезімге  бөлейтін  музыкалық  бойтұмар  іспеттес.  Әр  түрлі  әндер  мен 

ұрандар  соғыс  барысында  жауынгерлерге  патриоттық  рух  беріп, 

оларды жеңіске жігерлендіріп отырған. 

Кез  келген халықтың  тарихында  музыкалық  шығармалары  бар. 

Ол  тарихтың  белгілі  бір  уақыттында  сол  жұрттың  гимні  болған. 

Мұндай  әндер  қазақ  даласында  көп.  Өткен  тарихымыздың  терең 

қойнауына  зер  салып  қарасақ,  сонау  үш  жүз  жылға  созылған 

халқымызды,  атамекен  жерімізді  жоңғар  басқыншыларынан  азат  ету 

үшін  болған  «Ақтабан  шұбырынды,  Алқакөл  сұлама»  жырларында 

пайда болған «Елім-ай» әні халқымыздың сол кездегі ауыр  халін нақ 

бейнелеп,  жауға  деген  өшпенділігін  оятып,  жеңіске  деген  жігерін 

жаныды. Ел ұраны соғыста шешуші рөл атқарды.  

1871  жылы  Францияда  Париж  Коммунасының  әнұраны  болған 

Пьер Дегейтердің «Марсельезасын» Сәкен Сейфуллин Азамат соғысы 

жылдарында  қазақшаға  аударып,  оны  қазақ  сарбаздары  «Жас  қазақ 

марсельезасы» деген атпен айтып жүрді. Ұлы Отан соғысы жылдарында 

Прокофьев  пен  Лебедьев-Кумачтың  «Қасиетті  соғыс.  Священная 

война»  әні  Отан  соғысының  гимніне  айналды.  Ұлы  Отан  соғысы 

туралы  түсірілген  кез  келген  фильмде  осы  ән  орындалады.  (Шәкен 

Айманов  «Мәншүк  туралы  ән»,  Талап  Сұлтанбеков  «Батырға  оқ 

дарымайды»,  Сергей  Герасимов  «Освобождение»).  Осының  бәрі 

патриоттық  әндер  мен  әнұрандардың  соғыс  кезінде  қаншалықты 

маңызды болғанын көрсетеді. 

Осындай  әндердің  бірі  –  «Менің  Қазақстаным».  Бұл  шығарма 

Қазақстан  КСРО  құрамында  болған  тұста  қазақтардың  намысын 

қайрау  мақсатында  өмірге  келді.  Ақын  Жұмекен  Нәжімиденов  пен 

Шәмші  Қалдаяқовтың  шығармашылық  бірлестігінен  туындаған 

«Менің Қазақстаным» шын мәнінде қазақ халқының рухын көтерген, 

келер күнге деген сенімін арқалаған ресми емес гимн болды. 

Тарлан  тарих  араға  жылдар  салып,  оны  мемлекеттің  ресми 

Әнұранына  айналдырды.  Осы  тұста  Тәуелсіздік  алғаннан  кейін, 

1992 жылы ақындар Мұзафар Әлімбаев, Қадыр Мырзалиев, Тұманбай 

Молдағалиев,  Жадыра  Дәрібаевалар  мәтін  сөзін  жазған  алғашқы 


 

29 


Әнұранымыз өзінің тарихи миссиясын абыроймен атқарғанын әділдік 

үшін айта кету керек.  

Ал заман талабына сай 2006 жылы қаңтардың 6-сында Парламент 

палаталарының  бірлескен  отырысында  «Мемлекеттік  рәміздер  туралы» 

Жарлығына  түзетулер  енгізілгеннен  кейін,  арада  төрт  күн  өткен  соң, 

яғни  қаңтардың  10-ында  «Менің  Қазақстаным»  әні  ресми  Әнұран 

болып бекітілді.  

Сөйтіп, бұл күн тарихта еліміздің жаңа Әнұранының туған күні 

ретінде жазылды.  

Әуенін  Шәмші  Қалдаяқов, сөзін  Жұмекен  Нәжімиденов  жазған 

Әнұранның  сөзін  уақыт  өлшемімен  үндестірген  бірлескен  автор  – 

еліміздің Президенті Нұрсұлтан Назарбаев.  

Біз, Тәуелсіз Қазақстанның азаматтары, бұл күндері бүкіл еліміз 

болып сүйікті Әнұранымызды шырқаймыз. Туымыз бен Елтаңбамызды 

мақтан етеміз. 

Біз  болшақта  бұдан  да  бай,  қуатты  елде  өмір  сүретінімізге 

сенімдіміз.  Ендігі  тілек  бәріміздің  жүрегіміз  Отан  деп  соғып, 

Тәуелсіздік  Туы  желбірей  берсін.  «Менің  Қазақстаным»  атты  ұлы, 

Әнұран  әрбір  қазақстандықты  бірлік  пен  татулыққа  үндей  берсін. 

Әнұранымыздың «Намысын бермеген қазағым мықты ғой» деген жыр 

жолдары қай қазақтың да жүрегінде сайрап тұр емес пе?! 

Патриоттық тәрбие беру арқылы оқушының саналы көзқарастарын 

қалыптастырамыз.  Мектепке  бастауыш  әскери  әзірліктің  енгізілуі, 

оған  байланысты  әскери  патриоттық  тәрбиенің  тереңдеуі  Отанымыздың 

саналы  және  белсенді  күрескерлерін  тәрбиелеуге,  оларды  еліміздің 

игілігіне  жаңқиярлықпен  еңбек  етуге,  республикамыздың  мүддесін 

қорғауға  даярлауға  жаңа  мүмкіндіктер  туғызады.  Жастарды  Отанды 

қорғауға даярлау, жас азаматтардың патриоттық тәрбиесінің танымдары 

мен  мінездерін  қалыптастыру  күрделі  және  сан  қырлы  процесс. 

Адамның дүниетанымын, білімін, көзқарасын қалыптастыруда мектеп 

шешуші рөлге ие.  

Мемлекеттік  рәміздермен  бірге  Қазақстан  Республикасының 

әрбір азаматы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында тұрып 

жатқан адамдар Қарулы Күштерінің жалауларын, әскери бөлімдерінің 

Жауынгерлік туларын және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 

нышандарын да құрметтеуге міндетті. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері нышанының ортасында 

күн  және  сәулелері  бар  бес  бұрышты  жұлдыз,  астында  шарықтаған 

бүркіт бейнесі салынған. 

Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің нышаны екі түсті: 

қызыл қоңыр және алтын түсті. 


 

30 


Шынайы  патриотизмді  қалыптастыру  –  жеке  тұлғаның  саяси 

тұрғыда  өзін-өзі  нақты  айқындауы  деген  сөз.  Оны  Мемлекет  Туына, 

Елтаңбасына,  Әнұранына  құрметпен  қарауға,  заңға  бағыну,  үкіметті 

сыйлауға  тәрбиелеуден  бастау  керек.  Әрбір  адам  бала  жасынан: 

«Қазақстан – менің Отаным, ол мен үшін жауапты болған сияқты, мен 

де  ол  үшін  жауаптымын»  деген  қарапайым  ойды  санасына  сіңіруі 

керек. 



1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал