А-ш. ғ. к доцент Абдукаюмов С. С., Ибрагимова Д. И., Сержанова А. Е



жүктеу 31.67 Kb.
Pdf просмотр
Дата02.06.2017
өлшемі31.67 Kb.
#10560

                               Scientific Issues of the Modernity                                   

6.  Vens,  A.V.  Symbiotic  nitrogen  fixator  at  the  bean:  agricultural 



aspects  Text.  /  K.  Vens//Rhizobium  molecular  biology  of  the  bacteria 

interacting with plants. St. Petersburg, 2002. - Page 565.  

7.  Gavrilova,  N.  I.  Influence  of  pollution  of  soils    on  a  symbiotic 

nitrogen fixator. Text. / N. I. Gavrilova//Modern problems of humanitarian 

and natural sciences: Novosibirsk, 1996. - c.70. 

 

 



а-ш. ғ. к. доцент Абдукаюмов С. С., 

Ибрагимова Д. И., Сержанова А. Е. 

 

Қазахстан Республикасы, Түркестан, Қожа Ахмет Ясауи 

атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті 

 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ӨСІМДІКТЕРІ МЕН 

ЖАНУАРЛАР ДҮНИЕСІНЕ СИПАТТАМА 

 

The  article  is  deols  with  animal  species,  living  within  lakes  disticts 

forests  and  pushes  areas.  The  authors  also  describle  the  actions  on 

protecting plant and animal worlds. 

 

Қазақстанда  өсімдіктердің  6000-ға  жақын  түрлері  кездеседі. 

Өсімдік  түрлерінің  көптігіне  Қазақстан  жерінде  шөлді,  шөлейтті 

аймақтардың топырағы мен климатының әсері болып табылады. 

Қазақстанның  Сырдария-Қаратау  аймақтарында  өсімдіктердің 

1000-нан  астам  түрлері,  оның  150-дей  түрлері  тек  осы  аумақта  өмір 

сүруге  бейімделген  аймақтар  болып  саналады.  Тянь-Шанның, 

Алтайдың,  Жетісу  Алатауының  тау  бөктерінде  қалың  жапырақты 

ормандар  таралған  болып  олардың  бірнеше  түрлері  өседі.  Олардың 

ішінде  май қарағай, бал қарағай түрлері   көп  таралған. Қазақстанның 

тау алды мен аласа таулы белдеулерінде итмұрын, долана, бөріжидек 

бұталары көптеген  аумақты алып жатыр. Жетісу Алатауы  мен Тянь-

Шань  тау  жүйесінде  эфемерлер  мен  эфемер  тәрізді  өсімдіктерден, 

қияқөлең, қонтрбас т.б. түрлері кең таралған[1]. 

Қазақстанның  солтүстігінен  оңтүстікке  дейін  созылып  жатқан 

кең  жазығында  дала  мен  шөл  өсімдіктерінен:  сексуіл,  жыңғыл,  жиде 

және  торанғыл тоғайларының аумақтары кеңінен таралған. 

Қазақстан орман қоры бойынша дүние жүзінде орманы аз елдер 

қатарына жатады, оның аумағы 21,8 млн га (3,6%) алып жатыр. Қазіргі 

уақытта орман алқаптарынын көбейту жөнінде  көптеген  іс  – шаралар 

жүргізілуде.  Ормандар  мен  өсімдіктер  дүниесінің  көп  болуы, 


    Proceedings of the International Scientific and Practical Conference     

10 


табиғатты  тазартуда,  топырақты  эрозиядан,  ауаны  шаң  –  тозаңнан 

тазартуға,  құрғақшылықтан  сақтауға  маңызы  зор  болып  саналады. 

Қазақстанның  жануар  дүниесі  сүтқоректілердің  178,  құстардың  489, 

балықтың  102  және  омыртқасыздың  50  мыңнан  астам  түрлерінен 

тұрады.  Жануарлар  дүниесі  таралуы  жағынан  олардың  мекендері 

бірнеше  зоогеографиялық  аудандарға  бөлінеді.  Оларға  дала  және 

орманды дала, шөлейт және шөл, тау мен тау алды аудандары жатады. 

Дала  аудандарында  дала  тышқаны,  алақоржын,  қасқыр,  түлкі  және 

борсыққой  мекендейді.  Дала  құстарынан:  дуадақ,  тырна,  қараторғай, 

бозторғай,  шымшық  көптек  кездеседі.  Орманды  далада  сүқоректілер-

дің  бірнеше  түрі  кездеседі.  Шөл  даланың  жануарлары  ыстыққа 

бейімделген.  Шөлді  аумақтар  құмды,  ұсақ  тасты,  тақырлы-сорлы 

болып  келді.  Жануарларда  сол  жерлердің  табиғи  ерекшеліктеріне 

қарай  бейімделе  дамыған.  Шөл  далаларда  әр  түрлі  бұталы  өсімдіктер 

мен  сексеуілдің  өсуіне  байланысты,  соларды  қорек  ететін  жануарлар 

мекендейді. 

Қазақстанның  көлді  аймақтарында,  тоғайлы  және  бұталы 

жерлерінде  мекендейтін  жануарлар  түрі  де  көп.Тоғай  ішінде  бүркіт 

тұқымдас  қарақұс,  бөктергі,  ұзын  құлақты  жапалақ,  сұр  шымшықтар 

өмір  сүреді.  Көп  қырларында  дала  мысығы,  Сырдария  бойының 

тоғайларында  шиебөрі,  тоғай  бұғысын  көптен  кездестіруге  болады. 

Өзенді  алқаптар  мен  бұталы  жерлерде  жабайы  шошқа,  елік,  ақкіс 

секілді  жануарлар  мекендейді.  Қазақстанның  өзені  мен  көлдерінде 

балықтардың 100-ден астам түрі анықталған.  Қазақстанның өсімдіктер 

мен  жануарлар  дүниесін  қорғау-  мемлекеттік  іс-шаралардың  ең 

маңыздысы  болып  табылады.  Өсімдіктер  мен  жануарлардың  кейбір 

түрлерінің  азайып  кетуіне  байланысты  және  олардың  генофондын 

сақтау  мақсатында  өсімдіктердің  300  астам  түрі,  омыртқалылардың 

125  түрі,  омыртқасыздардың  97  түрі,  Қазақстанның  Қызыл  кітабына 

енгізілген.  Олардың  ішінде  сүтқоректілерден:  қарақұйрық,  арқар, 

қабылан,  қарбарысы,  тянь-шань  қоңыр  аюы,  құстардан:  дала  бүркіті 

мен  құрғауылдардың  өте  азайып  кетуі  және  жойылып  кету  қаупы 

барлығы анықталған[3]. 

Қазақстанда  сирек  кездесетін  өсімдіктер  мен  жануарларды 

қорғау  мақсатында  мемлекеттік  5-  ұлттық  парк  және  9  қорық    17 

ботаникалық, 40 зоологиялық, 2 ботаникалық-геологиялық мекемелер 

ұйымдастырылған. Табиғатқа антропогенді ықпал етудің әсерінен жер 

бетінде өсімдіктер мен жануарлардың кейбір түрлерінің жойылу қаупы 

барлығы ғылыми түрде дәлелденген. 

Оңтүстік  қазақстан  облысының  көпшілік  жерін  шөлдер  алып 

жатыр.  Шөлді  жердің  ерекшелігі  жауын-шашынның   өте  аз  мөлшері 


                               Scientific Issues of the Modernity                                   

11 


(жылына  250-300  мм-ден  температурасы  +27

0

,  +28



0

 жоғары)  болып 

келуі өсімдіктердің өсіп жетілуіне кері әсерін тигізеді. Шөлдік зонада 

өсімдік  дала  аймағындай  қаулап  шықпайды,  сирек  селдір  өседі.  Бұл 

судың тапашы болуына байланысты болады. Шөлді жерлерде өсімдік 

алдымен құмды төбешіктің арасындағы ойпаттарда, беткейлерде өседі. 

Шөлде  өсетін  өсімдіктер  табиғаттың  қатаң  жағдайына  бейімделген. 

Олар өз бойындағы ылғалды тез жоғалтпау үшін жапырақтары тікенді 

қабыршаққа  айналған  немесе  буланудан  сақтайтын  түктері  болады. 

Шөлде  өсетін  өсімдіктердің  барлығының  тамыры  ұзын  келеді.  Ағаш 

текті өсімдіктерден ақ және қара сексеуіл өседі. Қара сексеуіл сортаң 

топырақты  жерде  өседі.  Республикамыздың  оңтүстігінде  Арыс 

өзенінің  Сырдария  құяр  жерінде  дермене  жусаны  өседі.  Ол  өсімдік 

дүние  жүзінің  басқа  жерінде  өспейді.  Биіктігі   30-50см,  сабағы  тік, 

тамыз,  қыркүйек  айында  гүлдеп,  қазан,  қараша  айында  жеміс  береді. 

Дермененің құрамында дәрілік сантонин деген зат бар [2]. 

Дермене  –  қазақстанның  «Қызыл  кітабына»  кірген  өсімдік. 

Шөлде көктемнің аяғы немесе жаздың бас кезінде топырақта әлі ылғал 

бар  кезде  өсіп  жетіп,  аз  уақытта  гүлдеп,одан  жеміс  беріп  үлгеретін 

өсімдіктер  бар.Ондай  осу  дәуірі  қысқа  өсімдіктерді  эфемерлер  деп 

атайды.  Сабақтарының  өмірі  қысқа  болғанымен  өзі  көп  жылдық 

өсімдіктер  – эфемеройдтар да өседі. Оған жауқазын, жуа, пиязшықты 

қоңырбас  жатады.  Эфемерлі  өсімдіктерге  жусан,  бозжусан,  боялыш, 

күйреуік, мия, Сырдарияның жағалауында сирек тоғай, бұталар, құрақ 

өседі.  Шөл  зонаның  негізгі  табиғи  қоры  мал  жайылымы  болып 

табылады. 

 

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 

 

1.



 

Құсайынов А.  Қ.  «Экология және табиғат  қорғау».  Алматы, 

«Мектеп» баспасы ЖАК 2002 ж. 

2.

 



Жатқанбаев Ж. Экология және  биология  негіздері. Алматы, 

2004 ж. 


3.

 

Культиасов И. М. «Экология рестений» Москва, 1982 г. 



 

 

 



 

Каталог: archive
archive -> Бас редактор
archive -> 235 25 желтоқсан 2015 жыл
archive -> «Жер тарихы – Ел тарихы» тарихи-құжаттық көрме 2016 жыл «Артта қалған колхоздардың экономикасын көтеру шаралары туралы»
archive -> Общественно-политическая газета Четверг, 3 марта 2016 года Издается с 1917 года, в 1968 году награждена орденом “Знак Почета”
archive -> Конкурс, инициированный общественным фондом молодых журналистов "Қаламгер азамат", стартовал 10 февраля на сай
archive -> №156 (24126) Четверг, 29 декабря 2016 года 0 О
archive -> Қ. Ш. Әлімғазинов
archive -> Весь прошлый ХХ век на территории Казахстана шёл сложный процесс формирования многоэтничного народа. Процесс формирования многоэтничного народа Казахстана

жүктеу 31.67 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет