А. С. Беркинбаева Ғ. М. Нысанбаева Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы



жүктеу 5.16 Kb.
Pdf просмотр
бет9/9
Дата07.05.2017
өлшемі5.16 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

Əдеб.: 5 нег. [35-45].
Бақылау сұрақтары:
1. Қандай үрдіс карбонизация деп аталады?
2. Қандай үрдіс кальцинация деп аталады?
3. Неліктен кальцинирленген соданы алу үрдісі екі сатыда өтеді?
4. Кальцинирленген  сода  өндірісінің  принципиалдық  технологиялық  сызба-
нұсқасын сипаттаңыз.
5. Кальцинирленген  соданы  аммиактық  əдіспен  өндіруде  қандай  саты  негізгі
болып табылады?
15 – дəріс.  Кальций  гидроксидінің  өндірісі. Əктік  сүтін  алу.
Өндірістің технологиялық сызба-нұсқасы жəне негізгі аппараттары.
Кейбір  өндірістерде, мысалы, күйдіргіш  натрийді  алу  үшін (3 дəрісті
қара) əк сүтін қолданады. Сода  өндірістерінде шикі  тұздықты тазалау  үшін,

аммоний  хлоридінен  аммиакты  регенерациялау  үшін, өндірістік  су
дайындауда да сол сияқты əк сүтін пайдаланады. Əк сүті деп əктегі кальций
оксидін  сумен  сөндіргенде  пайда  болатын, стехометриялық  қатынаста
алынған кальций гидрооксидінің судағы суспензиясын атайды.
                      
СаО  (қ.)  +  Н
2
О  (с)  →  Са  (ОН)
2
  (қ.)  +  65,5 кДж.
(1)
Түзілген қатты сусымалы кальций гидрооксидінің ұнтағын үлпілдек деп
те атайды. Əкті сөндіру оның көлемін недəуір 2-3 есе көбейтумен жүргізіледі.
Əктің  гидратациялану  үрдісі  оны NaCl, CaCl
2
  жəне  басқа  электорлиттердің
(1-5%) сұйытылған  ерітінділерімен  сөндіргенде 1,5-2 есе  жылдамдайды.
Са(ОН)
2
 суда нашар ериді, оның үстіне температураның жоғарлауымен оның
ерігіштігі  азайады. Сонымен, 0°С 100 г  суда 0,185 г, ал 100°С  бар  болғаны
0,077 г  ериді. Са(ОН)
2
  суда  еріткенде  жылу  бөлінеді, оның  мөлшері
алынатын ерітіндінің концентрациясына тəуелді.
Əк  сүтінің  Са(ОН)
2
  дисперстілік  дəрежесі  кальций  оксидін  сөндіретін
факторларға тəуелді. Сөндіру жылдамдығы неғұрлым көп болса, алынатын əк
сүтінің  дисперстілік  дəрежесі  жоғары  болады. Сөндіруге  берілетін  судың
температурасы  жоғарлағанда, оның  тек  қана  жылдамдығы  ғана  өсіп
қоймайды (1-ші  сурет), сонымен  бірге, суспензияның  дисперстілік  дəрежесі
де өседі.
1 сурет – Əкті сөндіру
жылдамдығының сөндіруге
алынған судың бастапқы
температурасына тəуелділігі.
Сода  зауыттарында  берілетін  судың
бастапқы температурасы 60-80°С болады.
Сөндіруге берілетін судың мөлшері де
сөндіру  жылдамдығына  əсер  етеді, демек,
алынатын 
суспензияның 
дисперстілік
дəрежесіне де. Егер де əкке 100% Са(ОН)
2
үлпек  алу  үшін  қажетті  суды  қосса,
алынған  ұнтақтың  дисперстілік  дəрежесі
СаО-мен  салыстырғанда, судың 2-3 есе
артықтығында 
түзілген 
əк 
сүтінің
дисперстілік  дəрежесінен  төмен  болады.
Бұл  судың  көп  мөлшерінде  əктің  жылдам
сөнетіндігімен  түсіндіріледі. Үлпектің
кемшілігіне 
ондағы
қоспалардың
жоғарылығы, тасымалдағанда 
жəне
мөлшерленгендегі болатын қиындықтарды
жатқызады.
Сода 
зауыттарында 
сұйықты
дистилдеу бөлімінде жүктемені төмендету
мақсатымен  əк  сүтін  мүмкіндігінше
концентрлі етіп дайындайды.
Бірақ  суспензияның  ақырғы  мүмкін  концентрациясы  температураның
жоғарлауымен  азаятын, оның  тұтқырлығымен  шектеледі. Сондықтан  да
сөндірудің  жоғары  температурасы  жоғары  дисперсті  Са(ОН)
2
-нің  едəуір
құрамымен əк сүтін алуға мүмкіндік туғызады.

Əк  сүтінің  сапасы  əктің  сапасына  тəуелді. Қоспалар (əсіресе Al
2
O
3
)
сүттің  тұтқырлығын  жоғарылатады. Карбонат  шикізатын  күйдіру
температурасының  үлкен  маңызы  бар: ол  жоғары  болған  сайын, алынған
известь  баяуырақ  сөндіріледі  жəне  əк  сүтінің  дисперстігі  аздау  болып
шығады. Əкті  сөндіру  ұзақтығының  бордың  күйдіру  температурасына
тəуелділігі 1-ші суретте көрсетілген. Егер де күйдіру температурасы 1350°С
асса, алынатын  əк  практика  жүзінде  сумен  сөндірілмейді.Əкте  кездесетін
қоспалардан сөндіру ұзақтығына бəрінен бұрын кальций сульфаты əсер етеді,
оның  мөлшерінің  өсуімен  сөндіру  жылдамдығы  азайады.Əк  сүтінің  мысал
ретіндегі құрамы мен қасиеті:
Құрамы, қ.б.: СаО(жалпы)  210-260
                        СаО (бос)      200-250
                        CaCO
3
              10-12
Құрамы, г/л:
          SiO
2
 + HCl-да ерімейтін қоспалар 20-30
          R
2
O
3
                                                   5-8
          Mg(OH)
2
1-2
          Тығыздық (салыстыр)                 1,25-1,30
Əк сүтін алудың технологиялық сызбасы екі негізгі операцияны қосады:
əкті ыстық сумен сөндіру жəне əк сүтін күйдірілмеген карбонат шикізатының
ірі кесектерінен, недопал, перекалдың ұсақ дəндерінен жəне басқа ерімейтін
қоспалардан тазалау. Əк сүтін дайындау нұсқасы 2-суретте көрсетілген.
1 - лотокты  қоректендіруші; 2 - жұмыс  бункері; 3 - сөндіргіш-барабан; 4 -
конденсатор; 5 - ірі  недопалға  арналған  іріктеуші  барабан; 6 - тасымалдушы; 7 - ұсақ
недопалға  арналған  іріктеуші  барабан; 8 - шнек; 9 - ылғалды  тартуға  арналған  шарлы
диірмен; 10 - тазартылмаған  əлсіз  əк  сүтінің  араластырғышы; 11 - дірілдегіш  елек; 12 -
тазатылған  əлсіз  əк  сүтін  араластырушы; 13 - тасталған  шламды  араластырғыш; 14 -
жіктеуші; 15 - концентрлі əк сүтін араластырушы
2 сурет – Əк сүтін дайындаудың технологиялық сызба-нұсқасы.
Жұмыс  бункерінен 2  əкті  қоректендіруші  лотокпен 1  айналмалы
сөндіргіш  барабанға 3  береді, оған  қыздырылған  су  мен  əктің  тасталған
қоспаларын, жуған  су  біруақытта  түседі (əлсіз  əк  сүті). Сөндіргіште 3
сөндіргенде, əк  сүті  əртүрлі  мөлшерлі  қатты  бөлшектердің  қоспаларымен

бірге  түзіледі. Ол  əрі  қарай  тесіктерінің  мөлшері 40 мм  електен  тұратын,
іріктеуші  барабанға  түседі. Іріктеуші  барабан  сөндіргіштің  жалғасы  болып
табылады, онымен  бірге  айналады  жəне  əк  сүтінен  недопалдың  ірі
кесектерінің  бөлінуіне (40 мм-ден  үлкеніректері) қызмет  етеді. Барабанның
соңында  кесектер  ыстық  сумен  жуылып, тасымалдағышқа 6  түседі  жəне  əк
пештеріне  қайтадан  күйдірілу  үшін  беріледі. Іріктеуші  барабан 5,
сөндіргіштегі түзілетін буды кетіру үшін екі соратын түтікпен жабдықталған
қаптамада  орналасқан. Түтіктің  біреуі  конденсаторға 4  барады, онда
сөндіруге  жұмсалатын  су  сөндіргіштегі  бумен  қыздырылады, екінші  түтік
конденсаторды  жөндеу  немесе  тазалау  жағдайына  арнап  атмосфераға
шығарылады.
Əк  сүті  қатты  бөлшектермен  бірге (40 мм-ден  кем) барабанның 5
тесіктерінен  өтіп, перфорациялық  сүзгі 2х10 мм  тесіктерімен, айналып
тұратын  іріктеуші  барабанға 7  түседі. Мұнда 2 мм-ден  асатын  бөлшектер
сүттен  бөлініп, електен  өтіп, қаптаманың  конус  тəрізді  іріктегіш  барабан
орналасқан  қабылдағышына  түседі, əрі  қарай  жіктеушіге 14  барып
қоспалардан біржола тазартылады.
Жіктеуіштің  түбіне  тұнған  шлам  төрткілдеш  механизмымен  жинап
алынып, ыстық  сумен  жуылады  жəне  шлам  араластырғышқа 13  түседі.
Шламнан  тазартылған  концетрлі  сүт  əк  сүтін  араластырғышқа 15, əрі  қарай
дистилдеу  бөліміне  беріледі. Іріктейтін  барабанда 7  қалған, мөлшері 2 мм-
ден  көптеу  қатты  бөлшектер  барабан  айналғанда, біртіндеп  оны  бойлай
ауысады жəне шнекке 8 үйіледі, жəне соның көмегімен сулы түрде тартатын
шарлы  диірменге 9  беріледі. Диірменде  əкті  ұсақтап  тартумен  бірге, оның
сөндірілуі  де  біруақытта  жүреді. Диірменде  түзілген  əлсіз  əк  сүті
қоспалармен бірге араластырғышқа 10 ағады жəне əрі қарай шламнан тазалау
үшін  орталықтан  тебетін  сорғымен  дірілдек  елекке 11  тартып  шығарылады.
Шлам дірілдек  електен  тасталатын шламның аралстырғышына 13  түседі, ал
тазаланған  əлсіз  əк  сүті  араластырғышқа 12  жіберіледі, одан  сорғымен
сөндіргішке  беріледі. Жіктеушіден  жəне  дірілдек  електен  шыққан  шлам
араластырғышта 13  дистилдің  тасталатын  сұйығымен  сұйытылады  жəне
сорғының  көмегімен  тастандыға («ақ  теңіз» деп  аталатын  тастанды
сұйықтардың жинағышы) беріледі.
Жоғарыда  келтірілген  сызбадан  басқа  сода  зауыттарында  əк  сүтін
тазалаудың  принципі  жағынан  осыдан  айырмашылығы  аз  басқа  да
сызбаларын  кездестіруге  болады. Мысалы, іріктегіш  барабанның 7  орнына
өте тиімді дірілдек електі қолданады; тұздықты тазалауға жəне каустикалық
соданы  əктік  əдіспен  алуға  пайдаланылатын  əк  сүті  қоспалардан
гироциклондарда жəне т.б. тазартылады.
Негізгі  бөлгіш (айырғыш) аппаратура  Əкті  сөндіргіш (3-ші  сурет)
болаттан  пісірілген  барабан 5, диаметрі 1,75-2,5 м  жəне  ұзындығы 12-15 м,
құрсаумен  қос  роликке  тіреледі  жəне  жиілігі 3-6 айн/мин. айналады.
Сөндіргіштің  корпусы  қалыңдығы 12-15 мм  табақ  болаттан  жасалған  жəне
ішкі  жағынан  əк  сүтінің  қатты  бөлшектерінің  механикалық  əсерінен  болат
көйлекпен 2 (қалыңдығы 10 мм) қорғалған.

1 - лотокты қоректендіруші; 2 - бункер; 3 - ішкі көйлек; 4 - үшбұрыштар; 5 - барабан;
6 - жүк  түсіретін  шөміш; 7 - конденсатор; 8 - сорғыш  түтік; 9 - іріктейтін  барабанның
қаптамасы; 10 - іріктейтін барабан.
3 сурет – Əкті сөндіргіш
Барабанды  əк  сүті  шығатын  жаққа 0,5° еңіс  орнатады. Əктің  ауысуын
жылдамдату  жəне  оның  жақсы  араласуы  үшін  барабанның  ішіне  спираль
бойынша үшбұрыштар 4 бекітілген немесе барабанның айнала ұзына бойына
бір-бірінен 60° қашықтықта  алты  тілме  пісіріп, жабыстырылған. Сөндіргіш
екі жағынан қақпақтармен жабылған, қақпақтардың ортасында тесіктері бар,
оның бір жағынан бункерден 2 лотокты қоректендіргіш 1 арқылы əк су жəне
əлсіз  əк  сүті  беріледі, ал  екінші  жағынан  концентрлі  əк  сүті  мен  ірі, қатты
тастандылар 
түсіріледі. Соңғылары 
сөндіргіштен 
жүкті 
түсіргіш
шөміштермен 6  алыстатылады. Барабан  айналған  кезде, недопал  мен
перекалдың  ыдырамаған  кесектері  сол  шөміштерге  6 түседі. Бұл  кесектер
сөндіргіштің жалғасы болып келетін, ірі недопалдың іріктеуші барабанына 10
түсіріледі. Əк сүті ұсақ лайлы қоспалармен бірге сөндіргіштің жүк түсіретін
тесігінің төменгі шеткі деңгейіне жеткенде, өздігінен ағып шығады.
Соңғы кезде известь пен судың қарсы ағынды қозғалысын пайдаланатын
сөндіргіш сыналуда.
Ірі недопалға арналған іріктегіш барабан 10 (3 сурет) сөндіргіштің шет
жағына  бекітілген, онымен  бірге  ортақ  білік  арқылы  айналатын  цилиндрлі
елек. Електің барабаны қалыңдығы 10-12 мм болат табақтардан дəнекерленіп
жасалған, ол  табақтарда  диаметрі 40 мм-ден  тесіктер  тесілген. Барабанның
ішкі  бетіне  бағыттаушы  үшбұрыштар  бекітілген. Өлшемі 40 мм-ден  артық
ыдырамаған  кесектер  недопал  болып  келеді, іріктеуші  барабаннан  оларды
қайтадан  күйдіруге  жібереді. Іріктеуші  барабан  сөндіргіште  пайда  болатын
буды кетіру үшін екі сорғыш түтіктермен жабдықталған 7 жəне 5 қаптаманың
ішінде болады.
Əкті  сөндіру  бөліміндегі  əк  сүтін  қалқыңқы  қоспалардан  тазалауға
пайдаланылатын  қалған  құрал-жабдықтар  стандартты  болып  келеді. Ұсақ
перекалға  арналған  іріктеуші  барабан 7 (2-ші  сурет) алтыжақты  пирамида
түрінде  кесілген  айналмалы  елек, оның  жақтары  болып  өлшемі 2х10 мм
торланып тесілген алмалы болат табақтар пайдаланылады.

Əк сүтін  ұсақ қатты бөлшектерден тазалау үшін айналмалы електермен
салыстырғанда  бірқатар  артықшылығы  бар  дірілдеуік  електерді  де
пайдаланады. Олар  əлде  қайда  ықшам, жеңіл  реттеледі  жəне  энегияны  аз
пайдаланады. Жоғары  тербеліс  жиілігінде  дірілдеуік  електің  тесіктері
бітелмейді. Қалқыңқы  бөлшектерден  жұқа  тазалау  жіктеушілерде
жүргізіледі. Сода зауыттарында тостағанды жіктеушілер пайдаланылады.
Технологиялық  көрсеткіштер. Əк  сүтінің  сапасын  сипаттайтын  ең
маңызды  регламенттейтін  көрсеткіштеріне  Са(ОН)
2
  немесе  бос  СаО
концентрациясы жəне əк сүтінің температурасы жатады. Сода зауыттарында
əк сүтіндегі бос СаО концентрациясын сүттің титры деп атайды, өйткені оны
сүтті  индикатор-фенолфталиннің  қатысында  тұз  қышқылымен  титрлеу
арқылы  табады. Сода  зауыттарында  əк  сүтіндегі  Са(ОН)
2
  мөлшері  жоғары
болу керек, осындай жағдайда дистилдеу бөлімінің өнімділігі артады, будың
шығыны, əктің жəне аммиактың дистиллерінің тастанды сұйықтағы жоғалуы
төмендейді. Дегенмен, басқа  жағы  да  бар, Са(ОН)
2
-нің  тым  жоғары
концентрациясында  суспензияның  тұтқырлығы  артады, сөндіргіш  пен  басқа
аппараттардың  қоспалардан  сүтті  тазарту  жұмысы  қиындайды. Практика
жүзінде  Са(ОН)
2
-нің  сүттегі  болу  концентрациясы (титр) 200-250 қ.б.
көрсетілді.
Сүттің  титрін  сөндіруге  берілетін  судың  көлемін  өзгерту  арқылы
реттейді. Əк  сүтіндегі  титрын  тербеліс  салыстырмалы  үлкен  сыйымдылық
пен  араластырғышта  теңестіріледі. Сөндіргішке  берілетін  əктің  массасы
қолданатын  цехтардағы (кальцийленген  жəне  каустикалық  сода, су
тазалайтын цехтар жəне т.б.) əк сүтінің шығынына тəуелді.
Əк  сүтіндегі  Са(ОН)
2
  концентрациясын  бірінші  жуықтап  тікелей  цехта
өлшенетін оның тығыздығымен анықталады. Өте дəл анықтау үшін əрбір 30
минут  сайын  цех  зертханасында  əк  сүтіндегі  белсенді  СаО-ның  мөлшеріне
анализ (талдау) жасалынады. Сүттің  соңғы  температурасы (85-95
0
С) едəуір
мөлшерде  сөндіруге  берілетін  судың  температурасына  тəуелді, ал  ол
сөндіргіштен шығатын су буының концентрациясы жылуымен жылытылады.
Əк  сүті  бөлімінде  еңбекті  қорғау.  Əк  сүті  теріні  бүлдіріп, күйдіреді.
Бұлайша  əсер  ету  сүттің  температурасы  жоғарылаған  сайын  күшейеді,
сондықтан  да  күйдіруден  сақтандыру  үшін  əк  сүті  бар  жерлерді  қоршап
немесе  оқшаулап  қою  қажет. Əк  сүтімен  жұмыс  істеушілердің  резина  етігі,
брезент  костюмі, дулыға, қорғағыш  көзілдіріктер, қолғаптары  болуы  керек.
Əк  сүтін  дайындау  бөлімінде  сөндіргіштен  жұмыс  жайына  су  булары  өтпес
үшін  жəне  ыстық  əк  сүті  жүретін  ашық  науалар  болған  кезде  сорғыш
желдеткіштер  орнатылады, ал  қыс  уақытында  бөлмелерге  жылы  ауаны
толтыру қажет.
Əдеб.: 5 нег. [268-274].
Бақылау сұрақтары:
1. Əк сүтінің концентрациясы дегеніміз не? Оның өлшем бірлігі.
2. Əк  сүтіндегі  Са(ОН)
2
-нің  жоғары  концентрация  алудың  немен
шектеледі?
3. Неге əк сүтін жоғарғы температурада алуға тырысады?

4. Қандай факторлар əк сүтінің дисперстілік дəрежесіне əсер етеді?
5. Əкті сөндіру бөлімінің жұмыс жасауын анықтайтын көрсеткіштері.
2.3 Зертханалық сабақтардың жоспары
№ 1 зертханалық  жұмыс.  Галургиялық  əдіспен  сильвиниттен  калий
хлоридін алу.
Тапсырма: Зертханалық жағдайда сильвинит кенінен калий хлоридін алу
үрдісін зерттеудің галургиялық əдісін меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Калий  хлоридін  калий  құрамды  кенінен  алудың  галургиялық  əдісі
неге негізделген?
2. Кенді еріту үрдісі қай температурада жүреді?
3. Галургиялық  əдіспен  калий  хлоридін  алу  үрдісіндегі  негізгі
технологиялық сатылар.
Əдеб. 4 нег. [283-287].
№ 2 зертханалық жұмыс.  Ас  тұзы ерітіндісін аммонизациялау  үрдісін
зерттеу.
Тапсырма:  Зертханалық  жағдайда  ас  тұзы  ерітіндісін  аммонизациялау
үрдісін  зерттеп, алынған  өнімнің  сапаны  бақылау  кезінде  талдау
əдістемелерін игеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Ас тұзын өндірудің қандай əдістері бар?
2. «Қалыпты бөлу» дегеніміз не? Оны табу жолы.
3. Сода өндірісндегі аммиактың ролі.
4. Тұздықта аммиактың ерігіштігі неге байланысты?
5. Неге аммонизациялау үрдісінде тұздықты суытады?
Əдеб. 5 нег. [217-228].
№ 3 зертханалық 
жұмыс.
Аммонизацияланған 
тұздықты
көмірқышқылмен карбонизациялау.
Тапсырма:  аммонизацияланған  тұздықты  көмірқышқыл  газымен
карбонизациялау 
үрдісін 
тəжірибелік 
менгеру; алынған 
натрий
гидрокарбонатын (тұнбаны) жəне  карбонизацияланған  аммиакты-тұзды
ерітіндіні (сүзіндісін) талдау.
Бақылау сұрақтары:
1. Тұздықты  карбонизациялау  кезінде  жүретін  химиялық реакцияларын
жазыңыз.
2. Карбонизациялау дəрежесі дегеніміз не?
3. Натрий  гидрокарбонатының  кристалдар  сапасына  қандай  талаптар
қойылады?
4. Натрий  гидрокабонатын  кристалдарының  өлшемдері  мен  пішініне
əсер ететін факторлар.
5. U
NaCl
 шамасы неге тəуелді?
Əдеб. 5 нег. [35-45].

№ 4 зертханалық жұмыс. Натрий гидрокарбонатын кальцинациялау.
Тапсырма:  Кальцинациялау  үрдісін  зерттеу  жəне  өнім  сапасын
бақылаудың талдау əдістерін игеріп алу.
Бақылау сұрақтары:
1. Кальцинация барысында қандай химиялық реакциялар жүреді?
2. Натрий гидрокарбонатының ылғалдығы неге тəуелді?
3. Өнім ылғалдылығы кальцинация үрдісіне қалай əсер етеді?
4. Кальцинация үрдісінің температуралық режимі қандай?
5. Кальцинирленген соданын сапасына қандай талаптар қойылады?
Əдеб. 5 нег. [35-45].
№ 5 зертханалық жұмыс. NaOH алудың ферритік əдісі.
Тапсырма: Күйдіргіш натрий алудың ферритік əдісін меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Күйдіргіш натрий алу үрдісінің маңызы.
2. Балқыту үрдісінің температурасы.
3. Үрдіс негізіне жататын реакцияларды жазу.
Əдеб. 5 нег. [218-242].
№ 6 зертханалық жұмыс. Каустикалық соданы талдау.
Тапсырма: Үрдіс көрсеткіштерін анықтау жəне алынған өнімді талдау.
Бақылау сұрақтары:
1. Каустификациялау дəрежесі.
2. Күйдіргіш натрдың шығымы.
3. Талдау əдістемесі.
Əдеб. 5 нег. [218-242].
№ 7 зертханалық жұмыс. Əк сүтін алу.
Тапсырма: Тəжірибелік жағдайда əк сүтін алу əдісін меңгеру.
Бақылау сұрақтары:
1. Əдістің маңызы.
2. Үрдіс негізіне жататын реакцияларды жазу.
3. Сөндіру температурасы.
Əдеб. 5 нег. [268-274].
№ 8 зертханалық жұмыс. Əк сүтін талдау.
Тапсырма: Сөндіру үрдісінің негізгі көрсеткіштерін анықтау.
Бақылау сұрақтары:
1. Активтік əк, оны анықтау.
2. Сөндірілмеген түйіршіктердің мөлшерін анықтау.
3. Кальцийлі əктегі кальций жəне магний оксидтерін анықтау.
Əдеб. 5 нег. [268-274].

2.4 Студенттердің оқытушы жетекшілігімен жасайтын өздік жұмыс
жоспары (СОӨЖ)
1-ші тақырып: Тұздарды өндіру тəсілдері.
Тапсырмалар: 1. Табиғи тұздықтар мен тұзды көлдердің жіктелуі.
                         2. Тау-кен қазба өндірісі.
                         3. Жер асты шаймалау үрдісі.
Əдістемелік  ұсыныстар:  тұзды  көлдердің  пайда  болуын, тұздардың
əртүрлі өңдеу əдістерінің артықшылықтары мен кемшіліктерін қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [45-58], Интернет.
2-ші  тақырып: Калий өндірістерінде галитті қалдықтардан ас  тұзын
алу.
Тапсырмалар: 1. Алу əдісінің маңызы.
                         2. Ас тұзы алудың сызба нұсқасы.
                         3. Оның артықшылықтары мен кемшіліктері.
Əдістемелік  ұсыныстар:  өндірістің  технологиялық  сызба  нұсқасын
жəне артықшылықтарын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [89-91], Интернет.
3-ші тақырып: Тұздықтарды тазарту.
Тапсырмалар: 1. Сода əдісі.
                         2. Əк-содалы əдісі.
                         3. Олардың негізіне жататын реакциялар.
Əдістемелік  ұсыныстар:  тұздықтар  тазартудың  əртүрлі  əдістеріндегі
химиялық реакцияларын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [75-77], Интернет.
4-ші тақырып: Зауыттарда натрий сульфатын өндіру.
Тапсырмалар: 1. «Карабогазсульфат» комбинатында тұзды алу.
                         2. Аппаратуралық безендіру.
                         3. Кучук сульфат комбинатында тұзды алу.
Əдістемелік ұсыныстар: өндірістердің құрал-жабдықтарын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [130-132], Интернет.
5-ші тақырып: Қатты тұзды тұнбалардан натрий сульфатын алу.
Тапсырмалар: 1. Астраханит шикізатын қайта өңдеу.
                         2. Глауберитті жыныстарды қайта өңдеу.
                         3. Глаубер тұзы, оған қойылатын талаптар.

Əдістемелік  ұсыныстар:  тұзды  тұнбалардың  орташа  құрамын
қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [132-134], Интернет.
6-ші тақырып: Карналлиттен калий хлоридін алу.
Тапсырмалар: 1. Калий хлоридінің физика-химиялық қасиетттері.
                         2. Карналлит өндірудің əдістері.
Əдістемелік ұсыныстар: KCl-MgCl
2
-H
2
O жүйесін зерттеу.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 3 нег. [161-164], Интернет.
7-ші тақырып: Калий кендерін гидротермиялық қайта өңдеу əдісі.
Тапсырмалар: 1. Əдістің негізінде жататын реакциялар.
                         2. Əдістің маңызы.
Əдістемелік  ұсыныстар:  кендерді  гидротермиялық  қайта  өңдеудің
жағдайларын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [180-182], Интернет.
8-ші тақырып: Поташты алу.
Тапсырмалар: 1. Калий карбонатының физика-химиялық қасиеттері.
                         2. Күнбағыстың күлінен поташты алу.
                         3. Күл жəне бардян көмірінен поташты өндіру.
Əдістемелік  ұсыныстар:  шикізат  көздерін, технологиялық  сызба
нұсқасын жəне негізгі операцияларын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [189-196], Интернет.
9-ші тақырып: Фтор қосылыстары.
Тапсырмалар: 1. Фтор қосылыстарын қолдану.
                         2. Фтордың өнеркəсіптік алу жолдары.
                         3. Негізгі аппаратура.
Əдістемелік  ұсыныстар:  фтор  алуға  арналған  электролизердің  сызба
нұсқасын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [1105-1112], Интернет.
10-ші  тақырып: Балқытқыш  қышқылынан  фтор  қосылыстарын
өндіру.
Тапсырмалар: 1. Криолитті алу.
                         2. Үрдіс негізіндегі реакциялар.
                         3. Криолитті пайдалану.
Əдістемелік ұсыныстар: криолиттің əртүрлі алу əдістерін қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.

Əдеб. 2 нег. [1124-1126], Интернет.
11-ші тақырып: Балқытқыш қышқылынан металл фторидтерін алу.
Тапсырмалар: 1. Алюминий фторидін алу.
                         2. Натрий фторидін алу.
                         3. Металл фторидтерінің қолданылуы.
Əдістемелік  ұсыныстар: балқытқыш қышқылынан металл фторидтерін
алу əдістерін қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [1126-1129], Интернет.
12-ші  тақырып: Балқытқыш  шпатынан  криолит  пен  натрий
фторидын алудың сілтілік əдістері.
Тапсырмалар: 1. Балқытқыш шпатты кремнезем жəне содамен күйдіру.
                         2. Үрдіске соданың артық мөлшерінің əсері.
Əдістемелік ұсыныстар: əртүрлі əсер етуші факторладрың əсерін жəне
үрдістің жағдайларын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [1129-1134], Интернет.
13-ші тақырып: Фторлы газдарды ұстап қалу.
Тапсырмалар: 1. Қуыс камераларда фторлы газдардың абсорбциясы.
                         2. Əртүрлі конструкциялы абсорберлер.
Əдістемелік ұсыныстар: механикалық  абсорбердің жəне абсорбциялық
камераның құрылысын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [1136-1141], Интернет.
14-ші тақырып: Кремнефторидтер.
Тапсырмалар: 1. Кремнийфторлы  сутек  қышқылынан  натрий
кремнефторидін алу.
                         2. Аммоний кремнефторидін алу.
                         
3.  Калий,  магний,  кальций  жəне  т.б.  кремнефторидтерін
алу.
Əдістемелік
ұсыныстар:
өнеркəсіптік 
жағдайларында
кремнефторидтердің қолданылуын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [1142-1148], Интернет.
15-ші тақырып: Натрий фториді өндірісінің поташтық əдісі.
Тапсырмалар: 1. Əдістің маңызы.
                         2. Сода мен калий кремнефторидтен натрий фторидін алу.
                         3. Сода мен газ тəрізді SiF
4
-тен натрий фторидін алу.

Əдістемелік  ұсыныстар:  əртүрлі  шикізатпен NaF өндірістерінің
сызбаларын қарастыру.
СОӨЖ өткізу түрі – презентация.
Əдеб. 2 нег. [1154-1158], Интернет.
2.5 Студенттердің өзіндік жұмыс (СӨЖ) жоспары
1-ші тақырып: Ас тұзының табиғи көздері.
Тапсырмалар: 1. Тұнбалы тұз.
                         2. Өздігінен тұнбаға түсетін тұз.
                         3. Тас тұзы.
Əдістемелік ұсыныстар: əртүрлі тұздардың алу əдістерін қарастыру.
Əдеб.: 1 нег. [64-68], Интернет.
2-ші тақырып: Фторлы газдарды аммиакты əдіспен ұстау жəне қайта
өңдеу.
Тапсырмалар:
1. Кремнийфторлы  сутек  қышқылды  аммиакпен
бейтараптау.
                         2. Өндірістік жағдайлар.
Əдістемелік ұсыныстар: өндірістің негізгі принциптерін қарастыру.
Əдеб.: 2 нег. [271-274], Интернет.
3-ші тақырып: Үлпені алу.
Тапсырмалар: 1. Сөндірудің физика-химиялық негіздері.
                         2. Əкті сөндіруге арналған аппарат.
Əдістемелік  ұсыныстар:  əк  сөндірудің  принципиалды  сызба-нұсқасын
қарастыру.
Əдеб.: 2 нег. [1442-1444].
4-ші тақырып: Əкті сөндіру бөлімінің технологиялық режимі.
Тапсырмалар: 1. Үрдістің технологиялық көрсеткіштері.
                         2. Бос СаО, сүтіндегі титрді анықтау.
Əдістемелік ұсыныстар: кейбір технологиялық көрсеткіштерді табу.
Əдеб.: 3 нег. [46-48], 4 нег. [369-372], Интернет.
5-ші тақырып: Əкті сөндіру бөлімінде еңбекті қорғау.
Тапсырмалар: 1. Əк сүтінің адам организміне зиянды əсері.
                         
2.  Əк  сүтімен  жұмыс  істегенде  қауіпсіздік  жағдайларын
сақтау.
Əдістемелік ұсыныстар: негізгі нормативтік құжаттарды қарастыру.
Əдеб.: 3 нег. [50], 4 нег. [369-372], Интернет.
6-ші тақырып: Кальцийленген соданың каустификациялау дəрежесін
есептеу.
Тапсырма: Феррит құрамында 20,8% күйдіргіш натр жəне 3,1% сода бар.
Əдістемелік ұсыныстар: ферриттік əдісін қарастыру.

Əдеб.: 4 нег. [369-372].
7-ші  тақырып: Сөндірілген  ферриттің  құрамын  жəне  су  шығымын
есептеп шығару.
Тапсырма:  Сөндіргенде  құрамында  сода – 167,3 кг; Fe
2
O
3
 2040,2 кг;
Na
2
O
.
 Fe
2
O
3
 – 2803 жəне басқа қоспалар – 311,3 кг бар қақ түседі.
Əдістемелік ұсыныстар: реакцияға 50% Na
2
O
.
 Fe
2
O
3
 қатысады.
Əдеб.: 3 қос. [575].
8-ші  тақырып: Күйдіргіш  натрий  алуына  кететін  сода  шығымын
есептеу.
Тапсырма: Күйдіргіш  натрий  құрамында 95% NaOH бар, оны
буландыру, балқыту жəне барабандарға құю кезінде жалпы мөлшерінен 4,5%
жоғалады, ал соданың жоғалуы – 2%.
Əдістемелік ұсыныстар: есеп 1 т каустикалық содаға жүргізу.
Əдеб.: 3 қос. [581].
9-ші  тақырып: Күйдіргіш  натрий  алуға  қажетті  бу  шығымын
анықтау.
Тапсырма: Егер  де  каустификацияға  сөндірілмеген  əк  қолданылса, 1 т
95% каустикалық  сода  ерітіндісін  қыздыру  үшін  будың  шығыны  қаншаға
азайады?
Əдістемелік ұсыныстар: бу энтальпиясы 650 ккал/кг тең.
Əдеб.: 3 қос. [581].
10-ші тақырып: Каустикалық сода алудың əктік əдісі.
Тапсырмалар: 1. Үрдістің мəні.
                         2. Негізгі аппаратура. Технологиялық режим.
Əдістемелік  ұсыныстар:  өндірістің  технологиялық  сызба  нұсқасын
қарастыру.
Əдеб.: 3 нег. [218-242], Интернет.
11-ші тақырып: Каустикалық сода алудың ферриттік əдісі.
Тапсырмалар: 1. Үрдістің мəні.
                         2. Негізгі аппаратура.
                         3. Технологиялық режим.
Əдістемелік  ұсыныстар:  өндірістің  технологиялық  сызба  нұсқасын
қарастыру.
Əдеб.: 3 қос. [569-570], Интернет.
12-ші тақырып: Каустикалық соданың шығымын анықтау.
Тапсырма: Каустификацияның тепе-теңдік дəрежесі 86% тең.
Əдістемелік ұсыныстар: 100%-дық сода есебімен шығымын анықтау.
Əдеб.: 3 нег. [242].

13-ші тақырып: Натрий хлорид ерітіндісінің электролизі.
Тапсырмалар: 1. Сынап катодымен электролизі.
                         2. Диафрагмамен электролизі.
                         3. Ионалмасу мембранасымен электролизі.
Əдістемелік 
ұсыныстар: 
əртүрлі 
электролизердің 
құрылысын
қарастыру.
Əдеб.: 1 нег. [304-338], 3 нег. [242-249], Интернет.
14-ші тақырып: NaOH өндірісінің негізгі аппаратурасы.
Тапсырмалар: 1. Диафрагмалы электролизер.
                         2. Биполярлы жəне горизонталды электролизерлер.
Əдістемелік ұсыныстар: электролизерлердің құрылысын қарастыру.
Əдеб.: 4 нег. [403-410].
15-ші  тақырып: Электролиздік  əдіспен NaOH алу  өндірісіндегі
еңбекті қорғау.
Тапсырмалар: 1. Өндірісте алынатын зиянды қоспалар.
                         2. Қауіпсіздік техникасы.
Əдістемелік ұсыныстар: негізгі нормативтік құжаттарды қарастыру.
Əдеб.: 4 нег. [410-414].
2.6 Курс бойынша жазба жұмыстардың тақырыптары
Рефераттардың тақырыптары:
1. Табиғи шикізатты қайта өңдеудің негізгі əдістері.
2. Минералдық тұздар жəне оларды өндіру тəсілдері.
3. Ас тұзының кен орындары, оларды өндіру.
4. Натрий сульфатының кен орындары, оларды өндіру.
5. Күйдіргіш натрий алудың химиялық əдістері.
6. Күйдіргіш натрий алудың электрохимиялық əдістері.
Əдеб.: 1, 2, 3, 4, 5 нег.
2.7 Өзіндік  бақылауға  арналған  дұрыс  жауап  көрсетілген  тестік
тапсырмалар
$$$ 1
Тұздарды жер асты шамалаудың ең прогрессивті əдісі:
A) тікағынды шаймалау
B) қарама-қарсы ағынды шаймалау
C) тікағынды-қарама-қарсы шаймалау
D) сатылы шаймалау
E) тұзды камераларын сумен батыру
$$$ 2
Бассейіндік əдісінде ең негізгі фактор болып табылатыны:
A) рапаның температурасы
B) бассейіннің ұзындығы

С) бассейіннің ауданы
D) рапа қабатының қалындығы
E) рапаның булануы
$$$ 3
Заттан құрылымдық су  мен  көміртек диоксидін жою  үрдісін былай  деп
атайды:
A) кальцинациялық күйдіру
B) тотықтырғышты күйдіру
С) тотықсыздандырғыш күйдіру
D) сульфаттанып күйдіру
E) пісу
$$$ 4
Физикалық еру үрдісінің жылдамдығы тең:
A) dG/dτ = KF(x
o
 – x)
B) dG/dτ = KFC
С) dG/dτ = (K
1
 + K
2
C) F
D) dG/dτ = F∆x
E) dG/dτ = KFx
$$$ 5
Бор қышқылынан бураны алу негізіне жататын реакция:
A) Na
2
B
4
O
7
.
 10Н
2
О + 2NaOH + 4H
2
O
2
 + H
2
O = 4(NaBO
2
.
 H
2
O
2
.
 3H
2
O)
B) 2MgO
.
 B
2
O
3
.
 H
2
O + 2Н
2

4
 + аq = 2MgSО
4
 + 2H
3
ВО
3
 + аq,
С) СаО
.
 MgO
.
 3B
2
O
3
.
 6H
2
O + 2Н
2

4
 + аq = СаSО
4
 + MgSО
4
 + 6H
3
ВО
3
 +
аq.
D) 2СаО
.
 В
2
О
3
.
 2SiO
2
.
 Н
2
О + 2Н
2
O = 2СаSiO
3
 + 2Н
3
ВО
3
E) Nа
2
СО
3
 + 4Н
3
ВО
3
 = Na
2
В
4
О
7
 + СО
2
 + 6Н
2
О
$$$ 6
Бор қышқылынан перборатты алу негізіне жататын реакция:
A) СаО
.
 MgO
.
 3B
2
O
3
.
 6H
2
O + 2Н
2

4
 + аq = СаSО
4
 + MgSО
4
 + 6H
3
ВО
3
 +
аq.
B) Н
2

4
 + Na
2
B
4
O
7
 + 5H
2
O = 4H
3
ВО
3
 + Na
2
SO
4
C) H
3
BO
3
 + NaOH + H
2
O
2
 + H
2
O = NaBO
2
.
 H
2
O
2
.
 3H
2
O
D) Na
2
B
4
O
7
.
 10Н
2
О + 2NaOH + 4H
2
O
2
 + H
2
O = 4(NaBO
2
.
 H
2
O
2
.
 3H
2
O)
E) 2СаО
.
 В
2
О
3
.
 2SiO
2
.
 Н
2
О + 2Н
2
O = 2СаSiO
3
 + 2Н
3
ВО
3
$$$ 7
Бор қышқылының формуласы:
A) НВО
3
B) НВF
4
C) Н
3
ВО
3
D) Н
2
В
4
О
7

E) Na
2
В
4
О
7
$$$ 8
Əктік əдіспен күйдіргіш натрий алудың негізіне жататын реакция:
A) SiO
2
 + Na
2
CO
3
 = Na
2
SiO
3
 + CO
2
B) 2CaO
.
 SiO
2
 + 2Na
2
CO
3
 + H
2
O = 2CaCO
3
 + Na
2
SiO
3
 + 2NaOH
C) Na
2
CO
3
 + Ca(OH)
2
 = 2NaOH + CaCO
3
D) Na
2
CO
3
 + Fe
2
O
3
 = Na
2
O
.
 Fe
2
O
3
 + CO
2
E) Na
2
O
.
 Fe
2
O
3
 + H
2
O = 2NaOH + Fe
2
O
3
$$$ 9
Ферриттік əдіспен күйдіргіш натрий алудың негізіне жататын реакция:
A) 2NaCl + 2H
2
O = 2NaOH + Cl
2
 + H
2
B) 2CaO
.
 SiO
2
 + 2Na
2
CO
3
 + H
2
O = 2CaCO
3
 + Na
2
SiO
3
 + 2NaOH
C) Na
2
CO
3
 + Ca(OH)
2
 = 2NaOH + CaCO
3
D) Na
2
O
.
 Fe
2
O
3
 + H
2
O = 2NaOH + Fe
2
O
3
E) Na
2
CO
3
 + Fe
2
O
3
 = Na
2
O
.
 Fe
2
O
3
 + CO
2
$$$ 10
Каустификациялау дəрежесі тең:
A) К =
[
]
[
]
[ ]
[
]
.
2
3
2
3
2
2
-
-
=
CO
OH
CO
Na
NaOH
B) К =
[ ]
[ ]
[
]
100
2
3
×
+
-
-
-
CO
OH
OH
C) η =
[
]
[
]
[ ]
[
]
.
2
3
2
3
2
2
-
-
=
CO
OH
CO
Na
NaOH
D) К =
[ ]
[ ]
[
]
-
-
-
+
2
3
CO
OH
OH
E) η =
[ ]
[ ]
[
]
100
2
3
×
+
-
-
-
CO
OH
OH
$$$ 11
Күйдіргіш  натрий  өндірісінің  электролиздік  əдісі  келесі  теңдеумен
белгіленеді:
A) 2NaCl + 2H
2
O = 2NaOH + Cl
2
 + H
2
B) 2CaO
.
 SiO
2
 + 2Na
2
CO
3
 + H
2
O = 2CaCO
3
 + Na
2
SiO
3
 + 2NaOH
C) Na
2
CO
3
 + Ca(OH)
2
 = 2NaOH + CaCO
3
D) Na
2
O
.
 Fe
2
O
3
 + H
2
O = 2NaOH + Fe
2
O
3
E) Na
2
CO
3
 + Fe
2
O
3
 = Na
2
O
.
 Fe
2
O
3
 + CO
2
$$$ 12
Натрий хлоридін ерітіндісінің катодты үрдісі:
A) 2Сl
-
 - 2e = Cl
2

B) 2Н
2
О + 2е = Н
2
 + 2ОН
-
C) 4OH
-
 - 4e = O
2
 + H
2
O
D) Cl
2
 + H
2
O = HClO + HCl
E) Na + nHg = NaHg
n
$$$ 13
Диафрагмалы электролиздегі катод:
A) сынап
B) темір
C) катион алмасу мембранасы
D) диафрагма
E) анион алмасу мембранасы
$$$ 14
Амальгама катодында келесі реакция жүреді:
A) 2Сl
-
 - 2e = Cl
2
B) 2Н
2
О + 2е = Н
2
 + 2ОН
-
C) 4OH
-
 - 4e = O
2
 + H
2
O
D) Cl
2
 + H
2
O = HClO + HCl
E) Na + nHg = NaHg
n
$$$ 15
Тенардит формуласы:
A) Na
2
SO
4
.
 CaSO
4
B) Na
2
SO
4
.
 MgSO
4
.
 4H
2
O
C) Na
2
SO
4
D) Na
2
SO
4
.
 10H
2
O
E) Na
2
SO
4
.
 3K
2
SO
4
$$$ 16
Мирабилит формуласы:
A) Na
2
SO
4
.
 CaSO
4
B) Na
2
SO
4
.
 MgSO
4
.
 4H
2
O
C) Na
2
SO
4
D) Na
2
SO
4
.
 10H
2
O
E) Na
2
SO
4
.
 3K
2
SO
4
$$$ 17
Глаубер тұзы бұл:
A) тенардит
B) глауберит
C) астраханит
D) мирабилит
E) глазерит

$$$ 18
Калий хлоридінің балқу температурасы:
A) 682°С
B) 728°С
C) 768°С
D) 856°С
E) 1000°С
$$$ 19
Калий сульфатының балқу температурасы:
A) 1417°С
B) 1069°С
C) 1376°С
D) 1330°С
E) 1000°С
$$$ 20
Натрий  гидросульфидінің  тотығу  реакциясы  мына  реакция  бойынша
жүреді:
A) NaHS + O
2
 = NaHSO
2
B) 2NaHS + O
2
 = Na
2
S
2
O
3
 + H
2
O
C) NaHS + ½O
2
 = NaOH + S
D) 2NaHS + 2 O
2
 = 2 NaHSO
3
E) 2NaHS + 3 O
2
 = 2 NaOH + 2 SO
2
$$$ 21
Сольбар – бұл:
A) Вa(HS)
B) ВаSO
3
C) ВaS + S
D) ВаS
E) ВaSО
4
$$$ 22
Ауыр шпат – бұл табиғи:
A) СaSO
4
B) BaSO
4
C) FeSO
4
D) PbSO
4
E) MgSO
4
Сұрақ номері
Дұрыс жауап
Сұрақ номері
Дұрыс жауап
1
D
12
B
2
E
13
B
3
A
14
E
4
A
15
C
5
E
16
D

6
C
17
D
7
B
18
C
8
C
19
B
9
D
20
B
10
E
21
C
11
A
22
B
2.8. Өткен курс бойынша емтихан сұрақтарының тізімі:
1. Минералдық тұздардың маңызы, оларды қолданылу салалары.
2. Табиғи тұздықтар жəне тұзды өзендерінің жіктелуі.
3. Минералдық тұздарды жерасты шаймалаумен өндіру.
4. Бейорганикалық тұздарды тұздықтардан алу жолдары.
5. Тұздықтарды бассейіндік тəсілмен қайта өңдеу.
6. Натрий хлоридінің физика-химиялық қасиеттері.
7. Натрий хлоридін өндіру тəсілдері.
8. Натрий сульфатының физика-химиялық қасиеттері.
9. Натрий сульфатының қолданылу аймақтары.
10. Натрий сульфатын алу тəсілдері.
11. Калий тұздарын алу əдісттері.
12. Калий  тұздардың  технологиялық  қасиеттері  мен  қолданылу
аймақтары.
13. Хром тұздарының қасиеттері мен қолданылу салалары.
14. Натрий бихроматының өндірісі.
15. Мыс тұздарының негізгі қасиеттері мен қолданылу салалары.
16. Түйіршіктелген мыстан мыс сульфатын өндіру.
17. Барий тұздарының негізгі қасиеттері мен қолданылу аймақтары.
18. Барий хлориді мен барий сульфатының өндірісі.
19. Маңызды  бейорганикалық  негіздер. Олардың  технологиялық
қасиеттері мен қолданылуы.
20. Натрий гидроксиді жəне оны алу əдістері.
21. Күйдіргіш натрды əктік əдісімен алу.
22. Күйдіргіш натрды ферриттік əдісімен алу.
23. Каустикалық соданың электрхимиялық əдістері.
24. Əктік сүтін алу.
25. Натрий  хлор  ерітіндісін  электролиздеу. Үрдістің  физика-химиялық
негіздері.
26. Электрхимиялық үрдістер.
27. Галит  ерітіндінің  электролизі. Электролиз  үрдісінің  тиімділігін
көрсететін критерилері.
28. Электрохимиялық  əдіспен  күйдіргіш  натрды, хлор  жəне  сутекті
өндіру.
29. Электролизердің негізгі түрлері.
30. Электролиз үрдісінің негізгі көрсеткіштері. Ток бойынша шығымы.
31. Натрий хлориді ерітіндісінің ыдырау кернеуі.
32. Заттың электрохимиялық эквиваленті.

33. Энергияның нақтылы шығыны.
34. Диафрагмалы электролизердің құрылғысы.
35. Диафрагма əдісі, оның құрылымдық сызба-нұсқасы.
36. Қатты электролизердің сипаттамасы.
37. Негізгі боратты шикізат. Минералдардың түрлері.
38. Табиғаттағы минералдық тұздар жəне оларды алу əдістері.
39. Тұздықтардың пайда болуы.
40. Қазбалы тұздар кендерін қазып шығару.
41. Минералды тұздарды жерасты шаймалау тəсілімен өндіру.
42. Тұздықтарды бассейіндік əдісімен қайта өңдеу.
43. Натрий хлордінің физика-химиялық қасиеттері.
44. Натрий хлор өндірісіндегі негізгі шикізаты.
45. Натрий хлордінің қолданылу салалары.
46. Натрий сульфатының алу əдістері.
47. Сильвиниттік кендерді қайта өндірудің физика-химиялық негіздері.
48. Карналиттен калий хлоридін алу.
49. Поташтың физика-химиялық қасиеттері.
50. Поташты өндіру тəсілдері.
51. Поташты күйдіргіш калий ерітіндіні карбонизациялау арқылы алу.
52. Өнеркəсіптік электролиздің негіздері.
53. Химиялық технологиядағы электртермиялық үрдістері.
54. Электролиздің алғашқы жəне екіншілік үрдістері.
55. Электролиздің сандық сипаттамалары.
56. Каустикалық соданы электрхимиялық əдіспен алу.
57. Каустикты диафрагмалы əдісімен өндіру.
58. Каустикты амальгама əдісімен өндіру.
59. Темір  катоды  бар  натрий  хлор  ерітіндінің  электролиздеу. Үрдістің
тиімді көрсеткіштері.
60. Мембрана əдісімен күйдіргіш натрды өндіру.
61. Кальцинирленген соданың технологиялық қасиеттері мен қолданылу
аймақтары.
62. Кальцинирленген сода өндірісінің абсорбциялық бөлімі.
63. Кальцинирленген сода өндірісінің карбонизациялық бөлімі.
64. Аммиакты əдісімен кальцинирленген соданы өндірудің схемасы.
65. Кальцинирленген соданы өндіруге арналған химиялық шикізат.

Глоссарий
Ауыр шпат (барит) – табиғи барий сульфаты.
Балқытқыш  қышқылы – фторлы сутектің сулы ерітіндісі, шыны мен
силикаттарды бұзатын зат.
Бланфикс – ақ, жұқа, аморфты  ұнтақ  түрінде  тұнбаға  түсірілген
жасанды барий сульфаты.
Бура – натрий  тетрабораты  жалпы  формуламен Na
2
B
4
O
7
, сулы
ерітінділерден Na
2
B
4
O
7
.
 5H
2
O немесе Na
2
B
4
O
7
.
 10H
2
O түрінде
кристалданады.
Витерит – барий карбонатының ά-модификациясы.
Датолит – алғашқы  жыныстарды  сумен  ыдырау  нəтижесінде  пайда
болатын сулы кальций боросиликаты.
Каустификация – натрий  карбонатын  əкпен  немесе  əк  сүтімен  өңдеу
үрдісі.
Каустификациялаудың  тепе-теңдік  дəрежесі – кальцийленген
соданың күйдіргіш натрға өту дəрежесі.
Күйдіргіш  натр – каустикалық  сода, натрий  гидроксиді, теріні
бүлдіретін, күйдіретін улы зат.
Литопон – ВаS жəне ZnSO
4
 ерітінділерін төккенде тұнатын ВаSO
4
 жəне
ZnS эквимолекулярлық  қоспасы  сілтінің  жəне  күкіртсутектің  əсеріне  қарсы
қолданатын ақ бояу.
Сольбар – фунгицидтер жəне инсектицидтер ретінде қолданатын күкірт
пен барий сульфидінің қоспасы.
Турмалин – алғашқы  жыныстарға  жататын  айнымалы  құрамындағы
борқұрамдас алюмосиликат.
Электролизер – тұздардың  сулы  ерітінділерінен  электролиз  өткізуге
арналған аппарат.

Жақсылық Əліпбайұлы Алыбаев
Көбекова Шолпан Нақышбекқызы
Бекинбаева Ақнур Сабитқызы
Нысанбаева Ғалима Марленқызы
Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы. III–БӨЛІМ
Пəннің оқу–əдістемелік кешені
(5В072000-Бейорганикалық заттардың химиялық технологиясы
мамандығы үшін)
Редактор
Техн.редактор
Бейорганикалық заттардың
химиялық технологиясы кафедрасы
отырысының хаттамасы                                  № 9 «28» желтоқсан 2011 ж.
Тау-кен металлургия
институтының оқу-əдістемелік
кеңесі отырысының хаттамасы                       № 3 «4» қантар 2012 ж.
Басуға қол қойылды___.___.20___ж.
Таралымы___дана. Пішімі 60х84 1/16. Қағаз типографиялық №1.
Көлемі ___.___оқу-баспа табақ. Тапсырыс №___.Бағасы келесімдік
Ақпараттық – баспа орталығы.

Document Outline

  • 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
    • 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
      • 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
        • 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
          • 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ
            • 2 НЕГІЗГІ ТАРАТЫЛАТЫН МАТЕРИАЛДАР МАЗМҰНЫ

Каталог: sites -> default -> files -> books
books -> ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы
books -> Қолданбалы экология
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Ж. Ә. Бүркітбаев атындағы Өнеркәсіптік инженерия институты «Көтеру-тасымалдау машиналары мен гидравлика» кафедрасы
books -> Қазақстан республикасының білім жəне ғылым министрлігі
books -> Қазақстан республикасы білім жəне ғылым министрлігі
books -> Студенттің ПƏндік оқУ-Əдістемелік кешені

жүктеу 5.16 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет