А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова



жүктеу 2.8 Kb.

бет6/6
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6

              
 
Ұлыстың  ұлы  күні  адамдар  бір-біріне  деген 
ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. 
Дастарқанның  басты  асы  наурызкөже  болған. 
Наурызкөже  жеті  түрлі  тағамнан  жасалған.  "Наурыз 
көжені  тойып  ішу  керек,  сонда  жыл  бойы  тоқшылық 
болады!"  деген  сенім  бар.  Дастарқан  басында  жастар 
үлкендердің батасын алған. Бата  - үлкендердің өзінен 
жасы  кішілерге  беретін  ықыласты  тілегі.  Ақсақалдар: 
"Ұлыс  оң  болсын!  Ақ  мол  болсын,  қайда  барса  жол 
болсын!" - деп бата береді.  
Бұл  мейрамды  берекелі  етіп  тойласа  үйге  ырыс 
пен бақ келеді деп сенген. Мейрам күні қазақтар әдемі 
киімдерін  киіп,  бір-бірлеріне  қонаққа  барады,  келер 
жыл  ырысты  болсын  деп  жақсы  тілектер  айтады. 
Тойлау 
барша 
қауымдық 
сауық-сайранмен, 
ойындармен,  ат  жарысымен  және  т.б.  көңіл 
көтерушілікпен жалғасады.  
Дәстүр  бойынша  Наурыз  айтыс  өткізіледі.  Бұл 
жақсылық пен жамандықтың, суық пен жылының, жаз 
бен 
қыстың 
айтысы. 

Наурыз  мейрамында  –  қыз  қуу,  күрес,  көкпар, 
алтыбақан  т.б.  сынды  түрлі  ұлттық  ойындармен 
ұласып, айтыс-тартыс, ән  – жырмен ажарлана түскен. 
«Наурыз 
жыры» 
және 
«Жарапазан» 
әндері 
орындалып,  жиылған  халық  бір-біріне  береке-бірлік, 
молшылық  пен  амандық-саулық  тілеп  ұлыстың  ұлы 
күнімен құттықтаған.  
Қазақстанда  ресми  түрде  Наурыз  1988  жылдан 
бері тойланып келеді. Бұл күнде Наурыз мейрамы көп 
ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесі. 
Наурыз - бейбітшілік, достық, еңбек мерекесі. 
 
Біліп ал! 
 
Ең 
басты 
салттық 
тағам  наурыз-көже  болып 
саналады.  
Наурыз-көже  7  түрлі 
тағамнан  жасалуы  тиіс.  Бұл 
өмір  сүру  үшін  маңызды  7 
белгіні:  су,  ет,  тұз,  май,  ұн, 
дәндер (күріш, жүгері немесе 
арпа)  және  сүтті  білдіреді. 
Қазақтар үшін 7 саны – қасиетті сандардың бірі.
                       
 
 
Ән тыңдау! 
 
Роза 
Рымбаеваның 
орындауында 
 
Мұқағали 
Мақатаевтың  сөзіне  жазылған,  Талғат  Сарыбаевтың 
«Наурыз-думан» әнін тыңдап көрелік! 
 
Сұрақтар:  
-
 
Наурыз қандай ұғымды білдіреді? 
-
 
Не себепті Наурыз айын жыл басы деп есептеген? 

-
 
Наурыз мейрамының басты тағамын ата? 
-
 
Наурыз мейрамында қандай әндер орындалған? 
 
Тапсырма:  
1.
 
Ұлыстың ұлы күні – Наурыз жайлы оқып кел.  
2.
 
Домбырадан  Халық  әні  «Құралай».  Үйренген 
буынын қайтала.  
 
ҒАРЫШТА ШЫРҚАЛҒАН ӘН  
 
XX  ғасырдағы  ең  биік  техникалық  жетістік  - 
ғарыштық  кемелер.  Ал  қазақ  халқы  үшін  зор 
мақтаныш  болған  Тоқтар  Әубәкіров  пен  Талғат 
Мұсабаевтың ғарышқа ұшуы еді. 
Талғат  Мұсабаев  ғарыштан  теледидар  арқылы 
жермен  байланысқа  шыққан  уақытта  бүкіл  қазақ 
халқы көз алмай қарап отырды. Қазақ халқы ғарышқа 
ұшып батыр болған Талғат Мұсабаевтан бір ауыз сөз 
күтіп  ынтығумен  болады.  Сол  уақытта  Талғат 
Мұсабаев  Абайдың  атақты  «Көзімнің  қарасы»  атты 
әнін  шырқап  жібергенде,  көзіне  жас  алмаған  қазақ 
қалмаған  болар.  Қазақтың  әнін  ғарышта  шырқаған 
Талғат  Мұсабаев  өзінің  жеріне,  халқына  деген 
 
 

сүйіспеншілігін  Абайдың  осы  әні  арқылы  жеткізген 
еді.  Талғат  Мұсабаев  бұл  әнді  айтқанда  әр  қазақ 
теледидар  алдында  отырып  бірге  қосылып  айтумен 
болды.  Абайдың  бұл  әні  ғарыштан  айтылғанда,  бүкіл 
жер  бетіндегі  әрбір  адамға  ыстық  ықыласын  білдіріп 
жатқандай сезілді. 
Сөйтіп  Абайдың  «Көзімнің  қарасы»  атты  әні  жер 
бетіндегі  миллиондаған  халықтың  басын  қосып, 
сезімін  тербеп,  ән  шырқатты.  Тек  қана  қазақ  халқы 
емес,  Талгат  Мұсабаевтың  ғарыштан  шырқаған  әні 
арқылы оның ыстық  ықыласын  сезіп, оған  барлық  ел 
ризашылық білдірді. 
 
Ән тыңдау! 
Абайдың  «Көзімнің  қарасы»  әні  аспанға  әуелеп 
ұшып,  өзінің  салмақты  да  сазды  әуенімен  адамның 
өн бойын баурап алады. Сұлу сазды бұл ән ақынның 
бар  жан  сезімін  ақтарғандай.  Әнде  жүректің  мұңы 
мен көңілдің терең толғанысы сезіледі. 
«Көзімнің  қарасы»  әнінің  екпіні  жай,  кең 
тынысты минорлы ладта жазылған. Бұл ән халықтың 
ең  сүйікті  әндерінің  бірі  болып  саналады.  Абайдың 
«Көзімнің 
қарасы» 
әнін 
Әлібек 
Дінішевтің 
орындауында тыңдап көрелік! 
С ө з д і к  
Минор - қайғылы, мұңды көңілді 
бейнелейтін әуен. 
 
Біліп ал! 
Қазақ 
халқының 
мәдени 
тарихында 
Абай 
Құнанбаевтың 
(1845-1904) 

алатын  орны  ерекше.  Ағартушы-ақын,  жаңашыл 
композитордың  бір  басына  осындай  сирек  дарын 
қонған.  Жастайынан  халқының  әндері  мен  күйлерін 
сүйіп өскен Абай өзі де көптеген терең ойлы, сырлы 
сазды  әндерді  жазып  қалдырды.  Атап  айтсақ, 
«Желсіз  түнде  жарық  ай»,  «Көзімнің  қарасы», 
«Айттым сәлем, қаламқас», «Сегіз аяқ» т.б. 
 
Ойлан да айт! 
Қазакстанда ғарыш кемелері кай жерден ұшырылады? 
 
Сүрақтар: 
-
 
Қазақтың алғашқы ғарышкерлерін ата. 
-
 
Ғарышта қазақтың қандай әні шырқалды? 
-
 
Ол әнді кім орындайды? 
-
 
Абайдың қандай әндерін білесің? 
 
Тапсырма: 
1.
 
Ғарышта шырқалған ән жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан  Халық  әні  «Құралай».  Бастапқы 
буынын қайтала.  
 
 
ҚАЗАҚСТАН – ЫНТЫМАҚ ПЕН 
ДОСТЫҚТЫҢ МЕКЕНІ  
       
 
      «Бірлік бар жерде - тірлік бар» дейді біздің халық. 
Дана  жұрт  мұны  тегіннен-тегін  айта  салмаса  керек. 
Қазақ  қашаннан  да  бауырмал  халық  қой.  Әр 
кезеңдерде  елімізден  пана  іздеп  келген  "жат 
жұрттардың"  бәрін  бауырына  басып,  төрінен  орын 
беріп, қандай қиын кезеңдердің өзінде бір үзім нанды 
бөліп  жеді.  Сөйтіп,  қазақ  жері  көпұлтты  мемлекет 
болып шыға келді. Бүгін елімізде 136 ұлт пен ұлыстың 

өкілдері  бір  тудың  астында  тату-тәтті  ғұмыр  кешіп 
жатыр. 
1  мамыр  Қазақстан  халқының  бірлігі  күні  - 
көптеген  ұлттардың  татулықтың  туы  астында  бірігіп, 
қуана  қарсы  алатын  үлкен  мерекелі  күніне  айналды. 
Бұл  күні  қасиетті  жерімізді  мекен  еткен  сан  түрлі 
ұлттар өз  өнері  мен  салт  –  дәстүрлерін  паш  етіп  мәз-
мейрам  болып  жатады.  Үлкен  алаңдар  мен  сая 
бақтарда,  мәдениет  сарайлары  мен  достық  үйлерінде 
ұлан-асыр  мерекелік  шаралармен  жарасым  табады. 
Қазақ, орыс, украин, неміс, корей, өзбек, ұйғыр, түрік 
т.б. сынды халықтар ұлттық киімдерімен сәнденіп, ән 
айтып,  би  билеп  жиылған  жұртты  таң-тамашаға 
бөлейді. Мерекеде әрбір ұлт ертеден жеткен  
      
қолөнер  бұйымдары  мен  ұлттық  тағамдарын  ұсынып, 
түрлі спорт ойындарын өткізеді. 
Біздің елімізде қалыптасқан ұлттар тұтастығы мен 
халықтар 
достығының 
арқасында 
бүгінде 
мемлекетіміз  өркендеп,  іргелі  мемлекетке  айналып 
ілгері басып келеді.  

Ән тыңдау! 
Роза  Багланованың  орындауында  орыстың  халық 
әні «Ах, Самара городокты»  тыңдап 
көрелік!  
Біліп ал! 
Қазақтың бұлбұл әншісі Роза 
Бағланова   1941  жылдың  тамыз 
айынан  басталған  Ұлы  Отан 
соғысына аттанып, қан майданда 
ән айтып жауынгерлердің рухын 
көтерді.    Роза  Бағланова  ән 
айтып  қана  қоймай,  соғыста 
жараланған 
жауынгерлерге 
демеу  де  бола  білді.    Соғыс  аяқталғанша 
жауынгерлермен  майданда  бірге  жүрген  Роза  апай 
1945 жылы Берлинде қол жеткізген жеңіс шеруінде ән 
шырқайды.  Роза  Бағланова  көптеген  елдерді  көзімен 
көріп,  сол  елдердің  өнері  мен  мәдениетін  танып,  өз 
жанына  жақын  әндерін  үйрене  жүреді.  Сөйтіп  Роза 
Бағланова  әлем  халықтарының  әндерін  нақышына 
келтіріп орындай алатын шебер әншіге айналады. Роза 
апайдың  ән  қоржынында  –  қазақ,  орыс,  өзбек,  тәжік, 
украин,  грузин,  әзірбайжан,  қырғыз,  корей,  поляк, 
венгр,  қытай,  монғол  және  үндінің  халық  әндері 
кеңінен орын алған.  
 
Сұрақтар: 
-
 
Сенің 
ауылыңда 
1-мамыр 
мерекесі 
қалай 
тойланады?  
-
 
Мектебіңде би үйірмесі бар ма? Қай халықтың биін 
билегенді ұнатасың? 
Тапсырма
1.
 
Қазақстан – ынтымақ пен достықтың мекені 
тақырыбын оқып кел. 

2.
 
Домбырадан Халық әні «Құралай». Үйренген 
буынын қайтала. 
 
ЖАҢҒЫРҒАН ӨНЕР 
 
 
 
 
Халық  әндері  мен  күйлері  ғасырлар  өте  келе  жаңа 
заманға  лайық  жаңаша  жаңғырып  келеді. Дәстүрлі  ән 
мен  күйдің  классикалық  үлгісін  жасаған  халық 
композиторларының  шығармалары  бүгінгі  заманның 
жаңа  туындыларына  негіз  болды.  XX  ғасырдың 
жаңалығы  болған  оркестрлер  мен  ансамбльдердің 
орындауындағы  әндер  мен  күйлер  дүниені  дүр 
сілкіндірді.  Ал,  XXI  ғасырдың  дүлеу  ағымына  ілесе 
кеткен  дәстүрлі  өнеріміз  бұл  күнде  әлем  халықтарын 
таңдандырып  келеді.  Негізі  берік  шынайы  өнердің 
өміршең 
болуы 
заңдылық! 
Ұрпақтан-ұрпаққа 
жалғасқан  аталы  дәстүр  бүгінгі  заманның  да  қамын 

ойлағандай  өзінің  ұзақ  сонар  сапарын  жалғастырып 
алып барады.  
 
Ғасырдың 
соңғы 
ширегінде 
еуропаның 
классикалық  аспаптарының  репертуарында  және 
эстрада  жанрында  халық  әндері    мен  күйлері  кеңінен 
орын  алады.  Тіпті  ұлттық    музыканы  орындау 
дәстүрге  айналып,  орындаушылар  болса  халықтың 
үлкен ықыласына бөлене бастайды.  
 
 
 
Дәстүрлі  өнеріміз  жаңа  заманның  ақпараттық 
ағымына  оп-оңай  ілесе  кетеді.  Мысалы,  Тәттімбеттің 
«Сарыжайлау»  күйін  скрипка  аспабында  тамаша  рең 
беріп  орындаған  Жәмилә  Серкебаева  болды.  Күйдің 
сұлу  сазды  иірімі  скрипка  аспабының  дыбысымен 
бірден-ақ  үйлесе  кетеді.      Ал,  эстрада  жанрында 
кеңінен  орын  алған  Құрманғазының  «Адай», 
Дәулеткерейдің  «Көрғұлы»,  Махамбеттің  «Жұмыр 
Қылыш», Қазанғаптың «Көкіл» сынды күйлері бүгінгі 
заманға лайық  жаңаша қырын ашқандай болды.  
 
 
 
 

 
Ал,  елімізге  аса  танымал  «Досмұқасан»  ансамбілі 
көптеген  халық  әндерін  халық  арасына  кеңінен 
таралуына  зор  үлес  қосады.  Әсіресе,  халық  әндері 
«Құдаша»,  «Ауылың  сенің  іргелі»,  Ақан  серінің 
«Ләйлімін»  орындап  халықтың  ықыласы  мен 
кұрметіне  бөленеді.  Осылайша  эстрада  жанрында 
халық  әндерін  орындау  дәстүрге  айналады.  Роза 
Рымбаева, Мақпал Жүнісова, Мәдина Ералиева сынды 
халықтың  сүйікті  әншілері  бұл  дәстүрді  жалғастыра 
түседі. Бүгінгі күнде жас орындаушылар халық әндері 
мен  терме-толғауларын  жас  ұрпақтың  танымы  мен 
талғамына сай жүрек түкпіріне жеткізе білді.  
 
Дәстүрлі  өнер  мәңгі  өшпестей  ғасырдан  ғасырға 
ұласып,  жарасымды  жалғастығын  тауып,  жаңаша 
жаңғыруын тоқтатар емес!  
 
Ән тыңдау! 
«Досмұқасан» ансамбілінің орындауында Ақан серінің 
әні «Ләйлім шырақ» әнін тыңдап көрелік! 
 
Біліп ал! 
 
Қазақтың  эстрада  жанрының  қалыптасуының 
көш  басында  тұрған  Рабиға  Есімжанова,  Жамал 
Омарова,  Роза  Бағланова,  Суат  Әбусейітов,  Нұрғали 
Нүсіпжанов  сынды  әйгілі  әншілерді  атаймыз.  Ал, 
халық  әндерін  классикалық  үлгіде  орындаған  әйгілі 
опера  әншілерінің  қатарында  Ермек  Серкебаев, 
Бибігүл  Төлегенова,  Әлібек  Дінішев  болды.  Әсіресе, 
Ермек 
Серкебаевтың 
«Япыр-ай», 
Бибігүл 
Төлегенованың «Гаухар тас» сияқты халық әндері мен  
Әлібек 
Дінишовтың 
орындауындағы 
Абайдың 
«Көзімнің  қарасы»  әні  қазақтың  классикалық  музыка 
өнеріндегі айшықты туындыларға айналып отыр.   
 

Сұрақтар:  
-
 
Эстрада жанрында кеңінен орын алған күйлерді ата?  
-
 
«Досмұқасан»  ансамбілінің  орындауында  қандай 
әндер танымал болды? 
-
 
Халық  әндерін  насихаттауда  зор  үлес  қандай 
әншілерді білесің? 
Тапсырма:  
1.
 
Жаңғырған өнер жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан  Халық  әні  «Құралай».  Үйренген 
буынын қайтала. 
ЕЛІМ МЕНІҢ 
 
Туған  елдей  ел  болмас,  туған  жердей  жер  болмас 
деп қазақ халқы ғасырлар бойы елі мен жерін жаудан 
қорғап, ұрпақтан-ұрпаққа мирас етті.  Ел аузында аңыз 
болып  сақталған  мына  бір  әңгіме  желісіне  құлақ 
түрейік! 

Ерте  замандарда  елді  бір  ақылды  хан  басқарыпты. 
Көрші қытай елімен тату тұрыпты. Күндердің күнінде 
көрші  елден  атой  салып  елші  келіпті.  «Уа,  алдияр, 
көрші қытай: «Егер менімен тату болам десе ең жүйрік 
атын  берсін!»  -  деп  талап  қойып  отыр  -  дейді.  Өз 
елінің  тыныштығын,  екі  елдің  бірлігін  қалаған  хан, 
көп  жүйріктің  ішінен  дүлдүлін  таңдап  береді.  Бірақ, 
ханның бұл шешіміне билер ренжиді. Сонда хан: «Ел 
бірлігі  жолында,  бір  жүйрікті  қидым.  Еліміз  тыныш 
болса,  бір  жүйріктің  орнына,  жүз  жүйрік  келер»  - 
деген  екен.  Арада  біраз  уақыт  өткен  соң  көрші  елден 
тағы  елші  келіп:  «Уа,  алдияр  қытай  елі  менімен  тату 
болам десе, сүйген жарын берсін» - дейді. Бұл хабарға 
хан  көп  ойланып-толғанады.  Өз  елінің  тыныштығын 
ойлаған  хан  ақыры  елшінің  қойған  бұл  талабын  да 
орындайды.  Ханның  бұл  шешіміне  ел  ішіндегі  билер 
тағы  наразы  болады.  Бірақ  хан:  «Егер  елмен  елдің 
арасы  тыныш  болса,  жүйрік  ат  пен  сұлу  жар  да 
табылар» деген екен. Уақыт зымырап өтіп жатады. Бір 
күні  көрші  елден  суық  хабар  тағы  келіп  жетеді.  «Уа, 
алдияр,  көрші  хан,  егер  ел  тыныштығын  қаласа, 
қасиетті  туып-өскен  жерінің  бір  бөлігін  кесіп  берсін» 
дейді. Мұндай сұмдықты естіген хан ашуға мінеді. Бұл 
қорлыққа шыдамаған хан ойланбастан шешім айтады. 
«Халқым  менің!  Қасиетті  туған  жердің  топырағын 
қорғау  үшін  көрші  елге  соғыс  ашамын!»  деп  жарлық 
береді.  Бұл  жарлықты  естіген  билер  «Ұлы  әміршім, 
көрші  хан  жүйрігің  мен  жарыңды  сұрағанда, 
ойланбастан  беріп  едің.  Елдің  тыныштығын  бұзып 
соғыс  ашқаның  қалай?»  дейді.  Сонда  хан:  «Қасиетті 
жер  -  ата-бабаларымыздың  кіндік  қаны  тамған  жер. 
Найзаның  ұшымен,  білектің  күшімен  қорғаған 
халықтың  жері.  Қасиетті  туған  жерімнің  бір  бөлігін 

басқа  елге  бергенше,  жерімді  қорғап  өлгенім  артық» 
деген  екен.  Сөйтіп  туған  жерді,  ел-халықты  жаудан 
қорғап тыныштық орнатқан екен.   
Балалар,  ата-бабаларымыз  ұрпағын  ойлап  халқына 
мирас  еткен    туған  жеріміз    біз  үшін  қасиетті  де 
қадірлі.    Ғасырлар  бойы  аңсаған  тәуелсіздікке  қол 
жеткізіп,  егемен  ел  болып  мәртебеміз  асқақтады. 
Барлық  қазақ  баласы  көк  тудың  астына  жиылып, 
бірлігіміз  жарасқан  елге  айналдық.  Халқымыздың 
туған  елге,  жерге  деген  сүйіспеншілігі  ән  мен  жыр 
арқылы  кеңінен  тарады.  Туған  жерімізді,  туып  өскен 
елімізді  жыр  еткен,  халқымыздың  ән  ұранына 
айналған  Ш.Қалдаяқовтың  «Менің  Қазақстаным», 
Е.Хасанғалиевтың  «Атамекен»,  Н.Тілендиевтың  «Өз 
елім»,  Б.Тілеухан  «Елім  менің»  Б.Тәжібаев  «Туған 
жер»  т.б.  көптеген  әндер  ел  ішіне  кеңінен  тарап, 
рухын асқақтатты.    
 
Ән тыңдау
!   
Н.Назарбаевтың сөзіне жазылған  Б.Тілеухановтың әні 
«Елім менің».  
 
Біліп ал! 
Бекболат  Қанайүлы  Тілеухан  1966 
жылы  Қарағанды  облысы,  Жаңаарқа 
ауданында  дүниеге  келген.  Бекболат 
атақты 
жезтаңдай 
әншілеріміз 
Жәнібек  Кәрменов  пен  Қайрат 
Байбосыновтан дәріс  алған.  Ол  Арқа 
әндерін  шебер  орындаумен  қатар, 
ұмыт  болған  қобызбен  жырлау 
дәстүрінің  қайта  жаңғыруына  зор 
үлес  қосты.  Ақтамберді,  Қазтуған,  Доспамбет 

жырларын  қобызға  қосып,  халыққа  қайта  табыс  етті. 
Бекболат - Қазақстанның еңбек сіңірген артисі. 
 
Ойлан да айт! 
Отан деген ұғымды қалай түсінесің?  
 
Сұрақтар:  
-
 
Не себепті хан көрші елге соғыс ашады? 
-
 
Туған ел мен жерге арналған қандай әндерді білесің? 
 
Тапсырма:  
1.
 
Елім менің тақырыбын оқып кел.  
2.
 
Домбырадан Халық әні «Құралай». Жатқа орында.    
 

ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР! 
 
1.
 
Туған  ел  мен  жерге  арналған  қандай  әндерді 
білесің? 
2.
 
Наурыз қандай ұғымды білдіреді? 
3.
 
Наурыз мейрамының басты тағамын ата? 
4.
 
Наурыз мейрамында қандай әндер орындалған? 
5.
 
«Досмұқасан»  ансамбілінің  орындауында  қандай 
әндер танымал болды? 
6.
 
Не себепті көптеген әндер халық атымен аталған? 
7.
 
  Қазақтың алғашқы ғарышкерлерін ата. 
8.
 
 Ғарышта қазақтың қандай әні шырқалды? 
9.
 
 Абайдың қандай әндерін білесің? 
10.
 
Не себепті Үкілі Ыбырай өзінің әнін «Гәкку» деп 
атады? 
11.
 
 Евгений Брусиловский қандай опера жазды? 
12.
 
 Қазіргі заманға лайық қандай әндерді білесің? 
13.
 
  Қазіргі заманда «Гәкку» әнін кім орындап жүр? 
14.
 
Отан Отан деген ұғымды қалай түсінесің?  
 
Сұрақтар:  
-
 
Не себепті хан көрші елге соғыс ашады? 
-
 
Туған ел мен жерге арналған қандай әндерді білесің? 
 
Тапсырма:  
3.
 
Елім менің тақырыбын оқып кел.  
4.
 
  
Домбырадан Халық әні «Құралай». Жатқа орында.    
 
 

ҚОРЫТЫНДЫ СҰРАҚТАР 
 
Мына суретте кімдер бейнеленген? 
 
       
  
 
                          
 
                  
 
                                
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Музыкалық аспаптарды ата

 
 
 
                                                                                                
 
                                                               
                                               
 
                 
                                    
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

МАЗМҰНЫ 
 
Бағдарлама мазмұны 
.................................................................................... 
2   
 
I ТОҚСАН. Ұлы ұстаздар көші 
 
Күй дәстүрінің шежірешісі – Қали 
Жантілеуов............................................. 

Ән өнерінің кереметін паш еткен – Манарбек 
Ержанов...............................  7 
Әншілік өнердің хас шебері - Жүсіпбек 
Елебеков........................................  10 
Қара қобызды сарнатқан – Жаппас Қаламбаев.....12 
Әнін көкке қалықтатқан - Ғарифолла 
Құрманғалиев……………………… 15 
Күй аңызын ардақтай жеткізген  - күйші  Дәулет 
Мықтыбаев…………..  … 
18 
Ұстазды ұлы тұтқан  – күйші Төлеген 
Момбеков………………………….  21 
 
II ТОҚСАН. Түркі халықтарынынң көне 
музыкалық аспаптары 
 
Көнеден жеткен 
аспап............................................................................25 
Әлемді таң қалдырған 
шаңқобыз..............................................................  27  
Башқұрт халқының мақтанышы болған қурай 
аспабы.................................   31 
Аспапмен тілдескен музыка құдіреті ...............  33 
Киелі аспап.....................................................................36 
Көнеден жеткен күй............................................  39 

Түркі халықтарындағы үрмелі және ұрмалы аспаптар 
тобы........................ 
41 
 
III ТОҚСАН. Қазақ халық аспаптарының жаңа 
өмірі. 
 
Халық аспаптар оркестрі қалай 
құрылды?...................................................... 
    46 
Домбыра мен қобыздың түрленуі 
....................................................................                48 
Оркестр құрамындағы аспаптар...........................   52 
Оркестрдегі дирижердің 
міндеті...................................................................... .54 
Қазақтың көне саз апаптарын жинаушы – Болат 
Сарыбаев........................... 
                                 56 
Қазақтың көне аспаптары - жетіген және 
шертер...........................................                         58 
Фольклорлы-этнографиялы «Отырар сазы» 
оркестрі..................................... 
                      60 
Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы...............   62 
 
IV  ТОҚСАН.  Музыка біздің өмірімізде  
 
Өмірді әнмен өрнектеп.................... .............. 
  64 
Қазақты тамсандырған «Гәкку».........................    66 
Ұлыстың ұлы күні........................................... 
 68 
Ғарышта шырқалған ән ......................................   70 
Қазақстан – ынтымақ пен достықтың мекені .....71                
Жаңғырған өнер..................................................  73 
Елім менің............................................. 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 


1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал