А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова



жүктеу 2.8 Kb.

бет5/6
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6

Күй тыңдау!  
1. Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірінің 
орындауында Тәттімбеттің «Саржайлау» күйі. 
2. Андреев атындағы орыс халық аспаптар 
оркестірінің орындауында орыс халқының 
«Коробейники» әні.  
 
Біліп ал!  
      Андреев  атындағы  оркестр 
орыстың  ең  алғашқы  ұлт 
аспаптар  оркестрі  болды.  Бұл 
оркестрдің  құрамына  орыстың 
балалайка,  домра,  баян,  гусли 
сынды 
аспаптары 
енеді. 
Оркестрдің 
негізгі 

репертуарын  орыстың  халық  әндері  мен  билері 
құрады.  
Орыстың  халық  аспаптар  оркестірін  ең  алғаш 
құрған Василий Васильевич Андреев (1861-1918). В.В. 
Андреев  музыка  қайраткері  болумен  қатар  балалайка 
аспабында өте шебер орындаушы болатын.    
     Ал  қазіргі  таңда  ұлт  аспаптар  оркестірі  әрбір 
халықтың мәдениетінде маңызды орын алады.  
 
Сұрақтар: 
  - Дирижер міндеті не? 
  - Дирижер қандай болу керек? 
  - Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестрінің 
алғашқы дирижері кім? 
  - Ахмет Жұбановтың шәкірттерін ата? 
 
Тапсырма:   
1.
 
Оркестрдегі дирижердің міндеті жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ САЗ АПАПТАРЫН 
ЖИНАУШЫ –   
БОЛАТ САРЫБАЕВ 
 
 
 
 
 
Көптеген  жылдар  бойы    қазақта  тек  қана 
домбыра,  қобыз  және  сыбызға  аспабы  болған  деп 
есептелді. 
Белгілі 
ғалым, 
зерттеуші 
–Болат 
Сарыбаевтың  ізденісінің  арқасында  қазақтың  20-дан 
астам саз аспаптары қайта жаңғырып дүниеге келеді. 
Болат  Сарыбаевқа  қазақтың  көне  саз  аспаптарын 

жинауға  себепкер  болған  атақты  күйші  Дина 
Нүрпейісова  еді.  Дина  Болаттың  бала  кезінде  оның 
музыкалық  қабілетін байқап: «Болатжан  балам, мына 
домбыраны  сақтап,  ойнап  үйрен.  Ата-бабалар 
мұрасына  ие  болатын  өзіңдей  талапты  жас  ұрпақ»,  - 
деп өз  домбырасын сыйға тартып кетеді.  
Есейе  келе  Болат  Сарыбаев  қазақтың  көне  саз 
аспаптарын  жинап  зерттей  бастайды.  Қазақстанның 
түкпір-түкпіріне  барып,  қол  өнер  шеберлерімен 
кездесіп,  көне  аспаптар  жайлы  мәліметтер  жинайды. 
Көптеген  археологиялық  қазбаларға  қатысып,  онда 
табылған  саз  аспаптарын  қалпына  келтіреді.  Болат 
Сарыбаев  қазақтың  көне  аспаптарын  тек  қана  жинап 
зерттеп  қана  қойған  жоқ,  оларды  қайта  жаңғыртты,  
аспаптарды  жетілдіре  келе,  тұңғыш  фольклор 
ансамбілін 
құрды. 
Қазақта 
бұрын-соңды 
орындалмаған жетіген, шертер, шаңқобыз, сазсырнай,  
асатаяқ  сынды  көптеген  аcпаптар  жарыққа  шығады. 
Сөйтіп  Болат  Сарыбаев  Динаның  берген  батасын 
ақтап,  қазақтың  көптеген  көне  саз  аспаптарын  қайта 
дүниеге келтіріп кетті. 
 
Күй тыңдау! 
 
Болат Сарыбаев жетекшілік еткен фольклорлық 
ансамбльдің орындауында халық күйі «Шалқыма». 
 

 
 
Біліп ал! 
 
   Болат Шамғалиұлы Сарыбаев (1927-1984) – көрнекті 
ғалым,  қазақтың 
көне 
аспаптарын 
жинаушы, 
зерттеуші.  Болат  Сарыбаев  шаңқобыз,  сыбызғы, 
сазсырнай,  үскірік,  шертер,  жетіген  сынды  қазақтың 
жиырмадан  аса  музыкалық  көне  аспаптарын  тауып, 
халық игілігіне айналдырды.  
 
Сұрақтар:  
 
 - Болат Сарыбаев қанша көне саз аспаптарын қайта 
жаңғыртады? 
 - Болат Сарыбаевқа кім бата береді? 
 - Болат Сарыбаев көне аспаптарды жинауда қандай 
еңбек етті? 

 
Тапсырма:   
 
1.
 
Қазақтың  көне  саз  апаптарын  жинаушы  –  Болат 
Сарыбаев жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
ҚАЗАҚТЫҢ КӨНЕ АСПАПТАРЫ –  
ЖЕТІГЕН ЖӘНЕ ШЕРТЕР 
 
 
 
 
Жетіген аспабының қайта жаңғыруына  зор үлес 
қосқан Болат  Сарыбаев. Болат Сарыбаев ел арасынан 
жетіген  аспабы  жайлы  мынадай  аңыз-әңгіме  жазып 

алып  келген  болатын:  «Баяғы  өткен  заманда  бір 
шалдың  жеті  ұлы  болған  екен.  Бір  жылдары  елде 
қатты жұт болып, шалдың жеті ұлы бірінен кейін бірі 
дүние  сала  беріпті.  Қолынан  келер  еш  шарасы  жоқ 
әлгі  шал бір кепкен ағашты астау сияқты ойып аспап 
жасапты.Үлкен ұлы қайтыс болған кезінде шал аттың 
қылынан  бір  ішек  тағып,  оған  асықтан  тиек  жасап 
«қарағым»  деп  күй  тартады.  Екінші  ұлы  қайтыс 
болғаннан  кейін  шал  аспабына  екінші  ішек  салып 
«қанат  сынар»  деп  жоқтайды.  Үшініші  ұлы  қайтыс 
болған кезде үшінші ішегін тағып «құмарым» деп күй 
шертеді.  Төртінші  ұлы  қайтқанда  төртінші  ішегін  
тағып  «от  сөнер»  деп  боздайды.  Бесініші  ұлы  дүние 
салғаннан  кейін  бесінші  ішегін  тағып  «бақыт  көшті» 
деп  күңіренеді.  Алтыншы  баласы  көз  жұмғанда 
алтыншы  ішегін  тағып  «күн  тұтылды»  деп  күйге 
салып  зар  жылайды.  Ең  кенже  баласы  дүниеден 
өткенде  шал  аспабына  жетінші  ішегін  тағып  «жеті 
баламнан  айырылып  құса  болдым»  деп  күні-түні  күй 
тартып күңіренеді. Сондықтан бұл аспап  ел арасында 
«Жетіген»  деп  аталып  кетеді.  Бұл  аспап  қазақтарда 
жоғалып  кеткенімен  түбі бір  туысқан  хакас халқында 
сақталған.  Олар  бұл  аспапты    «Чатхан»  деп  атайды. 
Қазіргі  таңда  жетіген  аспабының  ішектері  көбейіп, 
диапазоны  көбейіп  фольклор  ансамбльдері  мен 
оркестрлерінде кеңінен орын алды. 
     Қазақтың  көне  аспабының  бірі  -  шертер.  Шертер 
аспабы  домбыраға  ұқсас  болғанымен,  мойны  қысқа 
болып келеді. Шанағының беті терімен  
 
 

 
 
 
қапталған,  үш  ішекті  аспап.  Ертеде  ішегін  шертіп 
ойнағандықтан  шертер  деп  аталып  кеткен.  Шертер 
аспапбы  фольклор  ансамбльдері  мен  оркестрлерді 
өзіндік бояуы бар негізгі аспаптардың біріне айналды. 
 
Музыка тыңдау! 
 
Жітеген  аспабының  орындауында  «Аңшының 
зары»  атты  халық  күйіне  құлақ  түрелік!  Бұл  күйді 
жетіген аспабының халық арасына таралуына зор үлес 
қосып жүрген Нұргүл Жақыпбекова орындайды.    
 
Сұрақтар: 
 
 -    Не себепті аспаптың аты жетіген аталды?     
 -    Жетіген аспабы басқа қандай халықта сақталған? 

 -        Шертер  аспабының  домбырадан  айырмашылығы 
неде? 
 
Тапсырма:   
 
1.
 
Қазақтың  көне  аспаптары  -  жетіген  және  шертер 
жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
 
 
ФОЛЬКЛОРЛЫ-ЭТНОГРАФИЯЛЫ  
«ОТЫРАР САЗЫ» ОРКЕСТРІ 
 
 
 
 

 
 
Болат  Сарыбаев  қазақтың  көне  аспаптарын  тек  қана 
жинап  зерттеп  қана  қойған  жоқ,  оларды  қайта 
жаңғыртты,    аспаптарды  жетілдіре  келе,  тұңғыш 
фольклор 
ансамбілін 
құрды. 
Осыдан 
бастап 
Қазақстанда  көптеген  фольклор  ансамбльдері  пайда 
болды.  Болат  Сарыбаев  бұл  жұмыспен 
шектеліп  қоймай,  тұңғыш  құрылған 
«Отырар  сазы»  фольклоры-этнографиялы 
оркестрінің  негізін  салды.  Оркестрге 
домбыра, 
қобыз 
түрлерімен 
қатар, 
сазсырнай,  жетіген,  шертер,  сыбызғы, 
шаңқобыз  аспаптары  енгізілді.  Әсіресе, 
бұрын  соңды  ансамбльдің  құрамына 
енбеген  мес  қобызды  қолдану  жаңалық 
еді.  Сонымен  қатар,  ұрмалы  –  дауылпаз, 
асатаяқ,  қоңырау  секілді  аспаптарды 
барынша  пайдаланды.  Бұл  істі  белгілі 
композитор 
әрі 
дирижер 
Нұрғиса 
Тілендиев  «Отырар  сазы»  оркестріне 
арнап  арнайы  шығармалар  жазды.  Әсіресе,  Нұрғиса 
Тілендиевтің  «Ата  толғауы»  және  «Әлқисса»  күйлері 
халықтың  ең  сүйіп  тыңдайтын  шығармаларына 
айналды.  Сөйтіп,  қазақ  музыка  мәдениетінде 
фольклорлы-этнографиялық оркестр пайда болды. 
 
 
 
Музыка тыңдау! 
Отырар 
сазы 
оркестірінің 
орындауында  
Нұрғиса  Тілендиевтің    «Ата  толғауы»  атты 
шығармасын  тыңдап  көрелік!  Бұл  күйде  Нұрғиса 
Тілендиев  қазақтың  шаңқобыз  аспабын  өте  шебер 
пайдаланған. 

  
Сұрақтар: 
  -   Отырар сазы» оркестірінің негізін құрған кім? 
  -   Оркестрге қандай аспаптар енгізілді? 
  -  «Отырар сазы» оркестірінің көркемдік жетекшісі 
әрі дирижері кім   
      болды? 
  -  Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірі 
мен «Отырар сазы» оркестірінің арасында қандай 
айырмашылық бар?
 
 
Тапсырма:   
1.
 
Фольклорлы-этнографиялы 
«Отырар 
сазы» 
оркестрі жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

КӨНЕ АСПАПТАРДЫҢ ЖАҢАША 
ЖАҢҒЫРУЫ  
 
 
 
      
Ең  алғаш  фольклорлық  ансамбль  дүниеге 
келгенде  тыңдаушылар  қайран  қалады.  Өйткені 
ансамбльде  бұрын-соңды  музыкалық  аспаптарға 
жатпайтын  аспаптардың  үнін  естуге  болатын.  
Мысалы  сазсырнай  мен  үскірікті  ерте  заманда 
балалардың  ойыншығы  ретінде  қолданған  екен.  Олар 
құстардың  дыбысын  еліктей  алатын  алданыш  зат.  Ал 
асатаяқ 
болса 
бақсылардың 
жын-шайтандарды 
қашыру  үшін  қолданған  аспабы болған.  Дауылпаз  еш 
уақытта  музыкалық  аспап    болып  есептелмеген.  Оны 
ердің  төменгі  жағына  байлаған.  Жауға  қарсы 

шапқанда  ат  дүбіріне  қоса  дауылпазды  аяқпен  ұрып 
отырып  жаудың  зәресін  ұшыру  үшін  қолданған. 
Сонымен  бірге    аңшылық  кезінде  аң-құстарды  үркіту 
үшін  де  пайдаланған.  Ал  дабыл  аспабымен  адамдар 
бір-біріне  хабар  беріп  отырған.    Қазақта  жетіген 
аспабы  мүлде  сақталмаған.  Бірақ  бұл  аспап  жайлы 
халық аузында көне аңыз-әңгімелер қалған екен. 
      Фольклорлық  ансамбльде  барлық  аспаптар  өз 
орнын  табады.  Мысалы,  сазсырнай  аспабында 
ән-әуендерді орындау үшін оның жаңаша түрін жасап 
шығарады.  Ал  дауылпаз  бен  дабылдың  көлемін 
кішірейтіп,  оны  ою-өрнекпен  әшекейлеп  ансамбльде 
орындауға  лайықты  етіп  жасайды.  Сөйтіп  бұл 
аспаптармен  қазақтың  барлық  күйлерін  емін  еркін 
ойнай алатын деңгейге жеткізеді.    
 
Фольклорлық 
ансамбльдердің 
дамып 
жаңғыруына  «Сазген»  және  «Мұрагер»  ансамбльдері 
көп еңбек сіңіреді. Бұл ансамбльдер тек қана қазақтың 
көне  саз  аспаптарының  негізінде  құрылған  болатын. 
«Мұрагер»  ансамбілі  қазақтың  ұмыт  болған  күйлері 
мен әндерін көне саз аспаптарында орындады.  
Ең  алғашқы  фольклорлық  ансамбль  30  жыл 
бұрын  дүниеге  келген  болатын.  Есіңде  болар,  ол 
ансамбльді  құрған  Болат  Сарыбаев  еді.  Ал  қазіргі 
таңда  фольклорлық  ансамбльдер  қатары  көбейуде. 
Қазақтың көне аспаптары жаңаша жаңғырып, ал көне 
күйлеріміз  бен  халық  әндеріміз  өткен  мен  бүгінді 
жалғастырумен келеді.  
 
Күй тыңдау! 
   Дәулеткерейдің  «Көрұғлы»  күйін  тыңдап  көрелік! 
Көрұғлы  –  көрде  туғандықтан  оның  атын  Көрұғлы 
қояды.  Ол  алып  батыр  болып  өседі.  Ол  өзінің  жерін 

жаудан  қорғап,  халқын  аман  сақтап  қалады. 
Дәулеткерей  өзінің  «Көрұғлы»  күйінде  батырдың 
осындай  ерлігін  бейнелегендей  жігерлі  де  -  шабытты 
күй шығарады. Бұл күйді «Мұрагер» ансамбілі ерекше 
көңіл-күй  беріп  орындайды.  Әсіресе,  ұрмалы 
аспаптарды  күйдің  мазмұнына  сай  аттың  шабысын 
немесе  соғыстың  талас-тартысын  бейнелегендей 
орынды қолдана алуы ансамбльдің өзіндік ерекшелігін 
айқындай түседі.  
 
Ойлан да айт? 
 
Не себебті ерте заманда  қазақ халқында оркестр 
мен ансамбльдер болмаған? 
 
Сұрақтар: 
  -  Ерте заманда көптеген музыкалық аспаптарды 
қалай пайдаланған?  
  -  Қазақтың тұңғыш фольклорлық ансамблін құрған 
кім? 
  -  Қазақстанда басқа қандай  фольклорлық 
ансамбльдер болды? 
   
Тапсырма:  
1.
 
Көне аспаптардың жаңаша жаңғыруы жайлы оқып 
кел.  
2.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» күйін 
жатқа орында.  
 
ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР! 
1.
 
Алғашқы  ұлт  аспаптар  оркестрін  құру  кімнің 
үлесіне тиеді? 
2.
 
Құрманғазы  атындағы  ұлт  аспаптар  оркестрі  қай 
жылы құрылды? 

3.
 
Домбыра аспабының қандай түрлері пайда болды? 
4.
 
Қобыз аспабының қандай түрлері пайда болды? 
5.
 
Оркестр құрамындағы үрмелі аспаптарды ата? 
6.
 
Оркестр құрамына қандай ұрмалы аспаптар енеді? 
7.
 
Оркестр құрамындағы аспаптар тобын айтып бер? 
8.
 
Дирижер міндеті не? 
9.
 
Болат  Сарыбаев  қанша  көне  саз  аспаптарын  қайта 
жаңғыртады? 
10.
 
Жетіген аспабы басқа қандай халықта сақталған? 
11.
 
Шертер  аспабының  домбырадан  айырмашылығы 
неде? 
12.
 
«Отырар сазы» оркестірінің негізін құрған кім? 
13.
 
Құрманғазы  атындағы  халық  аспаптар  оркестірі 
мен  «Отырар  сазы»  оркестірінің  арасында  қандай 
айырмашылық бар? 
14.
 
Қазақстанда 
басқа 
қандай 
 
фольклорлық 
ансамбльдерді білесің?
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
 
IV  ТОҚСАН  
    
МУЗЫКА БІЗДІҢ ӨМІРІМІЗДЕ  
 
ӨМІРДІ ӘНМЕН ӨРНЕКТЕП 
 
Халық  өмірі  әнмен  ажарланып,  өлең-сөзбен 
өрнектеліп  жатқандай.  Адам  дүние  есігін  ашқаннан 
бастап, анасы баласын әлдилеп, бесік жырын айтып, 
еркелетумен  болады.  Адамдар  есейе  келе  өмірдің 
әрбір  кезеңіне  лайық  өмірін  әнмен  әрлеп  жатады. 
Бозбала  шағында  «Ай-хай,  жиырма  бес»  деп  ән 
 

шыркап,  жастық  шақтың  қызыкты  думанын  әнге» 
қосады.  Ұзатылып  бара  жатқан  бойжеткен  қыздар 
«Сыңсу», «Жар-жар» әнін айтып үлкен өмірге қадам 
басады.  Қазак  халқында  ерекше  ән  айту  дәстүрі 
сақталған. 
Әсіресе, 
үлкен 
апаларымыз 
бен 
әжелеріміз  күнделікті  өмірде  айтып  отыратын  әнді 
«қара өлең» деп атап кеткен. 
Ал  онан  да  басқа  ел  аузында  сақталған  халық 
әндері 
ұшан-теңіз. 
Мысалы, 
«Еркем-ай», 
«Гүлдариға»,  «Қалаулым»,  «Сәулем-ай»,  атай 
берсек,  көп-ақ!  Бұл  әндер  халық  атымен  аталып 
кеткен.  Өйткені  бұл  әндерді  шығарған  адамдардың 
есімі  белгісіз.  Халық  әндері  ғасырлар  бойы  ел 
аузында сақталып, ұрпақтан ұрпаққа жетіп отырған. 
Халық  әндері  адамдардың  жүрегінен  орын  алып, 
ұзақ  уақыт  бойы  ел  есінде  сақталып  келеді.  Бұл 
әндер  халықтың  өмірімен  етене  араласып,  өмірінен 
маңызды  орын  алған.  Тіпті  қазак  халкында  адам 
өмірмен  қоштасқанда  да,  «Жоқтау»  әнін  айтып 
шығарып  салатын  болған.  Мұндай  әндер  тек  қазақ 
халқында  ғана  емес,  көптеген  туысқан  халықтарда 
сақталған  екен.  Мысалы,  өзбек  халқы  жар-жар  әнін 
«Яр-яр»  деп  атаса,  қырғыз  халқы  бесік  жырын 
«Бешик ыры» дейді. 
Қазіргі  заманда  халықтық  мерекелерге  арналған 
жаңа  әндермен  жалғасуда.  Наурыз,  жаңа  жыл,  түрлі 
той-думан,  Жеңіс  күніне  арналған  әндер  көп-ақ.  Ал 
онан да басқа адамдардың бір-біріне ыстық ықыласын 
білдіретін  жүрек  жарды  әндерін  де  атауга  болады. 
Атап 
айтсақ, 
«Анаға», 
«Әжеме», 
«Әкеме», 
«Ағаларыма»,  «Ұстазға»,  «Досыма»,  «Мектебім»  т.б. 
Халық  аузындағы  әндер  заманға  лайық  дамып, 
өмірден өз орнын тауып жатады. Ән арқылы адамдар 
 

өз  сезімін,  бір-біріне  деген  махаббатын,  қайғысы мен 
қуанышын  білдіріп  жатады.  Қазақ  халқы  «Ән  - 
көңілдің ажары» деп бекер айтпағандай! 
Ән тыңдау! 
Ш.Қалдаяқов «Ана туралы жыр» әнін Нұрлан 
Өнербаевтың орындауында тыңдап көрелік! 
 
Сұрақтар: 
-
 
Адам өмірінің әрбір кезеңіне арналған қандай 
әндерді білесің? 
-
 
Не себепті көптеген әндер халық атымен аталған? 
-
 
Қазіргі заманға лайық қандай әндерді білесің? 
 
Тапсырма: 
1.
 
Өмірді әнмен өрнектеп тақырыбын оқып кел.  
2.
 
Домбырадан Халық әні «Құралай». Үйренген 
буынын қайтала. 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

ҚАЗАҚТЫ ТАМСАНДЫРҒАН «ГӘККУ»
 
Әр  халықтың  жүрегін  тербеп,  жанын  жадыратар 
сұлу  сазды  әндері  көп.  Сондай  әннің  бірі  халыкты 
тамсандырған  Үкілі  Ыбырайдың  әні  «Гәкку»  жайлы 
әңгіме козғап көрелік. 
Үкілі  Ыбырай  бұл 
әнді  Кәкима  атты 
сұлу  кызға  арнайды. 
Үкілі 
Ыбырай 
Кәкимаға 
ғашык 
болады.  Бірак  ерте 
заманда қызға сезімін 
білдіру 
оңайға 
сокпайтын.  Қазақтың 
әдеті 
бойынша 
сыпайылық  сақтаған 
Ыбырай 
өзінің 
көңілін  білдіру 
үшін 
оған 
керемет 
ән 
арнайды.  Өзінің 
сезім 
сырын 
әнмен  жеткізген 
Үкілі  ЬІбырай 
Кәкимаға 
арналған 
ән 
екенін 
жасырып,  әннің 
атын 
«Гәкку» 
деп атайды. Сол 
бойда 
ән 
халыққа кеңінен тарап кетеді. 

 
   Ғасырдан ғасырға ұласып, уақыт тоқтамай жүріп 
келеді.  Жаңа  заманның  жаңалығы  да  көп-ақ.  Үкілі 
Ыбырай  домбыраға  қосып  шарықтатып  салған 
«Гәкку»  әні  енді  қазақтың  тұңғыш  операсынан 
маңызды 
орын 
алады. 
Композитор 
Евгений 
Брусиловский  жазған  «Қыз  Жібек»  операсының  бас 
кейіпкері  Жібектің  ариясы  болып  «Гәкку»  әні 
таңдалады.  «Гәкку»  әні  операдағы  екі  ғашық  Жібек 
пен Төлегеннің мәңгілік махаббатының белгісі ретінде 
халықтың есінде сақталып қалды. 
Ал  казіргі  заманға  танымал  болған  әнші  Медеу 
Арынбаев  Ыбырайдың  «Гәкку»  әнін  эстрадалық 
ырғаққа  салып,  үлкен  сахналарда  орындап  жүр. 
Сөйтіп  Үкілі  Ыбырайдың  «Гәкку»  әні  өзінің  сол 
сұлулығын  жоғалтпай,  ұрпактан  ұрпакка  ұласып, 
өзінің өмір тарихын жалғастырып келеді. 
 
Сөздік 
Аранжировка - ән мен күйге сүйемел жасап, 
өңдеу. 
Тембр - дыбыс бояуы. 
Ән тыңдау! 
 
Үкілі  Ыбырайдың  «Гәкку»  әнін  Қайрат 
Байбосыновтың 
және 
Медеу 
Арынбаевтың 
орындауында 
тыңдап 
көрейік! 
 
Біліп ал! 
Қайтар  Байбосынов  - 
1950 
жылы 
Қарағанды 
облысының 
Жаңаарқа 
ауданында  туып  өскен. 

Әкесі Әукен домбыра, қобыз жасайтын шебер болған. 
Алғаш  домбыраға  деген  ынта-ықыласы  әкесінен 
дарыған. Жастайынан әнге құмар болып өскен Қайрат 
Байбосынов  13  жасында-ақ  әнші  бала  атанады. 
Осыдан бастап ол нағыз әншілік өнер жолына түседі. 
1967  жылы  Алматыға  келіп  белгілі  әнші  Жүсіпбек 
Елебековқа шәкірт болады.  
Ал  бүгінгі  таңда  Қайрат  Байбосынов  ел  ағасы 
болып  өз  ізіне  талай  дүлдүл  шәкірттерін  тәрбиелеп 
жүрген ұлағатты ұстаз.  
 
Ойлан да айт! 
Қалай ойлайсың, не себепті кей әндер танымал 
болып, есте сакталып калады, ал кей әндер бірден-ақ 
ұмытылып кетеді? 
Қазіргі заманғы танымал әнді атап бере аласың ба? 
 
Сұрақтар: 
 
-
 
Не  себепті  Үкілі  Ыбырай  өзінің  әнін  «Гәкку»  деп 
атады? 
-
 
Евгений Брусиловский қандай опера жазды? 
-
 
Жібектің ариясы етіп қандай әнді таңдап алды? 
-
 
Қазіргі заманда «Гәкку» әнін кім орындап жүр? 
 
Тапсырма
1.
 
Қазақты тамсандырған «Гәкку» әні жайлы оқып 
кел. 
2.
 
Домбырадан  Халық  әні  «Құралай».  Үйренген 
буынын қайтала.  
 
 
 
 

ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ - НАУРЫЗ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Наурыз  мерекені  Шығыс  елдері  Қазақстан, 
Өзбекстан, 
Қырғызстан, 
Ауғанстан, 
Тәжікстан, 
Пәкстан  ерте  кезден  өткізеді.  Бұл  мереке  табиғат  пен 
адамның үндестігін көрсетеді. Наурыз күн мен түннің 
теңелген  күні.  Көктемгі  күн  тоғысы  наурыз  айының 
21-нен  22-не  ауысқан  түні  болды.  Осы  уақыттан 
бастап күн ұзарып, түн қысқарады.  
Наурыз  -  жыл  басы.  Парсы  тілінде  "нау"  - 
"жаңа",  "руз"  -  "күн"  деген  ұғымдарды  білдіреді. 
Халық  наурыз  мерекесіне  алдын  -  ала  дайындалады. 
Дәстүр бойынша үйге қос шырақ жағылады, ыдыстар 
ернеуіне дейін айранмен, сүтпен немесе бұлақ суымен 
толтырылады. Бұл - тоқшылықтың белгісі. Табиғатпен 
байланыс  Күн  Анаға  деген  тағзымнан  көрінеді.  Бұл 
күні  бұлақтар  тазартылып,  ағаштар  отырғызылған. 

"Бұлақ көрсең, көзін аш!", "Бір тал ексең, он тал ек!" - 
деген сөз осыдан шыққан болу керек. 
 

1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал