А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова



жүктеу 2.8 Kb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
1   2   3   4   5   6

Музыка тыңдау! 
Қазақтың халық күйі «Нар идірген» 
 
Біліп ал! 
Монғол 
халқының морин-хур 
аспабы  екі  сөзден 
тұрады.  Морин  –  ат 
және  хуур  –  ішек 
деген ұғымды береді. 
Ішекті-ыспалы 
музыкалық 
аспап 
Моңғолия 
мен 
Қытайдың  солтүстік 
аймағына,  Буряттар 
мен  Тыва  халқына 
кеңінен 
тараған. 
Морин 
– 
хуур 
аспабының  басына 
аттың 
басының 
бейнесін 
жасаған. 
Бұл  аспапта  аттың 
кісінеген  дыбысын  салып  орындау  дәстүрге  айналған. 
Моңғолдар бұл аспаптың пайда болуы жайлы былайша 
баяндайды: ертеде бір батыр өмір сүріпті. Ол батырдың 
қанатты  тұлпары  болыпты.  Оны  ешбір  жау  ала 

алмапты. Бір күні әбден кегі кеткен дұшпандары батыр 
мен оның қанатты тұлпары ұйықтап жатқанда қанатын 
шауып тастапты. Қанатты тұлпарынан айрылған батыр 
оның  сүйегі  мен  терісінен  аспап  жасап,  құйрығының 
қылын  ішек  етіп  тағады.  Оның  атын  морин-хуур  деп 
атайды.  Сөйтіп,  батыр  бұл  аспапты  ойнағанда  өзінің 
қанатты тұлпарының дыбысын естіген екен.  
 
Сұрақтар:  
-
 
Не  себепті  қазақ  халқы  аңыз  –  күйлер  деп  айтатын 
болған? 
-
 
Қарт күйші нарды қалай иітеді? 
-
 
Бурят  және  түркмен  халқы  малды  қандай  әнмен 
шақыратын болған? 
-
 
 Монғол халқы ботасы өлген түйені қалай иіткен? 
 
Тапсырма:  
1.
 
Көнеден жеткен күй жайлы оқып кел. 
2.
 
«Біліп ал» рубрикасын оқып кел.  
3.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
 
 
 
 
 
 
 ТҮРКІ ХАЛЫҚТАРЫНДАҒЫ ҮРМЕЛІ 
ЖӘНЕ  
 
ҰРМАЛЫ АСПАПТАР ТОБЫ 
 
 
 
 
 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Ұрмалы  аспаптар  музыкалық  аспаптар  дүниеге 
келмей тұрып-ақ ежелгі замандарда пайда болады. Ең 
алғаш  жер  бетінде  адамдар  пайда  болғаннан  бастап 
тұрмыс-тіршілігіне  қажетті  құрал  ретінде  әр  түрлі 
заттарды пайдалана бастайды. Ең әуелі адамдар тасты-
тасқа  ұрып  от  жағады.  Аң  аулап,  мергендік  құрып 
тамағын  асырайды.  Жан-жануарлар  мен  аң-құстарды 
ұстап жеу үшін және оларды қолға түсіру мақсатында 
түрлі ғұрыптық және аңшылық билерді ойлап табады. 
Ғұрыптық  және  аңшылық  би  қимылдарын  жасауда 
әртүрлі  ырғақпен  аң-құстардың  кимыл-әрекетін 
қайталап  жан-жануарды  жанына  жақындатып  алып 
қолға  түсіру  әдіс-айласын  жасайды.  Адамдар  мұндай 
ғұрыпты  жасауда  түрлі  ағаштан  немесе  тастан 

жасалған  ұрмалы  аспаптарды  қолданады.  Археолог 
ғалымдар  ең  ежелгі  ұрмалы  аспаптардың  үлгісін 
Африка  және  Таяу  Шығыс  аймағын  мекендеген 
халықтар арасынан табады.          
Кейін  келе,  ұрмалы  аспаптардың  жетілген 
түрлері  пайда  бола  бастайды.  Адамдар  музыкалық 
аспаптарды  жан-жануардың  мүйізінен  жасайды. 
Мүйізден  жасаған  мұндай  аспаптарды  аңшылық 
кезінде  бір-біріне  дыбыс  беру  үшін  қолданады. 
Мүйізден жасалған аспатардың дыбысы өте қатқыл әрі 
ұзақ  жерге  жететіндей  күші  болады.  Сондай 
аспаптардың бірі – мүйіз сырнай деп аталады. Мүйіз 
сырнай қазақ және қырғыз халқында XX ғасырға дейін 
сақталып  жеткен.  Келесі  бір  аспап  –  бұғышақ  деп 
аталады.  Бұл  аспаптың  дыбысы  маралдың  дауысына 
өте  ұқсас  болып  келеді.  Аңшылар  киік,  марал  немесе 
тау  текелерін  ұстау  үшін  осы  аспапты  ойнап,  оларды 
жан-жағына жинап қолға түсіретін болған.     
                               
 

 
 
Ежелгі  үрмелі  аспаптар  жетіле  бастайды.  Әсіресе, 
барлық  түркі  халықтарына  ортақ  керней  немесе 
карнай  деп  аталатын  жан-жаққа  хабар  бергіш 
аспаптың  жаңа  түрі  пайда  болады.    Бұл  аспап  түркі 
халықтар арасында кеңінен тарап, бүгінгі күнге дейін 
сақталып жетеді. Керней аспабының ұзындығы екі-үш 
метрге  дейін  созылып  жатады.  Әрине,  оның  дыбысы 
да  өте  зор.  Бұл  аспапты  алғашқыда  үлкен 
аңшылықтың  басталғалы  жатқанын  хабарлаған.  Ал, 
кейін  келе  үлкен  әскерді  соғысқа  аттандыру  алдында 
жауынгерлерге  күш  беру  мақсатында  қолданатын 
болған.  Ал,  бергі  замандарда  әр  түрлі  ойындар  мен 
мерекелік  шараларда  және  салтанатты  жиындардың 
басталу 
сәтін 
халыққа 
хабарлау 
мақсатында 
пайдаланған.    
Орталық  Азияны  мекендеген  көшпелі  халықтар 
арасына 
ұрмалы 
аспаптар 
кеңінен 
тараған. 
Жауынгерлер  дауылпаз  және  шыңдауыл  атты 
ұрмалы  аспаптарды  ердің  екі  жағына  байлап  соғысқа 
аттанған.  Олар  жауға  қарсы  шабарда  аттың  дүбіріне 
қоса  ердің  астына  байланған  аспаптарды  аяғымен 
ұрып  отырып  шабатын  болған.  Аттың  дүбіріне 
қосылған  мұндай  күшті  дыбыс  жауының  үрейін 
ұшырған.   

 
 
Дабыл  аспабының  екі  жағы  терімен  қапталып 
жасалады.  Көлемі  ерекше  үлкен  етіп  жасалған  дабыл 
аспабын хабар беруші аспап ретін қолданған. Аспапты 
тоқпақпен  соғып  ойнаған.  Бұл  аспап  жаудың 
жақындығы  немесе  соғыстың  басталуы  жайлы  хабар 
берген 
Даңғыра  аспабының  бір  жағы  ғана  терімен 
қапталып  жасалады.  Ал,  аспаптың  ішкі  жағына 
темірден  дөгелетіп  жасаған  түрлі  салпыншақтарды 
айналдыра  тағып  қоятын  болған.  Даңғыра  аспабын 
бақсылар зікір салғанда пайдаланған.  
Түркі 
халықтары 
мұндай 
аспаптарды 
жәй 
қарапайым  күнделікті  өмірде  пайдаланбаған.  Барлық 
үрмелі  және  ұрмалы  аспаптар  тұрмыстық  және 
ғұрыптық  шараларға  байланысты  ғана  қызмет 
атқарған.  Сол  себепті  бұл  аспаптар  ерекше 
орындаушылықты  талап  етпеген  және  музыкалық 
жанр ретінде көзге түспеген.  
Ал,  бүгінгі  таңда  ежелгі  үрмелі  және  ұрмалы 

аспаптар  қайта  өңделіп,  фольклорлық  ансамбльдер 
мен  халық  аспаптар  оркестрлерінде  қолданылып 
келеді.  
 
Музыка тыңдау!  
«Алыстағы 
арман» 
күйін 
орындайтын 
сыбызғышы 
әрі 
шығарманың 
авторы 
Қалек 
Құмақайұлы. 
 
Біліп ал! 
 
Өзбек,  Әзербайжан,  ұйғыр  және  тәжік  сынды 
отырықшы  халықтардың  музыкалық  мәдениетінде 
ортағасырлық  зәулім  ғимараттар  мен  салтанатты 
сарайлар салынатын болған. Сол себепті бұл халықтар 
арасында  көптеген  аспаптардың  басын  тоғыстырып 
ойнайтын  ансамбльдердің  көптеген  түрлері  мен  би 
өнері жетіліп кеткен. Ансамбльдер мен би өнері үшін 
ең басты әр түрлі ырғаққа салу қажеттілігі туындаған. 
Музыканттар  ұрмалы  аспаптарда  усуль  деп  аталатын 
ырғаққа  салатын  болған.  Усуль  ырғағы  билер  мен 
әндерді  және  макамдарды  ойнауда  ең  негізгі 
музыкалық  тірек  ретінде  алға  шығып  отырған.  Сол 
себепті  отырықшы  халықтар  арасында  ұрмалы 
аспаптар  музыкалық  аспаптардың  негізін  құрап  әр 
дайым жетілу үстінде болған.  
Өзбек  және  тәжік  халықтарының  ең  сүйікті  ұрмалы 
аспабы  –  дойра. 
Әзербайжандар 
мен  иран 
халқы 
бұл 
аспапты 
дәф деп атайды.  
 
 
 

Әзербайжан халқының ұрмалы аспабы нагара 
деп аталады. Барлық дәстүрлі салт-жоралғылар мен 
ғұрыптық мерекелер, ойын-сауықтар мен халық билері 
нагара аспабынсыз елестету мүмкін емес.  Нагараның 
екі түрі бар: голтук яғни қолтық нагара және гоша 
яғни қос нағара.   
 
Әзербайжан,  Түрік  және  Иран  халықтарының 
арасынан  кеңінен  тараған  ұрмалы  аспап  -  думбек 
немесе  дарбук.  Бұл  аспап  ежелгі  Мағриб,  Мысыр 
және  Африка  халықтарынан  тарайды.  Бұл  аспапты 
алғашқыда  күйдірілген  қыштан  жасап,  бетін  терімен 
қаптаған.  Ал,  қазіргі  кезде  аспапты  ағаштан  немесе 
темірден жасайды.  
 
 
 
 
 
  
 
 
 
 
 

Сұрақтар:  
-
 
Ерте замандарда ұрмалы аспаптарды не үшін 
пайдаланған? 
-
 
Ең алғаш үрмелі аспаптар қалай пайда болады? 
-
 
Үрмелі аспаптардың қандай түрлері бар? 
-
 
Орталық Азияда кездесетін ұрмалы аспаптарды 
қалай пайдаланған? 
 
Тапсырма:  
1.
 
Түркі  халықтарындағы  үрмелі  және  ұрмалы 
аспаптар тобы жайлы оқы. 
2.
 
«Біліп ал» рубрикасын оқып, аспаптарды 
салыстырып талдап кел.  
3.
 
 Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
ӨЗ БІЛІМІҢДІ ТЕКСЕР! 
 
1.
 
Домбыра тектес аспаптарды ата? 
2.
 
Шаңқобыз аспабы қай халықтарда бар? 
3.
 
Қурай аспабын қалай жасаған? 
4.
 
Арфа тектес аспаптар қалай пайда болды? 
5.
 
Не  себепті  қобыз  аспабын  қасиетті  де  киелі 
санаған? 
6.
 
Бурят  және  түркмен  халқы  малды  қандай  әнмен 
шақыратын болған? 
7.
 
 Монғол халқы ботасы өлген түйені қалай иіткен? 
8.
 
Ерте замандарда ұрмалы аспаптарды не үшін 
пайдаланған? 
9.
 
Ең алғаш үрмелі аспаптар қалай пайда болады? 
 

IІІ  ТОҚСАН 
 
ҚАЗАҚ ХАЛЫҚ АСПАПТАРЫНЫҢ 
ЖАҢА ӨМІРІ 
 
ХАЛЫҚ АСПАПТАР ОРКЕСТРІ 
ҚАЛАЙ ҚҰРЫЛДЫ? 
 
 
 
 
 
 
XX ғасырда қазақтың халық аспаптары оркестірі 
құрылады.  Сол  себепті  көптеген  халық  аспаптары 
өзгеріске ұшырап, қайта жаңғырады.  

Білесің  бе,  бүгінгі  таңда  көптеген  оркестр  мен 
ансамбльдің  түрлері  бар.    Мүмкін  сен  ойлайтын 
боларсың:  «Барлығы қосылып бірге ойнаудың қандай 
қиыншылығы  бар  екен?»,  -  деп.  Дегенмен  алғашқы 
оркестр  құрылған  уақытта  көптеген  қиыншылықтарға 
душар  болғанын  байқауға  болады.  Олай  болса 
алғашқы  оркестр  қазақ  жерінде  қалай  құрылды?  Осы 
сұраққа жауап іздеп көрелік!  
Қазақ  ұлт  аспаптар  оркестрін  құрудың  үлесі 
Ахмет  Жұбановқа  тиеді. Ең алдымен Ахмет Жұбанов 
Қазақстанның  түкпір-түкпірінен  ең  мықты  деген  11 
күйшіні жиып алады. Бұл күйшілермен оркестр құруда 
біршама  қиындықтар  туындайды.  Өйткені  әрбір 
күйшінің  күй  орындаудағы  өзіндік  қайталанбас 
ерекшелігі  бар  еді.    Ал  оркестрдің  басты  мақсаты 
барлық  орындаушылар  бір  адамдай  күйді  орындау  
керек  болатын.  Сондықтан  Ахмет  Жұбанов  олардың 
орындаған  күйлерін  бір  қалыпқа  түсіріп,  оркестрге 
лайықты  бiр  вариантын  жасап  шығарады.  Бұл 
күйшілермен  көп  дайындық  жасауға  тура  келді. 
Өйткені  олар  барлығы  бірдей  күйді  жатқа  орындау 
шарт  болды.  Ал  ол  уақытта  олардың  нота  сауаты 
болмаған  еді.  Сөйтіп,  көп  дайындықтан  соң  ел-елден 
жиылған  атақты  күйшілер  бір  адамдай  күйлерді 
орындай бастайды.  
Оркестр  құру  үшін  Ахмет  Жұбановтың  алдында 
тағы бір аздаған қиындық туындайды. Ел-елден келген 
күйшілердің  домбыралары  әр  түрлі  болғандықтан 
аспаптардың  дыбыстары  да  әр  келкі  шықты. 
Сондықтан  оркестр  үшін  аспаптар  жасайтын  арнайы 
шеберхана ашылады.  

Он  бір  адамнан  тұратын  ансамбль  енді  үлкен 
оркестрге  айналып,  1934  жылы  алғашқы  концертін 
береді.  Сөйтіп,  бүгінгі  таңда  қазақтың  мақтанышына 
айналған Құрманғазы атындағы Ұлт аспаптар оркестрі 
дүниеге келеді.  
 
Ойлан да айт! 
 
Не себепті Қазақстанда халық аспаптар оркестірі 
құрылады?  
 
Күй тыңдау!  
 
Қазіргі  таңда  халықтың  сүйіспеншілігіне  айналған 
ең 
танымал 
күйлердің 
бірі 
Құрманғазының 
«Сарыарқа»  күйі.    Әсіресе  бұл  күй  Құрманғазы 
атындағы  халық  аспаптар  оркестрінің  орындауында 
өте  әсерлі  шығады.  Оркестр  күйге  ерекше  жігер, 
шабыт  және  жарқын  көңіл  береді.  Күйдегі  аттың 
шабысын  елестететін  сезім,  қазіргі  заманның 
дауылдай соққан ағымына ұласып жатқандай.     
 
Сұрақтар: 
 
- Алғашқы ұлт аспаптар оркестрін құру кімнің үлесіне 
тиеді? 
- Ансамбль құрамы неше адамнан тұрды? 
- Оркестр құруда қандай  қиындықтар туады? 
-  Қазақ  халық  аспаптарын  жаңаша  жасауға  не  себеп 
болды?  
-    Құрманғазы  атындағы  ұлт  аспаптар  оркестрі  қай 
жылы құрылды? 
 

Тапсырма:  
 
1.
 
Халық  аспаптар  оркестрінің  құрылуы  жайлы 
оқып кел.  
2.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
ДОМБЫРА МЕН ҚОБЫЗДЫҢ ТҮРЛЕНУІ  
 
 
 
 
Оркестр  болып  орындау  үшін  оған  көптеген  әр 
түрлі  аспаптар  керек  екенін  білетін  боларсың.  Халық 
аспаптары оркестірін құру үшін Европа аспаптарының 
үлгісінде  қазақ  аспаптарының  да  бірнеше  түрі 
жасалды.  Жаңадан  жасалған  аспаптарға  әр  түрлі 
европалық атаулар берілді: домбыра -прима, домбыра-
альт,  домбыра-бас,  домбыра-контрабас.  Оркестрдегі 

барлық 
аспаптар 
түр-пішіні 
жағынан 
ұқсас 
болғанымен,  көлемі  жағынан  әр  түрлі  болды.  Аспап 
үлкен болған сайын оның  үні де төмен әрі қою болып 
шықты.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Домбыра  аспабының  өзін  де  өзгертуге  тура 
келді. Егер бұған дейін домбыраға қой ішегі тағылса, 
енді оны нейлон ішіктерімен ауыстырды. Перне саны 
да  бұрын-соңды  9  немесе  14  пернеден  тұрса,  енді 
оның  санын  19-ға  дейін  жеткізеді.  Сол  себепті 
домбыра  аспабында    тек  қана  халық  әндері  мен 
күйлері  орындалса,  енді  европа  шығармаларында 
емін-еркін ойнай беретін болды. 
 
 
 
 
 
 
 
 
              
 

 
 
Қобыз  аспабы  да  біраз  өзгеріске  ұшырайды. 
Қобыз аспабының негізінде  қобыз-прима,  қобыз-альт, 
қобыз-бас  және  қобыз-контрабас  пайда  болды. 
Европадағы  ішекті  аспаптар  тәрізді  екі  ішекті  қыл 
қобыз  аспабы  енді  төрт  ішекті  қобыз  болып  өзгерді. 
Ал қылдың орнына сым ішектер тағылды.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Қобыздың үні енді скрипканың үніне жақындай 
түсті.  Қобыз  аспабында  европалық  шығармаларды 
орындауға  мүмкіндік  туды.  Сонымен  қазақтың 
домбыра  мен  қобыз  аспабының  негізінде  оркестр 
құрамында  көптеген  жаңа  аспаптардың  түрлері 
дүниеге  келді.  Халық  композиторлары  Құрманғазы, 
Дәулеткерей,  Тәттімбет,  Дина  күйлері  оркестрдің 
орындауында жаңаша бояумен сахнаға шықты. 
 
 
 
 
Ойлан да айт! 
        Не  себепті  домбыра  мен  қобыз  аспабының 
көптеген түрлерін жасап шығарады?  
 
 
 

Біліп ал! 
   Ахмет  Жұбанов(1906-1968)  –  ғалым,    композитор, 
қазақтың  кәсіби  музыка  мәдениетін  қалаушылардың 
бірі.  Академик  Ахмет  Жұбанов  қазақтың Құрманғазы 
атындағы  мемлекеттік  академиялық  халық  аспаптар 
оркестірін құрып, оның алғашқы көркемдік жетекшісі 
болды.  Халық  композиторларының  творчествосын 
зерттеп, өзінің «Замана бұлбұлдары» және «Ғасырлар 
пернесі»  атты  кітаптарында  жазып  қалдырды.  Ахмет 
Жұбановтың  «Ақ  көгершін»  және  «Қарлығаш»  атты 
әндері  халық  арасында  сүйіп  тыңдайтын  әндеріне 
айналды.   
 
Музыка тыңдау
!  
Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестірінің 
орындауында Брамстың «Венгр биі» тыңдап 
көрелік!  
 
Сұрақтар:  
-  Домбыра аспабының қандай түрлері пайда болды? 
-  Домбыра аспабының өзі қандай өзгеріске ұшырады? 
-  Көп өзгеріске ұшыраған қандай аспап? 
-  Қобыз аспабының қандай түрлері пайда болды? 
 
Тапсырма:   
1.
 
Домбыра мен қобыздың түрленуі жайлы оқып кел.  
2.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
 
 
 
 
 

ОРКЕСТР ҚҰРАМЫНДАҒЫ АСПАПТАР 
 
 
 
Оркестр 
құрамын 
үрмелі 
және 
ұрмалы 
аспаптарсыз  елестету  мүмкін  емес.  Қазақ  халқында 
көне  үрмелі  сыбызғы  аспабы  сақталған.  Сыбызғы 
аспабы  ешқандай  өзгеріске  ұщырамайды.  Сыбызғы 
өзінің  көне  қалпын  сақтап  қалады.    Оның  есесіне 
оркестр  құрамына  европаның  флейта  және  гобой 
сынды  үрмелі  аспаптарын  ендіреді.  Өйткені  бұл 
аспаптардың үні сыбызғымен пара-пар келетін.  
    Сонымен  бірге  оркестр    құрамы  сырнай  аспабымен 
толықтырылады.  Сырнай  аспабы  қазақ  даласына  ХІХ 
ғасырда  татарлар  арқылы    келіп  қазақ  арасында 

танымал  болып  кетеді.    Қазақтың    Майра,  Нартай, 
Шашубай сынды 
атақты    ақындары  өз  жырларын  сырнай  аспабында 
орындаған. 
    Кейін  келе  сырнай  аспабының  орнына  оркестр 
құрамына орыстың баян  
аспабы да енеді.  
Ал қазақтың ең көне ұрмалы аспаптарының  бірі 
–  дауылпаз.  Дауылпаз  аспабын  оркестрде  орындауға 
лайықтап, оның көлемін үлкейтеді. Сөйтіп үлкейтілген 
дауылпаз өзінің зор дыбысымен оркестрде орындауға 
мүмкіндік  алады.  Кейін  келе  дауылпаз  аспабы 
европаның  литавра  аспабымен  орын  ауыстырады.  
Литавра  аспабына  қоса  европаның  барабан  және 
треугольник  сынды  аспаптарын  енгізеді.  Сөйтіп, 
оркестр құрамында жаңа ұрмалы аспаптар тобы пайда 
болады. 
 
 
 

Сонымен, оркестрдің жаңа аспаптары негізгі бес 
топтан тұрады. 
1.  
Домбыра тобы:
  домбыра-прима, домбыра-
альт, домбыра- бас, домбыра-контрабас 
2.  
Қобыз тобы
: қобыз-прима, кобыз-альт, 
қобыз-бас, кобыз-контрабас. 
3.  
Үрмелі аспаптар тобы:
 флейта,  гобой. 
4.   
Ұрмалы    аспаптар  тобы:
    литавра,  барабан, 
треугольник. 
5.  
Сырнай тобы:
  баян.  
Оркестр    кұрамындағы    жетілдірілген    бұл  
аспаптар  тобы  өзінің  дыбыс  бояуымен  ерекшеленеді. 
Әрбір аспап диапазоны мен тембрі жағынан бірін-бірі 
толықтырып  отырады.  Сол  себепті  оркестрде 
орындалған  шығармалар  жаңаша  үнмен  сахнада 
тыңдала бастайды. 
 
Ойлан да айт!  
Не себепті оркестр құрамына жезді үрмелі 
аспаптарды енгізбейді?  
 
Музыка тыңдау! 
Түркештің  «Көңілашар»  күйін  Құрманғазы 
атындағы  халық  аспаптар  оркестірінің  орындауында 
тыңдап  көрелік!  Күй  ұрмалы  аспаптардың  үнімен 
басталады. 
Ұрмалы 
аспап 
аттың 
шабысын 
елестеткендей әсер қалдырады. Бұл күйді көбіне үлкен 
салтанатты кештерде орындайды.  
 
Сұрақтар: 
-
 
Оркестр құрамындағы үрмелі аспаптарды ата? 
-
 
Оркестр қандай аспаптармен толықтырылады? 
-
 
Оркестр құрамына қандай ұрмалы аспаптар енеді? 
-
 
Оркестр құрамындағы аспаптар тобын айтып бер? 
 
 

Тапсырма:  
1.
 
Оркестр құрамындағы аспаптар жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Қазанғаптың «Шынаяқ тастар» 
күйінің үйренген буынын қайтала.   
 
ОРКЕСТРДЕГІ ДИРИЖЕРДІҢ  МІНДЕТІ 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Біз 
оркестр 
құрамына 
кіретін 
көптеген 
аспаптармен  таныстық.  Халық  аспаптар  оркестрінің 
құрамында  60-70-ке  жуық  орындаушылар  болады. 
Олардың басын қосып бір адамдай орындату дирижер 
міндеті.  Дирижер  музыкалық  сауаты  өте  жоғары,  әрі 
білімді  болуы  керек.  Дирижер  әрбір  аспаптың  дыбыс 
ерекшелігін, орындау мүмкіншілігін жетік білу қажет. 
Әсіресе,  белгілі  бір  шығарманы  сұлулап  орындау 
дирижерге  көп  байланысты.  Оркестрдегі  әрбір 
аспаптар    тобының  шығарма орындау  барысында  қай 
жерінде 
бәсеңдетіп 
немесе 
жылдамдататынын 
дирижер көрсетеді. Сахнада орындалатын шығарманы 
әрбір  орындаушыға  жетік  меңгертуде  дирижер  еңбегі 
зор.  Олар  дирижермен  бірге  көп  дайындалады. 
Шығарманы  толық  меңгергеннен  кейін  сахнаға  алып 
шығады.  Осындай  үлкен    дирижерлық  міндетті 
атқарған Ахмет    Жұбанов еді.  
Ахмет  Жұбанов  тек  қана  оркестрдің  дирижері 
емес,  оның  ұйымдастырушысы  әрі  көркемдік  
жетекшісі  болды.  Ахмет  Жұбанов  өзінен  кейін 
көптеген  шәкірттер  қалдырды.  Сондай  шәкірттерінің 
бірі  Шамғон  Қажығалиев  көптеген  жылдар  бойы  
Құрманғазы  атындағы  ұлт  аспаптар  оркестріне 
жетекшілік етіп, оның бас дирижері болады. Шамғон 
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет