А. Райымбергенов С. Райымбергенова Ұ. Байбосынова



жүктеу 2.8 Kb.

бет1/6
Дата09.01.2017
өлшемі2.8 Kb.
  1   2   3   4   5   6

            А.Райымбергенов 
            С.Райымбергенова 
                Ұ.Байбосынова 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
МУЗЫКА 
 
  «Мұрагер»  бағдарламасы бойынша 
 
Жалпы білім беретін мектептің 
 4-сыныбына арналған оқулық 
 
 
           
 
 
 
Алматы 
 
2011 
 

Балақай! 
Сен  жаңа  «Музыка » оқулығының бетін ашқалы 
отырсың!  
Ол саған қазақтың ән және күй дәстүрін ХХ ғасырға дейін 
сақтап,  бізге жеткізген ұлы орындаушылар туралы 
баяндап береді! 
Бізге дейін жеткен ән-күйлер жаңа заманға лайықты 
жаңаша өмір сүруде. Қазақтың көне ән-күйлерін жеткізген 
ұлы ұстаздар. Ал ұлы ұстаздар дәстүрі бүгінгі заман 
шәкірттерімен жалғасын тапқан.  
Халық композиторларының ән – күйлері заманға лайық 
дамып, қазіргі халық аспаптар оркестрлері мен 
ансамбльдердің репертуарына енеді. Сөйтіп ұлттық 
аспаптар жаңаша жаңғыра түседі.  
Түркі халықтарының көне музыкалық аспаптарымен 
кеңінен танысасың.  Қазақ, түркі және шығыс 
халықтарының аспаптарымен және олардың ортақ 
тұстары мен туыстастығын ажырата білесің. Ежелгі 
аспаптардың пайда болуы жайлы ғажап аңыз-шежірелерін 
тыңдайсың.    
Бұл оқулықпен бірге өмірдің әнмен сабақталып, өнермен 
өрнектеліп жатқан тұстарына назар аударасың. Өмірде, 
қоршаған ортада, мектепте түрлі атаулы күндерге арналған 
әндермен танысып, ол әндерді орындап үйренесің. 
Осы жолға саған сәт сапар тілейміз!  

ҚАЗІРГІ ЗАМАНДАҒЫ ҚАЗАҚ МУЗЫКА  
ӨНЕРІ
 
Ғасырлар 
бойы 
әнші-күйшілер 
 
өз 
өнерің 
шәкірттеріне  үйретіп,  кейінгі  ұрпаққа  қалдырып 
отырған.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 Қазіргі кезде оқушылар домбыраны мектеп 
қабырғасында ұстаздарынан үйреніп, ансамбльдер  
мен оркестрлерде орындайды.   
 
 
 
 
 
 

І  ТОҚСАН 
 
ҰЛЫ ҰСТАЗДАР КӨШІ 
 
 
КҮЙ ДӘСТҮРІНІҢ ШЕЖІРЕШІСІ – ҚАЛИ 
ЖАНТІЛЕУОВ
 
 
 
 
  Құрманғазының  көптеген  шәкірттері  болды. 
Олардың ішінде ең атақтылары Дина мен Мамен еді.  
 
XX-ғасырдың  басында  қазіргі  Орал  облысында 
оларға  тең  келетін  күйші  жоқ  болатын.  Дина  мен 
Мәмен  жәрменкеде  кездесіп,  күй  тартысады.  Бұл 
тартысты  көруге  бала  Қали  да  барады.  Екі  ұлы 
күйшінің тартысы Қалиды таң қалдырады.  Есейе келе 
Қали  Құрманғазының  атақты  шәкірті  Мәменді  іздеп 
барады. Қасына ертіп жүріп Құрманғазының көптеген 
күйлерін үйренеді.  

      Құрманғазы  атындағы  оркестр  құрылған  кезде, 
республиканың  әр  жерінен    Алматыға  ең  мықты 
домбырашылар  шақыртылады.  Сөйтіп,    Батыс 
өңірінің  күйшілік  дәстүрін  жалғастырушы  Қали 
Жантілеуов  1932  жылы  Құрманғазының  көптеген 
күйлерін  Алматыға  алып  келеді.  Құрманғазының  
шоқтығы  биік  «Адай»,  «Ақбай»,  «Серпер»  сияқты 
күйлері  Қали  ағамыздың  орындауынан  Құрманғазы 
оркестрінің репертуарына енгізіледі.  
 
Қали  өзінің  соңына  көптеген  шәкірттерін 
тәрбиелеген ұлы ұстаз. Қалидың шәкірттері Қаршыға 
Ахмедияров,  Шәміл  Әбілтаев,  Тұяқ  Шамелов, 
Абдулхамит  Райымбергенов,  Айтжан  Тоқтағанов 
сынды  елімізге  танымал  орындаушылар  күй  дәстүрін 
бүгінгі ұрпаққа үйретіп жалғастырып келеді.  
 
Қзақ  халқының  әндері  мен  күйлері  ұлы 
орындаушылардың  соңынан  ерген  шәкірттері  арқылы 
сақталып жеткен.   
    
Күйдің әңгіме желісіне құлақ түрелік: 
 

 
 
 
Құрманғазының «Адай» күйі жайлы Қали ақсақал 
былай 
деп 
баяндайды: 
«Бірде 
Құрманғазы 
жолаушылап келе жатып бір адайдың үйіне түседі. Үй 
ішінде шал мен кемпір болады. Құрманғазы аты-жөнін 
айтпай,  құдайы  қонақ  едім  деп  сыпайы  ғана  отыра 
береді.    Бір  кезде  Құрманғазының  көзі  керегенің 
басында  ілулі  тұрған  үкілі  домбыраға  түседі. 
Құрманғазы домбыраның үкісіне қарап, оның иесі қыз 
екенін  біледі.  Бір  уақытта  үйге  17  жасар  қыз  кіреді. 
Қыздың  аты  Ақмаңдай  екен.  Ол  үйге  келісімен 
отырған қонаққа қарамай, бірден керегенің басындағы 

домбырасын  алып,  бір  күй  тартады.  Күйді  аяғына 
дейін тыңдаған Құрманғазы, қызға қарап: «Шырағым, 
күйдің  нашарын  тарттың  ғой.  Домбыраңды  бері 
әкелші»,  -  дейді.  Құрманғазының  бұл  сөзіне  кемпір 
мен  шал  аң-таң  болады.  Сонда  шал:  «Бұл  өңірде 
Ақмаңдайдың домбыра тартысына ешкім бір ауыз сөз 
айтып  көрген  жоқ  еді  ғой»,  -  дейді.  Қыз  домбырасын 
қонағына  береді.  Құрманғазы  қолына  домбырасын  
алып,  жаңа  бір  күйді  тартып  жібереді.  Күй  аяқталған 
соң  үй  иесі    Құрманғазыға  күлімдей  қарап: 
«Шырағым,  күй  тартысың  тым  бөлек  екен.    Атақты 
Құрманғазының  өзі  емессің  бе?  Өзін  көрмесек  те 
атағын  көп  естуші  едік»,  -  дейді.  Сонда  Құрманғазы: 
«Болсақ  болармыз»,  -  деген  екен.    Сондағы 
Құрманғазының    Ақмаңдай  деген  адайдың  қызына 
арнап  тартқан  күйі  ел  арасына  «Адай»  деген  атпен 
таралып кетеді.   
 
Қазақстанға  ең  танымал    Құрманғазының 
«Адай»  күйі  Қали  ақсақалдың  орындауында  бізге 
дейін жетті! 
Күй тыңдау! 
 
    Құрманғазының  «Адай»  күйі  қазаққа  ең  танымал 
күйлердің  бірі.    Бұл  күйді  халық  аспаптар  оркестірі 
мен 
көптеген 
фольклорлық 
ансамбльдердің 
орындауында тыңдай аламыз. Әсіресе күйдің құдіреті 
халық аспаптар оркестірінің орындауында тіпті ашыла 
түскендей  болды.  Құрманғазы  атындағы  халық 
аспаптар  оркестрі  «Адай»  күйін  әлемнің  көп 
мемлекеттерінде  орындап  келеді.  Атап  айтар  болсақ 
Италия, 
Франция, 
Жапония, 
Америка 
т.б. 
мемлекеттерде  Құрманғазының  «Адай»,  «Сарыарқа» 

сынды  күйлерімен  әлем  халықтарын  таңдандырып 
келеді.       
   Көптеген  музыканттар  түрлі  музыкалық  сайыстарда 
«Адай» күйін арнайы таңдап алып тартып жатады. Бұл 
күй  өзінің  екпінді  шабытымен  барлығын  жеңіске  де 
жеткізіп жатады. Анатолий Гайсин «Адай» күйін баян 
аспабында  орындап  халықаралық  сайыста  жеңіске 
жетеді.  Ал  «Ұлытау»  тобы  болса  Американың 
Голливуд  қаласында  өткен  дүние  жүзілік  сайыста 
«Адай» күйін орындап бас жүлдені жеңіп алады.  
 
           
 
«Ұлытау» тобы 
Сөздік: 
1.
 
Шежіреші көне көз, көп білетін білгір. 
2.
 
Тартыс – Екі домбырашының бір-бірімен күй жарысы. 
                                   
Сұрақтар: 
–  Қалидің ұстаздары кім болды? 
–  Қали Жантілеуов кімнің күйлерін жеткізді? 

 
Қали ақсақал Құрманғазының «Адай» күйі  жайлы 
не деп баяндайды? 


 
Тартыс дегенді қалай түсінесің? 
      Құрманғазының басқа қандай күйлерін білесің? 
 
Тапсырма:  
1.
 
Күй дәстүрінің шежірешісі –Қали Жантілеуов жайлы оқып 
кел.
 
2.
 
Домбырадан Жаяу Мұса «Ақ сиса» әнінің бастапқы буынын 
қайтала. 
 
 
ӘН ӨНЕРІНІҢ КЕРЕМЕТІН ПАШ ЕТКЕН 
–  
МАНАРБЕК ЕРЖАНОВ 
 
 
 
 
 
 
Атақты  әнші    Манарбек  Ержанов  XX  ғасырдың 
басында  қазіргі  Қарағанды  облысында  дүниеген 

келген.  Өзінің  туып  өскен  ортасы  Арқа  өңірінің 
әншілік  дәстүрін  бойына  сіңіріп  өскен  Манарбек 
жастайынан  –  ақ    домбыраға  үйір  болады.  Ол 
ауылдағы Күсенбай деген күйшіден домбыра тартуды 
үйренеді.  Ол  тек  күйге  ғана  емес,  әнге  де  құмар 
болады. Ол 5 жасында әнші бала атанады. Бертін келе 
атақты  жезтаңдай  әнші  Әміре  Қашаубаевтың  ізіне 
еріп шәкірт болады.  
         Манарбек Жаяу Мұса,  Ақан сері, Біржан  сал 
әндерін  нақышын  бұзбай  бізге  дейін  жеткізген  ұлы 
орындаушы.  Манарбек  тек  қана  орындаушы  емес,  өз 
жанынан  көптеген  әндер    мен  күйлер  шығарған 
композитор.  
 
Манарбек  тек  дәстүрлі  әндерді  орындаумен 
қатар театрда актерлік шеберлігімен де танылады. Ол 
1936  жылы  Мәскеуде  өткен  декаданың  ашылуына 
қойылған  „Қыз  Жібек”  операсында  Шегенің  ролін 
сомдайды. 
Манарбек 
өзінің 
асқан 
шебер 
орындаушылығымен  халықтың  зор  ілтипатына 
бөленеді.  Оның  өнеріне  таңданған  тыңдарман: 
„Қазақтың  кең  даласының  бар  кереметін  көшіріп 
әкелгендей болды ғой” деген жоғары бағасын береді.  
 
Манарбектің  орындауында  көптеген  әндер 
сақталып, бүгінгі орындаушыларға үлгі болды.    
 
Әннің әңгіме желісіне құлақ түрелік: 

 
 
 
Жаяу  Мұсаның    “Ақ  сиса”  әні    Манарбектің 
орындауында  кеңінен  танымал  болды.  Манарбек 
Жаяу  Мұсаның    “Ақ  сиса”  әні  туралы  былай  деп 
әңгімелейді: Мұсаның жаяу атануының себебі бар еді.  
Мұсаның    мініп  жүретін    жалғыз  аты  болады.  Сол 
атына мініп ел  аралап, халыққа өнерін жайып жүреді.  
Мұсаның  беделі  халыққа  арта  түседі.  Барлық  атақ-
абыройды басынан асырғысы келмейтін  бай  Шорман 
тұқымдарына ұнамайды. Бір күні Шорманның баласы 
Мұстафа    Мұсаның  жалғыз  атын  тартып  алып,  ерін 
арқалатып, 
жүгенін 
қолына 
беріп 
жібереді.  
Шорманның  тұқымына  қарсы  келетін    күші  жоқ, 
Мұса  амалы жоқ бұрынғы аралаған ауылдарын жаяу 

кезеді.  Шорманның  Мұстафасы  бұл  әрекетімен 
Мұсаның  жігерін  басып,  сағын  сындырмақшы 
болады.  Бірақ  Мұса  бұл  іске  мойымай,  Шорманның 
Мұстафасының бұл әрекетін әнге қосып: 
                   Ақ сиса, қызыл сиса, сиса-сиса! 
                  Қалмайды кімдер жаяу зорлық қылса 
                  Шорманның  Мұстафасы атымды алып,  
                  Атандым сол себепті Жаяу Мұса. 
                   
 
 
 Жаныма батқандықтан ашынамын, 
                  Мен неге жаяумын деп басыламын, 
                  Малым жоқ Шорман айдап алатұғын 
                  Қылығын Мұстафаның паш қыламын,  
-  деп, ел арасында айтып  жүреді. Бұл ән  ел арасында 
“Ақ сиса” деген атпен тез таралып кетеді.  
Ән тыңдау!  
 
 
Жаяу  Мұсаның  «Ақ 
сиса»  әні  басқа  әндерден 
ерекшеленіп тұрады. Бұл ән 
Жаяу Мұсаның ашуға толы 
келбетін  айқын  көрсетіп 
тұрады. 
Өте 
екпінді, 
көңілдің 
ызасы 
әннің 
жоғарғы 
дыбыста 
айтылатын 
әуенінен 
байқауға болады.  
      Бұл  ән  әншінің  шебер 
орындаушылық  қабілетін 
талап етеді. Жаяу Мұсаның «Ақ сиса» әнін ең мықты 
деген  қазақтың  жез  таңдай  әншілері  орындап 
жеткізген.  Олар:  Әміре  Қашаубаев,  Манарбек 

Ержанов  болса,  қазіргі  таңда  атақты  опера  әншісі  
Ғафиз Есімов орындап жүр. 
    Манарбек  Ержанов  пен 
Ғафиз 
Есімовтың 
орындауында  „Ақ  сиса” 
әнін тыңдап көрелік
 
 
Біліп ал! 
 
 
Жаяу  Мұса  Байжанұлы  (1835-1929)    Павлодар 
облысы  Баянаул  ауданында  дүниеге  келген.  Жаяу 
Мұса өмірінің қиындығына қарамастан өте ақ жарқын 
көңілі  кең  адам  болған.  Өмірі  мен  тағдырына 
мұңаймаған  Жаяу  Мұсаның  әндері  жеңіл  әрі  әзілге 
толы  болды.  Жаяу  Мұса  өзінің  асқан  әншілігімен 
қатар  орыс  тілін  жақсы  меңгеріп,  скрипка  мен 
балалайкада ойнай алған.    
 
 
Сұрақтар: 
 
–  Манарбектің ұстаздары кім? 

 
Манарбек кімдердің әндерін бізге жеткізді? 

 
Манарбек „Қыз Жібек” операсында кімнің ролін сомдады? 

 
Манарбек Жаяу Мұсаның “Ақ сиса” әні туралы не 
деп әңгімелейді? 

 
Не себепті атақты Мұса „жаяу” атанып кетеді? 

 
Неге Жаяу Мұсаның астындағы атын тартып 
алады? 

 
Жаяу Мұса Мұстафаның бұл әрекетіне қалай 
жауап береді? 

 
„Ақ сиса” әнін кім дер орындап жеткізген? 
 

Тапсырма:  
 
1.
 
Ән  өнерінің  кереметін  паш  еткен  –  Манарбек 
Ержанов жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Жаяу Мұса «Ақ сиса» әнінің үйренген буынын 
қайтала. 
 
 
 
ӘНШІЛІК ӨНЕРДІҢ ХАС ШЕБЕРІ - 
ЖҮСІПБЕК ЕЛЕБЕКОВ 
 
 
  
 
 
 
Жүсіпбек Елебеков  Қарағанды облысы  Қарқаралы 
ауданында  1904 жылы дүниеге келген. Жүсіпбектің әкесі 
Елебек  жас  кезінде  ән  салып,  күй  тартқан.  Жүсіпбек  те 

жастайынан    өнерге  үйір  болады.  Ол  ән  айтуды  сол 
өңірге  атағы  шыққан  Жақыпбек  әншіден  үйренеді. 
Жүсіпбек  он  жасыннан  бастап  әнші  бала  атанады.  Ол 
жиын-тойдың  көркіне  айналады.    Бертін  келе  Жүсіпбек 
атақты әнші Әміренің ізіне еріп жүріп әншілік шеберлігін 
шыңдайды.    Атақты  Әміре  Қашаубаев  өзінің  шәкіртіне 
«Менің өнерімді жалғастырған Жүсіпбектен асқан әншіні 
естіген  емеспін»  -  деп  сенім  артып,  батасын  беріп, 
домбырасын ұстатып кеткен екен.  
 
 Жүсіпбек -  Мәди,  Ақан сері, Біржан сал, Балуан 
шолақ  -  сынды  халық  композиторларының  әндерін 
сақтап  бізге  жеткізді.  Сонымен  қатар  Абайдың  көптеген 
әндерін  асқан  шеберлікпен  орындаған.  Жүсіпбек  те 
өзінен  бұрын  өткен  Арқа  өңірінің  әншілік,  ақындық 
дәстүрін жалғастырған ғажайып қайталанбас әнші.  
 
Жүсіпбек  тек  әншілік  қырынан  ғана  танылып 
қоймай  актерлік  те  шеберлігін  драмалық  және 
опералық  қойылымдарда  кейіпкерлер  бейнесін 
жасаған.  1936  жылы  Мәскеуде  өткен  декадада  «Қыз 
Жібек» операсында Төлеген ролін сомдайды.  
 
Жүсіпбек 
Елебеков 
көптеген 
шәкірттер 
тәрбиелеген  ұлы  ұстаз.  Жүсіпбектің  шәкірттері 
Мәдениет  Ешекеев,  Жәнібек  Кәрменов,  Қайрат 
Байбосынов  сынды  қазаққа  танымал  әншілер.  Олар 
Жүсіпбек  Елебековтың  орындаушылық  ерекшелігін 
бүгінгі ұрпаққа үйретуші ұстаз-орындаушылар  
 
 
Әннің әңгіме желісіне құлақ түрелік: 
 
Қарқаралыға  аты  шыққан  Мәдидің  әндерін  аса 
шеберлікпен    орындайтын.  Жүсіпбек  Мәдидің 
“Қарқаралысы”  туралы  былай  дейді:  “Үш  жүзге  аты 
шыққан Мәди өмірінде көп қиындық көрген. Мәдиге 

өзінің  туысы  бай  Қақабай  көп  ауыртпалық  түсіреді”. 
Өйткені  Қақабайдың    болыстық  атақ-даңқы  емес,  
Мәдидің  абыройы  ел  арасына  арта  түседі.  Мәдидің 
әншілік  атағының  ел  арасына  арта  түсуін,  Қақабай 
қызғанышпен көре алмайды. Бір күні ел аралап кеткен 
Мәдидің  жоғын  пайдаланып,  бай  шабармандарын 
жұмсап: “Барып Мәдидің қыстауын өртеп жіберіңдер. 
Қайтып  оралмайтындай  болсын”,  -  деп  бұйырады.  
Қақабайдың  шабармандары  барып  Мәдидің  үйін 
өртеп  жібереді.  Мәди  ел  аралап  ауылына  келсе 
қыстауының  түк  қалмай  өртеніп  кеткенін  көреді. 
Сонда  Мәди:  “Бұл  жолы  Қақабай  қорлығын  өткізіп 
жіберді-ау. Бірақ мені сүйетін елім аман болсын. Мен 
де  есемді  жібермеспін”,  -  деп  Қақабайдың 
жылқыларының ішінен бір жүйрік атты алып қашады. 
Мұны  пайдаланған  Қақабай  Мәдиді  ат  ұрлаушы  деп 
түрмеге  жабады.  Ел  аралап  халықтың  еркесіне 
айналған  Мәдиге  бұл  ауыр  түседі.  Тар  қопастың 
ішінде  қамалып  жатқан  Мәди  елін,    жерін  сағынып 
қайғырады.  Қолына домбырасын алып:  
  Атыңнан айналайын Қарқаралы, 
  Сенен бұлт,  менен қайғы тарқамады. 
  Саяңнан сайғақ құрлы сая  таппай
Мен  бір  жан  қашып  жүрген  Арқадағы,  - 
деп  басына  түскен  қиындығын  әнге  қосады.  Ел 
арасына  бұл  ән  “Қарқаралы”  деген  атпен  кеңінен 
тарап кетеді. 
 
Ән тыңдау! 
 
Мәдидің  «Қарқаралы»  әнінде  басқа  түскен 
қайғы, көңілге ұялаған өкініш, жүрекке салған қайғы-
мұң  сезіледі.  Сонымен  қатар,  жырақта  жүріп  елін 
аңсаған  сағыныштың  да  үні  естіледі.    Ал  әннің 

қайырымында  қиындыққа  төзе  білген  жігер  отын  да 
тыңдап  көруге  болады.  Осындай  күрделі  әндердің 
бірін  Жүсіпбек  Елебековтың  орындауында  тыңдап 
көрелік.  
 
Біліп ал! 
 
Арқа дәстүріндегі Мәди әндері 
оқшауланып дара тұр. Мәди 
Бабиұлы Қарағанды облысы                  
Қарқаралы ауданында дүниеге келген 
(1880-1921). Өз басынын өткізген 
ауртпалық пен  қиындықты өз әндерінде 
бейнелеп отырды. 
Мәди әділетсіздіктің күрескері ретінде 
шерлі, мұнды, жан сезімін баяндайтын 
әндер туғызды. Мәдидің “Үшқара ”,“Қарқаралы” 
«Қаракесек» сынды әндері халық арасында кеңінен танымал 
болды. 
 
Сұрақтар: 
-
 
Жүсіпбектің ұстаздары кім ? 
-
 
Жүсіпбек кімдердің әндерін бізге сақтап жеткізді? 
-
 
Жүсіпбектің шәкірттерін ата? 
-
 
Не себепті Қақабай Мәдиді түрмеге жабады? 
-
 
Осы уақиғаға байланысты қандай ән дүниеге келеді?  
-
 
Мәдидің басқа қандай әндерін білесің? 
 
Тапсырма:  
1.
 
Әншілік  өнердің  хас  шебері  -  Жүсіпбек  Елебеков 
жайлы оқып кел. 
2.
 
Домбырадан Жаяу Мұса «Ақ сиса» әнінің үйренген буынын 
қайтала. 
 
 

 
ҚАРА ҚОБЫЗДЫ САРНАТҚАН – 
ЖАППАС ҚАЛАМБАЕВ 
 
 
 
 
Атақты  күйші  -  Жаппас  Қаламбаев  XX  
ғасырдың  басында  қазіргі    Созақ  ауданы,  Шымкент 
облысында  дүниеген келген. Ол  7-8 жасынан бастап 
әкесі  Қасымбектен  домбыра  тартуды  үйренеді. 
Домбыра  тартумен  қатар,  Жаппас  қобыз  аспабын  да 
жете меңгереді.  Қобыз күйлерінің көпшілігін атақты 
күйші,  композитор  Сүгірден  үйренеді.  Ұстазы  Сүгір 
Қаратау 
өңіріне 
жайылған 
қобызшылық 
пен 
домбырашылық  дәстүрдің  қалыптасуына  зор  ықпал 
еткен  ірі  күйші  композитор.  Қаратау  өңірінде 

күйшілік  дәстүрдің  жалғасуына  Жаппас  Қаламбаев 
та өзінің үлкен үлесін қосты.   
 
Жаппас  Қаламбаев  1934  жылы  Республикалық 
халық  аспаптарында  орындаушылардың  1  слетіне 
қатысып,  өз  өнерін  көпшілікке  танытады.  Слеттен 
кейін  жаңадан  ұйымдастырылып  жатқан  қазақтың 
халық  аспаптар  оркестіріне  шақырылып,  осы 
оркестрде  30  жылдай  қызмет  істейді.  Көптеген 
Республикаға  белгілі  қобызшылар  алғашқы  сабақты 
Жаппас Қаламбаевтан алады.  
 
Жаппас  Қаламбаевтың  шәкірттері  Гүлнәфис 
Баязитова,  Фатима  Балғаева  және  Болат  Сарыбаевты 
айрықша атауға болады.     
 
Күйдің әңгіме желісіне құлақ түрелік: 
  
 
      
 
Қорқыт  және  Ықылас  күйлерінің  көпшілігін 
Жаппас  Қаламбаев  бізге  дейін  сақтап  жеткізген.  Ол 

күй орындамас бұрын, күйдің шығуы туралы аңызды 
айтып  беретін.  Ықыластың  “Жез  киік”  туралы  күйі 
жайлы Жаппас былай деп баяндайды:  Ел  арасында 
құралайды көзден атқан мерген аңшы жігіт болыпты. 
Мерген жігіттің атқан оғынан ұшқан құс, жүгірген аң 
қашып  құтыла  алмайды  екен.  Бір  күні  аңшы  жігіт 
атына мініп,  садағын асынып киік атуға шығады. Бір 
кезде аңшының алдынан бір топ киік қаша жөнеледі. 
Қолына садағын алып, киіктерді ата бастайды. Аңшы 
жігіт  аңның  қызығына  түсіп,  киіктерді  бірінен  соң 
бірін  өлтіре  береді.  Көптеген  киік  қырылып  қалады. 
Бір  мезгілде  мерген  жігіттің  алдынан  күнге 
шағылысқан  жез  киік  шыға  келеді.  Бұрын-соңды 
мұндай  ғажапты  көрмеген  мерген  жігіт  жез  киікті 
атып  алмақшы  болады.  Садағын  қолына  алып  жез 
киікті  атады.  Бірақ мергеннің оғы  күнге  шағылысқан 
жез  киікке  дарымайды.  Сол  мезгілде  жез  киікке  тіл 
бітіп  аңшы  жігітке  қайрылып:  “Ей,  мерген,  сен 
шамадан  тыс  киікті  неге  өлтірдің?  Сен  қажеттілігіңе 
емес, мергендігіңнің қызығына түстің. Қанша киіктің 
обалына  қалдың.  Енді    сенің    атқан  оғың  ешбір  аңға 
дарымайды”, -  деп көзден ғайып болады. Аңшы жігіт 
бұл болған жағдайға аң-таң болып елге оралады. Осы 
күннен бастап аңшы жігіттің жолы болмай, атқан оғы 
бірде бір аң-құсқа дарымайтын болған екен. Сондағы 
аңшы  жігіттің  алдынан  шықққан  аң  иесі  Жез  киік 
екен  дейді.  Бұл  аңызды  естіген  Ықылас  қолына 
қобызын  алып,    осы  оқиғаға  арнап  күй  шығарады. 
Күйдің  атын “Жез киік” деп атайды.  
 
 
Күй тыңдау!  

«Жез  киік»  күйін  көне  қыл  қобызда  және  жаңа  сым 
қобызда  тыңдап  көрелік.  Байқаған  боларсың  бір  күй 
екі  аспапта  әр  түрлі  үнмен 
естіліп 
тұр. 
Қыл 
қобызда 
орындалғанда  оның  қоңыр  үні 
адамды 
арбағандай 
сезімде 
болады. 
Ал 
сым 
қобызда 
орындалған  «Жез  киік»  күйі 
фортепианомен  үндесіп  шауып 
бара 
жатқан 
киіктерді 
елестетеді.   
 
 


  1   2   3   4   5   6


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал