А. Н. Данияров атындағы өнеркәсіптік көлік кафедрасы


№4  тақырып.  Стансалардың  тағайындалуы.  Станса  жұмыстарын



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет3/9
Дата19.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

№4  тақырып.  Стансалардың  тағайындалуы.  Станса  жұмыстарын 
реттейтін негізгі құжаттар  (2 сағат).   
 
Дәріс жоспары:  
1.
 
Стансалардың анықтамасы  
2.
 
Стансалардың қызметі және жұмыс сипатты 
3.
 
Стансалардың сыныбы  
4.
 
Станса жұмысын реттейтін құжаттар  
 
Теміржол  желісі  құрамына  станциялар,  жолайрылымдары,  оздырма 
қосындары, 
жол 
бекеттері 
сонымен 
қатар 
автоматтандырылған 
блокировкалы  өтпелі  бағдаршамдар  кіретін  жекелеген  бекеттер  мен 
жоларалықтардан  тұрады.  Қалыпты  жағдайда  жоларалықта  тек  бір  ғана 
пойыз болады. 

                                                                                                                                                       22
Жол айырылымы -  дегеніміз дара жолды жол тармағында қарама-қарсы 
келе  жатқан  пойыздардың  біреуін  айырма    жолында  қалыптастыру  арқылы 
екіншісін  өткізуге  және  бір  бағытта  әр  түрлі  жылдамдықпен  келе  жатқан 
пойыздардың бірін-бірі басып озыуына арналған жол қосыны.  
Оздырма  қосындары  -қос  жолды  жол  тармағында  негізінен 
пойыздардың бірін-бірі басып озуына, қажет болған жағдайда шағын көлемді 
жүк операцияларын атқаруға арналған жол қосыны. 
Станса  –  деп  жол  таралымдары  пойыздарды  қабылдап  жөнелтуді, 
қиылыстыруды және басып оздыруды,  сонымен қатар жүктерді қабылдап – 
тапсыру,  жолаушыларға қызмет көрсету операцияларын қамтамассыз ететін, 
ал  дамыған  жол  құрылғылары  құрамаларды  құрастыруға  және  пойыздарға 
техникалық  операциялар  жасауға  мүмкүншілік    беретін  жекелеген  жол 
бекеті. 
Негізгі қызметіне, жұмыс сипатына байланысты стансалар бірнеше түрге 
бөлінеді: аралық, телімдік, сұрыптау, жүк және жолаушы стансалары.  
Аралық  стансалар  пойыздарды  қабылдап  жөнелтуді  өткізу  және 
айырылыстыру  басып  озу  сонымен  бірге  жолаушыларды  отырғызып  түсіру, 
жүктерді  тиеп  түсіру  жинақталған  пойыдарды  өндеу  тәрізді  опрерациялар 
атқарылып тж барлық желісінде орналыстыралатын ең көп станса түрі.  
Телімдік  стансалар – пойыз  (жүк  және  жолаушы  пойыздары) 
құрамындағы  вагондарға  техникалық  және  коммерциялық  тексеру,  жөндеу 
жұмыстары  орындалатын  және  телімдік  пойыздарды  сұрыпталатын, 
негізінен транзиттік пойыздарды өндеумен айналысатын станса. 
Сұрыпттау стансалары -  негізінен бірнеше теміржол желісі түйіскен 
бекетте,  ірі  өнеркәсіптік  кәсіпорындар,  әкімшілік  орталықтар,  порттар 
орналысқан  жерлерде  немесе  көп  көлемді  жүк  тиелетін  аудандарда 
орналасады. Сұрыпттау стансаларында негізінен алыс қашықтыққа арналған 
өтпелі  яғни  тоқтаусыз  өтетін
 
  және  де  телімдік,  жинақталған,  өткермелік 
және берілістік  пойыздар құрастырылады, сонымен қатар транзиттік, жүктік 
пойыздар  өнделеді.  Локомотивтерді,  бригадаларды  ауыстыру,  техникалық 
тексеру  т.б.  жүктік  және  де    жолаушыларға  қатысты  операциялар 
орындалады. 
Жүктік  стансалар -   ірі  өнеркәсіптік  және  әкімшілік  орталықтарда, 
теңіз  және  өзен 
порттары 
  орналасқан  бекеттерде,  жүктерді  көп  көлемде 
тиеп-түсіретін жерлерде және де ауқымды өнеркәсіптік кәсіпорын құрылысы 
жүретін 
аймақтарда 
салынады. 
Бұл 
стансаларда 
тиеп-түсіру 
операцияларынан 
басқа 
келген 
құрамаларды 
өндеу, 
жөнетілген 
маршруттарды құрастыру жұмыстары атқарылады.  
Жолаушы  стансалары  -  негізінен  транзиттік,  жергілікті  және  қала 
аралық  жолаушы  қозғалысы  қарқынды,  тұрғыны  көп  мекендерде  салынып 
жолаушы тасымалына қызмет көрсетуге арналған.  
Телімдік  және  сұрыпттау  стансалары  атқаратын  қызметтеріне  және 
жұмыс сипаттарына байланысты  техникалық станса деп  те аталады.  
Теміржол  түйіспесі  -  деп  кем  дегенде  үш  теміржол  бағытын 
біріктіретін біріктіруші жол тармақтары мен стансалар жиынтығын айтамыз  

                                                                                                                                                       23
Жұмыс  көлеміне  байланысты  стансалар  сыныпсыз  және I, II, III, IV, V 
сыныпты  болып  бөлінеді.  Стансаның  сыныбын  анықтау  үшін  жұмыстың  әр 
түрлі  өлшемдерін  ұпаймен  бағалау  жүйесі  енгізілген.  Егер  станса  жолында 
тәулігіне  бес  вагон  артылса  немесе  түсірілсе  екі  ұпайға  бағаланады; 50 
вагонды  қайта  өндеу  (сұрыптап    құрастыру) 2- ұпай;  ұсақ  жөнелтілімді 
немесе контейнерлермен 5 вагонды сұрыптау -2 ұпай; 10 пойызды жөнелтсе 
немесе локомотивтермен  бригаданы ауыстыру арқылы 10 пойызды өткізсе 1 
ұпай т.б. Бұл ұпайлық жүйемен белгілеудің шарты мен тәртібін «ҚТЖ» ҰК 
АҚ бекітеді.  
Жұмыс көлемі 85 ұпайдан жоғары болса, сыныпсыз стансаға жатады ал 
егер жұмыс көлемі:  
- 32-85 ұпай болса, I сыныпты 
- 14-32 ұпай болса II  сыныпты ; 
- 4-14 ұпай болса  III сыныпты; 
- 0,7-4 ұпай болса  IV сыныпты
- 0,7 - ге дейін болса  V сыныпты станса қатарына жатады. 
Сұрыптау  стансалары,  неғұрлым  үлкен  жолаушы  және  жүк  стансалары 
негізінен сыныпсыз болып келеді  
Стансаларда пойыздарды қабылдауға және өндеуге арналған жолдар мен 
парктер  (парк  деп  қазметі  бір  атқаратын  жолдар  жиынтығын  айтамыз 
мысалы, қабылдап-жөнелту паркі, сұрыптау паркі), құрамаларда сұрыптауға 
арналған  арнайы  құрылғылар  (тартым  жолдары,  дөнестер  т.б.)  болады. 
Стансалардың  жол  таралымы  олардың  қызметіне  және  жұмыс  сипатына 
байланысты  болып  келеді.  Мысалы,  аралық  стансаларында 4-6 қабылдап- 
жөнелту жолдары, телімдік стансаларда 10-20,  ал сұрыпттау стансаларында 
3-6 парктерге  топтастырылған 80-100 жолға дейін болады.  
Әр  түрлі  стансаларда  келу,  сұрыптау  және  жөнелту  парктерінің  өзара 
орналасу түрлері:  
-  тізбектемелі – пойыздың  жүріс  бағыты  бойынша  парктердің  бірінен 
кейін бірі тізбектеліп орналасуы; 
- параллелді  - парктердің өзара қапталдасып параллель орналасуы;  
- біріктерілген - тізбекті және жартылай параллелді орналасуы.  
Әртүрлі  операцияларды  орындау  үшін  стансаларда  айлалық  жабдықтар 
тиеп-түсіру 
механизмдері 
және 
қажетті 
жабдықтар 
қоданылады. 
Бағыттамалар мен берілетін белгілерді басқару, олардың жұмысын бақылау, 
сонымен 
бірге 
станса 
жұмысын 
оңтайландыру 
үшін 
стансалар 
бағыттамаларды  орнталықтандыратын  электрлік  жабдықтармен,  блокировка 
құрылғыларымен  (белгі  беру  және  байланыс)  және    қазіргі  заманғы 
техникалық жабдықтармен жабдықталуы керек. 
Станса жұмысын «ҚТЖ» ҰК АҚ - мен бекітілген «Теміржол стансалары 
туралы ережелер» арқылы реттейді. Бұл ереже стансаның өндірістік қызметін 
ұйымдастыру 
тәртібі 
мен 
міндеттерін, 
стансалық 
құрылғыларды 
материялдық-техникалық  қамтамассыз  ету    тәртібін    және      қаржылық 
қызметін,  сонымен  қатар  станса  бағытының  міндеттерін  жаупкершілігін 
және  құқын  анықтайды.  Станса      Қазақстан  Республикасының  теміржол 

                                                                                                                                                       24
жарғысына, жүктерді тасымалдау ережелеріне және қолданыстағы теміржол 
тарифіне  сәйкес  жүктік  және  коммерциялық  операциялардың  орындалуын 
қамтамассыз етуге міндетті. 
Станса 
жұмысы 
және 
стансадағы 
жекелеген 
технологиялық 
операцияларды 
орындау 
реті 
Теміржол 
жарғысына, 
Қазақстан 
Республикасының теміржолдарын техникалық пайдалану ережелеріне (ТПЕ), 
Кәсіпорындарының теміржол көлігін техникалық пайдалану ережесіне және 
«ҚТЖ»  ҰК  АҚ  мен    оның  бөлімшелерінің  нұсқаулықтарына    өнеркәсіптік 
жолды  пайдалану  ережесіне  сәйкес  қойылатын  талаптар  негізінде  жүзеге 
асады.  Операцияларды  орындау  мерзімі  және  реті  стансаның  техникалық-
тарқату  актісі,  өнеркәсіптік  жол  мен  түйіспе  стансаларының  жұмысының 
біртұтас  технологиялық  үрдісінің  құрастыру  жоспары,  қозғалыс  керегені 
және пойыздардың нақтылы жүріс кестенің негізінде анықталады.  
Техникалық-тарқату 
актісі 
жекелеген 
бекеттердің 
техникалық 
жабдықтары,  техникалық  және  технологиялық  операцияларды  орындау 
тәртібі,  стансадан  пойыздарды  өткізу,  қабылдап-жөнелту  қауыпсіздігін, 
сонымен  қатар  айлалық  жұмыстар  мен  басқа  да  операцияларды  қауіпсіз 
жасау  тәртіптері  туралы  мәліметтерден  тұрады.  Оны  қолданыстағы 
нұсқаулықтардың  талаптары  мен    өндіріске  қызмет  көрсету  сипатын  ескере 
отырып,  станса  бастығы  құрастырады  да  көліктік  цехтің  бастығы  бекітеді. 
Стансаның  өндірістік  және  шаруашылық  қызметін  станса  бастығы 
басқарады. 
Тәуліктік  және  ауысымдық  жоспарлардың  орындалу  сапасын  бақылау, 
қозғалыс  қауыпсіздігі  мен  техника  қауыпсіздігін  қамтамассыз  ету, 
техникалық  жабдықтарды  тиімді  пайдалануды  бақылау  міндетін  станса 
бастығының орынбасары,  ал ол жоқ жерде станса  бастығының өзі атқарады.  
Стансаның  бос  инженерінің  міндеттеріне  технологиялық  үрдістерді 
оңтайландыру  және  оны  қолданысқа  енгізу,  техникалық  жабдықтардың 
қуатын  арттыру және оларды тиімді қолдану шараларын орындау, сонымен 
қатар  еңбектің  алдынғы  қатарлы  әдістемелерін  енгізу  тәрізді  манызды 
міндеттер кіреді.  
Айлалық  жұмыстардың    ауқымы    үлкен  стансаларда  барлық  айлалық 
қозғалыстарға  жетекшілік  ету  айлалық  диспетчерге  (ДСЦ)  жүктеледі.  Ол 
диспетчерлердің  саны  айлалық  жұмыстардың  көлеміне  байланысты 
анықталады.  Әдетте  ірі  стансалар  мен  ірі  кәсіпорындардың  қосылма 
жолдарында  атқарылатын  жұмыстар  жекелеген  аудандарға  бөлініп 
басқарылады.  Станса  (жеке  бекеттің)  кезекшісі  пойыздарды  қабылдап- 
жөнелтуге, өткізуге және айлалық қозғалыстарға,  сонымен қатар деподағы, 
пойыз құрамындағы локомивтерді қадағалауға жетекшілік жасайды  
Станса  жұмысының  технологиялық  үрдісі    көбіне  парктердің,  вагондар 
мен  тасымалдау  құжаттарын  өндеу  бекеттерінің  жұмыс  технологиясын, 
олардың  өзара  байланысын  тиімді  жобалаудың  сапасымен  анықталады. 
Жұмыс  технологиясын  жақсартуға  технологиялық  үрдістерді  басқару 
қызметкерлері  арқылы  орындалатын  техникалық  қызметтердің  сапасын 
жатқызуға  болады.  Қазіргі  уақытта  стансалар  үшін  техникалық  және 

                                                                                                                                                       25
технологиялық  операцияларға  шұғыл  және  тиімді  жетекшілік  жасауға 
арналған  біріктіріліп  орталықтандырылған  бекеттерді  салудың  маңызы  зор.  
Мұндай  бекеттер  жұмысқа  тікелей  араласпай-ақ  оны  шұғыл  орындайтын 
жетекшілерді алып келеді және стансадағы ақппарат тасқынын азайтады.   
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1.  Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.  Организация  движения  на 
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с. 
2.  Бекжанов  З.С.  Теміржолтану  негіздері:  Оқулық. – Алматы:  Тамыр, 
1995. – 320б.  
3. Балғабеков Т.К.  Управление эксплуатационной работой и организация 
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с. 
 
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (4- тақырып) [1, 2,3, 9]  
Стансалардың тағайындалуы.  Станса жұмыстарын реттейтін негізгі 
құжаттар – 6 сағат.  
1. Стансаның барлық түрлерін анықтау және оларға сипаттама беру;  
2. Стансаның сыныбын анықтау; 
3.  Стансаның техникалық – тарқату актісі. 
 
 
№ 5 тақырып. Станса жұмысын басқару құрылымы  (2 сағат). 
 
 
Дәріс жоспары: 
1
 
 Станса бастығының маңызды міндеттері 
2
 
 Басқару құрылымы (сұлбасы) 
3
 
 Басқарманың міндеттері 
 
Станса бастығы стансаға жүктелген барлық міндеттердің орындалуына 
жауапты  адам.  Ол  станса  жұмысың    технологиялық  үрдіс  негізінде  тиімді 
ұйымдастыруды,  енбектің  озық  әдістемелерін  енгізу  және  оны  кең  көлемде 
дамытуды,  жүк  қабылдаушылар  мен  жүк  жөнелтушілерге,  жолаушыларға 
жоғары  дәрежеде  қызмет  көрсетуді  техникалық  жабдықтарды  дұрыс 
қолдануды,  шұғыл    басқаруды    қамтамасыз  етуі  керек.  Станса  бастығы  
стансаның  барлық    өндірістік  және  шаруашылық  іс-әрекеттерін  басқарады, 
еңбек өнімділігін  арттыру, пойыздар мен вагондарды өңдеудің өздік құнын 
төмендету, техникалық құрылғыларды барынша ұтымды қолдану жүйесі мен 
оны жұмыс  үрдісіне енгізу шараларын ұйымдастыруды және жобалауды іске 
асырып, осылардың барлығына тікелей жетекшілік жасау керек. 
Станса бастығығының маңызды міндеттері : 
- мамандарды дұрыс тандау және олардын техникалық кәсіби біліктігін 
жоғарылату; 
- жұмыс күшін тиімді пайдалану : 

                                                                                                                                                       26
- еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету және қызметкерлердің техникалық  
қауіпсіздігі  мен  мәдени-тұрмыстық  жағдайларын  жақсарту  шараларын 
жүргізу; 
-
 
қызметткерлердің  мемлекеттік  және  еңбек  тәртіптерін  тұрақты 
бақылап бекітіп отыру . 
Станса  бастығына  «ҚТЖ»  ҰК  АҚ  бекітілген  заңдық  ережелерге  сәйкес 
жұмыскерлерді қабылдауға және қызметтен босатуға, жақсы жұмыс істегені 
үшін  мадақтау  немесе  нашар  жұмыс  істегені  үшін    сөгіс  беру  құқықтары 
берілген.  Ол  өзінің  қарамағындағы    барлық  жұмыскерлерге  (жол  мастеріне, 
электр  механигіне,  локомотив  машинісіне,  вагон  тексерушілерге  т.б.) 
стансаның қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін қажетті бұйрықтар бере 
алады.   
Стансаның 
штаттық 
кестесі 
бойынша 
станса 
бастығының 
орынбасарының,  станса  кезекшісінің,  бас  инженердің  сонымен  қатар 
өндірістік-техникалық  және  басқа  да  бөлімшелер  қызметкерлерінің 
міндеттері бекітіледі. 
 Сұрыптау, жолаушы станцаларында  және жұмыс көлемі үлкен жүктік, 
телімдік стансаларда станса жұмысын диспетчерлік басқару жүзеге асырады. 
Стансаның  барлық  шұғыл  жұмыстарына  ауысымдық  айлалық  диспетчер 
басшылық  жасайды,  ал  егер  ол  міндетті  атқарушы  болмаса,  оның  міндетін 
станса кезекші атқарады. 
Айлалық диспетчер стансаның барлық цехтарының жұмысын үйлестіріп 
отырады.  Жол  бөлімшесінің  кезекшісімен,  локомотив  депосының 
кезекшісімен,  вагондарды  техникалық  тексеру  бекетінің  ауысымдық 
мастерімен  бірге шұғыл жұмыс жоспарын жасайды және ол жоспарлардың 
орындалуын қамтамасыз етеді. Екі бағытты сұрыптау стансасында сұрыптау 
жүйесінің  жұмысын  станса  диспетчері,  ал  сұрыптау  жүйесіндегі  айлалық 
жұмысты айлалық диспетчер үйлестіреді. Жүктік операциялары ірі көлемдегі 
кейбір  стансаларда  станса  диспетчерінен  басқа  жүк  операциялары 
жүргізілетін  бекеттерде,  осы  бекеттерден  вагондарды  алуға,  беруге  шұғыл 
жетекшілік  жасайтын,  тиеп-түсіру  жоспарының  орындалуын,  жергілікті 
вагондардың  бос  тұру  уақытын  қысқартуды  қамтамасыз  ететін  жергілікті 
жұмысты  атқаруға  арналған  айлалық  диспетчер  болады.  Жергілікті 
жұмыстың  айлалық  диспетчері  станса  (айлалық)  диспетчеріне  тікелей 
бағынышты болады. 
Станса  кезекшісі  пойыздарды  қабылдап-жөнелтуге,  өткізуге,  стансаның 
бір  ауданынан  басқасына  ауысатын  айлалық  жүріске,  маршрут  бойынша 
қозғалатын  пойыздардың  қиылысу  арқылы  және  қиылыспай  бас  жолға 
шығуына  толығымен  жетекшілік  етеді.  Пойыздарды  қабылдап  жөнелтуге 
және  айлалық  локомотивтер  қозғалысына  қатысты  станса  кезекшісінің 
бұйрықтары  станса  жұмыскерлері  мен  бірге  айлалық  және  пойыздық 
локомотив  бригадалары  мен  вагондарды  тексерушілер  үшін  де  міндетті 
болып саналады. 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 

                                                                                                                                                       27
1.Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной  работой 
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с. 
2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.  Организация  движения  на 
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с. 
3.Гоманков 
Ф.С. 
Технология 
и 
организация 
перевозок 
на 
железнодорожном транспорте: Учебник. – М.: Транспорт, 1994. – 209с. 
 
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (5- тақырып) [3,4]  
Станса жұмысын басқару құрылымы  – 6 сағат. 
1. Станса бастығының маңызды міндеттері; 
2.  Станса  бастығының  және  қызметкерлердің  құқықиары  мен 
міндеттері;  
3.  Станса жұмысын басқару құрылымы. 
 
 
№6  тақырып.  Жүк  шептерінде  вагондарды  өндеу  технологиясы.  
Жүктік кешендердің техникалық жабдықталуы  (2 сағат).   
 
Дәріс жоспары: 
1.
 
Техникалық қызметті ұйымдастырудың негізгі міндеттері. 
2.
 
Пойыздарды өңдеудің типтік шама-шарты 
3.
 
Жүк шептері 
4.
 
Бос вагондар 
 
Тиеп-түсіру бекеттеріне техникалық қызмет көрсетуді ұйымдастырудың 
негізгі міндеттері - көліктік жабдықтардың ең төменгі бос тұру уақыты мен 
тиеп-түсіру жұмыстарын ең төменгі шығынмен қамтасыз ете отырып, жүктік 
операцияларды 
орындау 
және 
өнеркәсіптік 
теміржол 
көлігі 
кәсіпорындарының  өндірісі  үшін  жүктік  кешен  құру.  Бұл  жүктік  кешенде 
тиеп-түсіру,  вагондарды  қою,  жүрістік  және  басқа  да  жолдар;  тиеп-түсіру 
жабдықтарын  механикаландыру  және  автоматтандыру  жабдықтары 
(құрылғылар  мен  механизмдер),  жол  аумағындағы  қоймалар,  вагондардың 
қозғалысына  арналған  айлалық  жабдықтар,  жүктерді  жылытуға  және 
босатуға  (вагондарды  жүк  қалдықтарынан  тазалауға)  арналған  құрылғылар 
мен механизмдер болуы керек. 
Әрбір  стансада  оның  жұмысының  технологиялық  үрдістері  негізінде 
құрамалар  мен  вагондарға  жекелеген  операцияларды  жасау  және  әрбір 
парктегі  құрамаларды  өңдеу  уақытының  технологиялық  шама-шарты 
бекітіледі.  Бұл  межеленген  уақыт  мөлшерлері  еңбек  ұжымдары  мен 
жұмыскерлердің  жеткен  жетістіктерін,  жұмыс  нәтижелерін  ескере  отырып 
белгіленеді  және  еңбек  өнімділігінің  артуын,  стансада  вагондарды  өңдеу 
үрдісін  жылдамдатуды,  пойыздарды  қабылдап  жөнелту  және  вагондарды 
тиеп-түсірудің бекітілген уақыт межесін орындауды қамтамасыз етеді. 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 

                                                                                                                                                       28
1.Кочнев  Ф.П.,  Сотников  И.Б.  Управление  эксплуатационной  работой 
железных дорог. – М.: Транспорт, 1990. – 423с. 
2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.  Организация  движения  на 
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с. 
3.  Ф.С.  Гоманков,  А.Д.  Омаров,  З.С.  Бекжанов.  Технология  и 
организация  перевозок  на  железнодорожном  транспорте:  Учебник.  Второе 
издание. – Алматы: Бастау, 2002. – 308с. 
 
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (6- тақырып) [2,3,5]  
Жүк шептерінде вагондарды өндеу технологиясы.  Жүктік кешендердің 
техникалық жабдықталуы  – 6 сағат. 
1. Пойыздарды өңдеудің технологиялық керегені ; 
2. Жүк шептерінің негізгі атқаратын қызметтері; 
3. Пойыздарды өңдеудің технологиялық шама-шарты және жүк  
    шептерінің жарақтандырылуы; 
4. Жылжымалы құрамалар мен вагондардың бос тұру шама-шарты. 
 
 
№7 тақырып.  Айлалық жұмыстардың негізгі ұғымдары. Айлалық 
локомотив (2 сағат). 
 
Дәріс жоспары: 
1.
 
Айланың анықтамалары және түрлері 
2.
 
Локомотивтің түрлері 
3.
 
Айлалық локомотивтердің техникалық сипаттамалары. 
 
Теміржол көлігіндегі  жылжымалы құрамалардың  қозғалысы пойыздық 
және айлалық деп екі топқа бөлінеді. Пойыздық - деп құрамында қызметтік 
локомативі,  бекітілген  номері  және    арнаулы  белгілері  бар  жылжымалы 
құрамалардың  жекелеген  бекеттердің  жоларалығындағы  жүрісін  айтады. 
Жылжымалы  құрамалардың,  жекелеген  немесе  топтасқан      вагондардың, 
сонымен қатар дара локомотивтердің станса жолдары арқылы пойыздар мен 
вагондарды өндеудің әртүрлі түрлерін орындауға,  тиеп түсіру және басқа да 
операцияларды жасауға арналған барлық қозғалысы айлалық деп аталады.  
Айлалық  жұмыстың  негізгі  бөлігі  вагондарды  жүк  шептеріне  беру,  алу 
және  қайта  қоюды,  құрамаларды  сұрыптауды  және  жаңа  пойыздарды 
құрастыруды,  жөндеу  операцияларын  орындау  барысында  вагондарды 
беруді, алуды сонымен  қатар вагондарды жабдықтауды қаитамассыз ететін 
мамандандырылған  айлалық  локомотивтермен  атқарылады.  Айлалық 
жұмыстар  кейбір  жағдайларда  пойыз  локомотивтерімен  де  атқарылады. 
Мысалы,  жол  телімінде  жинақталған  пойыздардың  жұмысы  кезінде 
жекелеген вагондарды құрамаға тіркеу және ағытып алу жағдайларында.  
Айлалық  жұмыстарды  тікелей  құрастырушы  бригадалар  мен  айлалық 
локомотив  бригадасы  атқарады.  Құрастырушы  бригада  екі  адамнан  тұрады: 
пойыздарды  құрастырушы  және  парк  кезекшісі.  Айлалық  локомотив 

                                                                                                                                                       29
бригадасының  құрамына  локомотив  жүргізуші  және  оның  көмекшісі  кіреді. 
Жол  бөлімшесі  бастағының  рұқсаты    бойынша  кейбір  стансаларды 
құрастырушы  өзі  жалғыз  жұмыс  істейді.  Сол  сияқты        «ҚТЖ»  ҰК  АҚ 
бұйрығы      және      жол    бөлімшесі      бастығының  бекітуіне  сәйкес  айлалық 
локомотив жүргізушісіне станса аумағында өзі  жалғыз жұмыс істеуге рұқсат 
етіледі   
Айлалық жұмыстардың дұрыс орындалуына пойыз құрастырушы жауап 
береді.  Айлалық  локомотив  бригадасы  тікелей  айлалық  қозғалыстарды  тек 
қана  оның  нұсқауы  бойынша  орындайды.  Станса  жолдарындағы  айлалық 
жұмастар  тек  станса  кезекшісінің,  айлалық  диспетчердің,  станса 
диспетчерінің,  пойыз  диспетчерінің  бұйрығы  бойынша  немесне  техникалық 
тарқату актісінде көрсетілген тәртіптерге сәйкес жүзеге асады.  
 
 
Ұсынылатын әдебиеттер: 
1.Т.К. Балғабеков. Управление эксплуатационной работой и организация 
перевозок на транспорте: Учебное пособие. Караганда: КарГТУ, 2003. – 223с. 
2.Заглядимов  Д.П.,  Петров  А.П.  и  др.  Организация  движения  на 
железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1985. – 285с. 
3.Кочнев  Ф.П.,  Акулиничев  В.М.  и  др.  Организация  движения  поездов 
на железнодорожном транспорте. – М.: Транспорт, 1979. – 567с. 
 
СДЖ арналған бақылау тапсырмалары (7- тақырып) [3,4,5]  
Айлалық жұмыстардың негізгі ұғымдары. Айлалық локомотив - 6 сағат. 
1. Айлалық  тепловоздардың негізгі техникалық сипаттамалары; 
2. Айлалық  электровоздардың негізгі техникалық сипаттамалары. 
 
Каталог: fulltext -> UMKDP
UMKDP -> Бекітемін Ғылыми кеңес төрағасы, ректор, ҚР ҰҒА академигі
UMKDP -> Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі Қарағанды мемлекеттік техникалық
UMKDP -> Бекітемін Ғылыми кеңес төрағасы, ректор, ҚР ҰҒА академигі
UMKDP -> Оқытушы пəнінің оқу-əдістемелік кешенін əзірлеген: т.ғ. к доцент Шерембаева Р. Т., т.ғ. к доцент Омарова. Н. К
UMKDP -> ОҚытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
UMKDP -> Кафедра меңгерушісі Тутанов С.Қ. 2009 ж
UMKDP -> ОҚытушы пəнінің ОҚУ-Əдістемелік кешені
UMKDP -> Жер асты кешендері құрылысының технологиясы
UMKDP -> ОҚытушы пәнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
UMKDP -> Аға оқытушылар: Улжибаева Ғ. Ш., Кудышева Г. О., доцент, п.ғ. к

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет