А. К. Бейсенбаева



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет4/6
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Тауарлы-материалдық  босалқылар    есебі  нешінші  БЕС 
жəне ХҚЕС негізінде жүргізіледі? 
2.  Стандартта  тауарлы-материалдық  құндылықтардың  келіп 
түсуін,  қоймадан  жіберу  жəне  есептен  шығару  үшін    қандай 
бағалау əдістері ұсынылған? 
3.  Орташа  өзіндік  құн  əдісі  əрбір  топ  үшін  қалай  есеп-
телінеді? 
4. LIFO əдісі, ХҚЕС негізінде есеп жүргізетін кəсіпорындар  
бойынша тəжірибеде қолданылады ма? 
5. Пайдаланылуына байланысты  шаруашылықты неше түрге 
бөлеміз? 
6.  Қайта  өңдеу  шығындары  өнім  кірістелетін  шоттың  де-
бетінде есептелінеді ме? 

 
57
7.  Материалдар  келіп  түскен  кезде  есеп  құнымен  немесе 
нақтылы өзіндік құнымен есепке алынады ма? 
8.  Тауардың нақтылы өзіндік құнын қалай анықтаймыз? 
9.  Сатып  алынатын  құрылыс  материалдарының  өзіндік  құ-
нына көліктік кəсіпорын қызметін төлеу шығындары мен басқа 
да көліктік-дайындық шығындарын кіргізу қажет пе? 
10. Тауарлы-материалдық босалқыларды  есепке алу бағалары 
бойынша өзіндік құннан ауытқуы мен қозғалысын есепке алуды 
ұйымдастыру қалай жүргізіледі? 
11.  Егер  де  есепке  алу  нақты  өзіндік  құн  бойынша  жүргі-
зілсе,  онда  материалдардың  əрбір  жеткізілуі  кезінде  көліктік-
дайындық шығындар сомасын келіп түскен материал түрлерінің 
арасында  олардың  келісім-шарттық  бағасы,  саны,  көлемі  жəне 
салмағына қандай түрде бөлуді жүзеге асыру қажет? 
12. Есептеуде үлкен қиындықтарды тудырады ма жəне  бух-
галтерлік есепте,  ең бастысы салықтық есепке қалай əсер етеді? 
13. Құрылыс кəсіпорындары орталық қоймадағы материалды 
запастардың  синтетикалық  жəне  аналитикалық  есебін  жүргізу 
үшін қандай  шоттарды қолданады? 
14. 1350 “Құрылыс  материалдары”  шотын  құрылыс  кəсіп-
орындары қолданады ма? 
15. 1350 “Құрылыс материалдары” шотын  өндірістік кəсіп-
орындар  құрылыс  бөлшектері  мен  конструкцияларды,  құры-
лыстық  жəне  монтаждық  жұмыс  процесінде  пайдаланылатын 
материалдардың  қозғалысын    көрсету  үшін  қолдануы  мүмкін 
бе? 
16. Материалдық құндылықтардың келіп түсуі əрбір жағдайда 
қандай схема бойынша көрсетіледі? 
17.  Материалдарды  көліктік    кəсіпорыннан  немесе  жабдық-
таушы  қоймадан  қабылдап  алу  қандай  құжат    негізінде  жүзеге 
асырылады? 
18.  Алынатын  материалдардың  құжаттарда  көрсетілген  бе-
рілгендерге  сəйкес  келуі  жағдайында  қосымша  құжаттарды  
талап етеді ме? 
19.  Келіп  түскен  материалдардың  саны,  сапасы  жəне  ассор-
тименті  құжаттағы  көрсеткішіне  сəйкес  келмеген  жағдайда 
қандай құжат толтырылады? 

 
58
20.  Келіп  түсетін  жүктерді  есепке  алу  журналы  бойынша 
тіркеу  нөмірі  көрсетілген  жабдықтаушылардың  акцепттелген 
шоттары  мен  қоймаға  материалды  құндылықтардың  түсуін 
айқындайтын құжаттар № 6 журнал-ордерді толтыру үшін негіз 
болып  табылады.  Бұл  журнал-ордер  оны  толтырудың  бірыңғай 
принциптерін қолдану арқылы жүргізіледі. 
21.  № 6 журнал-ордерді  толтыру  үшін  толтырудың  қандай 
принциптері қолданылады? 
22.  Құрылыс  кəсіпорындарында  тауарлық  босалқыларды  
өндіріске босату кезінде бақылаудың қандай мақсаты бар? 
24.  Кейінгі  бақылау  кезінде  қандай  құжаттың  деректері  не-
гізге алынады? 
25.  Жауапты  тұлғалардың  материалдық  есебі  негізінде  қан-
дай бухгалтерлік жазбалар көрсетіледі? 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
59
5-ТАҚЫРЫП 
МЕХАНИЗАЦИЯЛАНҒАН ҚҰРЫЛЫС-МОНТАЖ  
ЖҰМЫСТАРЫ ШЫҒЫНЫНЫҢ ЕСЕБІН  
ҰЙЫМДАСТЫРУ 
 
5.1. Негізгі құрылыс нысанындағы аяқталмаған өндіріс 
 
Құрылыс-монтаж  жұмысындағы  аяқталмаған  өндіріске  мер-
дігерлік кəсіпорынмен орындалып, есепті кезеңнің соңында тап-
сырушыға өткізілмеген  құрылыс-монтаж жұмысы жатады. Аяқ-
талмаған  өндіріс  құрамы  тапсырушының  қабылдап  алған  ке-
зеңіндегі  жасалған есептеулерімен тығыз байланысты. 
Құрылыс-монтаж  жұмыстарының,  кезекті  айналымдық  жұ-
мыстардың толық аяқталғанымен тапсырыс беруші мемлекеттік 
қабылдау комиссиясының қабылдау туралы актісіне қол қойыл-
ғанға дейін өндіріс аяқталмаған болып табылады. 
Жалпы  бас  мердігердің  есебінде  аяқталмаған  құрылыс  жұ-
мыстарының көлемімен бірге, субмердігерлердің өткізілген жұ-
мысының  көлемі  бірге  болуы  бас  мердігердің  құрылыс-монтаж 
жұмысын  тапсырушыға  өткізген  күнге  дейін  жұмыс  көлемінде 
тұруы шарт. 
Егер  бас  мердігермен  жасаған  келісімде  тапсырушы  кезең 
ішіндегі аяқталмаған жұмысты аяқталған жұмыс түрінде қабыл-
даса, онда ол тапсырыс берушінің есебінде аяқталмаған өндіріс 
болып табылады. Аяқталмаған өндіріс есебіне құрылыс-монтаж 
жұмыстарының бас мердігердің еркімен қойылған көтеріңкі ба-
ғасы  немесе  келісімде  жоқ  жұмыс  көлемінің  құны  жатқызыл-
майды. Бұл жағдай құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып өткі-
зілген  кездегі  қорытынды  есепте  қаралады.  Ал  кезең  ішіндегі 
құрылыстағы  ақау  үшін  шеккен  зиян  сомасы  бөлек  есептелу 
керек, өйткені ол сома сметалық құнның ішінде қаралмаған. Əр-
бір  құрылыс  кəсіпорыны  аяқталмаған  өндіріс  сомасының  көле-
мін нақты бағасымен есептейді. Осыған байланысты бас мерді-
гер  аяқталмаған  өндірісті  əртүрлі  бағамен  есептеуі  мүмкін.  Яғ-
ни,  өз  күшімен  істелген  жұмыс  бағасымен,  субмердігерден  қа-
былданған бағасымен жəне сметалық бағасымен есептейді. 

 
60
Егер құрылғы желілері немесе монтаждау жұмыстары баста-
лып,  есепті  кезеңде  аяқталмаған  жағдайда  құрылыс-монтаж 
жұмысының аяталмаған өндірісіне түгендеу актісі толтырылып, 
құрылғы  желілері  немесе  монтаждау  жұмыстарының  түрлері 
көрсетіледі.  Орындалған  құрылыс-монтаж  жұмыстары  жөнін-
дегі оперативтік есепті жəне түгендеу актісін негізге ала отырып 
сол кезеңге № 3 үлгідегі орындалған құрылыс-монтаж жұмыста-
рының  сметалық  құнына  анықтама  толтырылады.  Анықтамада 
есепті  кезең  ішіндегі  орындалған  құрылыс-монтаж  жұмыста-
рының  жалпы көлемі жəне есепті айдағы көлемі əрбір құрылыс 
нысандары  бойынша  таратылып  көрсетіледі.  Бұл  анықтаманы 
əрбір  ай  сайын  субмердігер  бас  мердігерге,  бас  мердігер  тап-
сырушыға  есеп  жүргізу  тəртібіне  орай,  келісілген  мерзімде  өт-
кізіп отыруы шарт. Анықтаманы, яғни № 3 үлгіні төменде көр-
сетіп отырмыз. 
 
Тапсырыс беруші____________________ 
Бас мердігер________________________ 
Құрылыстың атауы__________________ 
 
2007 жыл  қаңтар-____________ айларындағы орындалған  
  жұмыс пен шығынның сметалық құны туралы анықтама 
 
5-кесте 
                    
мың тенге                                                                                               
Сметалық баға бойынша орындалған жұмыс құны 
Оның ішінде есепті кезең бойынша 
 
Жылдың
 басы
нан
 
бастап
 есепті
 
кезеңді
 қосқа
нда
 
Қ
ұрылыс
 
жұ
мысы
 
Қ
ұрыл
ғылард
ы
 
монтажда
у 
Қ
ұрылыс
-
монтаж
 
жұ
мысының
 
құра
мын
да
 
қарасты
рылма
-
ған
 басқа
 
шығында
р 
Барлығы: 
құрылыс 
бойынша 
 
 
 
 

 
61
Оның 
ішінде: 
Нысан № 1 
Нысан № 2 
Нысан № 3 
 
 
 
 
 
«___»____________2007 жыл. 
 
Мердігер________________ 
                        (аты-жөні) 
Тапсырушы______________ 
                           (аты-жөні) 
 
Жалпы негізгі құрылыс нысанындағы  аяқталмаған құрылыс 
есебі  бухгалтерлік  есептің  синтетикалық  шоттарының  жұмыс 
жоспарындағы 2-бөлім — «Ұзақмерзімді  активтер»  бөлімінің  
құрамындағы 2930 «Аяқталмаған  құрылыс»  шотында  жүргізі-
леді. 
Бұл шотта аяқталмаған құрылыс шығындарын төмендегідей 
бухгалтерлік жазбада көрсетеміз. 
 
6-кесте 
 
№ 
Операцияның мазмұны 
Дебет 
Кредит 

Мердігерге төленетін 
тапсырушының шығыны 
 
2930 
 
3310 

Шот-фактура негізіндегі ҚҚС 2930,1420
3310 

Нысанның құны көтерілгенде 2410,2310 2930,1420 

Аяқталмаған құрылысқа 
жатқызылған босалқылар 
 
2930 
 
1310,1330 

Жөндеу жұмысына қатысқан 
жұмысшылар еңбекақысы 
 
2930 
 
3350 

Əлеуметтік салық 2930 
3150 

Нысанның құнына жатқызыл-
ған шығындар 
 
2410,2310
 
2930 
 

 
62
5.2. «Құрылыс машиналары мен  механизмдерін  
пайдалану шығындары» бабы бойынша шығын есебі 
 
Құрылыс  жұмыстарының  қарқындылығы  оның  механиза-
циялануы  мен  автоматизациялануына  тəуелді.  Технологиялық 
процестің  өсуіне  байланысты  құрылыс  объектілерінің  жалпы 
өзіндік  құнында  жұмысшылардың  еңбекақысының  азаюы  есе-
бінен құрылыс машиналарын ұстау мен пайдалану үлесі өседі. 
Осының  бəрі  құрылыс  машиналарын  пайдалану  бойынша 
шығындарды  бөлек  бапта  есептеуді  талап  етеді.  Құрылыс  ма-
шиналары  мен  механизмдерін  ұстау жəне  пайдаланудың  есебін 
бөлек  жүргізу  осы  мақсатқа  жұмсалған  шығындарды  қадағалап 
отыру мен оларды объектілер арасында дұрыс бөлуге мүмкіндік 
береді. 
Құрылыс  машиналары  мен  механизмдерін  пайдаланудың 
əртүрлі  формалары  бар.  Құрылыс  машиналары  мен  механизм-
дері  құрылыс  кəсіпорындарының  жеке  меншігі  болып,  оның 
балансында  саналуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  оларды  пайдала-
нудың  шығындары 1 ай  ішінде  жиналып, 8030 «Көмекші  өн-
діріс» шотының «Құрылыс машиналары мен механизмдері» де-
ген субшотында — əр құрылыс бөлімшелерінде, ай соңында осы 
құрылыс  бөлімшелерінің  орындаған  жұмыстарының  өзіндік 
құнына  апарылып, «Құрылыс  машиналары  мен  механизмдерін 
пайдалану бойынша қор» деген бапта есептеледі. 
Кейбір мердігер  кəсіпорындарда құрылыс машиналары мен 
механизмдерін  пайдалану  үшін  басқа,  өз  бетінше  жұмыс  атқа-
ратын  құрылымдық  бөлімше  құрылады.  Осындай  машиналар 
құрылыс-монтаждау бөлімдеріне берілгеніне қарамастан, маши-
нистер механизация бөлімшесіндегі персоналдар құрамында бо-
лып  саналады.  Сондықтан,  машиналарды  пайдалану  бойынша 
шығындар деңгейіне механизациялау бөлімі жауапты. 
Құрылыс-монтаждау бөлімшесі оған берілген техниканы то-
лығымен  пайдаланып,  оның  сол  объектіде  болу  уақытын  азай-
туға  тырысады,  сонда  ол  бөлімше  машиналарды  пайдалану 
бойынша өз шығындарын азайтады. Бұл жағдайда 8030 шоттың 
«Құрылыс  машиналары  мен  механизмдерін  пайдалану»  субшо-
тында соған сəйкес шығындар жиналып, сол бөлімнің құрылыс-
монтаждау  жұмыстарының  өзіндік  құнына,  олар  механизация 

 
63
бөлімінің  қызмет  көрсетуі  ретінде  жоспарлы  өзіндік  құны 
түрінде  апарылады.  Ең  соңында  жоспарлы  өзіндік  құн    болып 
жазылады. 
Құрылыс  машиналарын  қолдануды  жақсарту  мақсатында 
олар  механизация    басқармасына  (трест)  біріктірілуі    мүмкін. 
Мердігер кəсіпорындар механизация басқармасының қызметінің 
құнын 8010 шоттың  дебетінде  «Құрылыс  машиналары  мен  ме-
ханизмдерін  пайдалану  шығындары»  бабында, 3310 шоттың 
кредитінде көрсетеді. 
Егер  мердігер  кəсіпорын  машиналарды  жалға  алса,  онда 
жалдың  есебі 8030 «Көмекші  өндіріс»  шотының  «Құрылыс 
машиналары  мен  механизмдерін  пайдалану»  субшотында  жəне 
басқа  шығындарына  қосылып,  осы  машинаның  қызметінің  құ-
нына апарылады. 
Егер  механизация  жұмыстарын  субмердігер  орындаса,  онда 
олар  машиналарды  пайдаланумен  байланысты  барлық  шығын-
дарды  өз  шотында  есепке  алады.  Құрылыс  кəсіпорындары 
механизмдерді  басқару  шотының  негізінде,  оның  қызметінің 
құнын 8010 «Негізгі  өндіріс»  шотының  дебетінде, 3310 «Жаб-
дықтаушылар  мен  мердігерлердің  қысқамерзімді  кредиторлық 
берешегі» шотының кредитінде, «Субмердігерлерден қабылдан-
ған жұмыстың құны» бабында есепке алады. 
Жеке меншік құрылыс машиналары мен механизмдерін пай-
далану шығындарын басқа жақтың механизмдерінің қызметінің 
құнын  объектілердің  өзіндік  құнына  тікелей  апаруға  болады. 
Бірақ,  кей  кездері  құрылыс  машиналары  мен  механизмдері  бір 
мезгілде  бірнеше  объектіде  немесе  бір  объектіде  бірнеше  жұ-
мыстарды  атқаруы  мүмкін.  Мысалы,  құрылыс-монтаждау  жұ-
мыстарын,  материалдарды  тасу,  грунт,  қарларды  шығару  жəне 
тағы басқа. Бұл жағдайда құрылыс машиналары мен механизм-
дерін  объектілер  жəне  шоттар  бойынша  жанама  жолмен  бөлу 
қажет.  Оның  бөлу  негізі  нақты  орындалған  жұмыс  көлемі 
немесе  смета  құны,  кейде  жұмыстардың  нормативті  құны  не 
машиналардың жұмыстарының сағат саны алынады. Материал-
дарды тасу шығыны дайындау-қойма шығындары ретінде оның 
құнының деңгейін көтереді. 
Сметалық анықтама бойынша жұмыстары есептелмейтін ма-
шиналарды пайдалану шығындары объектіде əр машинаның тү-

 
64
ріне  машина-смета  құнын  қоса  жұмыс  істеген  машиналардың 
жұмыстарының  ұзақтығы  туралы  механиктің  есебі  негізінде 
бөлінеді. 
1985  жылға  дейін  құрылыс-монтаж  жұмыстарынада  «Басқа 
тікелей  шығындар»  деген  бап  бөлек  алынған.  Бұл  бапта  құры-
лыс соңында қоқыс пен қарды шығару, грунттарды тасу жəне де 
құрылыс  ішіндегі  конструкцияларды,  детальдар  мен  материал-
дарды  объект  қоймаларынан  жұмыс  орнына  дейін  апару  шы-
ғындары  есепке  алынған.  Сметада  бұндай  баптар  бөлінбейді. 
Жоспарлау  мен  құрылыс-монтаждау  жұмыстарының  өзіндік 
құнын есептеу  (1985 жылдан бері қарай енгізілген ережелердің 
негізінде  бұндай  бап  қарастырылмаған)  үшін  шығындар  құры-
лыс машиналары мен механизмдерін пайдалану шығындарының 
құрамында болуы шарт. 
 
5.3. Үстеме шығындарды бөлу және оның есебі 
 
Құрылыс-монтаждау жұмысындағы үстеме шығындарға жұ-
мысшыларға  көрсетілген  қызмет  шығындары,  құрылыс  алаңда-
рындағы ұйымдастыруға кеткен шығындар жатады. 
Жалпы  алып  қарайтын  болсақ,  орындалып  жатқан  жұмыс 
барысында өндіріске тəн ерекшелігі бар қосымша шығындарды  
кездестіреміз.  Бірақ,  біз  оны  шығындар  түріне    дұрыс  жатқыза 
білуіміз керек. 
Осыған  байланысты  үстеме  шығындар  төмендегідей  түрге 
бөлінеді: 
1.  Құрылыс  жұмысшыларына  көрсеткен  қызметке  кеткен 
шығын: 
—  учаске  басшыларының,  аға  шеберлердің,  қосалқы  жəне 
көмекші  өндіріс  басшыларының,  механиктердің  негізгі  жəне 
қосымша еңбекақысы жəне одан аударылған əлеуметтік салық; 
—  құрылыс-монтаждау жұмысындағы  жұмысшылардың  қо-
сымша еңбекақысы жəне одан аударылған əлеуметтік салық; 
2. Техникалық қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша шы-
ғындар: 
—  тегін берілетін арнайы униформаларды жөндеу жəне жу-
уға кеткен шығындар; 

 
65
—  заң  бойынша  қарастырылған  денсаулыққа  зиян  цех  жұ-
мысшыларына берілетін сүт тағамдарына кеткен шығындар; 
—  техникалық  қауіпсіздікке  арнайы  ұйымдастырылған  іс-
шараға кеткен шығындар; 
—  техникалық  қауіпсіздікке  арнайы  жасалған  бөлмелерге 
кеткен шығындар; 
3.  Құрылыс  алаңдарындағы  ұйымдастыру  шараларына  кет-
кен шығындар: 
—  амортизациялық  шығындар,  бірнеше  мердігерге  қызмет 
көрсетіп  тұрған  негізгі  құралдарды  пайдалануға  немесе  жөн-
деуге кеткен шығындар; 
—  жиналмалы типтегі ғимараттарға кеткен шығын; 
—  өндіріске  қажетті  өлшеуіш  құралдар  сатып  алуға  кеткен 
шығын; 
—  қауіпті аймақтарды қоршауға кеткен шығындар; 
—  уақытша қондырғылар орнату шығындары; 
— өлшеуіш қораптар, бункерлер, бетон мен ерітінділерге ар-
налған ыдыстар сатып алуға кеткен шығындар; 
—  нысан маңындағы əкімшілік орындар; 
— жұмысшыларға арналған арнайы жуыну орындарына кет-
кен шығын; 
— уақытша жарықтандыруға арналған желілерге кеткен шы-
ғындар; 
—  нысандарды  күзетуге кеткен шығындар; 
4. Өндірісті жобалау жұмыстарына кеткен шығын; 
5. Өндірістегі зертхана қызметін пайдалануға кеткен шығын-
дар. 
«Үстеме шығындар» бабында құрылыс-монтаждау жұмыста-
рына  қатысты  үстеме  шығындар  көрсетілгендіктен,  ол  шығын-
дар 8010 «Негізгі  өндіріс»  шотында  дебеттеліп, 8040 «Үстеме 
шығындар» шотында кредиттеледі. 
Құрылыс  кəсіпорындарының  негізгі  өндірісіндегі  үстеме 
шығындар  ай  сайын  бірінші  жұмыс  түрлері  арасында,  содан 
кейін  құрылыс  объектілерінің  арасында  тікелей  шығындарға 
пропорционалды түрде бөлінеді. Онда есеп келесі кестелер (7, 8)  
түрінде берілген. 
Үстеме  шығындарды  жұмыстар  түрлері  арасында  бөлудің 
есептері төмендегідей кестелерде жүргізіледі. 

 
66
7-кесте 
 
 
Жұмыс түрлері 
Тікелей 
шығындар 
сомасы 
(мың тг.) 
Үстеме 
шығындар 
пайызы 
(гр.3 : гр.1 х 
100) 
Үстеме 
шығындар 
сомасы 
(мың тг.) 
А 1 


Құрылыс 
жұмыстары 
 
 
 
Қондырғыларды 
монтаждау 
 
 
 
Капиталды жөндеу 
 
 
 
Барлығы:  
  
 
Үстеме шығындарды құрылыс объектілері арасында бөлудің 
есептері. Мысалы: 
8-кесте 
 
 
Құрылыс объектілері 
Тікелей 
шығындар 
сомасы 
(мың тг.) 
Үстеме 
шығындар 
пайызы 
Үстеме 
шығындар 
сомасы 
(мың тг.) 
1. А цехының 
ғимараты 
 
 
 
2. № 1 цехының 
ғимараты 
 
 
 
3. Цех қоймасының 
ғимараты 
 
 
 
4.  Гараж 
 
 
 
Барлығы:  
 
 
 
Механизм  басқармасының  негізгі  өндірісіндегі  үстеме  шы-
ғындар ай сайын субмердігерлермен келісім бойынша орындал-
ған  құрылыс-монтаждау  жұмыстары  арасында  бөлінеді  жəне 
басқа кəсіпорындардың көрсеткен қызметтерінің арасында тіке-
лей шығындарға пропорционалды сома бойынша бөлінеді. 
Біздің  ойымызша,  үстеме  шығындардың  əрбір  бабын  мүм-
кіндік болса, объектілер арасында біркелкі базамен емес, əртүрлі 

 
67
базамен бөлу керек. Сонымен қатар, осы үстеме шығындар қата-
рына  жаңадан  жасалған  бухгалтерлік  есептіліктің  талаптарына 
сəйкес  өндірістегі  орын  алатын  ақауды  қарастырамыз.  Жалпы, 
бұл есеп түрі жеке  шотта қарастырылып  келсе, бүгінгі  күні  үс-
теме шығындар деп танып отырмыз. 
Құрылыс-монтаж  жұмыстарындағы  ақау  деп  техникалық 
талаптарға  сəйкес  келмеген  жұмыс  көлемін  айтамыз.  Ақаудың 
пайда болуы төмендегі жайттарда кездеседі: 
1. Жобалық көрсеткіштер ұстанымын бұзғанда; 
2. Сапасы төмен құрылыс материалдарын пайдаланғанда; 
3. Жобалық құжаттарда кеткен қателерде; 
4. Конструкциялық құрылым сəйкес келмеген жағдайда. 
Құрылыс нысанын тапсырғанға дейін, яғни құрылыс жұмы-
сының  жүріп  жатқан  процесінде  немесе  нысанды  бас  мерді-
гердің өткізу барысында ақау анықталады. 
Ақау кімнің тарабынан кеткенін анықтап, кінəлі адамдардан 
талап етілуі қажет. Ол үшін ақау міндетті түрде арнайы комис-
сия  мүшелерінің  шешімімен  құжаттандырылуы  қажет.  Əдетте 
кінə  тапсырушылар,  жобалық  кəсіпорындар,  субмердігерлер, 
жабдықтаушылар,  құрылыс  материалдарымен  қамтамасыз  ету-
шілер,  учаскенің  əкімшілік-техникалық  қызметкерлері,  орын-
даушы-жұмысшылардан болады. 
Ақау  ішкі  жəне  сыртқы  болып  екіге  бөлінеді.  Ішкі  ақау — 
мердігер  тиісті  сметалық  мөлшер  талаптарын  бұзған  жағдайда, 
жұмысшылардың  кəсіби  төмендігінен,  ал  сыртқы  ақау  тапсы-
рушылардан, жабдықтаушылардан жəне автокөлік кəсіпорында-
рының  кінəсінен    болады.  Ақау  анықталған  сəтте  бірден  акт 
толтырылады.  Акт  толтыруға  сапалық  бақылау  орындарынан 
техникалық  сарапшылар,  құрылыс  зертханасының  кызметкер-
лері  жəне  инженерлік-техникалық  қауіпсіздік  бөлімінің  қыз-
меткерлері қатысуы тиіс. Себебі, дəлелденіп, кінəлі тұлғалардың 
қол қоюымен расталған құжат ақаудан кеткен шығынның анық-
талып, өндірілуіне негіз болып табылады. 
Ақауға  кеткен  шығын  əрбір  актіге  жеке  жасалынады  жəне 
оған негіз болатын көрсеткіштер төмендегідей: 
—  қайта  қалпына  кетіру  жұмысына  қатысқан  жұмысшы-
лардың жалақысы; 
— материалдық шығындар; 

 
68
— төленген қосымша еңбекақы мөлшері; 
—  қолданылған    құрылыс  машиналары  мен  механизмдерге 
кеткен шығын сомасы. 
Бүгінгі  күні  құрылыс  жұмысындағы  анықталған  ақауға  кет-
кен шығындар есебін 8040 «Үстеме шығындар» шотында қарас-
тыра отырып, кəсіпорынның есеп саясатындағы көрсетілген суб-
шоттарға қойылады. 
Ақауға  кеткен  шығынды    толтырылған  актіні  негізге  ала 
отырып,  бухгалтерлік есептеумен анықталған соң, қалпына кел-
тіруге  кеткен  қаржы  сомасы  мен  кінəлі  тұлғалардан  өндіріліп 
алған  сомаларға  төмендегідей  бухгалтерлік  жазбалар  жаса-
лынады. 
 
9-кесте 
 
№ 
Операцияның мазмұны 
Дебет 
Кредит 

Ақауды жөндеуге кеткен 
жұмысшының жалақысы 
8040 субшот* 3350 

Материалдық шығын 8040 
субшот* 1350 

Қосалқы өндіріс пен ме-
ханизмге кеткен шығын 
8040 субшот* 8030 

Əлеуметтік салық 8040 
субшот* 3150 

Басқа кəсіпорындарға 
ақау үшін төленген төлем 
8040 субшот* 3310, 4110 

Жабдықтаушылар 
мойындаған ақау 
бойынша дебиторлық 
берешек 
1280, 2180 
8040 субшот* 

Монтаждау кезінде 
кірістелген материалдар 
1350 8040.субшот* 

Ақау үшін жалақыдан 
ұсталған  сома 
3350 8040 
субшот* 

Анықталған өткен жыл-
дардағы  ақау бойынша 
шығын 
5410 8040 
субшот* 
10  Негізгі өндіріске жатқы-
зылған ақау мөлшері 
8010 8040 
субшот* 
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет