А. К. Бейсенбаева



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет2/6
Дата22.04.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6

Бақылау сұрақтары: 
 
1.  Құрылыстағы  тауарлық  қатынастың  өндірістен  айырма-
шылығы қандай? 
2.  Құрылыс  алаңдарында    бір  мезгілде  жалпы  құрылыстар, 
мамандандырылған жəне басқа да жұмыстардың жүргізілуі мүм-
кін бе? 
3. Капиталды құрылыста өндірістің жұмысын ұйымдастыру-
дың негізгі формасы болып қандай тəсіл саналады? 
4.  Орындалатын  жұмыстың  түріне  байланысты  құрылыс 
кəсіпорындары қандай түрге бөлінеді? 
5. Тапсырыс  берушімен  келісім-шарт қатынасының сипаты-
на байланысты құрылыс-монтажды кəсіпорындар қандай болып 
бөлінеді? 
6.  Құрылыстың  соңғы  өнімін  қалыптастыруда  қандай  түр-
лерге бөлінеді? 
7.  Құрылыс  кəсіпорындарының  өндірістік  қызметі  қандай 
түрлерден тұрады? 
8.  Құрылыс  өндірісіне  қатысушы  тұлғалар  Қазақстан  Рес-
публикасының  Азаматтық  Кодексіне  сəйкес  жазбаша  түрде  ке-
лісім-шарт жасай отырып,  қандай тəртіпте құжат толтырады? 
9. Есеп саясатын қалыптастыру қандай  кезеңдерден тұрады? 
10.  Құрылыстық  қызмет  белгілі  бір  орындаушының  дайын-
дығын талап еткенде қандай құжат талап етіледі? 
11.  Жұмыс  жүргізетін    құрылыс  кəсіпорындары  жыл  сайын 
лицензияларын жаңалап, қайта тіркеуден өткізуі қажет пе? 

 
19
12. Қазақстанда архитектуралық-құрылыс жұмыстарын жүр-
гізуді лицензиялау қандай заң актілерінің негізінде жүзеге асы-
рылады? 
13.  Лицензия  алу  үшін  (қайта  тіркелу  үшін)  кəсіпорындар 
лицензиялаудың қалалық  орталығына қандай  құжаттарды беруі 
қажет? 
14. Өткізілетін (жоспарланған) жөндеу жұмыстарының тізімі 
қандай? 
15.  Құрылыс-монтаждық  жұмыстарды  жүзеге  асыруға  бері-
летін лицензияның əрекет ету мерзімі неше жыл? 
 
 
 

 
20
2-ТАҚЫРЫП 
ҚҰРЫЛЫС  ЖҰМЫСТАРЫН БАҒАЛАУ 
ЖƏНЕ СМЕТАЛЫҚ ҚҰНДЫ АНЫҚТАУ 
 
2.1. Құрылыс жұмыстарын бағалаудың ерекшеліктері,  
келісім-шартта қаралған шектелген және еркін баға 
 
Құрылыс  өнімі  болып  ғимарат,  қондырғылар,  өндіріс  күш-
тері,  тұрғын  үйлер,  мəдени-тұрмыстық  объектілер  жəне  тағы 
басқалар саналады. Құрылыс құны сметамен анықталады. Смета 
—  объектіні  салуға  кететін  қоғамдық  қажетті  шығындарды  са-
нау, яғни құрылыс өнімінің құны. 
Сметаны  жасауда  құрылысқа  қажетті  материалдар  шығын-
дарының,  конструкцияның,  детальдардың,  еңбекақы  шығында-
рының,  материалдардың  нарықтық  бағасының  сметалық  нор-
малары  жəне  үстеме  шығындардың  нормалары  қолданылады. 
Жобалы-сметалы  құжатты  жасағанда  бухгалтерлік  есептің  мə-
ліметтері қолданылады. 
Капиталды  құрылыста  ереже  бойынша  құрылыс  өнімінің 
келісім  бағасының  екі  моделі — шектелген  жəне  еркін  (ашық) 
бір мезгілде қолданылады. 
Бекітілген  келісім  құнын  анықтауға — келісімнің  нақты 
жағдайлары  ескеріле  отырып,  сметалық  нормативтердің  жүйесі 
мен  пайдаланылатын  ресурстардың  бағасының  өзгеру  индекс-
тері негіз болады. 
Құрылыс өнімінің еркін (ашық) келісім құны мердігерлердің 
тапсырысты өткізгенде барлық процедураларды сақтай оты-рып, 
мердігер  кəсіпорындар  арасындағы  бəсекелестік  жағдайын-да 
қолданылады. 
Мердігер кəсіпорындар мен тапсырыс берушілердің келісім-
шартының  құрамында  көрсетілген  құрылыс  өнімдеріне  келісім 
бағалар  ведомостын  рəсімдейді.  Аталған  келісім  бағалар  ведо-
мостының формасы № 1 формада көрсетілген (1-қосымша). 
Құрылыс  өнімдерінің  келісім  бағаларының  құрамында  мер-
дігерлердің орындаған жұмыстарының құны көрсетіледі. Соны-
мен  қатар,  келісім  бағаларының  құрамына  келісім  бойынша 
мердігерге берілген басқа да жұмыстармен байланысты шығын-
дар да кіреді, атап айтсақ белгілі бір объектілерді салғанда, оны 

 
21
қажетті  құрал-жабдықтар  мен  т.б.  материалдармен  қамсыздан-
дыру. 
Құрылыс  процесіндегі  орындалған  жұмыстарды  қабылдау 
мен есеп айырысуды жүзеге асыру  мерзімі мен тəртібі келісім-
шартта тараптардың келісімімен бекітіледі. 
Кəсіпорындар  мен  мердігерлер  арасындағы  орындалған  құ-
рылыс-монтаждық  жəне  құрылыс-жөндеу  жұмыстарының  есебі 
конструктивті элементтері бойынша, келісілген шарттың кезең-
дері бойынша немесе келісім-шарт бойынша жүзеге асырылады. 
Ай сайынғы орындалған құрылыс-монтаждық жұмыстардың 
есебі  кəсіпорын  мен  мердігерлердің  өзара  келіскен  формалары 
бойынша, яғни нақты орындалған жұмысқа толтырылған наряд 
бойынша жүргізіледі (2-қосымша). 
Құрылыс кəсіпорынындағы басқару есебінің негізгі мақсаты 
əртүрлі деңгейдегі менеджерлерге дұрыс шешім қабылдау үшін 
ақпараттармен  қамтамасыз  ету  болып  табылады.  Құрылыста 
басқару есебінің басқа есептерден ерекшелігі, кəсіпорынды бас-
қарудағы ақпараттық жүйенің құрамдас бөлігі болып табылады. 
Бағалық  саясат — құрылыс  кəсіпорынындағы  басқару  есеп 
жүйесінің маңызды элементтерінің бірі, ол орындалған құрылыс 
жұмыстарына баға белгілеп қана қоймай, сонымен қатар əртүрлі 
нарықтық жағдайдағы бағаларды басқару үрдісін атқарады. 
Құрылыс  кəсіпорынындағы  бағаны  белгілеу  жүйесінің  ал-
дына  қойған  мақсаты — нақты  орындалған  құрылыс  жұмыста-
рына  төлеуге  дайын  тапсырыс  берушінің  ең  тиімді  бағасын 
анықтау,  сонымен  қатар  күтілетін  пайдамен  байланысты  баға 
бойынша  осы  қызметті  тапсырыс  берушіге  көрсету  мүмкін-
шіліктерін  зерттеу.  Осылайша,  басқару  есебінің  болашағы  
құрылыс өнімдерінің өзіндік құнын анықтаумен ғана емес, сон-
дай-ақ  құрылыс  өнімдерін  өткізуде  маңызды  орын  алатын  бо-
сату бағасымен тікелей байланысты. 
Құрылыс  кəсіпорынында  баға  белгілеу  əдістемесін  келесі 
факторларды негізге ала отырып қалыптастырады. Олар: 
 
 
 

 
22
2-кесте 
 
Ішкі — 
қалыптасқан бағалар; 
 — 
шығындар құрылымы, тікелей жəне жанама; 
 — 
құрылыс  кəсіпорынының  жалпы  жəне  нақ-
ты мақсаты; 
 — 
сатып өткізу нарығын зерттеу деңгейі; 
 — 
сатып өткізу бөлімінің қызметкерлерінің іс-
əрекеті (реакциясы). 
Сыртқы — 
бəсекелестіктің  деңгейі  жəне  оның  бағаға 
əсері; 
 — 
өнімге деген сұраныстың жағдайы; 
 — 
материалдық  жабдықтаушылар  мен  мерді-
герлерге тəуелділігі; 
 — 
сұраныстың  құрамы  мен  оның  бағаларға 
сезімталдығы; 
 — 
мемлекеттің саясаты. 
 
Құрылыс  өнімінің  немесе  көрсетілетін  қызметтің  өзіндік 
құнын  анықтау  барысында  өнімнің  жеке  түрі  мен  көрсетілетін 
қызметтің  арасында  бөлінетін  тікелей  жəне  жанама  шығындар-
дың деңгейін анықтау  өте маңызды. 
Əлемдік тəжірибеде өнімнің ең төменгі  бағасын анықтайтын 
екі тұжырымдама кеңінен тараған. Олар: 
— толық өндірістік өзіндік құн негізінде; 
— айнымалы шығындар негізінде. 
Толық  өндірістік  өзіндік  құн  негізінде  белгіленген  бағаның 
мəні: сауда үстемақысы мен өнімнің толық өзіндік құны жинақ-
талады. Өнім бірлігінің толық өзіндік құны тұрақты жəне айны-
малы  шығындар  сомасын  өндірген  өнімнің  көлеміне  қатынасы 
арқылы анықталады. 
Айнымалы шығындар негізінде белгіленген баға «баға толық 
шығынға  емес,  тек  қана  айнымалы  шығынға  тəуелді»  деген 
қағидаға  негізделіп,  пайданы  қалыптастырады.  Оның  мөлшері 
алдына  қойған  мақсатына  қол  жеткізуге  тəуелді  болады  (на-
рықтың сегментін ұлғайту, пайданы көтеру  жəне т.б.). 
Ең  төменгі  бағаны  айнымалы  шығындарды  пайдалана  оты-
рып, екі тəсілмен де анықтауға болады: 

 
23
— өнімділіктің деңгейін болжауға негізделген орташа айны-
малы шығындар негізінде; 
— өндірістің қосымша шығындары негізінде. 
Құрылыс саласының ерекшелігіне байланысты өндірістің қо-
сымша  шығындары  негізінде  белгіленген  баға  тиімді  болып 
табылады.  Себебі,  құрылыстағы  сұраныс  тапсырыстың  көле-
мімен  өлшенеді,  ал  босату  бағасын  анықтағанда  сұраныстың 
көлемі  есепке  алынады.  Сонымен  қатар,  өндірістің  қосымша 
шығындары  негізінде  белгіленген  баға  бəсекелестіктің  тұрақты  
деңгейін жəне оның бағаға əсерін көрсетеді. 
 
2.2.  Құрылыстың сметалық құнының құрамы  
мен құрылысы және құжаттау 
 
Құрылыстың сметалық құны — жобаланған материалдар не-
гізінде анықталған ақша-қаражат сомасының жиынтығы. Құры-
лыстың  сметалық  құны  құрылысқа  салынған  инвестициялар 
мөлшерін анықтауға, құрылыс өнімдеріне  бағалардың  қалыпта-
суына,  мердігерлік  келісім-шартты  құру  мақсатында  тапсырыс 
берушіге мердігерлік құрылыс қызметтерін сатып алуды жүзеге 
асыруға,  орындаған  мердігерлік  жұмыс  бойынша  Қазақстан 
Республикасында  қолданылып  жүрген  заң  актілеріне  сəйкес 
есеп айырысудың негізі болып табылады. 
Сметалық  құжаттар  құрылымында    келесі  түсініктемелер 
қолданылады. Олар: 
1. Құрылыстың объектісі — жеке ғимараттар (өндірістік цех, 
қойма,  тұрғын  үй  жəне  т.б.),  оған  жататын  барлық  құралдар, 
жиһаздар жəне қосалқы бөлшектер. 
2. Өндірістік құрылыс немесе тұрғын үй кешенінің құрылыс 
объектілеріне:  сыртқы  қосалқы  құрылыс  жайлары  (сумен,  газ-
бен,  электр  энергиясымен,  жылумен  қамтамасыз  ету,  канализа-
ция),  кіре  беріс  (подъезд)  жолдары,  басқа  да  қоғамдық  жұмыс-
тар жатады. 
Кейбір  құрылыс  түрлерінің  ерекшеліктеріне  байланысты 
құрылыс  объектілеріне  кіретін  ғимараттар  мен  құрылыс  жай-
лары  төмендегідей қарастырылады: 
—  мұнай  жəне  газ  өнеркəсібінде — мұнай  немесе  газ  сква-
жинасы (эксплуатациялық немесе барлау), оған жататын барлық 
құралдар, қосымша құрылыс жайлар мен жұмыстар; 

 
24
— көмір жəне тау-кен өнеркəсібінде — өткел мен тау өнім-
дерінің  құралдары  жəне  жер  асты  шахтасының  құрылыс  жай-
лары; 
— орман жəне ағаш өңдеу өнеркəсібінде — ағаштарды ірік-
теу бойынша участок; 
— су шаруашылығында — жерлерді суландыру мен құрғату 
арқылы  жердің құнарлылығын арттырумен байланысты барлық 
жұмыс түрлері; 
—  темір  жол  құрылысында — темір  жол  төсемі  (полотно), 
байланыс  желілері,  ДО  (дабылдық  орталықтандыру,  блокиров-
ка), энергиямен қамтамасыз ету. 
—  көлік  құрылысында — көлік  жол  төсемі,  су  құбырлары 
жəне басқа да құрылыс жайлары. 
Желілік  құрылыстың  (темір  жəне  көлік  жолдары,  магистра-
льды  өткізгіш  құбырлар,  электр  жəне  байланыс  желілері)  объ-
ектісі ретінде бір участоктың шегіндегі ғимараттар мен құрылыс 
жайлары  қарастырылады.  Құрылыстың  сметалық  құнын  анық-
таудың негіздері: 
— қолданылып жүрген заңдар; 
—  қолданылып  жүрген  сметалық  нормативтер  (нормалар 
мен бағалар); 
— жобалық құжаттама. 
Құрылыстың  сметалық  құны  инвестициялардың  құрамына 
жəне  құрылыс-монтаж  қызметін  жоспарлау  тəртібіне  сəйкес 
келесі жұмыс пен шығындардың түрлері бойынша бөлінеді: 
— құрылыс-монтаж  жұмыстары; 
—  технологиялық  құралдарды,  бұйымдар  мен  жиһаздарды 
сатып алумен байланысты шығындар; 
— басқа да шығындар. 
Құрылыс-монтаж жұмысының құрамына төмендегілер кіреді: 
— ғимараттар мен құрылыс жайларын салумен байланысты 
жұмыстар; 
— ішкі су желілерін, канализация, жылу, газ, желдеткіш пен 
өткізгіш құбырларын жасаумен байланысты жұмыстар; 
—  тұрғын  жəне  қоғамдық  ғимараттарды  электр  желісімен 
қамтамасыз ету бойынша жұмыстар; 
— көгалдандырумен байланысты жұмыстар. 
Құрылыс сметасында көрсетілетін бұйым, жиһаз жəне құрал 
жабдықтардың құнына төмендегілер кіреді: 

 
25
— сатып алу мен қоймаға жеткізу құны; 
—  стандартталмаған  құрал-жабдықтардың,  оның  жобалау 
құнымен қоса есептелген құны; 
— күрделі механикалық құрал-жабдықтар мен машиналарды 
құрастыру құны; 
— монтаждық құрал-жабдықтардың құны. 
Құжаттамалардың сметалық  құрамы   дайындалған жобалық 
сметасы  мен  объектінің  техникалық  күрделілігінің  тəуелділігі-
мен анықталады. 
Жобаның құрамына келесілер енеді: 
— шығындарды жинақтау (қажеттілік туындаса); 
— жиынтық сметалық есеп; 
— құрылыс құнының сметалық есебі; 
— объектінің жəне жергілікті (локальды) сметалар; 
—  объектінің  жəне  жергілікті  сметалық  есептер  (қажеттілік 
туындаса); 
—  жеке  шығындар  түрлерінің  сметалық  есебі  (қажеттілік 
туындаса). 
Жұмыс құжаттамасының құрамына келесілер енеді: 
— объектінің жəне жергілікті сметалар; 
— жергілікті сметалар бойынша ресурстық ведомостар. 
Сметалық  құжаттамада  бір  мезгілде  құрылыс  объектісінің 
сметалық құнының ведомосты мен қоршаған ортаны қорғаумен 
байланысты  жұмыстар  жəне  объектінің  сметалық  құнының 
ведомосты дайындалады. 
Жобаның  құрамындағы  сметалық  құжаттамаға  түсініктеме 
жазбалар ұсынылады, онда келесілер көрсетіледі: 
— құрылыс орналасқан ауданға сілтеме; 
—  құжаттарға  сəйкес  дайындалатын  сметалық  құжаттамаға 
сілтеме; 
— басқа да шығындарды құрастыруға негіздеме. 
Сметалық  құжаттамаларды  құрғанда  сметалық-нормативтік 
негіз  (база)  қолданылады,  онда  құрылыс  қызметкерлеріне  ең-
бекақыны берумен байланысты шығындар, материалдық-техни-
калық  ресурстың  бағалары  мен  тарифтері  жəне  құрылыс  сала-
сында көрсетілетін қызметтер туралы мəліметтер  тіркелген. 
Құрылыстың  сметалық  құжаттамасындағы  сметалық  құны 
базистік-индекстік  əдіспен  анықталады.  Құрылыстың  сметалық 

 
26
құнын  анықтайтын  базистік-индекстік  əдіс  ағымдағы  индекстің 
2001  жылғы    базистік  деңгейде  анықталған  құнға  қатынасын 
пайдалануға негізделген. 
 
Бақылау сұрақтары: 
 
1. Құрылыс құны қандай негізде  анықталады? 
2.  Жобалы-сметалы  құжатты  жасағанда  қандай  мəліметтер 
қолданылады? 
3.  Капиталды  құрылыста  ереже  бойынша  құрылыс  өнімінің 
келісім бағасының қандай модельдері  қолданылады? 
4.  Құрылыс  кəсіпорынындағы  бағаны  белгілеу  жүйесінің 
алдына қойған мақсаты қандай? 
5. Құрылыс кəсіпорынында баға белгілеу əдістемесін қандай  
факторларды негізге ала отырып қалыптастырады? 
6.  Құрылыс  өнімінің  немесе  көрсетілетін  қызметтің  өзіндік 
құнын  анықтау  барысында  өнімнің  жеке  түрі  мен  көрсетілетін 
қызметтің  арасында  бөлінетін  қандай  шығындардың  деңгейін 
анықтау  өте маңызды? 
7.  Құрылыстың  сметалық  құны  қандай  көрсеткіштің 
жиынтығы? 
8. Сметалық құжаттар құрылымында қандай  түсініктемелер 
қолданылады? 
9.  Құрылыс  сметасында  көрсетілетін  бұйым,  жиһаз  жəне 
құрал-жабдықтардың құнына нелер кіреді? 
10. Құжаттамалардың сметалық құрамы  немен анықталады? 
11.  Сметалық  құжаттамаларды  құрғанда  қандай  мөлшер 
қолданылады? 
12.  Құрылыстың  сметалық  құжаттамасындағы  сметалық 
құны қандай  əдіспен анықталады? 
13. Жобаның құрамындағы сметалық құжаттамаға не кіреді? 
14. Сметалық құнының ведомосты қалай толтырылады? 
15.  Құрылыс  қызметкерлеріне  еңбекақыны  берумен  байла-
нысты  шығындар,  материалдық-техникалық  ресурстың  бағала-
ры мен тарифтері жəне көрсетілетін қызметтер туралы мəлімет-
тер  қандай құжатта көрсетіледі? 

 
27
3-ТАҚЫРЫП 
ҚҰРЫЛЫСТАҒЫ  ЕҢБЕКАҚЫ ЕСЕБІ 
 
3.1. Құрылыстағы еңбекақыны төлеудің жүйесі  
мен түрлері 
 
Бұл бапта жұмысшылардың негізгі еңбекақылары, құрылыс, 
монтаж  жəне  басқа  да  құрылысқа  қатысқан  жұмысшылардың 
еңбекақысы есептеледі. 
Құрылғыны монтаждауда бұл бапта монтажшылардан басқа, 
монтаж  алаңында  металды  конструкцияларды  жасауға,  құрыл-
ғының боялмаған жерлерін бояуға, оны тасуға немесе көтеруге, 
құрылғыны  қорабынан  алуға,  тазалауға  жəне  тексеріп  көруге 
қатысқан жұмысшылардың еңбекақылары көрсетіледі. 
Жұмысшылардың  негізгі  еңбекақылары  уақытша  жəне  бір-
жолғы түрде жұмыс атқарғаны үшін төленген төлемнен, жұмыс-
тан  тыс  уақытта  жұмыс  жасағаны  үшін  төленген  төлемнен, 
жұмыс беруші кінəсінен бос тұрған уақытқа төленген төлемнен, 
ақау үшін төлемнен, жаңа процесті меңгеруге, жұмыстың күрде-
лілігі үшін төленген қосымша төлемнен, өндірісте оқушыларды 
оқытқаны үшін жəне басқа төлемдерден құралады. 
Бұл  бапқа  құрылыс  машиналары  мен  механизмдерін  басқа-
ратын жəне оған қызмет ететін  жұмысшылардың, қосымша  өн-
дірістегі  уақытша  қондырғыларды  орнатуға,  құрылыс  алаңын 
жайлы  жағдайға  келтірген  жұмысшылардың  еңбекақысы  жат-
пайды.  Тағы  да  бұл  бапқа  құрылғыны  монтаждауға  қатысқан 
жұмысшылардың да еңбекақысы қосылмайды. 
Негізгі еңбекақы 8010 «Негізгі өндіріс» шотының дебетінде 
жəне 3350 «Қысқамерзімді еңбекақы бойынша берешек» шоты-
ның кредитінде көрсетіледі. 
Құрылыста  қосымша  еңбекақы  үстеме  шығындар  смета-
сының  құрамындағы  шығындарға  кіреді,  сондықтан  ол  үстеме 
шығындардың құрамында есепке алынады. 
Құрылыс-монтажды  жұмыстармен  айналысқан  жұмысшы-
лардың  негізгі  еңбекақысы  алғашқы  құжаттар  негізінде  соған 
сəйкес құрылыс объектілеріне жатады. 
Негізгі  еңбекақы  құрамына  кіретін,  объектілерге  тікелей 
апаруға болмайтын (мысалы, жаңа процесті меңгеруге төленген 

 
28
қосымша төлем, оқушыларды үйретуге төленген төлем) қосым-
ша  төлемдердің  кейбірі  олардың  арасында  негізгі  еңбекақыға 
тікелей пропорционалды түрде бөлінеді. 
Еңбек төлемінің нысаны. Жалақы — бұл еңбек үшін төлем, 
оны  еңбеккерлер  еңбек  келісім-шартында  жəне  қызмет  нұс-
қауында  белгіленген  көлеміне  сай  орындаған  жұмысы  үшін 
алады. 
Еңбек  тиімділігін  арттырудың  əртүрлі  ынталандыру  жолда-
ры бар, атап айтқанда: сыйлық, үстеме, кепілдік төлемдері. Жұ-
мыс беруші  нақты  жағдайын  ескере  отырып,  «Еңбекақы  төлеу 
туралы»  ережесін  дербес  əзірлей  алады,  сондай-ақ  онда  еңбек-
керлердің  категориясын,  жұмыс  уақытының  тəртібін, «Қызмет-
кер  туралы»  ережесін  белгілей  алады.  Аталған  ереже  жұмыс 
берушіге еңбек тəртібін ұйымдастыру жəне еңбек келісім-шартын 
жасау  үшін  ғана  емес,  сондай-ақ  шығыстар  мен  ұсталымдарды 
негіздеу  үшін  де  қажет.  Төлем  жеке  жəне  ұжымдық  еңбек  нə-
тижесі  бойынша  жасалуы  мүмкін.  Бұл  жағдайда  жұмыс  беру-
шінің  белгілеген  жалақысының  деңгейі  заңда  белгіленген  ең 
төменгі жалақының деңгейінен төмен болмауы керек. 
Іс жүзінде еңбекақыны ұйымдастырудың екі негізгі нысаны 
пайдаланылады — кесімді (өнім санына қарай ақы төлеу) жəне 
мерзімді (істеген күніне қарай төлеу). 
Мерзімді  еңбекақы  деп,  нақты  істеген  уақыты  үшін  ең-
бекақының  (айлығының)  мөлшері  немесе  тарифтік  мөлшер-
лемесі  бойынша  еңбеккерлерге  есептелетін  жалақының  ныса-
нын  айтады.  Мерзімдік  еңбекақының  нысаны  жай  мерзімдік 
жəне сыйақылы мерзімдік болып бөлінеді. 
Жай  мерзімдік  жүйесінің  кезінде  өзіне  берілген  (иеленген) 
тарифтік  мөлшерлемесі  немесе  нақты  істеген  уақыт  бойынша 
еңбеккерлерге еңбекақы есептептеледі жəне осы жүйеге сандық, 
апталық  көрсеткіштері  үшін  қосымша  еңбекақы  сыйақылы 
мерзімдік төлем түрінде төленеді. 
Тариф  мөлшерлемесін  жəне  əкімшілік  саладағы  еңбеккер-
лердің,  қызмет  иесінің  (лауазымды  адамның)  айлығын  белгі-
леген  кезде  жалақының  төменгі  деңгейін  жəне  бірыңғай  тариф 
кестесін пайдаланады. Бірыңғай тариф кестесі еңбекақының 21-
разрядының негізінде құрылады жəне əрбір разряд үшін өзіндік 
тариф коэффициенті белгіленеді (3-кесте). 

 
29
3-кесте 
 
Тарифтік  кесте 
 
Тариф 
кестесінің 
бірыңғай 
разряды 
Тарифтік 
коэффициент  
(1-разрядқа 
қатынасы) 
Тариф 
кестесінің 
бірыңғай 
разряды 
Тарифтік 
коэффициент 
(1-разрядқа 
қатынасы) 
1 1,0 12 
2,20 
2 1,07 13 2,37 
3 1,15 14 2,55 
4 1,24 15 2,74 
5 1,33 16 2,95 
6 1,43 17 3,17 
7 1,54 18 3,41 
8 1,66 19 3,67 
9 1,78 20 3,94 
10 1,91  21 4,24 
11 2,05     
 
Жұмысшы  мамандығы  негізінен  біріншіден  сегізінші  раз-
рядқа  дейін  жіктеледі,  ал  қызметкерлердікі  екіншіден  жиырма 
біріншіге  дейін  бірыңғай  тарифтік  кесте  бойынша  тарифика-
цияланады.  Бірыңғай  тарифтік-мамандандырылған  (квалифика-
цияланған)  анықтама  (БТМА)  жəне  мамандандырылған  анық-
тама (МА) бойынша еңбеккерлердің тарификациясын жасайды. 
Тарифтік  мөлшерлемесін  жəне  əртүрлі  машықтық-маман-
дандырылған  топтардағы  қызмет  иесінің  (лауазымды  адамның) 
айлығын  жұмыс  берушінің  ең  төменгі  жалақыны  сақтаған  кə-
сіпорын  бекіткен  разрядтың  мөлшерлемесіне  сүйене  отырып, 
бірыңғай  тарифтік  кестеде  белгіленген  тарифтік-мамандан-
дырылған коэффициенттер бойынша анықтайды. 
Тарифтік-мамандандырылған  анықтама  жұмысшылардың 
жұмысын  тарификациялауға  жəне  оларға  əртүрлі  өндіріс  пен 
жұмыс түрі бойынша разряд беруге пайдаланылады. Ал маман-
дандырылған  анықтама  қызметкерлердің  жұмысының  күрде-
лілігін мамандығының деңгейі бойынша анықтауды қамтамасыз 
етеді.  Бұл  анықтамалар  бірыңғай  жəне  салалық  болып  келеді. 

 
30
Олардың  негізінде  нақты  өндіріс  еңбеккерлері  үшін  жергілікті 
анықтамалар əзірленуі жəне белгіленуі мүмкін. 
Ал меншік нысанына тəуелді кəсіпорындар еңбекақы туралы 
мəселені  ұжымдық  келісім-шарттың  негізінде  дербес  түрде 
шеше  алады.  Тарифтік-мамандандырылған  анықтаманы  қажет 
болған кезде ғана пайдаланады. 
Кесімді еңбекақы төлеген кезде алдын ала белгіленіп қойған 
деңгейде  əзірленген  өнімнің  немесе  орындалған  жұмыстың 
əрбір бірлігіне есептейді (дана, тк/м, килограмм). Кесімді еңбе-
кақы нысаны келесідей еңбекақы жүйесіне бөлінеді: 
—  тікелей  кесімді  еңбекақы  жүйесі  əрбір  өнім  бірлігі 
бойынша бағасын қою арқылы белгіленеді; 
—  кесімді  сыйлық,  бұл — қосымша  марапаттау  төлемін  қа-
растырады,  белгіленген  көрсеткішті  орындаған  кезде  ғана 
пайдаланылады; 
—  кесімді-прогрессивті  еңбекақы  төлемі.  Еңбек  төлемінің 
бұл  жүйесі  жұмысшылардың  белгіленген  нормадан  артық  өн-
діргені  үшін  көтермелеу  ретінде  пайдаланылады.  Норма  мөл-
шерінде дайындалған өнім үшін жұмысшыларға төлемді тікелей 
кесімді  бағалар  бойынша  есептейді,  ал  нормадан  асыра  дайын-
далған өнім үшін үдемелі (прогрессивті) бағалар бойынша есеп-
тейді; 
—  жанама  кесімді  еңбекақы  төлемі.  Мұнда  қосалқы  жəне 
басқа да жұмысшылардың еңбек төлемі қызмет көрсететін учас-
кесінің,  цехтың  негізгі  жұмысшыларының  төлемақысына  шақ-
қандағы пайызымен анықталады; 
—  еңбекақы  төлемінің  аккордтық  жүйесі.  Бұл  жүйеде  жұ-
мысшылардың еңбек төлемін нормаланған тапсырманың немесе 
жұмыс  көлемінің  орындалуына  белгіленген  жалпы  кесімдік 
бағасы  бойынша  анықтайды.  Еңбек  төлемінің  бұл  жүйесі  жұ-
мысшылардың  бөлек  топтары  немесе  бригадалардың  бөлек 
ұжымдары  үшін  еңбек  өнімділігін  арттыруда  жəне  жұмыстың 
орындалу мерзімдерін қысқартуда, олардың материалдық ынта-
лылығын  күшейтуге  ықпал  ету  үшін  пайдаланылады.  Еңбек 
төлемінің  аккордтық  мөлшерін  қолданыстағы  нормаланған 
тапсырмалар (уақыт нормалары, өнімдер) мен бағалар негізінде 
белгілейді,  ал  олар  болмаған  жағдайда,  осы  тəріздес  жұмыс 
үшін  қолданылып  жүрген  нормативтік  тапсырмалар  мен  баға 

 
31
(расценка)  бойынша  белгіленеді.  Еңбек  төлемінің  бұл  жүйесі 
бойынша аккордтық тапсырманы мерзімінен бұрын орындағаны 
үшін сыйақы беру тəртібі белгіленуі мүмкін. 
Болашақта  өндірісті  кешенді  түрде  механикаландыру  мен 
автоматтандырудың  дамуы,  мамандықтардың  жетілуі,  еңбек 
төлемінде  нақты  сараланудың  кемуі  кесімді  жүйенің  қолданыс 
аясын қысқартады, ал оларды жұмысшылардың еңбек төлемінің 
мерзімдік-ұжымдық  жəне  мерзімдік-сыйақылық  жүйелеріне 
алмастыруы мүмкін. 
Ынталандыру  сипатындағы  төлемдер.  Өндіріс  тиімділігін 
жəне  орындалатын  жұмыстың  сапасын  арттыру  мақсатында 
еңбеккерлердің  материалдық  мүддесін  күшейту  үшін  сыйлық 
пен  марапаттау  жүйесін  енгізу  керек,  ал  ол  жыл  соңының 
нəтижесі бойынша жəне басқа да көрсеткіштер бойынша берілуі 
мүмкін. 
Жұмысшыларға  жұмыстың  негізгі  нəтижелері  үшін  сыйлық 
беру мынадай көрсеткіштер бойынша жүзеге асырылады: еңбек 
өнімділігіне,  өнім  сапасының  арттырылуына  жəне  өндірістің 
соңғы  нəтижелерінің  жақсаруына  байланысты.  Сыйақылардың 
мөлшерлері істеген жұмыстарының  маңыздылығы мен күрделі-
лігіне  қарай  жұмысшылардың  кəсіптері  мен  топтары  бойынша 
сараланып  белгіленеді.  Бригада  ұжымдары  бүкіл  бригада  ұжы-
мының  жұмыс  нəтижелері  үшін  төленетін  қаражат  мөлшерінде 
бригаданың  əрбір  мүшесіне  жұмыстың  жалпы  нəтижелеріне 
қосқан нақты үлесін, еңбек тəртібі мен ішкі тəртіп ережелерінің 
сақталуын  ескере  отырып,  сыйлықтардың  мөлшерін  анықтауға 
құқылы. Сыйлық, əдетте айлық жұмыс нəтижелері бойынша бе-
ріледі. 
Басшы  қызметкерлерге,  мамандарға  жəне  қызметкерлерге 
сыйлық  беру.  Бұл  категорияларға  сыйлық  кəсіпорынның  ша-
руашылық қызметінің негізгі нəтижелері үшін беріледі. Кəсіпо-
рын  қызметкерлеріне:  басшы  қызметкерлерге  бүтіндей  алғанда 
кəсіпорын жұмысының нəтижелері үшін; басқару аппараты қыз-
меткерлеріне — бөлімшелердің,  басқару  аппаратының  қызме-
тінің  қорытындыларын  немесе  жекелеген  еңбек  көрсеткіштерін 
ескере  отырып,  бүтіндей  алғанда  кəсіпорын  жұмысының  нəти-
желері  үшін;  құрылымдық  кəсіпорындардың  қызметкерлеріне 
— осы бөлімшелердің жұмыс нəтижелері үшін сыйлық беріледі. 

 
32
Сыйлықтарды  жазу  үшін  басқару  аппаратының  басшы  қыз-
меткерлеріне  бухгалтерлік  жəне  статистикалық  есептердің  де-
ректері,  сондай-ақ  жедел  есеп  пен  зертханалық  бақылау  дерек-
тері,  өндірістік  бөліністер,  цехтар  мен  учаскелер  қызметінің 
қызметкерлеріне  бухгалтерлік  есептердің,  жедел  есептің  жəне 
лабораториялық  бақылаудың  деректері  негіз  болып  табылады. 
Сонымен қатар, олардың моральдық факторлары да ескеріледі. 
Еңбек  жағдайы  өзгерген  кезде  жасалатын  қосымша  төлем-
дер. Бірнеше  қызметті  қатарынан  атқарған  кезде немесе  уақыт-
ша  жұмысқа  келмегендердің  міндетін  атқарған  кезде  қосымша 
төлем жасалады. 
Түнгі уақыттағы жұмыс үшін еңбекақы. Түнгі уақыт кешкі 
сағат 22-ден таңғы 6-ға дейін созылады. 
Нормадан артық жұмыс істегені үшін еңбекақы. Нормадан 
артық  жұмыс  істегені  үшін  жарты  тарифтік  мөлшерлеменің 
деңгейінде қосымша төлем жасалады. 
Демалыс  жəне  мереке  күндерінде  жұмыс  істегені  үшін 
жасалатын  төлем.  Егер  қызметкер  өзіне  белгіленген  демалыс 
күнінде жұмысқа тартылса, онда оған екі апта ішінде басқа бір 
демалыс күні берілуге тиіс. 
Мерекелік күндерде жұмыс істегені үшін жұмысшыларға екі 
еселенген  кесімді  бағалар  бойынша;  еңбектері  сағаттық  не 
күндік төлем мөлшерінен төленетін жұмысшыларға сағаттық не 
күндік  төлем  мөлшерімің  екі  еселенген  шамасында;  айлық  ақы 
алатын  қызметкерлерге  мерекелік  күні  жұмыс  істегені  үшін 
айлығының  шегінде,  сағаттық  не  күндік  төлем  мөлшерінің  екі 
еселенген шамасында еңбекақы төленеді. 
Айрықша жағдайда төленетін еңбекақы. Жеке жəне ұжым-
дық  келісім-шарттарда  ауа  райы  ауыр  жағдаймен,  қара  жұмыс-
пен, қауіпті жəне денсаулығына  зиян келтіретін  жұмыспен,  ин-
тенсивті еңбекпен байланысты жұмыстарға жергілікті жерде қо-
сымша еңбекақы белгіленуі мүмкін. 
Еңбек  төлемі  құрылыс  саласында  Еңбек  туралы  заңға  сəй-
кестендірілген  жүйе  арқылы  ерекше  түрде  төленеді.  Бұл  деге-
німіз — сметалық құжаттағы көрсетілген жұмыс түрлерінің күр-
делілігіне  байланысты  белгіленген  шамасына  орындалған  жұ-
мыстың  көлеміндегі  үлесі  арқылы  есептелетін  сома.  Осы  сома 
мөлшері  сол  жұмыс  түріне  қатысқан  жұмысшыларға  нақты  ең-

 
33
бекке  қатысу  коэффициентімен  есептеледі.  Өндіріс  техноло-
гиясы  мен  оны  ұйымдастыруға,  еңбек  төлемінің  қолданылатын 
жүйесіне, өнім сапасын бақылауға, есеп пен басқа да жайларын 
компьютерлендіру деңгейіне қарай бастапқы құжаттар есебі мен 
үлгісінің  əртүрлі  əдістерін  қолданады.  Əртүрлі  өндірістегі  өн-
дірім  мен  еңбек  төлемі  есебінің  ұйымдастырылуын  қарасты-
райық. 
Жаппай-толассыз өндірісте жəне еңбекті бригадалық əдіспен 
ұйымдастыруда  өнім  өндірімі  мен  еңбек  төлемі  есебі,  əдетте 
соңғы  операциялардан  кейін  өнімді  қабылдап  алудан  бастап 
жүргізіледі.  Бригаданың  əрбір  мүшесінің  өнім  өндіруі  мастер 
немесе  бригадир  толтыратын  өндірім  туралы  айлық  рапортта 
көрсетіледі.  Жұмысшыға  еңбек  төлемі  оның  операциялары 
бойынша  өндіріміне  сəйкес  есептелінеді.  Бұл  мақсаттар  үшін  
өндірім рапорттары мен ведомостарын қолданады. 
Бригаданың өндірімі туралы рапорт өндірілетін өнімнің бел-
гілі  бір  түріне  жазылады,  оның  бір  данасына  өңделуі  бойынша 
баға  белгілейді.  Ай  бойы  немесе  басқадай  мерзімде  бригада 
өндірімі  соңғы  операциялардан  қабылданған  өңделген  тетіктер 
ретінде  рапортта  күн  сайын  көрініс  тауып  отырады.  Соңғы 
операциялардан кейін қабылданған өнім, жұмыс істеген уақыты 
жəне  жұмысшылардың  разряды — осы  үшеуі  еңбек  төлемінің 
есептелуіне негіз бола алады. 
 
3.2. Істелген жұмысқа толтырылатын құжаттар  
және еңбекақы түрлерін есептеу 
 
Есеп айырысу-төлем тізімдемесінің жасалуы. Бухгалтерияға 
келіп  түскен  жұмыс  уақыты  мен  өндірілген  өнімнің  есебі 
жөніндегі  құжаттар,  яғни  жұмысшылардың  істеген  жұмысына 
толтырылған табельдік есептеме (3-қосымша) тексеріледі де, тек 
содан соң есептік өңдеуге жіберіледі. 
Əрбір жұмысшыға бір ай ішінде құжаттар жазылуы мүмкін. 
Бір  айлық  жалақыны  есептеу  үшін  жалақы  есебінің  жинақ  кар-
точкасы  қолданылады.  Онда  қызметкердің  тегі,  аты,  табельдік 
нөмірі,  цех,  учаске,  құжаттарының  толтырылған  күні  мен  нө-
мірі, сағаттық нормасы, əрбір құжат бойынша есептелген жала-
қы  сомасы,  төлемдердің  басқа  да түрлері  көрсетіледі. Карточка 

 
34
деректерін  есеп  айырысу-төлем  тізімдемесін  жасау  үшін  пай-
даланады.  Есепті  жүргізу  компьютерлендірілген  жағдайда  жи-
нақ  карточкалары  (ведомостар),  сондай-ақ  есеп  айырысу-төлем 
тізімдемелері, əдетте бір ғана жұмыс күнінде жасалады. 
Еңбек  төлемі  бойынша  есеп  айырысу  əртүрлі  кəсіпорын-
дарда мынадай құжаттарда: есеп айырысу-төлем тізімдемесінде 
(оны,  сонымен  қатар  жалақы  беру  үшін  де  пайдаланады)  жəне 
жеке  толтырылған  төлем  тізімдемесінде;  əрбір  жұмысшыға 
жасалған  еңбек  төлемінің  арнайы  есеп  айырысуларында  (бөлек 
парақтарында);  жыл  бойы  пайдаланатын  кітапқа  тігілген  есеп 
айырысу тізімдемелерінде жүргізіледі. 
Есеп  айырысу-төлем  тізімдемесі — жиынтық  құжат,  онда 
есептелген еңбек төлемінің барлық түрі жəне жұмыс істеп жүр-
гендерге  берілетін  басқа  да  төлемдер,  сондай-ақ  қолданыстағы 
заңдарға  сəйкес  жасалған  ұсталымдар  мен  шегерімдер  жинақ-
талған.  Оны  еңбек  төлемі  жөніндегі  есеп  айырысу  деректері 
негізінде  жасайды.  Тізімдемеде  қызметкердің  тегін,  атын,  əке-
сінің атын, оның табельдік нөмірі мен қызмет орнын, разрядын 
немесе  айлық  жалақысын  көрсетеді.  Оған  кəсіпорын  басшысы 
мен  бас  бухгалтер  қол  қояды.  Тізімдеменің  «есептелді»  деген 
бөліміне  құжаттармен  негізделген  кесім,  мерзімінен  тыс  т.б. 
төлемдердің  есептелген  сомалары  енгізіледі. «Ұсталынды  жəне 
есепке  алынды»  деген  бөлімінде  табыс  салығының  сомасы, 
сондай-ақ атқару қағаздары бойынша ұсталымдардың сомалары, 
несиеге сатылған тауарлар үшін есепке алынған сомалар, еңбек 
төлемінің  есебіне  кіретін  аванс  жəне  басқа  ұсталымдар  енгі-
зіледі.  Салықты  өткен  айдың  жалақысынан  ұстайды.  Айдың 
аяғында  тізімдемеге  əрбір  жұмысшыға  берілуге  тиісті  соманы 
шы-ғарады. 
Орташа жалақыны есептеу тəртібі. Заң жүзінде еңбеккер-
лердің орташа жалақысын сақтау көзделген (ақшалай нысанын-
дағы  төлемі),  олардың  заңмен  арнайы  есептеу  тəртібі  белгілен-
ген  (зейнетақыны,  азаматтардың  өміріне  жəне  денсаулығына 
келтірілген зиянды есептеу кезінде жəне олардың еңбек міндет-
темесін орындау кезінде) кезде: 
—  кəсіпорындар жойылған  жағдайда  жеке  еңбек шарты бұ-
зылғанда, сондай-ақ еңбеккерлердің штаты немесе саны қысқар-
ған кезде, босанғандарға компенсация есептеу үшін; 

 
35
— үш күннің ішінде ұсынған құжат бойынша еңбеккерлерді 
əскер қатарына шақырғанда; 
—  пайдаланбаған  демалыс  үшін  компенсациялық  төлем 
немесе демалыс ақысын есептеу үшін; 
— қызмет бабымен іс-сапарға барған уақытына төлем жасау 
үшін; 
— шарасыз (яғни, еңбеккерлердің кінəсінен емес) уақытына 
төлем жасау кезінде; 
— басқа да əлеуметтік төлемдер жасау үшін. 
Орташа  жалақы,  бұл — белгілі  бір  уақыт  кезеңіне  еңбек-
керлердің  жалақысынан  алынған  орташа  жалақының  деңгейі 
(сағатқа,  күнге,  айға,  жылға).  Оны  есептеу  үшін  күнтізбелік  он 
екі  ай  жəне  сол  айлардағы  тиесілі  төлемдер  алынады.  Бұл  ке-
зеңді есептік кезеңнің ұзақтығы деп те айтады. 
Орташа жалақы белгілі бір құбылыстармен байланысты жағ-
дайларды есептеу үшін қажет, мысалы: кəсіпорындар жойылған 
жағдайда,  босанғандарға  өтемақы  есептеу  үшін,  жүктілігіне 
жəне бала табуына байланысты жəрдемақыны есептеу үшін, жұ-
мысқа уақытша жарамсыздығы үшін жəне т.б. 
Барлық  жағдайда  Қазақстан  Республикасының  заңымен 
белгіленген мереке күндері есептеу кезінде есепке алынбайды. 
Еңбеккерлердің  орташа  жалақысын  есептеу  үшін  орташа 
күндік, не орташа сағаттық жалақысы  алынады. Орташа  еңбек-
ақыны  есептеу  барысында  төлем  жүйесінде  қарастырылған,  əрі 
тұрақты сипатқа ие сыйлықты, үстемені, қосымшаны жəне басқа 
да марапаттау төлем түрлерін ескереді. Орташа жалақы есептік 
кезеңдегі  нақты  істеген  уақытынан  да  анықталуы  мүмкін.  Де-
мек,  орташа  жалақыны  анықтаудың  екі  жолы  бар,  оның  бірін-
шісінде өткен кезеңдегі он екі айдағы еңбекақы алынса, ал екін-
шісінде сол өткен кезеңдегі нақты істеген күні үшін есептелген 
жалақысы  алынады.  Орташа  жалақыны  есептеген  кезде  мына 
төлемдер есепке алынбайды: 
— жыл сайынғы еңбек демалысы үшін берілген өтемақы; 
— еңбекке уақытша жарамсыздығына, жүктілігіне жəне бала 
табуына, бала асырап алуына байланысты берілген жəрдемақы-
лар; 
—  денсаулықты  жақсартатын  шараларға  берілген  жəрдема-
қылар; 

 
36
—  қызмет  бабы  бойынша  іссапарға  берілген  өтемақылар 
жəне оларға қосылып берілетін үстемелер мен қосымша төлем-
дер; 
—  дала  жұмыстарымен  шұғылданатын  еңбеккерлердің  ала-
тын үлестері; 
— басқа жерлерге қызмет бабы бойынша ауысқан кезде ала-
тын өтемақы; 
—  тараптардың  келісімі  бойынша  өндірістік  мақсат  үшін 
жеке көлікті пайдаланған кезде төленетін өтемақы; 
—  арнайы  берілген  киімдер,  аяқ  киімдер,  алғашқы  медици-
налық көмектер, сабын, сүт т.б. құндылықтардың құны; 
— материалдық көмектер; 
— бір жолғы берілетін мақтау сыйлығы; 
— жалақыны кешіктіріп төлегені үшін жұмыс берушінің ең-
беккерлерге төлеген өсімі; 
—  еңбеккерлердің  мамандығын  көтеру  үшін  оқумен  байла-
нысты шығыстары; 
—  байқауда  жəне  басқа  да  жарыстарда  жүлделі  орындарды 
алғаны үшін төленетін ақшалай наградалар. 
Сыйлықты жəне басқа да ынталандыру сипатындағы төлем-
дерді  есептеген  кезде  нақты  уақыты  бойынша  алынған  жала-
қысы емес, тоқсандық, жартыжылдық, жылдық табыстары алы-
нады,  сондай-ақ  материалдық  мақтау  кезінде  де 1/3, 1/6, 1/12 
мөлшері бойынша есептелінеді, ал айлық сыйлықтар сол айлық 
деңгейінде беріледі. 
Уақытша еңбекке жарамсыз күндеріне төленетін төлем. Жұ-
мыс  беруші 1999 жылы 11 маусымда  Қазақстан  Республикасы 
Үкіметінің  № 731 қаулысымен  бекітілген  «Жұмыс  берушінің 
есебінен  əлеуметтік  қамтамасыз  ету  бойынша  жəрдемақыны 
төлеу  мен  тағайындау  туралы»  нұсқау  талаптарына  сəйкес,  ең-
бекке  уақытша  жарамсыз  күндері  бойынша  əлеуметтік  жəрде-
мақыны еңбеккерлерге төлеуге міндетті. Ал олардың қатарына: 
— жалпы ауруы бойынша; 
— жұмыста мертігуі жəне кəсіби сырқаты үшін; 
— тұрмыстық зақым; 
— жүктілік жəне босану жатады. 
Еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша берілетін жəр-
демақы мына жағдайда төленбейді: 

 
37
— қылмыс жасау кезінде алған зақымына; 
— сот шешімі бойынша анықталған, мəжбүрлі түрде емдел-
ген уақытына; 
— алкогольдің, есірткінің, улы заттардың салдарынан алған 
зақымдарына. 
Сонымен, еңбекке уақытша жарамсыз мерзім бойынша бері-
летін жəрдемақыны есептеу орташа айлық жалақыдан алынады, 
бірақ  орташа  айлық  жалақы  он  есе  еселенген  АЕК-тің  деңгейі-
нен аспауы керек. 
Жүктілік  жəне  босану  бойынша,  сондай-ақ  перзентханадан 
тікелей  баланы  асырап  алған  əйелдерге  берілетін  жəрдемақы 
жүктілігі  жəне босануы  бойынша берілген  демалысының  бары-
сында, баланың туған күнінен  бастап 56 күн  өткенше  төленеді, 
егер  де  əйелдер  екі  жəне  одан  да  көп  бала  тапса,  онда  жəр-
демақы 140 күнге төленеді. 
Жеке  еңбек  шартын  бұзу.  Жұмыс  беруші  келесі  себептер 
бойынша  еңбек  қатынасын  тоқтатқан  жағдайда  орташа  айлық 
жалақының мөлшерінде өтемақы төлеуі тиіс: 
—  заңды  тұлға  жойылған  кезде,  жұмыс  беруші  өз  қызметін 
тоқтатқан кезде (жеке тұлға) (Еңбек туралы заңның 26-б., 1-т.); 
—  еңбеккерлердің  штатын  немесе  санын  қысқартқан  кезде 
(Еңбек туралы заңның 26-б., 2-т.); 
— үш күннің ішінде ұсынған құжаты бойынша еңбеккерлер 
əскер  қатарына  шақырылған  кезде  (Еңбек  туралы  заңының 30-
б., 1-т.). 
Демалысқа  шыққанда  төленетін  төлем.  Белгіленген  тəртіп 
бойынша  жыл  сайын  жұмыс  орнын  сақтай  отырып  жəне  еңбек 
шарты бойынша əрбір жұмыс істеуші ақылы демалысқа шығуға 
құқылы.  Еңбек  демалысына  шығуға  барлық  қызметкерлердің 
құқы бар, олардың арасында жеке келісім-шарт жасалса да, жа-
салмаса да. Мұндай заң құқығы Еңбек туралы заңның 12-б., 5-т. 
қарастырылған. 
Еңбек  демалысының  ұзақтығы  əртүрлі  болады,  егер  де  ең-
беккер бірінші жыл жұмыс істеп жатса, онда оған демалыс 12 ай 
өткен  соң  беріледі.  Демалысқа  шығатын  күніне  мереке  күндері 
қосылмайды, яғни еңбеккерлердің демалыс күні 24 жұмыс күні-

 
38
не тең болса, бірақ ол арада 1 мейрам күні болатын болса, онда 
қызметкердің 25 күн демалуына болады. 
Демалысқа  шығу  кезінде  оның  алдын  ала  жасалып  қойған 
кезектілігі  сақталады.  Демалыс  аванс  ретінде  келесі  қызмет  ка-
тегориясына бөлінеді: 
— Ұлы Отан соғысына қатысушыларға; 
—  орта  жəне  бастауыш  оқу  орындарының  мұғалімдеріне, 
сондай-ақ жоғары оқу орнының оқытушыларына; 
—  екі  жəне  одан  да  көп  балалы  əйелдерге (14 жасқа  жəне 
мүгедектердің 18 жасқа дейін балалары бар болса); 
— медициналық қорытындының негізінде емделуге берілген 
жолдамасы бар еңбеккерлерге. 
Еңбек стажын есептеудің тəртібі Еңбек туралы заңның 61-
бабына сəйкес жүргізіледі, ал ол өзіне келесі кезеңдерді енгізеді: 
— есепті жылдың барысында нақты істеген уақыты; 
—  заңсыз  жұмыстан  шығарылған,  жұмыссыз  жүрген  күн-
дері; 
— уақытша жұмысқа жарамсыз, яғни емдеуде жүрген уақы-
ты. 
Қызметкерлермен  еңбекақысының  төлемі  бойынша  есеп 
айырысу  есебі 3350 «Қысқамерзімді  еңбекақы  бойынша  бере-
шек» шотында жүргізіледі. Бұл — пассивтік шот. 
Еңбекақыны  есептегенде 3350 шоты  кредиттеледі  де,  мына 
шоттар дебеттеледі: 
— 2930 шоты «Аяқталмаған құрылыс» күрделі құрылыспен 
шұғылданатын жəне сонда жұмыс істейтін қызметкерлердің ең-
бек төлемінің сомаларына; 
— 7110 шоты «Тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату 
жөніндегі  шығындар»  өнім  өткізумен,  жұмыстар  мен  қызмет 
көрсетулерді  жүзеге  асырумен  шұғылданатын  қызметкерлерге 
есептелген еңбек төлемінің сомаларына; 
— 7210 шоты  «Жалпы  жəне  əкімшілік  шығындар»  жалпы 
шаруашылық  жəне  əкімшілік-басқармашылық  қызметкерлеріне 
есептелген еңбек төлемінің сомаларына; 
— 8010.4 шоты «Өндірістегі жұмысшылардың еңбекақысы» 
негізгі  өндірістегі  жұмысшыларға  есептелген  еңбек  төлемінің 
сомаларына; 

 
39
— 8030 шоты  «Қызметкерлердің  еңбекақысы»  қосалқы  өн-
дірістердің  қызметкерлеріне  есептелген  еңбек  төлемінің  сома-
ларына; 
— 7210 шоты  «Қызметкерлердің  еңбекақысы»  цехтағы 
(жалпы  өндірістегі)  қызметкерлерге  есептелген  төлемнің  сома-
ларына. 
Жалақыдан ұстау 3350 шотының дебетінен мына шоттардың 
кредитіне  жазылады: 3310, 3390, 3120, 3220, 1010, 1040, 1070, 
1250, 1280, 3540. 
Демалыс  ақысын  төлеуге  құрылған  резервтер.  Қызметкер-
лердің  демалыс  ақысы  бойынша  есеп  айырысу  есебі 5300 «Ре-
зервтер»  шотында  жүреді  (демалыс  ақысын  төлеудің  резерв-
тері).  Бұндай  резервтерді  құру  оларды  өндіріс  шығындарына 
жатқызудың  бірқалыптылығын  жəне  дұрыстығын  қамтамасыз 
етудің  жолы  болып  табылады.  Резервке  аударудың  пайызы 
демалыс  төлемдерінің  орташа  ұзақтығына  байланысты  болып 
келеді.  Резервті  құру  кезінде 5300 шоты  кредиттеліп,  мына 
шоттар  дебеттеледі: 1260, 7110, 7210, 7330, 7600, 8000. Ал 
демалысты  есептеген  кезде 5300 шоты  дебеттеліп, 3350 шоты 
кредиттеледі. 
Жұмысқа уақытша жарамсыздығы бойынша есептелген жəр-
демақылардың  жəне  əлеуметтік  сақтандыру  қаражаты  есебінен 
берілетін  басқа  да  төлемдердің  сомасы 3220 «Əлеуметтік  сақ-
тандыру  жəне  зейнетақымен  қамсыздандыру  бойынша  есеп 
айырысу» шотының дебеті жəне 3350 «Қысқамерзімді еңбекақы 
бойынша  берешек»  шоттарының  кредиті  бойынша  көрініс  та-
бады. 
Жеке  тұлғалардан  ұсталған  табыс  салығына 3350  шоты 
дебеттеліп, 3120 «Бюджетпен басқа да есеп айырысулар» шоты 
кредиттеледі. 
Еңбек төлемінен алынатын ұсталымдар мен шегерімдер 3350 
шоттардың  дебеті  бойынша  көрініс  табады  жəне  мына  шоттар-
дың  кредитіне  жазылады: 1250 «Жұмысшылардың  қысқамер-
зімді  дебиторлық  қарызы»  шотында — есеп  беруге  тиісті  тұл-
ғалардан  ұсталған  сомалар;  жетіспеушіліктер;  ысыраптар  мен 
ұрлық-қарлықтар; несиеге алынған тауарлар т.б. көрсетіледі. 

 
40
Қызметкерлерге аванс ретінде жəне өткен ай үшін түпкілікті 
есеп  айырысу  ретінде  төленген  еңбек  төлемінің  сомалары 1010 
жəне 1040 шоттарының кредитінен 3350  шоттарының дебетіне 
көшіріледі. 
Ағымдағы айдың еңбек төлемі бойынша есеп айырысу үшін 
жəне  жұмыс  істеп  жүрген  адамның  өткен  кезеңдердегі  жала-
қысы  туралы  мəліметтер  алу  үшін  бухгалтерия  əрбір  қызмет-
керге дербес шот немесе есептік бет толтырады. Дербес шот не-
месе  есептік  бет  өткен  кезеңдердегі  еңбек  төлемі  туралы  мəлі-
меттер,  өндірімдер  мен  орындалған  жұмыстардың  жəне  тө-
лемнің  əр  алуан  түрлеріне  арналған  құжаттардың  негізінде  қа-
лыптасады. 
Жалақыдан ұсталатын ұсталымдар. Жұмыс беруші еңбеккер-
лердің  жалақысынан  əрекет  етіп  тұрған  заңға  сəйкес  əр  түрлі 
ұсталымдар  жасайды:  міндетті  зейнеткерлік  жарнасын  жинақ 
таушы  зейнетақы  қорға  аударады,  жеке  табыс  салығын,  атқару 
парақтары  (сот  үкімінің  қағаздары  бойынша),  сондай-ақ  еңбек-
керлердің  өз  өтініші  бойынша  ұсталымдар  жасалады,  сонымен 
қоса  олардың  (еңбеккерлердің)  келісімінсіз:  қайтарылмаған 
аванстар,  жұмыстан  шыққанда  істемей  кеткен  уақыты  үшін, 
əкелген зияндары үшін т.б. ұсталымдар ұсталады. 
Табыс салығын ұстау. Салықтар ұлттық табыстың бір бөлігі 
болып  табылады.  Салықтар  арқылы  жинақталған  қаражат  жал-
пымемлекеттік  мұқтаждарға  жұмсалады.  Қызметкерлердің  са-
лық  салынатын  табысынан  тек  жеке  тұлғалардан  Салық  Ко-
дексінің      бабы  бойынша  көрсетілген  ұсталымдар  тұтас  ұста-
лады. 
Жеке табыс салығын ұстаған кезде 3350 шоттары дебеттеліп, 
3140 шоты кредиттеледі. 
Жеке табыс салығын ұстау 2007 жылдың 1 қаңтарынан бас-
тап    Қазақстан  Республикасының  «Салықтар  жəне  бюджетке 
міндетті  басқа  төлемдер  туралы»  Кодексінің  негізінде  жүргізі-
леді. Табыс салығы есептелген  жеке тұлға табысына 10 пайыз-
дық мөлшерде салынады. 
Қазақстан Республикасының «Салықтар жəне бюджетке мін-
детті  басқа  төлемдер  туралы»  Кодексі  бойынша  табыс  салы-
ғының салық объектісіне жылдық жиынтық табыс пен қарасты-

 
41
рылған  шегерулер  арасындағы  айырмашылық  ретінде  есептел-
ген салық табысы жатады. 
Салықты  ұстап,  бюджетке  аудару  жауапкершілігін  табыс 
төлеуші жеке жəне заңды тұлға арқалайды. Табыс төлеуші жеке 
жəне  заңды  тұлға  салық,  соған  байланысты  айыппұл  мен  өсі-
мақы төлеуге міндетті. 
Жинақтаушы  зейнетақы  қорға  міндетті  зейнеткерлік  жарна 
еңбеккерлердің  жалақысынан,  сыйлығынан,  қосымша  төлемде-
рінен, үстемесінен жəне басқа да табысынан 10 пайыз мөлшерде 
ұсталады жəне оны жұмыс беруші аталған қорға аударады. 
Əлеуметтік салықты төлеу ай сайын айдың екінші жартысы 
үшін  еңбекақы  төлемімен  белгіленген  мерзімде  жүргізіледі, 
алайда  ол  еңбекақы  мөлшерінің 15 еселік  жылдық  есептік 
көрсеткішінен  жоғары  деңгейде  көтерілген  жағдайда  ұста-
лынған мөлшеріне қатысты. 
Есептік  кезең  үшін  мемлекеттік  кəсіпорындар  есептеген 
салық  сомасы  Салық  Кодексінің 320-бабына  сəйкес,  уақытша 
жұмысқа жарамсыздық бойынша, жүктілік жəне туу  (бала  табу,   
босану) бойынша Қазақстан Республикасының Əлеуметтік  жəр-
демақы  жөніндегі  заңына  орай  төленген  сомаға  кемітіледі. 
Əлеуметтік  салық  бойынша  бюджетпен  нақты  есеп  айырысу 
есеп беру кезеңі күнтізбедегі бір ай болып табылады. 
Еңбекақы  бойынша  қызметкермен  есеп  айырысудың  синте-
тикалық  есебі 3350 «Қысқамерзімді  еңбекақы  бойынша  бере-
шек» пассивтік шотта жүргізіледі: 
Жалпы  шаруашылық  жəне  əкімшілік  басқару  қызметкерле-
ріне  (лауазымды  қызметтегі  тұлғалардан  басқасы)  есептелетін 
еңбекақы сомасына арналған 7210 «Əкімшілік шығындары». 
Еңбекақы төлемі 3350 дебет шоты бойынша жəне 1010 кре-
дит шоты бойынша көрініс тапқан. 
Демалыс төлемақысының резерв есебі. Жұмыс жоспары шо-
тына  қызметкер  демалысының  төлемі  бойынша  қызметкер-
лермен есеп айырысу есебі үшін 5300 «Қызметкерлерге демалыс 
бойынша есептелген берешек» шоты енгізіледі. 
Демалыс  төлемінің  жəне  бір  жылдық  сіңірген  еңбегі  үшін 
жыл  сайынғы  сыйақының  резервін  құрау  өндіріс  шығындары 
мен  басқа  шығындар  шотында  өндіріс  жүмысшылары  жəне 
инженерлік-техникалық қызметкерлердің жеке топтарына дема-

 
42
лыс  төлем  шығындары  мен  бір  жылда  сіңірген  еңбегі  үшін 
төленетін  сыйақы  дұрыс,  əрі  бірқалыпты  жүргізіледі.  Демалыс 
төлемінің  резервіне  есептелетін  пайыз  қызметкерлер  демалы-
сының орташа ұзақтығына байланысты болады. 
Жылдық  түгендеу  (инвентаризация).  Демалыс  төлем  ре-
зервінің  дұрыс  құрылуы  жəне  пайдаланылуын  тексеру  аса  қа-
жет. Түгендеу кезінде қызметкерге заңда қарастырылған кезекті 
(жыл  сайынғы)  жəне  қосымша  демалыстарына  арналған  ре-
зервтік қордан пайдаланылмаған демалыс күндері, қызметкердің 
еңбекақысына  кететін  шығынның  орташа  күндік  сомасы  (орта-
ша  еңбекақының  есеп  айырысудың  белгіленген  əдісін  ескеру 
арқылы) жəне міндетті аудармалар арқылы нақтылануы керек. 
Есептік  кезеңнің  желтоқсанында  есеп  айырысудың  түген-
деуімен  бекітілген  сомадан  нақты  есептелген  резервті  арттыру 
жағдайында  өндіріс  шығындарының  шоты  бойынша  сұрыптау 
жазуы  жүргізіледі,  ал  жеткізбей  есептелген  жағдайда  өндіріс 
шығындарына қосымша аударуды қосу бойынша қосымша жазу 
жазылады. 
Жинақтаушы  зейнетақы  қорына  аударымды  ұстау 3350 
дебет шоты жəне 5310 «Жинақтаушы зейнетақы қоры бойынша 
есеп айырысу» кредит шоты бойынша жүзеге асырылады. 
Кəсіпорынның  қаражат  есебінен  уақытша  еңбекке  жарам-
сыздық бойынша жəне басқа төлемақылар бойынша есептелетін 
жəрдемақы сомасы 3350 «Қысқамерзімді еңбекақы бойынша бе-
решек»  дебет  шоты  жəне  кредит 5300 шоты  бойынша  жүзеге 
асырылады. 
Жеке табыс салығын ұстау 3350, 3120 дебет шоттары бойын-
ша  жəне 3220 «Бюджетпен  басқа  есеп  айырысулар»  кредит 
шоты бойынша көрініс табады. 
Еңбекақыдан ұстау жəне шегеру 3350  дебет шоты бойынша 
жəне  3390, 3540, 4170, 4430  кредит шоттары бойынша көрініс 
табады. 
1250 «Қызметкер жəне басқа тұлғалардың берешегі» — ұста-
лынған есеп берушілік сомасы; жетіспеу, яғни кем шығушылық 
(недостачи);  шығындар  мен  талан-тараж;  несиеге  алынған 
тауарлар жəне т.б. 
1010 «Кассадағы  ұлттық  валюта  түріндегі  қолма-қол  ақша-
лар»  жəне 1040 «Есеп  айырысу  шотындағы  ақша»  кредит 

 
43
шотындағы 3350  шоттар дебеті — қызметкерге аванспен төлен-
ген жəне біткен айдың аяққы (түпкілікті) есеп айырысудағы ең-
бекақы сомасына қатысты. 
Депоненттелген  еңбекақы  сомасы 3390 «Басқалар»  кредит 
шотына 3350 ішкі шот (субъект) дебетіне аударылады. 
5300  кредит  шоттары  бойынша  журналдық-ордерлік  фор-
масы  шартындағы  операциялар  № 10 журнал-ордерінде,  ал  
кредит 3350 шоты  бойынша  № 9 журнал-ордерінде  көрініс  та-
бады. 
Еңбекақы  бойынша  қызметкермен  есеп  айырысудың  анали-
тикалық  есебі  машинограммдағы  қызметкердің  аты-жөні  мен 
табельдік нөмірі бойынша жəне негізінде бөлімшелер бойынша 
«Жиынтықты  есеп  айырысу  тізімі»  жасалатын  еңбекақы  кіта-
бында жүргізіледі. 
 
Каталог: repository -> history
history -> Салқынбай А. Б. Көккөзова М. Б
history -> Бабаев С. Б., Оңалбек Ж. К
history -> М. Мұхамедов, Б. Сатершинов, Б. Сырымбетұлы
history -> Қанапия Ғабдуллина
history -> М. Б. Әмірханов ¤. Д. Сандықбаева
history -> А 82 «Жеті жарғы» мемлекет жəне құқық ескерткіші
history -> Булгакова Д. А
history -> Лекциялар курсы Редакциясын басқарған тарих ғылымдарының докторы, профессор Қ. С. Қаражан Алматы
history -> Оқулық Алматы 2006 мазмұНЫ
history -> Е. Б. Бизнес этикасы. Анкара, Йепа, 1997; Профессиональная этика сотрудников правоохранительных органов. М: Щит и меч, 1998

жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет