«Ақ жол» партиясы Шығыс Қазақстан облысындағы радиоактивті залалдарды жою жөніндегі хаттамалық шешімдердің орындалуын талап етеді



жүктеу 1.06 Mb.
Pdf просмотр
бет1/16
Дата14.09.2017
өлшемі1.06 Mb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

* * *
 
 
«Ақ  жол»  партиясы  Шығыс  Қазақстан  облысындағы 
радиоактивті  залалдарды  жою  жөніндегі  хаттамалық 
шешімдердің орындалуын талап етеді
 
 
2012  жылғы  5  қыркүйек,  Қазақстанның  «Ақ  жол» 
Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
 
 
«Ақ жол» партиясы Шығыс Қазақстан облысындағы радио-
активті  залалдарды  жою  жөніндегі  хаттамалық  шешімдердің 
орын-далуын  талап  етеді  –
 
бұл  туралы  тиісті  хат  Қоршаған 
ортаны қорғау министрлігіне жолданды.
 
 
Аталған  мəселені  шешуде  жəрдем  көрсету  туралы  ШҚО 
жұртшылығынан фракция жетекшісі Азат Перуашевтың атына хат түскен 
болатын.
 
Ондағы  ақпарат  бойынша,
 
Өскемен  қаласы  мен  ШҚО 
аумағындағы  радиоактивті  залалдарды  жою  мəселесі  бойынша  хатта-
малар  шешімі  орындалмауда.
 
Осы  жылдың  28
 
наурызы  күні  Өскемен 
қаласында  Үкімет  басшысының  бірінші
 
орынбасары  С.Ахметов  ҚР 
Қоршаған  ортаны  қорғау  министрлігіне  (əрі  қарай  –
 
ҚОҚМ)
 
ҚР  Қаржы 
министрлігімен  бірлесе  отырып  Өскемен  қаласы  мен  ШҚО  аумағында 
анықталған радиоактивті ластану ошақтарын жою бой-ынша жобаларды 
2013-2015
 
жылдарға  арналған  республикалық  бюд-жет  есебінен 
қаржыландыру 
мүмкіндігін 
қарастыруды,
 
сондай-ақ 
Өскемен 
қаласындағы 
тұрғын 
үй 
құрылысы 
аймақтарында 
анықталған 
радиоактивті  ластану  ошақтарын  қатерсіздендіру  үшін  берілген 
бюджеттік  тапсырысты  қолдауды  тапсырған.
 
Сонымен  қатар  хат  ав-
торлары  «ҚОҚМ  маңызды  экологиялық  мəселені  əлі  құрылмаған  Атом 
энергетикасы  бойынша  агенттіктің  мойнына  жүктеуге  тырысу-да»
 
деген 
алаңдаушылықтарын  білдіріп  отыр.
 
Сондай-ақ,
 
хатта  ШҚО  əкімдігімен 
аталған мəселе  бойынша  бюджеттік
 
тапсырыстың дайын-далып,
 
ҚОҚМ-
не  тапсырылғандығы  айтылған.
 
Алайда,
 
ҚОҚМ  бүгінгі  күнге  дейін 
республикалық 
бюджет 
комиссиясының 
қарауына 
тапсы-рысты 
енгізбепті.
 
 
«29  тамыз  күні  болған  «Ядролық  сынақтарға  тыйым  салудан  – 
ядролық  қарусыз  əлемге»
 
атты  соңғы  халықаралық  конференцияда 
Мемлекет  басшысы  Н.Назарбаевпен  экологиялық  қауіпсіздік  жəне 
азаматтарымызды  ядролық  сынақтар  мен  радиоактивті  ластанулардың 
зардабынан  қорғау  мəселесі  тағы  да  өзекті  түрде  көтерілді»,  -
 
деп 
А.Перуашевтың атынан ҚОҚМ-не жолданған хатта атап көрсетілді.
 
 
17
 

ҚР  Парламенті  Мəжілісінде  таяу  уақытта  республикалық 
бюд-жет  жобасының  қаралуы  жоспарланып  отырғандығына 
байланысты,
 
«Ақ  жол»  партиясының  парламенттік  фракциясы 
Министрліктен аталған мəселе
 
бойынша атқарылған жұмыстар 
туралы толық ақпарат сұратты.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
18
 

* * *
 
 
«Ақ  жол»  партиясының  Орталық  кеңесінің  кезекті 
пленумы болып өтті
 
 
2012  жылғы  7  қыркүйек,  Қазақстанның  «Ақ  жол» 
Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
 
 
Бүгінгі  өткен  партияның  Орталық  кеңесінің  пленумында  «Ақ 
жол»
 
партиясының  парламенттік  фракциясы  қызметінің  негізгі 
бағыттары  бекітілді.
 
Пленум  парламенттік  каникул  кезіндегі 
депутаттардың 
аймақтарға 
жасаған 
сапарларын 
жəне 
сайлаушылар-мен 
өткізген 
кездесулерін 
қорытындылады.
 
Фракция  аппаратының  жетекшісі  Айгүл  Рупатовның  хабарлап 
өткеніндей,
 
депутаттар  барлық  аймақтарда  70-тен  астам 
кездесулер  өткізіп,  14
 
мыңнан  астам  сайлаушылармен  жүздесті.
 
Ал қоғамдық қабылдау бөлмелерінің көмегіне 163
 
адам жүгінді.
 
 
Пленум фракция депутаттарына партия тұғырнамасын іске асыруға 
бағытталған,
 
сондай-ақ  əлеуметтік  жаңғырту  тапсырмалары-нан 
туындайтын бірқатар заң жобалары туралы бастама көтеруді тап-сырды.
 
Жоспарланып  отырған  осындай  заң  жобаларының  тізімінде  азаматтық 
қызмет,
 
ШОБ-ты  қолдау,
 
аз  қамтылғандарды  əлеуметтік  қорғау  туралы 
жəне т.б.
 
заңдар бар.
 
Сонымен қатар пленумда сы-байлас жемқорлыққа 
қарсы тұру,
 
жастар үшін əлеуметтік саты-ларды қалыптастыру,
 
өнеркəсіп 
үшін  мамандар  дайындау,
 
жастар  арасындағы  жұмыссыздықты  азайту 
мəселелері қызу талқыланды.
 
 
Сондай-ақ  биліктің  қоғам  алдындағы  ашықтығы,
 
басқарудың 
президенттік-парламенттік 
нысанына 
өту 
мəселелері 
талқыланды.
 
Депутаттық  бастама  көтеру  құқығын  кеңейтуге,
 
үкіметтің  заң  жо-баларын  депуттардың  кері  қайтару  құқығына,
 
парламенттік тек-серуге,
 
парламенттік оппозицияның мəртебесіне 
қатысты  парла-мент  палаталарының  регламентіне  ұсыныстар 
енгізу туралы шешім қабылданды.
 
 
Облыстық  филиалдардың  ұсыныстары  бойынша,
 
Пленум 
партияның орталық кеңесін бірқатар жаңа мүшелермен толықтырды.
 
 
Пленум 
партияның 
Оңтүстік 
Қазақстан 
облыстық 
филиалының төрағасы, «Су ресурстары –
 
Маркетинг»
 
АҚ-ның бас 
директоры  (Шымкент)  Анарбек  Орманды  партия  төрағасының 
оңтүстік аймақ бойынша орынбасары қызметіне сайлады.
 
 
19
 

Сондай-ақ,
 
Орталық  кеңес  мүшелері  депутат  А.Рысқалидың 
төңірегінде  туындаған  жағдайды  талқылады.
 
Партияның  Атырау 
облыстық  филиалының  өкілдері  арқылы  депутатқа  «Ақ  жол»
 
ҚДП-
ның  Орталық  кеңесінің  мүшелерімен  кездесіп,
 
өзінің  ұстанымын 
білдіру үшін шақырту жіберілді.
 
Азат Перуашевтің айтып өткеніндей,
 
«Ақ  жол»  партиясының  80  емес,  тек  қана  8  депутаты  бар,  сондықтан 
Парламенттегі  əрбір  депутаттық  дауыстың  біз  үшін  маңызы  үлкен,
 
əсіресе,
 
біздің  қазір  ғана  айтып  өткен  маңызды  заңдар  мен 
мəселелерді  талқылау  кезінде.
 
Жəне  біздің  əрбір  депутаттық 
мандатымыз партия мүддесіне қызмет етуі тиіс».
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
20
 

* * *
 
 
«Ақ
 
жол»  партиясының  пленумы  Мəжіліс  депутаты 
Аман-жан  Рысқалидың  орнын  алмастыратын  депутатты 
бекітті,
 
оның ізбасары болып Талғат Ерғалиев сайланды
 
 
2012  жылғы  15  қыркүйек,  Қазақстанның  «Ақ  жол» 
Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
 
 
Бүгін  өткен  «Ақ  жол»
 
партиясының  Орталық  кеңесінің 
плену-мы Мəжіліс депутаты Аманжан Рысқалидан келіп түскен 
өтінішті қарастырды жəне талқылаудан кейін оның депутаттық 
мандатын Талғат Ерғалиевке беру туралы шешім қабылдады.
 
 
Өзінің  өтінішінде  А.Рысқали  осындай  шешімді  қабылдауға 
моральдық-этикалық  ой-пікір  мен  туындаған  қоғамдық 
резонанстың  негіз  болғандығын,
 
бірақ  партия  мүшесі  болып 
қала беретіндігін айтқан.
 
 
Итернет  алмастырушы  Талғат  Ерғалиев  –  45
 
жаста,  «Ақ 
жол»
 
партиясының  Орталық  кеңесінің  аймақтық  саясат 
жөніндегі 
хат-шысы,
 
Ақмола 
облысының 
Қорғалжын 
ауданынан шыққан кəсіпкер.
 
 
Аталған  мəселе  бойынша  сөз  алған  Азат  Перуашев  тағы  да 
А.Рысқалиға  қатысты жағдайға  баға  беруде  қауесет пен  біреудің 
пікіріне  емес,
 
ресми  ақпаратқа  сүйенуге  шақырды.
 
Сонымен 
қатар,
 
бірқатар  комментаторлар  адамға  əр  түрлі  заң 
бұзушылықтарға қатысты алдын ала кінə тағып,
 
тек этика туралы 
емес,
 
сондай-ақ кінəсіздік презумпциясы туралы ұмытуда.
 
 
«Аманжан  Рысқали  біздің  əріптесіміз,  берген  өтінішіне 
сəйкес ол партия мүшесі болып қала береді.
 
Біз оған амандық-
саулық тілейміз»
 
- деді партия төрағасы.
 
 
Партия  төрағасы  əріптестерін  депутаттардың  орын  алмасуы  ту-
ралы  жағдайға  таң  қаларлық  оқиға  ретінде  қарамауға  шақырды.
 
Ол 
осы  жылғы  15
 
қаңтардағы  сайлаудан  кейін  партия  депутаттарының 
тізімін  бекіту  кезінде,
 
Орталық  кеңестің  Парламенттегі  «Ақ  жол»
 
партиясының  өкілдерін  алмастырып  тұруды  ұсынғандығын  еске  са-
лып өтті. «8
 
мандатқа ие бола отырып,
 
біз əріптестеріміздің біразына 
өздерінің  ойларын  жүзеге  асыру  үшін  мүмкіндік  беруге  тиіспіз,
 
со-
нымен
 
қатар  мұндай  тəсіл  қазіргі  депутаттардың  жай  отырмай,
 
депутаттық өкілеттіктерін белсенді түрде пайдалануға ынталандыра-
тын болады», -
 
деп атап өтті ол.
 
 
21
 

Осыған байланысты Азат Перуашев парламенттік сеесиялардың 
қорытындылары  бойынша  алдағы  уақытта  да  ротация  жүргізуді 
жалғастыруды  ұсынды.
 
Сондай-ақ,  «Ақ  жол»
 
партиясының  төрағасы 
мұндай  тəсілді  өзге  де  партиялардың  қабылдауларына  болады  деп 
есептейді.  «Ауыс-түйіс  депутаттардың  Парламенттегі  5
 
жыл  ішінде 
біртіндеп əдеттегі шенеуніктердің біріне айналмай,
 
халыққа бір табан 
жақын болуларына мүмкіндік береді», -
 
деп санайды Азат Перуашев.
 
 
Босаған 
депутаттық 
мандат 
төңірегіндегі 
пікірталасты 
қорытындылай  келе,
 
А.Перуашев  2004-2005
 
жылдардағы  жағдайды 
еске  салды.
 
Сол  кезде  партияға  берілген  Парламенттегі  бір  орын 
үшін бірнеше айға созылған дауласу нəтижесінде «Ақ жол»
 
партиясы 
жікке  бөліну  мен  ұйым  дағдарысын  бастан  өткерген  еді.  «Өзіміздің 
қателеріміздің  негізінде  сабақ  алатын  уақыт  жетті  –
 
деді  партия 
төрағасы,  -
 
сонымен  бірге  біз  жеке  мүдделерімізді  алға  қоймай,
 
сайлаушылардың  партия  алдында  қойған  тапсырмаларын  негізге 
алып,
 
жұмыс істеуге тиістіміз».
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
22
 

* * *
 
 
Мемлекеттік  органдармен  жүргізіліп  жатқан  алименттер 
көлемін  қайта  есептеу  мыңдаған  тастанды  балалардың  заңды 
мүдделерінің бұзылуына əкеліп соқты – «Ақ жол»
 
партиясы
 
 
2012  жылғы  19  қыркүйек,  Қазақстанның  «Ақ  жол» 
Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
 
 
Мемлекеттік  органдармен  жүргізіліп  жатқан  алименттер  көлемін 
қайта  есептеу  мыңдаған  тастанды  балалардың  заңды  мүдделерінің 
бұзылуына  əкеліп  соқты  –
 
бұл  туралы  Е.Никитинская  бүгінгі 
Мəжілістің  пленарлық  отырысында  «Ақ  жол»
 
партиясының  атынан 
жария етілген депутаттық сауалда айтып өтті.
 
 
Депутаттық  сауалда  атап  өтілгендей,
 
балалардың  өмірін 
жақсарту 
үшін 
əлеуметтік 
қорғау 
саласындағы 
бірқатар 
бағдарламалардың іске асырылуымен қатар,
 
бүгінгі күнге  дейін  ата-
анасының  бірі  тастап  кеткен,
 
мүшелері  толық  емес  отбасылардағы 
балалардың құқығын қорғау мəселесі тым осалдық танытып тұр.
 
Бұл 
жағдай  осындай  балаларға  заңмен  алимент  төлету  шарасының 
қарастырылғандығына қарамастан орын алуда.
 
 
Мəселен,
 
биылғы  жылға  дейін,  «Атқарушы  өндіріс
 
туралы»
 
ҚРЗ 
99-бабының  3
 
тармағына  сəйкес  алиментті  төлеуден  жалтарған 
жағдайдағы борыш сомасы балаларды тастап кеткен ата-ананың
 
 
тұрғылықты  аймағындағы  орташа  еңбекақы  мөлшерінің 
негізінде  анықталып  келді.
 
Ел  бойынша  орташа  алғандағы 
аймақтар
 
бойынша  орташа  айлық  еңбекақы  мөлшері  бүгінгі  күні  105
 
мың  теңгені  (Статистика  агенттігінің  мəліметтері)
 
құрайтындығын 
есепке алсақ,
 
бір балаға айына шамамен
 
26
 
мың теңгеден келді.
 
 
Алайда,
 
былтырғы жылы ҚР «Неке (ерлі-зайыптылық)
 
жəне отба-сы 
туралы»
 
кодексі қабылданғаннан кейін,
 
қаңтар айынан бастап али-
 
 
мент бойынша борыш мөлшері айлық еңбекақының ең аз мөлшері
 
негізінде анықтала бастады.
 
Бұл айына
 
бір балаға есептелетін
 
 
соманың бұрынғы 26
 
мыңнан 4
 
мың теңгеге дейін төмендеуіне
 
 
əкеліп соқты.
 
 
«Ақ
 
жол»  партиясының  депутаттарының  атына  хабарласқан 
азаматтардың  ақпараттары  бойынша,
 
бүгінгі  күні  шынайы  мақсаты 
жауапсыз  ата-аналардың  борыштары  бойынша  берешекті  жауапты 
мемлекеттік  органдардың  алдамшы  түрде  «статистиканы  жақсарту 
үшін»
 
формальды  «төмендетуі»
 
болып  табылатын  алименттер 
мөлшерлерін жаппай қайта есептеу жүруде.
 
 
23
 

«Ақжолдықтар» 
мұндай  тəсілдің  жауапсыз  ата-аналардың 
əлеуметтік жауапсыздығының өршуіне жол беретіндігіне,
 
тастап кет-
кен балаларына  берілетін төлемдерді тез арада азайту мақсатында 
оларды еңбек қызметінен жалтаруға итермелейтіндігіне сенімді.
 
 
«Бірқатар  жағдайларда  жауапсыз  ата-аналар  өздерінің  тастап 
кет-кен  балаларына  қарыз  болмай,
 
керісінше,
 
ата-анасының  көзі 
тірісінде жетім қалған балалардың қайта есептеу нəтижесінде тастап 
кеткен  ата-аналарына  «қарыз»
 
болып  қалулары  мүмкін.
 
Осындай 
жағдайға тап болған балалар үшін,
 
бəлкім бұл аспан айналып жерге 
түскенмен бірдей шығар», -
 
деп атап өтті депутат Е.Никитинская.
 
 
«Ақ 
жол» 
партиясының 
парламенттік 
фракциясы 
мемлекеттің 
əлеуметтік 
саясатындағы 
мұндай 
бұрмалауларға  жол  беруге  болмайды  деп  есептейді  жəне 
Еңбек  жəне  əлеуметтік  қорғау  министрлігінен  айтылған 
мəселеге  жан-жақты  зерттеу  жүргізуді  жəне  қажет  жағдайда,
 
тастанды  балалардың  мүддесін  қорғау  үшін  заңнамаға 
өзгерістер мен толықтырулар енгізуді та-лап етеді.
 
 
«Ақ жол» партиясының депутаттары кез келген жағдайда 
депутаттық  бастамышлдық  құқын  пайдалана  отырып,
 
заңнамаға тиісті өзгерістерді дайындайтындарын мəлімдеді.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
24
 

* * *
 
 
Іле-Алатауы  ұлттық  қорығында  орын  алған  жан 
түршігерлік  оқиға  кезіндегі  көптеген  адамдардың  қаза 
табуына  өткен  жылы  аңшылық  шаруашылықтардағы 
қорықшыларды  қарусыздандыру  жағдайы  себеп  болуы 
мүмкін – «Ақ жол»
 
пар-тиясы
 
 
2012  жылғы  19  қыркүйек,  Қазақстанның  «Ақ  жол» 
Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
 
 
Іле-Алатауы ұлттық қорығында орын алған жан түршігерлік 
оқиға кезіндегі көптеген адамдардың қаза табуына өткен жылы 
аңшылық 
шаруашылықтардағы 
қорықшыларды 
қарусыздандыру  жағдайы  себеп  болуы  мүмкін  –
 
бұл  туралы 
«Ақ  жол»
 
партиясының  депутаты  Меруерт  Қазбекова  бүгінгі 
жарияланған депутаттық сауал-да айтып өтті.
 
 
«Аңшылық  шаруашылықтардың  құрамында  көбіне  қарапайым 
жергілікті  тұрғындар  еңбек  етеді.
 
Олар
 
керек-жарақпен  аңшылық 
шаруашылықтың  өз  есебінен  қамтамасыз  етіледі.
 
Егер  бұл  жабдықтар 
əдеттегі бұзақылармен күресуге жеткілікті болып жатса,
 
ал дайын-далып 
келген  заң  бұзушылар  барлық  техникалық  құрал-жабдықтар  жөнінен,
 
бəрінен  бұрын  қарулану  жағынан,
 
қорықшылардан  басым  түседі»  -
 
деп 
депутаттық сауалда атап өтілген.
 
 
Партия  атына  аңшылық  шаруашылықтардан  түсіп  жатқан 
хаттарға сəйкес,
 
жағдай былтырғы жылдан бері ушығып отыр.
 
Себебі  2011
 
жылдың  1
 
шілдесіндегі  Үкіметтің  №751
 
қаулысымен қорықшылардың иір ойықты мылтық пен тапанша 
ұстауларына тый-ым салынған.
 
 
Нəтижесінде,
 
қылмыстық  элементтермен  қақтығысып  қалған 
жағдайда,
 
аңшылық  шаруашылықтардың  қызметкерлері,
 
шындығын 
айтқанда,
 
олардың іс-əрекетін тоқтата алмайды,
 
ал кей кезде өздерін 
қорғауға  қауқарсыз.
 
Бұған  жақында  ғана  Іле-Алатауы  ұлттық 
қорығында  болған  қайғылы  оқиғалар  дəлел.
 
Онда  12
 
кісі  жаппай 
адам өлтіру əрекеттерінің құрбанына айналған болатын.
 
 
«БАҚ  хабарламалары  бойынша,  Іле-Алатауы  қорығындағы 
құрбан болғандардың көбісі жарып-кесу нəтижесінде өлтірілген.
 
Яғни,
 
жақыннан  қақтығысу  кезінде  болған.
 
Бізге  хабарласқан  аңшылық 
шаруашылықтардың  пікірінше,
 
бұл  қайғылы  оқиғада  ең  ал-дымен 
қорықшыларды жақыннан қақтығысу кезінде барынша тиімді
 
 
25
 

қару саналатын тапаншаларды ұстау құқығынан айыру елеулі 
рөл атқарған», -
 
деп атап өтті М.Қазбекова.
 
 
«Ақ  жол»  партиясының  депутаттары  қорықшылардың  жеке 
қауіпсіздігін  қамтамасыз  ету  жəне  заң  бұзушылармен  күресті 
жақсарту  мақсатында  аңшылық  шарушылықтардың  иір  ойықты 
мылтық  пен  тапанша  ұстауына  салынған  тыйымды  алып  тастау,
 
сондай-ақ  жалпы  алғанда  аңшылық  шаруашылықтар  мен  қорық 
қызметтеріне басқа да керекті көмекті көрсету қажет деп санайды.
 
 
«Ақ  жол»  партиясының  фракциясы
 
сайлаушылардың 
өтініштері бойынша жұмыстарын жалғастыруда.
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
26
 

* * *
 
 
Азат Перуашев:
 
отандық көлік жолдарында қазақстан-
дықтарға  қарсы  жарияланбаған  соғыс  жүруде,
 
оның 
құрбандарының саны Ауған соғысындағы Кеңес əскерінің 
шығынынан екі есе көп
 
 
2012  жылғы  19  қыркүйек,  Қазақстанның  «Ақ  жол» 
Демократиялық партиясының баспасөз қызметі.
 
 
Отандық  көлік  жолдарында  қазақстандықтарға  қарсы 
жарияланбаған  соғыс  жүруде,
 
оның  құрбандарының  саны 
Ауған соғысындағы Кеңес əскерінің шығынынан екі есе көп –
 
бұл  ту-ралы  Азат  Перуашев  бүгінгі  Мəжілістің  пленарлық 
отырысын-да  «Ақ  жол»
 
партиясы  фракциясының  атынан 
жарияланған депутаттық сауалда айтып өтті.
 
 
«Əңгіме  көптеген  адам  өліміне  себепші,  жиі  болатын  ірі  жол-
көлік оқиғалары туралы болып отыр.
 
Ресми мəліметтер бойынша,
 
соңғы 10
 
жыл ішінде біздің елімізде жол-көлік оқиғаларынан бала-
ларды  қоса  алғанда  32
 
мыңнан  астам  адам  көз  жұмған;  166
 
мыңнан астамы жарақаттар алып,
 
мертіккен.
 
 
Жол-көлік  оқиғаларынан  қаза  тапқан  қазақстандықтардың 
саны  Ауған  соғысындағы  Кеңес  əскерінің  шығынынан  екі  еседен 
астам  көп,
 
салыстырсақ:
 
онда  осындай  уақыт  аралығында  (10
 
жыл)
 
əскери əрекеттерден 14
 
мыңдай адам көз жұмған.
 
 
Сонда  Қазақстан  жолдарында  көптеген  адамдардың 
өліміне  алып  келіп  жатқан  күнделікті  тоқтаусыз  майдан  жүріп 
жатыр деп айтуға болады» -
 
деп атап өтті депутат жəне келесі 
мəліметтерді мысалға келтірді:
 
 
Жол-көлік  оқиғаларынан  қаза  тапқандардың  едəуір  үлесі 
республикалық  жəне  халықаралық
 
маңызы  бар  жолдарға 
келеді.
 
Мəселен,  2011
 
жылы  жол-көлік  оқиғаларынан  2707
 
адамның 1113-і немесе 41 %-ы осындай жолдарда қаза тапқан.
 
 
Олардың  арасында  еліміздегі  екі  ірі  мегаполисті  ғана 
емес,
 
сондай-ақ  Қазақстанның  солтүстігі  мен  оңтүстігін,
 
бізбен  көршілес  мемлекеттерді  байланыстырушы  жалғыз 
жол  болып  табылатын  республикалық  маңызы  бар 

Каталог: uploads -> library
uploads -> Нұржан Қуантайұлы алаш Орда баспасөзі және жүсіпбек аймауытұЛЫ
uploads -> Жансүгіров атындағы жму хабаршысы №4 /2012
uploads -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі
uploads -> Л т т ы о а м д ы – с а я с и ж у р н а л журнал 1976 жылы Халықтар Достығы орденімен, 2002 жылы Қазақстан Журналистика Академиясының «Алтын Жұлдыз», 2008 жылы Қазақстан Журналистер Одағының сыйлығымен марапатталды
uploads -> Өмірбаяны Ол қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданы жерінде 1897
uploads -> Филология кафедрасы
uploads -> Облыстық «Жылдың үздік мұғалімі -2014» байқауының ережесі
uploads -> 46-ғылыми-әдiстемелiк конференция материалдары
library -> Қазақстанның «Ақ жол» Демократиялық партиясы Ақылдастар алқасы: Азат Перуашев

жүктеу 1.06 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет