А. Ж. Касаева ш. Есенов атындағы кмтжИУ, Ақтау, Маңғыстау облысы, Қазақстан



жүктеу 52.94 Kb.
Pdf просмотр
Дата21.05.2017
өлшемі52.94 Kb.
#9718

«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

113 


УДК 378.075. 8:53 

 

А.Ж. КАСАЕВА 

 

Ш.Есенов атындағы КМТжИУ, Ақтау, Маңғыстау облысы, Қазақстан 

 

FLASH – ТЕХНОЛОГИЯЛАР НЕГІЗІН ОҚУ ҮРДІСІНДЕ ҚОЛДАНУ 

 

 

Педагогикалық  және  әдістемелік  әдебиеттерде  білім  беруде  ақпараттық  технологияларды 

қолданудың бірнеше бағыттары көрсетілген. Олардың ішінде оқу үрдісінде  келесі негізгі төртеуінің 

қажеттілігі басым: 

-

 

Компьютерді білімді бақылау құралы ретінде пайдалану



-

 

Жаңа  материалды  түсіндіруде  иллюстративті  құрал  ретінде  мультимедиа-



технологиялар; 

-

 



Компьютерлік модельдеуді қолдану арқылы зертханалық практикумдар жүргізу; 

-

 



Өз бетімен білім жетілдіруде дербес компьютерді қолдану. 

  Оқытушы  жұмысында  білімді  бақылау  үшін  тақырыптық  тесттер  қолданылады.  Ол  үшін 

компакт-дискілердегі  оқыту  программалары  мен  Интернеттен  алынған  тестілік  программалар 

қолданылуы мүмкін. Бұдан басқа тесттер генераторы деп аталатын арнайы компьютерлік программа 

арқылы пән оқытушысы тест сұрақтарын өзі құрып, компьютерге енгізе алады.  

Жаңа  ақпараттық  технологиялар  оқу  материалын  иллюстрациялау  кезінде  пайдаланылады 

(мысалы, анимацияланған слайд-фильмдер). Бұл қажет жағдайда меңгерілетін процесті динамикалық 

түрде  демонстрациялауға  мүмкіндік  береді.  Компьютер  арқылы  сондай-ақ,  дыбыстық  және 

видеофрагменттерді  демонстрациялауға  болады.  Қазіргі  кезде  көптеген  мектеп  оқытушылары  өз 

сабақтарын осылайша жүзеге асыруға тырысуда. 

Соңғы  кезде  зерттеушілер,  оқытушылар  дербес  компьютерге  әр  түрлі  процестерді  модельдеу 

құралы  ретінде  назар  аудара  бастады.  Компьютер  көмегімен  физикалық  құбылыстарды,  химиялық 

реакцияларды,  өндірістік  немесе  экономикалық  процестерді,  т.б.  модельдеуге  болады.  Әрине,  егер 

шын мәнінде нақты тәжірибе жасау мүмкіндігі бар болса, компьютерлік модельдеуді қолданып керегі 

жоқ. Ал, модельдеуде мультимедиалық технологияларды маңызы зор.  

Оқытудың  қазіргі  кездегі  ақпараттық  технологиялары  –  қазіргі  оқыту  технологиясын 

интерактивті  программалық-әдістемелік  сүйемелдеумен  қамтамасыз    ететін  компьютерлік  техника, 

телекоммуникациялық  байланыс  құралдары,  аспаптық  програмалық  құралдар  жиыны  болып 

табылады. 

Қазіргі  кезде  ақпараттандырылған  қоғам  қажеттіліктерін  қанағаттандыру  үшін  мына 

мәселелерді  шешу  керек:  компьютерлік  техника  кабинеттерін  жетілдірілген  жаңа  құралдармен 

қажетті  деңгейде  жабдықтау,  толықтыру  және  бағдарламалық  жабдықтамалар  пакетімен 

қамтамасыздандыру. 

Ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде пайдаланудың ғылыми-педагогикалық, әдістемелік 

негіздері әлі қалыптасу үстінде. Оқытудың қазіргі кездегі ақпараттық технологиялары – қазіргі оқыту 

технологиясын  интерактивті  программалық-әдістемелік  сүйемелдеумен  қамтамасыз  ететін 

компьютерлк техника, телекоммуникациялық байланыс құралдары, инструменталдық программалық 

құралдар жиыны болып табылады. Осы ақпараттық технологияларды оқу үрдісінде жүзеге асыруда 

мұғалімдер  үшін  кейбір  мәселелер  туындайды,  яғни  мұғалімнің  күнделікті  сабаққа  дайындығына 

немесе  сабақтан  тыс  қосымша  білім  алу  түрлерінде  осы  аталған  ақпараттық  технологиялар 

құралдарының  және  жабдықтамалардың  жеткіліксіз  болуында.  Бағдарламалық  жабдықтамалар 

ақпараттық  компьютерлік  технологияның  қолдауымен  оқыту  істерінің  кез  келген  түрлерін  жүзеге 

асыруда қолданылады. 


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

114 


Қазіргі  кезде  осындай  бағдарламалық  жабдықтамалар  түрлері  баршылық.  Олар 

интерфейстерімен  және  жұмыс  істеу  принциптерімен  ерекшеленуі  мүмкін,  бірақ  сол 

жабдықтамаларды  оларды  оқу  үрдісін  қолдайтын  мүмкіндіктер  біріктіреді.  Осындай 

бағдарламалардың негізгі қызметтеріне мыналарды жатқызуға болады: 

1)

 

жаңа материалды түсіндіру мүмкіндігі; 



2)

 

білімді бақылауды тестілеу түрінде ұйымдастыру; 



3)

 

қарастырылатын оқу материалын демонстрациялау. 



Әрине,  осы  аталған  бағдарламалық  жабдықтамалардың  қызметтерін  пайдалану  және  оны 

жүзеге  асыру  пән  мұғалімдері  үшін  неғұрлым  қарапайым  болуы  тиіс.  Сәйкесінше,  тестілік 

тапсырмаларды жеңілдететін және сабаққа қажетті материалдарды дайындау технологиялары болуы 

керек. 


Осы  аталған  бағдарламалық  жабдықтамалардың  бірі  –  Macromedia  Flash  MX  бағдарламасы. 

Macromedia Flash MX – Macromedia компаниясы өңдеген WEB-сайттар мен презентацияларды құруға 

бағытталған  интерактивті  анимацияны  құратын  интегралданған  орта.  Векторлық  графикаға 

бағытталған  flash-бағдарламасының  негізгі  өңдеу  құралы  мультимедияның  барлық  негізгі 

элементтерін: қозғалыс, дыбыс және обьектілердің интерактивтілігін пайдалануды қамтамасыз етеді.    

Flash MX бағдарламасының мынадай жұмыстарда: 

1)

 

сурет – сызба салу өнерінде; 



2)

 

анимациялық әр түрлерін құруда; 



3)

 

интерактивті анимация үшін басқару элементтерін (батырмалар, мәзір және т.б.) жасауда; 



4)

 

жұмыс кезінде  Action Script сценарийлер тілін кең пайдалану



5)

 

Flash-фильмдерді, роликтерді құрастыруда; 



6)

 

WEB-парақтар мен презентацияларды құруда пайдаланылады. 



 Flash-тің басқа графикалық сайттар құратын бағдарламалар пакеттерінен айырмашылығы: 

 



векторлық графиканы және анимация қолдану

 



осы бағдарламалық жабдықтамалардың ішінде бағдарламалау мүмкіндіктерін қолдану.  

Мультимедиялық оқыту фильмдерін (нақтырақ айтқанда, электрондық оқулықтарды) құрудағы 

Macromedia Flash бағдарламасының мүмкіндіктері қуатты болып келеді. Мысалға алатын болсақ, ҚР 

тұтынушылардың  ақпараттық  теңсіздігін  төмендету  бағдарламасы  бойынша  халықты  компьютерлік 

сауаттылыққа оқыту  жөніндегі оқу әдістемелік құралдары, осы Macromedia Flash бағдарламасының 

ортасында  жасалған.  Осындай  фильмдердің  роликтерін  құруға  көп  уақыт  жұмсалады,  бірақ  оған 

қарамастан  нәтижесінде  әр  түрлі  әрекеттерді  демонстрациялайтын  интерактивті  құралдары  құруға 

болады.  Flash-роликтер  сабақтың  мазмұнын  анимациялауға,  оқу  материалын  «жандандыруға»  әсер 

етеді. Сонымен қатар мұғалімге осы ортаның ішінде Action Script тіліне негізделген қарапайым тест 

жобасын құруды ұсынады. 

Мультимедиа  дегеніміз  -  мәтін,  кескіндер,  видеокадрлар,  анимациялық  объектілер,  дыбыстар, 

музыка,  т.б.  қамтитын  құжаттарды  бір  уақытта  интерактивті  бағдарлама  ретінде  бейнелейтін  жаңа 

ақпараттық технология. Электрондық оқулықтар, оқу құралдары, анықтамалық жүйелер мультимедиа 

жүйесі негізінде жасалады. Алғашында мультимедиа технологиялар тек оқыту әдістері мен білімнің 

дәстүрлі формалары шеңберінде жеке мәселелерді шешуде ғана қолданылады. Қазірде дәстүрлі оқу-

әдістемелік құралдармен салыстырғанда компьютерлік оқулықтар жаңа мүмкіндіктер тудырады. Ал, 

көптеген әдеттегі білім беру әдістерінің келесі жағдайларда сапасы артуда: 

-

 



Меңгерілетін объектілер мен процестердің модельдерімен жұмыс істеу мүмкіндіктері (соның 

ішінде  практикада  танысуы  күрделі  процестер),  меңгерілетін  объектілерді  көрнекі  бейнелеу  және 

олардың  үш  өлшемді  виртуальды  образдарымен  интерактивті  әрекетте  болу,  тамаша  ақпараттық 

материалдардың  репродукциялары  (картина,  қолжазба,  видеофрагмент,  дыбыс  жазбалары  және 

басқалары); 

-

 



Ақпараттық  іздеудің  және  оған  оңай  енудің  үлкен  мүмкіндіктері  (гипермәтін,  гипермедиа, 

меңзегіш, сөз бойынша ізду және т.б.); 

-

 

Прогрессивті  психология-педагогикалық  әдістемелерді  тиімді  жүзеге  асыру  үшін  жағдайлар 



жасайды  (оқытудың  ойын  және  жарыс  формалары,тәжірибе  жасау,  виртуальды  шындыққа  енгізу 

және т.б). 



«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

115 


Жаңа  компьютерлік  мультимедиа  оқулықтары  тек  жеке  педагогикалық  мәселелерді  шешетін 

құрал қызметін ғана атқармайды, сонымен бірге дидактика мен әдістеменің дамуына ықпал етеді, сол 

арқылы оқытудың жаңа прогрессивті формаларын құруға мүмкіндік жасайды. 

Мультимедиа  нарығында  қазірде  жаппай  қолданылатын  технология  Flash  болып  отыр. 

Ағылшын  тілінен  аударғанда  flash-  жарқыл,  «жылдам  кадр»  деген  мағына  береді.  Flash  -  бұл  XXI 

ғасырдың  революциялық  технологиясы  болашақ  технологиясы.  Ол  анимацияланған  векторлық 

графиканы  дыбыстық  түрде  құрып  қана  қоймай,  оны  экспорттауға,  импорттауға  мүмкіндік  береді. 

Бұл  программа  көмегімен  дыбыспен  қамтылған,  анимацияланған  мәтіндер  мен  графиканы 

бейнелейтін  сайт,  роликтер,  сонымен  бірге  әр  түрлі  кейіпкерлері  бар  мультфильмдер  дайындауға 

болады. Анимация- бұл объектіні қозғалысқа келтіру. Анимацияланған объектілерді, роликтерді оқу 

процесінде қолданудың маңызы зор, бұл оқушылардың қызығушылығын туғызады.  

Физика  бiзді  қоршаған  ортаны,  яғни  табиғатта  болып  жататын  құбылыстар  мен  заңдарды 

түсінуге мүмкіндік береді. Соның ішінде «Атомдық физика» бөлімі оқушыларда бізді қоршаған орта 

туралы  терең  түсінік  қалыптастырады,  өйткені  әлемдегі  барлық  заттар  атомдардан  тұрады.  

«Атомдық  физика»  бөлімін  зерттеу  арқылы  қиын  пәндерді  түсінуге  жол  ашылады,  физикалық 

бағыттағы  жоғары  оқу  орындарына  түсетін  оқушылар  алдағы  уақытта  бұл  бөлімді  меңгеруге  қайта 

оралатын болады.  

Атомдық  физика  оқушылардың  түсінігінде  күрделi  бөлімдердің  бірі  болып  табылады  және 

сабақ берудегі басты күрделiлiк- көрнекiлiктiң жоқтығы.  

Оқытудың күрделiлiгi атомдық физика бойынша нақты тәжiрибелердiң көрсетудің шектелуімен 

сипатталады.  Оның  себебі:  көптеген  тәжірибелер  адам  ағзасына  зиянды  әсер  етуі  мүмкін.  Және 

мектептердiң  барлығы  дерлік  қандай  да  бір  жайсыз  оқиғаларды  болдырмау  мақсатында  сақтық 

шараларын жүргізбеуінде. Сондықтан бұл бөлімді түсіндіруде анимацияларды қолдану тиімді.  

«Атомдық  физика»  тарауын    оқыту  атом    құрылысынан  бастау  алады.  Мұғалiм  оқушыларға 

атомның  ашылу  тарихын  түсіндіріп,  оның  құрылысы  мен  құрылымы  туралы  қалыптасқан  әр  түрлi 

көзқарастармен  таныстырады.  Атомның  оң  зарядталған  ядро  мен  оны  орбита  бойымен  айналатын 

теріс  зарядталған  электрондардан  тұратынын  түсіндіру  барысында  «атом  құрылысы»  моделін 

енгізіледі. Анимацияны екі түрлі жолмен көрсетуге болады: 

 

бiрiншiден, модельді қосқан кезде сөзбен еріп отыру



 

екiншiден, ұғымның бекiтілуi үшiн модельдің өзін ғана көрсету.  



Бұл  анимацияны  атом  ядросының    құрылысын  оқу  кезінде  де  көрсетуге  болады.  Осы  кезде 

оқушыларға  нуклон  дегеніміз  не  және  атом  не  себепті    бейтарап  екендігі  түсінікті  болады.  Бұл 

тақырып  атомдық  физиканы  оқытудың  негiзiн  қалаушы  болып  табылады,  сондықтан  атом  туралы 

компьютерлік модель оқушыларға жоғары деңгейде түсінікті болуға тиіс. 

Келесі  сабақта  ядродағы  нуклондардың  байланыс  энергиясы  қарастырылады,  яғни  меншiктi 

байланыс  энергиясы  деген  шама  енгiзiледi.  Одан  әрі  қарай  мұғалiм  ядроның  байланыс  энергиясын 

мәнін түсiндiру үшiн  синтездеу және ядроның бөлiнуі тақырыптарын  талдайды. Синтез және бөлiну 

көрнекiлiгі үшін тиісті анимацияларды кезекпен қосады. Анимациялар қарапайым модель мысалында 

синтездің  қалай  жүргізілуі  керектігін  және  ең  соңында  шығатын    ядроның  бөлiнуін  көрсетеді.  Екi 

анимацияның  көрсетілуi  кезінде  мұғалiм  түсiнiктермен  бiрге  айтып  тұруы    керек.  Келесі  кезекте 

радиоактивтілiк  ыдырау  ұғымы  енгiзіліп,  мұғалiм  альфа,  бета  ыдырауға  және  гамма-сәулеленуге 

анықтама  бередi. Мұғалiм  альфа  ыдырау  кезінде гелий  атомы,  ал  бета-ыдырау  кезінде  электрондар 

ағыны  түзілетіндігін  айтып  өтуі  тиіс.  Оқушылар  одан  әрi  шатаспас  үшін,  бекітіп  айту  керек  және 

«радиоактивтілiк» анимациясы қосылады.  

 «Радиоактивтiлік» 

тақырыбынан  кейін  «радиоактивтiк  ыдырау  заңы»  тақырыбы 

қарастырылып, жартылай  ыдырау  периоды  ұғымы  енгiзiледi.  Сонымен бiрге  радиоактивтiк ыдырау 

заңының формулалары жазылып, түсіндіріледі. 

  «Ядролық  реактор»  тақырыбын  оқу  кезінде  видео  бөліміндегі  дыбысты  анимацияны  қосуға 

болады.  Осы  арқылы  ядролық  реактордың  жұмыс  принципі  туралы  оқушыларға  көрнекi  түсінік 

бередi. 

Біз  қарастырған  бөлімдегі  жалпылау  және білімді жүйелеу  сабақтарында  оқушыларда  өтілген 

материалдың толық картинасы көз алдарында тұру үшін барлық анимациялар қайтадан көрсетіледі. 


«Қоғамды ақпараттандыру»  III Халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

116 


Қайтадан  көрсету  барысында  анимацияларды  тоқтатып,  оқушылардан  көрсетілген  құбылысты 

түсіндіруін сұрауға да болады. 

Сондай  ақ  игерiлген  бағдарлама  өзіндік  оқу  үшiн  де  қолданыла  алады.  Әрбiр  анимация 

оқушының түсiнігін жеңiлдету үшін теориялық материалға ие. 

Пәнді  оқуға  қызығушылық  көбінесе  сабақтың  өткізілуіне  байланысты  болады.  Сабақта 

компьютерлік техниканы қолдану сабақты көлемді, жарқын және қызықты етіп көрсетеді. 

Педагогикалық  тұрғыдан  алғанда,  Flash  -  технологияларды  оқу  үрдісінде  қолдану 

компьютерлік  технологиялар  базасын  пайдалана  отырып,  оқыту  техникалық  құралдарын  құрумен 



өзара тең деп айтуға болады. 

 

Каталог: bitstream -> handle -> 123456789
123456789 -> №1 (74) 2010 Р. т саДыҚова мҰхтаР Әуезов ЖӘне халел ҒаббасовтыҢ Рухани-ӘРІптестІк баЙланысы
123456789 -> Мұхтар Әуезовтың "Хан Кене" трагедиясындағы Алашшылдық идеяның көріністері
123456789 -> Абайдың инновациялық Ұлы жаңалығы а.Қ. Омаров
123456789 -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
123456789 -> Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰу хабаршысы н б. аҒалиева ШӘкӘРІм өлеҢДеРІнДегІ лиРикалыҚ кеЙІпкеР
123456789 -> Ш. айдарбекова ж. Аймауытұлы әҢгімелеріндегі кейіпкерлер жүйесі мен сюжеттік арналар

жүктеу 52.94 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет