А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова



жүктеу 0.66 Mb.

бет7/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Қайырмасы:   

 

51 


Біз дәуірдің мөлдіреген аспаны едік 

Бәріміз бір өмір жолын бастап едік 

Армандастар қайда, абзал достар қайда 

Замандастар, қарлығаштар қайда екен 

 

Ән тыңдайық: 

 

Нұрғали Нүсіпжановтың орындауында Әсет Бейсеуовтың «Армандастар» әнін тыңдап көрелік.  

 

Біліп ал!  

 

Әсет  Бейсеуов  –  (1938-1996)  композитор.  Алматы  облысы,  Жамбыл  ауданында  дүниеге  келген. 

Қазақстанның халық  әртісі.  Қазақ  эстрада  музыкасының дамуына зор үлес қосқан. Әсет Бейсеуовтің 

«Шақырады  көктем»,  «Мұңайма»,  «Алтыным»,  «Маралдым»,  «Жұлдызым»,  «Армандастар»  т.б. 

көптеген  туындылары  қазақ  ән  өнерінің  алтын  қорына  енді.  Ол  С.Балғабаевтың  «Қыз  жиырмаға 

келгенде», А.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс» сынды спектакльдер мен «Көр тышқан мен қоян» кино 

фильміне,  «Алдар  көсе»,  «Жаздың  соңғы  күні»  т.б.  телефильмдерге  музыка  жазды.  Көптеген  ән 

жинақтары жарық көрген.   

 

Білесің бе? 

 

Нұрғали Нүсіпжанов – (1937) әнші. Талдықорған облысында дүниеге келген. Қазақстанның халық 

әртісі.  Қазақ  эстрада  жанрының  қалыптасуына  зор  үлесін  қосқан.  Н.Нүсіпжановтың  ән  қорында 

қазақтың халық әндері «Алқоңыр», «Япурай», «Дедімай-ау» және қазақ композиторларының «Кешікпей 

келем  деп  ең»,  «Маржан  қыз»,  «Маралдым»,  «Көп  қарадым  суретіңе»,  «Сағындым  еркем»  сынды 

көптеген әндері бар. Концерттік сапармен көптеген шет мемлекеттерде Моңғолия, Франция, Ангола, 

Сирия, Югославия, Ауғанстан, Йемен, Португалия, Грекияда қазақ әнін насихаттап келеді.  

 

Сұрақтар:  

1.

 



Қандай тарихи әндерді білесің? 

2.

 



Ә.Бейсеуовтың «Армандастар» әні қалай туды?  

3.

 



«Армандастар» әнінің сөзі өзіңе қандай ой салды? 

 

Тапсырма:          

1.

 

«Армандастар әнін асқақтатқан Нұрғали Нүсіпжанов» тақырыбын оқып кел.  



2.

 

Домбырада «Сылқылдақ» күйінің  жаңа  буынын  жаттап кел.  



 

 

 

ЖАС ҚАЗАҚ ДЕП ЖЫРЛАҒАН РАМАЗАН ЕЛЕБАЕВ 

 

 

 

 

 

 

52 


В. Панфилов.  Гвардияшыл панфиловшылар ерлігі. 

 

Ұлы  отан  соғысы  жылдары  болатын.  Қан  майданда  жүрген  жауынгерлердің  көңілін  сергітіп, 

рухына жігер беру үшін Қазақстаннан он шақты өнер адамдары концерттік сапармен майданға аттанады. 

Сол  өнер  адамдарының  ішінде  әнші  Жүсіпбек  Елебеков  пен  жазушы  Ғабиден  Мұстафин  де  болатын. 

Қырғын  соғысқа  қарамастан  өнер  адамдары  күнделікті  концерттерін  беріп  жатады.  Қазақ 

жауынгерлерінің  арасында  Рамазан  Елебаев  та  бар  екен.  Рамазан  Елебаев  соғысқа  дейін  Алматыдағы 

М.Әуезов  атындағы  қазақ  драма  театрында  жұмыс  істеген,  өзінің  ән  шығаратын  да  өнері  болған.  Ол 

Жүсіпбек  Елебековтың  келгеніне  қатты  қуанып:  «Ой,  Жүсеке,  жақсы  келдің-ау.  Төлеген  Тоқтаровтың 

қазасына  арналған «Жас қабірдің қасында» деген әнім бар еді. Соны сізге үйретуім керек. Сол әнді елге 

алып кетуіңіз керек. Мен бір күні келем. Қазір асығып тұрмын», - деп кетіп қалған екен.  

Шығармашылық топ қайтатын күні Рамазан Елебаев 8 - гвардияның штабына әрең дегенде аяғына 

шаңғы  байлап,  бір  иығына  мылтығын,  бір  иығына  сырнайын  асқан  күйі  малақайын  оқ  тесіп  кеткеніне 

қарамастан үлгеріп келеді. Рамазан Елебаев әуенді бір-екі рет ойнап берісімен Жүсіпбек әнді қағып алып 

домбырасына  түсіреді.  Қоштасар  сәтте  Рамазан  Елебаев:  «Жүсеке,  бұл  әнді  елге  осы  қан  майданда 

жүрген  ер  жүрек  жауынгерлердің  атынан  сәлем  ретінде  жеткізсең  арманым  жоқ.  Екеуміздің  жанымыз 

жақын ғой. Жетпеген тұсын өзің толықтырарсың», - деп аманатын табыстайды.  

Поезға  мінгеннен  кейін  Жүсіпбек  Елебековтің  ойынан  әлгі  ән  кетпей  тұрып  алады.  Қсындағы 

жазушы  Ғабиден  Мұстафинге  осы  әнге  сөз  жазыңыз  деп  қолқалайды.  Сонда  Ғабиден  Мұстафин: 

«Ойпырмай, Жүсеке, мен қалай сөз жазам? Мен ақын емеспін ғой»,  - дейді. Сонда Жүсіпбек Елебеков: 

«Жоқ  ақын  болмасаңыз  да  жазасыз.  Өйткені  сіз  мына  қырғын  соғысты  көзіңізбен  көрдіңіз.  Сіз  жақсы 

жазуға  тиістісіз»,  -  дейді.  Сөйтіп,  Рамазан  Елебаевтың  әніне  Ғабиден  Мұстафин  жол  бойы  жеткенше 

сөзін жазып та үлгереді.  

Майданнан оралғаннан кейін Жүсіпбек Елебеков бір концертке шығайын деп тұрғанында жайсыз 

хабар  келеді.  Бір  адам  келіп:  «Жүсеке,  Рамазан  Елебаев  қан  майданда  қаза  тапты»,  -  дейді.  Сонда 

Жүсіпбек  Елебеков  екі  көзі  жасқа  толып  сахнаға  қалай  шығып  кеткенінде  сезбей  қалады.  Сахнаға 

шыққан  бойда  қолына  домбырасын  алып,  Рамазанның  аманат  етіп  кеткен  әнін  алғаш  рет  орындайды. 

Сөйтіп, бұл ән ел арасына «Жас қазақ» деген атпен тарап кетеді.  

Сол  заманнан  жеткен  Рамазан  Елебаевтың  «Жас  қазақ»  әнін  Мемлекеттік  хор  капелласы,  опера 

және эстрада әншілері орындап өмірін жалғастырып келеді.    

 

Ән тыңдайық



 

Жүсіпбек Елебековтің орындауында Рамазан Елебаевтың «Жас қазақ» әнін тыңдап көрелік! 

 

Біліп ал! 

 

Рамазан  Елебаев  –  (1910-1943)  композитор.  Ақмола  облысы,  Еңбекшілдер  ауданында  дүниеге 

келген. Р.Елебаев аз ғұмырында өнер үшін өз үлесін қосып кеткен. 1942 жылы майданға аттанады. Ол 

Панфилов  дивизиясының  атқыштар  полкінде  соғысқа  қатыса  жүріп,  әскер  қатарындағы  әнші-

өнерпаздардан  концерттік  бригада  ұйымдастырады.  Р.Елебаев  ерлікпен  қаза  тапқан  майдандас  досы 

Төлеген  Тоқтаровқа  арнап  «Жас  қазақ»  әнін  шығарған.  Сонымен  қатар,  композитордың  скрипка  мен 

фортепианоға  арналған  сюитасы,  «Талғар  полкінің  маршы»,  «Жиырма  сегіз  батыр»,  «23  полктің 

маршы» т.б. көптеген әндері бар. Ол Қызыл Ту орденімен және медальдармен марапатталған. 

 

Білесің бе? 

 

 

Жүсіпбек  Елебеков  –  (1904-1977)  әнші.  Қарағанды  облысы,  Қарқаралы 

ауданында  дүниеге  келген.  Қазақстанның  халық  әртісі.  Алғашқы  өнерге 

баулыған  әнші  Жақыпбек  Балғабайұлы.  Кейін  Ғаббас  Айтбаев,  Қали 

Байжанов,  Әміре  Қашаубаев,  Иса  Байзақовтармен  бірге  жүріп  өнерін 

ұштайды.  Жүсіпбек  -  Мәди,    Ақан  сері,  Біржан  сал,  Балуан  Шолақ,  Абай  

сынды  халық  композиторларының  әндерін  сақтап  бізге  жеткізуші.  Ол 

Қазақстан  композиторларының  әндерін  асқан  шеберлікпен  орындады. 

Гастрольдік  сапармен  Мәскеу,  Қытай,  Монғолия,  Үндістанда  қазақ  ән 

өнерін  насихаттаған.  Е.Брусиловскийдің  «Қыз  Жібек»  операсындағы 

Төлеген бейнесін сомдаған. Ол Ленин және «Құрмет белгісі» ордендерімен 

марапатталған.  


 

53 


 

Сұрақтар: 

 

1.

 



Жүсіпбек Елебеков пен Рамазан Елебаев қалай кездеседі? 

2.

 



Рамазан Елебаев Жүсіпбекке қандай аманат табыстайды? 

3.

 



«Жас қазақ» әнінің сөзін жазған кім? 

4.

 



Жүсіпбек «Жас қазақ» әнін орындағанда қандай сезімде болады? 

 

Тапсырма: 



 

1.

 



«Жас қазақ деп жырлаған Рамазан Елебаев» тақырыбын оқып кел.  

2.

 

Домбырада  «Сылқылдақ» күйінің  келесі  буынын  қайталап кел. 



  

 

ӘЛИЯНЫ ӘЛЕМГЕ ПАШ ЕТКЕН РОЗА РЫМБАЕВА 

 

 

 

 

 

Көшпелі  өмір  салтын құрған қазақ халқы қай заманнан болмасын баласын аттың үстінде,  жазық 

даланың төсінде тәрбиелеген емес пе?!  Дала заңына бағынған дархан  көңіл  ата-бабаларымыз қызы мен 

ұлын бірінен-бірін, бөлмей еркін тәрбиелеп өсірген. Сол себепті болар ұлан байтақ қазақ даласын жаудан 

қорғаған ер жүрек батырлар ана құрсағында тәрбиеленіп, халықтың мәңгілік жадында сақталар ұлы мен 

қызына айналып отырды. Халық  «Алып анадан туады», - деген емес пе? Иә, халқымызда небір даналар 

мен ойшылдар, өнегелі жыраулар, елдің еркесі сал-серілер мен ақындар жау жүрек батырлар ғасырдан-

ғасыр ұласып өтіп жатты. Асқан даналыққа тәрбиелеген ұлы Абайдың анасы Ұлжан, қайрат пен жігерін 

тасытқан  Құрманғазының  анасы  Алқа  болса,  халықтың  мақтанышына  айналған  аналарымыз  бен  қазақ 

қыздарын  аңыз етіп айтуға болады.  

 

Иә,  біз  әңгіме  еткелі  отырған  қазақтың  қайсар  қызы  Әлия  Молдағұлова  және  оның  батырлығын 



жыр еткен композитор Сейдолла Бәйтереков жөнінде болмақ. Композитор Сейдолла Бәйтереков - елі мен 

жерін  сүйген  нағыз  патриот  адам.  Оның  «Әлия»  атты  әнінің  дүниеге  келуінің  өзі  жәйдан-жәй  емес. 

Композитор  Ұлы  Отан  соғысы  аяқталған  кезең  1945  жылдың  10  мамырында  дүниеге  келген  екен. 

Сейдолла Бәйтерековтің дәл осы уақытта дүниеге келуі әннің тууына себеп болды дейді. 

 

1975  жылы  Ұлы  Отан  соғысының  30  жылдық  мерекесі  тойланады.  Композитор  Сейдолла 



Бәйтерековті  осы  үлкен  тарихи  оқиға  толғантпай  қоймайды.  Қан  майданда  қаза  тапқан  қазақ 

жауынгерлерінің  ерлігіне  арнап  бір  ән  шығармақ  ой  келеді.  Арада  бір  жыл  өтеді.  1976  жылы  Бәкір 



 

54 


Тәжібаевтің өлеңдер жинағы қолына түседі. Өзі іштей ізденіп толғанып жүрген Сейдолла сол жинақтың 

ішінен батыр қыз Әлияға арналған өлеңді көзі көреді. 19 жасар жас қыздың ерліктеріне таңқала отырып, 

көзіне  жас  алады.  Өзінің  ішкі  үніне  өлеңнің  мазмұны  да  сай  келеді.  Ақын  Бәкір  Тәжібаевпен  келісе 

отырып, өзінің ойында жүрген әуенге лайықтап «Әлия» әнін шығарады.  

        

 

 



 

Сол  кездері  жас  әнші  Роза  Рымбаеваны  әлі  халық 

тани  қоймаған  еді.  «Гүлдер»  ансамбілінің  жетекшісі 

Тасқын Оқапов «Әлия» әнін құлағы шалып, бұл әнді Роза 

Рымбаеваға ұсыну жайлы қолқа салады. Сөйтіп, осы әннің 

бағын                                               сынамақ үшін Роза 

Рымбаеваны  Москвада  өткен    Бүкілодақтық  әншілер 

сайысына  жібереді.  Қазақ  қызының  ерлігін  паш  еткен  ән 

жеңіске  жетеді.  19  жасар  сол  батыр  қыздың  өзі  айтып 

тұрғандай бұл ән өте әсерлі шығады. «Әлия» әнінің жеңісі 

мұнымен  тоқтамайды.  1978  жылы  «Әлия»  әнімен  Роза 

Рымбаева  Болгарияда  өткен  халықаралық  «Золотой 

орфей»  атты  әншілер  сайысында  бас  жүлдені  иеленеді. 

Қазақтың  батыр  қызы  Әлияның  ерлігі  әнші  Роза 

Рымбаеваны  өнер  майданында  да  жеңіске  жеткізеді. 

Сөйтіп, 


композитор 

Сейдолла 

Бәйтереков 

пен 


хылқымыздың  сүйікті  әншісі  Роза  Рымбаева  мыңдаған 

ұлттардың  ішінен  жарып  шығып,  қан  майданда  ерлікпен 

қаза 

тапқан 


қазақтың 

қаршадай 

қызы 

Әлия 


Молдағұлованың ерлігін тағы бір әлемге паш етеді. 

 

Ән тыңдайық: 

 

Роза Рымбаеваның орындауында Сейдолла Бәйтерековтің әні - «Әлия». 

 

Біліп ал!  

 

 

Сейдолла  Бәйтереков  –  (1945-1998)  композитор.  Шымкент  облысы, 

Кентау  қаласында  дүниеге  келген.  Қазақстанның  еңбек  сіңірген 

қайраткері.  С.Бәйтереклвтың  кино  және  мультфильмдерге,  театр 

спектакльдеріне, хорға арналған шығармалары бар. Ол Қадыр мырзалиев

Тұманбай Молдағалиев, Шөмішбай Сариев сынды көптеген ақындардың 

өлеңдеріне  әндер  жазған.  С.Бәйтерековтың  «Әлия»,  «Жан  досым», 

«Өмір-өмір»,  «Дос  туралы  жыр»  «Күнге  табыну»,  «Түркістан», 

«Кентауым»,  «Аралдан  ұшқан  аққулар»,  «Ақ  тілек»  т.б.  әндері  бар. 

С.Бәйтерековтың  әндерін  Р.Рымбаева,  Е.Хасанғалиев,  Е.Серкебаев  т.б. 

әншілердің ән қорынан орын алған.   

 

Білесің бе? 



 

 

55 


 

 

 

 

 

Роза  Рымбаева  –  (1957)  әнші.  Шығыс  Қазақстан  облысы,  Жарма  ауданында  дүниеге  келген. 

Қазақстанның халық әртісі. Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының иегері. Әнші халық әндері мен қазіргі 

заман    композиторларының  әндерін  орындайды.  1977  жылы  Болгарияда  өткен  эстрада  әртістерінің 

дәстүрлі халықтар байқауына Қазақ елінен тұңғыш рет қатысып, бас бәйге «Алтын орфей» жүлдесін 

жеңіп  алған.  Гастрольдік  сапармен  Болгария,  Венгрия,  Германия,  Куба,  Польша,  Чехословакия, 

Ауғанстан,  Америка,  Франция  т.б.  шет  мемлекеттерде  қазақ  әнін  паш  еткен.  Өнердегі  еңбегі  үшін 

«Парасат» орденімен марапатталған.             

 

Сұрақтар: 

 

1.



 

«Алып анадан туады» деген  сөзді қалай түсінесің? 

2.

 

«Әлия» әнінің дүниеге келуіне не себеп болды? 



3.

 

«Әлия» әнін алғаш сахнада орындаған кім? 



4.

 

Қазақтың қандай батыр қыздарын білесің?  



 

Тапсырма: 

 

1.

 



«Әлияны әлемге паш еткен Роза Рымбаева» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада  «Сылқылдақ» күйінің  үйренген  буындарын қосып орындап кел. 

 

 

 

 

СЫРЛЫ ӘНДЕРМЕН СЫР ШЕРТКЕН  

АЛТЫНБЕК ҚОРАЗБАЕВ 

 

 

 

 

56 


 

 

 

Өнер мен өнегеге толы Қызыл сай ауылында өскен Алтынбек Қоразбаев бала кезінен әртіс болуды 

армандаған. Кезінде сал деген атаққа ие болып, еліне танылған нағашыларының өнері жиендеріне дарыса 

керек.  Кішкентай  сары  баланың  бойындағы  зеректігін  ерекше  қабілетін  байқаған  нағашылары 

Алтынбекті өнерге баулиды. Жастайынан баланың өнерге деген талпынысын байқаған әкесі 1959 жылы 

Алтынбекке  патефон  сатып  алып  береді.  Патефонмен  қоса  Алтынбекке  қазақ  алыптарының  бірі  Кенен 

атаның әндері жазылған күйтабақты сыйға  тартады. Күйтабақтан төгілген әндерді күндіз-түні тыңдаған 

Алтынбек,  әншінің  өнеріне  әбден  тәнті  болады.  1974  жылы  Кенен  атаның  90  жылдығына  арнап  «Жүз 

жасаңыз, Кенен ата»  әнін сыйға тартады. Бұл әнді  тыңдаған Кенен абыз:  «Айналайын, балам, осы әнің 

ұрпаққа аманат болсын!», - деп батасын береді. Сонан бері Алтынбек өзін Кенен атаның шәкіртімін деп 

есептейді. Содан бастап Алтынбек Қоразбаев «өнер» деген ұлы жолға түседі.    

 

Алтынбек Қоразбаевтың тағы бір ерекшелігі - оның ақындығы. Әндерінің сөзін өзі жазғаныменен 

ақындарға  көрсетіп  ой  бөлісіп,  әбден  пісіріп  барып  орындайды.  80-ге  жуық  әндері  бар  Алтынбек 

Қоразбаев   еңбек етуден, үнемі ізденуден жалықпайды. Бұл күнде өзі баулыған шәкірттері де халыққа 

танымал болып, Алтынбек әндерін асқақтата шырқап, қаланы да даланы да әнмен тербеп келеді.  

 

Өзінің  әндері  жайлы  Алтынбек  Қоразбаев  былай  деп  баяндайды:  «1983  жылы  Болгарияға 

бардым.  Сол  барған  сапарда  елден  ұзақ  уақыт  шалғай  қалғанымда  елді,  жерді    Қызылсай  ауылымды 

қатты сағынып:  

 

 

 



Жұпар исің аңқыған 

Туған жерді сағындым, 

Әнмен жыры шалқыған 

Думанды елді сағындым. 

 

 

Жетелеген мың арман 



 

Бала кезді сағындым, 

 

Тал шабықтай бұралған 



 

 

 



 

Қара  көзді  сағындым,  -  деп  әнге  қостым.  Сондай  сапарлардың  бірінде 

даламды  да,  Алматыдай  әсем  қаламды  да  сағына  жүріп  шығарған  «Сағындым  Алматымды»  әнім.  Бұл 

әнім  бүкіл  Алматыға  келген  қазақ  жастарының  әні  болып  кеткендей.  Иә,  Алматы  қаласына  қалай  ән 

шығармасқа «Жер жәннәті жетісу» деген емес пе?! Сол сұлулыққа сән беріп, халқының бойына нәр беріп 


 

57 


тұрған  қасиетті  қала.  Ауылдан  оқу-білім  іздеп  келген  қазақ  жастарын  бауырына  басқан  бауырмал  қала 

емес пе? Бұл күнде осы «Сағындым Алматымды» әнім әлі күнге дейін халықтың жүрегінен орын тауып 

шырқалумен келеді».  

 

Иә,  қазақ  даласын  сұлу  да  әсем  әуенімен  өрнектеген  Алтынбек  Қоразбаевтың  «Сағындым 



Алматымды»  әні  биік  тұғырдан  түспей  қалықтап  келеді.  Бұл  ән  ұрпақтан-ұрпаққа  жалғасып,  өз 

тыңдарманын табуда.   

 

Ән тыңдайық:

  

 

«Музарт»  тобының  орындауында  Алтынбек  Қоразбаевтың  «Сағындым  Алматымды»  әнін 

тыңдап көрелік. 

 

Біліп ал!  

 

Алтынбек  Қоразбаев  –  (1948)  әнші-композитор.  Жамбыл  облысы,  Меркі  ауданында  дүниеге 

келген.  Қазақстанның  халық  әртісі.  Композитордың  көпшілікке  танымал  «Қара  кемпір»,  «Қара  шал», 

«Бозторғай», «Шашбаулым», «Сағындым Кенен атамды», «Ақмоншақты аруым» т.б. көптеген әндері 

бар. Қазақстан Мемлекеттік сыйлықтың иегері.  

 

Сұрақтар: 

 

1.

 



Алтынбек Қоразбаев өнер жолына қалай түседі? 

2.

 



Композитордың ерекшелігі неде? 

3.

 



«Сағындым Алматымды» әні қалай дүниеге келді? 

4.

 



Алтынбек Қоразбаевтың тағы қандай әндерін білесің? 

 

 



 

Тапсырма:  

1.

 



«Сырлы әндермен сыр шерткен Алтынбек Қоразбаев» тақырыбын оқып кел.  

2.

 



Домбырада Таттімбеттің  «Сылқылдақ» күйінің   үйренген буынын жаттап кел. 

 

   


 

 

 

 

ӨНЕРІН ӨНЕГЕ ЕТКЕН НҰРҒИСА ТІЛЕНДИЕВ 

 

 

 



 

58 


 

Композитор  Нұрғиса  Тілендиевті  білмейтін  қазақ  баласы  болар  ма?!  Ата-бабаларымыз  айтқан 

«Сегіз қырлы, бір сырлы» деген атау Нұрғиса ағамызға арналғандай. Нұрғиса Тілендиев -  күйші, ән мен 

күйді  қатар  шығара  білген  ғажап  сазгер.  Қазақтың  халық  өнерін  әлемге  танытуда  зор  үлесін  қосқан 

«Отырар сазы» фольклорлы-этнографиялық ансамбілің дирижері. Композитор атақты «Қыз Жібек» кино 

фильмін түсіргенде өзінің ғажайып күйімен аққуларды көлге қондырған қасиетті өнер иесі.  Ел аузында 

осы  бір  оқиға  жайлы  аңызға  айналған  бір  әңгімені  тыңдап  көрелік.  Әйгілі  «Қыз  Жібек»  кино  фильмі 

түсіріліп жатады. Төлеген мен Жібектің махаббатын бейнелейтіндей, көлде жүзген қос аққудың қосылып 

келіп  сырласқан  сәтін  түсірмек  болады.  Қос  аққуды  алып  келіп  көлге  жібереді.  Алайда  түрлі  жарық 

түсіретін  сәуле  аппараттары  мен  кино  камераларды  қосқанда  қос  аққу  үркіп  екі  жаққа  ұша  жөнеледі. 

Режиссер  не  істерін  білмей  әбігер  болады.  Сол  сәтте  Нұрғиса  ағаға  бір  ой  келеді.  Дыбыс  күшейтетін 

аппараттарды  алғызып  сол  жерде  «Аққу»  күйін  орындай  жөнеледі.  Күй  аяқталғанша  қос  аққу  күйдің 

сазына  елтіп  бір-біріне  сезім  сырын  ақтарғандай  жұптары  жазылмай  көлдің  бетінде  жүзіп  жүреді.  Осы 

сәтті  пайдаланып,  оператарлар  тез  арада  түсіріп  те  үлгереді.  Ал  режисер  Абдолла  Қарсақбаев  болса 

Нұрғиса ағаның мұндай ғажайып өнеріне тәнті болған екен.   

Осындай ғажап талант иесі Нұрғиса ағаның көптеген әндері халықтың ыстық ықыласына бөленіп, 

әлі  күнге  дейін  ауыздан  түспей  шырқалумен  келеді.  Сондай  әндерінің  бірі  «Әжеме»  атты  әнінің 

тарихына құлақ түрелік!   

                         

Иә, композитор Нұрғиса Тілендиевтің  «асыл әжем» деп шырқалатын әні  алыста қалған әжесінің 

ұлағатты  әңгімелерін  аңсаудан  туған  еді.  Нұрғиса  Тілендиев  осындай  терең  ойда  жүріп,  кеудесін  бір 

әдемі әуен кернейді. Бұл әуен жүрегінен орын тауып, бойын әбден билеп алғандай болады. Жүгіре басып 

көршісі Қадыр Мырзалиев ақынға барады. Үйіне ертіп келіп: «Маған бір әуен келді. Осы әуенді тыңдап 

көр.  Сосын  әже  туралы  өлең  жаз»,  -  дейді.  Нұрғиса  аға  әуенді  толғана  отырып  орындайды.  Сол  мезет 

Қадыр ақынның да көз алдына жайықта қалған әжесі оралады. Дәл жанында сары майды кертіп, шәйіна 

салып,  асықпай  ішіп  отырғандай  болады.  Кейбір  иірімдері  әжесінің  ұршықпен  қоса  уақытты  иіріп 

отырып,  әңгіме  айтқан  сәттерін  елестетеді.  Ақынның  жаны  сол  сәтте-ақ  әжеге  деген  сағыныш  жырын 

төгіп салады.    

Алтын әжем, асыл әжем аңсаған 

Сағынышым сары ормандай самсаған 

Әке болып жүргенімде ұмытып, 

Әлі күнге еркелеймін мен саған... 

дейтін Қадыр ақынның өлең жолдары Нұрғиса Тілендиевтің жүрегінен жарып шыққан әуенмен үндесіп, 

халықтың  да  жүрегінен  орын  табады.  Бұл  ән  ел  арасында  «Асыл  әжем»  деген  атпен  кеңінен  таралып 

кетеді.  

 

Ән тыңдайық: 

 

 



Нұрғиса Тілендиевтің «Әжеме» әнін Қарақат Әбілдинаның орындауында тыңдап көрелік! 

 

Біліп ал!  

 

 

 

Нұрғиса  Тілендиев  –  (1925-1998)  –  композитор,  дирижер,домбырашы. 

Алматы  облысы,  Іле  ауданында  дүниеге  келген.  Қазақстанның  халық 

әртісі.  Оркестрге  арналған  «Ата  толғауы»,  «Алтын  дән», 

«Махамбет», «Арман», «Аққу» т.б. поэмалары мен «Халық қуанышы», 

«Қайрат»,  «Жеңіс  салтанаты»  атты  увертюралары  бар.  400-ден 

астам  әндер  мен  романстардың  авторы.  50-ден  астам  драма 

спектакльдеріне,  19  көркем  фильмге,  17  мультфильмге,  14  деректі 

хроникалық  фильмге  музыка  жазған.  Осындай  өнер  мен  мәдениеттегі 

еткен еңбеңі үшін Қазақстанның Халық Қаһарманы атағаны ие болған. 

Н.Тілендиевтің  «Сарыжайлау»,  «Алатау»,  «Өз  елім»,  «Құстар  әні», 

«Куә бол» т.б. көптеген әндері халыққа кеңінен танымал.  

 

 

59 



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал