А. И. Райымбергенов, С. Ш. Райымбергенова, Ұ. М. Байбосынова



жүктеу 0.66 Mb.

бет5/8
Дата09.01.2017
өлшемі0.66 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8

 

Ойлан да, айт! 

Қалай ойлайсың, кәсіби скрипкашы болу үшін қанша уақыт қажет?  

 

Біліп ал! 



 

 Айман Мұсаходжаева 1998 жылы Астана қаласында Қазақ ұлттық музыка академиясын құрып, 



оның  ректоры  болады.    Қазақстандағы  бұл  оқу  орынында  мектеп  табалдырығынан  бастап,  колледж 

бен  жоғары  білімді  кәсіби      музыканттар  даярланады.  Қазақстанның  музыка  академиясы  әлемдегі  ең 

беделді  музыка  мектептерінің  арасынан  абыройлы  орынға  ие  болады.  Осы  академияның  студенттері 

мен түлектері бұл күнде халықаралық және республикалық сайыстардың лауреаттары атанып,  түрлі 

фестивальдар  мен  ғылыми  конференцияларға  қатынасып  келеді.  Музыка  академиясының  ең  үздік 

түлектері  «Солистер  академиясы»  атты  камералық  оркестрінің  құрамында  өнерлерін  жалғастырып 

келеді. 2005 жылы Айман Мұсаходжаева «Солистер Академиясы» оркестрімен бірге   Вашингтондағы 

атақты  Кеннеди  орталығы  мен  Нью-Йорктегі  әлемге  танымал  Карнеги-холл  концерт  залында  өнер 

көрсетті. 

 

Түсініп ал!



 

Лауреат – музыка сайысының жеңімпазы. «Лауреат» атауы Ежелгі Гректерде пайда болған. Осы атаққа 

ие болған түрлі сайыстардың жеңімпаздарын лавр жапырақтарынан жасалған тәж кигізіп марапаттайтын 

болған. 

Дипломант  –  сайысқа  қатысушыларға  берілетін  атақ.  Бұл  атақ  жоғары  деңгейде  орындаған 

сайыскерлердің шеберлігі үшін беріледі.  

 

Сұрақтар: 

 

1.  Қазақстандағы кәсіби музыка мәдениеті қалай дамыды? 

2.  Еуропа және Қазақстандағы скрипка өнерінің дамуында қандай ерекшеліктер бар? 

3.  Айман Мұсаходжаева әлемге Қазақстандағы скрипка өнерін қалай танытты?   

 

 

Тапсырма 



1.

 

Қазақстанның 



скрипка мектебі тақырыбын 

оқып кел.  

2.

 

Домбырада 



Темірбектің  «Шернияз» 

күйінің  бастапқы  буынын  

қайтала. 

 

 



 

 

 

 

 

ӨНЕР ОРДАСЫ  

 

37 


 

Ұлы  Отан  соғысы  жылдары,  1944  жылы,  Алматы  консерваториясы  ашылады.  Орыс  мәдениетінің 

өнер  қайраткерлері  –  Галина  Уланова,  Юрий  Завадский,  Наталья  Сац  және  Вера  Марецкая  Алматы 

қаласына  қоныс  аударған  болатын.  Олар  Мәскеудегі  кеңес  одағының  басшыларына  Алматы  қаласында 

консерватория  ашу  жөнінде  хат  жолдайды.  Олардың  өтініш  хаттарында:  «...  мәдениет  үшін  ешнәрсе 

тосқауыл бола алмайды. Қай заманнан болмасын мәдениет әрдайым дамып келеді. Оны өткен тарихымыз 

дәлелдеуде.  Қазақ  халқы  соғыс  зардабынан  мәжбүрлікпен  қоныс  аударған  халықтарға  қонақжайлылық 

пен  кеңпейілділік  танытуда.  Сондықтан,  қазақ  халқына  үлкен  құрметімізді  білдіре  отыра,  жасалар 

жұмыстың  жауапкершілігін  өз  мойнымызға  аламыз»,  -  делінген.  Сөйтіп,  еліміздің  қиын  кезеңіне 

қарамастан одақ басшылығы Қазақстанда музыкалық жоғарғы оқу орнын ашуға шешім қабылдайды. 1944 

жылдың  24  шілдесінде  Алматы  мемлекеттік  консерваториясын  ашу  жөнінде  Халық  комиссарлар 

кеңесінің қаулысы қабылданады.   

Консерватория  «Музхоркомбинат»  деп  аталатын  республикалық  балалар  музыка  мектебінің 

негізінде ашылады. Ал, музыка мектебінің сол уақыттағы директоры И.В.Круглыхин консерваторияның 

ректоры болып тағайындалады.  Консерватория ғимараты Сталин даңғылының бойында (қазіргі Абылай 

хан даңғылы) орналасады. Сол ғимараттың 8 бөлмесі консерваторияға бөлініп беріледі. Жұмысты бастау 

үшін  басшылықтың  тапсырмасымен  жеке  адамдардан  музыкалық  аспаптар  сатып  алынады.  Олар:  1-

концерттік рояль, 3 кабинетке арналған рояль, 3 пианино, 3 скрипка, 3 виолончель, 1 контрабас, 1 гобой, 

2  кларнет,  3  валторна,  1  литавра.  Балалар  музыка  мектебінің  кітапханасында  жоғары  оқу  орнына 

арналған нота жазбалары мен оқулықтар жоқ болатын. Соғыс жүріп жатқанына қарамастан Мәскеу мен 

Ленинград консерваториясы 3330 нота жазбалары мен оқулықтарды сыйға тартады. Ал, қоныс аударған 

орыстың  мәдениет  және  өнер 

қайраткерлері 

консерваторияның  ұстаздары 

болып жұмысқа қабылданады.  

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

Оқу орнына студенттерді 

қабылдау қиынға соғады. Себебі, одақ басшылығы 150 адамды ғана қабылдауға қаржы бөледі. Бірінші 

курсқа қабылданғандардың арасында интернатта тұратын ата-анасыз қалған жастар да болатын. Олармен 

бірге, КСРО халық әртісі Күләш Байсеиітова, ҚазССР-інің халық әртісі Қанабек Байсеиітов, белгілі 

композиторлар Мұқан Төлебаев пен Бақытжан Байқадамов, композиторлар одағы қазақ бөілімінің 

хатшысы, композитор  Борис Ерзакович те болды. Олар халық әртісі бола тұра консерваторияның 1 – 

курсына оқуға қабылданады.   

Осылайша Алматыда алғаш рет ашылған консерватория өз жұмысын бастап, қазіргі таңда Орталық 

Азияда музыкалық білім беретін ең мықты жоғары оқу ордасына айналып отыр.  

 

Музыка тыңдайық: 

Тілес  Қажығалиев.  «Қыз  қуу».  Орындайтын  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық 

консерваториясының студенттер оркестрі.  

 

Біліп ал! 

Тілес  Қажығалиев  –  (1949-1996)  композитор.  Алматы  қаласында  дүниеге  келген.  Атақты 

дирижёр  Шамғон  Қажығалиевтің  баласы.  Ғазиза  Жұбанованың  шәкірті.  Т.Қажығалиевтің  оркестрге 

арналған  шығармалары  көптеген  шет  мемлекеттерде  орындалып  келеді.  Композитордың  «Қыз  куу» 


 

38 


атты  шығармасын  Мариус  Стравинский  жетекшілік  ететін  Лондонның  филармониялық  оркестірі 

орындап жүр. Композитордың альт пен оркестрге арналған «Отан туралы» ороториясы, фортепиано, 

үрмелі  және  ішекті  аспаптарға  арналған  концерт  симфониясы,  әндер  мен  романстар,  спектакльдер, 

көркем және деректі фильмдерге арналған музыкалық шығармалары бар.     

 

Сұрақтар:  

1.

 



Алматы консерваториясының ашылуына кімдер ықпал жасады? 

2.

 



Консерваторияны ұйымдастыру барысында қандай қиындықтар болды? 

3.

 



Алғаш рет консерваторияда кімдер білім алды?   

 

Тапсырма:  

1.

 

«Өнер ордасы» тақырыбын оқып кел.  



2.

 

Домбырада  «Шернияз» күйінің  келесі  буынын жаттап кел. 



 

ҚАЗАҚСТАННЫҢ ФОРТЕПИАНО ӨНЕРІ 

 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



 

 

 



Батыс  Еуропада  фортепиано  аспабы  ХVIII  ғасырда  пайда  болып,  бүтін  мәдениеттің  тарихи  даму 

жолына  өз  әсерін  тигізді.  Фортепиано  халық  арасына  кеңінен  тарап,  көпшіліктің  ең  сүйікті  аспабына 

айналды.   Фортепиано өнері әлемдегі классикалық музыканың негізін қалады. Кәсіби фортепиано өнері 

XIX ғасырда ең биік деңгейге жетіп, әлем халықтарының арасында зор беделге ие болды.  

1945 жылы Алматы консерваториясында фортепиано класы ашылып, студенттер кәсіби ұстаздардан 

дәріс  ала  бастайды.  Алғаш  ашылған  фортепиано  класының  меңгерушісі  Мәскеу  консерваториясының 

профессоры 

Г.Н.Петров 

болды. 

Петербург 



консерваториясының 

ұстазы 


Е.Ф.Гировскийдің 

жетекшілігімен фортепианоға арналған оқу бағдарламасы жазылады. 1947 жылы консерваторияда алғаш 

рет  пианистер  сайысы  ұйымдастырылып,  сол  сайыста  қазақтың  тұңғыш  пианисті  Нағым  Меңдығалиев 

ерекше көзге түседі. Сол кезеңнен бастау алған фортепиано өнері үлкен қарқынмен дамиды. Фортепиано 

өнерінің  биік  кәсіби  деңгейге  көтерілуіне  ықпал  еткен  әлемдік,  халықаралық  түрлі  сайыстар  болатын. 

Мұндай  халықаралық  сайыстардың  тарихына  үңіле  отыра,  Қазақстандағы  фортепиано  өнерінінің 

дамуындағы жарқын жаңалықтарға шолу жасап көрелік!  


 

39 


1983  Алматы  консерваториясының  ректоры  Ғазиза  Жұбанова  Кеңес  үкіметі  басшыларынан 

пианистердің  Бүкілодақтық  іріктеу  сайысын  Алматы  қаласында  өткізілуі  жайлы  рұқсат  алады.  Сөйтіп, 

алғаш  рет  Орта  Азия  халықтарының  арасында  бұрын-соңды  болмаған  ауқымды  Одақтық  сайыс 

өткізіледі.  Қазақстанда  өткізілген  бұл  сайыс  Еуропадағы  ең  әйгілі  Маргарита  Лонг  және  Жак  Тибо 

атындағы  сайыстың  талабы  бойынша  жасалды.  Осы  сайыста  Станислав  Бунин  мен  Жәния  Әубәкірова 

жеңіп шығады. Екі орындаушы да Францияда өтетін халықаралық сайысқа жолдама алады. Сол Париж 

қаласында өткен сайыста алғаш рет Азия халықтарының арасынан барған қазақ қызы Жәния Әубәкірова 

үлкен жеңіске жетіп лауреат атағына ие болады. Жәния Әубәкірованың  халықаралық сайыстағы мұндай 

жеңісі Қазақстанның фортепиано өнерінің биік кәсіби деңгейін өсіріп, әрі қарай дамуына жол салды.    

2000  жылдан  Жәния  Әубакірова  Орта  Азия  халықтарының  арасында    халықаралық  пианистер 

сайысын  өткізіп  келеді.  Осы  сайыста  Қазақстанның  жас  орындаушылары  фортепиано  өнерінің  биік 

деңгейін  көрсетіп  үлкен  беделге  ие  болуда.  Еуропаның  Франция,  Германия,  Италия,  Ресей  және 

шығыстың  ең  мықты  мемлекеттері  Қытай  және  Жапонияның  кәсіби  музыканттарын  даярлайтын 

консерватория мамандары Қазақстан фортепиано өнерінің биік кәсіби деңгейін мойындауда.  Ал, қазіргі 

таңда Алматы консерваториясында қалыптасқан фортепиано мектебі дарынды жастарға әлемдік деңгейде 

білім беріп, кәсіби орындаушы болып қалыптасуына зор ықпал жасап келеді.    

 

Музыка тыңдайық; 

 

Жәния Әубәкірованың орындауында Ф.Листтің «Грезы любви». Ноктюрні.  

 

Ойлан да айт! 

 

Не себепті адамдар музыка, сурет, би және спорт өнерінің түрлі сайыстарына қатысуға 

құштарлық танытады?  

 

Біліп ал! 

           

Жәния  Әубакірова  –  К.Бәйсейітова  атындағы  Республикалық  музыка  мектебін  тәмамдаған. 

Профессор  Л.Власенконың  класы  бойынша  Москва  консерваториясында  жоғары  білім  алған.  1981 

жылдан  бастап  Құрманғазы  атындағы  Қазақ  ұлттық  консерваториясында  ұстаздық  қызмет 

атқарған. 1997 жылы консерваторияның ректоры болып тағайындалады. 1983 жылы Францияда өткен 

М. Лонг және Ж. Тибо атындағы Халықаралық сайыста лауреат атанады. Ол  концерттік сапарлармен 

Франция,  Англия,  Германия,  АҚШ,  Жапония,  Корея,  Ресей,  Польша,  Венгрия,  Болгария,  Финляндия, 

Италия,  Израиль.  Греция,  Түркия  мемлекеттерінде  өнер  көрсеткен.  Бүгінгі  таңда  Жәния  Әубәкірова 

Орта  Азия  халықтарының  арасында  ең  жарқын  пианистердің  бірі.  Жәния  Әубәкірованың  қажырлы 

еңбегінің арқасында   Қазақстанның фортепиано өнері халықаралық биік деңгейге көтеріліп отыр.  

Ж.Әубәкірова  Қазақстанның  халық  әртісі,  Қазақстан  Мемлекеттік  сыйлығың  иегері.  Ол 

«Францияның Өнер және әдебиет орденімен» марапатталған.   

 

Сұрақтар: 

1.

 



Қазақстандағы фортепиано өнері қалай қалыптасты? 

2.

 



Фортепиано өнерінің дамуына кімдер ықпал жасады? 

3.

 



Қазақ дәстүріндегі қанай сайыстарды білесің? 

 

Тапсырма:  

1.

 

«Қазақстанның фортепиано өнері» тақырыбын оқып кел.  



2.

 

Домбырада «Шернияз» күйінің  келесі  буынын қайтала. 



 

 

 

 

 

 

ӨНЕРІН ӨРЛЕТКЕН ТОП 

 

 

40 


 

 

 



«Қазақстан  камератасы»  ансамбілі  1997  жылы  құрылған.  Профессор  Гауһар  Мырзабекова 

консерваторияның  ең  мықты  16  түлегінен  тұратын  талантты  жас  музыканттардың  басын  қосып, 

камералық ішекті аспаптар ансамбілін жасақтайды. Ансамбльдің атын «Камерата» деп атайды. Камерата 

– италияның «camera» деген сөзінен шыққан яғни «бөлме» немесе «палата» деген ұғымды білдіреді. Бұл 

ансамбльдің  ерекшелігі  әрбір  музыкант  жеке  солист  болуымен  қатар  өте  шебер  орындаушы  болып 

саналады.   

«Қазақстан  камератасы»  жас  музыканттардың  ұжымынан  тұрса  да  олар  өздерінің  жоғарғы  кәсіби 

деңгейін  көрсете  білді.  Ансамбльдің  репертуарының  ауқымы  кең.  Ансамбль  көне  классикалық 

шығармалардан  бастап,  жаңа  заман  туындыларын  орындап  келеді.  Оркестр  әртістерінен  ең  жоғарғы 

орындаушылық  шеберлік  талап  етіледі.  ХVIII  ғасырдың  көне  скрипкаға  арналған  шығармаларын 

орындау  үшін  ансамбль  музыканттары  ақсүйектер  заманынан  жеткен  аса  сыпайылық  пен  тәрбиелілікті 

ұстана  отырып,    сол  уақыттағы  музыка  орындау  шеберлігін  көрсетуге  талпынады.  Тыңдаушылар  мен 

көрермендер  болса,  ұлы  Вивальди  мен  Гайднның    туындыларындағы  ішкі  сезім  әлеміне  бойлап,  сол 

заманның көңіл-күйін сезіне алған.  

Неміс  композиторы  Франц  Шуберттің  «Ажал  мен  қыз»  атты  шығармасы  орындаушыдан  ерекше 

психологиялық көңіл-күйді  талап етеді.     Музыканттар ауыр оқиғаны бастарынан кешіріп,  өздері  жан-

тәнімен сезінгендей шығарманы терең тебіреніспен орындайды.  

Ал,  ХХ  ғасырдың  жаңа  заман  композиторы  Альфред  Шниткенің  күрделі  Сонатасын  орындағанда 

музыканттардың келбеті мүлде өзгеріп қоя береді. Скрипка аспабы осы заманның алай-дүлей қарқынын 

сезінгендей бірде қатқыл, бірде шапшаң, бірде баяу, бірде бәрін жайратып салғандай  әсерге бөлейді.  

«Камерата»  ансамбілінің  репертуарында    –  Тілес  Кажғалиев,  Мансұр  Сағатов,  Алмас  Серкебаев, 

Қуат Шілдебаев, Серік Әбдінұров сынды қазақ композиторларының шығармалары бар. Ансамбль бүгінгі 

заманның шығармаларын үлкен ықыласпен орындап келеді. Қазақ композиторларының шығармалары тек 

Қазақстан  тыңдармандарын  ғана  емес,  шет  мемлекеттердің  де  тыңдармандарының  қызығушылығын 

арттыруда.  

«Қазақстан  камератасы»  ансамблінің  жоғарғы  деңгейдегі  орындау  мәдениеті  оларды  тек  қана 

Қазақстанда ғана емес, әлемнің көптеген мемлекеттерінде танымалдылыққа жеткізді. Ансамбль Венгрия, 

Чехия,  Германия,  Македония,  Түркия,  Ұлыбритания,  Франция,  Жапон  мемлекеттерінде  өнер  көрсетіп 

үлкен абыройға ие болды.  

 

Музыка тыңдайық





 

«Қазақстан  камератасының»  орындауында  Серік  Әбдінұровтың  ішекті  аспаптар  оркестріне 

арналған «Шертпе» атты шығармасын тыңдап көрелік!   

 

Біліп ал! 

 

 

41 


 

 

XVI—XVIII  ғасырларда  Еуропа  мәдениетінде  «камералық  музыка»  дейтін  ұғым  ақсүйектерге  ғана 

қатысты  болған.  «Камералық  музыка»  екі  немесе  онан  да  көп  музыканттар  орындайтын  аспаптық 

және  вокалдық  музыка  болып  табылады.  Көбіне-көп  камералық  музыка  бөлмелерде  немесе  кішігірім 

залдарда орындалатын. Сол себепті «камералық музыка» яғни «бөлме музыкасы» деп аталып кеткен.   

XVII 

ғасырдан  бастап  камералық  музыка  ақсуйектердің  қонақ  бөлмелерінде  шағын 

тыңдаушылардың  ортасында  орындалатын  болған.  Камералық  ансамбльдер  дуэт  түрінде  -    скрипка 

мен фортепианоның, трио – скрипка, альт, виолончель және квартет яғни төрт аспаптың қосылуымен 

орындалған.  Концерт  залдары  үлкейе  келе  ансамбль  құрамы  да  ұлғайып  квинтет  –  бес  аспаптан 

құрылған  ансамбль,  секстет  –  алты  аспаптан  және  септет  –  жеті  аспапқа  дейін  жетеді.  XIX—XX 

ғасырларда  камералық  оркестр  пайда  болады.  Оркестр  құрамы  15-20-ға  жуық  музыканттармен 

толықтырылады.    

 

Сұрақтар:  

1.

 



«Қазақстан камератасы» ансамбілі қашан құрылды?  

2.

 



Ансамбльдің құрамында кімдер болды? 

3.

 



Ансамбль қандай шығармаларды орындады? 

4.

 



Не себепті «Камералық музыка» деп атайды? 

 

Тапсырма:  

1.

 

«Өнерін өрлеткен топ» тақырыбын оқып кел.  



2.

 

«Біліп ал» бөлімі бойынша оқып, талдау жасап кел. 



3.

 

Домбырада  «Шернияз» күйінің үйренген буынын жаттап кел.  



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

42 


ОРКЕСТРМЕН ТІЛДЕСКЕН ДИРИЖЕР  

 

 

Бүкіл  әлемде  дирижерге  аса 



құрметпен 

қарайды. 

Оркестрді 

табысқа  жеткізетін  дирижер  болып 

табылады.  Қазақстанда  тұңғыш  рет 

оркестр  құрып  оған  дирижерлік 

еткен 

әйгілі 


композитор, 

ел 


мақтанышы  –  Ахмет  Жұбанов 

болды.  А.Жұбанов  шеберлермен 

кеңесе  отыра  халық  аспаптарын 

оркестрге  лайықтап  қайта  өңдеп 

шығарды.  Ол  көптеген  халық 

композиторларының  әндері  мен 

күйлерін  оркестрге  түсіріп,  кеңінен 

танымал  етті.  Композитор  әрі 

дирижер 

Ахмет 


Жұбанов 

өз 


жанынан  да  көптеген  шығармалар 

жазды.  


Ахмет  Жұбанов  ерекше  дарын 

иесі  болатын.  Ол  ел  ішіндегі  халық 

орындаушыларының  басын  қосып,  оркестр  ұйымдастырады.  Нота  сауатын  білмейтін  халық 

орындаушыларымен жұмыс жасау оңайға түспейді. Елден келген орындаушылардың тілін тауып, қысқа 

мерзімде  яғни  2-3  жылдың  аралығында  оркестр  жасап  шығарады.  Жаңа  оркестр  Ахмет  Жұбановтың 

дирижерлік  етуімен  1936  жылы  Мәскеуде  өткен  декадада  үлкен  қошеметке  ие  болады.  Осы  оркестр 

арқылы  Ахмет  Жұбанов  қазақ  дәстүрлі  музыка  мәдениеті  мен  Еуропаның  классикалық  музыка 

мәдениетінің басын тоғыстыра білді. Сөйтіп, қазақ елінде алғаш рет ұлттық оркестр дүниеге келіп, оның 

тұңғыш дирижері Ахмет Жұбанов  болады.   

Ал, біздің заманымызда  Ахмет Жұбановтың жолын қуған ұрпағы Алан Бөрібаев болды. Ол бүгінгі 

таңда әлемге танылған жас дирижерлардың бірі.  Алан Бөрібаев Швеция, Голландия және Ирландияның 

симфониялық  оркестіріне  бас  дирижерлық  қызметке  шақырылады.  Еуропаның  ең  ірі  үш  мемлекетінің 

ұлтық оркестірінде дирижерлық ету үлкен жауапкершілік әрі абыройлы іс болатын. Иә, әрбір оркестрдің 

сан ғасырлық мәдени тарихы бар. Әбден орнығып өз орнын тапқан мұндай оркестрлермен жұмыс жасау 

жас дирижерға оңайға түспейді. Дирижерге өзге халықтың тілін, ұлттық дәстүрі мен мәдени тарихын білу 

қажет болады. Алан Бөрібаев мұндай үлкен сынақтан сүрінбей өтеді. Сондықтан болар жас дирижердің 

таңдаған  репертуар  көлемі  де  өте  ауқымды  әрі  қомақты  болып  шығады.  Алан  Бөрібаев  Еуропаның  ең 

танымал  классикалық  симфонияларынан  бастап,  қазіргі  заман  композиторларының  шығармаларын  

толық меңгере білді. 

  Жас  дирижер  Алан  Бөрібаев  еуропа  елдеріне  қазақ  халқының  да 

өнері  мен    мәдениетін  дәріптеп  келеді.  Ол  Ахмет  Жұбановтың  «Тәжік 

билері»  мен  композитор  Латыф  Хамиди  мен  Ахмет  Жұбановтың  бірігіп 

жазған «Абай» операсынан «Симфониялық сюита» жасап, оны оркестрге 

өңдеп түсіріп Германия тыңдармандарына ұсынады.  Ал, Швецияда Алан 

Бөрібаевтың дирижерлік еткен оркестірімен бірге ағылшынның талантты 

пианисті  Фредди  Кемпф  Ғазиза  Жұбанованың  «Фортепианолық 

концертін» орындайды. Бұл концерт үлкен қошеметке ие болады.     

Ата дәстүрін жалғастырған жас дирижер Алан Бөрібаев қазақ музыка 

мәдениетіне өз үлесін қосуда.   

 

Музыка тыңдайық: 



 

 

Құрманғазы атындағы қазақ аспаптар оркестірінің орындауында 

Дәулеткерейдің    «Қосалқа»  күйін  тыңдап  көрелік.  Дирижері  –  Ахмет 

Жұбанов.  

 

43 


Астана Филармониялық оркестрінің орындауында А.Жұбанов және Л.Хамиди «Абай» операсынан 

Қыздар биі. Дирижері – Алан Бөрібаев.   

 

Біліп ал: 

 

 

Ахмет  Жұбанов  -  (1906-1968)  композитор,  музыкатанушы-ғалым, 

дирижер.  Ақтөбе  облысы,  Темір  ауданында  дүниеге  келген.  Қазақстанның 

халық 

әртісі. 

Ахмет 

Жұбановтың 

«Құрманғазы», 

«Қазақ 

халық 

композиторларының өмірі мен шығармашылығы», «Ғасырлар пернесі», «Замана 

бұлбұлдары», «Ән-күй сапары» т.б. музыкалық ғылыми зерттеу еңбектері бар. 

Ол  «Төлеген  Тоқтаров»,  «Абай  сюитасы»  т.б.  көптеген  симфониялық 

шығармалары  мен  «Құрманғазы»,  «Абай»  сынды  опералары  бар.  А.Жұбанов 

көптеген  спектакльдер  мен  кино  фильмдерге  музыка  жазды.  Композитордың 

«Ақ көгершін» және «Қарлығаш» әндері ел арасында кеңінен танымал.  

 

Сұрақтар: 

 

1.

 



Қазақстанның тұңғыш дирижерін ата? 

2.

 



Не себепті Ахмет Жұбановты ерекше дарын иесі дейміз? 

3.

 



Ахмет Жұбановтың жолын қуған кім? 

4.

 



Алан Бөрібаев қазақ мәдениеті үшін қандай үлес қосты? 



1   2   3   4   5   6   7   8


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал