А. Б. Бакраденова



жүктеу 65.83 Kb.
Pdf просмотр
Дата26.04.2017
өлшемі65.83 Kb.

ӘОЖ 378:811 

А. Б.Бакраденова 

п.ғ.к.,  профессор,  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық 

институты 

Ж. Қ.Жұбантаева 

филология  магистрі,  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық 

институты 

А.Б.Бакраденова 

к.п.н., профессор, Павлодарский  

государственный педагогический институт 

Ж.К.Жубантаева 

Магистр филологии, Павлодарский 

государственный педагогический институт 

А.B.Bakradenova 

Ph.D.,


 

Pavlodar State Pedagogical Institute 



Zh.K.Zhubantayeva 

Master of Philology, Pavlodar State Pedagogical Institute 

 

ПЕДАГОГ  МАМАНДАРДЫ  ДУАЛДЫ  ОҚЫТУ  ЖҮЙЕСІ 

АРҚЫЛЫ ДАЙЫНДАУ 

ПОДГОТОВКА 

ПЕДАГОГИЧЕСКИХ 

СПЕЦИАЛИСТОВ 

ЧЕРЕЗ ДУАЛЬНОЕ ОБУЧЕНИЕ 

TRAINING  OF  PEDAGOGICAL  EXPERTS  THROUGH  DUAL 

TEACHING 

 

Мақалада  мектепке  дейінгі  мекемелер  мен  орта  білім  беру  мектептеріне 



педагог мамандарды көптілділік жағдайында дуалды оқыту жүйесімен дайындау 

мәселелері қарастырылады.  

Кілтті  сөздер:  білім  беру  жүйесі,  кәсіби  құзыреттілік,  білікті  маман, 

дуалды оқыту 

В  статье  рассматривается  вопросы  подготовки  педагогических 

специальностей  дошкольных  учреждений  и  общеобразовательных  школ  через 

системы дуального системы образования в условиях полиязычия. 

Ключевые 

слова: 

система 

образования, 

профессиональная 

компетентность, квалифицированный персонал, дуальное обучение 

The article discusses the issues of preparation of pedagogical skills of preschool 

institutions and secondary schools through a dual system of education in polylinguism. 

Key  words:  education,  professional  competence,  qualified  personnel,  dual 

training 

«Қазақстан  Републикасының  2015  жылға  дейін  білім  беруді 

дамыту  тұжырымдамасы»  білім  беру  жүйесіне  үлкен  жаңалық  және 

салмақты  жауапкершілік  әкелгені  белгілі.  Онда  «Мектепке  дейінгі 

тәрбие мен білім беру – баланың жасын және өзіне тән ерекшеліктерін 

ескере  отырып,  оның  толыққанды  қалыптасуы  үшін  даму  ортасын 

ұйымдастыратын  үздіксіз  білім  берудің  бастапқы  деңгейін  құру 

талабы алдымызда тұр» делінген. Осы тұжырымдаға сәйкес мектепке 

дейінгі  мекемелерде  жүргізілетін  оқу-тәрбие  жұмыстарына  үш  тілді 

оқып-үйрену  енгізіліп,  балалардың  интеллектуалды  дамуына  назар 

аудара бастады.  

Интеллектіні  дамыту  өзінен-өзі  болмайды.  Педагог  ғалымдар 

бұл  үдерісті  «кішкентай  домалақ  қарды  домалата  отырып  үлкен 

домалақ  қар  жасаумен  салыстыруға  болады»,  деп  түсіндіреді.  Бірақ, 

оны дұрыс жасау үшін, яғни домалақты аппақ, жұмсақ қардың үстімен 

еппен домалату керектігін ескерте отырып, ғалымдар балалардың оқу-

тәрбиесіне  мектепке  дейінгі  кезеңде  және  одан  кейінгі  бастауыштық 

оқытуда  ерекше  мән  беруді  көздейді.  Балалық  шақтағы  бала  білімі 

көлемді  болумен  қатар,  тез,  ширақ  жинақталуы  керек  екендігін 

ескертеді.  Тәрбиеленуші  балалардың  мектепалды  даярлығын,  яғни 

білімі 

жағынан 


толық 

қамтамасыз 

ету, 

балабақшада 



ұйымдастырылатын  оқу-іс  әрекетінде  мектепке  дейінгі  және 

бастауыш  білімнің  оқыту  бағдарламаларының  өзара  үйлесімділігін 

сақтау,  мектеп  жасына  дейінгі  баланың  балабақшада  және  кейін 

мектепте  талап  етілетін  тәрбиелік,  нормалық  қызметті  жан-жақты 

меңгеруіне қажетті жағдайлар тудыру тәрбиешілер мен мұғалімдерге 

ортақ міндеттер болып табылады. 



Әрине,  бұл  міндеттер  бүлдіршін  кезінен  балабақшаға  үзбей 

барып  жүрген  балаларды  оқытып-тәриелеуде,  оқуға  барар  алдында 

ұйымдастырылатын  мектепалды  топ  балаларын  оқыту-тәрбиелеу 

жұмыстарында  өзара  ықпалдастықта  шешіліп  жатады.  Қазіргі  заман 

талабына орай туындаған мәселе – балабақшадан бастап бүлдіршіндер 

мен оқушы балалардың шетел тіліне үйретілу мәселесі. 

ҚР  Білім  және  ғылым  министрлігінің  шешімімен  біздің 

институттың  мектепке дейінгі оқу  және  тәрбие  мамандығы  бойынша 

студенттерге  шетел  тілін  тереңдете  оқыту  арқылы,  полиглот 

тәрбиешілер  дайындау  практикаға  енгізіліп  отыр.  Ағылшын  тілінде 

сөйлейтін  мамандар  даярлау  2010-11  оқу  жылынан  бастап 

филологтардың да құзырына ендірілген болатын. 

Мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу  мамандарын,  барлық 

тіл мамандарын жоғары құзыретті етіп дайындау – педагогикалық оқу 

орындарының  ең  басты  мақсаты  мен  миссиясы.  Осы  миссияны 

толыққанды 

орындауға 

институттың 

стратегиялық 

жұмыс 


жоспарында  орын  берілген  және  тіл  кафедраларының  көптеген 

мүмкіндіктері баршылық.  

Біздіңше,  ерекше  мүмкіндіктің  бірі  –  педагогика  институты 

тарапынан  даярланып  жатқан  мамандықтарға  дуалды  білім  беру 

жүйесін  енгізу.  Бұл  жүйе  бойынша  болашақ  мамандардың  кәсіби 

құзіреттілігі теория мен практиканы бірлестіре жүзеге асыру  арқылы 

жоғарылай 

бастады. 

«Дуальность» 

означает 

«двуединство, 

двойственность».  Дуальное  обучение,  как  показывает  практика 

европейской  системы  образования,  является  продуктом  тесного 

взаимодействия  образовательных  учреждений  и  работодателей  по 

успешной  профессиональной  и  социальной  адаптации  будущего 

специалиста.»  деп  қөрсетілген  энциклопедиялық  сөздікте.  Біздің 



мамандықтар  жағдайында  күнделікті  берілетін  теориялық  білім 

мазмұнын балабақшадағы, мектептегі оқу-тәрбие үдерісімен практика 

жүзінде  бекітіп  қана  қоймай,  әр  студенттің  өздігінен  іздене,  шетел 

тілін коммуникативтік-қатысымдық әдіспен игеру деген сөз. 

Дуалдық  оқыту  жүйесі  нәтижесінде  жоғары  оқу  орнының 

мамандарын  дайындау  үдерісі  балабақшалар  мен  лингвистикалық 

бағыттағы  мектептердегі  оқыту  мен  тәрбиелеу  үдерісімен  тығыз 

байланысқа түсіп, арадағы бағдарламалық, әдістемелік тіпті тәрбиелік 

қарама-қайшылықтар,  келеңсіздіктер  жойылады.  Осы  жүйені  жоғары 

оқу орындарына енгізу келесі мәселелерді екіжақты бірлікте толықтай 

шешуге де мүмкіншілік береді: 

-

 



дуалды  жүйе  бойынша  оқытылатын  тұлғаның  қажетті  біліктілік 

пен  еңбек  дағдыларына  (шетел  тілді  мамандарға  қатысты),  кәсіби 

білімге  ие  болып  еңбек  нарығында  сұраныс  деңгейінің 

жоғарылуына; 

-

 

болашақ  мамандарды  дайындау  деңгейінің 



жоғары  оқу 

орындарында көтерілуіне;  

-

 

болашақ  мамандардың  әлеуметтік  (шет  тілінде  дәріс  беретін 



педагогке тән қиыншылықтарды шеше білуге) бейімделуге; 

-

 



мамандықты 

тереңірек 

ойланып 

таңдауға, 

социализация, 

тапқырлық  пен  шығармашылыққа  бейімдейтін  біліктіліктің 

дамуына; 

-

 



балабақша 

мамандарының, 

мектеп 

мұғалімдері 



мен 

оқушыларының  қызығушылығы  мен  сұранысына  қарай  әрбір 

мамандықта  қажетті  бағдарламалардың,  элективті  (икемді) 

курстардың, бағдарламалардың әзірленуіне; 

-

 

білім  беру  мекемелерінің  жобаларды  жүзеге  асыру  кезеңдерінде 



өзара әрекеттесу аясын кеңейтуге

-

 

дайындалған мамандардың кәсіби тұрғыда өзін өзі басқара білуіне; 



-

 

оқу мекемесінің (кафедралардың) тартымдылық беделінің артуына, 



студенттер контингетінің жоғарылауына; 

-

 



оқу орнын аяқтаған мамандарды одан әрі жұмысқа орналастыруға; 

-

 



білім  беру  мекемелерінің  өзара  бәсекелесуге  қабілеттілігін 

жоғарылатуға.  

Дуалды  оқыту,  яғни  бірлесе  оқытудан  алынар  қамал  мол. 

Қашықтан  оқыту,  өзін  өзі  тани,  іздене  оқу  өмірімізге  етене  еніп, 

оқушылардың,  білімге  ынтыққан  әбір  жастың  өміріне  еркін  орныға 

бастағанда,  институттағы  білімді  базалық  мекемелерде,  өндірісте 

күнделікті  жалғастыра  оқытудың  тиімділігін  заманның  өзі-ақ 

дәлелдеп  келеді.  Облыс  жұртшылығы  осыны  түсініп,  жас 

жеткіншектерді  тәрбиелейтін  бастапқы  сатыға  –  мектепке  дейінгі 

мамандар-тәрбиешілер,  әдіскерлер  даярлайтын  мамандықтарға,  қазақ 

тілі  мен  әдебиеті  мен  шетел  тіліне  мұғалімдер  даярлайтын 

мамандықтарға кешікпей келіп, өз балаларын бүгінгі Қазақстанға өте 

қажетті мамандықты меңгеруге ұмтылуда.  

Әлемдік  тәжірибеге  қарағанда,  білім  берудің  дуалды  жүйесі 

мамандардың  кәсіби  дайындығын  жоғарылатуға,  болашақта  білікті 

мамандар  даярлап  шығаруға  ықпал  етеді.  Әр  күні  жүйелі  түрде 

жинақтап  отырған  білімінің  нәтижесін  балабақшада  тәжірибеде 

бекітіп  отыратын  студенттің  тәрбиеші  мамандығына  біртіндеп 

бейімделуі  қамтамасыз  етіледі.  Мамандыққа  тән  құзыреттілігі  пайда 

болған, пайда болып қоймай, қалған жылдар бойы әбден беки түскен 

болашақ маман білікті маман біздерден дайындалып шығатындығына 

біршама мүмкіндіктер жасалуда. 

Павлодар  мемлекеттік  педагогика  институты  –  облысымызда 

мектепке  дейінгі  жоғары  білімді  мамандар  даярлайтын  жалғыз  оқу 



орны.  Мектепке  дейінгі  оқыту  және  тәрбиелеу  бойынша  ғылыми 

тұжырымдар  шығарып,  салиқалы  үлес  қосып  жүрген  ғалымдарымыз 

қаншама.  Биылғы  жылы  атап  өтерлік  жетістігіміз  кафедра 

мамандықтарына 

оңтүстік 

Қызылорда, 

Жамбыл, 

Шымкент 


облыстарынан 

«Серпін» 

бағдарламасы 

бойынша 


жүздеген 

мемлекеттік  гранттардың  бөлінуі.  «Мектепке  дейінгі  оқыту  және 

тәрбиелеу», «Бастауыш оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және ана 

тілімен  ағылшын  тіліне  қатарынан  даярланатын  «Қазақ  тілі  мен 

әдебиеті» мамандықтары бойынша үштұғырлы (қазақ,орыс,ағылшын) 

тілді мамандар дайындау ісі де тәжірибеге енгізілуде. 

Қазақстан  Республикасы  Президентінің  2010  жылғы  29 

қаңтардағы  «Жаңа  онжылдық  –  жаңа  экономикалық  өрлеу, 

Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері»  атты  Қазақстан  халқына 

жолдауында:  балаларды  мектепке  дейінгі  тәрбиемен  және  оқытумен 

қамтамасыз  ету  жөніндегі  2010-2014  жылдарға  арналған  «Балапан» 

бағдарламасы  қабылданып,  оның  басты  міндеттерінің  бірі  ретінде 

мектепке  дейінгі  ұйымдарды  білікті  кадрлармен  толық  қамтамасыз 

етуді  және  олардың  біліктілігін  тұрақты  түрде  арттыруды  жүзеге 

асыру, – деп нақты көрсетілген [1]. 

Заманауи  жаңа  технологияларды  қолданып  жатқан  көптеген 

мектепке дейінгі мекемелер мен политілді мектептер біздерден кәсіби 

құзыреттілігі  қалыптасқан  мамандар  дайындауға  сұраныс  беруі  - 

заңдылық.  Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институттың  2020-

шы  жылға  дейінгі  даму  стратегиясында:  маман  дайындауда  білім 

сапасына  қол  жеткізу  халықаралық  стандарт  пен  оның  талаптарына 

сәйкестендірілетіні көрсетілген. Халықаралық білім кеңістігіне кірігу 

үшін  ұлттық  білім  беру  бағдарламаларын  әлемнің  алдыңғы  қатарлы 

жоғары  оқу  орындарының  бағдарламаларымен  үйлестіру  жүзеге 



асырылуда [2]. 

Институт  қабырғасынан  теориялық  біліммен  мемлекеттік 

стандарт  талабына  сай  жасалған  оқу  бағдарламасы  негізінде 

қаруланатын  студент  болашақта  теориялық  білімін  базалық 

балабақша  топтарында,  бастауыш  және  орта  білім  беретін  мектеп 

қабырғасында  шыңдай  алатын  болады.  Оған  дәлел  бүгінгі  қоғам 

сұранысына  жауап  беру  мақсатында  институт  студенттерінің  2012-

2013  оқу  жылынын  бастап,  5В010100  –  «Мектепке  ейінгі  оқыту  мен 

тәрбиелеу»  (бакалавриат)  және  5В012100  –  «Қазақ  тілінде 

оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті»  (бакалавриат) 

мамандықтарына  шетел  тілінде  дайындық  жүргізілуіне  орай  ерекше 

ынтамен  оқып  жатқандықтары.  Дуалды  оқыту  әдісі  осы  орайда  өте 

тиімді  болуда,  өйткені  аптаның  бір  күні  немесе  оқу  үдерісін 

ұйымдастыру  бөлімімен  келісім  негізінде  сабақ  кестесін  теория  мен 

практиканы кезектестіре, үйлесімді құру арқылы студенттер өздерінің 

қай тілде болсын педагогтік құзыреттерін игере түсуде. Дуалды оқыту 

элементтерінің  тұрақтана  бастауы  балабақша  тәрбиешісі,  әдіскері 

болуға  машықтану  үшін  1-курста  «Кіші  топтарда  оқу-тәрбие 

жұмыстарымен  танысу»,  2,3-  курстарда  «Танымдық-оқу  және  оқу-

зерттеушілік»,  4-курста  өткізілетін  өндірістік  және  дипломалды 

тәжірибешілік  кезеңдерінде  айқын  көрініс  беріп  отыр.  Төменгі 

курстарда  институтқа  жақын  орналасқан 

мектепке  дейінгі 

мекемелерде  ұйымдастырылса,  ал  дипломалды  тәжірибешілік  оқу-

тәрбие  ісін  үш  тілде  жүргізетін  қалалық  121-ші  гимназия-балабақша 

мен  студенттерінің  таңдаған  тақырыптарына  ыңғайлы  түрлі  ғылыми 

зерттеу алаңдары бар балабақшаларда өткізу тиімді болуда. Таңдаулы 

пәндер компоненті бойынша кейбір әдістемелік пәндерді балабақшада 

өткізуге мүмкіндік тудырылуда.  


Мектепке  дейінгі  тәрбие  мен  білім  беруде  баланың 

(тәрбиеленушілердің)  бойына  тәрбие  нәрін  себетін  тұлға  –  тәрбиеші 

мен мұғалім. Олардың жоғары оқу орнының әр курсқа арналған білім 

беру  бағдарламаларын  кейін  барып  қызметке  тұратын  орындарда  іс-

тәжірибемен  байланыстыра  игеруі  болашақта  алатын  мамандығына 

деген жауапкершілігін арттырумен қатар, іскерлік дағдыларын, кәсіби 

құзыреттіліктерін  қалыптастыруға  ықпал  етеді[4].  Яғни,  балаларды 

тәрбиелеу, дамыту, білім беру мәселесінде балабақшада балаларға да, 

болашақ тәрбиешілерге де тиімді жағдайлар жасау, мектепте ағылшын 

тілін  тереңдете  оқитын  балалар  мен  әлі  де  тәлімгер  педагогтардың 

өзара  қарым  –  қатынастарының  қалыптасуын  жақсарту  –  бүгінде 

дуалды оқыту жүйесі элементтерімен орнығып келе жатқан игілікті іс. 

Институттың 

стратегиялық 

бағдарламасында 

осы 


мәселеге 

байланысты 

жалпы 

мұғалімнің 



(тәрбиешілердің) 

кәсіби 


құзыреттілігінің  теориялық-әдістемелік  негіздері  ашық  көрсетіліп, 

болашақ 


мұғалімдерді 

(тәрбиешіні) 

даярлау 

мәселесінде 

студенттердің  кәсіби  қабілетін  қалыптастыруды  дуалды  жүйеге 

шектестіру  бойынша  тиісті  дәрежеде  жүзеге  асыру  көзделген.  Ендігі 

уақытта  дуалды  оқыту  жүйесінде  ғылыми  негізде  орындалатын 

істерге  көңіл  бөліп,  жоғары  оқу  орны  әлеуетін  өндіріс-оқыту 

мекемелеріндегі  үзіліссіз  жүзеге  асып  келе  жатқан  аумақты 

жаңалықтармен тығыз байланыста көтере алуымыз қажет. 

ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 

1.

 



Назарбаев Н.Ә. 2010 жылғы 29 қаңтардағы «Жаңа он жылдық – 

Жаңа  экономикалық  өрлеу,  Қазақстанның  жаңа  мүмкіндіктері» 

Жолдауы. – Астана, 2010 

2.

 



Павлодар  мемлекеттік  педагогикалық  институтының  2020-

шы жылға дейінгі стратегиялық даму жоспары. – Павлодар, 2015 



3.

 

Зимняя  И.А.  Компетентностный  подход  в  образовании. 

Проблемы качества образования. – М., 2004. – С. 34-38 

4.

 



Х.О.Карасаева. 

 

Дуальное 



обучение 

в 

практике 



образовательных  учреждений  Казахстана.  –  Актауский  колледж 

«Кайнар», 2013  



 

Каталог: modules -> kaf -> kil -> images -> pps
pps -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Ерғалиева Самал Жанатқызы КӘсіби қазақ тілі «Дене шынықтыру және спорт»
pps -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
pps -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
pps -> Ерғалиев Қуаныш Советұлы Асанбаева Елдана Бақытқызы
pps -> Пунктуациясы
pps -> Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты
pps -> Құрастырушы ф.ғ. к., доцент Қ. С
pps -> І. кеңесбаев жҽне қазақ тілінің дыбыс
pps -> Қазақстан республикасы білім жҽне ғылым министрлігі павлодар мемлекеттік педагогикалық институты

жүктеу 65.83 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет