А. Б. Алтыбаева «Жоғары оқу орны филология мамандығы студенттеріне көркем мәтінді модульдық технология арқылы талдау әдістемесі»



жүктеу 5.01 Kb.
Pdf просмотр
бет1/11
Дата04.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі 
 
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университеті 
 
Тілдік даярлау орталығы 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
А.Б. Алтыбаева 
 
«Жоғары оқу орны филология мамандығы студенттеріне көркем мәтінді 
модульдық технология арқылы талдау әдістемесі» 
 
Монография 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Қостанай, 2015 

 

ӘОЖ 80/81(035.3) 
КБЖ 80 Я73 
Ж 68 
 
Рецензенттер: 
Есіркепова  К.Қ.  –  Қостанай  мемлекеттік  педагогикалық  институтының 
Қазақ және орыс филология факультетінің деканы, филология ғылымдарының 
кандидаты 
 
Берденова  С.Ж.  –  А.Байтұрсынов    атындағы  ҚМУ  Гуманитарлық-
әлеуметтік факультетінің деканы, филология ғылымдарының кандидаты 
Журсиналина  Г.Қ.  –  А.Байтұрсынов    атындағы  ҚМУ  Тілдік    даярлау 
орталығының директоры, филология ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы                                                 
                                                           
Құрастырған: 
Акжан Бахытжановна Алтыбаева, Тілдін даярлау орталығының аға 
оқытушысы, гуманитарлық ғылымдарының магистрі.  
 
 
 
«Жоғары оқу орны филология мамандығы студенттеріне көркем мәтінді 
модульдық технология арқылы талдау әдістемесі» Монография  
5В020500 -  Филология мамандығы студенттеріне  арналған - Қостанай, 
2016 - 107 бет 
 
ISBN 978-601-7481-43-8 
 
ӘОЖ 80/81(035.3) 
КБЖ 80 Я73 
 
                                                                                           
 
Монографияда  филология  факультеті  студенттеріне  көркем  мәтінді 
модульдік  технология  арқылы  оқыту  әдістемесі  қарастырылған.  Аталмыш 
жұмыста  көркем  шығарма  тілін  талдаудың  мәні  сипаттама,  салыстыру, 
интерпретациялық  талдау,  концептілік  талдау  әдістері  арқылы  жан-жақты 
ашылып, зерделенген.  
 
А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетінің  
әдістемелік кеңесінде_________2016 жылғы №_________  хаттамасында 
бекітілді. 
 
 
                                                                             ©  Алтыбаева А. Б., 2016 
ISBN 978-601-7481-43-8 

 

Мазмұны 
 
КІРІСПЕ...................................................................................................................   
1.
 
ЖОО ФИЛОЛОГИЯ ФАКУЛЬТЕТТЕРІНДЕ КӨРКЕМ МӘТІНДІ 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ ТАЛДАУДЫ ОҚЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ...................................................................................................... 
1.1. Көркем мәтінді лингвистикалық талдауды оқыту мәселесінің қойылуы..5
 
1.2. «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәнін модульдік технология 
арқылы оқытудың педагогикалық және психологиялық негіздері.................. 9
 
1.3. «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәнін модуль арқылы 
оқытудың дидактикалық және тәрбиелік негіздері......................................... 18
 
2. КӨРКЕМ МӘТІНДІ МОДУЛЬ ТЕХНОЛОГИЯСЫ БОЙЫНША 
ОҚЫТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ.............................................................................30
 
1.2 Көркем мәтінді модуль технологиясы бойынша лингвистикалық 
талдаудың түрлері мен әдістемесі ...…………..................................................30
 
2.2. «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәнін оқытудағы білім 
мазмұны және оқу модульдері............................................................................48
 
2.3. «Көркем мәтінді лингвистикалық талдау» бойынша оқу модульдерін 
оқытудың жолдары мен әдіс-тәсілдері..............................................................65
 
 
ҚОРЫТЫНДЫ........................................................................................................89 
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР........................................................................91 
ҚОСЫМШАЛАР.....................................................................................................99
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

КІРІСПЕ 
 
 «Білім  беру  ісі  Қазақстанның  әлемдегі  бәсекеге  қабілетті  50  елдің 
қатарына  кіру  стратегиясындағы  басты  басымдық,  дамуымыздың  шешуші 
факторы...»  болып  табылады  [1].  Оның  ішінде  жоғары  білім  беру  саласының 
халықаралық  білім  нарығында  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыру  еліміздің 
болашағымен,  тағдырымен  тамырлас  күрделі  мәселе  болып  табылады.  Маман 
дайындаудағы бәсекелестік, адам, еңбек ресурстарына деген тапшылық жоғары 
мектептегі оқу үдерісін басқарумен бірге  оның ұйымдастырудың да жолдарын 
жетілдіруді талап етті. Қазақстанның білім берудің еуропалық кеңістігіне еніп, 
Болонья  Декларациясын  қабылдауы  да  білім  сапасына  жаңа  талаптар  мен 
міндеттер  қойып  отыр.  Осы  орайда  модульдік  оқыту  технологиясын  жоғары 
оқу  орындарында  пәннің  оқу-әдістемелік  кешенін  жасауда  және  оқу  үдерісін 
ұйымдастыруда,  басқаруда  қолдану  көптеген  мәселелерді  шешіп  бере  алады. 
Біріншіден,  модульдік  оқыту  технологиясы  қазіргі  заманда  жоғары  оқу 
орындарындағы кредиттік оқыту жүйесін жүзеге асырудың тиімді жолы болып 
табылады. Екіншіден, модульдік оқыту технологиясы студенттердің білімі мен 
үлгерімін  рейтингтік  жүйеде  іске  асырады.  Үшіншіден,  қазіргі  заманғы  білім 
берудің  жаңа  парадигмасына  сүйенеді,  -  «өміршең»  білімнен  «өмірлік»  білім 
беру  идеясына  бағынады,  жеке  тұлғаны  қалыптастыруда  ғылыми-танымдық, 
ізденімдік-зерттеушілік, шығармашылық әрекеттеріне сүйенеді.  
Білім  беру  мазмұны  мен  формасының,  құрылымдарының  өзгеруіне 
байланысты  жоғары  оқу  орындарындағы  барлық  пәндерді  оқытудың 
әдістемелік  жолдарын  арнайы  қарастыру  бүгінгі  күннің өзекті  мәселесі  болып 
табылады..  Пәнінің  жоғары  оқу  орындарында  оқытыла  бастағанына  да  көп 
уақыт өте қойған жоқ. Мәтіннің өзге бірліктерден жоғары тұрған сөйлеу бірлігі 
ретіндегі  мәртебесі  ХХ  ғасырдың  орта  шенінде  ғылыми  тұрғыдан  мойындала 
бастаса,  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарының  филология  факультеттерінде 
арнайы  жеке  пән  ретінде  ене  бастауы  тек    1983  жылы  басталып,  алғашқы 
бағдарламасы  1986  жылы  жарық  көрді.  Бүгінде  жоғары  оқу  орындарында 
оқытылып жүрген «көркем мәтінді лингвистикалық талдау» пәні негізінен осы 
бағдарлама негізінде оқытылады. Қазіргі таңдағы көркем мәтінді талдап, тануға 
қатысты  жүргізілген  қомақты  зерттеулер,  еңбектер  пәннің  ақпараттық, 
теориялық  базасын  қайта  толықтырып  жетілдіруді,  оны  оқыту  әдістемесін 
арнайы  қарастыруды  қажет  етеді.  Ұсынылып  отырған  зерттеу  еңбегінің 
өзектілігі осы мәселелермен анықталады.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 

1.  ЖОО  ФИЛОЛОГИЯ  ФАКУЛЬТЕТТЕРІНДЕ  КӨРКЕМ  МӘТІНДІ 
ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ 
ТАЛДАУДЫ 
ОҚЫТУДЫҢ 
ТЕОРИЯЛЫҚ 
НЕГІЗДЕРІ 
 
 1.1  Көркем  мәтінді  лингвистикалық  талдауды  оқыту  мәселесінің 
қойылуы 
Мәтінді лингвистикалық талдау тіл білімінің жеке саласы және оқу пәні 
ретінде  барлық  қазақстандық  жоғары  оқу  орындарының  филология 
факультеттерінде оқытылады.  
Бүгінде  мәтін  талдауға  қатысты,  соның  ішінде  көркем  мәтінді  зерттеуге 
қатысты  ізденістер  жаңа  қарқын  алып,  мәтінді  зерттеудің  бағыттары  іштей 
ажыратыла  бастады.  Мәтін  лингвистикасы  психолингвистиканың,  когнитивтік 
лингвистиканың, 
гендерлік 
лингвистиканың, 
этнолингвистиканың, 
функционалды 
грамматика 
мен 
қытысымдық 
тіл 
білімінің 
және 
әдебиетшілердің т.б. зерттеулерімен жан-жақты толықты. Қазіргі кездегі тілдік 
ғылыми  ой-сананың  дамуындағы  жаңа  үрдістердің  –  экспансионизм  (бірнеше 
ғылымдардың  тоғысуы  арқылы  жаңа  «қосарланған»  ғылымдардың  пайда 
болуы)  мен  антропоцентризмнің  («тілдегі  адамды»  жан-жақты  тануға 
бағытталған),  функционализм  (тілдің  қолданысын,  қолданыс  барысындағы 
мағынасын  зерттеуге  бағытталған)  мен    экспланатарлық  зерттеулердің 
нысанына айналды. [Сүлейменова. 3-4-беттен]   
Мәтін  –  бұл  тілдің  барлық  деңгейлеріндегі  бірліктердің  –  дыбыстан 
бастап сөйлемге дейінгі бірліктердің барлығының жүзеге асатын қызмет орны 
болып  табылады.  Алайда  мәтін  тек  өзге  тіл  бірліктері  үшін  қызмет  ортасы, 
контекст  ретінде  қарастырылмауы  керек.  Сондай-ақ  ол  тіл  білімінің  тек  бір 
саласына,  мысалы,  синтаксиске  ғана  қатысты  ұғым  емес,  ол  жан-жақты  әрі 
терең,  кешенді  талдаулар  арқылы  танылатын  күрделі  сөйлеу  бірлігі  болып 
табылады.  Мәтіннің  өзге  бірліктерден  жоғары  тұрған  сөйлеу  бірлігі  ретіндегі 
мәртебесі  ХХ  ғасырдың  орта  шенінде  ғылыми  тұрғыдан  мойындала  бастап, 
мәтін  лингвистикасының  қалыптасуына  ықпал  етті.  Бүгінде  мәтін 
лингвистикасы  ғылыми  ой-сана  өркениетінің  бір  белесінен  хабар  береді. 
«Мәтіннің  өзіне  тән  мәні  мен  болмысы,  ерекшелігі,  шындық  болмыстың 
мәтінде  бейнеленуі,  мәтіннің  түзілу  ерекшелігі,  оны  қабылдаудың  сипаты, 
мәтіндегі  автор  бейнесі  мәселесі  т.б.  жайттарды»  [Ғ.Қалиев.  208-беттен] 
қарастыратын,  «өзара  байланысты  мәтіндердің  құрылу  тәртібі  мен  мағыналық 
жасалуын»  [Николаева  Т.М.  Лингвистика  текста:  Современное  состояние, 
синтаксис и перспективы // Новое в зарубежной лингвистике. Вып. 8. М, 1978. 
267-беттен] зерттейтін ғылым саласы ретінде мәтін лингвистикасын жоғары оқу 
орындарында  оқытудың  маңызы  арта  түсті.  Осыған  орай  «ақпараттық, 
құрылымдық  және  қатысымдық  тұрғыдан  өзара  байланысқан  сөйлеудің  ең 
жоғары және көпқырлы динамикалық бірлігі» ретінде мәтінді талдау әдістемесі 
де күрделенді.  
 
«Көркем  мәтінді  лингвистикалық  талдау»  пәні  қазақстандық 
жоғары  оқу  орындарының  филология  факультеттеріне  1983  жылы  еніп, 
алғашқы  бағдарламасы 1986 жылы,  ал өңделіп,  толықтырылған  нұсқасы  2001, 

 

2002  жылдары  Б.Шалабайдың,  Г.Қосымованың  авторлығымен  қайта  шықты. 
Мәтін  анықтамасына  қатысты  теориялық  мәселелер  мұнда  да  толық 
көрсетілмеген.  Оқу  құралы  мен  типтік  бағдарлама  негізінен  студенттердің 
практикалық  біліктіліктерін  қалыптастыруға  бағытталған.  Осы  мақсатта  оқу 
құралында келесі авторлардың шығармалары лингвистикалық талдаудың үлгісі 
ретінде М.Өтемісовтің,  А.Құнанбаевтың,  С.Торайғыровтың, М.Жұмабаевтың, 
Қ.  Аманжоловтың,  М.Мақатаевтың,  Қ.Мырзалиевтің,  К.Ахметованың 
поэзиялық  шығармалары,  Ы.Алтынсариннің  «Жаз»  өлеңі  мен  «Қыпшақ 
Сейтқұл 
әңгімесі», 
С.Сейфуллиннің, 
Б.Майлиннің, 
Ж.Аймаутовтың, 
Ғ.Мүсіреповтің,  М.Әуезовтің,  С.Мұқановтың,  Ш.Мұртазаның  прозалық 
шығармалары ұсынылады.  
 
Көркем  мәтінді  талдаудың  алғашқы  үлгілері  мен  теориясы 
А.Байтұрсынұлының «Әдебиет танытқышында» берілді. Онда мәтінге қатысты 
мына мәселелер сөз болады:  
1.
 
Көркем  мәтін  семантикасы.  Ғалым  көркем  мәтіннің  семантикасын 
оның  тақырыбынан-ақ  байқауға  болатынына  назар  аударады.  Өлеңнің 
тақырыппен  берілу/берілмеуіне  орай  ішкі  семантикасының  да  өзгеше  болып 
келетінін  айтады:  «...шығарма  сөздің  бәрінің  де  басына  тақырыбы  қойыла 
бермейді. Көбінесе өлең сөздердің басына тақырыбы қойылмайды, өйткені бір 
өлеңнің ішінде бірнеше нәрселер туралы пікір айтылып кетеді» (12-беттен) 
2.
 
Көркем мәтін композициясы. Бүгінгі қазақ мәтіні композициясының 
аңдату, 
мазмұндау, 
қорыту 
бөліктері 
деген 
атауға 
ие 
болуы 
А.Байтұрсынұлының салып кеткен жолы.  
3.
 
Композициялық-сөйлеу  формалары.  Бүгінде  суреттеу,  әңгімелеу, 
ойталқы  деп  аталып  жүрген  сөйлеудің  типтік  формалары  ғалымның 
шығармаларында  әуезе  (әңгімелеу),  әліптеу  (суреттеу),  байымдау  (ойталқы) 
деген ұғымдармен белгілі. Баяндаудың бұл түрлеріне де ғалым алғаш рет толық 
ғылыми анықтама береді: «Дүниедегі нәрсенің қайсысы туралы сөйлесек те, бір 
жағынан ғана емес, әр жағынан алып сөз қылуға болады. Мәселен, бір адамды 
сөз  қылуға  алсақ,  я  ол  адамның  істеген  ісін,  айтқан  сөзін  әуезе  қылып 
сөйлейміз, я тұлға-тұрпатын, кескіні, көркін айтып, пернесін әліптеп сөйлейміз, 
я  болмаса  ол  адамның  істеген  істерінің,  өзінің  жақсы-жаман  болғанының 
мәнісін,  себебін  тексере,  байымдап  сөйлемйіз.  Осыған  қарай  сөйлеген 
сөзіміздің түрі не әуезе, не әліптеме, не байымдама болып шығады» (16-беттен) 
деп, күрделі ұғымды қарапайым тілмен жеңіл түсіндіреді.  
4.
 
Көркем  мәтін  мәдениеті.  Ғалым  еңбегінде  шығарма  сөзі  өңді, 
ұнамды  болу  туралы  қойылатын  шартардың  келесі  түрлерін  көрсетеді:  1)  сөз 
дұрыстығы; 2) тіл тазалығы; 3) тіл анықтығы; 4) тіл дәлдігі; 5) тіл көрнектілігі. 
Бұл  жағынан  келгенде  А.Байтұрсынұлы  жалпы  тіл  мәдениеті  мәселелерін  де 
мәтінмен қиыстырады.  
5.
 
Прагмастилистика  мәселелері.  А.Байтұрсынұлы  бүгінде  белгілі 
болған  прагмастилистикадағы  автордың  идиостилін  бейнелейтін  көріктеу 
құралдарының  –  көріктеу  (эпитет,  айқындаулар),  меңзеу  (теңеу,  ауыстыру, 
бейнелеу,  алмастыру,  кейіптеу,  бернелеу),  әсірелеу    (мезгеу,  әсерлеу  (лептеу): 
арнау,  қайталақтау,  шендестіру,  дамыту,  түйдектеу,  бүкпелеу,  кескіндеу) 

 

қолданысын,  қызметін  нақты  мысалдармен  дәлелдейді.  Ол  оны  жалпы  тіл 
мәдениетінің көрнекілігі шарттарымен байланыста қарастырады.  
6.
 
Поэтикалық  мәтін  мәселелері.  Ғалым  поэтикалық  мәтіндердің 
әуезділігіне ерекше мән береді. Жалпы сөздің және сөйлеудің әуезділігін автор 
қатар  алып,  әуезділіктің  шарттарын  көрсетеді:  «Сөйлеу  құлаққа  жағымды 
болмайды  а)  дауысты-дауыссыз  дыбыстар  ұйлығып  қатар  келгенде;  б) 
сөйлемдер  дұрыс  жасалмаған  кезде...  Сөйлеу  құлаққа  жағымды  болады  а) 
сөйлемдер  дұрыс  жасалғанда,  өрнекті  сөйлемдердің  кестелері  келісті 
жасалғанда  б)  өлеңді  сөйлемдердің  өлшеулері  дұрыс  келгенде»  (53-беттен). 
Осылайша  ғалым  өлең  сөздің  өрнегі,  теориясына  да  нақты  мысалдармен 
дәлелді пікірлер келтіреді. Өлең сөздің интонациясы, ырғағына қатысты құнды 
пікірлер айтады: «...сөздің өлең болып, көңілге ұнап, реттілігінен туатын қасиет 
сөзді  айтқан  кезде  сағаттың  шық-шық  жүргені  сияқты,  тамырдың  бүлк-бүлк 
соққаны  сияқты,  дауыстың  бір  түрлі  ырғақ-ырғағы  болады.  Сағат  шық-шық 
еткенінің,  тамыр  бүлк-бүлк  соққанының  арасы  қандай  бірдей  болса,  сөз 
сөйлегендегі  дауыс  ырғақ-ырғағының  арасы  да  сондай  бірдей  болады.  Сөйтіп 
дауыс ырғақ-ырғағы сөзді бірдей-бірдей буынға бөледі. Сондықтан сөз табиғи 
негізінде  қамыс  сияқты  бунақ-бунақ  буыны  бар  нәрсе  болып  шығады  және 
сөздің  буындары  бір  қалыпқа  құйып  шығарған  кірпіш  сияқты  бірдей  деп 
білуіміз керек (65-беттен)».  
7.
 
Көркем  прозалық  мәтіндердің  жанрлары.  Ғалым  көркем  прозалық 
шығармалардың  халық  ауыз  әдебиеті  жанрларын,  олардың  этнотанымдық 
аспектілерін сөз етеді.  
Сайып  келгенде,  А.Байтұрсынұлының  бұл  оқулығын  көркем  мәтінді 
талдау  лингвистикасының  алғашқы  оқулығы  деуге  болады.  Оқулық  ретінде 
оқырманның  тілі  мен  дүниетанымына  етене  жақын,  шырайлы  да  түсінікті 
тілмен  ғылым  негіздерімен  сусындатады.  Осы  жағынан  алғанда  оқулықтың 
дидактикалық  әлеуеті,  теориялық  қуаты  жоғары  деп  тұжырымдауға  болады. 
Қазірде  осы  салынған  ізбен  көркем  мәтінді  талдау  лингвистикасының  соңғы 
жетістіктерін  оқулыққа  кірістіріп,  толықтырып,  әдістемелік  жағын  жетілдіру 
қажеттілігі туындап отыр.  
 
Бүгінгі  заман  талабына  сай  жоғары  оқу  орындарына  дендеп  енген 
кредиттік  оқу  жүйесі  студенттерге  ұсынылатын  оқу  құралдары  мен 
оқулықтардың  да  сапасы  мен  құрылымына  өзіндік  талаптар  қояды.  Бүгінде 
жоғары  оқу  орындарының  филология  факультеттерінде  қолданылып  жүрген 
«Көркем  мәтінді  талдау  лингвистикасы»  оқу  құралы  осы  кредиттік  жүйе 
талаптарына  бейімдеуді  қажет  етеді.  Сондай-ақ,  оның  теориялық  базасын 
толықтыру, нығайту да өз кезегін күтіп тұр.  
 Дегенмен,  «Көркем  мәтінді  лингвистикалық  талдаудың»  бүгінгі 
қолданылып  жүрген  оқу  құралының  өзіндік  жетістігі  –  практикалық 
құндылығында  екенін  айту  керек.  Қазақ  прозасының  алғашқы  үлгілерінен 
бастап,  кейінгі  классикалық  туындылардағы  олардың  тілдік  өрнектерінің 
жалғастығын  көрсету  оқу  құралында  басшылыққа  алынғандығын  байқауға 
болады. Көркем мәтінді талдауда келесі ұстанымдар басшылыққа алынған:  

 

 1.  Тарихилық  ұстанымы.  Авторлар  кейбір  авторлардың  шағармаларын 
талдауда мағынасы түсініксіз сөздердің тарихына тоқталып, мағынасына талдау 
жасайды.  Ол  әсіресе  М.Өтемісұлы,  Абай  Құнанбаевтың  өлеңдерін  талдауда 
ерекше  көрінеді.  Себебі  ақындардың  өмір  сүрген  дәуірі  олардың 
шығармаларындағы  осындай  мағыналары  күңгірт,  көпшілікке  беймәлім 
сөздерді  түсіндіруді  қажет  етеді.  Мысалы,  М.Өтемісұлының  «қалықпандай», 
«тарпаңдай»,  «керіскен»,  «бұлан»,  «қырқарлану»  т.б.  көптеген  сөздердің 
семантикасына талдау жасалынады. Сондай-ақ, ақынның өзіне тән салтанатты, 
ұранды,  мағынасы  көтеріңкі,  салтанатты  мазмұнды  сөз  қолданыстары  ерекше 
тартымды шыққан.  
 2.  Осы  ұстаныммен  орайлас  авторлар  әлеуметтік-танымдық  ұстанымды 
да басшылыққа алады. Ол дегеніміз, ақын-жазушылардың өмір сүрген ортасын 
суреттеп  қана  қоймай,  сол  ортаның  құндылықтарын  бейнелейтін  сөздерге 
ұғым-түсінік беріліп отырады. Олардың әлеуметтік мәніне тоқталады. Мысалы, 
«закүншік», «старшын», «арызшы», «пысық» т.б.   
 3. Автордың дара стилін айқындау ұстанымы. Кез келген шығарма оның 
авторының шығармашылық болмысын танытады, сол себепті шығарма арқылы 
автордың  тілдік  шеберлігін  жіті  көзбен  байқап  көре  білу  ерекше 
байқампаздықты  қажет  етеді.  Бұл  орайда  оқу  құралындағы  жүргізілген 
талдаулардың  мақсаты  айқын,  мысалдары  жарқын  шыққан.  Авторлық  жаңа 
қолданыстарды  тауып,  автордың  әдеби  тілге  қосқан  үлесін,  тілдегі  жеткен 
табысын  анықтауға  ерекше  мән  береді.  Мысалы,  Абай  шығармаларындағы 
«ғылым  бағу»,  «ғылым  табу»,  «ғылым  іздеу»,  «ғылым  оқу»,  «ми  кептіру» 
сияқты сөз қолданыстары авторлық даралықты айқын танытатын мысалдар.    
4.  Функционалдық  ұстанымы.  Шығарманы  талдауда  авторлар  тіл 
бірліктерінің мағынасын нақты контекстегі қызметі тұрғысынан, сол контексте 
алып  қарастырады.  Функционалдық  ұстаным  бойынша,  мәтіннің  тілдік 
ұйымдасуына  тірек  болған  тілдік  деңгейлердегі  әрбір  тілдік  бірлік  талданады. 
Лексикалық 
бірліктердің, 
грамматикалық 
тұлғалардың, 
дыбыстардың 
қолданысы функционалдық аспектіде қарастырылады.  
5.  Концептуалдық,  семантикалық  ұстаным.  Тіл  бірліктерін  тек  деректік 
мақсатта  талдамайды,  әрбір  талдау  автордың  концептуалдық  көркем 
көзқарасымен байланыстырылып отырады. Мәтін астары арқылы, мәтіннен тыс 
берілетін  мәнге  аса  көңіл  бөледі.  Көзге  көрініп  тұрған  ақпарат  пен  көзге 
көрінбейтін,  мәтіннен  туындайтын  астарлы  ақпаратқа  және  оны  жеткізуші 
тілдік бірліктерге назар аударылады (78-беттен).  
6.  Автор-кейіпкер  категорияларының  қатынасын  басшылыққа  алу 
ұстанымы.  Бұл  ұстаным  бойынша  прозалық  шығармалардағы  баяндаудың 
түрлері, автор бейнесі мен бөгде сөзді беруші тілдік бірліктердің стилистикасы 
талданады.  Б.Майлиннің  «Қанды  кек»  шығармасы  кейіпкердің  сөзі,  баяндау 
мәнері  нақты  тілдік  деректер  арқылы  сипатталса,  бүгінде  қазақ  прозасының 
классикалық  үлгісіне  айналған  «Шұғаның  белгісі»  романы  автор  образының 
берілуі тұрғысынан ерекше талдау нысаны бола алған.  
7.  Мазмұн  мен  форманың  бірлігі  ұстанымы.  Жалпы  алғанда  барлық 
ұстанымдарға  осы  қағида  негіз  болған  деуге  де  болады.  Себебі  тілдік  талдау 

 

тілдік  деректерге  сүйенеді,  ал  тілдік  дерек  ол  тек  мазмұнның  сыртқы  қабаты. 
Авторлар  тілдік  деректерді  түсіндіруде  оның  тек  сыртқы  тілдік  пішініне  ғана 
емес,  оның  тұтас  шығарма  мазмұнымен  қатынасын,  контекспен,  шығарманың 
ішкі мәнімен байланысына баса назар аударады.  
 
1.2.  «Көркем  мәтінді  лингвистикалық  талдау»  пәнін  модульдік 
технология  арқылы  оқытудың  педагогикалық  және  психологиялық 
негіздері 
 
 
Қоғамдық  талаптардың  өзгеруімен  жоғары  кәсіптік  білім  алудың 
мақсаты  мен  міндеттері,  мазмұны  да  жаңа  сипат  ала  бастады.  Білім  берудің 
барлық  сатысына  дендеп  ене  бастаған  әрекет  теориясының  негіздері  жоғары 
мектеп педагогикасында да басшылыққа алынады. Студент және оның әрекеті 
бірінен-бірі  ажырағысыз  ұғымдар,  әрекетсіз  адам  жеке  тұлға  ретінде 
танылмайды.  Ал  жеке  тұлға  дегеніміз  ол  тек  қандай  да  бір  мінезге, 
темпераментке,  қабілетке,  бір  сөзбен  айтқанда,  психологиялық  қасиет-
сапалардың  жиынтығына  ие  тұлға  ғана  емес.  А.Н.  Леонтьевтің  ойынша,  жеке 
тұлға «...қайталанбайтын тұтастық, жүйелілік және ол ең жоғары жинақтаушы, 
біріктіруші  инстанцияның  қызметін  атқарады»  [Леонтьев  А.Н.  Деятелность. 
Сознание. Личность. М., 1975. 160-беттен].  
 
Жеке  тұлғаның  әлеуметтік  сапа-қасиеттерге  ие  болуы  оның  ең 
басты  белгісі  болып  табылады.  Оның  қоғамдық  қатынастарға  араласауы 
«индивидттің өзгелермен бірлесе отырып жүзеге асыратын әрекеті мен қарым-
қатынасқа  түсуі  нәтижесінде  қалыптасады»  [Психология.  Словарь.  М,  1990. 
193-беттен]. Жеке тұлға қоғамдық қатынастарға араласып қана қоймайды, оған 
қажетті  материалдық  және  рухани  құндылықтарды  жасап  шығарады,  соның 
арқасында қоғамның дамуын алға жетелеуші факторға айналады.  Оның басты 
қасиеті  –  жасампаздығында.  Осыған  байланысты  экзистенциалды  және 
гуманистік  философияның  айтуынша,    жеке  тұлғаға  тән  басты  белгі  – 
шығармашылық  әлеуеті.  Ол  өзгелерге,  қоғамға  қажетті  дүниелерді  ойлап 
шығару  арқылы  өзінің  маңыздылығын  түсінеді,  өзін  жетілдіреді,  өзін  іске 
асырады. 
 
Жеке  тұлға  сонымен  қатар,  қайталанбайтын  даралыққа,  ерекше 
қасиет-сапаларға ие. Оның осы қасиеті мәдениеттің дамуында қайталанбайтын 
дүниелерді  өмірге  әкелді.  Шығармашылықтың  көзі  оның  даралығында,  сол 
себепті  оны  қалыптастыруда  да  осы  қасиеттеріне  айрықша  көңіл  бөлу  керек. 
Жеке  тұлғаға  философияда  мынадай  анықтама  беріледі:  «Жеке  адам  - 
әлекуметтік  индивид  ретіндегі  адам,  қоғам  мүшесі...  Әр  адамның  өзіне  тән 
мінез-құлқы,  интеллектісі,  сезім-түйсігі  болады.  Сол  қасиеттердің  толықтығы 
жеке  адамның  психикасын  құрайды.  Жеке  адамның  психикалық  даралығы 
белгілі  бір  дәрежеде  психикалық  күйлерінің  (қайғыруы,  тәртіп  мотивтері  т.б.) 
өзгеруіне  қарамастан,  әрдайым  өз  қалпын  сақтай  алады,  ол  өмір  жағдайлары 
мен  нерв  жүйесінің  тұрақты  ерешеліктеріне  байланысты.  Психикалық  күй 
қызмет  процесіне,  адам  болмысындағы  өзгерістерге  байланысты  ауытқып 
тұрады.  Жеке  адамның  психикалық  құрылымы  белгілі  табиғи  ерекшеліктерді 

 
10 
қажет  етеді,  алайда  жеке  адам  психикасының  дамуында  қоғамдағы  ахуалдар 
мен  олардың  өзгеруі  шешуші  рөл  атқарады»  [Философиялық  сөздік.  Алматы: 
ҚЭ, 1996, 157б]. 
 
Демек,  жеке  тұлғаға  өзіндік  психикалық  құрылымдар  тән  болумен 
бірге,  ол  өзінің  даму,  қалыптасуы    барысында  әлеуметтік  ортаға  бағынышты 
болады.  Сол  себепті  қоғамдық  сұраныстар  мен  жеке  тұлғаның  ішкі 
қажеттіліктерінің  арасында  тепе-теңдік,  үйлесімдіктің  болуы  шарт.  Осыған 
байланысты педагогикада «эксклюзия» ұғымы қолданыла бастады. Ол дегеніміз 
–  адамның  қоғамдық  өмірден  аластатылуы,  әлеуметтік  игіліктер  мен 
құқығының болмауы немесе оған қандай да бір тосқауыл қойылуы [Шмидт В.Р. 
Социальная  эксклюзия  и  инклюзия  в  образовании:  Учебно-методическое 
пособие.  М.,  2006].  Бұл  мәселе  білім  берудің  барлық  буынында  байқалады. 
Жоғары  оқу  орнын  бітірген  жас  мамандардың  өз  орнын  таба  алмай,  басқа 
салаға  ауысуының  бір  себебі  осы  мәселенің  салдарынан  болып  отыр. 
Әлеуметтік эксклюзия жеке адамның немесе қоғам өміріндегі кейбір топтардың 
қажеттіліктері  мен  құқығына  қол  сұғылуына,  қорғалмауына  бағытталған 
әрекеттердің  салдарынан  туындайды.  Эксклюзияға  қарама-қарсы  ұғым  – 
инклюзия өзін және өзгелерді шыдамдылықпен, төзімділікпен (толерантность) 
және  түсіністікпен  қабылдауды  білдіреді.  Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  пәнінің 
болашақ  мамандарын  дайындауда  олардың  мәтінтану  мен  мәтінді  талдау 
әдістемесі  жағынан  жан-жақты  қалыптасқан  тұлға  етіп  шығару  бұл  үдерістің 
алдын алуға тежеу бола алатыны анық.   
И.Канттың  ойынша,  адамның  жеке  тұлға  болуы,  дамып,  қалыптасуы 
өзіндік  «Менің»  адамгершілік  заңдарына  бағындыра  алатын  сана-сезімінің 
арқасында  мүмкін  болады.  Жеке  тұлғаның  «Мен»  мәселесі  көптеген 
зерттеулерге  түрткі  болды.  Психологтар  мен  педагогтардың    пайымдауынша, 
адамның жүріс-тұрысы, үлгерімі оның өзін-өзі бағалауымен, өзіне деген қарым-
қатынасымен  анықталады.  Қазақтың  «өз-өзіңді  жаттай  сыйла,  жат  жанынан 
түңілсін»  деген  мақалы  да  осыны  дәлелдейді.    Ал  адамның  «Мен-
тұжырымдамасы»  дегеніміз  –  бұл  индивидтің  өзі  туралы  ұғым-түсініктерінің, 
өзіне деген бағалауыштық көзқарастарының жиынтығы» [Бернс. 30-беттен]. Ол 
адамның  әлеуметтік  дамуы  барысында  пайда  болып,  соның  нәтижесі  ретінде 
көрінеді.  Сонымен  қатар,  ол  адамның  сәби  кезінен  бастап,  қартайған  шағына 
дейін  өзінің  ізін  қалдырады.    Оның  қалыптасуы  бастапқы  кезде  сыртқы 
факторларға  тәуелді  болса,  бірақ  кейін  ол  дербес  дамиды.  Адамның қоршаған 
өмірге, өзге адамдарға деген қарым-қатынасы Мен-тұжырымдамасынан сүзіліп 
қалыптасады. Демек, адамның Мен-тұжырымдамасы адамның 1) «Мен бейнесі» 
және  оған  деген  2)  «өзіндік  бағасы»,  2)  алдыңғы  екеуінің  нәтижесінде  белгілі 
бір мазмұнға ие болатын жүріп-тұру әрекеті элементтерінен тұрады. Адамның 
оқуға  үлгерімі,  жұмыста  жетістікке  жетуі  оның  өзі  туралы  ойларының, 
пікірлерінің  нәтижесінде  ғана  іске  асады.  Студенттің  әлеуметтік,  кәсіби 
құзыретін  дамыту  оның  жеке  тұлға  ретінде  қалыптасуына,  өзін-өзі  іске 
асыруына,  жетілдіруіне  жол  ашады,  қарым-қатынас  психологиясы  мен 
мәдениетін  игеруіне  әсер  етеді.  Жеке  тұлға  психологиясында  немесе 

 
11 
субъективтік  психологияда  адамды  жеке  тұлға  ретінде  танудың  мынадай 
шарттары көрсетіледі: 
- өз өмірінің субъектісі болу, басқаша айтқанда, өз өмірінің қожасы болу  
(быть субъектом собственной жизнедеятельности); 
- белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асырушы субъект болу, басқаша айтқанда, 
белгілі  бір  салада  өзінің  әрекетін  жүзеге  асыру  (быть  субъектом  предметной 
деятельности); 
-  қарым-қатынас  әрекетінің  субъектісі  болу,  яғни  қарым-қатынасқа 
қатысушы  ғана  емес,  оны  басқарушы,  өзегі  бола  білу  (быть  субъектом 
деятельности общения); 
-  «Мен»  туралы  саналы  әрекеттің  субъектісі  болу  -сезімнің  субъектісі 
болу  (быть  субъектом  деятельности  самосознания  собственное  «Я» 
самосознания). 
Адамның қоршаған ортада өзін-өзі дамытуға түрткі болатын субъективті 
мазмұнға  ие  іс-әрекет  болмысы  жеке  тұлға  психологиясының  негізгі  зерттеу 
нысаны  болып  табылады.  Онда    жеке  тұлғаның  іс-әрекетіне  тән  мынадай 
ерекшеліктер көрсетіледі:  
Біріншіден,  жеке  тұлға  деп  өзіндік  биологиялық  қасиет-сапаға  ие  бола 
отырып,  әлеуметтік  ортамен  қарым-қатынасқа  түсе  алатын  адамды  айтамыз. 
Мұнда  адамның  табиғи  психофизиологиялық  ерекшелігі  мен  сыртқы 
әлеуметтік  ортаның  өзара  әсері  және  үйлесімділігі  маңызды  болып  табылады. 
Екіншіден, жеке тұлға деп белгілі бір материалды, рухани құндылықтар арқылы 
өзін-өзі  таныта  алатын  адамды  айта  аламыз.  Жеке  адамды  оның  материалды, 
рухани  іс-әрекетінің  мазмұнына,  нақты  іс-әрекетке  және  сыртқы  ортамен 
қарым-қатынас  жасауға  негіз  болған  құндылықтар  дүниесіне,  өз  өмірі  үшін 
анықтаған  «мәнді  білімдерді»  тани  аламыз.    Рухани  және  материалды 
мәдениетте өзін-өзі танытуын айтамыз.  
Үшіншіден,  жеке  тұлға  деп  әрекетті  жүзеге  асырушы  және  қарым-
қатынас  іс-әрекетінің  субъектісі  бола  алатын  адамды  айтамыз.  Бұл  жерде 
қарым-қатынас жасау мен қатысым терминдерінің айырмашылығы бар. Қарым-
қатынас барлық индивидтерге тән қасиет болса, қатысым өмір сүру барысында 
инструменталды сипатқа ие болады. Орыс ғалымы Петровский жеке тұлғаның 
осы  қасиетін  алдыңғы  орынға  қояды.  Оның  ойынша,  «адам  өзгелердің  сана-
сезімінде, өмірінде» қаншалықты бейнеленсе, соншалықты оның тұлға екендігі 
анықталады. Демек, қатысым құзыретін  әлеуметтік мәнді, маңызды қажеттілік 
ретінде түсіну керек.  
Төртіншіден, тұлға болу деген сөз – өзінің сана-сезімінің субъектісі болу. 
Белгілі бір сана-сезімнің субъектісі болу деген сөз – адамның жас ерекшелігіне 
қарай  дамуы  барысында  өзіндегі  «МЕН»  туралы  білімдерін  аша  алуы 
[И.С.Кон], тұлғаның өзіне баға беруі (самооценка) [Н.С.Неймарк, А.И.Липкина 
т.б.]; өзінің жүріп-тұруын моральдық тұрғыдан қадағалау [С.Г.Якобсон]; өзінің 
қарым-қатынастар  жүйесіндегі  «қайшылықты  мәндерден»    (конфликтные 
смыслы) МЕН бейнесін тани алуы.  
Көріп  отырғанымыздай,  барлық  жағдайда  да  жеке  тұлғаға  тән  басты 
ерекшелік оның субъектілігі. Гегель ол туралы мынадай пайымдаулар жасайды: 

 
12 
«То,  чего  не  достает  рабу  –  это  признания  его  личности;  принцип  же  его 
личности  есть  всеобщность.  Господин  рассматривает  раба  не  как  личность,  а 
как  не  обладающую  самостоятельностью  вещь,  сам  раб  не  числится  «Я»,  его 
«Я» есть господин». Басқаша айтқанда, тұлға болу - өзіне-өзі би болу.   
Жалпы  психологиялық  әдебиеттерде  «жеке  тұлға  кім?»  деген  сұраққа 
толық  әрі  бір  мағыналы  жауап  беру  қиын  екендігі  айтылып  жүр.  «Адам 
индивид  болып  дүниеге  келеді,  тұлға  болып  қалыптасады,  ал  даралығын 
дәлелдейді»  деген  қанатты  сөз  жеке  тұлға  жөніндегі  пікірлердің  түп  мәнін 
құрайды деуге болады.  В.М.Кроль  жеке  тұлғаға  мынадай  анықтама  береді: 
«Жеке  тұлға  өмір  сүру  барысында  қалыптасатын  психикалық  қасиет-
сапалардың  дараланған  жиынтығы,  сол  арқылы  адамның  қоғамдық  ортада 
ойлау, жүріп-тұру ерекшелігі анықталады» [М.Крол. Психология и педагогика. 
М,  Высшая  школа,  2004.  325-б,  97-беттен].  Р.Мейли  оған  мынадай  анықтама 
береді:  «әрбір  жеке  адамды  бір-бірінен  ажыратып  тұратын  психологиялық 
қасиет-сапалардың  жиынтығы...  Кең  мағынасында  тұлға  термині  мінез 
(характер),  темперамент  және  қабілет  және  адамның  осы  үш  аспектісін 
құрайтын  ұғымдардан  тұрады»  [Мейли  Р.  Структура  личности  // 
Экспериментальная  психология/  Под.ред.  П.Фресса  и  Ж.Пиаже.  М,  1975.  Т5. 
196-283.  197-беттен].  Ж.Нюттен:  «Адам  индивидтің  психологиялық  ұйымдасу 
ансамблі» [Ньюттен Ж. Мотивация // Экспериментальная психология / Под ред. 
П.Фресса и Ж.Пиаже. М, 1975. Т5. 15-110. 23-беттен], Г. Айзенк: «жеке тұлға 
адамның өзге адамға ұқсамайтын, өзіне ғана тән танымдық, аффективтік және 
физикалық қасиеттерінің интеграциялы ұйымдасуы» деген анықтамалар береді 
[Айзенк  Г.Ю.  Количество  измерений  личности:  16,5  или  3?  –  критерии 
таксономический парадигмы // Иностранная психология.  1993. №2 – Т1. стр.9-
23].  С.Қалиев  т.б.  ғалымдар  жеке  тұлғаны  жоғары  дәрежеде  кіріккен  
(интеграцияланған), үнемі өсу үдерісінде болатын әлекметтік жүйе деп таниды 
[Қалиев С. ж.б. Оқушылардың тұлғалық қасиеттерін дамытудың педагогикалық 
негіздері. –А, Білім, 2001. 53-б]. 
Әрбір адам өзінің дамуы барысында жеке тұлға болуға, шығармашылық 
және  адамгершілікті  даралық  ерекшелігін  қалыптастыруға  негіз  болатын  тума 
және әлеуметтік шартты қажеттіліктерді басынан кешіреді.  
Жеке  тұлғаның  дамуы  индивидтің  белгілі  бір  әлеуметтік  мәдени  ортаға, 
яғни  күрделі  әлеуметтік  құрылымға  ие,  оның  мүшелері  мен  топтары 
иерархиялылыққа  бағынған,  қалыптасқан  жүріп-тұру  нормаларына  бағынатын 
белгілі  бір  қауымдастыққа  ену  үдерісін  білдіреді.  Ол  қалыптасу  процесі 
барысында бейімделу, даралану, жалпылану фазаларын басынан өткереді: 
  
 
 
 
 
 
 
Жалпылану –  
дара қасиеттері мен 
әлеуметтік нормалардың 
жалпыланып үйлесім табуы 
Даралану – 
генетикалық 
факторлардың 
дамуы 
 
Бейімделу – 
әлеуметтік құндылықтар 
мен жүріп-тұру 
ережелерін меңгеру 
 

 
13 
Жеке  тұлғаның  қалыптасуының  алғашқы  фазасында  адамның  бастапқы 
кезеңдегі  дамуы  жүзеге  асады.  Бұл  сатыда  адам  қоғамдық  құндылықтар  мен 
қалыптасқан  жүріп-тұру  ережелерін  бұлтартпай  қабылдауы  басым  болады. 
Алайда,  екінші  фазаға  тән  үдеріс  адамның  алғашқы  фазадағы    даму 
ерекшеліктеріне  тікелей  байланысты  болып,  соның  нәтижесінде  қалыптасады. 
Себебі,  жеке  тұлғаның  қалыптасуы  көп  жағдайда  оған  генетикалық  жолмен 
берілген  қабілет,  мотив,  қажеттіліктердің  дамуы  нәтижесінде  анықталады. 
Осыған  байланысты  адамның  дамуында    екіжақты  қайшылық  орнайды: 
генетикалық  және  әлеуметтік  бейімделу.  Осылардың  қайшылығынан  адамның 
дамуының бейімделу процесінде қиындықтар туындайды. Бұл қиындықтар өзге 
барлық  адамдар  сияқты  «көптің  бірі  болу»  туралы  қоғамдық  тенденциядан 
максималды  түрде  өзін-өзі  даларау  арқылы  «өзімен  өзі  болуға»  бағытталған 
дамудың  қайшылықтарынан  туындайды.  Егер  адам  өзі  өмір  сүріп  отырған 
ортаға  (топ)  бейімделе  алса  интеграциялану,  даралану  фазасының  сәтті 
аяқталғандығын  білдіреді.  Қоғамдық  қажетті  құндылықтар  мен  моральдық 
нормалар қатаң қалыптасқан ортада интеграциялану жағдайында оның бойында 
әділеттілік, гумандылық, талап қойғыштық т.б. өмір сүруде жүзеге асыратын іс-
әрекетіне  қатысты  қасиет-сапалар  қалыптасады.  Алайда  даралану  және 
жалпылану  фазасында  бейімделуге    байланысты  қиындықтарды  жеңе  алмаған 
қиын  жағдайларда  адамда  кері,  жағымсыз  қасиеттер  дамиды:  тәуелді  болу, 
жігерсіздік  таныту,  өзіне,  өзінің  мүмкіншілігіне  деген  сенімінің  төмен  болуы 
т.б. Мұндай жағдайда адам өзгелерге қарағанда өзінің ғана қолынан келетін істі 
жүзеге  асыруға  деген  қабілетінің  төмен  екендігіне  өзі  сенетін  болады.  Осы 
тұрғыдан  келгенде  жеке  тұлғаның  дамуы  мен  қалыптасу  процесі  негізінен 
тәрбиеге  және  қоршаған  ортаның  жағдайына  байланысты  екендігі  көрінеді. 
Жеке  тұлғаның  дамуында  оның  қан  арқылы  берілетін  қасиет-сапалары  мен 
қабілеті  шешуші  рөл  атқарады  деуге  болмайды.  Сол  сияқты  жеке  тұлғаның 
дамуы  мен  қалыптасуында  әлеуметтік  факторлар  шешуші  рөл  атқарады  деп 
ойлау  да  дұрыс  болмайды.  Ең  маңыздысы  –  адамның  тума  тұлғалық 
қасиеттерін тәрбиелеу мен дамытуды сапалы жүзеге асыру болып табылады.  
 
Жоғары  оқу  орнының  студентінің  жас  ерекшелігі  негізінен 
жалпылану  фазасына  сәйкес  келеді.  Студент  үшін  кәсіптік  құндылықтар, 
қоғамдық  құндылықтар  алдыңғы  орынға  шығады.  Оқытудың  аксиологиялық 
негіздеріне сүйенетін болсақ, адам қоғамдық ортада өзін-өзі, өзінің бойындағы 
қасиеттері  мен  ұлттық  табиғатын,  ішкі  мәдени  құндылықтары  мен  адами 
болмысын  сақтап  қалуды  мұрат  етеді.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  білім  тек  
мемлекеттік  стандартпен  өлшенген,  пән  мазмұнында  берілген  ақпараттарды 
жеткізуді  ғана  мақсат  етпейді.  Бұл  білімнің  өмірлік  мәні  мен  маңызын 
төмендететін  тар  түсінік  болады.  Қазіргі  жаңашыл  педагогиканың  ұстанатын 
тұжырымдары  бойынша,  білімнің  маңызы  пән  арқылы  рефлексивті  ойлауға 
және таным жолдарын меңгертуге қызмет ете алуында. Жеке тұлғаның таным 
мүмкіншілігі шексіз және оның ең негізгі қозғаушы күші өзі болып табылады. 
Білім  осы  орайда  жеке  тұлғаның  өзін-өзі  қалыптастыруына,  жетілдіруіне, 
дамытуына,  дербес  әрекет  ете  алуына  әсер  ететін  әлеуметтік  фактор  болып 
саналады.  Жеке  тұлғаның  өз  бетімен  білім  алу  теориясының  қазіргі  заманда 

 
14 
алдыңғы  орынға  шығуы  осындай  адам  құндылықтарының,  қажеттіліктерінің 
өзгеруіне    байланысты  болып  отыр.  Бүкіл  ғұмыры  барысында  адамның 
қоғамдық және жеке өмірінде үйренетін нәрселері өте көп және оны уақытпен, 
адамның жасымен шектеуге келмейді. Философиялық тұрғыдан келетін болсақ, 
өмір  –  мәңгілік  қозғалыс,  ол  бір  орында  тұрмайды,  өмірмен  бірге  адам 
танымының алдында да алынуы тиіс жаңа белестер туындайтыны хақ. «Мәңгі 
оқып  өмір  сүр»  қағидасы  адам  танымының  шексіздігін  көрсетеді,  осыған 
байланысты  қазіргі  білім  берудің  басты  қағидасы  адамды  түрлі  танымдық 
әрекеттерге  үйретуді  негізге  алады.  Осы  тұрғыдан  келгенде,  тілді  үйретудің 
аксиологиялық 
талаптарын 
ескеру 
студенттердің 
коммуникативтік  
құзыреттілігін  қалыптастырудың  негізгі  шарттарының  бірі  болып  табылады. 
Аксиологиялық тұрғыдан келгенде, оқу үдерісі студент үшін құндылық болып 
табылатын  дүниелерді  меңгеруіне,  қоғамдық  ортада  өзін-өзі  еркін  жүзеге 
асыруына  қажетті  біліктіліктер  мен  дағдыларды  игеруіне  оңтайлы  жағдай 
жасауы тиіс.  
Бүгінгі  білім  берудің  осы  парадигмасы  оқу  үдерісін  технологиялық 
жағынан жаңғыртуды, жетілдіруді және оның логикалық-құрылымдық жүйесін 
нақтылауды  қажет  етеді.  Бұл  мәселелерді  оқу  үдерісін  модульдік 
технологияның негіздеріне сүйене отырып қайта құру арқылы шешуге болады.  
Модульдік  технология  студентке  тұлғалық-бағдарланған  көзқарас 
тұрғысынан  келеді,  сол  себепті  ол  жай  оқушы  емес,  ол  өзін-өзі  үйретіп, 
дамытушы  негізгі  тұлға.  Ал  оқытушы  студенттің  осы  ғылыми,  оқу-таным 
әрекетін ұйымдастырып, басқарушы, үйлестіруші, бақылаушы,  оның тиімді әрі 
сапалы өтуін қамтамасыз етуші тұлға болып табылады.  
Модульдік технология алғаш рет өткен ғасырдың 60 жылдарында АҚШ-
тың, Еуропаның оқу орындарында дәстүрлі оқыту жүйесіне альтернативті жүйе 
ретінде  пайда  болды.  Модульдік  технологияны  қолдаушы  әдісткерлердің 
ойынша, ол педагогиканың барлық прогрессивтік теориялық және практикалық 
жетістіктерін  өз  бойына  жинақтаған  тиімді  технология  болып  саналады.  Онда 
оқушының белсенді әрекеті  нақты логикаға бағынады және ол әрекеті өзін-өзі 
бақылау арқылы бекітіліп отырады, оқу-танымдық әрекеті барынша дараланған 
болып  келеді.  Модульдік  оқытудағы  бұл  идея  бағдарламалық  оқытудан 
алынған.  Оқушының  әрекетін  бағдарлау  идеясы  ақыл-ой  әрекетін  сатылай 
қалыптастыру  идеясына  негізделген.  Сондай-ақ,  оқушылардың  әрекетін 
басқарудың  икемділігін  қамтамасыз  ету  нәтижесінде  оқушының  өзін-өзі 
басқаруын  ұйымдастыру  оқу  үдерісінің  кибернетикалық  қыры  туралы  идеяны 
басшылыққа  алады.  Психологиядағы  рефлексиялылық  идеясы  да  модульдік 
технологияның  басты  идеясына  айналды.  Саралап  оқытудың  теориясы  мен 
практикасы,  оқу  үдерісін  оңтайландыру,  проблемаландыру  –  барлығы 
модульдік  оқытудың  негіздеріне  алынып,  оқу  үдерісін  ұйымдастыру 
ұстанымдары  мен  ережелерін,  әдістері  мен  оқу  формаларын  белгілеуде 
басшылыққа алынады.  
Оның теориялық негіздері П.Юцявичененің монографиясында жан-жақты 
талданып,  С.Я.  Батышев,  КЯ.  Вазина,  Н.Н.  Суртаева,  Т.Н.  Шамованың  т.б. 
еңбектерінде  жалғасын  тапты  [Юцявичене  П.  Теория  и  практика  модульного 

 
15 
обучения.  Каунас,  1989.].  Мұнда  оқушы  модульмен  жұмыс  барысында  оқу-
танымдық  мақсатқа  өзінің  дербес  әрекет  етуі  арқылы  қолжеткізеді.  Отандық 
және  шетелдік  тәжірибелі  мамандар  теориялық  материалдарды  блоктік-
модульдер арқылы ірілендіру, оқу әрекетінің алгоритмін құру, оқу әрекеті мен 
таным циклдерінің өзара аяқталған және үйлестіріп беруін қаматамасыз ететін 
модульдік  оқытудың  тиімділігін  мойындап  отыр.  Оның  өзге  технологияларға 
ұқсамайтын  өзіндік  ерекшеліктері  бар.  Біріншіден,  оқу  мазмұны  аяқталған 
дербес  кешендерді  (ақпараттық  блок)  құрайды  да,  оны  меңгеру  мақсатқа  сай 
жүзеге асырылады. Екіншіден, студент пен оқытушының қарым-қатынас жасау 
формасы  да  өзгереді.  Екіжақты  қарым-қатынас  модульдер  арқылы  және  өзара 
жеке қатынасқа  түсу  арқылы жүзеге  асырылады.  Үшіншіден, оқушы  барынша 
дербес әрекет етеді, өз әрекетін өзі ұйымдастырады, өзін-өзі бақылайды, өзіне 
өзі баға береді. Бұл жағдай студенттің өзін-өзі түсінуіне, өзінің біліміне өзінің 
баға  беруіне,  нәтижесінде  өзінің  дамуына  өзінің  түрткі  беруіне  негіз  болады. 
Сол себепті модульдік оқытудағы дамуды жетелуші басты күш студенттің өзі, 
өзіндік  субъективтік  фактор  болып  табылады.  Оқытушының  да  бұған  қатысы 
бар, студенттердің оқу әрекеттерін тікелей емес,  модульдер арқылы басқарады. 
Мұндай  жағдайда  студенттердің  біліміні  бағалауда  да  объективтіліктің  болуы 
қамтамасыз  етіледі.  Төртіншіден,  модульдердің  болуы  оқытушыға  әрбір 
студентпен  оның  шама  шарқына  қарай  жеке  жұмыс  істеуге  мүмкіндік  береді. 
Т.И.Шамованың  ойынша,  модульдік  оқытудың  басты  артықшылығы  оның 
паритеттілігінде,  яғни  оқу  үдерісіндегі  студент  пен  оқытушының  субъект-
субъектілік  қарым-қатынасына  негізделуінде.  [Шамова  Т.И.  Основы 
технологии модульного обучения. // Химия в школе. 1995, №2.]     
Модуль  дегеніміз  –  оқу  мазмұны  мен  оны  игеру  технологиясының 
мақсатты  біріктірілген,  сөйтіп  тұтастыққа  келтірілген  бөлігі.  Модульді 
модульдік  оқытудың  басты  құралы  десек  те  болады.  Оған  оқу  әрекетінің 
мақсатты  жоспары,  ақпараттардың  жиынтығы,  дидактикалық  мақсаттарға 
жетуге  қажетті  әдістемелік  нұсқаулықтар  енеді.  «Модуль»  ұғымы  алғашқыда 
түрлі ақпараттық жүйелер мен құрылымдарға қатысты олардың икемділігі мен 
өзгермелілігін  қамтамасыз  ететін  конструкция  мағынасында  информатикада 
қолданылған.  Сондай-ақ,  «модуль»  ұғымы  халықаралық  термин.  ЮНЕСКО-
ның  тезаурусында  модуль  сөзінен  жасалған  модульдік  әдіс,  модульдік 
дайындық,  модульдік  кесте,  модульдік  тұрғыдан  қарастыру  ұғымдары 
қолданылады.    Модульдік  тұрғыдан  оқыту  оқу  материалын  рәсімдеу,  оны 
аяқталған  бірліктерге  айналдырумен  түсіндіріледі.  Модульдік  оқыту  сабақтың 
мақсаты  айқындалып,  ақпараттар  базасы,  әдістемелік  нұсқаулықтары 
ұсынылған  нақты  оқу  бағдарламасы  арқылы        үйренушінің  өз  бетімен 
дайындалуына  мүмкіндік  жасауға  негізделген.  Ол  бүгінде  жалпы  орта  білім 
беретін  қазақстандық  мектептерде  М.М.Жанпейісованың  бастамасымен  сәтті 
қолданылып жүр. Оның жоғары оқу орындарындағы қолданысы салалық сипат 
алған. Қазақ тілін өзге ұлттарға оқытуда  блоктық-модульдік оқытуды қолдану 
мәселесі  К.Жақсылықованың  «Қазақ  тілін  орыс  тілді  бөлімдерде  модульмен 
оқытудың ғылыми-теориялық негіздері» атты зерттеу еңбегінде қарастырылды. 
З.Бейсенбаеваның  зерттеуінде  де  модульдік  технология  арқылы  оқытудың 

 
16 
теориялық  қырлары  сөз  болды  [Бейсенбаева  З.  Жоғары  оқу  орындарында 
сөзжасам  пәнін  оқытудың  ғылыми-әдістемелік  негіздері.  Док.дисс.  А,  2006. 
322б].  
Модульдік  оқыту  технологиясын  филологиялық  пәндерді  оқытуға 
қатысты  мәселелер  кейбір  мақалалар  шеңберінде  ғана  айтылады  [Кенжебаева 
Г.М. Кредиттік жүйе бойынша қазақ диалектологиясын модуль арқылы оқыту // 
Қазақ  тілі  мен  әдебиеті  және  инновация  мәселелері.  Абай  атынд.ҚазҰПУ-дың 
80 жылдығына арн.халықаралық ғыл.-практ. конф.материалдары. 25 сәуір 2008 
ж.  –А,  Абай  атынд.ҚазҰПУ,  2008.  388б.  251-256  беттер.]  «Көркем  мәтінді 
лингвистикалық талдау» пәніне қатысты арнайы қарастырылған жоқ.  
Модуль  –  бұл  қандай  да  бір  тұтас  жүйенің  белгілі  бір  функционалдық 
жүкті арқылып тұратын дербес бөлігі. Оқыту теориясында модуль – маманның  
кәсіби  білімдері  мен  біліктіліктерін  қалыптастыруға  қажетті  ақпараттың  не 
әрекеттің  мөлшері  болып  саналады  [Ю.Т.Тимофеева].  Оқу  модулі  –  оқу  пәні 
мазмұнының  логикалық  аяқталған  бөлігі,  әр  модульдің  өзінің  мақсаты, 
меңгерілуі тиіс білім, білік, іскерліктер нақтыланған. Оқу модулінің танымдық 
және кәсіби сипатқа ие болып келеді, осыған орай оның танымдық (ақпараттық) 
және  кәсіби  (оқу-кәсіби)  бөліктері  болады.  Ақпараттық  бөлік  студенттердің 
теориялық  білімдерін  қалыптастыруды,  ал  екінші  бөлік  осы  білім  мазмұны 
арқылы студенттердің кәсіби біліктері мен дағдыларын қалыптастыруға қызмет 
етеді.  Ақпараттық  модульдер  ретінде  тұтас  пән  немесе  пәннің  кейбір 
тараулары, арнайы курстар мен факультативтер алынады.   
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

 
17 
 
Жаңа материал              жаңа модуль       өзге пәндердің материалы 
 
 
 
 


жүктеу 5.01 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет