8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!



жүктеу 1.11 Mb.

бет6/12
Дата16.01.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Кепілдік жағдайында ұзақ болған кезде:

1) уайым, абыржу және асып-сасу сезімінің орын алуына 

жол бермеңіз. Алдағы сынақтарға өзіңізді ойша дайындаңыз. 

Ақыл-ой белсенділігін сақтаңыз

2) ашыну сезімінің пайда болуынан қашыңыз, ол үшін өз-

өзіңізді сендірудің ішкі ресурстарын пайдаланыңыз; 

3)  жағымды  нәрселер  туралы  ойлаңыз  және  сондай 

жағдайларды еске түсіріңіз. Уақыт өткен сайын сізді босату 

мүмкіндіктерінің арта түскенін ойлаңыз. Сізді дәл қазір бо-

сату үшін барлық мүмкіндіктердің жасалып жатқандығына  

сеніңіз.  

4) өзіңізге тұрақты айналысатын бір іс (дене жаттығулары, 

кітап оқу, өмір туралы естеліктер және т.б.) табыңыз. Дене 

және  интеллектуалдық  іс-қимылдың  тәуліктік  кестесін 

белгілеңіз, оларды қатаң әдістемелік тәртіппен орындаңыз; 

5) күшіңізді сақтау үшін, тіпті ұнамаса және тәбетіңізді 

ашпаса да берген тағамның бәрін жеңіз. Осындай қысылтаяң 

жағдайда тәбетіңіз бен салмағыңыздың жоғалуы қалыпты 

құбылыс болып табылатындығына ден қойыңыз. 

Психологиялық  орнықтылықты  сақтау  кепілдегі 

адамды  құтқарудың  маңызды  шарттарының  бірі.  Мұнда 

ойдың айқындығын сақтауға, жағдайды дәлме-дәл бағалауға 

мүмкіндік беретін жағымсыз әсерлер мен күйзелістерден 

оқшаулайтын  кез  келген  амал-әдістер  тиімді.  Келесі 

ережелерді ұғып алған пайдалы: 

1)  аталған  жағдайларда  қолайлы  дене  шынықтыру 

жаттығуларын жасаңыз, кем дегенде, денедегі барлық бұлшық 

еттерді кезек-кезек ширықтырыңыз және босаңсытыңыз;   

2)  барлық  жағдайларда  аутотренинг  пен  медитацияны 

қолдану өте пайдалы, олар өз психикаңды бақылауда ұстауға 

көмектеседі; 

3)  ішіңізден  оқыған  кітаптарыңызды,  өлеңдеріңізді, 

әндеріңізді   есіңізге түсіріңіз, жүйелі түрде әртүрлі дерексіз 

проблемаларды    (математикалық  есептерді  шығарыңыз, 

шетел сөздерін есіңізге түсіріңіз және т.б.) ойлап алыңыз. 

Сіздің ақыл-ойыңыз жұмыс істеуі керек. 

4)  егер  мүмкіндік  болса,  қолыңызға  түскеннің  бәрін, 

тіпті оның мәтіні сізге мүлдем қызықсыз болса да оқыңыз. 

Сондай-ақ жазғандарыңызды қайтып алатынына қарамастан, 

жазуыңызға да болады. Ақыл-есті сақтауға көмектесетін осы 

үдерістің өзі маңызды.  

5)  Болып  жатқан  жағдайларды  жүрегіңізге  жақын  ал-

май,  сырттан қарауға тырысыңыз, соңына дейін істің сәтті 

аяқталатынына сеніңіз. Қорқыныш, торығу мен селқостық- 

бұл үшеуі сіздің негізгі жауыңыз, оның бәрі – өз ішіңізде 

жатыр.   

Эвакуациялау туралы ақпарат алған кездегі

 тұрғындардың іс-қимылдары 

жөніндегі жадынама 

Егер  сіз  қауіпсіз  жерге  көшіруді  бастау  туралы 

ақпаратты  үйіңізде естісеңіз: 

1)  ауа  райына  қарай  киініңіз,  құжаттарыңызды, 

ақшаларыңызды, бағалы заттарыңызды алыңыз

2)  электрді,  газды,  суды  ажыратыңыз,  пештегі  (алау 

ошақтағы (камин) отты сөндіріңіз;

3) көшу кезінде қарияларға және ауыр науқастарға көмек 

көрсетіңіз;  

4) кіреберіс есікті құлыпқа жабыңыз;  

5) ғимараттан шығыңыз және көшірушінің командасын 

орындаңыз, тастап кеткен үй-жайға жауапты адамдардың 

рұқсатынан кейін ғана қайта оралыңыз. 

Егер  сіз  қауіпсіз  жерге  көшіру  туралы  ақпаратты  

жұмыс орныңызда естісеңіз: 

 1)  асықпай және дүрлікпей жұмыс құжаттарыңызды сейф-

ке  немесе кілтпен жабылатын үстел жәшіктеріне жинаңыз; 

2) өзіңізбен бірге жеке заттарыңызды, құжаттарыңызды, 

бағалы заттарыңызды алыңыз;   

3)  ұйымдастыру  техникаларын,  электр  құрылғыларын 

сөндіріңіз; 

4)  есікті  кілттеп  жабыңыз  және  көшіру  тәсілінде 

белгіленген бағытпен жүріңіз;  

5) ғимараттан шығыңыз және көшіру басшысының коман-

дасын орындаңыз.

ақпарат

14

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр 2016 Жыл  //



15

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр  2016 Жыл  //

салаМаттылық

 

„

қр тәуелсіздігінің 25 жылдығы мен 



Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай 

Орталық стадионда аула және көше 

ойындарынан өткен іі облыстық 

чемпионат өз мәресіне жетті. 

ләңгі теуіп, 

асық атты

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ 

Жалпы жарыстың іріктеу кезеңінің 1 бөліміне 13 мыңнан 

астам спортшы қатысса, аудандық, қалалық іріктеу жары-

старында 2,5 мың спортшы ақтық кезеңге шығу жолын-

да бәсеке алаңының көркін қыздырған. Осылай Тараз 

қаласы мен аудандардағы жарыстарда жүзден жүйрік 

шыққан 150 спортшы облыстық чемпионатта бақ сынау 

құқығына ие болыпты. Айта кетерлігі, аула ойындары жас 

ерекшеліктеріне қарай жасөспірімдер, жастар және ересек-

тер арасында өтсе, көше ойындары мектеп және колледж 

студенттері, жоғары оқу орындарының студенттері мен 

ересектер арасында өрбіді. 

 «Street Workout» клубының өңірдегі жетекшісі Нұрым 

Темірханов жарыстағы бәсекенің жыл санап артып келе 

жатқандығын айтады. «Біздің клубтың ашылғанына 3 

жылдың жүзі болып қалды. Қазіргі таңда клубта 30-40 

бала осы көше спорт түрімен үздіксіз шұғылдануда. Көше 

ойындарымен шұғылданушылардың саны еселеніп келеді. 

Оған дәлел - аудандар мен ауылдардан спортшылардың 

облыстық чемпионатқа қатысуы.  Жалпы бүгінгі жарыстың 

мақсаты - жастар арасында бұқаралық қолжетімді спорт 

түрлерімен айналысуға, жастарды есірткіден, шылым 

шегуден,  ішімдікке  және  компьютер  ойындарына 

құмарлықтан бас тартуға шақыру» - дейді ол. 

Бәсеке өте тартысты өтті. Оның ішінде қазақтың қанында 

бар ләңгі тебу мен асық ату ойындары да бар. Қуанарлығы- 

бұл спорт түрлеріне алыс аудандардағы спортшылармен 

қатар қаланың жастары да дендеп бет бұрып келе жатқаны. 

-  Кішкентайымнан  асық  ойнауға  құмармын.  Аулада 

жүріп балалармен бір табан, үш табан және алты атар 

ойнайтынбыз. Бірақ мен ешқандай үйірмеге қатыспаймын. 

Қазір өзім құралпы балалармен жиі ойнап тұрамын,- дейді 

сақасын алшысынан түсіріп, асықтарды  шиіріп жүрген 

№50 мектептің оқушысы Бақтияр Отаров. 

Бәсекелі  тартысқа  толы  өткен  жарыстың  соңында 

жеңімпаздар  мен  жүлдегерлер  анықталып,  оларға 

ұйымдастырушылар атынан бағалы сыйлықтар табыс 

етілді. 


Айлық барысында қалалық  №5 емхана жанындағы 

Жастар денсаулық орталығының мамандары Г.Әсемова, 

З.Құрымбаева  7-10  сынып  оқушылары  арасында 

«Жасөспірім қыздардың репродуктивті денсаулығы», 

«Адамдар арасындағы қарым-қатынас» тақырыбында 

дәріс  оқып,  тренингтер  өткізсе,  заңгер  А.Тортаева 

«Тұрмыстық  зорлық-зомбылықтың  алдын  алу» 

тақырыбында әңгіме жүргізді. Салауатты өмip салтын 

калыптастыру  орталығының  маманы  Л.Омарованың 

қатысуымен жоғары сынып оқушылары арасында «Зи-

янды әдеттерден аулақ болайық!» атты дөңгелек үстел 

ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел басында салауатты 

өмip салты зиянды әдеттермен қатар тұра алмайтындығы 

жайлы  мәселе  қозғалды.  Директордың  тәрбие  ici 

жөніндегі орынбасары Г.Дуанбекова темекі шегу, ішімдік 

ішу, есірткілік заттарды қолдану адамның бос уақытын 

тиімді  пайдалануына,  белсенділік  танытуына,  дұрыс 

тамақтануына  және  салауатты  өмір  салтының  басқа 

да жақтарына кepi әсерін тигізетіні туралы түсіндірді. 

«Ecipткі туралы ақиқат пен жалған» тақырыбында бей-

нефильмдер көрсетілді. Оқушылар адам ағзасына зиян 

келтіретін, бүкіл қоғамға кecipiн тигізетін осындай зиянды 

заттардан аулақ болу қажет екендігін айтып, ойларын 

қағаз бетіне түсірді.



мереке мҰҚАНоВА, Гүлнар САНДЫБАЕВА,

Ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектеп 

мұғалімдері.

 

„

2016 жылдың 1-7 мамыр аралығында Фуншал қаласындағы (Мадейро 



аралы, португалия) олимпиадалық жүзу бассейнінде паралимпиадалық 

спортшылар арасында еуропаның ашық чемпионаты өтті. Әлемнің 52 

мемлекетінен қатысқан 453 жүзушінің арасында жерлесіміз зульфия 

габидуллинаның мерейі үстем болды.

біздің СпОртшыМызға 

пОртугалдықтар қОл СОқты

 

„

ы.Сүлейменов атындағы №37 орта мектепте  ««Салауатты әдет – баланың өмip ұстанымы» тақырыбында айлық өткізілді.



Салауатты әдет – жақсы бала ұстанымы

Арсен БАЙЗАҚ

Чемпионаттың  салтанатты  ашылу 

рәсімінде спортшыларды Халықаралық 

паралимпиадалық  Комитетінің 

Президенті  Сэр  Филип  Кравен,                       

Мадейро  аралының  президенті  Ми-

гель Альбукуерке, Фуншал қаласының 

әкімі Пауло мырза мен Португалияның 

жүзуден  федерация  президенті                                                                                        

Антонио  Хо с е  Сильва  мыр за 

құттықтады.Жарысқа  әлемнің  52 

мемлекетінен  453  үздік  жүзушілер 

қатысып,  Еуропа  чемпионаты  өте 

жоғары деңгейде ұйымдастырылып, та-

рихта алғашқы рет ашық түрде өткізілді. 

Аталған чемпионатта еуропалық және 

басқа да мемлекеттердің жүзушілері 

өз  көрсеткіштерін  жақсартуға  және 

Рио-де  Жанейро  қаласында  өтетін 

XV  Паралимпиадалық  ойындары-

на  дайындықтарын  сынауға  жақсы 

мүмкіндік туылды.

Қазақстан Республикасының намы-

сын паралимпиадалық ұлттық құрама 

команда сапындағы 9 жетекші спорт-

шы қорғады. Жарыс қорытындысы 

бойынша Қазақстанның құрама коман-

дасы қатарында Зульфия Габидуллина 

50 метр еркін жүзу қашықтығындағы 

финалында 43.22 көрсеткішпен әлем 

рекордын жаңартып, алтын медальді 

ұтып алды.

-  Бұл - біз үшін үлкен мақтаныш. 

Өйткені,  португалдық  жергілікті 

газеттің бірінде біздің спортшымыз 

туралы: «Зульфия Габидуллина дау-

ыл секілді Эйндховен Кубогында өзі 

орнатқан әлем рекордын 1 секундқа 

жаңартып,  қарсыластарын  артына 

қалдырып,  жүзу  бәйгесін  бастады. 

Сонымен  қатар,  Зульфия  португал 

халқының  ғана  емес,  бүкіл  әлем 

спорт жанашырларының жүректерін 

жаулап  алғандығына  куә  болдық, 

жанкүйерлермен қоса барлық коман-

далар  орындарынан  тұрып,  ду  қол 

шапалақпен алғысын білдірді» - деп 

жазды.  Фуншал  қаласының  әкімі 

Пауло  мырза  біздің  рекордшымыз-

ды  өзі  келіп  құттықтап,  шынымен 

Зульфияның жанкүйері болғандығын 

білдірді. Біздің Зульфиямыз Әлемдік 

паралимпиадалық жүзу және спорт 

феномені  болғанына  күмән  жоқ, 

себебі  3  жыл  бойы    халықаралық 

жарыстарда  әлем  рекордтарын  ор-

натып  келе  жатыр.  Халықаралық 

Паралимпиадалық Комитеттің Әлем 

рейтингінде Зульфия Габидуллина үш 

қашықтықта жетекші қатарды сақтап 

қалуда.Рио-де  Жанейрода  өтетін 

Паралимпиадалық  ойындарында 

З.Габидуллина 5 қашықтықта жары-

сады (50, 100 метр еркін жүзу, 50 метр 

арқамен жүзу, 50 метр брасс және 150 

метр кешенді жүзуі (комплекс), - дейді 

спортшыны дайындаған жеке бапкері, 

жүзуден Қазақстан Республикасының 

аға  жаттықтырушысы,  ҚР  Еңбек 

сіңірген  жаттықтырушысы  Саттар 

Бейсембаев.


16

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр 2016 Жыл  //



АЛУАН

Жоба

тараз қалаСы ӘкіМдігі

қаулы

2016 жылға қоғамдық  жұмыстарды ұйымдастыру туралы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  жергілікті мемлекеттік басқару 

және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 37-бабын,   Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен 

қамту туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 22-бабын басшылыққа ала отырып, Тараз қаласының 

әкімдігі   ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі мен нақты жағдайлары, 

қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері  және оларды  қаржыландыру көздері 

қосымшаға сәйкес бекітілсін, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс  айқындалсын.  

 2. «Тараз қаласы әкімдігінің халықты жұмыспен қамту орталығы» коммуналдық мемлекеттік 

мекемесі (С.Қойбакова) Қазақстан Республикасының  қолданыстағы заңнамасына сәйкес қоғамдық 

жұмыстарды ұйымдастыруды қамтамасыз етсін.

    3. Осы қаулының орындалуын бақылау қала әкімінің орынбасары Жақсылық Мырзабекұлы 

Сапаралиевке жүктелсін.    

    4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және 

оның алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

           Қала  әкімі                                                                                           Н.КАЛЕНДЕРоВ      



                                           

Тараз  қаласы    әкімдігінің    

2016 жылғы «___» ____________

                                                                                      № ____ қаулысына қосымша

Ұйымдардың тізбелері, қоғамдық жұмыстардың түрлері, көлемі  мен нақты 

жағдайлары, қатысушылардың еңбегіне төленетін ақының мөлшері және оларды 

қаржыландыру көздері, қоғамдық жұмыстарға сұраныс пен ұсыныс

№ Ұйымдардың 

атауы

Қоғамдық 

жұмыстардың 

түрлері

Көлемі 

мен нақты 

жағдайлары

Қатысушылардың 

еңбегіне төленетін  

ақының  мөлшері 

және оларды 

қаржыландыру 

(теңге)

2016 жыл

сұраныс ұсыныс

1.

Тараз қаласы «Жасыл 



Ел-Тараз»

жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі

Қаланы 


санитарлық

тазалау 


жұмыстары

Толық емес 

жұмыс күні 

жағдайында және 

икемді 

кестесі


бойынша

51274


жергілікті бюджет

850


850

2.

Тараз қаласы «Тұрғын үй» 



жауапкершілігі шектеулі

серіктестігі

Бекітілген 

учаскелеріне

санитарлық

тазалау 


жұмыстары 

Толық емес 

жұмыс күні 

жағдайында және 

икемді 

кестесі бойынша



51274

жергілікті бюджет

30

30

3



Тараз қаласының 

прокуратурасы 

Құжаттарды 

рәсімдеуге 

техникалық көмек

Толық жұмыс күні 

жағдайында

51274


жергілікті бюджет

12

6



4

«Тараз қаласы әкімінің 

аппараты» коммуналдық 

мемлекеттік мекемесі

Құжаттарды 

рәсімдеуге 

техникалық көмек

Толық  жұмыс 

күні жағдайында 

51274


жергілікті бюджет

20

10



5

«Тараз қаласының 

қорғаныс істері жөніндегі 

басқармасы» республикалық 

мемлекеттік мекемесі 

Әскерге шақыру 

қағаз тарату үшін 

курьерлік көмек 

көрсету, 

көктемде 

(наурыз-мамыр),

күзде


(қыркүйек-

қараша)


Толық  емес 

жұмыс күні 

жағдайында және 

икемді кестесі

бойынша

51274


жергілікті бюджет

30

10



6

«Тараз қаласының ішкі 

істер басқармасы Жергілікті 

полиция қызметі» 

мемлекеттік мекемесі

Бекітілген 

аумақтарына 

санитарлық 

тазалау 

жұмыстарына 

жәрдемдесу

Толық  емес 

жұмыс күні 

жағдайында және 

икемді кестесі

бойынша


35571 

жергілікті бюджет

10

10

7



Жамбыл облысының 

прокуратурасы

Мекеме 

ғимаратына 



санитарлық және 

техникалық 

жұмыстарына 

жәрдемдесу

Толық  емес 

жұмыс күні 

жағдайында және 

икемді кестесі

бойынша

35571


жергілікті бюдет

9

9



8

«Жамбыл облысының 

қорғаныс істері 

жөніндегі департаменті» 

республикалық мемлекеттік 

мекемесі 

Әскери қызметке  

шақырушылар 

жасағының 

орындау үшін 

техникалық көмек 

көрсету 


Толық  емес 

жұмыс күні 

жағдайында және 

икемді кестесі

бойынша

35571


жергілікті бюджет

10

6



9

«Жамбыл облысы ішкі 

істер органының Жергілікті 

полиция қызметі» 

мемлекеттік мекемесі

Қоғамдық тәртіпті 

және қауіпсіздікті 

қамтамасыз етуге 

көмек көрсету

Толық  емес 

жұмыс күні 

жағдайында және 

икемді кестесі

бойынша


35571

жергілікті бюдет

29

29

10 «Жамбыл облысы Төтенше 



жағдайлар департаменті 

Жедел құтқару жасағы» 

мемлекеттік мекемесі

Жазғы шомылу 

маусымында 

азаматтардың 

қауіпсіздігін 

қамтамасыз ету

(маусым-тамыз)

Толық  емес 

жұмыс күні 

жағдайында және 

икемді кестесі

бойынша


35571

жергілікті бюдет

22

22

Барлығы



1022

982

Орта білім беру ұйымдары  үшін міндетті мектеп 

формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы  

«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) 

тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАмЫН:  

1. Қоса беріліп отырған  Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын 

талаптар бекітілсін.

2. Мектепке дейінгі және орта білім, ақпараттық технологиялар  департаменті (Ж.А. Жонтаева)  

заңнамада белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін; 

2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен 

кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық 

жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің 

эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің 

Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық 

мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды; 

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің ресми интернет-ре-

сурсында орналастыруды;

4) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күн 

ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында қарастырылған іс-шаралардың орындалуы 

туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Заң департаментіне 

ұсынуды қамтамасыз етсін. 

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-

министрі Е.Н.Иманғалиевке жүктелсін.

          4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң 

қолданысқа енгізіледі.



Қазақстан Республикасы

Білім және ғылым министрі 

 

    

 

          А. СӘРІНЖІПоВ

Хабарландыру

Жарияланатын мәтін

«Қазақстан  Республикасыны4 

Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік 

және  жекешелендіру  комитетінің 

Жамбыл  мемлекеттік  мүлік  және 

жекешелендіру  департаменті» 

мемлекеттік мекемесінің сенім теле-

фоны: 8 7262 34-57-24.



ПИК төрағаларына!

«Халықтың  Денсаулық  орталығы»  ЖШС 

бюджет қаражаты есебінен Тараз қаласы бой-

ынша көп қабатты тұрғын үйлер жертөлелеріне 

дератизация  (кеміргіштерге  қарсы  күрес) 

жасау жұмыстарын бастайды.Тапсырыстарды 

қабылдау телефондары: 34-57-62, 43-59-85,  8 

775-520-86-40, 8 777-126-17-11



Қазақстан Республикасы 

Білім мен ғылым министрінің

2016 жылғы «14» қаңтардағы  

№ 26 бұйрығымен бекітілген

орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар

1. Жалпы ережелер

1. Осы орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар (бұдан әрі – 

Талаптар) «Білім туралы» 2007 жылғы  27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) 

тармақшасына сәйкес білім алушыларды сапалы мектеп формасымен қамтамасыз ету мақсатында әзірленді.

Жоғарыда аталған Талаптар білім берудің зайырлы сипатын іске асыруға және орта білім беру 

ұйымдары білім алушыларының арасында әлеуметтік, мүліктік және басқа да өзгешеліктердің белгілерін 

жоюға бағытталған.

2. Осы Талаптарда мынадай негізгі ұғым қолданылады:

орта білім беру ұйымы – бастауыш, негiзгi орта, жалпы орта бiлiмнің жалпы бiлiм беретін оқу 

бағдарламаларын, мамандандырылған жалпы білім беретін және арнайы оқу бағдарламаларын iске асы-

ратын оқу орны.

3. Талаптардың мақсаты – міндетті мектеп формасын қолдануда орта білім беру ұйымдарының 

бірыңғай келісімін қамтамасыз ету, ата-аналардың мектеп формасына жағымды қатынасын қалыптастыру, 

оқытудың зайырлы сипатын сақтауда оқу орны басшыларының және қоғамдық кеңестердің (мектеп кеңесі, 

қамқоршылық кеңес, ата-аналар комитеті) жауапкершілігін арттыру.

4. Міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар орта білім беру ұйымдарының фойесінде, ал таныс-

тыру мақсатында орта білім беру ұйымдарының  интернет-ресурстарында жарияланады.

2. орта білім беру ұйымдарындағы міндетті 

мектеп формасына қойылатын талаптар

5. Орта білім беру ұйымдарының міндетті мектеп формасы (бұдан әрі – мектеп формасы) оқытудың 

зайырлы сипатына сәйкес келеді. Мектеп формасының  үлгісі, түсі классикалық стильде, бірыңғай түс 

гаммасында жасалады, үшеуден асырмай түстерді араластыруға рұқсат етіледі. Мектеп формасының түсі 

қалыпты және ашық емес түстерден таңдалады.  

6. Мектеп формасы білім алушылардың жас ерекшеліктеріне қарай енгізіледі. 

7. Мектеп формасы күнделікті, мерекелік және спорттық болып бөлінеді.

8. Ұлдардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, шалбар, мерекелік жейде, күнделікті жейде (қысқы мезгілде: трикотаж жилет, водолазка). 

Ұлдарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады.

9. Қыздардың мектеп формасы:

пиджак, жилет, юбка, шалбар, классикалық жейде (қысқы уақытта: трикотаж жилет, сарафан, водо-

лазка). Қыздарға арналған шалбарлар еркін тігілген және ұзындығы бойынша тобықты жауып тұрады. 

10. Ұлдардың мерекелік формасы күнделікті формаға қосымша ақ жейдеден, қыздар үшін ақ түсті 

блузкадан құралады.

11. Ұлдар мен қыздарға арналған спорттық форма спорттық костюмнен (спорттық шалбар, куртка, 

футболка), спорттық аяқ киімнен (крассовка, кеды) тұрады.

12. Мектеп формасына  классикалық пішіндегі мектеп формасының негізгі түсіне сәйкес немесе кереғар 

келетін галстук тігіледі.

13. Мектеп формасына түрлі конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды. Орта білім 

беру ұйымында кез келген діни конфессияға қатынасын білдіретін діни киімдерді (хиджаб, никаб, бурка, 

паранжа, сикх тюрбандары және иудей кипа-бас киімдері және т.б ) және кез келген діни атрибутикаларды 

(белгілерді) киюге тыйым салынған.

14. Мектеп формасына орта білім беру ұйымының ерекшелік белгілерін (белгілер, тігіспелер және т.б.) 

салуға болады. Олар киімнің немесе аксессуардың (пиджак, жилет, галстук) жоғарғы бөлігінде орналасады.

15. Мектеп формасына қойылатын талаптар климаттық жағдай, оқу сабақтарының өткізілу орны және 

оқу ғимаратындағы температуралық режим ескеріліп, іске асырылады. 

16. Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен 

аксессуарлар киюге тыйым салынады.  

17. Мектеп формасын енгізу барысында мата құрамына назар аударылады. 

18. Мектеп формасының матасы ретінде қасиеттері жақсартылған жартылай жүн және мақта, киіске 

төзімді, антибактериалдық, антимикробтық және антистатикалық қасиеттері бар маталар қолданылады. 

19. Мектеп формасының түсін, фасонын таңдауды және юбканың ұзындығын орта білім беру ұйымы 

мен қоғамдық кеңес айқындайды, жалпы мектептік ата-аналар жиналысының хаттамасымен бекітіледі. 

20. Мектеп формасына өзгерістер енгізу туралы шешім қоғамдық кеңеспен келісу арқылы қабылданады. 

21. Ата-аналар және өзге заңды өкілдер  білім алушылардың орта білім беру ұйымында белгіленген 

мектеп формасын киюіне жауап береді.



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал