8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!



жүктеу 1.11 Mb.

бет5/12
Дата16.01.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

барМағынан бал таМғандар бӘйгеСі

ұлттық тағам ұлықталды.  

 Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек

 

„

Облыс орталығындағы үлкен қақпаның бірі – Жамбыл 



вокзалында Жамбыл станциясы Жііб Әпб қызметкерлерінің 

және теміржолшылардың ұйымдастыруымен «темір жол – 

темірдей тәртіп» акциясы өтті. 

«тәртіпке бағынған құл болмайды»

Арсен БАЙЗАҚ

  Акцияның  басты  мақсаты  халық  арасында 

«тәртіпсіздік пен ұсақ құқық бұзушылықтарға мүлдем 

төзбеушілік» қағидатын қалыптастыру, азаматтардың 

құқықтық танымы мен мәдениетін көтеру болды. 

Шараға Тараз қаласындағы №13 темір жол колледжінің 

студенттері және №11 орта мектептің оқушылары 

қатысты. Онда алғаш сөз алған Жамбыл жол бөлімшесі 

кәсіподақ ұйымының төрағасы Нуридин Қожанов 

аталған акцияның болат жолдың бойында қауіпсіздік 

шараларын еңсеруде өте керек екендігін алға тартса, 

бұдан кейін сөз алған Жамбыл көлік прокуратурасының 

бөлім басшысы Дабыл Аянұлы құзырлы сала органда-

ры тарапынан атқарылып жатқан жұмыстарға тоқталды. 

Ал Жамбыл станциясы ЖІІБ бастығының орынбасары, 

полиция майоры Орынбай Бейсенбиев бұл шараның 

2012 жылы қыркүйек айында ҚР Парламентінің 

екінші сессиясын ашу кезінде Мемлекет басшысы 

Н.Назарбаев ҚР ІІМ-іне қоғамдық тыныштықты бұзу 

мен азаматтардың өмір сапасына әсер ететін ұсақ 

бұзақыларды анықтау бойынша жұмысты жандан-

дыру жөнінде мәліметтер қойылғаннан кейін бастау 

алғандығын айтады.

-  Полиция қызметкерлерімен темір жолға жақын 

орналасқан орта мектептерде «Құқық бұзушылыққа 

мүлдем  төзбеушілік»,  «Салауатты  өмір  салты», 

«Темір жол - қауіпті аймақ», «Қауіпсіз пойыз» т.б. 

тақырыбында жасөспірімдерге дәрістер оқылып, бей-

нероликтер көрсетіліп, оқушылар арасында сұрақтар 

қойылып, талқыланды, - дейді Орынбай Бейсенбиев.

-  Жамбыл станциясы ЖІІБ ӘПБ қызметкерлерімен 

ағымдағы жылдың алты айында 1835 тұлға әртүрлі 

әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін жазаға 

тартылды. Олардың ішінде ҚР ӘҚБтК 204 - бабы, 

яғни белгіленбеген жерде сауда жасағаны үшін 348 

тұлға жауапкершілікке тартылса, 434 - бабы, ұсақ 

бұзақылық жасағаны үшін 33 тұлға, оның ішінде 

қоғамдық орынды ластағаны үшін 24 тұлға, тағы да өзге 

баптар бойынша азаматтар жауапкершілікке тартылды. 

ҚР ӘҚБтК басқа да баптарымен 328 тұлға әкімшілік 

жауапқа тартылды. Бұл көрсеткіш өткен жылмен 

салыстырғанда 390 әкімшілік іске артық, - дейді Жам-

был ст ІІЖБ ӘПБ бастығы, полиция майоры Жандар 

Әбдіғапаров. Сондай-ақ шара барысында студенттер 

мен оқушыларға жадынамалар таратылып беріліп, 

болат жолдың маңына жақын тұратын азаматтарға өз 

құқықтары түсіндірілді.

балалар да қырағы болса!  

 Суретті түсірген автор.


алтыН қазық

13

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр 2016 Жыл  //



 

„

қалыптасқан қазақи қағиданың қалпын сақтаған қай отбасы болмасын, келін жұмсап, қолы ұзарғанын қалайды. 



ал босаға аттаған қай келінді тыңдай қалсаңыз да, түтінін түтетуге асыққан қара шаңырақта зорлық-зомбылықты 

енеден артық ешкім көрсетіп, бақытты да енесінен артық ешкім сыйлай алмайды ма деген ойға қаласың. қисық 

ауыздан шыққан қысыр сөздің бірі «малдың жауы - кене, келіннің жауы - ене» десе, арнайы оқуы мен тоқуы 

болмаса да өмір сабақтарынан дәріс алған келіндер бәзбір шайқасқа қатысып келгендей: «енемнің институтынан 

өткенмін» деп көкірегін қағады.

ғаСырдан да Ұзақ дау

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Расында,    ене  мен  келінге  не  жетіспейді?  Олардың 

сайысының бастауы не өзі? «Келін ененің топырағынан жара-

лады» деп бағамдаған атам қазақтың «Қойшының таяғынан, 

келіннің аяғынан» деп түйіндеуінің сыры неде? 

Бірде бір кейуанадан; «Осы сөздің астарында не бар?»- деп 

жөн сұраса:

-  Дұрыс  қой,  қойын  ұрласаң,  қойшы  таяғымен  ұрады. 

Таңертең шай қой десең, келін аяғымен ұрады, -деген екен. 

Ал мына екі әжейдің әңгімесіне не күлеріңді, не жыларыңды 

білмейсің.

- Айтпақшы, қыз ұзатыпсың, құтты болсын! Барған жері 

қандай екен?- десе, екіншісі:

- Ой, айтпа! Қызымның  тұрмысы керемет. Бағы жанды. 

Ертеңгі сағат 10-да тұрады, түнгі 10-да елден бұрын жатады. 

Астында қымбат көлік. Маған құндыз тон, шет елге билет 

алып берді,- деп мақтаныпты. 

- Айтқандай, келін де алыпсың ғой. Құтты болсын! Келінің 

қандай?-десе:

- Айта көрме! Сорлап қалдық қой. Өзі ұйқысынан таңертең 

10-да бір-ақ тұрғанына қарамай, түнгі 10-да  жата қалады. 

Астында қымбат көлік. Шешесіне құндыз тон, шет елге билет 

алып берді. Қайтейін, келін емес, кесірге жолықтық,- дейтін 

көрінеді. Ия, бұл ана дегенді қойсаңшы! Жүзінен мейірімнің 

шуағы    төгіліп,  барша  адам  баласына  сүйіспеншілікпен 

қарайтын алып жүректің иесі емес пе? Ал сол алып жүректен 

ұлы сүйген әйелге орын болмай қалатыны несі? Немесе 

керісінше.  Көрші-қолаңмен  сыйластығы  зор,  жолдасына 

қамқор, балаларына сүйкімді жар бола білген бес аспап 

келіннің ене десе кірпіше жиырылып шыға келетіні, тіпті,  

таң қалдырады. 

Екі қазанның бір ошаққа сыймайтыны секілді, кейде, тату-

тәтті жанұя  келін түсірген соң, екі әйелдің яғни келін мен 

ененің басы піспегендігінен шашырап кететіні бар. Мұндай 

келеңсіздік жастық желігімен желпілдеп, шайпау тілін тарт-

пайтын жас келіннің кесірінен бе, әлде ақыл - ойы толысып, 

шиеттей бір отбасын осы уақытқа дейін аялап, көпті көрген 

ененің шынашақтай қызды көндіктіре алмаған ақ жаулықты 

енеден бе деген ой туады. Мүмкін, ақ дегені алғыс, қара 

дегені қарғыс адуынды енені айналып-толғанып, орнына 

қоятын айла жетіспейтін шығар бүгінгі келінге? Жасы келген 

адамның иланғыш, сенгіш келетінін білген кейбір келіндер  

енесіне айтқан «ертегісінің» арқасында бала бақтырып, дәм 

әзірлетіп, үй жинатып қойып, өздері жұмысқа шығып кетеді. 

Алайда «бес саусақтың бірдей еместігі» сияқты, қарттыққа 

қадам басқанын жеңіліс санайтын кейбір енелер, келінді 

жатырқайды-мыс. Жалпы, «Даудың басы Дайрабайдың көк 

сиыры» демекші, даудың басы не? Осы орайда енесімен си-

ыса алмаған бірнеше келінге осы сұрақты көлденең қойып, 

әңгімеге тартқан едік. Келіншектердің айтуы бойынша, келін 

түскенше ас үйді өзі игеріп үйренген әйел, өзге әйелдің өз 

тірлігіне араласып кеткенін жақтырмай, үйренісе  алмайтын 

көрінеді. Оның үстіне бүгінгі келіндердің «барып кел, шау-

ып кел» шабарман-қызметті атқарғысы келмейтіні сияқты, 

ернін бояп, кірпік жапсырып, сояудай тырнағымен тыр-тыр 

қасынған заманауи енелердің де үйде отырып, бала қарайтыны 

күн  санап  сиреп  келе  жатқаны  анық.    Сәнқой  енесінен 

бөлек шығып кеткен Камила: «Немересін қыдыртуға алып 



15  мамырда  бүкіл  әлем  Халықаралық  

отбасы  күнін  атап  өтеді. Жан біткеннің 

жүрегіне жылылық ұялатар жанұясының 

ұйытқысы қашанда әйел, қашанда ана 

екені баршаға мәлім.   алайда сол бір 

отбасы, ошақ қасынан өзге қызықты 

мойындамайтын нәзік жандылардың кейде 

өзара түсінісе алмайтыны бар. Ол - келін мен 

ене арасындағы сан жылғы түсініспеушілік. 

Отбасы күніне орай осы сұрақтың себебіне 

жауап іздеп көруді жөн санаған едік.

кетіп тұрады. Бірақ түбегейлі қарап беруден қашқақтайды. 

Сондықтан, балабақшаға жасы жетпеген баламызға ақылы 

тәрбиеші жалдап,  жасы жеткендерін бақшаға беріп, жұмысқа 

шығып кеттім. Қазіргі енелер үшін сәнді көйлек, қымбат бояу 

басты назарда. Ал мұндай қарттыққа мойынсұнбаған жүрегі 

жас енелермен бір үйде тұру мүмкін емес. Өз басым үндемеуді 

қор санаймын. Өз ойымды бүкпей ашық жеткіземін де, енеге 

жақпаймын. Қымбат көйлек алып, алтын тақсам күйеуіме 

айтып, алып қоя берді. Мен мұндай қағидамен өмір сүргім 

келмеді» - дейді.  

Ал Индира болса, енесінің өз баласын қызғанатынын алға 

тартады. Оның үстіне ауылдық қыз қалалық ененің сынына 

оңбай ұшырап, отырса опақ, тұрса сопақ болғанға ұқсайды.

-  Күйеуім  жұмыстан  маған  арнап  тәтті  алып  келсе  де, 

сыйлық алып келсе де, анасы екеумізді бөлмеуге тырыса-

тын. Әйтпесе соғыс басталады. Тіпті менің алдыма жақын 

қойылған  ас,  мен  туралы  айтылған  мақтау  сөз  енемнің 

жынына тиетін.  Мен киген көйлек сүйкімсіз, мен әзірлеген 

тағам дәмсіз болып шығады. Ауылдың қызы болғандықтан, 

енем ұрысқанда үндемей жылап тұра беретінмін. Үлкен кісіге 

сөз қайтару болмысыма жат.  Бірақ шыдамның да шегі бар, 

соңыра күйеуіме айтып ұрғызатын болды. Сол кісінің айту-

ымен, бірнеше рет таяқ жедім. Кейін кетіп тындым. Күйеуім 

соңымнан келді. Сөйтіп, қазір енемнен бөлек, тату-тәтті 

ғұмыр кешіп жатырмын,- дейді жас келін.

Ойымыз бір жақты болмасын деген ниетпен, ене атанып, 

алайда келіні бөлек шығып кеткен ақ жаулықты Нәзира анамен 

тілдесуді де жөн көрдік: 

- Келінімді жұмсай қалсам қабағы шытылып,  жақтырмайтын. 

Таңғы,  түскі,  кешкі  асты  әзірлеп,  кір-қоңын  да  жуып 

қоятынмын. Ол жұмыстан келгенше үйдің шаруасын өзім 

тындырамын. Кейде шүйіркелесіп шай ішкім келіп, шай 

қоюын өтінсем, соны да іс көріп, қиналатын. Қазір келінім 

бөлек  шығып  кетсе  де,  балаларын  қарап  отырмын,-деді 

Нәзира апай. Бірде жаңа түскен келінді жұмсай алмаған ата-

ене үй тазалап жүріп келінді ұялтпақ ниетте сыпырғышқа 

таласып: «Мен сыпырамын!», «Жоқ, мен сыпырамын» деп 

дауыстаған көрінеді. Жатын бөлмесінен көзін уқалап, сыртқа 

шыққан  жас  келін:  «Папа,  мама!  Кішкентай  бала  құсап 

неге таласып тұрсыздар. Мама сыпырып, папа сіз еден жуа 

салсаңыз болады ғой» - деген екен... Бұл әжуа мысал болса 

да бәзбіреуге ой салар. 

Сөз соңын мына бір мысал әңгімемен қорытындылауды жөн 

көрдік.  Бірде бір әйел  бақсыға барып:

-Менің сүйікті жарым бар, бірақ оның анасымен тұра алмай-

мын. Ол маған ұрса береді. Тірлігім жақпайды. Отырсам опақ, 

тұрсам сопақпын. Оны өлтіруге көмектесіңіз,-деп жылайды.

- Жарайды, саған жаным ашығандықтан, бір у беремін, 

оны шайға қосып, қайнатып беруің керек. Бірақ саған айтар 

кеңесім бар. Біздің ауылда өсек тез тарайтынын білесің. 

Сені бірінші айыптайды. Сондықтан енеңе деген қарым-

қатынасыңды өзгертуің керек. Жұмсақ бол, сәлемің түзу 

болсын, үнемі жымиып жүр. Сонда азабың ұзаққа созыл-

майды,- депті.

Жас  келін  қарттың  сөзін  тыңдап,  айтқанын  жасайды. 

Таңертең ерте тұрып, нан пісіріп, тамақ дайындайды. Енесіне 

шай қайнатып, уын салады. Еркелетіп шайға шақырады. Асыл 

жары қуанып жүреді. Енесі келінін жақсы көре бастайды. 

Келіні де шын мәнінде енесін жақсы көріп кетеді. Бірден әлгі 

қарттың үйіне барып, былай деп жалынады:

- Әкей, өтінемін, маған уға қарсы дәрі бер. Көп у қосып 

қойдым. Өліп қалады-ау! Оған бауыр басып қалдым, маған 

туған анамдай қамқор болды. Мен енемді жақсы көремін,-деп 

ағыл-тегіл жылапты.

Сонда ақсақал:

- Жаным, сабаңа түс. Мен саған у емес, жұпар иісті шөптер 

бердім. Сен оған улы емес, дәмді әрі пайдалы шай бердің. У 

сенің жүрегіңде болды, енді одан да арылдың, – деген екен. 

Аяулы ене, ардақты келіндер, бар мәселе жүректе екені рас-

ау. Ендеше,  жүрегіңіздегі удан арылуға асығыңыз!

ене

келін


террористік актілерді болдырмау жөніндегі 

халыққа арналған жадынама

мұқият  болыңыздар!  Үйіңіздің  кіреберісіндегі, 

аулаларыңыздағы,  көшедегі  бөгде  заттар  мен  адамдарды 

дер кезінде өздеріңіз ғана байқай аласыздар. 

Қырағы болыңыздар! Маңайдағы адамдардың жүріс-

тұрысына, орынсыз жатқан иесіз мүліктер мен заттарға көңіл 

аударыңыздар.

Үйлеріңіздің  қауіпсіздігін  қамтамасыз  етіңіздер: 

кіреберісте    домофонымен  темір  есік  орнатыңыздар, 

жертөлелер,  үй  шатырлары  және  техникалық  ғимарат 

есіктерінің ашық - жабықтығын тексеріңіздер. 

Көліктегі  жолаушының  күдікті  жүріс-тұрысын  көріп 



тұрып,  байқамаған  сыңай  танытпаңыздар!  Сіздер 

көлікпен жүру қауіпсіздігін сақтауға толық құқыларыңыз бар.



Ешқашан,  тіпті,  өте  қауіпсіз  болса  да,  қандай  да  бір 

сақтау немесе басқа біреуге беру үшін біреудің қолынан зат 

алмаңыздар. 

Адамдар аз (иесіз) жерде күдік тудыратын затты тауып 



алу сіздің сақтығыңызды әлсіретуге тиіс емес. Қаскөй адам 

оны бір нәрседен, біреуден қорыққандықтан тастай қашуы 

мүмкін.

Тіпті, сіздің жарылғыш құрылғыларын білетін жеке 

тәжірибеңіз болса да, онымен бір нәрсе жасауға тырыспаңыз. 

Өздігінен жарылғыштар өте сезімтал және әккі болып келеді.

Күдік  тудыратын  затқа  жақындамаңыздар,  тіпті  қол 

тигізбеңіздер, бұл - өмірлеріңізге өте қауіпті. 

Балаларыңызға қауіпсіздік шараларын: бейтаныс адам-

мен көшеде сөйлесуге, үйде есік ашуға, жерде жатқан иесіз 

ойыншықты алуға, көзге түскен затқа жақындауға болмай-

тынын және т.б. үйретіңіздер.  



күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда 

халыққа арналған жадынама

Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды 

куәландыратын белгілері:  

1) сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат 

айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың 

бірнеше  рет  көрінуі,  фото  және  бейне  түсірме  жасауы, 

сондай-ақ дәптерге жазба жасау

2) құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу 

және  бейнекамерадан  бұлтару  әрекеттері  (басын  түсіру, 

бұрылып кету, бетін жабу); 

3) жертөле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге 

қатысы жоқ тұлғалардың кіруі; 

4) тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін 

персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың 

негізсіз  байланысқа  түсуі,  олардан  жұмыс  тәртібі, 

қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. 

жөнінде мәліметтерді жинақтау;

5) бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, 

түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын 

тұлғаларды іздеуі.  



Күдікті  тұлғаларды  байқаған  жағдайда  келесі  іс-

қимылды орындау қажет:  

1) Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау

2) Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл ха-

барлау; 


3)  Өзіңіз  назарға  түспеу,  тұлғалардың  санын,  нақты 

сыртқы  белгілерін,  киімдерін  және  оларда  бар  заттарды, 

қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс 

бағытын белгілеп алу. 



күдікті зат тауып алған кездегі тұрғындарға 

 арналған жадынама

Біліңіздер:  заттардың  сыртқы  көрінісі  оның  расында 

неге арналғанын жасыруы мүмкін. Жарылғыш заттар үшін 

камуфляж есебінде әдеттегі тұрмыстық заттар қолданылады: 

сөмке, пакет, түйіншек, қорап, ойыншық және т.б.     



Табылған заттардың жарылу қаупін куәландыратын 

белгілері: 

1) көлік маңында, баспалдақта, пәтерде және т.б. орындар-

да белгісіз түйіншектің немесе басқа да бір заттардың болуы; 

2)  бөтен  сөмке,  портфель,  қорап,  басқа  да  заттың: 

кіреберісте, пәтер есігінің, көліктің маңында өзгеше орна-

ласуы;   

3)  табылған  күдікті  заттан  шудың  шығуы  (сағат 

механизміне, жиілігі төмен дыбысқа тән). 



Егер  де  сіз  күдік  тудыратын  зат  тауып  алсаңыз,  ол 

фактіні назардан тыс қалдырмаңыз: 

1) қоғамдық көлікте: 

-  заттың (сөмкенің және т.б.) кімдікі екенін немесе кім 

қалдырып  кетуі  мүмкін  екенін  қасыңыздағы  адамдардан 

сұраңыз;


-  егер  иесі  анықталмаса,  табылған  зат  туралы  дереу 

жүргізушіге немесе кондукторға хабарлаңыз.



2) үйіңіздің кіреберісінде:

-  көршілерден  сұраңыз,  мүмкін  ол  зат  соларға  тиесілі 

шығар. Егер иесі анықталмаса, табылған зат туралы дереу 

құқық қорғау органдарына хабарлаңыз (тел. 102, 112). 



3) көшеде, саябақта және т. б.: 

- айналаңызға қараңыз, егер мүмкіндік болса, заттың иесін 

анықтауға тырысыңыз. Егер ол анықталмаса, құқық қорғау 

органдарына шұғыл хабарлаңыз (тел.102, 112);

- затты бөгде адамдардан оқшаулауға немесе алыс арадан 

затқа  бөтендерді  жібермеуге  тырысыңыз.  Құқық  қорғау 

органдарының  қызметкерлері  келген  бойда  зат  табылған 

уақыт туралы ақпарат беріңіз.



4) мекемелерде, ұйымдарда: 

-  тауып  алған  зат  туралы  объект  күзетшісіне  немесе 

әкімшілігіне дереу хабарлаңыз. 

Табылған  затпен  немесе  күдік  тудыратын  заттармен 

жеке  іс-қимыл  жасауға  тырыспаңыз,  олар  жарылғыш 

құрылғылар  болуы  мүмкін,  бұл  жарылысқа,  көптеген 

құрбандыққа, қирауға әкелуі мүмкін.

Үзілді-кесілді тыйым салынады:

- табылған затты ұстауға, ашуға және орнынан қозғауға, 

бір жерден екінші жерге апаруға, қолға алуға; 

-  табылған  затты  қалтаға,  портфельге,  сөмкеге  салуға 

және т.б.; 

- жерге көмуге немесе оларды су қоймаларына тастауға

- заттардан шығып тұрған сым темірлерді немесе сымдар-

ды үзіп тастауға немесе тартуға, оларды залалсыздандыруға 

тырысуға;

- табылған заңсыз затты пайдалануға; 

- оған жақын аралықта радио және электрлі  аппараттарын, 

ұялы телефондарды пайдалануға.



Жарылғыш құрылғылардың іске қосылуы 

нәтижесінде  жарылыс аймағында немесе 

ғимараттың қираған үйінділерінің арасында 

қалған тұрғындарға арналған жадынама 

Егер сіз жарылу аймағында қалсаңыз, естен танбай, 

қимылдай алатын халде болсаңыз, ең бірінші кезекте түтін 

мен жалын жоқ жерге қарай жүруге, еңбектеуге тиіссіз.

Егер сіз жарылыс кезінде зардап шекпесеңіз, ал қасыңызда 

зардап  шеккен  адамдар  болса,  олардың  жай-күйлерін 

бағалаңыз: тамыры соға ма, адам есін жоғалтқан жоқ па? 

Ешқашан оның есін мүсәтір арқылы жиғызуға тырыспаңыз. 

Естен тану – бұл организмнің сыртқы әсерден қорғануы. 

Егер зардап шеккен адамның сынған жерлері болмаса (оның 

сүйектерін мұқият басып көріңіз), оны қырынан жатқызыңыз. 

Ол шалқасынан жатса, құсыққа шашалып, етпетінен жат-

са  тұншығып  қалуы  мүмкін.  Күре  тамырдан  қан  кеткен 

(алқызыл қан шапшып жатса) кезде жарақатты неғұрлым тез, 

тым болмағанда саусақпен басып, содан соң жараның жоғары 

жағынан жіппен, белбеумен, баумен, белдікпен таңу керек.

Егер  сіз  ғимараттың  қираған  үйінділері  арасында 

қалсаңыз, саябырлауға тырысыңыз. Терең және бірқалыпты 

тыныс алыңыз. Өзіңізді құтқаратынына иландырыңыз. Да-

уыстап және заттарды соққылау арқылы адамдардың наза-

рын аударыңыз. Егер сіз ғимараттың қираған үйінділерінің 

түбінде қалсаңыз, сізді жаңғырық дыбыс анықтағыш арқылы 

тауып алу үшін кез келген металл затты (сақина, кілт және 

т.б.) оңды-солды қозғап, дыбыс шығарыңыз. 

Егер бекітулі кеңістікте болсаңыз, оттықты тұтандырмаңыз.  

Оттегін сақтаңыз.  

Қабырғалардың қайта опырылып құлауын болдырмауға 

тырысып,  абайлап  жылжыңыз,  сырттан  соққан  ауаның 

қозғалысы  бойынша    бағдар  ұстаңыз.  Егер  мүмкіндігіңіз 

болса, қолға ұстауға келетін заттардың (тақтайлар, кірпіштер  

және т.б.) көмегімен төбені бекітіңіз, содан соң  көмек күтіңіз. 

Қатты шөл қысқан кезде кішкентай тасты аузыңызға салып, 

сорыңыз, мұрныңызбен тыныс алыңыз.



адамдарды кепілге алған жағдайдағы

 іс-қимылдар бойынша

тұрғындарға арналған жадынама 

Адамдарды кепілге алудың әрбір нақты жағдайы өзгеше 

және басқалардан ерекшеленеді.  

Сонымен қатар егер сіз кепілге алынсаңыз:  

1)  өз-өзіңізге  мүмкіндігінше  жылдам  келіңіз, 

тынышталыңыз және үрейленбеңіз;  

2) егер өзіңізді байлап немесе көзіңізді жапса, бойыңызды 

еркін ұстауға тырысыңыз, терең тыныстаңыз;  

3) болуы мүмкін қатаң сынаққа жеке адами, моральдық 

және  эмоционалды  тұрғыда  дайын  болыңыз.  Осы  ретте 

адамдарды  ұстаудың  көптеген  жағдайларында  кепілге 

алынғандардың тірі қалғандығын есте сақтаңыз. Сізді босату 

үшін құқық қорғау және арнайы органдары кәсіби шаралар 

қолданып жатқанына сеніңіз;   

4)  егер  қашып  кете  алатыныңызға  толық  сенімді 

болмасаңыз, қашуға тырыспаңыз;  

5) террористер туралы мүмкіндігінше көбірек ақпаратты 

есте  сақтаңыздар.  Олардың  санын,  қарулану  дәрежесін 

мақсатқа  сай  белгілеу,  дене  бітіміне,  сөйлеу  акценті  мен 

тақырыбына,  темпераментіне,  өзін  ұстау  мәнеріне  және 

т.б.  сыртқы  пішінін  сипаттайтын  ерекшеліктерге  көңіл 

аудара  отырып,  барынша  толық  кескінін  жасау.  Жан-

жақты ақпараттың соңынан террористердің жеке бастарын 

анықтауда көмегі тиеді

6) әртүрлі белгілер бойынша өзіңіз отырған (қамалған) 

орынды  анықтауға тырысыңыз; 

7)  мүмкіндігінше  терезелерден,  есіктерден  және  адам 

ұрлаушылардың  өздерінен  алысырақ,  яғни  құқық  қорғау 

органдары белсенді шаралар қабылдаған жағдайда (үй-жайға 

шабуыл, мергендердің қылмыскерлерді көздеп атуы және т.б.) 

неғұрлым қауіпсіз жерге орналасыңыз; 

8) ғимаратқа шабуыл жасаған жағдайда қолды желкеңізге 

қойып, еденге етпеттеп жатуды ұсынады;  

9) егер шабуыл жасаған және басып алған кезде Сізбен 

әдепкіде  (Сіздің  жеке  басыңызды  анықтағанға  дейін) 

ықтимал  қылмыскер  ретінде  бірқатар  дөрекі  іс-әрекетке 

барса, ашуланбаңыз. Сізді тінтуі, қолыңызға кісен салуы, 

байлауы,  эмоционалдық  немесе  жеке  басыңызға  жарақат 

жасауы,  тергеуге  алуы  мүмкін.  Бұл  тәрізді  жағдайларға 

түсіністікпен  қараңыз,  шабуылдаушылардың  мұндай 

әрекеттері (барлық адамды түпкілікті сәйкестендіргенге және 

шынайы қылмыскерлерді анықтағанға дейін) дәлелденген.  



Адамды ұрлаушылармен өзара қарым-қатынас:

1)  агрессивті  қарсылық  көрсетпеңіз,  шалт  және  қауіп 

төндіретін  қимыл  жасамаңыз,  террористерді  өздері 

ойластырмаған іс-әрекеттерге итермелемеңіз;

2)  мүмкіндігінше  адам  ұрлаушылармен  тікелей  көзбен 

арбасатын байланыстан қашыңыз; 

3) бастапқыдан-ақ (әсіресе, бірінші жарты сағатта) адам 

ұрлаушылардың барлық бұйрығын және өкімін орындаңыз; 

4)  пассивті  ынтымақтастық  позициясын  ұстаныңыз. 

Сабырлы дауыспен сөйлесіңіз. Басып алушылардың ашу-

ызасын тудыруы мүмкін  дұшпандық рең мен іс-қимылға 

шақыратын жеккөрушілік сезімін білдіруден қашыңыз

5) өзіңізді сабырлы ұстаңыз, бұл ретте өз абыройыңызды 

сақтаңыз. Үзілді-кесілді қарсылық жасамаңыз, бірақ өзіңізге 

өте қажетті жағдайда сабырмен өтініш жасаудан қорықпаңыз; 

6) аталған жағдайда қатты күйзелуден қозғалуы мүмкін  

денсаулық  кінәратыңыз  болса,  бұл  туралы  өзіңізді  ұстап 

отырған адамдарға сабырлы түрде жеткізіңіз. Қалыптасқан 

жағдайларды  ескере  отырып,  біртіндеп  өзіңіздің  жай-

күйіңізді  жақсартуға  байланысты  өтініштер  деңгейін 

арттыруға болады. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал