8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!



жүктеу 1.11 Mb.

бет4/12
Дата16.01.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Болат ЖАППАРҰЛЫ, 

журналист. 

Тараз қаласы.

айман балғаева.  

 


көкжиЕк

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр 2016 Жыл  //

10

инСтитуттағы Оңды іСтер

 

„

аймаққа іссапармен келген қр білім және ғылым вице-министрі тахир балықбаев тараз мемлекеттік 



педагогикалық институтында болып, оқу орнының материалдық-техникалық базасымен,  ғылыми 

орталықтардың жұмысымен танысты. 

Министр бағасы жоғары.  

 

 

„

М.Х.дулати  атындағы тарМу-да «М.Х.дулати  және түркі әлемі» тақырыбында «Хі дулати 



оқулары» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті.

дулати еңбектеріне тың көзқарас

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Алғаш  рет  1997  жылдың  наурыз  айында  өткен  конференция 

жұмысына әр жылдар Үндістан, Иран, Германия, АҚШ, Түркия 

және  Орталық  Азияның  бірқатар  мемлекеттерінің  ғалымдары 

таратылған-тын. Ал биыл ҚР Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған 

конференцияға Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан сынды 

елдердің тарихшы-ғалымдары мен елімізге танымал дулатитанушы 

ғалымдардан біршама баяндамалар келіп түсіпті. Олардың қатарында 

ф.ғ.д., профессор Әбсаттар қажы Дербісәлі, т.ғ.д., профессор, ҚР 

ҰҒА-ның Құрметті академигі Талас Омарбеков, ф.ғ.д., профессор 

Жанғара Дәдебаев, т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА корреспондет мүшесі 

Берекет Кәрібаев, дулатитанушы «М.Х.Дулати» қоғамдық қорының 

директоры Мұхтар Қазыбек, ф.ғ.д., профессор Ислам Жеменей сынды 

танымал әдебиетші, тарихшы ғалымдар бар. 

Конференцияның пленарлық мәжілісін ашып, жүргізген М.Х.Дулати 

атындағы ТарМУ-дың ректоры, Оңтүстік аймақтық жоғары оқу орын-

дары ректорлар кеңесінің төрағасы, педагогика ғылымдарының док-

торы, профессор Махметғали Сарыбеков Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 

«Мәңгілік Ел» идеясы ұлтты ұйыстырып, «100 нақты қадам» Ұлт 

жоспары  бүгінде  тәуелсіздігіміздің  тұғырын  бекіту  жолындағы 

нақты іске айналып отырғанын айтты. Сонымен қоса ол «Әлем. 

ХХІ ғасыр» манифесі біздің бейбітшіліксүйгіш ел екеніміздің айқын 

дәлелі болып табылатынын жеткізді. Ректор өз сөзінде биыл 9-шы 

рет ұйымдастырылып отырған «Дулати оқулары» конференциясы 

отандық ғылымның ілгерілеуіне өзіндік үлес қосып келе жатқанын 

тілге тиек етіп, Дулати мұрасын зерттеуші ғалымдардың алдында әлі 

де болса толық шешімін таппаған көптеген міндеттерге тоқталып өтті.

- Біріншіден, Дулати мұралары жан-жақты зерттеле бастауына бай-

ланысты отандық ғылымда дулатитану мектебі қалыптасты. Қазіргі 

жазылып жатқан еңбектердің барлығы бірдей  жаңалығы мол, сапалы 

деуге бола қоймас. Себебі бірін-бірі қайталаулар жиі кездеседі. Бүгінгі 

күнге дейін жазылған еңбектерді саралай отырып, қандай жаңалықтар 

ашылды, айтылмай қалып жатқан қандай тұстар барын нақтылау 

қажет. Шындап келгенде, бұл – үлкен зерттеу объектісі. Екіншіден, 

парсы тілінде жазылған «Тарих-и Рашиди» қазақ тіліне аударылды. 

Сөз жоқ, бұл біздің рухани-ғылыми өмірімізге үлкен жаңалық болып 

енді. Алайда, бұл аударма жұмысы дулатитану ғылымының алдына 

тағы да тың міндеттерін қоятын тәрізді. Үшіншіден, «Әлемдік дулати-

таным тарихын» зерттеу қажеттігі. Ол үшін Дулатиға қатысты шыққан 

әлем тілдеріндегі мақалаларды жинақтау, қазақ тіліне аудару, зерттеу, 

зерделеу мәселелері күн тәртібінде тұрады. Не айтылды, не айтылған 

жоқ, қандай көзқарас тұрғысынан келді, оның дулатитанымдағы 

маңызы қандай деген ғылыми мәнді сұрақтарға жауап ізделінуі тиіс. 

Қорыта айтқанда, М.Х.Дулатидің «Тарих-и Рашиди» атты еңбегіндегі 

айтар басты ойы – тарихтағы тура жолды көрсете отырып, бұрыс 

жолға түсірер қателерден сақтандыру. Күні кеше Қазақстан халқы 

Ассамблеясының «Тәуелсіздік. Келісім. Болашағы Біртұтас Ұлт» 

атауымен өткен кезекті ХХІV сессиясында қабылданған «Мәңгілік 

Ел – патриоттық актісінде» көрсетілген Мәңгілік Елдің мызғымас жеті 

тұғырын нығайту, сақтау және ұрпақтан-ұрпаққа аманат ету- біздің 

міндетіміз,-деген Махметғали Нұрғалиұлы «Мәңгілік Ел» идеясы мен 

М.Х.Дулати мұраларының сабақтастығын айқындап берді. Мұнан 

соң мінберге шыққан облыс әкімінің орынбасары Ерқанат Манжуов 

«тарихты білмей, болашақты болжау мүмкін емес» деген сөзді алға 

тартып, мәңгілік жасайтын ғажайыпқа бай баба мұраларын зерттеу 

бүгінгі ғылымның борышы екеніне назар аударып, конференция 

жұмысына сәттілік тіледі.

Жиын  барысында  профессор  Әбсаттар  қажы  Дербісәлі 

«М.Х.Дулатидің Үндістандағы зерттеушісі» тақырыбында баянда-

ма жасап, Үндістанда Дулатидың өмірі мен еңбектерін тереңірек 

зерттеп жүрген ғалымдардың еңбектеріне тоқталып өтті. Сонымен 

қатар Әбсаттар Бағысбайұлы: «Мұхаммед Хайдардың кім екенін 

тарихты зерттеушілер болмаса, жұрттың көпшілігі біле бермейді. 

Бұның даңқын дүние жүзіне «Тарих-и Рашиди» деген кітабы жайған. 

Бұл кітап барлық мәдениетті елдердің тілдеріне аударылып, мәңгі 

өшпейтін дүниежүзілік әдеби мұрасының бірі болып отыр. «Тарих-и 

Рашиди» кітабының ең тамаша  жері – Мұхаммед Хайдар мұнда 

Алтын Орда мен Шағатай ұлысын әбден ыдырап, XV ғасырдың орта 

шенінде бұрынғы қазақ тайпалары бірігіп, жеке өкімет құрғанын 

бірінші рет ашық, көлемді түрде төндіре жазған. Мұнан өзге Қырғыз 

Республикасы  Ұлттық  ғылым  академиясының  вице-президенті, 

филология  ғылымдарының  докторы,  профессор  А.Акматалиев 

«Қырғыз  ақындары  және  М.Х.Дулатидің  шығармаларындағы 

жалпылықтар», т.ғ.д., профессор, ҚР ҰҒА-ның Құрметті академигі 

Т.Омарбеков «Шыңғыс хан шежірелік деректерде», ф.ғ.д. профес-

сор Өзбекстан мемлекеттік университетінің ұстазы М.Джусупов                                     

«Жазу - ғасырларды байланыстыратын семиотикалық дүние», ф.ғ.д., 

профессор Ж.Дәдебаев «М.Х.Дулати және қазақ әдебиетінің шығу 

төркіні» тақырыптарында баяндамалар жасап, ғұламаның ғұмырлы 

еңбектеріне  талдау  жасады.  Конференция  жұмысы  бұдан  әрі  4 

секция бойынша жалғасын тауып, бас-аяғы 115 баяндама көпшілік 

назарына ұсынылды.        



 

„

«Өрлеу баҰО» ақ 



филиалы Жамбыл облысы 

бойынша педагогикалық 

қызметкерлердің біліктілігін 

арттыру институтында  

«инклюзивті білім беруді 

енгізудің теориясы мен 

тәжірибесі» тақырыбында 

облыстық ғылыми-тәжірибелік 

конференция өткізілді. 

Мектепке дейінгі 

ұйым – білімнің 

негізі

Конференция  жұмысына  білім  беру 

басқармаларының өкілдері, ғалымдар, білім беру 

ұйымдарының педагогикалық қызметкерлері, 

басқа  да  қызығушылық  танытқан  тұлғалар 

шақырылды. Мектепке дейінгі және жалпы 

білім  беру  ұйымдарында  инклюзивті  білім 

беруді енгізу, қолжетімді білім беру ортасын 

құру және жетілдіру бойынша педагогтердің 

кәсіби құзыреттілігін арттыруды мақсат ет-

кен  жиынға  қатысушылар  өздеріне  керекті 

жаңашылдықтарды ала алды деген ойдамыз. 

Өйткені, мектепке дейінгі ұйымда инклюзивтік 

білім беру мәселелері, отандық жалпы білім 

беретін  мектептерде  инклюзивті  оқытудың 

қазіргі жағдайы және инклюзивті білім беруде 

психологиялық  және  логопедиялық  қызмет 

жүйесін дамыту – бұл күн тәртібінде тұрған 

дүние.  Және  аталмыш  конференцияда  осы 

мәселелер қаралып, қатысушы ұстаздар қауымы 

өздеріне керекті әдістерді толық игере алды.

Жұлдыз КӨШЕРБАЕВА,

«Өрлеу» БАҰо» АҚ Жамбыл облы-

сы бойынша Педагог қызметкерлердің 

біліктілігін арттыру институты, «мектепке 

дейінгі тәрбие және бастауыш білім беру» 

кафедрасының аға оқытушысы.     

Арсен БАЙЗАҚ

Министр әуелі «Жерұйық» этнографиялық 

орталығын  аралады.  Онда  ұлттық  тари-

хымыздан  сыр  шертетін  жәдігерлер  мен 

бұйымдар  қойылған.  3D  форматындағы 

аудиторияда кең дала, жайлау және киіз үй 

бейнеленген. Орталықтың басты мақсаты – 

Елбасының ел тәуелсіздігін баянды етудегі, 

халықаралық аренада Қазақстанның беделін 

арттырудағы ерен еңбегін насихаттау, ұлттық 

тарихымызды ұлықтау. Бүгінде мұнда институт 

студенттерімен арнайы сабақтар тұрақты түрде 

өткізіліп тұрады. 

– Мемлекет басшысы «Қазақстан-2050» 

Ст ратегиясының  орындалуы  әрбір 

қазақстандықтың жеке қатысуымен, белсенді 

өмірлік  ұстанымымен  ғана  атқарылатын 

іс  екендігін  баса  айтты.  Осының  ішінде 

Президенттің «Мәңгілік Ел» идеясы аса ерек-

ше назарға алынуы тиіс. Ол – халқымыздың 

бірлігін нығайтатын, ел болашағының ұзақ 

жылдарға арналған мемлекеттілік идеясы. Әр 

қазақ бұл идеяның үлкен мәнін терең түйсінуі 

шарт. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы 

армандаған мақсаты ғана емес, тәуелсіздік 

жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз 

шығармашылығының нәтижелері арқылы қол 

жеткен асу. Сондықтан да осы тақылеттес 

орталықтар жастардың төл тарихын терең 

білуіне, ұлттық мұраларымен жете танысуы-

на зор септігін тигізеді деп ойлаймын, - деді 

ҚР Білім және ғылым вице-министрі Тахир 

Балықбаев.

Сондай-ақ  қонақтар  жуырда  ашылған               

М ы р з ат а й   Жол д а с бе ко в   ат ы н д а ғ ы 

Академиялық ұтқырлық және халықаралық 

байланыстар  орталығына  аялдады.  Бұл 

орталықтың  басты  мақсаты  –  ақпараттық 

технологияларды заман талабына сай пайда-

лана отырып, жастардың ғылыми ізденісіне 

жол ашу, сапалы жоғары білікті мамандар-

ды  дайындаудағы  креативті  ой-пікірлерді 

жинақтау,  тарату.  «Институт  шет  елдің 

жетекші жоғары оқу орындарымен, ғылыми-

зерттеу институттарымен  ылғи да әріптестік 

байланыстар  орнатып,  білім  беру  саласын 

кемелдендіру мәселелері бойынша серіктестік 

қатынастарын нығайтып отыр» -  деп атап өтті 

ТарМПИ ректоры Дария Қожамжарова. 

Сапар  аясында  вице-министр  Халық 

қаһарманы  Ғазиз  Байтасов  атындағы  оқу-

әдістемелік кабинетімен танысты. 2013 жылы 

ашылған батырдың атындағы кабинетте оның 

өмірі мен жасаған ерлігі жайында сыр шертетін 

естеліктер мен күнделікті өмірде пайдаланған 

бұйымдары қойылған. 

Жүсіп  Баласағұн  атындағы  Түркістан 

өлкесінің тарихын зерттеумен айналысатын 

ғылыми орталықтағы атқарылған істермен жете 

танысқан Тахир Оспанұлы төл тарихымызды 

терең  зерттеп-зерделеуде  осы  тақылеттес 

орталықтардың  атқаратын  рөлі  зор  екенін 

атап өтті.

Ашылғанына екі жылға жуық уақыт болған 

орталықта бұған дейін 30-дан астам ғылыми 

еңбектер жарыққа шықты. Олардың қатарында 

«Қазақ хандығы» энциклопедиясы, «Қазақ 

хандығы» монографиясы, «Тұрар Рысқұловтың 

биохроникалық  күнделігі»,  «Жетісу  Ресей 

империясының құрамында» және «Түркістан» 

жинағының қос томы да бар. 


айбыН

 

„

б.Момышұлы атындағы «Жеңіс» саябағында 



«Мен Отанды қорғауға дайынмын!» атты 

облыстық патриоттық акциясы аясында 50 жас 

сарбаз Отан алдындағы  борышын өтеу үшін әскер 

қатарына аттанды. 

ӘСкер – шыңдалу 

Мектебі

Шынболат СЕЙДУАЛИЕВ

Болашақ сарбаздарды шығарып салуға 

облыс  әкімдігінің  басшылығы,  ҰОС 

ардагерлері  мен  әскери  қызметкерлер, 

орта арнаулы оқу орындарының алғашқы 

әскери  дайындық  пәні  оқытушылары, 

әскери кафедра курсанттары мен ата-ана-

лар қатысты. 

Сарбаздарды салтанатты түрде шығарып 

 

„

бұл - әрбір азаматтың мемлекет 



алдындағы мәртебелі перзенттік 

борышы. Мерекеге орай сарбаздар 

екі бағытта сап түзеп, салтанатты 

шеру ұйымдастырды.

 

„

абай атындағы орталық 



кітапханада «біз жеңістің 

ұрпақтарымыз» тақырыбында өткен 

жиында Ұлы Отан соғысының ардагері 

иван куденкомен кездесу өтті.

 

„

 тараз қаласының мемлекеттік архивінде  



Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай «Отан 

үшін от кешкен»   тақырыбында  дөңгелек 

үстел өтті.

 

„

    Ө. Жолдасбеков атындағы № 50 орта 



мектепте Ұлы Жеңістің 71 жылдығына 

орай «Ұрпаққа ұран болған - Ұлы Жеңіс» 

атты мерекелік жиын өткізілді.

Отан қорғау – 

ардың ісі

Соғыстың қаһарманы

Жеңіс сарбазымен 

кездесті

Ұран болған -

Ұлы Жеңіс

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Кешегі  Бауыржан  Момышұлы  мен  Ыбырайым 

Сүлейменовтердің ізін жалғаған біздің жас жауынгерлер 

жаужүрек алаш елінің айбынын тағы да Тараз төрінде 

асқақтатты. Бірі орталық «Достық» алаңынан, ал енді 

бірі «Жеңіс» саябағынан сап түзеп, екі бағыт ҚР Тұңғыш 

Президенті саябағында тоғысты. Тәжірибесі мол қаздай 

тізілген  сарбаздарға  алғашқы  әскери  дайындықтан 

өтіп  жүрген  мектеп  оқушылары  мен  әскери  кафедра 

студенттері  де  ілесті.  Жалпы  24  жылдық  қалыптасу 

кезеңінде ұлттық әскер күштері азаматтардың еңсесін 

тіктеп, еркіндігін кеңейтіп, аянбай еңбек етуде. Әскеріміз 

жаңарып,  оның  күш-қуаты  жылдан-жылға  нығаюда. 

Бұл күн - қайсар мінезді ата-бабамыздың жауынгерлік 

дәстүрінің заңды жалғас тапқан күні. Екі бағытта ел 

айбынын асқақтатқан шеру соңы мерекелік концерт-

ке  ұласты.  Салтанатты  шарада  әскерилер  аққудай 

тізілген ару қыз-келіншектермен айнала би билеп, өнер 

көрсетсе, «Оңтүстік» өңірлік әскери қолбасшылығының 

қолбасшысы, генерал-майор Талғат Қойбақов Отан қорғау 

жолында тер төгіп жүрген сайдың тасындай сарбаздарға 

қажымас қайрат, табыс тіледі. Бұдан әрі  облыстық филар-

мония әншілерінің орындауында соғыс жылдарындағы 

әндер шырқалды. 



Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ 

Басқосуда  кітапхана  қызметкерлері  оқырмандарға 

Ұлы Отан соғысы, оның зардаптары туралы тереңінен 

толғанып, Ұлы Жеңіс туралы мағлұмат берді. 

- Біздің кезең қиын еді. Соғыс оты шарпыған кез нағыз 

жалынды жастық шағымызбен тұспа-тұс келді. Қиын 

кезеңдер зулап өте шықты. Міне жеңіске жетіп, қаншама 

жылдар артта қалды. Ал соғыстан кейін  қырық жыл бойы 

дәрігер-рентгенолог қызметін атқардым. Түркіменстан, 

Өзбекстан сынды мемлекеттерде өмір сүрдім. 1968-ші 

жылы Жамбыл қаласына келіп, содан бері Қазақстан 

өз Отаныма айналды. Бүгінде тоқсаннан асқан жасым 

бар. Біз көрген соғысты, біз көрген қиын кезеңді жастар 

көрмесін.  Жастарға  бейбіт  заманда  ғұмыр  кешіңдер 

деп тілек білдіремін,- деді  Иван Куприянович үлкен 

толқыныспен.  

Кездесу  барысында  кеш  қонағы    Иван  атай 

оқырмандардың Ұлы Отан соғысының басталуы, сондай-

ақ жауынгерлердің Отанды қорғаудағы батырлықтары 

жайында қойған  түрлі сұрақтарына мазмұнды жауап 

берді. 

Қарт  солдаттың  көңілін  аулау  мақсатында 



ұйымдастырылған концерттік бағдарламада  ардагерге 

арналған патриоттық әндер шырқалып, би де биленді. 

Сонымен  қатар  қазақтың  қайсар  қыздары  Мәншүк 

Мәмедова мен Әлия Молдағұлованың өлшеусіз ерлігі 

туралы  айтылып,  қазақ  ақыны  Жамбыл  Жабаевтың 

«Ленинградтық  өренім»  өлеңі  оқылып,  Бауыржан 

Момышұлының    шығармалары  кеңінен  талқыланды. 

Сондай-ақ  кітапханашылар  «Ұрпақтар  ұмытпайтын 

Ұлы Жеңіс» атты көрме туралы әңгімеледі. Кеш соңында 

қалалық орталықтандырылған көпшілік кітапханалар 

жүйесінің директоры Роза Әлібекова Ұлы Отан соғысы 

ардагеріне  үлкен  алғыс  сезімін  білдіріп,  сый-сияпат 

көрсетті.

  Онда Тараз қаласының Құрметті азаматы, соғыс  ардагері  Ұлы 

Жеңіс сарбазы, архивте жеке қор құраушы Ережепбай Жетібаев 

қариямен кездесу өтті. Кездесуге  №23 орта мектептің 9-сынып 

оқушылары  мен  мектептің  аға  тәлімгері  Г.Майшекеева  және 

қалалық архивтің қызметкерлері қатысты. Кездесуді мекеме басшы-

сы Бақыт Жарқынбайқызы Абдыкаримова ашып, жүргізіп отырды. 

Архив қызметкерлері С. Досымбеков, Г. Аханбековалар мәртебелі 

қонақтың өнегелі өмір жолы туралы, жалпы соғыс зардаптары 

туралы мектеп оқушыларына нақты дәлелдермен әңгімелерін айта 

келіп, қадірлі қонаққа алғыстарын айтып, ақ тілектерін жеткізді. 

Бұдан соң,  оқушылар  тарих және мұрағат саласы бойынша 

алдағы уақыттарда  қалалық архивпен бірлесіп, зертеу ісімен  

айналысатындықтарын,  архивші болуға қызығатындықтарын 

жеткізді. Ережепбай Жетібаев ақсақал өз өмірі мен соғыста көрген 

қиындықтарын әңгімелеп, жастарға соғыс атаулыны бастарына 

бермеуін, осы бүгінгі бақытты өмірлері мәңгілік болуын тіледі.  

Кездесу соңында  мекеме басшысы құрметті қонаққа сыйлық 

жасап, ақ тілегін арнап, 100 жасқа жетуін, шөбере-шөпшектерінің 

қызығын көруді тілеп, алғысын жеткізді. Осындай ақ тілекті мектеп 

оқушыларына да тіледі.

Гүлмира АХАНБЕКоВА,

бөлім басшысы.

Мектеп оқушылары аталған мерекелік жиында өз өнерлерін 

жан-жақты көрсете білді. Атап айтсақ,  8-9 сынып оқушылары 

майдан жылдарына арналған ән айтып, би биледі.

Алғашқы  әскери  дайындық  пәнінің  мұғалімі                  

Ә.Байбосыновтың жетекшілігімен 10-сынып оқушылары хор-

мен өлең айтып, соғыс ардагерлеріне деген құрмет сезімдерін 

көрсете білді. Ұлы Отан соғысы жылдарындағы естеліктерден 

қойылған «Бабалар жолы» атты сахналық көрініс  ардагер 

аталарымыздың есіне бір сәт майдан жылдарында көрсеткен 

ерлік істерін естеріне түсірді. Аталған мектептің оқушысы           

Н. Жарболовтың: 

 Жер бетінде қазақ атты  халық келген

Күнде думан, күнде той, сауық көрген. 

Бүгін мына тойлап жатқан мерекеңді,

Бабаларым емес пе алып берген - деген жүрекжарды арнауы 

қонақтар мен оқушылардың көңілінен шығып, көздеріне жас 

алдырды.


   Жиын соңында мектеп директоры Рахия Есеева Ұлы Отан 

соғысы  ардагерлері  мен  Ауған  соғысы  ардагерлерін  Ұлы 

Жеңістің 71 жылдығымен құттықтады.

 

№ 50 орта мектептің 



ағылшын тілі пәні бірлестігі.

салуға арналған акция барысында «Оңтүстік» 

өңірлік  әскери  қолбасшылығы  басшысының 

орынбасары Марат Сайынов, «Жамбыл облыстық 

генералдар кеңесі» республикалық қоғамдық 

бірлестігінің директоры Әбдіқапар Қазиев болашақ 

сарбаздардың Қазақстан Республикасы Конститу-

циясын қалтқысыз сақтаудағы тәуелсіздігіміз бен 

тұтастығымызды, тыныштығымыз бен бейбіт 

тірлігімізді    қас  қақпай  күзетудегі  мәртебелі 

қызметтеріне  тілектестік  білдіріп,  сәттілік 

тіледі. Сондай-ақ Ұлы Отан соғысының ардагері 

Анастасия Переделиева бейбіт күннің сарбаз-

дарына аналық ақ батасын беріп, Отан алдында 

берген анттарына берік болуға шақырды. Өз 

кезегінде сөз алған облыс әкімдігі жастар саясаты 

мәселелері басқармасының басшысы Еркебұлан 

Құралбаев: «Өткізіліп отырған шараның мақсаты- 

жастарымыздың бойында әскери-патриоттық 

тәрбие қалыптастыру, оларды отансүйгіштікке 

баулу, әскери құндылықтарды насихаттай отырып, 

жауапкершіліктерін орнықтыру, әскери қызметтің 

беделін көтеру» - деді. 

Жиында  болашақ  сарбаздар  атынан  сөз 

тізгіндеген Қайсар Бекназаров: «Отан алдындағы 

борышты өтеу - барлық ер жігіттің айнымас асыл 

міндеті» - дей келе, берген анттарына қашанда берік 

болатындықтарын жеткізді. Сондай-ақ ол өзінің 

замандастарына әскер қатарына баруға кеңес берді.

- Бүгін балаларымызды әскер қатарына салтанат-

ты түрде шығарып салып тұрмыз. Өзімнің ұлым 

әскери қызметкер болуды бала кезінен армандады. 

Сол арманын орындау үшін 9-сыныпты бітірген 

соң, Алматыдағы Б.Момышұлы атындағы әскери 

мектепті де тәмамдады. Енді міне бүгін сол алған 

білімімен Ақтау қаласындағы ҚР Қарулы Күштері 

Әуе қорғанысы сапында азаматтық борышын 

орындамақ ниетте әскер қатарына аттанып бара 

жатыр,-дейді көңілі толқып тұрған жас сарбаздың 

әкесі Мұрат Аққұлиев. 

Шара  барысында  «Оңтүстік»  өңірлік 

қолбасшылығының  вокалды  топ  әншілері                 

«Отаным» және «Қазақстан», Марат Әлімбеков 

пен Андрей Власов «Армия», Үмбет Сақышбеков 

«Туған  жер»,  Нұрсерік  Тұрдахмет  «Жүрегім 

қазақ» әндерін нақышына келтіре орындап, әскер 

қатарына шақырылушылар мен олардың ата-

аналарына жылы лебіздерін білдірді. Сонымен 

қатар  Жамбыл  политехникалық  колледжінің 

әскери кафедра курсанттары әскери әдістер мен 

қоян-қолтық тәсілдерін көрсетіп, әскерге дайын 

екендіктерін көрсетті.

қазақстан республикасына қызмет етемін!  

 

11



//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр  2016 Жыл  //

әлЕуМЕт

12

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр 2016 Жыл  //



 

„

Ұлттық асханамыздағы ұмытыла бастаған 



тағамдар ақ дастарханымызға қайта оралды. 

тараз  шаһарында  бірталай  жылдар  бойы 

еңбек етіп келе жатқан білікті аспазшылар 

көне  тағамдарды  заманауи  тұрғыда  қайта 

жаңғыртудан өзара бақ сынасты. 

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Халқымыздың әр тағамы өзіндік мәнге 

ие, мағыналы сырға толы. Мұны қазақтың 

кез келген ұлттық асынан байқау қиын емес. 

Тәуелсіздік алғалы бері әлемдік мәдениетке 

көз  салып,  әр  халықтың  асханасымен 

де таныстық. Соңғы уақытта еуропалық 

асханаға да бой үйрете бастадық. Бір ғана 

Тараз шаһарының өзінде соңғы жылдары 

шет елдік бағытта, өзгеше атаумен бірталай 

мейрамханалар бой көтерді. Олардың ас 

мәзірінен  білікті  аспазшылар  әзірлеген 

сан түрлі тағамдарды кездестіруге болады. 

Себебі,  нағыз  аспазшы  –  шығармашыл 

адам. Оның кәсібі біреудің қарнын той-

дырып, қалтасын қағу ғана емес, адамзат 

баласына өмірдің дәмін ұсынып, ал оның 

өнер  туындысына  қаныққан  тұтынушы 

рухани ләззат алуы тиіс. Бұл ұғым Еуропа 

елдерінде ерекше қадірлі. Себебі, батыста 

аспазшылық – ұлы өнер. Ресми лауазымы 

дәрігерлер мен ұстаздардан бірде-бір кем 

түспейді. Ал қазақ халқының асханасы - бір 

ғана ас мәзірінің тізіміне емес, тұтас бір 

энциклопедияны толтыратын дүние. Осы 

орайда, «Grand Royal» мейрамханасында 

батыс  пен  шығыстың  асханасын  жетік 

меңгерген шаһарымыздағы шебер аспаз-

шылар өзіміздің ұлттық тағамдарымызды 

заманауи  нақышта  әзірлеп  шықты.  

Қалалық ішкі саясат бөлімінің ықпалымен 

ұйымдастырылған байқауда «Гауһартас», 

«Үміт»,  «Екі  жұлдыз»,  «Жеті  қазына» 

мейрамханаларының бас аспазшылары бақ 

сынады. 

- Салада жұмыс жасағаныма он бес 

жылдан  асты.  Басында  ас  әзірлеу  менің 

хоббиім болатын. Кейін өмірімнің мәніне 

айналды.  Әйтпесе  негізгі  мамандығым- 

құқықтанушы,  заңгер.  Бүгінде  «Жеті 

қазына» мейрамханасының бас аспазшы-

сымын.  Өз  тәжірибемде  халқымыздың 

ұлттық  тағамдарын  дайындауды  жақсы 

көремін. Ал негізгі бағытым - еуропалық 

бағыт.  Оның  ішінде  Италия  асханасы. 

Өзім кәсіби пицерионмын. Ұзақ жылдар 

бойы Еуропа асханасын зерделеп, соған 

өзімді бейімдедім. Бірнеше жылдар бойы 

Алматы қаласының ірі мейрамханаларын-

да тәжірибемді шыңдадым. Бүгінде Тараз 

қаласында  күн  сайын  сәулетіне  сымба-

ты  жарасқан  зәулім  мейрамханалар  бой 

көтеруде. Барлығы сол еуропалық бағытқа 

бетбұрыс жасап келе жатыр. Байқауға мен 

қазақтың ұмытыла бастаған астарының бірі 

бидайдан жасалған палауды алып келдім. 

Жалпы  тағамды  әзірлеу  үш  сағатқа  со-

зылды. Асты көне кітаптардағы деректерге 

сүйеніп жасадым. Құрамына сиыр немесе 

қой еті және қуырылған пияз, май, жүзім 

мен қуырылған бидай қосылады,- дейді 

Ербол Сеңгірбаев. 

Ал «Екі жұлдыз» мейрамханасының 

аспазшысы Нұрлан Қадырбеков көшпенді 

бабаларымыздың күнделікті тұтынған жол 

азығы – «қуырылған қабырға» асын дайын-

дады. Салада он жылдан аса жұмыс жасап 

келе жатқан маманның бұл тағамы кептіріліп 

және  қуырылып,  қысқа  уақыт  ішінде 

әзірленеді екен. «Үміт» мейрамханасының 

аспазшысы  Эльвира  Жамантаева  ауыл 

баласының  сүйікті  де  қуатты  тағамы 

«атала»  асын  даярлапты.  «Гауһартас» 

мейрамханасының шебері ұннан жасалған 

ұлттық тағамдардың бірталайын ұсынды. 

Дейтұрғанмен, алғаш рет өткізіліп отырған 

аспазшылар байқауында кемшіліктер де 

жоқ  емес.  «Әрбір  үміткердің  алдында 

тағамның құрамы мен аспазшының аты-

жөні, еңбек өтілі жазылуы тиіс еді. Бұған 

қоса,  қатысушылардың  көбі  қазақтың 

ұлттық сусыны қымыз бен шұбатты графин-

ге құйып қойған. Ол сусындар сапырылатын 

арнайы ыдысқа құйылуы тиіс. Дегенмен, 

кемшіліктер осындай байқау барысында 

сыналып,  келе-келе  түзеледі»  -  дейді 

мейрамхана кәсібінде 34 жыл еңбек етіп 

келе жатқан, қазылар алқасының мүшесі, 

«Той қазан» мейрамханасының директоры 

Александр Гаврилюк. Ал «Бобур», «Най-

затас»,  «Версаль»  мейрамханаларының 

басшылары мен қалалық Тұтынушылардың 

құқықтарын  қорғау  басқармасы  мен 

кәсіпкерлік  және  өнеркәсіп  бөлімі  ма-

мандарынан  құралған  қазылар  алқасы 

барлық үміткерлердің тағамдарынан ауыз 

тиіп, даярлау шеберліктеріне қарай баға 

берді.  Байқау  қорытындысы  бойынша, 

«Үміт»,  «Екі  жұлдыз»,  «Жеті  қазына» 

мейрамханаларының шеберлері қазылар 

алқасының төрағасы, қалалық ішкі саясат 

бөлімінің басшысы Кенжебек Олжабайдың 

қолынан Алғыс хатқа ие болса, «Гауһартас» 

мейрамханасының аспазшысы Гүлзағира 

Әбденова  облыстық  байқауға  жолдама 

алды.  Облыстық  дәм  додасы  маусым 

айының 6-сында, ал республикалық байқау 

маусымның  30-ында  Тараз  шаһарында 

өтетін болады. 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал