8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!



жүктеу 1.11 Mb.

бет3/12
Дата16.01.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

Құралай СЕСЙЕНБЕКҚЫЗЫ

Ең  алдымен  сөз  кезегін  алған  Тараз  қаласының  әкімі  

Нұржан Календеров  бұл кездесудің тигізер пайдасы мол 

екенін тілге тиек етті.  Енді алдағы уақытта кәсіпкерлікті 

кеңінен дамытуға зор мүмкіндік туып отырғанын айтты. 

Кездесуге  Кәсіпкерлер  палатасының  директоры 

Қарлығаш  Аралбекова,  облыс  әкімдігінің    кәсіпкерлік 

және индустриалды-иннновациялық  дамыту басқармасы 

басшысының орынбасары Олжас Ағабеков және өңірдегі 

бірқатар кәсіпкерлер қатысты.

- Біздің мақсатымыз - екі ел арасындағы ынтымақтастықты 

одан әрі нығайтып, кәсіпкерлік, туризм, денсаулық сала-

ларын кеңейту. Екі ел арасындағы өзара достық қарым-

қатынасымыздың дәлелі - ол екі елдің президенттерінің  

кездесіп тұруы,- деді Франция елшісі өз сөзінде.

Кәсіпкерлер палатасының директоры Қарлығаш Аралбе-

кова:

-  Көп  ұзамай  біздің  ауданда  бизнес  карточкаларының 



тұсаукесері болады. Бұл әлеуметтік желіні іске асыру инве-

сторлар үшін өте қажетті. Олар өздеріне керекті  жобаларды, 

сондай-ақ Жамбыл өңіріндегі кәсіпкерлік туралы барлық 

қажетті ақпаратты желі арқылы таба алады,- деді.

Кездесу соңында ойын қорытындылаған Франсис Этьен: 

-  Барлық  жобалармен  кеңінен  танысамыз.  Алдағы 

жартыжылдықта кәсіпкерлерге нақты ұсыныспен келеміз. 

Ал қандай да бір айтар пікірлеріңіз, тың идеяларыңыз  болса, 

Жамбыл облысы бойынша консультант Сырым Адамбаевқа 

айтыңыздар,- деп ескертті. 

Облыстың экономикалық мүмкіндіктерімен таныстыру 

мақсатында өткен басқосуда екі ел арасындағы сауда-саттық 

қарым-қатынасы,  инвестиция  тарту  төңірегінде  өрбіген 

әңгіме алдағы уақытта өз нәтижесін бермек. 

Франция елшісі, сондай-ақ Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың 

бастауымен жүзеге асып жатқан үш тұғырлы  тіл саясаты  жа-

стар болашағының жарқын болатынының айғағы екендігіне 

күмән келтірмеді. Сондай-ақ, қазақстандықтардың бала-

шағасы,  ата-әжелерімен  бірігіп,  тату-тәтті  бір  шаңырақ 

астында ғұмыр кешіп жатқанына таңданысын жасырмады,  

мұндай қарым-қатынас жан сүйсінтер көрініс екенін қадап 

айтты.


ардагерлерді ұмытпау - парыз.  

 Суреттерді түсірген автор

басқосу барысында.  

 

бар,  -  дейді  осы  идеяны  қолға 



алып, оның соңына дейін жетуіне 

мұрындық  болып  жүрген  ҰҚК 

полковнигі,  Жамбыл  станциясы 

ЖІІБ Ардагерлер кеңесінің мүшесі 

Алихан  Нұртаев.  Шара  бары-

сында  жас  сарбаздар  салтанатты 

түрде  ант  қабылдап,  жиналған 

көпшілік мемориалдық тақтаға гүл 

шоқтарын қойды.


дата

8

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11  мамыр   2016 Жыл  //



 

„

12 мамыр – Халықаралық мейірбикелер күні. Осы орайда облыс орталығындағы 



сексен жылдық тарихы бар Жамбыл медициналық колледжінде облыстық «Үздік 

медбике - 2016» кәсіби байқауы өтті.

Нұржан СЕРІКХАНҰЛЫ

Нақ  осы  күн  -  медбике  ісінің  негізін 

қалаушы,  Англия  елінің  азаматшасы  Флоренс 

Найтингейлдің  туған  күні.  «Өзімнің  өмірімде 

және  жұмысымда  шыншыл,  адал  болуға  ант 

етемін.  «Зиян  келтірмеу»  талабына  сүйеніп, 

науқасқа  зиян  келтіретін  дәрілерді  енгізбеуге, 

өз  мамандығымның  стандарттарын  қолдауға 

және жетілдіруге барлық мүмкіндік жасауға, өз 

тәжірибемде қол жететін пациенттің және оның 

жанұясының жеке мәліметтерін құпияда сақтауға 

міндет  етемін.  Дәрігердің  жұмысына  барлық 

сеніммен тырыса көмектесіп, маған деген сенім 

білдірген пациенттердің күтіміне толық өзімді 

арнаймын»  дейді тарихтағы ең алғашқы мейірбике                                                                                                                  

Ф.  Найтингейл  өзінің  естелігінде.  Расында, 

мейірбике  білім  мен  шеберлігі  бар,  күтім 

процесіне жауапты, мейірімділік көрсете білетін 

медициналық маман болып саналады. Мейірбике-  

емделушіге толық күтім қамтамасыз ету үшін өзінің 

кәсіби психологиялық және рухани қасиеттерін 

арнайтын бірегей қоғамның белсенді тұлғасы. 

Мейірбике ісі - ежелден келе жатқан мамандық. Ал 

жалпы Қазақстанның денсаулық сақтау саласында 

150 мыңнан астам  медбикелер қызмет атқарады. 

Оның он мыңнан астамы Жамбыл облысында. 

Мейірбикелер мерекесіне орай ұйымдастырылған 

облыстық байқауға Т.Рысқұлов аудандық орталық 

ауруханасы  диагностика  бөлімінің,  облыстық 

наркологиялық диспансері  медико-әлеуметтік 

оңалту  бөлімінің,  Жамбыл  аудандық  орталық 

ауруханасы  хирургия  бөлімінің  және  Жуалы, 

Талас,  Қордай  аудандары  мен  қалалық  №1,2 

ауруханалардың мамандары қатысты. 

- Биыл колледжімізге сексен жыл толып отыр. 

Төрт оқу бағдарламасы бойынша мамандар дайын-

даймыз. Қазіргі таңда колледжде екі жарым мыңға 

жуық студент білім алып жатыр. Оқу дәрісі күндізгі 

және кешкі бөлімде өтеді. 149 оқытушымыздың 

басым  көпшілігі  -  жоғары  санаттағы  маман-

дар  мен  бірінші  санаттағы  педагогтер.  Жас 

мамандарымыз  да  бар.  Елімізде  Халықаралық 

орта  буынды  медицина  қызметкерлері  күні 

жоғары деңгейде атап өтіледі. Осы орайда облыс 

көлеміндегі  мейірбикелер  арасында  дәстүрлі 

түрде  жыл  сайын  байқау  ұйымдастырылады. 

Шара облыстық денсаулық сақтау  басқармасы 

мен  денсаулық  сақтау  кәсіпкерлер  кәсіподақ 

ұйымының ықпалымен өтуде. Байқауға өңіріміздің 

әр ауданынан салада еңбек сіңіріп келе жатқан 

білікті он маман қатысуда. Байқау шарты бойынша 

үміткерлердің жұмыс өтілі бес жылдан жоғары бо-

луы тиіс. Мұндай байқауды өз білім ошағымыздағы 

студенттер арасында да ұйымдастырып отырамыз. 

Мәселен,  жуырда  республикалық  студенттер 

арасында Орал қаласында өтетін медициналық 

байқауға  біздің  студентіміз  қатысқалы  отыр. 

Шара барысында қатысушылар теориялық және 

практикалық сынақтардан өтеді. Жалпы коллед-

жден  биыл  700  түлек  ұшырғалы  отырмыз.  Ал 

80 жылдың ішінде оқу ордамыздан 20 мыңнан 

аса  түлек  ұшқан.  Кейбір  түлектеріміз  А

стана, 

Алматы қалаларында және жергілікті медици-



на  мекемелерінде  жұмыстар  атқаруда.  Жалпы 

облыстағы  медицина  мамандарының  сексен 



бҰқара денСаулығының бағбандары

біліктілікті шыңдаған бәсеке.  

 Суреттерді түсірген Н.Тұрғынбек

пайызы  біздің  түлектеріміз,  -  дейді  Жамбыл 

медициналық  колледжінің  оқу  ісі  жөніндегі 

орынбасары Меруерт Тілеубаева.

Медбике мамандығының кәсіби біліктілігі 

мен мәртебесін көтеріп қана қоймай, халыққа 

медбикелік  қызмет  көрсету  сапасын  арттыру 

мақсатында ұйымдастырылған байқау барысын-

да қатысушы сала мамандары кәсіби флешмоб 

ұсынды. Ал байқау үш кезеңнен тұрды. Бірінші 

және екінші кезең теория мен тәжірибелік сыннан 

тұрса, үшінші кезең блиц-турнир түрінде, төртінші 

кезеңде  мейірбикелердің  шығармашылық 

мүмкіндіктерін  бағалады.  Денсаулық  сақтау 

басқармасы  мамандарынан  құралған  қазылар 

алқасының шешімі бойынша №1 қалалық ауруха-

насы ота бөлімінің мейірбикесі Гульнора Умарова 

1-орынды, аталған аурухананың жансақтау бөлімі 

мейірбикесі Индира Макажанова 2-орынды, ал 

Қордай аудандық орталық ауруханасы қарқынды 

емдеу палатасының мейірбикесі Рафига Насырова 

3-орынды иеленді. Ал №2 қалалық емханасының 

педиатрия  бөлімі  екпе  мейірбикесі  Мадина 

Баймурадова «Мамандыққа адалдық» аталымы 

бойынша,  облыстық  аурухананың  кардиоло-

гия бөлімінің мейірбикесі Қарлығаш Шарден 

«Ең үздік салауатты өмір салтын насихаттау-

шы»  номинациясымен  марапатталды.  Қалған 

үміткерлерге де ұйымдастырушылар тарапынан 

арнайы сертификат пен бағалы сыйлықтар табыс 

етілді. 

 

„

бүгінде 12 мамыр  дүниежүзілік медбике күні ретінде кеңінен атап өтіледі. 



Медбике… Медициналық бике… иә, осы бір атауды ауруханада емделетін 

науқас жандар жиі атайды. Өйткені, медицинадағы орта буын қызметкер – 

медбике – денсаулық сақтау жүйесінің негізін құрап отыр. ең бастысы, дәрігер 

емінің дұрыс нәтиже беруі – медбикенің көрсетілген емдік шараларды сауатты 

да қалтқысыз орындауында ғана емес, жаны қиналып жатқан науқаспен 

күндіз-түні бірге болып, жиі қарым-қатынас жасап, олардың көңіл-күйіне 

әсер ететін жанкешті еңбегіне де тікелей байланысты. демек, медбике науқас 

денсаулығына емдеуші дәрігерден кем жауап бермейді. 

алақандары аялы

Арайлым ШӘБДЕНоВА

Жұмысы  көрінбейтін,  бірақ 

атқаратын  міндеті  зор,  денсаулық 

сақтау  саласының  бір  буынының 

тізгінін  ұстап  отырған  қалалық 

№5  емхананың  жалпы  тәжірибелік 

бөлімінің  аға  медбикесі  Айман 

Балғаева да әрбір науқасына қолынан 

келген көмегін аямайды. Медбикені 

іздеп барғанымызда, емхана ашылған 

күннен  бері  сол  жерде  аға  медбике 

болып жұмыс істеп келе жатқан көңілі 

жайдары, жүзінен нұр шашып тұрған 

жан  қарсы  алды.  Ол  жұмыс  жасай-

тын  жалпы  тәжірибелік  бөлім  жаңа 

туылған нәрестеден бастап, еңкейген 

қарт  кісілерге  дейін  медициналық 

көмек  көрсетеді.  Сондай-ақ,  Айман 

Сәдібекқызы 12 учаскелік медбикелер 

мен үш егу бөлімінің медбикелеріне жа-

уап берумен қатар,  тәжірибеден өтуге 

келген барлық жас мамандарға қолынан 

келген көмегін көрсетуде. 

—  Медбике  болып  қызмет  істеу 

оңай емес, оның үстіне  бүгінгі таңда 

науқастар  өте  талғампаз,  кірпияз. 

Біздің саладағы басты күш медбике-

лерге түсетіні анық. Олар науқастарға 

ауыртпай ине шаншуға, бабын табуға 

тырысып-ақ  бағады.  Өз  ісіңді  ше-

бер меңгеріп, оң нәтижесін көргенге 

не  жетсін!  Қызығы  мен  шыжығы 

мол  жұмыста  небір  сәттерді  бастан 

кешіресің, – дейді аға медбике.

Елбасымыз «Саламатты Қазақстан» 

бағдарламасында  профилактикалық 

шаралар  мен  денсаулық  сақтау 

саласындағы  арнаулы  әлеуметтік 

қызметті  жетілдіруге  ерекше  на-

зар  аударғаны  белгілі.  Бұл  істе 

медбикелердің де үлесі зор. Ауруды ерте 

анықтау мен алдын алу бағытында қан 

айналым жүйесінің негізгі аурулары, 

қант диабеті, жатыр мойны, сүт безінің, 

тоқ ішектің қатерлі ісік белгілерінің ал-

дын алу мақсатында профилактикалық 

тексерістен  өткізу  де  осы  сала 

мамандарының  мойнында.  Сонымен 

қатар, диспансерлік бақылауда тұрған 

науқастарды уақытылы қадағалау, түрлі 

жұқпалы аурулардан сақтану барысын-

да жоспарлы егу шараларын жүргізу, 

науқастарға  ем-шараларды  үйде                                                                                      

жасауда  да  медбикелердің  еңбектері 

ерен.

Өзінің  кәсіби  біліктілігімен  қоса 



мейірімділігімен науқастардың  жанына 

шипа бола білген аға медбикенің жары 

спорт саласының дамуына үлес қосып 

жүрген бапкер. Бір әулеттің ибалы да 

үлгілі келіні болған ақ халатты абзал 

жан үш қыз, бір ұл тәрбиелеп отыр. 

Екінші қызы он жасар Балнұр ана жолын 

қуып, дәрігер болуды армандайды екен. 

Мереке қарсаңында өз әріптестеріне 

аға медбике отбасыларына амандық, 

дендеріне саулық тілей отырып, кәсіби 

біліктіліктеріңіздің арқасында биік асу-

лардан көріне беріңіздер деген тілегін 

білдірді. 

айман балғаева.  

 


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр  2016 Жыл  //

дата


9

 

„

Халықаралық медбикелер күніне орай қалалық балалар ауруханасы анестезиология 



және реанимация бөлімшесіне бардық. Ондағы ақ халатты абзал жандардың дертіне 

дауа іздеген бүлдіршіндердің алдында қанатты періштедей құрақ ұшып, дамыл таппай, 

жан саулығына сауға сұрағанының куәсі болдық.

Құралай СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ

Қарашығы  ғана  қимылдап 

жан  сақтау  бөлмесінде  жатқан 

бүлдіршіндердің саны біз барған 

күні  төртеу  еді.    Бірі  жүрек 

дертіне  шалдықса,  енді  бірі  ауа 

жетпегендіктен  арнайы  аппа-

ратпен  ғана  тыныс  алып  жатты. 

Тіршіліктің  тынысын  жүректің 

соғысына  аялы  алақанымен  ар-

найы дем беру аппаратына жалғап, 

тағдырдың азапты сәттерінен жан 

ұшыра ем жасап, дамылсыз еңбек 

етіп жүрген жандармен тілдесудің 

де  сәті  түсті.  Осы  бөлімнің 

меңгерушісі  Гүлбану  Садықова 

аурухананың тыныс-тіршілігімен 

таныстырып, әңгімелеп берді.

-  Жылына  300    бала  түседі. 

Кеше 9 бала түскен еді. Құдайға 

шүкір, бүгін жағдайы жақсарған 

балаларды палатаға ауыстырдық. 

Қазір төрт бала ем алып жатыр. 

Оның үшеуі аппаратпен дем алса, 

біреуін  жүрегіне  ота  жасауға 

дайындап  жатырмыз.    Екі-үш 

айлық  балалар,  перзентханадан 

бері осында. Ата-аналары келіп, 

сәбилерін  көріп  тұрады.  Бөлім 

алты төсекке арналғанымен, өткен 

аптада он екі балаға дейін түсті. 

Баланың жағдайы жақсарысымен, 

палатаға ауысады. 12 медбике бар, 

оның біреуі - аға медбике Ботагөз 

Атабаева.  Жоғары  санатты  алты 

медбике.  Бесеуі  екінші  санатты, 

біреуі  ғана  жас  маман.  Біздің 

аурухана республикалық рейтинг 

бойынша  16  қалалық  балалар 

ауруханасының ішінде үздігі ата-

нып, бірінші орын алды. Барлық 

жұмыс медбикелерге байланысты. 

Аппаратты  қосу,  тамақтандыру, 

жуындыру,  дәрі  беру,  дәрі  егу- 

барлығы медбикелердің еңбегі. Тек 

балалардың  жағдайы  жақсарып, 

палатаға  ауыстыру  сәтінде  ғана 

аналары  келіп,  бөбектерінің 

жағдайын  жасауға  көмектесуге 

рұқсат етіледі. Мұнда балғындар 

түскен  сайын  ақ  халаттыларды 

жүрегінен  жас  тамып,  елжіреп 



Жан Сақтауға Жан Салғандар

Науқас балаларға бауыр басып...  

 Суретті түсірген Н.Тұрғынбек

жылайтын  күндері  жиі  болады.  

Бір  сәби  тоғыз  ай  осы  бөлімде 

жатты.  Міне  сол  балаға  бауыр 

басып та қалдық. Кейін баланың 

ата-анасы  дем  алатын  аппарат 

сатып алып,  үйіне шыққанда әрі 

қуаныш, әрі қимастық сезім бой-

ымызды кернеп, барлық ақ халат-

тылар  жиналып,  үйіне  шығарып 

салдық.  Бұл  жерде  жатқан 

балалардың  жағдайы  жақсарса, 

біздің  жүрегіміздегі  салмақ  та 

жеңілдейді. Осы балаларды уай-

ымдап, үйде ауруханаға тынымсыз 

қоңырау  шаламыз.  Бала  түссе 

түн  болсын,  күн  болсын  осында 

асығамыз. Балалардың саулығы - 

біздің жанымыздың тыныштығы. 

Баланың айығып кетуі медбикенің 

тынымсыз  еңбегінің  жемісімен 

келеді.  Дәрігер  берген  тапсыр-

маны  бұлжытпай  орындап  қана 

қоймай,  тынымсыз  тер  төгуінің 

арқасында ғана  бала сауығады,-  

дейді Гүлбану Әмірқұлқызы. 

Тоғыз ай бойы ақ халаттылардың 

қарауында  болған  алты  жасар 

Ильдана,  кеше  ғана  жан  сақтау 

бөліміне  қайта  түскен.  Төсекке 

таңылған  бөбек  өздігінен  дем 

ала  алмайды.  Әке-шешесі  сатып 

алған дем алу аппаратын жөндеуге 

беріпті.    Ильдананың  жағдайын 

білуге  палатасына  бас  сұқтық. 

Осыдан алты жыл бұрын  дүние 

есігін ашқан нәзік қыз туылғаннан 

сал  ауруына  ұшыраған.  Жанары 

шоқтай  жанған  балғын  бәрін 

біледі,  түсінеді.  Тек  дыбыстап 

айта алмайды. Бізді көрісімен ба-

сына түскен қиындығын көрсеткісі 

келмеді ме, әлдене мазалағандай 

нәзік  саусақтарын  дамылсыз 

қыбырлатып,  кетуімізді  қалады. 

Алайда  сәлден  соң  қимылдауға 

да  дәрменсіз  балғын  анасының 

қойған сұрақтарына ыммен жау-

ап беріп, есеп шығара алатынын 

жеткізді.  Анасы  Виктория  қызы 

дүниеге келгелі жанынан бір елі 

ұзаған емес.

-  Қызымды  қатты  жақсы 

көремін. Ол сондай ақылды, бәрін 

біледі,  ұғады.  Міне  мультфильм 

көріп жатыр. Мұнда бізге барлық 

жағдай  жасалған.  Дәрігерлер 

сондай  қамқор,  медбикелер 

де  мейірімді.  Біз  осында  ұзақ 

жатқандықтан,  менің  қызыма 

мұндағылар бауыр басып қалған. 

Ақ  халатты  абзал  жандардың 

бізге  жасаған  жақсылығы  үшін 

алғысым шексіз,- дейді  Виктория.

Жүрек соғысының қуатымен 

ғана  күн  кешіп,  аппараттың 

қуатымен ғана дем алып жатқан 

бүлдіршін ғұмырында жер басып, 

асыр  салып  ойнап  көрген  емес. 

Әлсіз  ғана  тыныстап,  ыммен 

ғана  қалауын  жеткізіп  жатқан 

Ильдананың  анасы  өз  арманы-

мен  де  бөлісті.  Ол  -  қызының 

амандығы  үшін  тыныс  алу  ап-

паратына  қол  жеткізу.  Себебі 

қандай да бір жағдай туып, аппа-

рат  істемей  қалу  мүмкіндігінен 

қорқады.  Құны  10  мың  евро-

ны  құрайтын  аппаратқа  тәуелді 

Ильданаға көмек қолын созатын 

мейірімді  жанды  іздейтінін  жа-

сырмады.


Медбике Мадина Қоштаеваның 

жан  сақтау  бөлімінде  еңбек 

еткеніне  14  жылдың  жүзі  бо-

лыпты. 


-   Ж а н   с а қ т ау   б ө л і м і 

болғандықтан,  мұндағылардың 

барлығы  хал  үстіндегілер.  Сан 

түрлі  дертке  шалдыққан  бала-

лар.  Екі  жылдан  аса    жататын 

бүлдіршіндер  де  бар,-дейді                   

Мадина. 

Ал  Кенже  Смағұлова  осы 

ауруханада  17  жыл  мейірбике 

болып келеді.

-  Науқасынан  құлан-таза 

айығып  кеткен  балаларды  көре 

қалсақ  қуанып  қаламыз.  Ол  да 

біздің еңбегіміздің жемісі шығар. 

Бірінші - Алланың қалауы, одан 

кейін  осындағы  балалардың 

саулығы үшін бәріміз атсалысып 

жүрміз. Үнемі балаларды уайым-

дап жүреміз. Бәріміз де анамыз, 

сондықтан да жүрегіміз елжіреп 

тұрады мұндағы бүлдіршіндерге,- 

дейді Кенже Есіркепқызы.

Қым-қуыт  тіршіліктің  көш-

керуенінде  үздіксіз  еңбек  етіп, 

адам  жанын  ажалдан  араша-

лап  жүрген  абзал  жандардың 

еңбегі  қашанда  бағалы.  Дүрсілі 

жүректің соғысындай жан сақтау 

аппараттары мұндағы бөбектердің 

тіршілігіне дамылсыз дем беріп 

тұр. Ал сол аппараттарды өмірмен 

үйлестіріп, әрбір жүрекке ғұмыр 

сыйлап жүрген ақ халатты жандар 

да  жүректің  лүпіліндей  қажет. 

Аман болыңыздар, абзал жандар, 

мейірімді медбикелер! 



 

„

«Орынкүл, шырағым! Менің қан қысымымды өлшеп, әнеукүнгі дәрілеріңнен 



тағы да жазып бер. Сол дәрілерді ішкелі бері көңіл-күйім көтеріңкі». 

дәрігердің қабылдауына келген кейуана өткен жолғыдан жүзтаныс болып 

қалған Орынкүлге осылай уәж айтып жатыр. «Жүзі жылыдан түңілме» деген 

ғой, әрқашан келушілерді күліп қарсы алып, күліп шығарып салатын аққұба 

өңді ақжарқын келіншекті өзімсіне сөйлейді апасы.

Мамандығы - мақтанышы

–   О й б а й ,   а п а ,   с і з д і ң 

денсаулығыңызды тексеріп, қандай 

дәрі ішуіңіз керектігін дәрігер ай-

тады. Қазір дәрігер де келіп қалар, 

сонсоң  сол  кісі  белгілеген  дәріні 

жазып  беремін,  -  деп  түсіндіріп 

жатыр Орынкүл.

– Қайдам, өткен жолы оның жазып 

берген  дәрісі  әптектен  табылмай 

қойса болар ма. Содан сенің «ол дәрі 

табылмаса, орнына мынадай дәріні 

алып ішіңіз» деген кеңесіңмен соны 

алып ішкенмін. Алғаш қолданғаннан 

көңіліме  жағып,  денемнің  құрыс-

тырысы  жазылып  қоя  бергені. 

Дәрігеріңді күтіп отырам ба, жазып 

бер сондай дәріңнің біреуін.

–  Апа,  бәрібір  дәрігер  қарамай, 

мен ешқандай дәрі жазып бере ал-

маймын. Мынауыңызды біреу естісе 

ұят болады.

– «Ұят» дейтін түгі де жоқ, сенің 

айтқан дәріңнен жазылғаным рас. 

Сосын  сені  білгіш  демей,  кімді 

білгіш дейін. 

...Отбасындағы балалардың үлкені 

болғаннан  кейін  бе,  Орынкүлдің 

таңдауына әке-шешесі қарсы болған 

жоқ.  Ал,  оның  жүрек  қалауы  – 

медбикелік.

Басы ауырып, балтыры сыздамай-

тын пенде жоқ, дәрігерге көрінуге 

барған бір жолы осындай әңгімеге 

куә болғанбыз.

– Ал, Орынкүл қарындас, апаның 

айтып  отырғаны  рас  болса,  бізді 

әрі-бері  әуре-сарсаңға  салмай, 

қабылдайтын дәрімізді айтып, ерте-

рек қайтарып жіберсей, - дедік біз 

ойын-шыны аралас.

– Ой, ағай, дәрігер тағайындайды 

ғой  қабылдайтын  ем-дом,  дәрі-

дәрмектерді.  Кейде  ұзақ  жылғы 

тәжірибеге сүйеніп, қалай ем-дом 

жасауға, қандай дәріні алмастыруға 

болатыны  жөнінде  кеңес  береміз. 

Соның шипасын көргендер әлгіндей 

әңгіме  айтып,  адамды  ыңғайсыз 

жағдайға қалдырады да.  Орынкүл 

о сылай  дейді  ақт а лғандай. 

Қарапайымдылық жақсы ғой. Бірақ 

біраз  нәрседен  хабары  бар  екені 

байқалады.  Қанша дегенмен, ұзақ 

жылдар  бірге  қызмет  атқарған 

білікті дәрігерлердің айтуларынан, 

істеген  іс-әрекеттерінен  зердеге 

түйіп, көңілге тоқығаны көп. Әлгі 

бір  кейуананың  кетерінде:  «Әй, 

қызым,  сол  оқыған  доқтырыңнан 

тоқыған сен кем білмейсің. Дегенмен 

жолыңа қарағаның да жөн шығар», - 

деуі бекерден-бекер емес.

Жамбыл медициналық училищесін 

бітірген  1993  жылы  еңбек  жолын 

шалғайдағы  Мойынқұм  ауылын-

да  аудандық  орталық  аурухананың 

жұқпалы аурулар бөлімінде бастаған. 

Қала  іргесіндегі  Бірлесу  Еңбек 

ауылының қызы «облыстың ең шеткері 

елді  мекендерінің  біріне  шығандап 

кетемін»  деп  ойлаған  жоқ,  бірақ 

пешенеге жазылғаны сол. Қазақтың 

«қыз бен қой қайда бармайдысы» рас 

келіп, сол ауылдың азаматы Ержанмен 

тұз-дәмі  жарасып,  тұрмыс  құрған. 

Сондықтан  қызмет  те  сол  жақтан 

бұйырды.  

Мойынқұмдағы  бір  жарым  жыл 

қызметте әжептеуір тәжірибе жинақтап 

қалған медбике Орынкүл Әлімқұлова 

одан кейін Қаратау қаласының емхана-

сында 4 жыл жұмыс істеген. Учаскелік 

балалар медбикесі. Үлкен емес «мына 

жерім ауырды» деп айтатын. Оның 

үстіне дәрі егетін инені көргеннен-

ақ бақыра бастайды. «Көз – қорқақ, 

көз - батыр», баланы сәл сылап-сипап 

алдарқатып  тұрады  да,  дәріні  егіп 

жібереді. Кей бала аңғармай да қалуы 

мүмкін.  Кейбірі  шар  ете  түскенде, 

ата-анасының  шыр  ете  қалатыны 

бар. «Ештеңе етпейді, әлі-ақ рахмет 

айтасыз» - дейді ондайда Орынкүл 

жайбарақат.

Орынкүлдің №5 Тараз қалалық ем-

ханасында еңбек етіп келе жатқанына 

табаны күректей он бес жыл. Онда 

«өзі  болған  қыз  төркінін  танымай-

ды»  әдет  жоқ.  Ол  осында  тәлімгер 

болған  әріптесі,  қазір  бөлімшенің 

аға медбикесі Райхан Қопабаевадан 

көп  нәрсені  үйренгенін  әрқашан 

ризашылықпен  ауызға  алады.  Ал, 

мамандыққа  машықтануына  Мира 

Тұрысбекова,  Бақыткүл  Сембаева, 

Дина Субалиева, Мария Карасавиди, 

Надежда Шпакова сынды білімді де 

білікті дәрігерлердің тигізген игі әсері 

зор болғанын екі сөзінің бірінде айтып 

отырады.

Бүгінде Орынкүлдің өзі де тәлімгер. 

Осынау денсаулық күзетіндегі ширек 

ғасырға  жуық  қызметте  ол  талай 

марапаттарға ие болған. Бірақ ол үшін 

ең үлкен марапат – адамдар алғысы. 

Ол адамдар игілігіне қызмет ететін 

мамандығын мақтан етеді.




1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал