8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!



жүктеу 1.11 Mb.

бет2/12
Дата16.01.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

елбаСының Өнегелі ЖОлы

бұл  картинада  Сара  Алпысқызының  рөлін 

сомдап, мінезі мығым, ұлы істерді бағындыра 

алатын ер азаматтың етегін ұстар жан екендігін 

шынайы көрсете алды. 3 сағаттан астам уақытқа 

созылатын  фильм  түсірілім  тобының  кәсіби 

жұмысының арқасында және режиссура мен 

актерлік шеберліктің көмегімен көрермендерді 

жалықтырмайды. Актерлері ұтымды таңдалған 

фильмге  қазақстандық  актерлерден  бөлек 

ресейлік,  америкалық,  мысырлық  және 

қытайлық  актерлер  де  тартылған  екен.  Бір 

сөзбен айтар болсақ, көркем фильм көрермен 

көңілінен  шықты.  «Жұлдыздар  тоғысқанда» 

фильмі ел Тәуелсіздігінің осынау ширек ғасыр 

ішінде  басып  өткен  соқтықпалы  –  соқпақты 

жолын көрермен жадында қайта жаңғыртып, 

Нұрсұлтан Назарбаевтың жан дүниесімен толық 

таныстырады  және  әрбір  қазақстандықтың 

көкейінде жүрген сұрақтардың барлығына жауап 

береді. Сондай-ақ фильмге Азамат Сатыбалды, 

Ғани Құлжанов, Еркебұлан Дайыров, Жанел 

Мақажанова,  Динара  Бақтыбаева,  Қарлығаш 

Мұхамеджанова сынды талантты актерлер ат-

салысыпты. Басқа да кейіпкерлердің бейнесін 

Игорь Угольников, Сергей Гармаш, Дарья Мороз, 

Алексей Гуськов, Хью Фрейзер, Ричард Кордери, 

Стивен Пейси сияқты ресейлік және шетелдік 

актерлер сомдады.

Фильм аяқтала салысымен Тараз шаһарына 

арнайы  ат  басын  бұрып  келген  Ш.Айманов 

атындағы  киностудияның  өкілі  Бекболат 

Шекеров  пен  актерлер  Алдабек  Шалбаев, 

Ғани  Құлжанов  жергілікті  БАҚ  өкілдерімен 

кездесіп,  жалпы  қазақ  киносының  қазіргі 

қадамы мен бағыты, Елбасы фильмінің түсірілу 

барысындағы  әсерлері  мен  болашақтағы                                                          

жоспарлары жайында әңгіме өрбітіп, тілшілердің 

сұрағына жауап берді. Мамыр айының 16-сында 

кинотуынды  Мәскеуде көрсетілетін болады. 



 

„

елбасының «Әлем. ХХI ғасыр» манифесi - терроризмдi толықтай тұсаулап, адами 



құндылықтарды ұстануға шақыратын бірден-бір маңызды құжат. Өңірдегі  азаматтық альянс 

ассоциациясының ұйымдастыруымен өткен жиында адамзат баласын алаңдатып отырған бүгінгі 

әлемдік жағдай мен ядролық қарудың елімізге тигізген зауалы, әлемге төнген қауіпке құрық 

салудың елбасы тарапынан айтылған тиімді ұсынысы жан-жақты талқыланды. 

ядролық қарусыз әлем – жарқын әлем

Айсана НҰРБАП

Жалпы,  Қазақстан  -  әлемдік  көзқараспен 

қарағанда ядролық қарудан айтарлықтай опық 

жеген  мемлекет.  Абай  мен  Шәкәрімнің  туған 

топырағы  тулаққа  айналып,  Қабанбайлардың 

қабірі  теңселіп,  Қозы  Көрпеш  пен  Баян 

сұлулардың рухын мазалаған атом полигоны - 

қазақ тарихында қалған қара таңба.    Биыл Елбасы 

Н.Ә.Назарбаевтың  Семейдегі атом полигонын 

жабу  турасындағы  Жарлыққа  қол  қойғанына  

жиырма бес жыл толады. Семейдегі Радиациялық-

экологиялық ғылыми орталықтың және басқа да 

ғылыми деректерге сүйенсек, сынақ тоқталғанға 

дейін жалпы Кеңес Одағында 670-тей ядролық 

жарылыс  жасалған.  Мұның  95  пайызы  Семей 

атом полигонында өткізіліпті. Сынақ 1964-1965 

жылдардан бастап қана жерасты шахталарына 

көшірілген. Ал 1949 жылдың тамызынан бастап 

жер үстінде, ауада жүргізіліп келген. Ең алғашқы 

сынақ ретінде плутоний зарядының жарылғанына 

да табаны күректей 67 жыл өтіпті. Таңғы жетіде 

жерге түскен бомба отты шарға айналып, бір сәтте 

жер қабығының күлі мен иісін көкке көтерген. 

Айналада бір түп те шөп қалмады, осы маңды 

мекендеген жан-жануарлар мен жәндіктер де түгел 

қырылып қалған еді. Ең сорақысы сол, осынау 

полигон маңындағы ауылдарға қауіпті сынақтың 

болатыны ескертілмеген. Болып жатқан жағдайдан 

титімдей де түсінігі жоқ халық алғашқы жары-

лыстан радиациялық сәуленің өте көп мөлшерін 

алғаны есімізде. Ал, жарылыстан кейін пайда 

болған радиоактивті өнімдер аймақтың барлық 

елді мекендерін жауып қалды. Ауылдың аңқау 

қазағына  Семей  полигоны  жайында  тек  төрт 

жыл уақыт өткеннен кейін, яғни 1953 жылы ғана 

естірте бастаған. Тек сол уақыттан бастап қана 

тұрғындар  қауіпсіз  аймақтарға  уақытша  көше 

бастады. Жалпы Семей полигонын КСРО өзінің 

ядролық қаруының шама-шарқын тексеріп көру 

мақсатында ашқан болатын. Бұл үшін 18 мил-

лион гектар жер бөлінді. Алғашында сынақтар 

жер бетінде өткізілген. Айналаға тигізген зияны 

ұшан-теңіз  болғаннан  кейін  жарылыстар  жер 

астына көшірілген еді. Сол заманның өзінде радиа-

циядан зардап шеккендердің саны жарты миллион 

адамға жетті. Полигонда өткізілген сынақтардың 

жалпы  саны  456  ядролық  және  термоядролық 

жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық, яғни 

жер бетінде немесе әуе кеңістігінде жасалған. 

Осы ашық жарылыстардың жалпы қуаты 1945 

жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының 

қуатынан 2,5 мың есе көп еді. Жиын барысында 

аймақтық  Азаматтық  Альянсының  президенті 

Заир  Юлдашев  осы  кесапат  жөнінде  кеңінен 

айтып өтті. Бұдан әрі сөз алған «Невада-Семей» 

антиядролық қозғалысының облыстағы төрағасы 

Райса Рысқұлбекова сонау ел басына күн туған 

зұлматты  жылдардың  және  халық  ұрпағына 

тигізген кесірін баяндаған бейнеролик көрсетті. 

-  Жер анамыз бен халқымыз 456  жарылысқа 

төтеп берді. Еріксіз оның зиянына тұтқын болды. 

Енді сол 456-ны  40 жылға бөлейікші. Сонда жы-

лына 11-12 жарылыс болып тұрған. Әр айда 1-2 

жарылыс. Бұл - адамзат баласы үшін орны толмас 

үлкен қасірет. Қаншама бала кеміс болып туылды. 

Қаншамасы шетінеп кетті?! Ойлаудың өзі ауыр,-

дейді  Райса Беділбайқызы.

Расында,  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

Вашингтондағы IV ядролық қауіпсіздік жөніндегі 

самитте  жариялаған  «Әлем.  XXI  ғасыр»  атты 

манифесі  әлем  халықтары    арасында  үлкен 

қолдауға ие болды. Ұлт көшбасшысының: «ХХІ 

ғасырда әлемге тыныштық керек! Адамдардың 

өткен ғасырдағы жасағаны секілді, ХХІ ғасырда 

да  бейбітшілік  үшін  байыптылықпен  және 

табандылықпен  күресу  керек.  Біз  балалары-

мыз  бен  немерелеріміздің  болашағы  туралы 

ойлауға  тиіспіз.  Өткен  ғасырлардың  қасіретті 

қателіктерін қайталауға жол бермей, әлемді соғыс 

қатерінен  түпкілікті  арылту  үшін  бүкіл  әлем 

үкіметтерінің, саясаткерлерінің, ғалымдарының, 

бизнесмендерінің, өнер қайраткерлерінің және 

миллиондаған  адамдарының  күш-жігерін 

жұмылдыру  қажет.  Іс-әрекетсіз  отыру  немесе 

бітімгершілік қызметпен айналысқан кейіп көрсету 

әлемдік апатпен парапар», – деуі өте орынды. 

Енді  әлемнің  ешбір  елінде  дәл  осындай  зауал 

орнамау үшін әр адамзат баласы ортақ мүддеде 

күресуі қажет. Жиын барысында жергілікті ЖОО 

оқытушылары сөз сөйлеп, мәселеге қатысты өз 

ойларын ортаға салды. 


Мәңгілік Ел

6

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр   2016 Жыл  //



 

„

Өзінің даму және мемлекет болып қалыптасу тарихында көптеген сындарлы саясатты басынан өткерген 



қазақстан халқы тағы да жаңа белеске көтерілу жолында тың серпіліс жасап отыр. елбасымыз н.назарбаев 

еліміздің ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, дамуының жаңа бағыттарын жаһандық дағдарыс 

жағдайында жүзеге асырудың басты бағыттарын  айқындап берген Жолдауын ұсынды. елбасының «қазақстан 

жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауы - еліміздің ары қарайғы дамуының 

алғы шарттарын көрсететін және қазақстандықтарды жаңа белестерді бағындыруға жетелейтін, ортақ мақсатқа 

топтастыратын тарихи құжат екені даусыз.

ЖаСтар келешегінің кеМел ЖОлы

Елбасы Жолдауында  қоғамның барлық 

салаларын  үздіксіз  дамытуға  ерекше 

мән берілген. Ел экономикасының бұған 

дейінгі  уақыттағы  негізгі  жетістіктерін 

саралаған Елбасы жаһандық дағдарыста 

ел  экономикасын  нығайту,  табы-

сы  жоғары  мемлекеттердің  қатарына 

қосылу мақсатында атқарылар іс-шаралар 

халықтың  әл-ауқатын  жақсартуға 

бағытталуы қажет екендігін атап айтты. 

Сонымен  қатар,  Елбасы  қазіргі  таңда 

экономикалық жетістіктер мен қоғамдық 

қамтамасыз ету арасындағы теңдікті сақтау, 

бәсекеге  қабілетті  мамандар  даярлау, 

отандық ғылымды дамыту, халықтың әл-

ауқатын көтерудің  мемлекет үшін өмірлік 

маңызға  ие  екендігін  жеткізді.  Алдағы 

онжылдықтардағы Қазақстан дамуының 

да  басты  тұғыры  осы  болғандықтан, 

Жолдаудың негізгі мазмұны осыған саяды. 

Өз  сөзінде  Елбасымыз  аз  ғана  жылда 

мемлекет пен қоғамды қайта құрудың ұлы 

бетбұрысын жасап, дамудың ұлы жолын 

жүріп  өткендігін  ерекше  атап  өтіп,  ол 

жетістіктерді тәуелсіздігіміздің тұғырына 

саналатын  ел  бірлігінің,  қоғамдық 

келісімнің нәтижесіне балады.  

Елбасы  Жолдауында  әсіресе,  бәсекеге 

қабілетті білім беру, саналы ұрпақ тәрбиелеу, 

салауатты  өмір  салтын  қалыптастыруға 

ерекше  көңіл  бөлінген.  Жолдаудың  

дағдарысқа  қарсы  және  құрылымдық 

кешенді  жаңаруларды  жүзеге  асырудың 

төртінші бағытында  экономикалық өсімнің 

өңірлік  драйверлерін  қалыптастырудың  

маңыздылығына, бұл тұрғыда техникалық 

кадрлар дайындау жүйесін барынша дамыту 

қажеттілігіне тоқталды.  Осыдан келіп, 2017 

жылдан бастап  адами капиталды дамытуға 

арналған  «Баршаға арналған тегін кәсіби-

техникалық білім» бағдарламасын жүзеге 

асыру міндеті қойылды.  Инвестициялық 

саясаттың  негізгі  бағыттарының  біріне 

айналып отырған  техникалық және кәсіби 

білім беру  мәселесінде облыстың саяси-

экономикалық  ерекшелігін  негізге  ала 

отырып,  мамандандырылған жұмысшы 

мамандар  даярлаудың  алғы  шарттары 

қолға алынған. Енді соларды дамытуымыз 

қажет. Мәселен, облыста жыл сайын мек-

теп бітірушілердің 30 пайызы әлеуметтік 

жағдайына және әртүрлі себептерге байла-

нысты жоғары және орта кәсіптік білім ала 

алмайды.  Бұған қоса, ел экономикасында 

нақты қамтылған кәсіби жұмысшылардың  

орта жасының ұлғайып бара жатқандығы, 

ұзақ жылдар  қалыптасқан жүйенің тәртібі 

мен тәрбиесін, еңбек бөлінісі мен жұмысты 

ғылыми жүйеде ұйымдастыру өндірісінде 

сиреп қалуы да бұл мәселенің өзектілігін 

айқындайды. Осы мәселені қай  бағытта 

дамыту қажет?

Бұл  үшін  ЖОО  мамандар  даярлау 

бағыттарына  қарай  орта  кәсіптік  және 

кәсіби-техникалық білімдік мекемелерде 

даярланатын мамандықтарды сатылай даяр-

лау жүйесін құру қажет.  Кәсіби жұмысшы 

мамандардың  біліктілігін  ары  қарай 

жетілдіру мақсатында ЖОО мамандарды 

даярлау бағыттарына сәйкес  білім кластері 

ұйымдастырылуы тиіс. Осы бағытта  біздің 

жоғары оқу орнында бірқатар іс-шаралар 

жүзеге асырылған. Мәселен,  облыстағы 

54 орта кәсіптік оқу орындарының 38-інің 

даярлайтын мамандықтары университет 

мамандықтарымен сәйкес келеді және  өзара 

шығармашылық  байланыс  орнатылған. 

Бұған  қоса,  мектеп  оқушыларының 

ғылыми-зерттеу жұмыстарына универси-

тет ғалымдары ғылыми жетекшілік жасап, 

кәсіби  шыңдалуына  бағыт-бағдар  беріп 

отырады. Бұл бағыттағы жұмыстар орта 

кәсіптік-техникалық білім мекемелерінде 

де өз жалғасын табуы тиіс. 

Қорыта айтқанда, Елбасының дәстүрлі 

Жолдауы  еліміздің  болашақтағы  даму 

жоспарына  арналды.  Бүгінде  еліміздің 

әлем мойындайтындай жетістіктері көп.  

Мақсатымыз – әлемдік дағдарыстың әрбір 

сәтіне ерекше дайындығымызды пысықтап, 

ел экономикасын дамыту мен халықтың 

тұрмысын жақсартып, табысы жоғары ел 

қатарына қосылу үшін аянбай еңбек ету. 

Жолдаудың да негізгі мәні осы. 

Ерболат САУРЫҚоВ,

Тараз инновациялық-гуманитарлық

 университетінің ректоры, ф.ғ.д., 

профессор. 

 

„

елбасы н.назарбаев өзінің жыл сайынғы 



Жолдауында: «біріміз бәріміз үшін, бәріміз біріміз үшін» 

деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге тиіспіз. Сәт сайын 

құбылған аласапыранға сай амал табуымыз керек. біз 

де заманның беталысына қарай, межелерімізді белгілеп

жоспарларымызды жөндеп орындауымыз қажет. біздің 

мақсатымыз – елі бақытты, жері гүлденген Отанымыз 

қазақстанды Мәңгілік ел ету» - деп ұтымды бағыт 

ұсынған болатын.

 

„

2016 жылдың 8 сәуірінен 5 институционалдық реформаны 



жүзеге асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт жоспарын орындау 

аясында мемлекеттік қызмет көрсету саласында жаңа құрылым - 

«азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы  жұмысын 

бастады.  

Ұзақ өмір сүруге міндеттіміз

Жаңа бағыт – жаңа бастама

Қазақстан тәуелсіздік алған кезден бастап және одан кейінгі жылдар-

да да Елбасы халық денсаулығын жақсартуда бірізді саясат жүргізуде. 

Денсаулық саласын дамытуға бөлінген қаржының айтарлықтай өсуі халық 

денсаулығының басты көрсеткіштерін жақсартуға мүмкіндік берді. Елде 

медициналық-демографиялық жағдайдың оң өзгерісі, әлеуметтік маңызды ау-

рулардан болатын аурушаңдылық пен өлім-жітімнің, ана мен бала қазасының 

төмендеуі байқалуда. 

Президентіміз жуықтағы жылдар қазақстандықтар үшін «мүмкіндіктер 

көзі» болатынын және азаматтардың өмірінің жыл сайын жақсаратынын 

атап айтты. 

Салауатты  өмір  салтын  қалыптастыру  қызметі  ҚР  Денсаулық  сақтау 

министрлігінің жүйесінде мемлекет жаңадан тәуелсіздік алған қиын-қыстау 

жылдары құрылып, қиын кезеңді басынан өткерді және бүгінгі күні Қазақстан 

Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011-2015 жылдарға 

арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының арқасында 

денсаулықты нығайту бойынша іс-шараларды, республика халқына салауат-

ты өмір салтын жүргізуді насихаттауды, нәтижесінде адамдардың өмірінің 

сапасын жақсартатын профилактикалық бағдарламаларды енгізуді іске 

асырады.


Мемлекет жыл сайын профилактикалық медицинаны жақсартуға назар ау-

даруда. Ерекше маңызды «саламатты өмір салтының орнығуы, медицинаның 

дамуы қазақстандықтардың өмір сүруі ұзақтығын 80 жасқа дейін арттыру» 

болып табылады. Елбасы «спортпен шұғылдану, дұрыс тамақтана білу, 

жүйелі профилактикалық тексерілуі – аурудың алдын алудың негізі» екенін 

атап айтты. Денсаулық саласын әрі қарай дамыту үшін Жолдаудың басты 

аспектісі мемлекеттің, жұмыс берушілердің және қызметкердің денсаулық 

үшін ортақ жауапкершілігіне назар аудара отырып, алғашқы медициналық-

санитарлық көмекті дамыту болып табылады.

Бұдан бөлек, Елбасы Қазақстанның алдағы межесі әлемдегі ең дамыған 

30 мемлекеттің қатарына қосылып, бай да қуатты елдермен иық түйістіру 

мақсат екенін атап өтті.



Жақып ЖЕКСЕмБИЕВ,

 «Нұр отан» партиясы Тараз қалалық филиалының Партия 

бақылау комиссиясының төрағасы.

Мемлекеттік корпорацияны құрудың мақсаты  

азаматтардың  өтініштерін  қабылдау  және 

мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің дай-

ын нәтижелерін беру, «бір өтініш» қағидаты 

бойынша жүзеге асыру және сол қызметтерді 

электрондық түрде атқару болып табылады.                                                                                                                                        

  «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік 

корпорациясы  канадалық  Canada  Service 

және австралиялық Centrelink  нұсқасындағы   

мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді жүзеге 

асыратын бірыңғай провайдер болып табыла-

ды. Мемлекеттік корпорация барлық халыққа 

қызмет  көрсету  орталықтарын  бірыңғай 

жүйеге топтастырады. Қазақстан азаматтары 

мемлекеттік  көрсетілетін  қызметтерді  бір 

орталықтан ала алады. 

Біздің облыста Мемкорпорацияның құрылымы 

«Жылжымайтын мүлік орталығы» департаменті 

төмендегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді 

жүзеге асырады:

1.  Ғимараттардың,  құрылыс  жайлардың, 

олардың құрамдас бөліктеріне бастапқы және 

кейінгі техникалық түгендеу жүргізу;

2. Ғимараттардың, құрылыс жайлардың және 

олардың  құрамдас  бөліктеріне  кадастрлық  

нөмерлер беру;

3. Міндетті мемлекеттік тіркеуге жатпайтын 

жылжымалы мүлік кепілін тіркеу;

4. Салық салу мақсатында жеке тұлғалардың 

кәсіпкерлікке  қолданбайтын  нысандарын 

бағалау.


2014  жылғы  1  қыркүйектен  «Қазақстан 

Республикасының азаматтарына, оралмандарға 

және  Қазақстан  Республикасында  тұруға 

ықтиярхаты  бар  адамдарға  олардың  мүлікті 

жария  етуіне  рақымшылық  жасау  туралы» 

Заңы қолданысқа енді. Осы Заң мүлікті жария 

ету жөніндегі біржолғы акцияға байланысты 

қоғамдық қатынастарды реттейді (мүлікті жария 

ету мерзімі 31.12.2016 ж. аяқталады).

« Ж ы л ж ы ма й т ы н   м ү л і к   о рт а л ы ғ ы » 

департаменті  қызметкерлері  тарапынан 

белгіленген  кесте  бойынша  тұрғындарға 

жер телімдеріне соғылған жаңа құрылыстар 

заңдастырылмаған болса, сондай-ақ соғылып 

қойған  құрылысты  қайта  жабдықтау,  қайта 

өңдеу және техникалық сипаттарында басқа да 

өзгерістер болса, мүліктерін заңдастыру туралы 

түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.

Қала  тұрғындарын  аралап,  түсіндіру 

жұмыстарын жүргізу барысында 1000-ға жуық 

жылжымайтын мүлік нысанының 250-ден аста-

мы заңдастырылмағаны анықталды. Мүлікті 

жария етуге өтініш берген кезде міндетті түрде 

нысанның техникалық төлқұжаты қоса тапсы-

рылады.

Сонымен  қатар,  «Жылжымайтын  мүлікке 



құқықтарды тіркеу туралы» Қазақстан Респу-

бликасы Заңына сәйкес, техникалық төлқұжат- 

ғимараттарды, құрылыстарды және олардың 

құрамаларын мемлекеттік техникалық түгендеу, 

жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеудің 

негізгі талаптарының бірі болып табылады.

« Ж ы л ж ы ма й т ы н   м ү л і к   о рт а л ы ғ ы » 

департаменті  жаңадан  соғылған  құрылысқа 

(тұрғын  үй,  көлік  жай  және  тұрғын  емес 

нысандарға) бастапқы техникалық түгендеу, 

сондай-ақ    ғимараттарды,  құрылыстарды 

және олардың құрамдарын қайта жабдықтау, 

қайта жоспарлау, қайта құрастыру, техникалық 

сипаттамаларының  өзгеруіне  мемлекеттік 

техникалық түгендеу жүргізеді.

Техникалық  түгендеудің  нәтижесінде 

нысанның техникалық төлқұжаты беріледі.

Ғани БЕЙСЕНБЕКоВ,

«Жылжымайтын мүлік орталығы» 

департаменті директорының орынбасары.


//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11 мамыр  2016 Жыл  //

Орта


7

елдеСтірМек - елшіден

 

„

Францияның қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Франсис Этьен 



облыстық кәсіпкерлер палатасында аймақ кәсіпкерлерімен кездесті.

 

„

қала мектептерінде назарбаев 



зияткерлік мектеп тәжірибесі 

білім беру үдерісін жаңғыртудың 

жағдайымен танысу бойынша 

№53 орта мектепте көшпелі 

комиссия отырысы өтті.

 

„

7 мамыр Отан қорғаушылар күні мен 9 мамыр Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай қр ііМ көліктегі ішкі істер департаменті 



Жамбыл станциясы желілік ішкі істер басқармасында ҰОС соғысына қатысып, бейбіт өмірде ішкі істер саласында еңбек 

еткен ардагерлердің құрметіне мемориалдық естелік тақта ашылды.  

Мектеп тәжірибесі 

баршаға 

Сарбаздарын еске алды

Диляра ДАРХАН

Жиынды  Тараз  қалалық  мәслихатының  хат-

шысы Балабек Нарбаев жүргізіп, оған қалалық 

мәслихатының депутаттары  Қайрат Жетібаев, 

Жанар Орынбаева, Ляззат Қызылқұлова, Серікбол 

Берікқожа қатысты.

-  Тараз  қаласы  әкімдігінің  білім  бөлімінің 

мәлімдеген ақпаратына сәйкес,  2012-2015 жылдар 

аралығында жүргізілген деңгейлі бағдарлама бой-

ынша  біліктілікті арттыру курстарына 718 педагог, 

оның ішінде 688 мектеп мұғалімдері мен 30 мектеп 

басшылары және орынбасарлары қамтылыпты.  

Оқу курстарын 1-деңгей бойынша –132 педагог, 

2- деңгей бойынша 87 педагог,  3-деңгей бойынша  

469 педагог бітіріпті. Қаладағы бірқатар мектептер 

мен гимназиялар білім беру мазмұнын жаңартуды 

енгізетін жетекші мектептер ретінде бекітіліп, ал 

басқа мектептер осы мектептермен серіктестік 

құру арқылы өзара іс-тәжірибе алмасу жұмыстары 

мен коучинг-сессиялар  ұйымдастырылып, белгілі 

жұмыстар атқарылған.  Білім бөлімі тарапынан 

жүргізілген мониторингке сәйкес, деңгейлік курс 

бойынша сертификатталған пән мұғалімдерінің  

сабақ беретін сыныптарындағы  білім сапасының  

пайыздық көрсеткіші 85-100 пайызды құрап отыр.  

Республикалық, облыстық, қалалық деңгейдегі 

байқаулардың  жүлдегерлері  болып,  қалалық 

ғылыми-әдістемелік кеңес отырыстарында осы 

бағытта атқарылған жұмыстардың есептері оң 

бағаға ие болған, -  деді Балабек Жанбекұлы.

Жиын  барысында  алғашқы  болып  сөз  алған 

№5  орта  мектеп  директоры      Салтанат  Төлеу 

өз  білім  ошағындағы  білім  беру  жүйесіндегі 

атқарылған жұмыс нәтижелерімен бөлісіп, сабақ 

беру мен оқытуды жетілдіру барысына тоқталды. 

Отырыс  барысында  сондай-ақ  басқа  да  қала 

мектептеріндегі  мұғалімдердің  кәсіби  дамуы, 

сабақ беру мен оқытуды жетілдіру, бағалау әдісін 

дамыту, көшбасшылық дамыту, көптілділік пен 

тәрбие жұмыстары, мектептегі қарым-қатынасты 

дамыту мен  білім сапасын қамтамасыз ету жайлы 

сөз болды. 



Ерман ӘБДИЕВ

Алдымен жеке құрам сапқа тұрып, 

Жамбыл станциясы ЖІІБ бастығы, 

полиция полковнигі Мақсұт Таза-

беков, ҰОС ардагері Иван Макеев, 

осы істің басы-қасында жүрген Ар-

дагерлер кеңесінің мүшесі Алихан 

Нұртаев  мемориалдық  тақтаның 

лентасын салтанатты түрде қиды. 

Мұнда 17 ҰОС ардагерлерінің есімі 

жазылған  екен.  Бұдан  кейін  сөз 

сөйлегендердің қатарында Жамбыл 

станциясы ЖІІБ бастығы, полиция 

полковнигі Мақсұт Тазабеков, ҰОС 

ардагері  Иван  Макеев,  Жамбыл 

көлік прокуроры Ернат Майлыбаев, 

Жамбыл  станциясы  ЖІІБ  Арда-

герлер кеңесінің төрағасы Батима 

Абишқызы, Жамбыл магистральді 

желі  бөлімшесінің  директоры 

Қайрат Сазаев, ҰОС ардагерлерінің 

ұрпақтары бүгінгі буын  аталарының 

ерліктерін ұмытпай, осындай құрмет 

көрсеткендеріне  ризалықтарын 

жеткізіп, шараның жастарға берер 

патриоттық  тәрбиесінің  жоғары 

екендігіне тоқталды. 

-    Мен  осыдан  41  жыл  бұрын 

Желілік ішкі істер басқармасында 

қатардағы сарбаз ретінде жұмыс 

бастаған  едім.  Ал  тоқсаныншы 

ж ы л д а р д ы ң   б а с ы н д а   о с ы 

басқармаға  бастық  болып,  сегіз 

жыл  басқардым.  Кейін  ҰҚК 

ауысып  кеттім.  Ал  бүгін  мына 

мемориалдық  тақтаға  есімдері 

жазылған ардагерлердің бірқатары 

менің  ұстаздарым  болған.  Ол 

кісілер  -  Ұлы  Отан  соғысына 

қатысып,  кейін  бейбіт  өмірде 

де  азаматтардың  қауіпсіздігін 

қамтамасыз етуде көп еңбек еткен 

жандар. Ал 2008 жылы зейнетке 

шыққалы  бері  өзімнің  ойымда 

жүрген дүние еді бұл. Сол арда-

гер  ағаларымыздың  есімдерін 

ардақтасақ,  құрмет  көрсетсек 

деген  ниет  жүрді.  Сөйтіп,  жыл 

басында басқарма басшылығына 

өз ұсынысымды жеткізген бола-

тынмын. Бұл кісілер бірден қолдай 

кетті. Міне, соңғы екі жарым ай 

бойы  осы  істің  басы-қасында 

жүріп,  бүгін  бір  үлкен  іс-шара 

өткізіп  отырмыз.  Мені  қолдаған 

әріптестеріме, мәліметтер жинауға 

көмектескен азаматтарға алғыстан 

басқа айтарым жоқ. «Өлі разы бол-

май, тірі байымайды» дейді қазақ. 

Міне, осы бір игі істі соңына дейін 

жеткіздік. Жинаған және қолда бар 

құжаттар бойынша мемориалдық 

тақтаға  е сімдері  жазылған 

азаматтардың  саны  17  ардагер 

болды. Бұл жерде дені – соғысқа 

қатысып,  кейінгі  жылдары  ішкі 

істер саласында, әсіресе желілік 

ішкі істер саласында еңбек еткен 

жандар. Бұлардың ішінде көзі тірі 

бір ғана ардагеріміз бар. Ол – Иван 

Макеев. Бүгін осы шараға қатысып 

отыр.  Мемориалдық  тақтамен 

қатар,  әрбір  ардагердің  суретін 

салғызып, бұрышқа ілдік. Енді бұл 

алаң – «Даңқ алаңы» деп аталатын 

болады.  Болашақта  мұнда  ішкі 

істер  саласына  жұмысқа  келген 

жас  мамандар  салтанатты  түрде 

ант беріп тұрады. Сондай кездерде 

аталарының ерліктерін ұлықтап, 

тұрғындардың  тыныштығын 

қамтамасыз  етуде  балалардың 

өнегесін  үлгі  етсе  деген  тілек 



1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал