8-9-бет. МерекеңМен, Мейірлі Медбике!



жүктеу 1.11 Mb.

бет12/12
Дата16.01.2017
өлшемі1.11 Mb.
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

4. көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату 

және қайтару үшін негіздемелер

26. Әлеуметтік көмек:

1)алушы қайтыс болған;

2)алушы Тараз қаласы шегінен тыс тұрақты тұруға кеткен;

3)алушыны мемлекеттік медициналық-әлеуметтік мекемелерге тұруға 

жіберген;

4)алушы ұсынған мәліметтердің дәйексіздігі анықталған жағдайларда 

тоқтатылады.

Әлеуметтік көмекті төлеу көрсетілген жағдаяттар туындаған айдан 

бастап тоқтатылады.

27. Артық төленген сомалар ерікті немесе Қазақстан Республикасының 

заңнамасында белгіленген өзгеше тәртіппен қайтаруға жатады.



5. қорытынды ереже

28. Әлеуметтік көмек көрсету мониторингі мен есепке алуды уәкілетті 

орган «Е-собес» автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорын 

пайдалана отырып жүргізеді.

Тілшілер: 51-06-09. 

Жарнама және жазылым бөлімі: 43-50-34.

Директор - бас редактор

МЫРЗА-ҒАЛИ  Э.И.  

Тел. 45-62-65. 

Тиражы: 4902

Жалпы тиражы: 9200 

Тапсырыс: 493

Авторлар пікірі редакцияның түпкілікті көзқарасы 

болып табылмайды. 

Қолжазбалар әдеби тұрғыда өңделеді және авторға қайтарылмайды.

Ақпарат ақиқаттығына мақала авторы, ал жарнама мен хабарландыру 

үшін тапсырыс иелері жауап береді. «Жамбыл-Тараз» газетінің 

материалдарын көшіріп басу үшін редакцияның келісімі керек. 

Газетті есепке алу туралы 

№14163-Г куәлік 2014 

жылғы 17 ақпанда Қазақстан 

Республикасының Мәдениет 

және ақпарат министрлігінен 

берілген. Жазылу индексі: 

65605


Бас редактордың орынбасары:  ӘБДИЕВ Е.

Тілшілер: Сейсенбекқызы Қ.  - 87715894955

                  Қадірәлі Н.  - 87766118091

                  Сейдуалиев Ш. - 87470848244

                  Байқоныс И. - 87770924858

Дизайнерлер:  Өмірбекова Ә.  

 

        Әлімқұлова А. 



Нөмірдің кезекші  редакторы:  Қадірәлі Н.

мекенжайымыз: 

Тараз қаласы, Желтоқсан көшесі,78, 2 қабат. 

e-mail: zhambul_taraz@mail.ru

Құрылтайшы - Тараз қаласының әкімдігі

 мЕНШІК ИЕСІ:

  «Жамбыл-Тараз» газетінің редакциясы» ЖШС

Газет қазақ және орыс тілдерінде 

аптасына бір рет шығады. 

Газет «Сенім» баспа 

орталығы» ЖШС-

інде жарық көрді.

Тараз қ., Төле би 22.

//   «Жамбыл - Тараз»  //  №19 (1307), 11  мамыр  2016 Жыл  //

24

өНЕр



Қазақ  келіні,  немістің  қызы  Анна  мен 

отағасы,  белгілі  композитор  Қаржаубай 

Тілеуқабылов екі ұл, бір қыз тәрбиелеп өсірді. 

Бүгінде әр ұлттың халық әндерін нақышына 

келтіріп орындап жүрген өңірлік әнші, өмірлік 

серігі Қаржаубайдың әндерін де жиі айтады. 

Өнерлі  отбасының  әрқайсысы  асыл  жар, 

аяулы аналарының кешінде ән салып, күй де 

шертті. Анасының ән кешіне елімізге таны-

мал ұлы Тимур өзі бірлесе еңбек етіп жүрген 

«Аңсар» тобымен арнайы келіпті. Ерекше зор 

дауыстарымен көрермендерін таңдандырып,  

классикалық  бағытта  өнер  көрсетіп,  шет 

елдерде  де  жиі  ән  салып  жүрген  «Аңсар» 

тобының  жігіттері  Төлеген  Рахымбаев, 

Мақсат Мақұлбеков, Тимур Тілеуқабыловпен 

осынау кеш барысында сұхбаттасудың сәті 

түскен еді. 



-  «Аңсар» тобының елбасының алдында 

да ән салғанын білеміз. елбасының алдында 

өнер көрсету қандай күйге бөлейді? 

Төлеген:  -  Елбасының  алдында    ән 

шырқағанда, ең алдымен, зор жауапкершілікті 

сезінеміз. Қатты қобалжыдық деп айта ал-

маймыз, дегенмен жауапкершілік пен сенімді 

қатар көтеріп тұрғанымызды жан-тәнімізбен 

ұғып, барынша мінсіз орындауға тырыстық.

 Тимур: - Көкшетау қаласында 8 мемлекеттің 

басшыларының алдында Абайдың «Желсіз 

түнде жарық ай» әнін айтқан кездеріміз де 

болған.  Мәртебесі  биік  лауазым  иелерінің 

алдында өнер  көрсету тілмен айтып жеткізе 

алмайтын ерекше серпіліс сыйлайды.

-  Келесі  сұрағымды,  Тимур,  сізге 

бағыттағым келеді. Көз алдымызда өсіп-

жетілген жерлесіміз ретінде  жеке өміріңіз 

жайлы да білгіміз келетіні сөзсіз. Болашақ 

жарыңыз болар жанды таптыңыз ба? Және 

сүйген жарыңыздың қай ұлттан болатыны 

маңызды ма? 

-    Менің  болашақ  жарымның  қай  ұлттан 

болатыны маңызды емес. Бастысы, сүйгенімді 

аламын. Ата-анамның көңілінен шығып, өзіме 

ұнайтын ару кездесіп жатса, өмірлік жар етуге 

ұлт кедергі емес деп ойлаймын. 



-  «Аңсар» тобында ән салғаннан бөлек, 

тағы қандай қызмет етесіздер?

мақсат:  - Төлеген екеуміз  Абай атындағы 

опера және балет театрының әншісі болсақ, 

Тимур қара шаңырақ саналатын Чайковский 

атындағы колледжде ұстаздық қызмет етеді. 

- Әндеріңіз өте салмақты. Ал мінездеріңіз 

қандай?

- Өмірде ойнап-күліп жүргенімізбен үшеумізге 

ортақ  бір  қасиет,  ол  -  байсалдылық  пен 

сабырлылық болса керек.

- Ән салудан басқа қолдарыңыздан не келеді?

мақсат: - Мысалы, мен ағаш ұстасымын. 

Ағаштан қолөнер бұйымдарын жасағанды 

ұнатамын. 

Тимур:  -  Мен  құрылыс  саласын 

меңгердім. Негізі кез келген нәрсені жасауға 

бейіммін. Жалпы, өнер адамдары ретінде 

үшеуміз де өнерден кенде емеспіз.

-  өнер  адамдарына  қара  пиар, 

жарнама  қаншалықты  қажет? 

Кейбіреулер  қандай  тәсілмен 

болсын  танылып  қалуға 

ұмтылады. Сіздер жайлы қара 

пиар айтылғанын естімеппіз...

Тимур:  -  Жалпы  адамның 

жүрегінде ой, бойында нағыз 

таланты  жоқ  болса,  қалай  да 

танылып  қалуға  талпынады. 

Сөйтіп, кейде анда, кейде мында  

көрініп, әйтеуір «атың шықпаса 

жер  өртенің»  кейпімен  жүруі 

мүмкін.  Алайда бойыңда дарының, 

туа  біткен  талантың  болса,  сен 

ештеңеге зәру емессің. Таныламын 

деп талпынбасаң да, халықтың өзі-

ақ нағыз талантты танып алады. 



- Алға қойған мақсаттарыңыз?

- Әр ісімізді саралап, командалық 

жұмыс  жасайтын  болғандықтан 

ортаға салып, бір-біріміздің ой-

ымызды  тыңдаймыз.  Алдағы 

уақытта  жеке  концертімізді 

Қызылорда  қаласында  өткізуге 

ниеттеніп отырмыз. Ол кеш «Аңсар» 

тобының  жеке  шығармашылық 

концерті  де  болу  мүмкін  немесе 

Тимурдың анасы Анна Вундермен 

бірігіп    ән  кешін    жасауымыз  да 

ғажап емес. Осы мәселені пысықтап 

жатқан жайымыз бар. 



-   Ш ы ғ а рм а ш ы л ы қ   т а -

быс  тілейміз!  ниеттеріңізге 

жетіңіздер!

Сұхбаттасқан 

Құралай 

СЕЙСЕНБЕКҚЫЗЫ.

 

„

«баласағұн»                



Окз-да қр Мәдениет 

қайраткері, облыстық 

филармонияның 

әншісі  анна 

Вундердің «туған 

жер» атты ән кеші 

өтті. қазақстан халқы 

ассамблеясының 

мүшесі, эстрадалық 

әндердің шебер 

орындаушысы 

аннаның әр ұлттың 

әндерін шарықтата 

шырқап, халықтың 

ықыласына 

бөленуінің көзайымы 

болған едік.

Халық ХаС 

талантты таниды


1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал