№8-9 (135-136) қараша ноябрь 2002 жылдың тамыз айынан бастап шығады



жүктеу 256.13 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата20.03.2017
өлшемі256.13 Kb.
  1   2   3

Ғылым таппай мақтанба                    



                     Не гордись без знаний

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті

№ 8-9 (135-136)

қараша 

ноябрь

2002 жылдың тамыз

айынан бастап шығады

2014

лада  әлем  мойындаған  инновациялық  технологияны  кеңінен  игеру  міндетін  қойып 

отырғаны баршамызға белгілі.

Президентіміздің  интеллектуалды  ұлт  тәрбиелеу,  Қазақстанды  дүние  жүзіндегі 

дамыған  30  елдің  қатарына  қосу  жөніндегі  идеялары  осы  мақсаттан  туындағаны 

сөзсіз.


Бүгінде мемлекет тарапынан мұғалімдердің біліктілігін көтеру мәселесі де назар-

дан тыс қалып отырмағанын өздеріңіз де білесіздер. Жаңа бағдарламада мұғалімдер 

біліктілігін  көтеретін  институттардың  жұмысын  жаңаша  ұйымдастыру,  еліміздегі 

мұғалім  кадрларын  жаппай  біліктілік  арттырудан  өткізу  назарға  алынуда.  Бұл  іске 

бөлінетін қаржы да арта түспек. 

Бүгінгі  біздің  ғасырымыз  –  ғылыми-техникалық  прогресстің,  оның  ішінде 

ақпараттық-электрондық  техниканың  өлшеусіз  өскен  заманы.  Ал  жаңа  ғасыр 

мұғалімі  уақыт  талабына  сай  жаңа  мұғалім  болуы  керек.  Жаңа  ғасырдың  жаңа 

мұғалімін  даярлайтын  осы  отырған  Сіздер  –  университетіміздің  ғалым-ұстаздары. 

Бүгінгі  таңда  бізде  1500-ге  жуық  профессор-оқытушылар  қызмет  істейтін  болса, 

олардың  арасында  40-50  жылдан  бері  ұстаздық  етіп  келе  жатқан  аға  буын  ардагер 

ағаларымыздан бастап, еңбек жолына жаңа түскен жас оқытушыларымызға дейін бар. 

Аға буын ұстаздардың да легі мұхит төсіндегі мұз таулар сияқты төбе көрсетіп келеді. 

Өздеріңіз естіп-біліп отырғандай, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық 

Университетімізде  филология  фа-

куль тетінің  2–курс  студенттері  мен  пе-

дагогика  ғылымдарының  кандидаты, 

профессор  Бауыржан  Сайдахметовтың 

ұйымдастыруымен  “Мен  және  қо-

ғам”тақырыбында  өзіндік  орны  бар 

тұл   ғаны  тану,  оның  өмір  жолын  өнеге 

тұ тып  ұқсап  бағу,сол  арқылы  өзіндік 

“мен ді”  қалыптастыру  мақсатымен  ұла  -

ғат  ты  ұстаз,  қоғам  қайраткері,  ҚР  Ғы-

лым  академиясының  академигі,  про-

фес сор  Нәрібаев  Көпжасар  Нәрібай-

ұлы мен  танымдық  дәріс  болып  өтті. 

Дәрістің  өтетіндігі  бірнеше  күн  бұрын 

ес кер тілген  болатын  және  оған  сту-

денттер  ыждаһаттылықпен  дайында-

лып,  К.Нәрібаевтің  өмір  жолымен,  ең-

бектерімен  танысып,  саралап,  оқып-бі-

ліп жүрді. 

Шындығында  біздер  -  студент  жа-

стар  еңбегі  ерен,өмірі  өнеге  болар  та-

рихи  тұлғаларымызды  тани  бермейміз.

Абай,  Шәкәрім,  Мұхтарларды  ғана  жа-

дымызда  ұстап,  қазіргі  қоғамымыздың 

зиялыларын  зерделемей, атын естісек те, 

оның өмір жолын терең біле бермейміз. 

Пір тұтарың кім дегенде, бұл сұраққа да 

қиналып  жататынымыз  ақиқат.  Жақсы 

адамның жанында жүргендігімізді осын-

дай  жүздесуден  кейін  шын  байқаймыз.  

Бұл  дәріс  арқылы  жүрек  түкпіріндегі 

бір  шоқ  тұтанып,  өмірлік  үздік  ойлар 

жадымызда  сақталды    десек,  артық 

айтқанымыз емес.

Мұндай  айтулы  тұлғаларымызбен 

кездесулерге  қатысып  та,  көріп  те, 

естіп  те  жүрміз.  Барлығында  көбіне 

бірсарын:  негізгі  кейіпкер  -  сөйлеуші 

де,  көрермендер  –  тыңдарман  болып, 

тым  ұзақ  уақытқа  созылғандай  көрініп, 

тіпті  жалықтырып  жіберетіні  жасырын 

емес.  Нәрібаевпен  өткен  танымдық 

дәрісте  мұндай  кемшілік  орын  алма-

ды  десе  болады.  Бастан-аяқ  студенттер 

сөйледі  де,  Нәрібаев  тыңдап  қана  оты-

рып,  қорытындылады.  Бұл  студенттің 

рухани  баюына,  дүниетаным  аясының 

кеңеюіне  таптырмас  әдіс  деп  ойлай-

мын.  Осы  орайда,  ұстазымыз  Бауыр-

жан  Сайдахметовтың  педагогикалық 

шеберлігін айта кеткен жөн болар.

Танымдық  дәрістің  ауыз  толты-

рып  айтарлық  ерекшелігі  студенттер 

қонағымыздың  өмірі  мен  естеліктерін 

жарыса  айтып,  ортаға  салды,  сонымен 

қатар өлең өрнегін маржандай тізіп, ар-

науларын  оқыды.  Нәрібайұлы  негізгі 

тәлім-тәрбиені  Зере,  Айғанымдардың 

жал ғасындай болған өз әжесінен алған-

дығын  Оразкүл  Абдулла    ашып  берді. 

Ботагөз Сәкен кейіпкеріміздің өмірі мен 

қызметіне  тоқталып,  Тұрсынай    Жанат 

ұстаздық  жолын  баяндаумен  жал ғас-

тырды.  Алтынай  Құлбек,  Гүлнар  Қай-

ранбек болса Кейіпкеріміздің Б.Момыш-

ұлымен, 


Д.Қонаевпен 

арасын дағы  

ес те ліктерін  өрнектеді.  Нәрібаевтің 

«Тұл ғаларға  тағзым»  атты  еңбегін  оқи 

отырып,  алған  әсерімен  Жәмилә  Нұр-

жанова  бөлісті.  Кез  келген  нәрсеге 

екі жақты  қарауды  үйренген,  ұшқыр 

ойлы  студенттер  Нәрібаевты  мақтай 

отырып,  арасында  өз  ойларын  ашық 

біл діріп  отырды.  «Жасырын  жатқан 

жыр ларындағы»  ақын  Нәрібаевтің  өз 

өлеңдерін  тиек  етіп,  жастық  шағының 

ұяң да ұмытылмас сезім күйлерін Іңкәр 

Қаппар ерекше айтып өтті. Жалпы, сту-

денттер  арасында  Нәрібайұлының  өмір 

жолымен таныспағаны кем де кем деуге 

де  болады.  Студенттердің  түгел  дерлігі 

қатысып,  ақынның  өлеңдерін  жатқа 

орындады. Жас толқындардың жалынды 

ықыластарына,  шәкірттік  көңілдеріне 

риза  болғаны  сонша,  Көпжасар  ағаның 

шырайлы  жүзінен  ол  анық  байқалып 

тұрды. Аз ғана уақытқа созылған таным-

дық дәріс баршамызға рухани азық бол-

ды деуімізге негіз бар.

Қазақтың біртуар тұлғалары Д.Қона-

ев тың,  Б.Момышұлының,  А.Бал та   ба ев-

тың көзін көрген Көпжасар Нәрібайұлы 

бақытты  болса,  ұлыларымыздың  жал-

ғасы  болған  қайраткеріміздің  өзін  көру 

біз  үшін  бақыт.Сонша  өнер  -  білім ді 

бойына  дарытып,  қолында  ұлы  іс  – 

адам  тәрбиелеу  мұраты  тұрған  ұла  ғат-

ты  ұстаз,ұлтын  сүйген,  елінің  қамын 

жеген  қайраткер,  адамгершілік  асыл 

қасиеттерді  бойына  дарытып,  «мен 

қанша  биіктесем  де,  халқымнан  тө-

мен 


екенімді 

ұмытпаймын»деген 

Д.Қонаевтың  ұлы  сөзін  өнеге  тұтқан 

тари хи тұлға, білім беру жүйесін таразы-

лап, аса ден қойған кемеңгер,”Жасырын 

жат қан  жырларын”жазған  ақын,  Жел-

тоқ  санда  жастарды  қолдап,  ақи қатпен 

күрескен  ұлтшыл,  қазақтың  қаны  да, 

жаны  да  бола  білген  азамат  Көпжасар 

Нәрібаевты  өзімізге  неге  үлгі  етпеске? 

Бүгінде біреуді даттамақ түгіл, мақтауға 

жасқанасың.  Десек  те,  Көпжасар 

Нәрібайұлын  көзі  тірісінде  ұлықтап, 

ма дақтап  жатқанымыздың  несі  айып?! 

Оны  көкке  көтеріп,  қолпаштасақ  та 

орынды.  Қазақтың  маңдайына  біт кен 

Көпжасардай  тұлға  -  біздің  мақта ны-

шымыз.  Ұлымызды  ұлықтап,  өне ге лі 

өмір  жолы  мен  ерен  еңбегін  үлгі  етіп, 

болмасақта  ұқсап  бағып,  ізін  жал-

ғастырып, біліммен биік шыңды ба ғын-

дырамыз деген сенімдеміз.



Зада ДАНИЯРОВА,

филология факультетінің  

2-курс студенті 

Ұстазым менің, ұстазым!



Жыл сайын қоңыр күзде келетін бір керемет мереке бар. Ол – Ұстаздар күні! 

Ұстаз!  Мұғалім!  Осы  сөздерде  қандай  ұлылық,  қандай  жылылық  бар 

десеңізші. Балаға білім мен ғылым, өнер мен мәдениет, адамгершілік қасиет пен 

ізгілікті ой-сана дарытып, азамат етіп қалыптастыратын ең басты тұлға – 

ұстаз екені баршаға түсінікті. Қайсы заманда, қайсы елде, қандай қоғамда бол-

сын әр адам ұстаз есімін қастерлеп айтатыны бекер емес. Орыстың ұлы ғалымы 

Д.И.Менделеев  «Мектеп  дегеніміз  –  бүкіл  халық  пен  мемілекеттің  тағдырын 

айқындайтын  аса  қуатты  күш  болып  табылады»  деп  тұжырым  түйсе,  А. 

Байтұрсынов «Мұғалім қандай болса, мектеп те сондай болады» деп білім беру-

де ең бастысы мұғалімнің біліктілігіне талап қоюды меңзеген. Ұстаз беделінің 

қандай болатыны оның шәкіртіне байланысты. Кім болсын өзіне білім мен тәрбие 

дарытқан ұстаздарын құрметпен ауызға алып, оларды қасиет тұтатыны даусыз. 

Кімнің болсын мұғалімдеріне деген сүйіспеншілігі шексіз. Демек біз, әрқайсымыз 

өзімізге  білім  мен  тәрбие  дарытқан  ұстаздарымызға  қарыздар  екенімізді,  оны 

құрметтеу әр азаматтың қасиеттіпарызы екенін сезінуге тиіспіз. Сондықтан 

да Ұстаздар күнін еліміз ерекше қастер тұтып, мерекелейді.

Ұстаздар күні қарсаңындағы осындай бір игі шараАбай атындағы Қазақ ұлттық 

педагогикалық  университетінде  де  өтті.  Университет  ректоры,    академик  Серік 

Жайлауұлы  Пірәлиев  салтанатты  кешке  жиналғандарды  құттықтай  келе,  сөзін  бы-

лай  тұжырымдады:  «Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық  университеті 

республикадағы  мұғалім  кадрларын  даярлайтын  жоғары  оқу  орындарының 

көшбасшысы болғандықтан, бүгінгі мерекенің біз үшін орны бөлек. Біздің оқу ор-

нымыз өзі өмірге келген 86 жылдың ішінде республика мектептері үшін 150 мыңнан 

астам  мұғалім  кадрларын  даярлап,  кең  байтақ  қазақ  сахарасына  ілім-білім  ұрығын 

шашуға,  елді  сауатсыздықтан  жаппай  білімді,  өркениетті  елдер  қатарына  алып 

шығуға өлшеусіз үлес қосқанын біз мақтанышпен айта аламыз.

Еліміз  егемендігін  алғалы  бері  біздің  мемлекетіміз  экономикалық  дамуымызға 

қаншалықты  мән  берсе,  білім  беру  саласына  да  соншалықты  көңіл  бөліп  отыра-

ды.  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаевтың  өзі  Қазақстанды  әлемдік  білім 

кеңістігіне шығару, білім беруді халықаралық стандарттарға сәйкестендіру, бұл са-

ҰСТАЗ

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген – анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,

Қасиеті бас иелік мәңгілік!

(Басы. Соңы 2-бетте)

ҚҰРМЕТТІ 

ҰСТАЗДАР!

Сіздерді  кәсіби  мерекелеріңізбен 

шын жүректен құттықтаймын!

Бұл айтулы күн білім беру саласын-

дағы   мерейлі  мерекелердің бірі. 

Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін 

білім  нәрімен  сусындатып,  бойыларына 

адамгершілік қасиеттерді дарыту, кәсіби 

тұлға ретінде қалыптастыру ісінде ұс таз-

дың еңбегі ерен. 

Жастарды  әлемдік  өркениет  жетіс-

тік теріне  жетелеу, оларға жоғары кәсіби 

білім мен саналы тәрбие беру жолындағы 

абы ройлы  істеріңізге  толағай  табыстар 

тілеймін. 

Күрделі және жауапты қызметтеріңіз 

жетістіктерге  толы,  мерейлеріңіз  үстем  

болсын! 


Абай атындағы ҚазҰПУ ректоры,  

профессор С.Ж. Пірәлиев

 

УВАЖАЕМЫЕ 

ПРЕПОДАВАТЕЛИ!

Сердечно поздравляю Вас с профес-

сиональным праздником!

Этот    праздник  является  одним  из 

знаменательных    праздников  сферы  об-

разования. 

Педагог  –  это  не  только  человек, 

обу ча ющий наукам, но и  истинно веря-

щий  в  то,  что  его  главная  деятельность 

–  это  просвещение,  пропаганда  знаний.  

Именно  от  мудрости,  опыта,  преданно-

сти профессии, ответственной граждан-

ской позиции каждого из Вас  во многом 

зависит,  знания, устои  и нравственные 

ориентиры нашей молодежи. 

Дорогие преподаватели, желаю огро-

мных    успехов  в  Ваших  благородных  и 

трудоемких  делах.    Здоровья,  счастья  и 

благополучия Вам и Вашим близким!

Ректор КазНПУ имени Абая,

профессор С.Ж. Пралиев

АКАДЕМИК КӨПЖАСАР НӘРІБАЕВПЕН 

КЕЗДЕСУДЕН КЕЙІНГІ ОЙ


қараша

ноябрь

№ 8-9 (135-136)

2014

2

Біріккен ұлттар ұйымының Бас Ассамблеясының қаулысымен 1990 жылдан бері 

1қазан - Халықаралық қарттар күні деп аталып,  қазан  айы бойы қарттарымызды 

ұлықтау  мақсатында  түрлі  іс-шаралар  ұйымдастырылады.  Осы  орайда  Абай 

атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университет жастары да бұл мерекеге өзіндік 

үлестерін қосты. 2014 жылдың17 қазаны күні университеттің студент жастары  «Са-

мал» пансионатында «Үлкенге құрмет-жастарға міндет» атты акция өткізді.

Шараны    Тәрбие  ісі  жөніндегі  проректор  Жанатбек  Ішпекбаев  құттықтау  сөзімен 

ашып, қарттарға деген ыстық ықыласын білдірді.  Сөз соңында Жанатбек Ешенқожаұлы 

және  Қызметкерлер  Кәсподағы  ұйымының  төрағасы  Болатбек  Нұрбатыров    универси-

тет атынан «Самал» пансионатына арнайы сыйлықтарын табыстады. Акция университет 

студенттерінің концерттік бағдарламасына ұласты. 

Студенттеріміз  сан  қилы  өнерімен  «Самал»  пансионатын  әсем  ән  мен  күмбірлеген 

күйге,  жалын  жыр  мен  мың  бұралған  биге  толтырып,  қарттарымыздың  көңілдерін 

бірмарқайтып  тастағаны  ақиқат.  Ұйымдастырылған  шараның  жоғарғы  деңгейін  көрген 

жан таңдай қағып, университетімізге мың да бір алғыс білдірер еді. Осылайша акцияның 

соңында қарттарымызға университет басшылығы тарапынан кәде сыйлар мен гүл шоқтары 

ұсынылып, іс-шара өз мәресіне жетті. 

Асылдың сынығы, татулықтың тірегі, жұртымыздың жүрегі болған қарияларымызды 

қанша  ұлықтасақ  та  аз.  Көп  жасап,  көп  көрген  ,  тағдырдың  талай  тауқыметін  тартқан 

көнекөз  қарияларымыз  құдды  бір  тұнып  тұрған  терең  тарих  тәрізді.  Олардың  көздеріне 

қараған сәтіңде күллі өмірдің мәнісі мен мазмұнын ,қайғысы мен қуанышын, азабы мен 

бақытын көргендей боласың. 

Роза ТӘЖІБАЕВА

ҚАРТТАРЫ БАР 

ЕЛДІҢ – ҚАЗЫНАСЫ БАР

«Нұр  Отан»  партиясының  №363 

сайлау  учаскесіне  қарасты  Бастауыш 

партия ұйымының   есеп беру-сайлау  

жиналысы өтті. Жиынға «Нұр Отан» 

партиясының Медеу аудандық  фили-

алы Төрағасының  орынбасары Май-

лыбаев Ғани қатысты.

Бірінші мәселе бойынша  «Нұр Отан» 

партиясының  №363  сайлау  учаскесіне 

қарасты  Бастауыш  партия  ұйымының 

төрағасы  Iшпекбаев  Жанатбек  Ешен-

кожа ұлы  партия  мүшелері  алдында 

2013-2014  жылғы  есептік  кезеңдегі  ат-

қа рылған  жұмыстары  туралы  баяндама 

жасады. Ол бүгінгі таңда еліміздің инно-

вациялық,  индустриялық  жаңғы руын 

одан әрі тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін мемлекетіміздің күш-қуатының негізі, 

қоғамдық дамуымыздың және оның жаңа сапалық деңгейге көтерілуінің саяси күші  

болып табылатын  «Нұр Отан» партиямыздың мәні мен маңыздылығы барынша ар-

тып отырғандығын, партияның сондай-ақ, ғылым мен білімнің дамуына, жастардың 

инновациялық  және  шығармашылық  әлеуетін  іске  асыруына,  жаңа  мүмкіндіктер 

жасауға айтарлықтай ықпал етіп келетіндігін атап айтты. 

«Нұр Отанның» өзегін 6 мыңнан астам бастауыш ұйым дары құрайды, ал олардың  

622-і Алматы қаласында орналасқан. Солардың қатарындағы  біздің бастауыш пар-

тия ұйымы да игі  істердің жаршысы болып жүрген «НұрОтан» партиясының  бұдан 

әрі  де  абыройын  арттырып,  Елбасы  саясатының  белсенді  насихатшысы  ретіндегі 

жұмысын жалғастыра береді», - деп сенімін білдірді баяндамашы. 

Есепті толықтай тыңдаған партия мүшелері Ж.Е. Ішпекбаевтың есептік кезеңде 

атқарған жұмысын өте жоғары  бағалап, Бастауыш партия ұйымының төрағасы етіп 

қайта сайлады. 



ІШПЕКБАЕВ ҚАЙТА САЙЛАНДЫ

Күні  кеше  Тәрбие  жұмысы,  жа-

стар  саясаты  және  мемлекеттік  тілді 

да мыту басқармасы тарапынан ұйым-

дастырылған  белгілі  ғалым  Тоқ мұ-

ха мед  Сәлменұлы  Садықовтың  құр -

метіне арналған басқосу болып өтті.

Басқосуды  Тәрбие  ісі  жөніндегі 

про ректор  Ж.Е.Ішпекбаев    ашып  беріп, 

сөз  сөйледі:«Т.С.Садықов  ғалым  әрі 

ұйым дастырушы  ретінде  қажырлы  ең-

бе гімен,ұымдастырушылық  жігерімен, 

қайраткерлік  қасиетімен  елімізде  әрі 

ха лық  аралық  білім  кеңістігінде  та-

нымал  болған  азамат.Ол  өзінің  бүкіл 

саналы  ғұмырын  еліміздің  ұлтық  бі-

лім  беру  жүйесінің  дамуына,  оның 

халықаралық  білім  кеңістігімен  интег-

рациялануына,білім беру жүйесіне жаңа 

технологияларды  енгізуге  және  білікті 

ғылыми-педагогикалық  кадрларды  да-

ярлау  ісіне  арнады.Ол  қайраткер  тұлға 

ретінде  тек  білім  беру  және  ғылым  са-

ласында  ғана  еңбек  еткен  жоқ  еді,сондай-ақ,  қоғамдық-саяси  істермен  де  белсенді 

айналысты.Т.С.Садықов  1989  жылдан  2008жылға  дейін  19  жыл  бойы  еліміздің 

білім,ғылым және мәдениет ордасы-Алматы қаласы жоғары оқу орындары ректорлар 

Кеңесінің төрағасы қызметін атқарып,Алматы жоғары оқу орындарының ең өзекті де-

ген мәселелерінің шешілуіне, озық тәжірибелердің алмасуына ұйытқы болғаны аян.

Ал 1999 және 2005 жылғы еліміздегі Президент сайлауларында ҚР Президенттігіне 

кандидат  Н.Ә.Назарбаевтың  сенімді  өкілі  әрі  сайлауалды  штабының  жетекшісі 

қызметін  өз  деңгейінде  атқарғаны  да  баршамызға  белгілі.2007  жылы  тамызда  ҚР 

Парламент  Мәжілісіне  сайлауда  да  штаб  жетекшісі  болған  еді.Ол  кісінің  қаншама 

осындай  еңбектерін  айтқанмен  ,ең  алдымен,біз  оны  педагог  әрі  ғалым  ретінде 

құрмет  тұтамыз.Т.С.Садықовтың  ұстаздық  жолы  да,ұйымдастырушылық  жолы  да 

баршамызға үлгі боларлықтай»-деді ол.

Басқосуға зиялы қауым өкілдері, студенттер, тағы басқа қонақтар қатысып отыр-

ды.

ТОҚМҰХАМЕД САДЫҚОВТЫ 

ЕСКЕ АЛДЫ

университеті  биыл  педагогикалық  жоғары  оқу  орындары 

арасында бірінші орын алды. Қымбатты ұстаздар қауымы,  бұл 

сіздердің  жанқияр  еңбектеріңіздің  жемісі.  Сондықтан  Сіздерге 

алғысымды білдіремін.

Мерекелеріңіз құтты болсын! Сіздерге зор денсаулық, ұзақ 

ғұмыр, отбасыларыңызға амандық тілеймін».

Бұдан кейін университет басшысы жас  ұрпақты  оқыту  және  

тәрбиелеу  ісіндегі  елеулі табыстарымен кәсіптік мамандар даяр-

лауда сіңірген еңбектері үшін және ұстаздар күні мерекесіне орай 

университеттің бір топ қызметкерлерін марапаттады.

«ҮЗДІК ҰСТАЗ» төсбелгісімен

Университет   жанындағы   колледжде   көп жылдар  бойы 

директор  қызметін атқарған  – Садықова Мира Жеңісқызы

Мовкебаева Зульфия Ахметвалиқызы – Психология және 

арнайы білім беру кафедрасының меңгерушісі



Шалабаев Қаратай Исқақұлы– Ботаника  және  зоология  

кафедрасының профессоры



Үмбетбаев  Қайрат  Үсенбайұлы  –Оқытудың  ақпараттық 

жүйелері кафедрасының аға оқытушысы



УНИВЕРСИТЕТ  РЕКТОРЫНЫҢ 

«ҚҰРМЕТ ГРАМОТАСЫМЕН»

Рабилова  Зоя  Жылгелдіқызы  –  Өнер,    мәдениет      және  

спорт  институты директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары



Ингайбекова Толқын Амангелдіқызы – Білім беру психо-

логиясы және әлеуметтік коммуникация кафедрасы



Жадраева  Лариса  Ұштанқызы  –  Оқытудың  мазмұны 

және  әдістері  институты-пәндерді  оқытудың  әдістемесі 

кафедрасының аға оқытушысы

Шадиев  Қайратбек  Хамзаханұлы  –  Әлеуметтік 

гуманитарлық пәндер кафедрасының аға оқытушысы



Кушербаева Ақбота Есенғазықызы – Экономика және 

бизнес кафедрасының аға оқытушысы



Бақбергенова Роза Қожабайқызы–Қазақ тілі теориясы 

мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы 



Даулбаев  Тимур  Файзиұлы  –  Инновациялық  техно-

логиялар  және  толеранттық  білім  беру  орталығының  аға 

оқытушысы

Ляпбаева    Нұргүл    Ибрагимқызы  –  Әлеуметтік- 

гуманитарлық пәндер кафедрасының  аға оқытушысы



Балтабаев  Ержан  Жұмаханұлы  –  Сауықтыру  дене 

мәдениеті кафедрасының университет доценті. 

Мерекелік  шарада  әннен  шашу  шашылып,  күмбірлетіп 

күй  төгілді.  Университет  жанынан  құрылған  «Қарақат» 

бишілер  тобының  өнері,«Дәулеткерей»  фольклорлық 

ансамблі  орындауындағы  «Көроғлы»  күйі,  «Бірлік» 

Ассамблеясы  мүшелерінің  арнайы  әзірлеген  флеш-мобы 

көрермендердің көңілінен шықты. Сондай-ақ қазақ эстрада-

сында өзіндік орны бар «Динар» тобы мен «Дала даусы» во-

калды-аспапты ансамблі және белгілі әншә Бағдат Еламанова 

өнер көрсетті.

                                                                    

  Елдар БОЛАТҰЛЫ

Үстіміздегі  жылдың  27  қазаны 

күні Өнер, мәдениет және спорт инсти-

тутының  1  курс  студенттеріне  арналған 

«Студенттік  қатарға  қабылдау»  атты 

іс-шара  болып  өтті.  Іс-шарада    инсти-

тут  директоры  Әлмұхамбетов  Берікжан 

құттықтау  сөзін  сөйлеп,  универ си тет 

табалдырығын  аттаған  1  курс  студент-

теріне  символдық  «Студенттік  билет» 

пен «Білім кілтін» табыстады. Шара ба-

рысында институт өнерпаздары білім ор-

дасына қадам басқан жас талапкерлерге 

концерттік  бағдарламасын ұсынды.

Аталған  шара  келесі  күні  Физика, 

математика  және  информатика  инс ти-

тутында  жалғасты.  Институт    дирек то-

рының  оқу  ісі  жөніндегі  орынбасары 

Хамраев  Шерепедин  1  курс  студент те-

рі не ақ тілегін арнап, топ басшылары на 

сынақ  кітапшаларын  тапсырды.  Со ны-

мен  қатар  ФМИ  институты  дирек то-

рының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары 

Біргебеаев Ақтай құттықтау сөз сөйлеп, 

институттың  белсенді  студенттерін  ар-

найы дипломмен марапаттады.

Шара  барысында  ФМИ  инсти ту-

тының  кешегісі  мен  бүгіні  баяндалған 

деректі  фильм  көрсетіліп,  институттың 

бір  топ  өнерлі  студенттері  жаңадан 

қосылып жатқан жас жеткіншектерге ар-

нап, әуезді ән, көмкерілген күй мен мың 

бұралған биден шашу шашып, жиналған 

көпшіліктің ықыласына бөленді.

Қазанның  29-күні  бұл  мерекелік 

шара  одан  әрі  Филология  институтын-

да  жалғасын  тапты.  Аталған  іс-шара 

барысында  Филология  институтының 

директоры Балтабай Әбдіғазиұлы, Қазақ 

әдебиеті  кафедрасының  меңгерушісі 

Тебегенов  Темірхан,  Тәрбие  жұмысы, 

жастар  саясаты  және  мемлекеттік  тіл-

ді  дамыту  басқармасының  бас тығы 

Абдықалықов  Арман  1  курс  студент-

терін жаңа  қадамдарымен  құттықтап, 

инсти туттың  көпшілік-мәдени  іс-ша-

ра ларына  белсене  атсалысып  жүрген 

сту денттерді  арнайы  дипломдармен 

ма  рап паттады.    Армандарын  арқалап, 

бі лім  қуып  келген  жас  білімпаздардың 

сту денттік  қатарға  қабылдануы  үлкен 

әдеби-сазды мерекеге ұласты

Салтанатты рәсім одан әрі 30 қазан 

күні  Көптілді  білім  беру  институтында 

жалғасты.Инстутының  директоры  Ая-

пова  Таңат  жоғарғы  оқу  орнына  алғаш 

қадам  басқан  1курс  студенттеріне  үш 

тілде  (қазақ,  орыс,  ағылшын)  жылы 

лебізін  білдіріп,топ  басшыларына  сту-

денттік  билетпен  білім  кілтін  табыста-

ды.  Сонымен  қатар  құттықтау  сөз  Авс-

триялық  профессорға  беріліп,  ол  алғаш 

университет табалдырығын атта ған сту-

денттерге  сапалы білім, саналы тәрбие 

алып,  еліміздің  болашағына  үлкен  үлес 

қосар  азаматтар  мен  азаматшалар  шы-

ға тынына  сенімі  кәміл  екенін  ерекше 

айтып өтті. 

Аталған  шара  өнерлі  студенттердің 

дайындаған  мерекелік  концертіне  жал-

ғас ты.


Ал,  4  қараша  күні  осындай  бір  ме-

ре келік  шара  Құқық  және  эканомика 

инс ти тутында  аталып  өтті.  Институт 

дирек торы,  эканомика  ғылымдарының 

докторы,  РЖА  академигі  Иманбердиев 

Борасынның  құттықтау  сөзінен  соң,  1 

курс студенттеріне оқу мен білімнің сим-

волы  іспеттес  болған  «Білім  кілті»  мен 

«Студенттік  билетті»  салтанатты  түрде 

табыстады.

Шара  барысы  өнерлі  студент-жас-

тарының  дайындаған  концерттік  бағ-

дарламасына  ұласты.  Бітіруші  жоғары 

курс  студенттері  өз  ізбасарларына  ән 

арнап, өз құттықтауларын жеткізсе, сту-

дент атанып отырған жас жеткіншектер 

де  жиналған  көпшілікке  әуезді  ән,  кө-

ңілді  бимен  шашу  шашып,  сахнада  өз 

өнерлерін паш етті.  

Аталған салтанатты кеш қарашаның 

5-күні  Тарих  және  шетелдік  студент-

термен  жұмыс  факультетінде  өткен 

іс-шараға ұласты. Ашылу рәсімінде фа-

культет  деканы  Жұмағұлов  Болат  құт-

тықтау  сөзімен  ашып,  арда гер  ұстаз, 

тарих ғылымдарының докторлары, про-

фес сорлар Құдайбер ген ов Әділ, Махаева 

Айткүл  білім ордасына жаңа қа дам ба-

сып  жатқан  студент-жастарға  ақ  тілек-

терін жаудырды.

Шара барысы Тарих және шетелдік 

студенттермен  жұмыс  факультетінің 

өнерлі  студенттерінің  дайындаған  кон-

церт тік  бағдарламасына  ұласты.  Сту-

денттер тарапынан жазғы археологиялық 

практика  кезеңіндегі  қызықты  сәттерге 

толы  студенттік  өмір  бейнеленген  бе-

инебаян  көрсетілді.  Сонымен  қатар 

мерекелік  концертті  әсем  ән,  бимен 

көмкеріп, 1 курс суденттерінен құрылған 

«Еркін»  КТК  командасы  жиналған 

көпшілікке  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлай 

білді.   

Дәл  осындай  мерекелік  кеш  10  қа-

раша  күні  Жаратылыстану-география 

институтында болып өтті. Кеш барысын-

да  институт директоры, профессор Жан-

беков  Хайрулла    білім  ордасына  қадам 

басқан  барша  студенттерді  құттықтап, 

ізгі  тілек  білдірді.  Сонымен  қатар 

шара  барысында  «Студенттік  қатарға 

қабылдау»  рәсімі  салтанатты  түрде  1 

курс  студенттеріне  «Білім  кілті»  мен 

«Студенттік  билет»  табысталып,    түрлі 

номинациялар бойынша үздік деп табы-

лып жүрген 1 курс студенттерін арнайы 

дипломдармен мараппатады.

Шара соңында институттың бірқатар 

өнерпаздары әуезді ән, көмкерілген күй, 

мың  бұралған  биден  шашу  шашып,  са-

палы әзілдерімен «ЖГИ құрамасы» КТК 

командасы  көтеріңкі  көңіл-күй  сыйлап, 

сахна  төрінде  өз  өнерлерін  жиналған 

көпшілікке паш етті.

Қарашаңырақ саналатын біздің уни-

верситетте  биыл  да  мыңдаған  студент-

тер  қабылданса,  оның  біразы  «Алтын 

белгі»  иегерлері,  халықаралық  және 

республикалық  олимпиадалардың  жүл-

де герлері болып табылады.



Қазына БЕКБЕНБЕТОВА


жүктеу 256.13 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет