№70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек



жүктеу 373.56 Kb.
Pdf просмотр
бет4/4
Дата09.01.2017
өлшемі373.56 Kb.
1   2   3   4

Әлімжан ҚИЯС.

ЖҮРЕК ТАЗАЛЫҒЫ – ИМАННАН

АДАМГЕРШІЛІК  –  АСЫЛ  ҚАСИЕТ

КӨҢІЛ АЙТУ

Қазалы  аудандық  білім  бөлімі,  білім  және  ғылым  қызметкерлері 

кәсіподағы  аудандық  комитеті  Алматы  қаласында  тұратын  жерлесіміз, 

ардагер ұстаз



Зәуреш Өтегенқызы БЕКМАНБЕТОВАНЫҢ

қайтыс  болуына  байланысты  отбасы  мен  туған-туыстарының  қайғы-

ларына ортақтасып, көңіл айтады.


№70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек 2016 жыл.

ОҚЫРМАНДАР  ТІЛЕГІНЕ  ОРАЙ

№776


7346

Мекен-жайымыз: 120400, Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті, Жанқожа батыр көшесі №11 үй, E-mail: kazaly@bk.ru



Кезекші редактор  С.ҚАПАР.

сейсенбі,

Газет  редакцияның  компьютер  орталығында  теріліп, 

беттеліп, «Сыр медиа» ЖШС

баспаханасында басылды.  

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4.

Тел: 8 (7242) 40-06-68

Газет таралымы бойынша 21-6-94 немесе 

8 (7242) 70-14-08 телефондарына хабарласуға болады.



       Таралымы 7481             Тапсырыс №1023

РИЗАШЫЛЫҚ

БІЗДІҢ  ТҰРАҚТЫ  ОҚЫРМАН

ҚОРШАҒАН  ОРТА  –  ӨЗ  ҮЙІҢ

Жалпы  білім  беретін  орта  мектептерде  қабілетті 

тұлғаны қалыптастыру – тәрбие беру жұмыстарындағы 

ең бір өзекті мәселе. Жауапты міндетті жүзеге асыру жо-

лында әрбір сынып жетекшісі аптаның бір күнін тәрбие 

сағаты деп атап, шәкірттеріне Отанды сүю, ғасырда бір-

ақ рет келетін әйгілі тұлғалардың есімдерін құрметпен 

атап,  оларды  өздеріне  үлгі  ету  жайлы  іс-шаралар 

өткізеді.  Ата-аналар  мен  ұстаздарды  да  қатыстырып, 

балалардың қоршаған ортаға деген көзқарастарын білу, 

оны жетілдіру төңірегінде пікірталас ұйымдастырады.

Иә,  ақ  шаңдағы  қолқаны  қапқан  экологиялық 

апат  аймағында  өмір  сүріп  отырғасын  ба,  балаларға 

экологиялық тәрбие беру мәселелеріне менің де бүйрегім 

бұрып тұрады. Содан да шығар, өзім де үнемі ізденіп, 

қолым сабақтан қалт еткенде, республикалық ғылыми-

танымдық  журналдарды  ақтарамын.  Интернеттің  ора-

сан  зор  бай  кітапханасына  саяхат  жасап,  өсімдіктер 

әлемінің  таңғажайып  сырларына  қаныға  түсемін. 

Өйткені, қоршаған ортаны қорғау жайлы шәкірттеріме 

қызықты деректер айту үшін ең алдымен өзім ерінбей-

жалықпай көп ізденіп, көп оқуым керек деп ойлаймын.

Бүгінгі  таңда  экологиялық  бағытта  жүргізіліп 

жатқан  ғылыми  жұмыстарға  шолу  жасағанымда,  жа-

сыл желектердің адамдарға да берер пайдасының ұшан-

теңіз екенін аңғардым. Мысалы, ағаш табиғатта ылғал 

сақтайды, құм көшуден қорғайды, шаң-тозаңды, көмір 

қышқылын жұтып, оттегі бөлу арқылы ауаны тазарта-

ды. Міне, жасыл желек деп аталатын табиғат – ана бер-

ген  теңдесі  жоқ  байлықтың  осындай  ерекше  қасиетін 

саусақ бүгіп санамаласақ, тізбектеліп кете береді.

Баяғыда ата-бабаларымыз жапан дүзде өсіп тұрған 

жалғыз  ағаштың  өзін  киелі,  қасиетті  деп  санап,  оны 

кесіп тастауға қатаң тыйым салған көрінеді. Тіпті кітап 

бетін  парақтаған  сайын,  бабаларымыздың  ағаш  ту-

ралы  қалдырып  кеткен  ұлы  өсиеттерімен  танысасың, 

мейіріміңді қандырасың, данышпан адамдардың ақыл-

парасатының  кеңдігі  мен  көрегенділігіне  еріксіз  бас 

иесің.  Бұрынғының  бір  ғана:  “Көзіңді  қалдыр  –  бұлақ 

көзін  аша  жүр,  ізіңді  қалдыр  –  жақсылық  мұра  шаша 

жүр, өзіңді қалдыр – бау өсіріп, жаса нұр” деген даналық 

сөзінің астарында қаншама философиялық мән-мағына 

жатыр десеңізші!

Қай  кезде  де  өз  замандастарынан  озық  ойымен, 

алыс ты  дөп  басып,  болжай  білетін  көрегенділігімен 

алда  тұрған  көшбасшылар  ағаш  егуге  де  айрықша 

мән  берген.  Аңыз  әңгімелердің  айтуына  қарағанда, 

Самарқандты  40  жыл  билеген  Жалаңтөс  баһадүр  ата-

мыз он ағаш көгерткен адамды құлдықтан босатып, бас 

бостандығын беріпті.

Ата-бабаларымыздан  асылдың  сынығындай  болып 

қалған  құндылықтарымыздың  бірі  –  ағаш  егу  дәстүрі 

біздің құм арасындағы Лақалы ауылында да жалғасын 

тапқан.  Бұл  орайда  көш  басынан  көрінген  №93  орта 

мектеп  директоры  Серікбол  Сансызбаев  туған  ауылы-

на  өлшеусіз  еңбек  сіңірді.  1991  жылы  алғаш  рет  мек-

теп  басшысының  батыл  бастамасымен  мектеп  аула-

сына  отырғызылған  ағаштардың  әрқайсысы  бүгінде 

бір-бір  мәуелі  бәйтерекке  айналған.  Ал  енді  талдар 

мен гүлдерді он сегіз жыл бойы бұлақтан қолмен су та-

сып, көгерту дегеніміз – майдан қыл тартқанмен бірдей 

жанкештілік емес пе?

Бұл  күндері  өз  аяғымен  су  келмейтін  ауылымыз-

да  мектеп  директоры  Серікбол  Сансызбаевтан  бастап, 

үйлерінің  ауласына  тал  мен  гүл  егіп  отырған  отбасы-

лар баршылық. Бұл ретте Зейнолла Өксікбаев пен Ал-

тынбек  Жұбаниязовтардың  есімдерін  тілге  тиек  ету-

ге болады. Әрине, түтін түтетіп отырған үйіміздің ай-

наласына  көкөніс  өнімдерін  отырғызып,  оны  суарып, 

күтіп-баптауды  балаларға  да  тапсырсақ  бұл  да  бол-

са,  ілуде  біреуде  ғана  кездесетін  өнегелі  бастама  бо-

лар еді. Өйткені бала ағаштар мен гүлдерді егу арқылы 

қоршаған  ортаның  қадір-қасиетін  сезінеді,  тал  бойын-

да  еңбекқорлық  мейірімділік  сияқты  асыл  қасиеттер 

қалыптасады. Десек те, біз көбінесе, сыртқы ортаны жа-

сыл желекке бөлеп, үйіміздің ішіне, яғни бөлмелерімізге 

гүл  отырғызуға  онша  көңіл  аудара  бермейміз. 

Тіршілігіміздің  көп  уақыты  үй  ішінде  өтетінін  ескер-

сек, бөлме гүлдерінің де денсаулыққа тигізер пайдасы 

жетіп артылады. Айталық хлорофитум – ас бөлмесін газ 

окисі мен жағымсыз иістерден тазалайды, фикус – оның 

жапырақтары ауадағы зиянды заттарды, шаңды бойына 

сіңіріп алады, сондай-ақ, бөлме ішін ылғалдандырады. 

Ал қазтамақ гүлінен бөлініп шығатын пайдалы қоспалар 

күйзелген  күйді  тыныштандыруға,  ұйқысыздықты 

жеңуге  көмектеседі.  Дәмжапырақтан  бөлінетін  эфир 

майының  иісі  адамдардың  көңіл-күйінің  көтеріңкі  бо-

луына  ықпал  етеді.  Тіпті  тәбет  ашатын  қасиеті  үшін 

жапырақтарын тағамға да қосады. Жүзжылдық гүлінен 

түнде оттегі бөлініп шығып, бойына көмірқышқыл га-

зын сіңіреді. Сондықтан жүзжылдықты көбінесе жатын 

бөлмесіне қойған жөн.

Қорыта айтқанда, қашанда жанға сая, дертке шипа 

болған  жасыл  желек  –  мәңгілік  өмір  жалғасы.  Енде-

ше  игілікті  істің  басы-қасында,  өзімізбен  бірге,  бала-

ларымыз да жүрсе, салауатты өмір салты қалыптасқан 

мәдениетті отбасылар қатарының көбейе түсері сөзсіз.

Нұргүл САХИ,

№93 орта мектеп мұғалімі

педагог-психолог.

Лақалы ауылы.

ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТӘРБИЕНІ ОТБАСЫНАН БАСТАЙЫҚ

Үстіміздегі  жылдың  21  тамызы  Жалаңтөс  ба-

тыр  ауылының  тұрғындары  үшін  ерекше  қуанышқа 

толы болды. Сол күні ауылымызда жаңа 90 орындық 

№14  «Сәуле»  бөбекжай  балабақшасының  ғимараты 

ашылды. Балабақшаның іске қосылу салтанатына об-

лыс  әкімі  Қырымбек  Елеуұлы  Көшербаев  қатысып, 

ауыл  тұрғындарын  қуаныштарымен  құттықтай  оты-

рып, ел игілігіне пайдалануға берді. Алдағы уақытта 

ауылымыздың  кішкентай  балалары  жаңа  үлгідегі, 

екі қабатты зәулім ғимаратта тәрбие алатын болады. 

Біз бұны көреген Елбасының ауыл тұрғындары үшін 

ерекше қамқорлық танытуы деп түсінеміз. 

Бұл  орайда,  балабақша  ғимараты  құрылысын 

сапалы  жүргізіп,  мерзімінен  кешіктірмей,  ауыл 

халқының игілігіне тапсырған, «SCS» Инжиниринг» 

құрылыс  компаниясының  басшысы  Нұрлан  Аман-

баевтың  еңбегін  атап  өткеніміз  жөн.  Нұрлан  бала-

мыз адал еңбегінің арқасында, өзін нағыз елдің аза-

маты екендігін көрсете білді. Үлкендердің сөзін жер-

ге  тастамай,  ауылымыздың  әлеуметтік  жағдайына 

өз үлесін қосты. Атап айтатын болсақ Көбек, Ойын-

ды,  Алтай  елді  мекендері  тұрғындарының  округ 

орталығы  Жалаңтөс  батыр  ауылына  қатынайтын, 

істен  шыққан  көпірді  арнайы  техникалар  мен  қайта 

қалпына  келтірді.  Қазіргі  таңда  үш  елді  мекен 

тұрғындары округ орталығына кедергісіз әрі тез каты-

науда.  Оған  қоса  ауылымыздың  санитарлық  тазарту 

жұмыстарына, қоқыстарды шығару үшін бірнеше рет 

ауыр техникасын ұсынды. Ауыл тұрғындарының аты-

нан, Нұрлан бастаған «SCS» Инжиниринг» құрылыс 

компаниясына  ризашылығымызды  білдіріп,  үлкен 

жетістіктерге жетуге шын жүректен тілектеспіз. 

С.ДӘУІТ,

Қарашеңгел ауылдық округі

ардагерлер кеңесінің төрағасы.

Жетістіктерің көп болсын

Қызылорда  қаласындағы  Қазақ-Түрік  лицейі  базасында  «Мектептердегі 

тәрбие  процесі  даму  үдерісінің  заманауи  амалдары»  тақырыбында  жиналыс 

өткізілді.

Жиналысқа  Астана  қаласындағы  Назарбаев  зияткерлік  мектептері  дербес 

департаменті  басшысының  орынбасары  Жұлдыз  Сүлейменова,  облыстық  білім 

басқармасы  басшысының  орынбасары  Бағдат  Бердәулетов  қатысты.  Шара  ба-

рысында  Назарбаев  зияткерлік  мектебінің  тәрбие  процесі  кеңінен 

талқыланып,  тиісті  тапсырмалар  берілді.  Соңында  2016  жылы 

өткізілген,  облыстық  музыка  және  өнер  мектептері  арасында  үздік 

мектепті анықтау мақсатындағы байқаудың қорытындысы жариялан-

ды. Байқау музыка және өнер мектептерінің соңғы 3 жылын қамтитын 

9 критерий бойынша атқарылған жұмыстар бойынша ерекшеленді.

Нәтижесінде  Қызылорда  қаласындағы  №1  өнер  мектебі  3-орын, 

Арал аудандық өнер мектебі- 2-орын алса, Қазалы аудандық балалар 

әуез мектебі-1 орынға шығып, Бас жүлдені иеленді.

Бір  айта  кетерлігі,  бұндай  байқау  облыс  бойынша  музыка 

және  өнер  мектептері  арасында  тұңғыш  рет  өткізіліп  отыр.  Қазалы 

аудандық балалар әуез мектебі өзінің материалдық-техникалық база-

сы және жан-жақты жетістігімен облыста бірінші тұғырға көтерілді.

Облыстық  білім  басқармасы  басшысы  Б.Сайлыбаевтың  қолы 

қойылған  дипломды  Б.Бердәулетов  мырза  Қазалы  балалар  әуез 

мектебінің директоры, композитор Сәукен Әлішке табыстады.  

“ҚАЗАЛЫ” ақпарат.

 БӘРЕКЕЛДІ!

Байқау жеңімпазы – 

әуез мектебі

Бауыр етім немерем,

Тәтті едің не деген.

Маңдайыңнан иіскесем,

Бір ғажайып күйге енем.

Қойдан да жуас қоңырым,

Тым сабырлы момыным.

Жаныңда сенің қиналды-ау,

Қолына түсіп содырдың.

Аллада мол кеңшілік,

Пенде де көп кемшілік.

Дәрігерлерге мың алғыс,

Жасаған оған емшілік.

(Немерем Айбалтаны ажалдан арашалаған аудандық 

аурухананың дәрігерлері мен жансақтау бөлімінің 

қызметкерлеріне шын жүрегімнен алғысымды осы жыр 

жолдарымен жеткіземін.)

Сан адамды сақтаған



Нұртай БАЗАРҰЛЫ.

Әйтеке би кенті.



Күні

Таң

намазы

Бесін

намазы

Екінті 

намазы

Шам 

намазы

Құптан 

намазы

1

05:45



13:52

18:30


20:32

21:56


2

05:47


13:52

18:29


20:31

21:54


3

05:49


13:52

18:27


20:29

21:52


4

05:50


13:52

18:26


20:27

21:50


5

05:52


13:51

18:24


20:25

21:47


6

05:53


13:51

18:23


20:23

21:45


7

05:55


13:51

18:21


20:21

21:43


8

05:56


13:50

18:20


20:19

21:41


9

05:58


13:50

18:18


20:17

21:39


10

05:59


13:49

18:17


20:15

21:37


11

06:01


13:49

18:15


20:13

21:34


12

06:02


13:49

18:13


20:11

21:32


13

06:03


13:48

18:12


20:10

21:30


14

06:05


13:48

18:10


20:08

21:28


15

06:06


13:48

18:09


20:06

21:26


16

06:08


13:47

18:07


20:04

21:24


17

06:09


13:47

18:05


20:02

21:22


18

06:11


13:47

18:04


20:00

21:19


19

06:12


13:46

18:02


19:58

21:17


20

06:13


13:46

18:01


19:56

21:15


21

06:15


13:46

17:59


19:54

21:13


22

06:16


13:45

17:57


19:52

21:11


23

06:17


13:45

17:56


19:50

21:09


24

06:19


13:44

17:54


19:48

21:07


25

06:20


13:44

17:52


19:46

21:05


26

06:22


13:44

17:51


19:44

21:03


27

06:23


13:43

17:49


19:42

21:01


28

06:24


13:43

17:47


19:40

20:59


29

06:26


13:43

17:46


19:38

20:57


30

06:27


13:42

17:44


19:36

20:55


2016 ЖЫЛДЫҢ ҚЫРКҮЙЕК АЙЫНА 

АРНАЛҒАН НАМАЗ КЕСТЕСІ

(Астана уақытымен белгіленген)

“ЖАНҚОЖА БАТЫР” МЕШІТІ.

Бекарыстан  би  ауылын-

да  Елбасының  тапсырмасы-

на  сәйкес,  жыл  сайын  үрдіске 

айналып  отырған  «Мектепке 

жол»  акциясына  қолдау  көр-

сетіліп,  онда  тұрмысы  төмен 

және көп балалы, ата-анасының 

қамқорлығынсыз  қалған  мек-

теп  оқушысы  бар  12  отбасына 

қаржылай көмек көрсетілді.

Мейірімділік  пен  қайырым-

дылықты,  адамдардың  бір-

біріне  деген  риясыз  көңілін, 

болашағымыз  балаларға  де-

ген  шынайы  қамқорлықты 

танытқан  ізгі  шара  көптің 

көңілінен  шықты.  Ауылдық 

әйелдер  кеңесінің  төрайымы 

Қ.Бекжанова «Бұл – «Мектепке 

жол»  акциясы  бір  реттік  көмек 

емес,  жыл  бойы  жалғасын  тау-

ып, ұйымдастырылып отырыла-

тынын айтып, басқа уақытта да 

тұрмысы төмен отбасыларға қол 

ұшын беруге әрқашан да дайын-

быз»,–деді. 

Акция  аясында  ата-аналар 

балаларының  оқуға  қажетті 

құрал-жабдық,  мектеп  форма-

сы,  спорттық  киімдермен  қам-

тылуына себепші болып, қолдау 

көрсеткен  азаматтарға  алғысын 

білдірді.

Майдакөл  ауылдық  округі-

нің әкімі Ө.Өтеп-Әлі «Мектепке 

жол»  акциясының  тиімділігіне 

тоқталып, 

тұрмысы 

төмен 


отбасыларға  қол  ұшын  беруге 

барша  азаматтарды  біркісідей 

атсалысуға шақырды. 

Ғалия ҚАЗАНБАЙ.

Қолдау көрсетілді



9 қыркүйек

16.00 Қонақтарды қабылдап, қонақасы беру

19.00 Аудан өнерпаздарының концерті

19.00-21.00 Палуан күрес

19.00-21.00 Жырау, термешілер сайысы

22.00 Палуан күрес, жырау, термешілердің сайы-

сының жеңімпаздарын марапаттау



10 қыркүйек

09.30-11.00  Қара  молда  әулие  мешітінің  ашылу 

салтанаты



Қонақтарды марапаттау 

12.00-13.00 Түскі ас

14.00 Ат бәйгесі

І. Аламан бәйге

ІІ. Құнан бәйге

ІІІ. Тоқ бәйге

ІV. Жорға жарысы 

17.00 Ат бәйгесінің жеңімпаздарын марапаттау

ҰЙЫМДАСТЫРУ КОМИССИЯСЫ.

Шәкен ауылындағы «Әл-Мұхаммед» (Қарамолда әулие) 

мешітінің ашылу салтанатының

БАҒДАРЛАМАСЫ

Балмаханов  Алдабер-

геннің  меншігіндегі  Қы-

зыл орда  облысы,  Қаза-

лы  ауданы,  Жаңақаза лы 

поселкесі, 

В.Счастнов 

көшесі  №1  үй   дің  2  пәте-

рінің  құқық  белгілеу ші 

құжаты – 20.05.1995 жылы 

№Д-556  реестрге  тіркеп 

куәландырылған  үйді  са-

тып  алу,  сату  келісімінің 

түпнұсқасы 

жоғалуына 

байланысты жарамсыз деп 

танылсын.

Жарамсыз деп 

танылсын

Әйтеке би кенті тұрғындарының әлеуметтік мәселелеріне 

байланысты  тұрғындарға  көрсетілетін  коммуналдық 

қызметтерге  қатысты  және  көпшілікті  толғандырып  жүрген 

түйткілді мәселелер жөнінде Әйтеке би кентінің әкімі Арда-

гер  Өркенұлы  Ақжігітов  жергілікті  «Серік  ТВ»  теле арнасы 

арқылы  кент  тұрғындарының  қойған  сауалдарына  жауап 

береді.


Ол  үшін  алдын  ала  сұрақтарыңызды    күнделікті  сағат 

9:00-ден 19:00-ге дейін 23-5-55, 87786662463 байланыс теле-

фондары арқылы қоя аласыздар.

Кент тұрғындарының есіне!

Қызылорда  облыстық  мәслихатының  2015  жылғы                  

18  наурыздағы  №263  шешімін  басшылықа  ала  отырып, 

Әйтеке  би  кентінің  санитариялық  жағдайын  бұзып,  жасыл 

желектерді  таптап,  көшедегі  көлік  қозғалысын  қиындатып, 

адам өміріне қауіп төндіріп иесіз жүрген үш бас сиыр малы 

қамауға алынды. Әйтеке би көшесі мен Қ.Пірімов көшесінің 

қиылысында түнгі сағат 22:15 шамасында иесіз жүрген сиыр-

лар «Сәт» мал базарында қамауда тұр. Қамалған малдардың 

түр түсі мен жынысы 1) қызыл ала, аналық, 2) қара шұбар бет, 

аналық, 3) қара баспақ, еркек.

Мал иелері «Әйтеке би кенті әкімі аппарты» мемлекеттік 

мекемесіне келіп, жолығуларыңыз қажет. 

«ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ ӘКІМІ АППАРАТЫ» 

МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІ.

Мал иелерінің назарына!

Асылбек інім бастаған,

Әдептіліктен аспаған.

Дәрігерлер ұзақ жасаңдар, 

Ажалдан оны жасқаған.

Елдің үмітін ақтаған,

Күндіз-түні де жатпаған.

Көбектей ініме көп рахмет,

Сан адамды сақтаған.

Ақ халатты абзал жандарым,

Шаттықпен атсын таңдарың.

Аталарыңның осы батасы,

Аман болсыншы жан-жағым.

Ұтымды ұйымдастыруға 

атсалысты

Аудан мектептерінде жаз кезіндегі балалардың демалысын тиімді өткізу 

үшін  мектеп  жанынан  ашылған  тынығу  лагерьлері  жұмыс  жасады.  Онда 

спорттық,  ұлттық,  танымдық  ойындар,  алғырлық,  зерделік,  тілдік  сайы-

стар, салт-дәстүрге байланысты байқаулар, ән-би кештері, сурет көрмелері, 

тағы  басқа  көптеген  шаралар  ұйымдастырылды.  Бұл  ретте  №216  мектеп-

тен Л.Жүсіпова, Г.Оспанова, Э.Князова, №226 гимназиядан А.Шайқұлова, 

А.Қойшыбаева сияқты көптеген тәрбиешілер балғындардың демалысының 

қызыққа, қуанышқа толы болуына бар күш-жігерлерін жұмсады. 

Аудандық  балалар  кітапханасының  қызметкерлері  балаларға  ертегі 

кітаптар, журналдар, кітап көрмелерін таныстырып, ортақ іске өз үлестерін 

қосты.  Осы  орайда  кітапханашылар:  Ж.Жеткербай,  А.Айтжанова, 

Д.Алдақиярованың еңбектері атап өтуге тұрарлық.

П.НИЯЗЫМБЕТОВА,

аудандық балалар кітапханасының кітапханашысы.

Уақыт  көшіне  ілесіп,  қоғамдық  өмірдегі  өзгерістерді  ойға  түйе 

жүргеннің  орны  бөлек.  Бұл  әрбір  азаматтың  сауаттылығы  мен 

мәдениеттілігін көрсетеді. 

Бұл  ретте  түрлі  ақпарат  құралдарының  тигізетін  пайдасы  көп. 

Сол үшін де күн сайын теледидар жаңалықтарына құлақ түріп, газет, 

журналдарды  оқып  жүруді  естен  шығармаймын.  Республика,  облыс 

көлемімен  бірге  ауданымыздың  тыныс-тіршілігіне  үнемі  көңіл  ауда-

рамын. 


Әсіресе туған жер аумағын жан-жақты қамтып отыратын аудандық 

“Қазалы” газеті менің қимас серігім десем артық емес. Оны жыл сайын 

жаздырып алуды ұмытпаймын. Әрбір санын асыға күтіп, қызыға оқып 

отыру менің дағдылы әдетіме айналған. 



Нұрлан НҰРЖАУБАЕВ,

Қазалы аудандық архивінің 

ІІ санатты архивисі.

ҚИМАС СЕРІГІМЕ 



АЙНАЛҒАН

жүктеу 373.56 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет