№70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек



жүктеу 373.56 Kb.

бет1/4
Дата09.01.2017
өлшемі373.56 Kb.
  1   2   3   4

 

№70

(858) 

Сенбі,

3 қыркүйек

2016 жыл

А уд а н д ы қ   қ о ғ а м д ы қ- с а я с и   г а з е т

САЛТАНАТ

ҚҰРМЕТ

Елбасы  «Конституция  біздің  Тәуелсіздігімізді 

нығайтты,  мемлекетті  және  бүкіл  қоғамды  берік 

етті»  деген  болатын.  Шынында  да  Конституция 

мызғымас  мемлекетіміздің  алтын  қазығы,  бірлігі 

мен  ынтымағы  жарасқан  елдігіміздің  бұлжымас 

бағдары, кемел келешегінің кепілі екені айқын.

Әрбір  азаматы  өзін  тең  сезінетін,  татулығы 

жарасқан  қазақ  жұртының,  Қазақстан  халқының 

қарымды  істері  бүгінде  әлем  жұртшылығы  үшін 

үлгі-өнегеге  айналуда.  Мұның  өзі  біздің  Ата 

заңымызда  бүкіл  адамзаттық  құндылықтар  мен 

өркениеттік  игіліктердің  барлығы  қамтылғанын 

айғақтайды.  Біздің  асқақ  айбынымыз  да, 

қорғанышымыз бен қамқоршымыз да Ата заңымыз 

екені рас.

Қасым ханның қасқа жолы мен Есім ханның ескі 

заңының, Әз Тәукенің жеті жарғысының негізінде 

қаланған  Конституциямыз  қабылданғаннан  бері 

еліміз  әртүрлі,  діни,  саяси  және  экономикалық 

түйткілдердің  шешімін  тауып,  талай  сындар-

лы  жолдан  өткеніне  қарамастан  өзінің  ішкі 

тәуелсіздігін сақтай білді. Бұл да Президентіміздің 

салиқалы саясатының жемісі.

Осы  орайда  Әйтеке  би  кентінің  орталық 

алаңында  Конституция  күніне  байланысты 

мерекелік шара өткізілді. Салтанатты жиын бары-

сында алаңға еліміздің мемлекеттік Туы әкелініп, 

Гимн шырқалды.

Аудан  жұртшылығын  аудан  әкімі  Нажмадин 

Шамұратов құттықтап, жылы лебізін жеткізді. Ай-

тулы күнде аудан, облыс әкімдерінің «Алғыс хаты-

мен» бірқатар сала басшылары мен қызметкерлері 

марапатталды. 

Келесі  кезекте  Ата  заңымыз  ардақталған  ме-

реке аудан өнерпаздарының гала концерті мен ел 

тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай «Сағындырған 

әндер-ай»  атты  вокалдық  инструменталды 

ансамбльдерінің  аудандық  ретро-фестиваліне 

ұласты. Аталмыш фестивальда өңірімізге кеңінен 

танымал  «Қазалы»  тобы,  Ильясовтардың  «Сая», 

«Ізеевтер»  жанұялық  ансамбльдері,  «Қарлығаш», 

«Қыздар»,  «Ақсауыт»  секілді  ансамбльдермен 

басқа да өзіндік орындары бар бірқатар ұжымдар 

өз  өнерлерін  ортаға  салып,  көрермендердің 

қошеметіне бөленді.



«ҚАЗАЛЫ» ақпарат.

Ата заңымыз ардақталды

Үстіміздегі  жылдың  3-4  қыркүйегінде  Астана  қаласында  Тәуелсіздігіміздің                    

25 жылдығы құрметіне “Қуатты өңір – қуатты Қазақстан” атты Қызылорда облысының 

күндері өтеді.

Осы  атаулы  шараға  байланысты  кеше  Қазақстанның  орталық  коммуника-

циялар  қызметінде  бұқаралық  ақпарат  құралдары  өкілдерімен  брифинг  өткізіліп,                                                  

“24 Хабар” телеарнасынан тікелей эфирде көрсетілді. Онда сөз алған Қызылорда облысы 

әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов аймағымыздың әлеуметтік-экономикалық даму 

мәселелеріне тоқталды. Білім беру, мәдениет, денсаулық, кәсіпкерлік салаларындағы 

оң өзгерістер тілге тиек етілді.

Өңірде соңғы он бес жылдың ішінде 171 мектеп салынды. Биыл 80 көп қабатты 

үйдің  құрылысы  жүргізілуде.  Қызылорда  қаласында  6600  адамға  жер  телімі  берілді. 

Жаңа “Бәйтерек” шағын ауданында 36 мың тұрғын қоныстанатын болады. 

Сығанақ,  Жаркент  қалаларында  археологиялық  қазба  жұмыстары  жалғасады. 

Облыстық театр мен филормония өнерпаздары алыс және жақын шетелдерге гас трольге 

шығып тұрады. Қорқыт ата кешені “ЭКСПО – 2017” көрмесі қонақтарын күтуге дайын-

далуда. Облысымызда халықтың туберкулезбен аурушаңдық деңгейі соңғы бес жыл-

мен салыстырғанда 24 пайызға азайып отыр. 

Сондай-ақ,  брифингке  облыстық  индустриялық-инновациялық  даму  басқарма-

сының басшысы Ринат Сұлтангереев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының 

басшысы Бақыт Жаханов қатысып, өз салаларындағы қол жеткен жетістіктер туралы 

баяндады. 

Журналистер тарапынан қойылған сұрақтарға тұшымды жауаптар қайтарылды.

“ҚАЗАЛЫ” ақпарат.

Қызылорда облысының күндеріне арналды

Төрт  жылдықтың  басты  бәсекесі  саналатын  олимпиадалық  ойындар  биыл 

Бразилияның астанасы Рио-Де-Жанейро қаласында өткізілгендігі жер жаһанға 

мәлім.  Әлемнің  205  мемлекетінен  сайдың  тасындай  іріктелген  сайыпқыран 

спортшылар  қатысқан  бұл  додада  еліміздің  спортшылары  сенім  үдесінен 

шығып, ел мерейін үстем еткендігі белгілі. Осынау мемлекеттердің ішінен жал-

пы  командалық  есепте  спортшыларымыз  22-орыннан  көрініп,  ел  қоржынына 

17  медаль  салғандығы  баршамыздың  ортақ  қуанышымыз.  Соның  ішінде  Сыр 

бойының  перзенті  Александр  Зайчиков  те  ауыр  алтетикадан  сынға  түсіп, 

жүлделі үшінші орынды қанжығалаған болатын.

Дүйім  елдің  алдында  батпандай  зілтемірді  нық  көтерген  Александр  жу-

ырда  Қазалы  ауданына  ат  басын  тіреп,  жұртшылықпен  қауышты.  Олимпиа-

да жүлдегерін күтіп алған қазалылықтардың әлем алдында көк байрағымызды 

көкке желбіреткен батырға деген қошеметтерінің зор екендігін аңғардық. Кез-

десуде алғаш сөз алған аудан әкімінің орынбасары Арман Қаржаубаев олимп 

тұғырына шыққан жерлесімізді құттықтап алдағы уақыттарда да бұданда биік 

белестерді  бағындыратынына  сенім  білдірді.  Аудан  жұртшылығының  атынан 

Александр Зайчиковке ақбоз ат мінгізіп, бапкеріне арнайы сыйлық табыстады.

Айта кетерлігі айтулы сайыста жерлесіміз, сырбойылық ұлан жұлқа көтеру 

жаттығуында  193  келіні  бағындырып,  алғашқы  айналымда  үздік  үштікті 

қорытындылаған  болатын.  Ал,  серпе  көтеруде  Зайчиков  223  келі  салмақты 

еңсеріп, қос жаттығу бойынша 416 келіні бағындырған. Бәсеке жолында негізгі 

қарсыластары  өзбекстандық  Руслан  Нұридинов  олимпиада  чемпионы  атанса, 

армениялық Симон Мартиросян күміспен көмкерілді.

Алты алаштың анасы саналатын Сыр өңірі ауыр атлетикадан үшінші олим-

пиада ойындарында елімізге жүлде алып беріп отыр. Осыған дейін даңқты ауыр 

атлетші Илья Ильин Бейжің және Лондонда алтынды ел қоржынына салса, Рио 

төрінде дүниежүзі алдында Александр Зайчиков қоланы қанағат тұтты.

Е.ЖҰМАБЕКҰЛЫ.

АЛЕКСАНДР 

АҚ БОЗ АТҚА МІНДІ

Биыл  С.Сейфуллин  атындағы  №165 

орта  мектебіне  95  бала  бірінші  сыныпқа 

қабылданып,  «Білімді  ел  –  Мәңгі  ел»  тақы-

рыбындағы  ұйымдастырылған  жиында 

алғашқы қоңырау үнін естіді. Аталмыш білім 

ордасының  директоры  Ләззат  Ізбасханова 

2016-2017  оқу  жылының  алғашқы  күнімен 

құттықтап,  қадамдарына  сәттілік  тіледі. 

Салтанатты  жиынға  қатысқан  аудан  әкімі                

Нажмадин Шамұратов құттықтау сөз сөйлеп:

– Білім күні шын мәнінде бүкіл халықтық 

мерекеге  айналды.  Мектеп  табалдырығын 

тұңғыш аттайтын балалардың жүрегінде бұл 

күн мәңгіге сақталады. Мыңдаған оқушылар 

мен ұстаздар үшін бірінші қыркүйек – жаңа 

бастамалар  мен  ізденістер  және  жаңаша 

идеялардың символы. 

Алаштың  ардақты  азаматы  Міржақып  

Дулатов:  «Ұрпағы  білімді  халықтың  бола-

шағы бұлыңғыр болмайды», – деген. Тәуел-

сіздікке  қол  жеткізген  25  жыл  ішінде  білім 

саласында талай жасампаз жоба, жаңа баста-

малар қолға алынды. Білім беруді дамытудың 

2011-2020  жылдарға  арналған  мемлекеттік 

бағдарламасы  қабылданып,  елімізде  бұл  са-

ланы  түбегейлі  өзгертуге  нақты  қадамдар 

жасалды.  Осы  ретте  «Ел  ертеңі  –  білімді 

жастар  қолында»  деп  санайтын  Тұңғыш 

Президентіміз  Нұрсұлтан  Назарбаев  білім 

жүйесін  айрықша  назарда  ұстап,  оны 

дамытуға ерекше көңіл бөліп отыр. 

Құрметті  №165  мектеп  ұжымы  және 

оқушылары!  Сіздер  талай  талантты  шәкірт-

терді  оқытып,  тәрбиелеген  үздік  білім 

ұйым дарының  бірісіздер.  Сондықтан,  Сіз-

дерді  бұл  мүмкіндікті  тиімді  пайдаланып, 

ал дағы  уақытта  бұдан  да  зор  табыстарға 

жетеді деген сенімдемін. Білім саласына де-

ген оң бетбұрыс, мемлекет тарапынан жаса-

лып  жатқан  қолдау-қамқорлықтың  барлығы 

келешегіміздің  кепілі  болмақ.  Сондықтан 

алаңсыз  білім  алып,  еліміздің  дамыған  30 

елдің  қатарына  енуіне  өзіндік  үлес  қосатын 

азамат  пен  азаматша  атанғайсыздар.  Білім 

мен ғылым заманында алар асуларыңыз бен 

бағындырар  шыңдарыңыздың  көп  болуына 

тілектеспін! – деді. 

Аудан әкімі Елбасының «Менің Отаным 

– Қазақстан» атты кітабын бірінші сыныпқа 

қабылданған шәкірттерге сыйға тартты.

Мектептің  ардагер  ұстаздары:  Сымбат 

Қожағұлова,  Жақсыгүл  Дүзелбаева  бала-

ларға ақ жарқын лебіздерін білдірсе, ата-ана 

Ертуған Дәрменов батасын берді. 

***


Әйтеке  би  кентіндегі  №249  мектеп-

лицейінде 1 қыркүйек – Білім күні мерекесіне 

байланысты  “Талаптың  мініп  тұлпарын” 

атты жаңа оқу жылындағы алғашқы қоңырау 

соғу салтанаты өткізілді.

Биылғы білім саласына жаңа бағдарламаға 

енгізілген  жаңа  мазмұнды  оқу  жүйесіне 

сәйкес шарадағы мектеп шәкірттерінің қазақ, 

орыс, ағылшын тіліндегі сәлемдесу рәсімінен 

кейін №249 мектеп-лицей директоры Күлзипа 

Нақан  жиналғандарға  мерекелік  лебізін  ар-

нады.  Қазақстан  Тәуелсіздігі  қарсаңындағы 

жаңа  мазмұнды  бағдарламамен  мектеп 

табалдырығын аттағалы отырған 12 жылдық 

оқудың алғашқы бастауыш сынып оқушыла-

рын, барша шәкірттер мен ұстаздар қауымын 

Білім мерекесімен құттықтап, сәттілік тіледі.

Бұдан  кейін  сөз  алған  аудандық 

қоғамдастық  төрағасы  Құлпыбай  Ысқақ, 

Қазалы аудандық білім бөлімі атынан, білім 

бөлімінің  әдіскері  Жанат  Сәрсенбай  мек-

теп  табалдырығын  аттағалы  тұрған  барлық 

оқушылар  мен  ұстаздарға  игі  тілектерін 

жеткізді.

“Тілеп”  ЖШС  директоры,  облыстық 

мәслихат  депутаты  Ібайдулла  Тілеп  ақ 

ниетін  білдіре  келе  №249  мектеп-лицей 

кітапханасына  белгілі  жырау,  Қазақстан 

Республикасының мәдениет қайраткері Алмас 

Алматовтың екі томдық кітабын сыйлады.

“Құрмет” орденінің иегері, ардагер ұстаз 

Күләш  Бердікенқызы  Мергенбаева  рес-

публикаға белгілі оқу ордасының жеңіс пен 

жетістіктер  мекеніне  айнала  береріне  сенім 

арта сөйледі.

Алғашқы  қоңырау  соғу  құрметіне 

халықаралық  интернет  олимпиадасының 

жүлдегері,  аудандық  “Еркем-ау”  ән-би 

байқауының  жеңімпазы,  бастауыш  сынып 

оқушысы Қасым Нармағамбет ие болды.

Білім  күні  №249  мектеп-лицейінде 

Қазалы  аудандық  қорғаныс  бөлімімен 

бірлесе  өткізілген  “Мен  өз  елімнің  патри-

отымын”  аясындағы  ерлік  сағатында  аға 

ұрпақ  өкілдері  Ауған  соғысының  ардагері 

Бағдат  Серікбол,  аудандық  қорғаныс 

бөлімінің  басшысы  Ғалымжан  Бердібеков 

мектеп оқушыларымен Отан алдындағы бо-

рышына  адалдық  тақырыбына  байланысты 

естеліктерімен бөлісті.

***

Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  Қазақстан 



халқына Жолдауында «XXI ғасырда білімін 

дамыта алмаған ел тығырыққа тіреледі» деген 

болатын. Иә, жаһандану заманында әлемдегі 

30 елдің қатарына кіру үшін еліміздің басты 

кілті – білім мен ғылым екендігі анық. Осы 

орайда мемлекетіміз жас ұрпақтың тәрбиелі 

де  өнерлі,  отансүйгіштік  сезімі  жоғары  бо-

луы үшін ерекше қолдау білдіруде. 

«Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас 

жауы» дегендей кез келген өскелең буынның 

бойына өнеге мен ілім нәрін сіңіретін бірден 

бір орын мектеп.

Кенттегі  өзіндік  тарихы  бар  сондай 

қасиетті  білім  ошақтарының  бірі  №266 

мектеп-лицей.  1  қыркүйек  –  Білім  күніне 

байланысты  осынау  іргелі  оқу  ордасын-

да «Білімді ел – Мәңгі ел» атты салтанатты 

жиын  өткізілді.  Шараны  ашқан  Білім  беру 

ісінің үздігі, мектеп директоры Болат Жолта-

ев оқушыларды қос тілде құттықтап, биылғы 

оқу  жылында  шәкірттерінің  жақсы  оқып, 

жоғары көрсеткіштер көрсететіндігіне сенім 

білдірді. Айта кетерлігі осынау оқу жылын-

да  мектептің  1-ші  сыныбына  210  оқушы 

қабылданса,  алғашқы  даярлық  сыныбына 

200 оқушы қабылданған екен. 

Сонымен қатар алғашқы қоңырау салта-

натында Қазалы пайдалану вагон депосының 

басшысы,  аудандық  мәслихат  депутаты 

Арғын Орынбаев оқушыларды білім күнімен 

құттықтаған жылы лебізін жеткізді.

***


Қазалы қаласындағы М.Горький атындағы 

№16  мектеп-лицей  де  білім  күнін  ерек-

ше  дайындықпен  қарсы  алды.  Таңертеңмен 

мектеп  ауласына  жиналған  ұстаздар  мен 

оқушылардың  емен-жарқын  амандасуы,  шат 

күлкісі білім ордасына жан бітіргендей болды. 

Мектеп-лицейдің  акт  залында  өткен 

«Білімді  ел  –  Мәңгі  ел»  тақырыбындағы 

алғашқы  қоңырау  салтанатты  жиынын-

да  алдымен  мемлекеттік  Гимн  орындалып, 

Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік 

Туы ортаға әкелінді. Мұнан соң мектеп-лицей 

директоры  Ерлан  Өтепбергенов  құттықтау 

сөз  сөйлеп,  жаңа  оқу  жылында  жетістігіміз 

мол,  алғаш  мектеп  табалдырығын  аттаған 

шәкірттердің қадамы оң болсын деді. 

Әрбір адам үшін өміріндегі ең естен кет-

пес қызықты әрі мазмұнды шақ ол – мектеп 

табалдырығын  алғаш  аттаған  күн.  Аяғын 

имене  басып,  үлкен  ғимараттың  ішіне  ен-

ген  бүлдіршіндерді  жүзінен  мейірім  нұры 

төгілген  ұстаздар  қолынан  ұстап,  жаңа 

өмірдің баспалдағын аттауға жетелейді. 

Биылғы жылы да 1-сыныпқа қабылданған 

шәкірттер  қаз-қатар  тізілген  қалпы  ортаға 

шығып, ата-ана, мектеп, ұстаздар қауымына 

арнаған, мазмұнды тақпақтарын айтты. 

Салтанатты  шараның  ең  әсерлі  кезі 

бүлдіршіндердің қолдарына күміс қоңырауды 

ұстап, оны сыңғырлата соғуы болды. Тамаша 

көрініс  мектеп  оқушыларының  көңілді  биі 

мен әсем әуеніне ұласты. Осындай жайдары 

кейіпте  жиынды  қорытындылаған  ұстаздар 

мен  оқушылар  өз  сынып  бөлмелеріне 

жайғасып, биылғы жылдың алғашқы сабағын 

бастап кетті.



А.ҚАЗМАҒАМБЕТОВА,

Ә.ҚИЯС,

Е.ТАБЫНБАЕВ,

Ұ.ТАЛАПБАЕВА,

«Қазалы» газетінің тілшілері.

БІЛІМ ШАҢЫРАҚТАРЫ ШАТТЫҚ ҚҰШАҒЫНДА

1  ҚЫРКҮЙЕК  –  БІЛІМ  КҮНІ.  БҰЛ  КҮННІҢ  МЕКТЕП  ҰЖЫМДАРЫ,  ШӘКІРТТЕР  МЕН  АТА-АНАЛАР,                                  

ЖАЛПЫ  ЖҰРТШЫЛЫҚ  ҮШІН  МАҢЫЗЫ  ЗОР.  ОҚУШЫЛАР  ПАРТАЛАСТАРЫ  ЖӘНЕ  МҰҒАЛІМДЕРІМЕН 

САҒЫНА  ҚАУЫШАДЫ.  ЖАЗ  БОЙЫ  ТЫНЫШТЫҚ  ҚҰШАҒЫНДА  МҮЛГІГЕН  БІЛІМ  ШАҢЫРАҚТАРЫ 

БАЛАЛАРДЫҢ КҮМІС КҮЛКІСІ МЕН СЫҢҒЫРЛАҒАН ҚОҢЫРАУ ҮНІНЕ БӨЛЕНЕДІ. 

ОСЫНДАЙ  ЕСТЕ  ҚАЛАРЛЫҚ  ШАРАЛАР  ЕЛІМІЗДІҢ  БАРЛЫҚ  АЙМАҚТАРЫНДАҒЫДАЙ  БІЗДІҢ                                              

АУДАНЫМЫЗДА ДА СӘН-САЛТАНАТТЫ ЖАҒДАЙДА ӨТКІЗІЛДІ.


№70 (858) Сенбі, 3 қыркүйек 2016 жыл.

Ә.БӨКЕЙХАНОВ – 150

Қаншама ғасырдан бері біртұтас ел болып қалу үшін қазақ халқы 

күресіп келеді. Бір халықтың маңдайына қаншама көп қайғы-қасірет 

жазылған болса, сондай халықтың бірі қазақ халқы.

Халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған арманы, осы мемлекеттілік 

емес  пе?  Мемлекеттілігі  жоқ  халық  шын  мәнінде  Ә.Бөкейханов 

айтқандай  жетім  халық,  біреудің  жетегінде  кететін  халық.  Өзбек 

халқының  азаттық  тақырыбын  жеткізе  жазған  шығармашылық 

иесі ақын – Абдолла Қадири. Сол Абдолла Қадири мемлекеттілікті 

қараңғы  түнде  алыстан  көрінген  жарыққа  теңейді.  Тура  осындай 

теңеу біздің Бөкейхановта бар. Ол аудармасында (В.Короленкодан) 

азаттықты  «қараңғы  түнде  жарық  көз  алдыңда  елестейді,  арбап, 

жақын болып, жылы, сүйкімді болып» өзіне тартатын отқа теңейді.

Сонымен,  қазақтың  ардақты  перзенті,  «Алаш  Орда»  халық 

Кеңесінің  төрағасы  Әлихан  Нұрмұхамедұлы  Бөкейхановтың  150 

жылдық  мерейтойы  биыл  ЮНЕСКО  аясында  атап  өтіледі.  Алаш 

қозғалысы  серкесін  ұлықтау  үстіміздегі  жылы  осынау  беделді 

халықаралық қатынасуымен өткізілетіні айрықша мақтаныш сезімін 

туғызып отыр.

Алаш қайраткері Әлихан Бөкейхановтың арғы атасы Бөкейханды 

14 жасында Абылайдың ақылшысы, даланың данагөй абызы Қазыбек 

би  мен  шекшек  Нұралы  би  1748  жылы  Самарқанның  билеушісі 

Көкжал Барақтан болашақта Орта жүзге хан сайлау үшін Қаракесек 

еліне алып келген. 

Осылайша  Сарыарқада  өмір  сүрген  Бөкейханды  1815  жылы 

Нұра  бойында  билердің  қолдауымен  хан  сайлады.  Бөкейханның 

бес  әйелінен  жалғыз  ұл  туған  деседі.  Алайда  1830  жылы  орысқа 

қарамаймын  деп  Алатау  жаққа  қоныс  аударған.  1838  жылы  Мер-

ке  мен  Шудың  арасындағы  Қоскөл  деген  жерде  Алаш  ардақтысы 

Әлиханның  әкесі  Нұрмұхамед  туған,  анасы  Бегім  тобықты  Мамай 

батырдың інісі Дулаттың қызы. Қорғаштының Қоскөлі деп аталатын 

бұл жер Керей мен Жәнібектің алғаш қазақ хандығын құрып, тарих 

таңбасына айналдырған әйгілі Қозыбасымен жапсарлас орналасқан. 

Сөйтіп,  хандар  әулетінің  тағы  бір  ұрпағының  кіндік  қаны  қазақ 

хандығының туын тіккен киелі топыраққа тамған деуге негіз бар.

Бөкейхан  ұрпақтарының  Қарқаралыдан  Тоқырауынға  келуінің 

де өзіндік себебі бар. Сол Тоқырауын өзені алқабында 1866 жылы 

5  наурызда  дүниеге  келген  Әлихан  Нұрмұхамедұлы  әуелі  ауыл 

молдасынан  сауат  ашып,  одан  Қарқаралыда  мектеп-интернатта 

оқып  жүргенде  генерал-губернатор  Г.А.Колпаковский  «Омбы  мен 

Қарқаралы арасын 760 шақырым, осы екі араны жүріп өткенде мен 

мінген  арбаның  дөңгелегі  қанша  рет  айналады?»-деп  оқушыларға 

сұрақ  қояды.  Көп  ойланбастан  Әлекең  бәріне  дұрыс  жауап  беріп, 

генерал-губернатор  назарына  ілініп,  1886  жылы  20-ға  толған 

Әлихан  Омбының  техникалық  училищесіне  қабылданады.  Ата-

тегін  Бөкейханов  деп  жазуға  қол  жеткізіп,  1890  жылы  Санкт-

Петербургтегі  орман  институтына  түседі.  1894  жылы  бітіргеннен 

кейін  экономист  мамандығын  алып,  1896  жылы  әйгілі  земстволық 

статист  Ф.А.Щербина  экспедициясына  қатысып,  Ақмола,  Семей, 

Торғай облыстарында болады.

Мұның  бәрі  патша  үкіметінің  жер  саясатын  терең  зерттеп, 

білуіне  ықпал  етті.  Сол  саясат  салдарынан  орын  алып  жатқан 

қазақтың отарлық тыныс-тіршілігіндегі жағдайларды баспасөзде жа-

зып, «Россия біздің отанымыздың толық географиялық сипаттама-

сы» атты көп томдық еңбектің қазақ даласына арналған 1903 жылы 

шыққан ХVІІІ томы авторларының бірі болды.

1901 жылы Әлиханның әкесі Нұрмұхамед 62 жасында дүние сал-

ды.  Сол  жылы  Сібірге  қоныс  аударған  Яков  Себостяновтың  қызы 

Еленамен  шаңырақ  құрады.  1903  жылы  жас  отауда  тұңғыштары 

Зейнеп  дүниеге  келеді.  1903  жылы  Әлекең  Сібір  теміржолы 

бойындағы  Челябі  мен  Том  қалалары  аралығындағы  С.П.Швецов 

жетекшілік  ететін  экономикалық  экспедицияға  да  экономист-

статист ретінде қатысады. Сәтімен аяқталған экспедиция Әлекеңнің 

экономикалық  көзқарасын  қалыптастырып,  «Далалық  аймақтағы 

қой  шаруашылығы»  атты  әйгілі  монографиясын  жазуға  жол  аша-

ды. Осы екі экспедицияда да ол аса білімді сарапшы ретінде таны-

лып,  қазақ  даласында  экономика  ғылымының  қалыптасуына  негіз 

салып,  бүгінгі  күннің  басты  бағдарына  айналып  отырған  ауыл  ко-

операциясын құруды «Степной поселоктар» (аграрлы қалашықтар) 

сол кезеңнің өзінде басты проблема ретінде көрсетіп берген. Қазақ 

даласынан май өндіретін артельдер ашу туралы ұсыныстар жасаған.

Ұлы  Абайдың  өмірбаянын,  ақындығын  жазған  да,  Абай 

өлеңдерін  жинақтап,  баспадан  шығарттырған  да,  Абай  өмірден 

өткенде «Семипалатинский листок» газетінде қазанама жариялаған 

да  Әлекең  болған.  Әлекең  Самарада  жүріп,  қазақтың  азаттық 

күрескері Кенесарының серігі, батыр қолбасшыларының бірі болған 

өзінің  жерлесі  Ағыбай  Қоңырбайұлы  туралы  «Қызыл  қайрат  тек 

тұрмас» деген кітапты 1914 жылы қазақ баспасынан шығартқан де-

ген дерек те бар. 

Әлихан  1905  жылы  17  қазан  манифесіне  қатысып,  патша 

әкімшілігінің  әрекеттерін  әшкереледі.  Осы  үшін  түрмеге  жабы-

лып,  1906  жылы  30  сәуірде  босатылып  маусым  айында  Семейде 

өткен  жиналыста  оны  Мемлекеттік  думаға  депутат  етіп  сайлайды. 

І Мемлекеттік думаны император «Қоғамға тыныштық әкелудің ор-

нына аласапырандықты тұтатып отыр» деген желеумен 1906 жылы 

8 шілдеде арнайы манифест шығарып, тарқатып жібереді. Оларды 

Думадағы мұсылмандар фракциясы да қолдайды. «Халыққа халық 

өкілдерінен»  деп  аталатын,  ел  тұрғындарын  түрлі  салықтардан 

бас  тарту  жолымен  үкіметке  қарсы  күресуге  шақырған  Үндеу 

қабылданды.

Осы  «Выборг  үндеуіне»  қатысқаны  үшін  Ә.Бөкейханов  ІІ 

Мемлекеттік думаға (1907 жыл 3 ақпан) қатыса алмады, оны Семей 

абақтысына  жапты.  Одан  босағаннан  кейін,  1909  жылы  Самарада, 

сондағы Дондағы егіншілік банк бөлімшесінде жұмыс істеді.

Сол  жылдарда  Бөкейханов  «Қазақтар»  (1910  ж)  атты  еңбек 

жазды. Бұл еңбегінде ол қазақтар тұратын Түркістан өлкелері мен 

Астрахань  губерниясының  ұлттық  құрамына  демографиялық  тал-

дау жүргізе келіп, таза көшпенді мал шаруашылығын егіншілік пен 

малшылық шаруашылық алмастыра бастағанын нақты цифрлармен 

дәлелдеді. «4,5 млн. қазақ халқын сайлау құқықтарынан айырғанын» 

айта келе, қазақтың жер-суын зорлықпен тартып алғанын ашына жа-

зады.


Самарада тұрған жылдарда Әлихан Бөкейханов Орынборда 1913 

жылы жарық көре бастаған «Қазақ» газетін шығаруда А.Байтұрсынов 

М.Дулатовпен бірге рухани демеу көрсетіп, жетекшілік жасады.

Ә.Бөкейханов ұлт тәуелсіздігі жолындағы ықпалы тиетін барлық 

мүмкіндікті  пайдаланып,  1905  жылы  ұлттық  автономия  хатшысын 

тақтан түсіру, конституциялық монархия орнату, бұратана ұлттарға 

–  нәсіліне,  дініне  қарамастан  азаттық  беру  өзінің  даму  жолын 

анықтауға ерік беру мәселесін Кадет партиясында көтерді. Міне, осы 

партияға Әлекең де кірді. Бұл мақсатқа жету жолында бауырлас түркі 

халықтары Ресей мұсылмандарының бірінші Құрылтайы 1917 жылы 

1-16 мамыр аралығында Мәскеу қаласында өтті. Бұған Ә.Бөкейханов 

Х.Досмұхамедов  пен  Ж.Досмұхамедов  тағы  басқалары  қатысты. 

Осы Құрылтайда Керенский: «Түркістан мен дала облыстары Тула 

немесе  Тамбов  облыстары  емес.  Ағылшындар  немесе  француздар 

өздерінің отарларына қалай қараса бізде оларға (яғни қазақтарға) со-

лай қарауымыз керек», – деп мәлімдеме жасағаннан кейін Әлихан 

Бөкейханов ресми түрде Кадет партиясынан шықты.

Өйткені бұл кезде қазақ арасында дербес партия құру мәселесі 

толық пісіп жетілген еді. Ә.Бөкейханов өзінің бұл шешімінде: «Ка-

дет  партиясының  мақсаты  –  ұлттық  автономия  жариялауға  қарсы 

болғандықтан  да,  Алаш  идеясына  сәйкес  келмегендіктен  де  оның 

құрамынан шығамын», – деді.

Міне,  бұл  кез-келген  саясаткер  ұстанатын  күрес  тәсілі. 

Ә.Бөкейханов Алаштың азаттығына қол жеткізу үшін барлық саяси 

әдіс-тәсілден бас тартқан жоқ.

Мұстафа  Шоқайдың  саяси  өмірге  белсенді  араласуына 

Ә.Бөкейхановтың ықпалы болды. Өйткені оның Мұстафадан 20 жас 

үлкендігі болатын. 

М.Шоқай Санкт-Петербург университетінің студенті кезінде 1914 

жылы  мемлекеттік  дума  жанындағы  мұсылмандар  фракциясының 

жауапты қызметіне тартылады. Бұл Ә.Бөкейхановтың ұсынысымен 

қабылданған шешім болатын.

1917  жылы  ақпан  революциясы  нәтижесінде  патша  биліктен 

кетіп, уақытша үкіметті ауыстырғанда Ә.Бөкейханов Минскіде Ба-

тыс  майдан  штабы  жанынан  бұратаналар  комитетін  басқарып 

жүрген.  Наурыз  айында  уақытша  үкімет  шешімімен  Торғай 

облысының  комиссары  болып  бекітілгенде  Әлекең  Минскідегі 

жұмысын М.Шоқайға тапсырды. 1917 жылы желтоқсанда Орынбор 

қаласында өткен екінші жалпы қазақ съезі Алаш автономиясын құру 

жөнінде шешім қабылдап, Алашорда үкіметін сайлады. Съезге Қоқан 

қаласында Түркістан халықтарының ІV Құрылтайын өткізіп, кешігіп 

келген М.Шоқай Алашорда үкіметінің мүшесі болып бекітілді. Бұл 

шешімнің де Әлекеңнің тікелей араласуымен қабылданғаны белгілі.

1918  жылдың  27  қыркүйегінде  Әлекеңнің  анасы  Бегім  ханым 

қайтыс болды.Әлекең анасын жерлеуге қатыса алмады. 1921 жылы 

М.Шоқай  Батысқа  саяси  эмигрант  ретінде  аттанды.  Сөйтіп,  оның 

өмірінде жаңа кезең басталды. Ә.Бөкейханов болса, 1922 жылдан ба-

стап Мәскеуде тұрды. Қалған өмірінде ол белсенді саяси қызметтен 

біржолата ығыстырылған еді. 

Ә.Бөкейханов ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезінде 

Жалпыресейлік және Қазақ азаттық қозғалыстарының өзара тоғысқан 

саяси  өміріне  араласып,  қалыптасқан  тұлға.  Осыған  байланысты 

оның көзқарасының ұстанымында осы екі ағымның бірдей жатқанын 

байқауға  болады.  Бөкейханов  өмір  бойы  осы  екі  мәдениеттен  қол 

үзбеді, сондай-ақ өмірінің басым бөлігі, кемел шағында орыс орта-

сында өмір сүруге мәжбүр болды. Оның тағдыры солай қалыптасты. 

Дегенмен  Әлихан  Нұрмұхамедұлы  қазақ  елінің  ұлттық  мүддесін 

әрқашан  бұлжытпай  жоғары  ұстауға  тырысты.  Содан  да  болар,  ол 

қазақ ұлтының өзін-өзі билеу мәселесін анықтау ісінде берік ұлттық 

мемлекеттік  ұстанымда  тұрды.  Әлекеңнің  түсінігінше,  ұлттық 

мемлекеттік құрылымды заман талабына лайықты қайта жаңғырту 

арқылы ғана өз құндылықтарыңды сақтай аласың. Сондай-ақ, ұлттық 

мемлекеттік – әлемдік ең озық жетістіктер мен үлгілерге ашылған 

есік.


1921 жылы жан жары Елена Семейде қаза болғаннан кейін Әлекең 

туған  жері  Желтауға  келіп,1922  жылдың  күзінде  Ә.Бөкейханов 

жағдайдың  күрделенгендігін  әріден  сезіп,  елдің  игі  жақсыларын, 

ауыл  ақсақалдарын  және  өз  туғандарын  жинап,  төніп  келе  жатқан 

қауіп-қатерден  сақтанудың  амалдарын  айтып,  болашақта  не  істеу 

керектігін  жұрттың  назарына  салды.  Әлекеңнің  ақыл-кеңестерін 

бірден  қабыл  алған  жерлестері  Тоқыраулы  өзенінің  бойында  егін 

егіп, өзен арнасында су диірмен орнатады. Сондай-ақ мектеп ашып, 

тауар  әкеліп  сауда-саттықпен,  кәсіпкерлікпен  шұғылдануды  қолға 

ала бастаған.

Әлекеңнің туған жеріне жасаған айрықша еңбегі 1928 жылы Пе-

тербургте  жүргенінде  болашақ  ғұлама  ғалым  Әлкей  Марғұланды 

өз  тәрбиесіне  алғандығы.  Балалық  шағынан  бастап,  тарихи 

ескерткіштерге зейіні ауған Әлекең өзі туған өлкенің археологиялық 

ескерткіштерін  зерттеу  туралы  өзінің  шәкірті  Әлкей  Марғұланға 

жан-жақты  мағлұматтар  берді.  Соның  нәтижесінде  Әлкейдің 

жетекшілігімен 1947 жылдары ОҚАЭ-ның ең алғашқы зерттеулерін 

Беғазыдан  бастауына  Әлиханның  бағыт-бағдар  беріп,  ақыл-кеңес 

айтқандығы  көңілге  сенім  ұялатады.  Ә.Бөкейханов  қазақ  өмірін 

өзгерту ісінде өмірінің соңына дейін оптимист күйінде қалды. Халық 

тұрмысындағы  кемшіліктерге  ол  ақыл  мен  еңбек  арқылы  жеңуге 

болатын  өткінші  құбылыс  ретінде  қарады.  Қиын-қыстау  заманда 

халқына болысып жол көрсеткен, көш бастаушы, ұстаз дәрежесіне 

жеткен Әлихан Бөкейхановтың өзі де, ісі де әрқашанда туған елмен 

бірге жасай беретін болады. 



  1   2   3   4


©emirb.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал