7 сарыарқа самалы қайталанбас тұлға Биыл 13 тамызда есімі өңіріміз түгілі бүкіл елімізге



жүктеу 68.53 Kb.
Pdf просмотр
Дата08.09.2017
өлшемі68.53 Kb.

10 тамыз, бейсенбі, 2017 жыл

ТАҒЗЫМ


7

САРЫАРҚА САМАЛЫ

Қайталанбас тұлға 

Биыл  13  тамызда  есімі  өңіріміз  түгілі  бүкіл  елімізге 

мәлім  белгілі  шежіреші,  ғалым,  профессор    Тілеукен 

Ахметұлы Еңсебаев ортамызда болса, 70 жыл мерей-

тойын  өз  туыстары,  достары,  әріптестері,  шәкірттері, 

оқырмандарымен бірге қарсы алатын еді. Өкінішке орай, 

ардақты ағамыздың мезгілсіз дүниеден озуы біз үшін 

ауыр соққы болды. Қазір ойласам, Тілеукен ағамызбен 

бірлесіп жұмыс істеген уақыт, кеңесіп, деректерді талқылап 

сұхбат құрған сәттер өз алдына қызықты кезең болған 

екен-ау...

Асылы, «Алмастыруға болмайтын 

адам жоқ» - деген сөздер біздің 

санамызда бұлжымас ақиқаттай 

шегеленген. Өткен ғасырдың орта-

сында Пабло Пикассо осы бір 

пікірді: «Алмастыруға болмайтын 

адам жоқ, бірақ қайталанбайтын 

тұлғалар бар», - деп өзгерткен 

екен. Шынында да, жұмыр басты 

пенденің соңғы демі таусылуымен 

бұл дүние мәңгілік жолынан бір 

ауытқымайды да, тоқтамайды да, 

бұрынғыдай  жылдар  ауысады, 

бірінің орнын бірі басады. Ондаған 

жылдар, тіпті одан да көп уақыт 

өтер,  бірақ  бақиға  аттанған 

ізденімпаз  талантты  маманның 

орнына лайықты ізбасары келері 

даусыз.  Дегенмен, сол ізбасардың 

өзі алдыңғының жолын қайталай 

алмасы  анық.  Бұл,  әсіресе, 

ғылыми  салада  жиі  кездесетін  

құбылыс.


Мұндай ғылыми тұжырымдама 

жасауыма орны ойсырап тұрған 

ағаларымыздың бірі де бірегейі 

Тілеукен Ахметұлы Еңсебаев туралы 

ойлар жетелегені рас. 

Жалпы,  Тілеукен  ағамыз 

энергетика  саласы  бойынша 

бірнеше ғылыми еңбек жазып, 

техника ғылымдарының кандидаты 

атанғанымен, ол кісінің өлкетану 

іліміне деген қызығушылығы зор 

болды, соның нәтижесі ме, Ертіс-

Баян  өңірінің тарихы мен гене-

алогиясы бойынша үш жүзге жуық 

ғылыми-танымдық еңбек жазып 

қалдырды. 

Бүгінде  өлкетану  іліміне 

жан-тәнімен берілген, атақ пен 

даңқ іздемей, риясыз адал қызмет 

еткен осы бір айрықша тұлғалы 

адамның  ізін  басушы  бар  деп 

айта алмаймын. Шындап келгенде, 

ғылыми пән ретінде - өлкетану 

- кіші отанымыздың тарихының 

көпке белгісіз жаңа парақтарын 

ашып, адамның рухани дүниесін 

байытады. Біз өткенімізді, тарихы-

мызды, түп-тамырымызды білгенде 

ғана «ұшарын жел, қонарын сай 

білетін қаңбақтың» күнін кешпейміз. 

Алға қарыштап қадам басқан жаңа 

заманда өзімізді «әлем азаматы» 

деп атағанымызбен, жүрегіміздің 

түкпірінде, санамыздың қатпарында 

біз тарих көшінен өзімізді тауып, 

осы тарих салқарындағы мәнімізді 

түсініп,  тарихи  жадымызды 

сақтағымыз келеді. 

Өзіндік 

ұлттық 


мәдени-

генетикалық кодты сақтау ұлттың 

қоғамдық санасын жаңғыртудың 

маңызды шарттарының бірі болып 

табылады. Осы шынайы пікірді 

ұстанған көптеген ғалым-тарихшылар 

мен қоғам қайраткерлері Кеңес 

өкіметі кезінде «ұлтшылдар» аталып, 

қуғын-сүргінге ұшырады. 

Осындай тағдыр талқысының 

суықтығын профессор Еңсебаев 

та бастан кешірді. Ғалымның бар 

«кінәсі»  -  Павлодар-Ертіс  өңірі 

жергілікті  халқының  тарихын, 

мәдениетін, тілі мен тұрмысын  

кешенді зерттеуде еді. 

Зерттеушінің  еңбектерінде 

дәлелденген  ғылыми  деректер 

бір-бірден жиналып келіп, туған 

өлкенің айшықты суретіне айналды. 

Профессорға «жергілікті ертекші» 

деген кінә тағып, «тырнақ астынан 

кір іздегендер» ғалым еңбектерінде 

келтірілген  деректерге  күмән 

келтірумен болды. Алайда ғылыми-

тәжірибелік әдіс-тәсілдермен жетік 

қаруланған білікті зерттеуші Тілеукен 

аға өзінің кітабында немесе кез 

келген мақаласында келтірілген 

әрбір деректің ғылыми негіздемесін 

дәлелдеп, 

қарсыластарына 

бұлтартпас  дәйектерін  ұсынып 

отырды.  

Ол өзі терең зерттеген өлкетану 

мәселелері туралы сөз болғанда 

тіс қаққан айтыскерге айналушы 

еді.  Зиялы  профессор  пікір-

таласқа  түскенде  сабырлылық 

пен ақылдылық танытып, бірақ 

қарсыласы шектен шығып бара 

жатса,  өткір  тілімен  түйреп  те 

алатын. Алайда өзі ғылыми пікір-

таластарда  ешқашан қызбалыққа 

салынбайтын, 

тұрпайылыққа 

көбінесе қарсыластары барушы 

еді.  Рулар  шежіресі  бойынша 

ғылыми-зерттеу  жұмыстарымен 

айналыса  бастағанда,  Тілеукен 

Ахметұлына небір айыптар тағылды. 

Кейбіреулер ғалымды конъюктурлік 

пен популизмге салынды деп кінә 

тақса, кейбірі ғалымның әр түрлі 

рулардың шежіресін зерттеуінен 

рулық  трайбализмді  көрді.  Ал, 

профессор болса, жалақорларға 

көп назар аудармастан,  көнекөз 

қариялармен кездесіп, өзіне қажетті 

мәліметтерді жинай берді. Көпті 

көрген  ақсақалдар  ғалымның 

риясыз  қызығушылығын  көріп, 

өткеннің қызықты тарихы туралы 

қордаланған білім-танымдарымен 

бөлісті. 

Әрине, бір өкініштісі, Павлодар-

Ертіс өңірі руларының шежіресін  

жатқа білген сол көнекөз қариялар 

да, профессор Еңсебаев та бұл 

дүниеден өтіп кетті. Бірақ өз ісіне 

берілген дарынды өлкетанушының 

қажырлы еңбегінің арқасында біз, 

әр түрлі рудан шыққан Ертіс-Баян 

қазақтары, жеті атамызды, тіпті 

одан да әріге кеткен тамырымызды 

таныдық. Бірақ біз жеті атамызды 

білгеннен, өлкетанушы ғалымның 

қарсыластары 

болжағандай, 

рушылдықпен, жікшілдікпен «ауырып 

қалған» жоқпыз. 

Шежіре – қазақтар үшін көшпелі 

өркениеттің ерекше бір құбылысы 

ретінде  айрықша  мәнге  ие. 

Қазіргі уақытта көптеген қазақтар 

өз  руының  шежіресін  зерттеп, 

түп-тамырын білуге қызығушылық 

танытып жүр. Белгілі бір рудың 

шежіресі сипатталған көп томдық 

кітаптар да жарияланып үлгерді. 

Бірақ  бұған  біз  оңай  жолмен 

келген жоқпыз. Ғалым шежірені 

ғылыми негізде зерттеуді отандық 

тарихнаманың ақтаңдақ беттерін 

қайта жазумен байланыстырды. 

Зерттеушінің: «Ежелгі дәстүр 

бойынша әр қазақ өзінің жеті 

атасын білуі шарт. «Жеті атасын 

білмеген жетесіз» деген қазақ 

мақалы осыны дәлелдейді», - 

деп жазуы көкейге қонымды, 

санаға сіңімді ой еді. 

Мен С.Торайғыров атындағы 

Павлодар 

мемлекеттік 

университетінің 

ғылыми 

жұмыс  және  халықаралық 



ынтымақтастық 

жөніндегі 

проректоры  болып  қызмет 

атқарғанда «2001-2003 жж. 

Павлодар-Ертіс 

өңірінің 

этномәдени зерттеулері» атты 

бағдарлама бойынша жұмыс 

барысында Тілеукен Ахметұлын 

жақынырақ, 

тереңірек 

таныдым. Зерттеушінің ғылыми 

жан-жақтылығы, көрегендігі, ой 

кеңдігі, ғылымның әр саласы 

бойынша  білім  тереңдігі, 

сондай-ақ,  өмірдің  ыстық-

суығынан өтіп, көпті көрген 

адамға тән қарапайымдылығы 

маған ұмытылмастай әсер етті. 

Тілеукен 

Ахметұлы 

үшін  ғалым  және  қоғам 

қайраткері, облыстық «Қазақ 

тілі»  қоғамын  басқарған  Жеңіс 

Марданұлы Мардановпен кездесу 

тағдырындағы шешуші сәттердің 

бірі болған сияқты. Техникалық 

ғылымдардың кандидаты Жеңіс 

Марданов (Тілеке) табиғатынан 

дарынды публицист, өлкетанушы 

ғалым, өңірлік журналистиканың 

көкжиегіндегі  жарық  жұлдыз 

(өкінішке  қарай,  өмірден  ерте 

өткен)  «Дауа»  газетінің  негізін 

қалаушы азамат ретінде білеміз. 

Тілеукен Еңсебаев пен Амантай 

Қалиев Жеңіс Мардановтың ең 

жақын пікірлес қолдаушыларына 

айналды.  

Профессор 

Еңсебаевтың 

Павлодар  облысы  мен  Ертіс 

өңірінің  тарихы,  топонимикасы 

туралы кітаптары әрі мазмұнды, 

әрі қызықты жазылған... Тілеукен 

Ахметұлы тарихи шындықты өз 

оқырманына еш боямасыз, егжей-

тегжейлі жеткізуге ұмтылысымен 

ерекшеленеді.  Оның  ғылыми 

мұрасының  ішінде  қыпшақтану 

тақырыбы ойып тұрып орын алады. 

«Еуразия қыпшақтарының тарихы: 

ортағасырлық қыпшақтар тарихының 

очерктері», «Орта ғасыр дәуіріндегі 

қыпшақтардың әскери өнері» атты 

кітаптарында профессор Еңсебаев 

өңірлік зерттеу шеңберінен шығып, 

еуразиялық кеңістікке құлаш ұрады. 

Себебі  қыпшақтар  Еуразияның 

ен бөлігін жайлаған қуатты тайпа 

болған, олардың қаны көптеген 

түркі халықтарының бойында бар. 

Профессордың қыпшақтану мен 

қазақ шежіресі бойынша дәрістерін 

университеттің тарих факультетінің 

студенттері 

тағатсыздана  

күтетін. 

Тілеукен Ахметұлы бір рудың 

шежіресін зерттеу арқылы Алтайдан 

бастау  алып,  бүкіл  Еуразия 

кеңістігін жайлаған барлық түркітілді 

халықтардың  ортақ  шежіресін 

зерттеуге ауысты. Кейінірек оның 

шәкірттері, жас тарихшы ғалымдар 

жазғандай, «пісіп жетілген ойлары 

мен идеялары түркология, этно-

генез, өлкетануда жаңа сөз болуы 

мүмкін еді. Бірақ тағдыр дегенін 

істеді: профессор ауыр сырқатқа 

шалдықты,  алайда 

соңғы деміне дейін 

жазуын тоқтатпады, 

қолда бар мол мате-

риалдарын жүйелеп, 

шежіренің 

жаңа 

томдарын  баспаға 



дайындады...».

Тілеукен Ахметұлы 

жастармен  жұмыс 

істеуді 


ұнататын, 

олардың 


ұшқыр 

ойларының  дұрыс 

бағытталып, ашылуына, 

қанаттануына көмек 

қолын 

ұсынатын 



және бұдан айрықша 

ләззат  алатын-ды. 

Мұның нақты дәлелі 

ретінде 


ғалым-

ұстаз  шәкірттерінің 

естелігінен үзінді келтірсек болады: 

«Шынында,  Тілеукен  Ахметұлы 

студенттермен, жалпы жастармен 

жұмыс  істеуге  ерекше  ықылас 

білдіріп, қазақ тарихын зерттеудің 

келешектегі келесі кезеңі оларға 

тиесілі екеніне шүбә келтірмей, 

түсіністікпен  қарайтын.  Ол  қай 

жаспен болса да әуелгі қарым-

қатынасты оның руын анықтаудан 

және елге, жерге деген шынайы 

қалпын  сездіретін  азаматтық 

ұстанымын айқындаудан бастайтын.

Жалпы, профессор Еңсебаевтың 

соңында оны ризашылықпен еске 

алушы шынайы шәкірттері мен 

үзеңгілес 

дос-жарандарынан 

өзге  қыруар  еңбектері  қалды. 

«Жақсының аты өлмейді, ғалымның 

хаты  өлмейді»  деген  даналық 

тегін айтылмаса керек. Нақтылай 

айтқанда, Тілеукен Ахметұлының 

генеалогия  саласы    бойынша 

жинаған зерттеу материалдары 

қалың  папкаларды  құрап  қана 

қоймай, құндылығын да өсіргені 

даусыз.


Т.Еңсебаев - 6 кітап, тарих, этно-

графия, өлкетану тақырыптарына 

арналған  200-ден  аса  мақала, 

журнал-газеттер  мен  ғылыми 

жинақтарда 

жарық 


көрген 

50-ге жуық мақаланың авторы. 

Сонымен қатар ол 20 оқу құралын,  

20 ғылыми-есеп кітабын құрас-

тырып  шығарды.  Оның  редак-

циялауымен 7 кітап пен мақала 

жинақтары жарық көрді. Соның 

бірі – «Баянаула перзенттері» атты 

жинақтың 2-ші кітабы сол өңірдің 

шежіресіне арналған болатын. Негізгі 

ойы – Мәшһүр Жүсіп бабамыздың 

жазған Сүйіндік шежіресінің жалғасы 

ретінде бүгінгі ұрпақтарын көрсету 

болды. Мұны Тілеукен аға екеуіміз                         

8 жылға жуық бірге дайындап, 

2010 жылы  шығардық.

Тілеукен Ахметұлы Еңсебаев 

әртүрлі жылдары «Дауа», «Ертіс 

дидары», «Руханият» газеттерінің, 

«Ученые записки ПГУ», «Өлкетану-

Краеведение»  журналдарының 

редколлегия мүшесі болды. Ғалым 

көп іс тындырды, мән-мағыналы 

өмір сүрді... Әттең, өмірінің соңғы 

жылдарындағы  сол  бір  ауыр 

сырқат  болмаса,  әлі  де  талай 

құнды  дүниелерді  әкелер  еді. 

Менің әріптес, пікірлес ретіндегі 

шексіз құрметімнің белгісі – Тілеукен 

Ахметұлының  басына  құлпытас 

орнатуым болды... 

Ғалымның 70 жылдық мерей-

тойына  орай  біздің  институт 

профессор 

Т.А.Еңсебаевтың 

7  томнан  тұратын  еңбектерін 

жаңалап шығарып, 20-шы қыркүйек 

күні ғылыми дөңгелек үстел өту 

барысында  осы  еңбектер  елге 

ұсынылмақшы. Сөйтіп, ағамыздың 

70 жылдық мерейтойын еске алу 

кеші ретінде  өткізбекшіміз. Бұл 

іс-шаралар да өз уақытынан озып 

туған айрықша тұлғаға деген біздің 

ілтипатымыз деп білеміз.

Негізінде, бұл – тек ғылымның 

соны жолына бірінші болып түскен 

нағыз ғалымдарға ғана тән асыл 

қасиет.  Тілеукен  аға  ғылымға 

бар  ынта-зейіні,  жан-тәнімен 

берілгенімен, тілі өткір, шешен,   

ақжарқын адам еді. Тілеукен ағаны 

білген, онымен жолдас, ниеттес, 

қызметтес  болған  адамдардың 

жадында оның жарқын бейнесі 

мәңгі сақталады.

Еліміздің 

дамуы 


үшін, 

Қазақстанды  әлем  танитындай 

бәсекеге қабілетті ел болу үшін 

бүгінгі жас ұрпақ білімді болуы 

білімнің  шыңына,  өркениеттің 

өрісіне ұмтылған қазіргі заманның 

басты талабы десек болғандай. 

Тәуелсіз елдің тілегі – бейбітшілік, 

тыныштық, ал келешегі – білімді 

ұрпақ. Ендеше, ұлттың болашағы 

ұстаздардың  қолында  десем, 

қателеспеймін.  Тек  қана  ұстаз 

деген ұлағатты атауды ел болып 

биік бағалау керек. Елбасымыз: 

«Біз  білім-ғылым  саласында 

бәсекеге қабілетті болмасақ, өз 

мақсатымызға  жете  алмаймыз. 

Барлығы мектептен, ал Қазақстан 

үшін ауыл мектебінен басталады», -  

деген  болатын.  Осы  бағытта 

жан-тәнімен беріліп,  еліне өмір 

бойы адал қызмет істеп, мыңнан 

аса белсенді шәкірт тәрбиелеген  

Тілеукен ағамыздың ұстаздық жолы 

жас  әріптестеріне  әрқашан  да 

үлгі-өнеге болатынына сенімдімін. 

Ағамыздың  отбасына  тек  қана 

жақсылық, жеңгемізге ұзақ ғұмыр 

тілеймін! 

Алтынбек Нухұлы, 

ПМПИ ректоры,

химия ғылымдарының 

докторы, Халықаралық инже-

нерлер академиясының 

академигі, Қазақстан 

журналистер 

одағының мүшесі.

...

Рулар шежіресі 



бойынша ғылыми-

зерттеу 


жұмыстарымен 

айналыса 

бастағанда, Тілеукен 

Ахметұлына небір 

айыптар тағылды. 

Кейбіреулер ғалымды 

конъюктурлік 

пен популизмге 

салынды деп кінә 

тақса, кейбірі 

ғалымның әр түрлі 

рулардың шежіресін 

зерттеуінен рулық 

трайбализмді көрді



...

,,

Каталог: doc
doc -> «Шығыс Қазақстан облыстық балалар және жасөспірімдер кітапханасы» кмм ақпараттық–библиографиялық бөлімше
doc -> Анықтамалық библиографиялық аппаратының негізінде жүргізілді
doc -> Хабаршы вестник
doc -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі ы. Алтынсарин атындағЫ Ұлттық білім беру академиясы
doc -> №1 (16) 2010 Халел Досмұхамедов атындағы
doc -> Социально-экономическая история
doc -> ҚҰРметті конференция қонақтары мен қатысушылары!

жүктеу 68.53 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет