№7 (879) маусым 2012 жыл


Жуырда университетіміздің «Салауатты өмір салты» жаршысының тілшілер



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет9/10
Дата11.01.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Жуырда университетіміздің «Салауатты өмір салты» жаршысының тілшілер 

қосынына белгілі  спорт ардагері , қаламы қарымды журналист Әбубәкіров Асқар 

Халиоллаұлы  ағамыз  келіп,  студент  жастармен  сұхбаттасты.  Асқар  аға  -  БҚО 

Қаратөбе ауданы Егіндікөл ауылында 1942 жылы 3 маусымда дүниеге келген еліне 

адал қызмет еткен нар тұлғалардың бірі. Байтақ жыраудың бесінші ұрпағы Асқар 

Халиоллаұлы жастайынан жетім қалып, апа-жездесінің қолында тәрбиеленген. 

Ұстаздар отбасында тәрбиеленген ол  1950-60 жылдары Қаратөбе орта мектебінде 

білім алып, өзінің зеректігі мен алғырлығы, спортқа деген құлшынысымен ерекше 

көзге түседі. Өмір жолында биік шыңдардан көрінген Асқар аға мерейлі 70 жасқа 

келді. Осынау мерейтой иесін біз де құттықтап, тағылымы мол, өнегелі өмір жолын 

үлгі ету мақсатында әңгімеге тартқан едік. 

-  Сәлеметсізбе, Асқар Халиоллаұлы, Сіздің салауатты 

өмір салтын ұстанып, спорт саласын таңдауыңыздың ба-

сты себебі неде?

- Менің спортқа қызығушылығым  ең алғаш мектеп кезінен 

басталған болатын.  Ұмытпасам, 3 сыныпта оқып жүрген кезімде 

өзімнен бір жас үлкен баладан таяқ жеппін. Оны жеңуге әлім 

келмеді.  Сөйтіп,  таңертеңгісін  жүгіріп,  жаттығулар  жасап,  ол 

баланы жеңуге тырыстым. Содан менің спортқа деген ынтам, 

талпынысым ояна бастады. 7-8 сыныпта оқып жүрген кезімде 

жеңіл  атлетикадан  және  штангыдан  жарыстарға  қатысып 

жеңіске жеттім. Сол кездегі ең алғаш алған сыйлығым - спорт 

киімі. Ол сыйлықтың орны мен үшін ерекше. Ата- анам спорт-

пен  айналысып,  спортшы  болуыма  қарсылық  білдіргенмен, 

менің оқуға түсіп білім алуыма оң баталарын берді. Он жылдық 

мектепті  бітіргеннен  кейін    Алматы  қаласына  оқуға  бардым. 

Алайда, сол жылдары  барлық жағынан жақсы болсам да, орыс 

тілін  шамалы  меңгеруіме  байланысты  оқуға  түсе  алмадым. 

Үшінші жылы қайтадан тапсыруға барғанымда, үш жыл бойы 

комиссия мүшесі болған бір жігіт «Орал облысының жігіттері 

айтқандарынан қайтпайтын  батыр Махамбет пен Исатайдай 

болып келеді» деп, мені бірден қабылдап, оқуға түсу мүмкіндігі 

туды, яғни, мені Исатай, Махамбет бабалар аруағы қолдады.  

Содан,  қазіргі  ҚазМУ-дің  дене  шынықтыру  мамандығын  бір 

жыл ішінде меңгеріп шықтым. Кейін, Кеңес армиясы қатарында 

азаматтық борышымды атқарып, 1967 жылы Мари Автономиялық 

Республикасының Оршанка педагогикалық училищесіне оқуға 

түсіп, 1969 жылы елге оралдым.

- Сіздің шәкірт тәрбиелеудегі ұлағатты еңбек жолыңыз 

қалай басталды?

- Алғашқы ұстаздық жолымды Шыңғырлау ауданы Белогор 

ауылы Алмаз орта мектебінде дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі 

болып  бастадым.  «Қайрат»  спорт  қоғамының  төрағалығына 

сайланып,  20  жылдан  артық  уақыт  Алмаз  орта  мектебінің 

кәсіподақ  ұйымының  мүшесі  болдым.  Ұстаздық  жолымда 

бірнеше ондаған разрядты спортшылар тәрбиеледім. «Тұрғын 

үй - 91» бағдарламасын жүзеге асыру жолында мұғалімдер бри-

гадасын жасақтап, өзім солардың жетекшісі болып, ұстаздарға 

үй салу бағдарламасын жүзеге асыруда еңбек еттім. 20 жылдан 

Непутёвые заметки студентки 

ЗКГУ им.м.Утемисова о Европе!

Уважаемый читатель, хочется начать свой рассказ о пу-

тешествии по Европе с того, что имеено благодаря междуна-

родным связям нашего университета с зарубежными странами 

это турне состоялось, хочется отдельно сказать СПАСИБО 

каждому сотруднику, который был вовлечен в деятельность 

под названием «Акадимическая мобильность». Итак, наше 

17-дневное  путешествие  берёт  начало  с  Польши,  а  имен-

но  -  города  Быдгощ.  Это  замечательный  город,  с  милыми 

и вежливыми жителями. В Быдгоще мы в целом провели 6 

дней, из них 4  дня были направлены на повышение уровня 

знаний о профессии педагога. Польские преподователи ин-

ститута приготовили для студентов и преподователей ЗКГУ 

педагогические семинары. Это были увлекательные  и очень 

познавательные семинары.

После Быдгоща мы поехали в столицу Германии - Берлин.

Незабываемый  город  и  страна...  Огромный  мегаполис,  с 

несчитанным  колличеством  высоких  красивых  зданий... 

Готическая  архитектура  так  и  завораживала  меня.  Надо 

отметить,  что в Германии мы также поситили г.Гамбург.  Он 

немного меньше Берлина,но тоже несомненно имеет свои 

достопримечательности.

Далее был Люксембург. Это удивительное княжество,оно 

так мало,но при этом Люксембург одна из самых развитых 

стран  Европы...  Удивительно,но  только  ступив  на  землю 

княжскую, чувствуешь запахи душистых цветов и горячего 

шоколода. Мы видили замок княжской семьи - он словно из 

сказки. Не пересчитать колличество фонтанов и памятников 

в Люксембурге, их там огромное колличество. А какая потря-

сающей красоты природа. Повсюду насажены цветы,деревья 

и кустарники,кругом всё зелено.

И  вот  после  Люксембурга  мы  приезжаем  в  Париж.  «О, 

Париж - это праздник души, который длиться всю жизнь», - так 

говорят о нём сами парижане. Можно много говорить и писать 

об этом несомненно красивом городе, но хочется отметить 

именно  то,  что  Эфелевая  башня  намного  больше,  чем  вы 

читатель,можете себе представить. Парижане очень добро-

желательные, красивые и добрые люди. Хочется отметить, 

что по всей Европе люди очень вежливы. 

После двух дней в Париже мы едем в Бельгию. Бельгия 

- страна удивительных фонтанов и не менее удивительных 

зданий. Мы посетили Брюге, Остенде, Антверпен и Брюссель. 

Брюссель-столица  Бельгии,  также  является  городом,где 

расположена штаб-квартира Европейского Союза, который 

мы  посетили.  В  штабе  находятся  специальные  залы  для 

туристов,это огромные помещения оснащенные современной 

медиа техникой.  У меня большие впечатления от увиденного 

в штабе, так как многое ,что пришлось мне там увидеть , я 

видела впервые.

И последний город , который мы посетили-это Амстердам.  

Амстердам-столица Нидерландов (Голландия),столица гол-

ландских  роз  и  тюльпанов.  Это  город,  который  полностью 

стоит на воде, по всему городу продают цветы, горячие вкус-

ные вафли и горячий шоколад. Очень было приятно ходить 

по узким улочкам Амстердама. 

Покидаем Амстердам и возвращаемся в Быдгощ (Польша). 

Хочу отметить, что во время тура по Европе, погода была 

влажная, дождливая и прохладная, но ни одна плохая погода 

не может затмить многовековую красоту европейских стран. 

Хочется отдельно сказать СПАСИБО нашему руководителю 

Барадосовой Майре Бариевне, во многом мы обязанны имен-

но ей ,что наш тур состоялся.

лейла БАЗАРБАевА,

05103-группа

астам ұстаздық етіп, 

еңбекқорлығымның, 

ө з  і с ім д і  жо ғ ар ы 

меңгергендігімнің, 

т а л а п к е р л і г і м н і ң 

арқасында  болса 

керек, облыс, аудан 

бойынша  алдыңғы 

қ а т а р л ы   е ң б е к 

ет і п,  к ө п ш і л і к т і ң 

ықыласына бөленіп, құрметті еңбек демалысына шықтым.



-  Аймағымыздағы  спорттың  дамуы  жайлы  не  айта 

аласыз?

Қазіргі таңда аймағымызда спорт саласы қарқынды даму 

үстінде, жаман деп айта алмаймын. Біздің облысымыздың на-

мысын қорғап жүрген спорт жанашырлары баршылық. Демек, 

өзіміздің  Жайық  спортының  жанашыр  азаматтары  тұрғанда 

қазақ спортының халі жаман болады деп айта алмаймын. 

-  Сіздің  спорт    саласы  мен  журналистика  саласын  

қатар алып жүргеніңіз белгілі, осы бағыттағы еңбектеріңіз 

қандай? 

Журналистика саласына келуімнің негізі мектептегі кішігірім 

мақалалардан басталды. Алғашқы мақалам Қаратөбе аудандық 

«Еңбек  туы»  газетінде  жарық  көрді.  Көбіне  спорт  жайында 

мақалалар жазатынмын.  Міне, Қаратөбе ауданы «Еңбек туы» 

газетінен басталған жарты ғасырға жуық шығармашылық жолым 

әлі де жалғасын тауып келеді. Атап кететін болсам, Шыңғырлау 

аудандық  «Знамя  труда»,  «Серпін»,  облыстық  «Орал  өңірі», 

«Приуралье»  газеттерінің  штаттан  тыс  тілшісі  бола  отырып, 

аты  аталған  газеттермен  тығыз  байланыс  орнату  арқылы 

өзім еңбек еткен қоғам мүддесі үшін  аянбай тер төктім. 2002 

жылы зейнеткерлік демалысыма шығуыма байланысты Орал 

қаласына қоныс аудардым. Зейнеткер-ұстаз болсам да журнали-

стикадан қол үзгенім жоқ. Облысымыздағы беделді, таралымы 

көп «Жайық ұстазы» газетінде «Еңбек жолы үлгілі ұстаз», «Пулсь 

города» газетінде  «Главные победы впереди» , «Талап» «Айна» 

газетінде «Аққұм - біздің тарихымыз», - сияқты материалдарым 

көптеп  жарияланып,  «Жайық  спорты»    газетінің  штаттан  тыс 

тілшісі ретінде, қазіргі таңда «Спорт жұлдыздарымен жүздесу» 

газетінің  Орал  қаласындағы арнаулы тілшісі  құқында қызмет 

етудемін. 

-    Басыңыздан  өткен  ең  қызықты  оқиға  туралы  еске 

алсаңыз?

-  Иә, бастан талай оқиғалар өтті ғой. Әлі есімде, Шыңғырлау 

ауданы Белогор ауылы Алмаз орта мектебінде жұмыс атқарып 

жүрген кезімде туған жерім Егіндікөлге әрбір сенбі сайын тіке 

жолмен шаңғымен баратынмын. Бір сенбіде жұмыстасымның 

өтінішімен  оның  сабақтарын  беріп,  ауылыма  кеш  шықтым. 

Қыс  уақыты  болғасын  кеш  ерте  түсетін.  Кеш  болса  да  жетіп 

қалайын  деген  оймен  ауылыма  жүріп  кеттім.  Қараңғылықтан 

компосты  көре  алмай  адасып  кеттім.  Күн  борандатып,  қатты 

салқындап кетті. Аяқ-қолым үсіп далада қалып, Ақши ауылының 

тұрғындарының көмегімен сол бір ажалдан қалғанмын. Бұл сәт 

әлі есімнен кетер емес.  



- Факультетіміздің «Салауатты өмір салты» жаршысы 

оқырмандарына тілегіңіз? 

- Меніңше, Дене тәрбиесі және спорт, БӘД мамандықтарында 

оқитын студент жастарға арнап “Салауатты өмір салты” секілді 

газет  шығару  дегеніміз,-  іргелі  бастама.  Қолдарлық  жағдай! 

Салауатты  өмір  салтын  ұстануда  пайдалы  кеңестер  беріп, 

ардагер  спортшыларды  таныстырудағы  еңбектеріңіз  жемісті 

болып, биіктерден көріне бергейсіздер! 

-  Қадірлі    Асқар  Халиоллаұлы,  Сізді  бүгінгі  мерейлі 

70  жасыңызбен  шын  жүректен  құттықтай  отырып, 

шығармашылық шабыт пен жемісті еңбек  тілейміз. Сіздің 

еліміздің өркендеуі жолында жасаған еңбектеріңіз келешек 

ұрпақ жадында мәңі сақталмақ.

Сұхбаттасқан мөлдір нұРмұхАнБеТовА, 

Әйгерім БАлАхмеТ,

06106-топ студенттері


№ 7 (879) маусым 2012 жыл

18

Ж 



 

 

 



үрегі жалаудай 

әңгір ұрпағы

Жаратылыстану-математикалық факультетінің жаршысы

№5, маусым 2012 жыл

Ұлағатты ұстаз

   Бүгінгі кейіпкеріміз - Махамбет Өтемісов атындағы БҚМУ-дың ардагер 

ұстаздарының бірі Құлмалиева Сұлушаш Сүндетқалиқызы облысымыздың 

Тасқала ауданы Оян орта мектебін бітірген. Өмірінің мектеп жасына дейінгі 

кезеңін ата-анасын айтпағанда, тек қана табиғатпен тілдесіп өскен жас 

қыз, мектеп бітіргеннен кейін ойланбастан-ақ сол кездегі А.С. Пушкин 

атындағы Орал педагогикалық институтының жаратылыстану-география 

факультетіне оқуға түседі. 

Ол мектеп бітірген сонау 1966 жылы, білім берудің жаңа парадигмасына 

сәйкес 10 мен 11 сынып оқушылары мектепті бірге бітіреді. Мұндай жағдайда 

оқуға түсетін талапкерлер саны басқа жылдардағыдан екі есе артық болатыны 

белгілі. Тек мен таңдаған географ-биолог мамандығына қабылдануға тиіс 25 

адам болса, тілек білдірген талапкерлер саны 175 болды. 



Бұдан 50 жылдай бұрын сол кез-

де қатал сын елегінен екшеп алған 

институт  ұстаздары  -    географ 

Тұрашев Қарасай ағай, химик Оразов 

ағай  мен  қазақ  тілінен  шығарма 

жаздырған Жолдықайырова Меруерт 

апайлардың, тұлымшағы желбіреген 

жастық шағымыздың куәсіндей бо-

лып арамызда жүргендеріне бүгінде 

қатты қуанамыз,-дейді кейіпкеріміз. 

1971жылы институтты ойдағыдай 

бітірген жас маман, өз жүрек қалауымен 

Қаратөбе  ауданындағы  Егіндікөл 

орта  мектебіне  барады.  Бұл  жер-

де  12  жыл  абыройлы  еңбек  еткен-

нен  кейін,  жанұя  жағдайымен  Орал 

қаласына  қоныс  аударады.    1991 

жылы  балалар  мен  жасөспірімдер 

клубындағы директорлық жұмысынан 

педагогикалық  инстит у тқа  аға 

оқытушы болып ауысады. Осы жер-

де  зейнеткерлікке  шыққанға  дейін, 

шыққаннан  кейін  де  бірнеше  жыл 

еңбек етеді. Апай институтта еңбек 

жолын бастаған тоқсаныншы жылдар 

ел экономикасының ең қиын кезеңімен 

тұспа-тұс келеді. Бұл кезде институт 

тек қорғауға дайын диссертацияла-

ры  бар  ұстаздарды  ғана  іссапарға 

жіберетін.  Кеңес  заманындағыдай 

ұстаздар  бірнеше  айлап  білімдерін 

көтеру үшін Москва, Ленинград, Киев 

сияқты қалаларға бару дегенің ертегіге 

айналған кез болатын. Кейін ел эконо-

микасы түзеліп, жағдай жақсарғанда, 

жастың ұлғаюы мен көздің кемуі қатар 

келіп,  апай  ғылым  жолына  бармай 

қалады.  Бұл  да  тағдырдың  өзіндік 

сыйы  шығар,  мен  бұған  ешқандай 

өкінбеймін.  Қызым  ғалым  болды, 

мамандығына сай жоғары лауазымды 

елге еңбек етіп жатыр. Ендігі арма-

ным немерелерімнің анасы - келінімнен 

ғылым докторын шығару, - деп күліп 

қояды. Қазір ғылыммен айналысамын 

деген  жастарға  бүкіл  әлем  есігін 

айқара  ашып  тұрғанда,  ғылыммен 

айналыспаған  жас  ұстаздармен 

ректордың  өзі  тікелей  айналысуы 

керек,- деп өз ойын білдірді. 

    Институтта істеген жылдарында 

Сұлушаш  Сүндетқалиқызының  уни-

верситет көлемінде бірнеше облыстық 

ғылыми конференцияларда жасаған 

баяндамалары  жоғары  дәрежеде 

бағаланып, мақтау грамоталарымен 

марапатталған.  Осындай  ғылыми 

конференциялар қорытындысы бой-

ынша шыққан 15 жинаққа мақалалары 

енген. Жалпы көлемі 30 баспа табаққа 

жуық еңбектері республика, таяу ше-

телдер  баспаларында  жарық  көрді. 

Апайдың тамаша бір адами қасиеті 

- ол кісі жанындағы өзінен үлкеннің 

де,  кішінің  де  жеткен  жетістіктеріне 

шын  жүрегімен  ағынан  жарылып 

қуанатындығы. Ол оны өз ұстаздары, 

әріптестері, замандастары туралы кез 

келген  сәтте  мөлдіретіп,  аудандық, 

облыстық газеттерге мақала етіп жа-

риялап отырады. Апайдан дипломдық 

жұмыс  алуға  студенттер  таласып 

қалатын.  Ол  кісінің  басшылығымен 

қорғалған дипломдық жұмыстар тек 

жоғары  баға  алып  қана  қоймайтын, 

сонымен қатар өзіндік бір қайталанбас 

ерекше  есте  қаларлық  тұстарымен 

ерекшеленетін. Студенттерді ғылыми 

конференциялар,  конкурстарға  да-

ярлайтын. Олардың бірде-бірі мара-

патсыз қалған емес. Олардың ішінде 

үздік  деп  танылып,  «Университет 

жаршысы»  басылымында  жарық 

көргені де бар. Еңбек еткен жылда-

рында  Сұлушаш Сүндетқалиқызының 

қаламынан   8 оқулыққа қосымша және 

оқу-әдістемелік  құралдар  шықты. 

Бұл  жерде  апайды  таң  қалдырған 

ең  басты  нәрсе  –  жартылыстану-

география  факультетінің  бүкіл  та-

рихында  алыс  кешенді  сараманға 

әртүрлі  бағытта  жыл  сайын  шыға 

тұрып, қазақ тілінде алыс кешенді са-

раман бағдарламасы болмағаны. Орыс 

тіліндегі  бағдарламалар  да  -  бұдан 

қырық жыл бұрынғы. Қазіргі әлеуметтік-

экономикалық  жағдайлармен  көп 

жағдайда сәйкес келе бермейді. Бұл 

дереу жоюды қажет ететін олқылық 

деп  есептеп,  сараман  кезіндегі 

тәжірибелерді ескере отырып, «Алыс 

кешенді сараман бағдарламасын» ба-

стырып шығарды. Бұл - әсіресе, қазақ 

топтарындағы студенттер үшін ауадай 

қажет құрал. 

Өткен  жылы  Батыс  Қазақстан 

облыстық  тарих  және  археология 

орталығының сұрауы бойынша олар 

шығарған  он  төрт  томдық  табиғи 

мұралары  ескерткіштерінің  екінші 

томын қазақ тіліне аударуға қатысқан. 

Қазір  немен  айналысып  жатырсыз 

деген сұрағымызға: «бірінші маусым 



–халықаралық  балаларды  қорғау 

күнінде  атасы  екеуіміз  немере-

жиендерімізді  Атырау  қаласына 

жинап алып, «Жаужүрек мың бала» 

фильміне барып, балалармен бірлесе 

оның  мәтінін  талдадық.  Күні  бүгін 

немере-жиендерімнің  каникулында 

олармен Оралда «Батырлар жырын» 

оқуды жүргізіп жатырмыз»,-деп жауап 

берді  ұлағатты ұстаз. 

Осы шілде айында туған күнін той-

лайтын апайымызға ұрпақтарыңыздың 

күлкісімен нұрланған үйдегі педагогтық 

жұмысыңыз ұзақ жылдарға  созылсын 

деп тілек білдіреміз!

    Балдай хАмИЗеҚЫЗЫ,   

география кафедрасының 

оқытушысы

Праздник ПоследнеГо зВонка 

                                                      на кафедре 

географии



Учебный год подходит к концу.  Начинается экзаменационная неделя. 

Уже очень скоро во всех учебных заведениях прозвенит последний звонок 

студентов - праздник радостный и грустный одновременно. Ведь в этот 

день студенты и школьники прощаются с долгим и важным периодом в 

своей жизни. Но если у школьников впереди еще ВУЗ, то для студентов 

это будет самый последний звонок. А дальше - никакой учебы, только по-

настоящему взрослая жизнь. 30 мая 2012г. в  естественно-математическом 

факультете Западно-Казахстанского государственного  университета 

им. М Утемисова состоялся праздник Последнего звонка для студентов 

4 курса  специальности «география». 

В этом году кафедра географии выпускает 25 выпускников. Из них пятеро  

претендуют на красный диплом: Кажгалиева Гульнара, Жиронова Екатерина, 

Елеубаева Каламкас, Мажитова Айзада, Тлеубергенова Айдана.

На праздник Последнего звонка были приглашены преподаватели кафедры 

географии,   студенты младших курсов. Со словами напутствия выступил зав. 

кафедрой к.г.н. Амельченко Валентин Иванович. Он заострил свое внимание 

на сдаче студентами    текущих экзаменов, подготовке к государственному эк-

замену, затем  Валентин  Иванович поздравил студентов с последним звонком 

и пожелал успехов в дальнейшей жизни. Также выступили с поздравлениями  

кураторы  двух  групп  Галимов  Мирас  Амангельдиевич,  Хайруллина  Айнур 

Кенжалиевна. Праздник Последнего звонка  украсили своими выступления-

ми, танцами, песнями студенты первого курса специальности «география». В 

конце мероприятия  всем выпускникам были вручены медали в виде глобуса 

путеводителя с надписью «В добрый путь». 

ерсин АймАновА,

преподаватель кафедры географии 

«Өмір  -  білім  бұлағы,  білім  -  өмір  шырағы»,  -  демекші,  білім 

қуған  студенттер  үшін  емтихан  кезеңі  маңызды  болып  табылады. 

Емтихан  кезінде  бәйгеге  қосқан  жүйрік  тұлпардай,  студенттер  ба-

рынша дайындалып, өздерінің оқу барысында жинаған білімдерін 

көрсетеді. Осындай топтардың бірі -  жаратылыстану-математикалық 

факультетінің  география  және  туризм  мамандығының  2  курс 

студенттері. 

01208-топ  студенттері  жыл  бойы  білім  деңгейі  бойынша  жоғары 

көрсеткіш  көрсете  отырып,  2012  жазғы  сынақ  кезінде  білімдерінің 

жоғарылығын дәлелдеді. 01208-тобы туралы айта кетсек, топта 12 студент 

бар. Әрбір студенттің топта өз орны мен ерекшеліктері бар. Олар универ-

ситет және факультетішілік қоғамдық жұмыстар мен білім сайыстарына 

белсене араласып, өз үлестерін қосуда.

  Айта  кетсек,  сәуір  айының  19-20  күндері  аралығында  Ақтөбе 

қаласында өткен география пәні бойынша IV Республикалық олимпиадаға 

01208-тобынан  Агалиева  Светлана,  Есенғалиева  Гүлсая,  Жолашова 

Рысгүл қатысып қайтты. Жеке есеп бойынша Агалиева Светлана жоғары 

көрсеткіш  көрсетіп,  І  орынды  иеленді.  Сонымен  қатар,  топ  студенттері 

Тұрарбекова  Айкүміс,  Жантілес  Арман,  Дүйсембай  Ақназар  «Серпін» 

жастар театрында өз өнерлерін көрсетуде. 

Факультет  ішінде  жыл  сайынғы  өтетін  ғылыми  конференцияда 

Бисенова Жадыра «Жайық экологиясы» тақырыбы бойынша өз баянда-

масын қорғап, ІІІ орынды иеленді. Жыл сайынғы факультеттер арасында 

өтетін «Студенттік көктем-2012» сайысында топ студенті Қуаныш Бағдагүл 

қазақ биі бойынша ІІ орынды алды. 

Паллас  маршруты  бойынша  Халықаралық  ғылыми  экспедицияға 

01208-топ студенті Магзумов Жандарбек ғылыми экспедициялық топпен 

бірге ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысты. 

Осындай өнер мен білім сайыстарына қатысып жүрген топ жазғы сес-

сияда да 100 % білім көрсеткішін көрсетті. 

01208-топ  студенттеріне  алдағы  уақытта,  білім  мен  ғылымның  биік 

шыңдарынан көріне беріңіздер деген тілек білдіреміз.



Б.х.хоДЖАновА,

01208 тобының кураторы 

Сың ғырла,  соң ғы  қоңырау!  Жаратылыстану-

математикалық  факультетінің,  химия  кафедрасының  

ұжымы  мамыр айының 25-ші жұлдызында түлектеріне 

сәт-сапар деп қол бұлғап, химия мамандығының бірінші 

курс студенттері дайындаған «Қош бол, студенттік сәт!» 

атты соңғы қоңырау кешін өткізді.

Жаратылыстану-математикалық  факультетінің  15  дәріс-

ханасында  салтанат  құрған  кеште    химия  кафедрасының 

меңгерушісі х.ғ.д. Мендалиева Дина Кенжебековна үлкен өмірге 

қадам басқалы отырған 23 түлекке ыстық лебізін білдіріп, ақ жол 

тіледі. Білім мен тәрбиеде қатар шапқан белсенді  студенттерге  фа-

культет тарапынан алғыс хат табыстады. Сондай-ақ қатысушылар 

кеш  барысында  түлектер  өмірінен  слайд-шоу  тамашалады. 

Шарада жүректері лүпіл қағып, қимастық, қуаныш, аңсау мен арман 

сезімге толы осы шақта шәкірттік сәттің соңғы, өмір белесінің алғашқы 

қадамында тұрған жас түлектер өздерінің арнауларын да жеткізді.  

  Жалпы  жаратылыстану-математикалық  факультеті  бойынша 

753  студент білім алып жатса, соның 155-і биыл университетпен 

қоштасқалы отыр. Биылғы бітірушілер арасынан химия мамандығы 

бойынша үздік дипломға үміткер 3 студент: Келмұқанов Қуаныш, 

Мұқашева Мәншүк, Аймурзина Назгүл. Шарада 1 курс студенттері 

би билеп, ән шырқаған соң түлектерге шағын сыйлар  табысталды.  

Шара соңында  бітіруші түлектер кафедра  ұжымына алғыстарын 

білдірді.

үздік топ



№ 7 (879) маусым 2012 жыл

19

Парасат



Техникалық және кәсіптік білім беру - Қазақстанның индустриальды-инновациялық дамуын 

іске асырушы еңбек кадрларын даярлаудағы сапалы ұмтылыс. 

№4, маусым  2012 жыл

Университет колледжінің жаршысы


Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет