№7 (879) маусым 2012 жыл


Открыл мероприятие кандидат филоло-



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет8/10
Дата11.01.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Открыл мероприятие кандидат филоло-

гических наук, доцент С.Г.Шарабасов

Александр Сергеевич Пушкин — великий 

поэт, мастер универсальнейшего из искусств — 

искусства слова. Язык Александра Сергеевича 

Пушкина, сочетающий книжные нормы с живы-

ми разговорными, остаётся до сих пор основой 

русского литературного языка. Художественные 

открытия Пушкина определили и предвосхити-

ли многое в дальнейшем развитии не только 

русской литературы, но и почти всех областей 

русского искусства и духовной культуры 19-20 

в.в.


В своем выступлении А.Н.Евстратов, кан-

дидат филологических наук, доцент, отметил 

непреходящее значение пушкинского творче-

ства для наших дней. Старший преподаватель 

Р.Э.Винник представила литературную компо-

зицию,  охватывающую  весь  творческий  путь 

А.С.Пушкина, литературную композицию, посвя-

щенную творчеству великого поэта, кандидат 

филологических наук, старший преподаватель 

Г.А.Донскова сопроводила показом слайдов.

На  празднике  прозвучали  стихи  Пушкина 

в  исполнении  студентов  филологического 

факультета. Особенно ярко нетленные строки 

прозвучали из уст студента четвертого курса 

Алексея  Егорова.  Старший  преподаватель 

Р.Э.Винник  исполнила  два  романса  на  стихи 

Пушкина.

В завершение праздника были возложены 

цветы к памятникам Пушкину и Абаю у зданаия 

главного корпуса ЗКГУ.



№ 7 (879) маусым 2012 жыл

15

Қосымша бетті дайындағандар:   м.К. Ажғалиев – педагогика ғылымдарының кандидаты, А. Қауен – студент, А.нығметова - студент

                                                                                                                                         

   


СТУДЕНТТЕР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ  

                                                                                                                                             

Осы жұрт «Азаматты» біле ме екен?

Бүгінде ақындығымен көп қазаққа мәшһүр болған ақын Талғат 

Мықи да жас ақын туралы өз сөзінде: «Азамат – аңқылдақ бала. 

Әдебиетке аңқылдақ адамдар керек, қалғандары әдебиетті 

бүлдіреді»,  -  деп  өз  пікірін  қалдырған  еді.  Иә,  бұл  –  сөздің 

шындығы. Азамат – өз ортасында көпшілікпен оңай тіл табысып 

кете алатындай ашық-жарқын, ойын айшықтап еркін жеткізе ала-

тын өте қарапайым бала. Онымен сөйлесудің өзі – ғажап. Олай 

дейтінім, Азамат әңгімелескен сәтте сырлы сөзді жетімсіретпей 

өз тыңдаушысын айрандай ұйытып тыңдата білетін нағыз сөз 

сиқыршысы. Оның мұндай қасиеті өзінің оқыған кітаптарынан 

дарыған десем қателеспеспін, сірә. Себебі, Азамат қазіргі таңда 

көптеген жастар баса назар аудара бермейтін кітапты жанына 

серік  қылған,  содан  өрнекті  ой,  бейнелі  сөз,  маржандай  тіл 

байлығын іздеген бірден бір жан. Жас ақынның бір қойын дәптерге 

сыйып кетсе де, көңілінің көлін толқытып, буырқана сыртқа тепкен 

толғаныс ойлары, аһ ұрған арманы, кіршіксіз таза сезімі, сенім мен 

Өзіне дейінгі ақын жүректерді үлгі етіп, үздік үзік-үзік ойларын жинақтап, шарпысқан сезімдерін жыр жауһарларына құя білген, сөз серкелігімен 

қатар елге еркелігі жарасқан бірден-бір жарқылдаған жаңаша жырлардың иесі – М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетінің 

филология  факультетінің  қазақ  тілінде  оқытпайтын  мектептердегі  қазақ  тілі  мен  әдебиеті  мамандығының  1  курс  студенті  Базарбаев  Азамат 

Мейрамбекұлы. Әрине, бұл жас ақынды жөнсіз-жосықсыз мадақтау емес. Алайда, «Осы жұрт Ескендірді біле ме екен?» - деп, ұлы Абай атамыз 

айтпақшы, осы қазақ Азаматты жас ақын ретінде таниды ма? Ақиқаты сол, университет табалдырығын аттаған күннен бастап өзінің тума талант 

ақындық  шеберлігімен  көпшіліктің  ыстық  ықыласына  бөлене  білген  Азамат  қазіргі  қазақ  поэзиясына  жарқ  етіп  шыққан  жаңа  буындар,  алтын 

қайнарларда тұрғандар арасынан сайдың тасындай іріктелген ақындар санатына көтеріліп келеді. Бұған табиғи дарын иесі турасында: «Азамат 

Базарбаев – Жаңақала ауданының перзенті. Оның өлең-жырларындағы ойлы образдар мен келісті тіркестерді көргенде, сол елдің дарабоз ақыны 

Жанғали Набиуллин еске түседі. Табиғаттың оған сыйлаған талантының арқасында ол өлең-сөзде бірте-бірте өсу үстінде келеді. Азамат оқитын 

топта, филология факультетінде оның өлеңдерін сүйіп тыңдаушылар көп. Болашақта Азаматты мықты ақын есебінде ел танитынына сенгің келеді. 

Ізденуден, еңбектенуден талма, жас ақын!» - деген 02104-топ кураторы Зейнолла Жақсылықұлы Мүтиевтің тұжырымды айтылған ойлары куә. 

үміті бірдей тоғысқан жырларымен бұл күнде қазақ әдебиеті тари-

хында алар орны ерекше, халқының арманын, ұлылығын бір ауыз 

сөзге сыйдырған тұлға болып қалыптасарына ешкімнің де күмәні 

жоқ.  Азамат  мұны  аталған  жоғары  оқу  орнында  оздырылған 

облыстық «Ауылым – алтын бесігім!» (ІІ орын), «Елімнің мақтан 

тұтам Астанасын!» (І орын) сынды жыр додаларында бірнеше 

мәрте дәлелдеген. Филология факультеті ұйымдастырған кез 

келген әдеби кештер сахнасынан Азаматты оңай іздеп табасыз. 

Оның әр жырларында албырт жастық шақ та, махаббат та, табиғат 

сұлулығы да, Отанға, туған жерге деген ыстық сезім де, анаға 

деген бала махаббаты да, бәрі-бәрі кездеседі. Жас ақынмен бір 

топта оқитын студент әрі досы Мержан Ержанов айтпақшы: «Ол 

алдына мақсат қоя біледі және сол мақсатқа жету үшін барын 

салады. Көп қиялдағанды ұнатады».

Иә,  біздер,  достары,    «Қияли»  атап  кеткен,  қаламы 

мен  қағазын  жанына  серік  етіп,  шымыр  ойдың  орамдарын 

қиыннан қиыстыра білген 

Азамат тың  айтыл ған 

с ө з і  ғ ас ыр д ан  ас ып, 

т е л е г е й -т е ң і з  т а с ы п 

ж а т қ а н   а қ ы н д а р д ы ң 

с а н а у л ы с ы н ы ң , 

қалаулысының бірі бола-

ды деп сенеміз. 

Ендеше, Алдаберген Сәрсенов айтпақшы:

«...Жас ақыным! Талпын сен де бас алға,

Сиын пірге, игі қадам жасарда!»

Сөзімнің дәйегі ретінде сіздердің назарларыңызға тілге тиек 

болған жас ақын Азамат Базарбаевтың бірер өлеңін ұсынуды 

жөн санадым.

Әйгерім ҚАУен, 

қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен 

әдебиеті мамандығының 1 курс студенті

тәуелсіз елдегі тіл тағдыры

Шындыққа толы шежіре еді шертері,

Бүгін алайда, өшпестей өксік өртеді.

Тәуелсіз елміз...

Барады бірақ құлдырап,

Қазақ жерінде қазақ тілінің ертеңі.

Тіліне деген құрмет аз, білем, құрбымда,

Жұбатылмастай жатыр жылатар мұң мұнда.

Қайран қазағым, болашағыңды бағдарла,

Тіліңнің түбі кетіп жүрмесін құрдымға.

Тап-таза тілдің қадірі кетіп бүлінді,

Өзге тілдерде сандуғаштай-ақ сайрайсың,

Өгейсіндің бе өзіңнің ұлы тіліңді?

Қарыштап алға дамығаның да құрысын,

Кірме сөздерге құл болып қалма, дұрысы!

Кеуде кергенше айналамыз деп барысқа,

Ұялу қажет ұрпақ алдында тіл үшін.

Шүкіршілік де,

Уақытпен жүйтки жалғаса,

Жемтікке айналып жұтылып тілің қалмаса.

Қазақтығың һәм азаттығыңнан пайда жоқ,

Тілің сорласа тәуелсіздігің – далбаса.

Өкінішіңнің отына жүрсің оранып,

Айбынды Алашым, алдыңда жатыр сор анық.

Күдіктер кернеп келер күнменен өршиді,

Бұлыңғыр үміт барады мүлде жоғалып.

Шындыққа толы шежіре еді шертері,

Бүгін алайда, өшпестей өксік өртеді.

Тәуелсіз елміз...

Барады бірақ құлдырап,

Қазақ жерінде қазақ тілінің ертеңі.

Сен және Мен

Сенің нәзік пәк жүрегің дүрсіл қағып,

Менің ғашық ақ жүрегім дүрсіл қағып,

Бізді білмей жарасым тапқан кезде,

Бір орнынан қозғалмай тұрсын уақыт.

Сендік тұлға жанарыма ілігеді,

Мендік сұлба жанарыңа ілігеді,

Біздің сезім қос жүректен тарап барып,

Екеуміздің алақанда бірігеді.

Қарашығың маған қарап күлімдейді,

Қарашығым саған қарап күлімдейді,

Қос алақан арасынан жалын шарпып,

Екі білек еріксізден дірілдейді.

Жайқалғанда сезіміңнің көк құрағы,

Шайқалғанда сезімімнің көк құрағы,

Құшақтасаң бізге қарап көктегі Күн,

Бетін шымшып, ұялғандай боп тұрады.

Мендегі дем сезіміңмен үндеседі,

Сендегі дем сезіміммен үндеседі,

Жолықпасың аз уақытқа уайымдатар,

Махаббаттың айрықша-ау тым кеселі.

Махаббатым табысқандай сөнді әлеммен,

Махаббатың қауышқандай сөнді әлеммен,

Жұмыр жердің бетінде тек оңашада

Жүрер ме едік қол ұстасып

Сен және Мен!

Қысқы сағыныш

Қара жерге қыс қарын төсегенінде,

Қармен қатар өксуім өсе менің де.

Жүретінді шығардым жалғыздан-жалғыз,

Өзіңді ойлап Оралдың көшелерінде.

Соо-онау көктен сұп-суық «мамық» ұшады,

Көше кезген жігіттің жаны құсалы.

Саған деген сағыныш кеудені кернеп,

Ұлпа қардың астында алып ұшады.

Күрсіндіре күйзелтіп қалды артта сар(ы) күз,

Барамысың бөгдемен сол баққа бал қыз.

Қиялымда қауышып көркем бейнемен,

Отырамын оңаша арбатта жалғыз.

Шұғыласын шығыстан төккенде әр таң,

Бұрын бірге гүл терген бөктерге тартам.

Қайтқан құстың қаңқылын біз бірге тыңдап,

Кездесейік көңілді көктемде, қалқам.

Қар жауады дамылсыз сан ұрып мені,

Сағым бейнең санама өлі үміт пе еді?

Жабығам да жүремін жан-жағымдағы,

Сұлуларға сұқтанбай сағынып сені.

Сені іздеймін бұрқаған боранда мына,

Суымаған сезімнің соры алда, сірә?

Сенесің бе, сарқылмас саған сағыныш,

Сәулем, оған Жайық пен Орал да куә.

Азамат БАЗАРБАев, 

қазақ тілінде оқытпайтын мектептердегі қазақ тілі мен 

әдебиеті мамандығының 1 курс студенті

ананы мен теңер едім...

Ананы мен теңер едім күнге де, 

Жан-жағына ыстық шуақ төгетін...

Ананы мен балар едім түнге де,

Жұлдыздары жымың қағып күлетін.

Ананы мен балар едім суға да,

Жүректегі барлық назды жуатын.

Аналарды балар едім туға да,

Мәртебесі тек биікте тұратын...

Аналарды теңер ем мен сайға да,

Баласына пана бола алатын.

Аналарды теңер едім жайға да,

Көзді қарып, жарқ ете бір қалатын.

Кете берсем дәл осындай қалпымда,

Теңеу де көп ана деген «алтынға».

 

 

                                  ***



Бірақ күннің батар кезі туады,

Ал, аналар мәңгілік бір күн шуағы.

Түннен кейін таң да лезде атады.

Ал, аналар ғұмырлықтың тұрағы.

Су тартылар кезі-кезі келгенде,

Ал, аналар сарқылуға көнген бе?!

Жеңіліс болса биіктегі ту құлар,

Ана мәңгі биікте, кім ұмтылар?

Айдың да бір батар кезі болып тұр,

Ана мәңгі сөнбейтұғын жарық нұр.

Сайларға да бір күндері лай толар,

Ана орнын кім толтырар тауып көр.

Алтының да бітер-ау осы таусылар,

Ал, аналар таусылмас бір «асылдар».

 

 

 



                                  ***

Сондықтан да  сіздерге теңеуді мен,

Таба алмадым, анажан, елеулі бір.

Соған қарап, ойладым, ана биік...

Ешбір теңеу жетпейтін құпия-сыр.

 

 

 

 

 

Гаухар, 

02104-топ студенті

 

Қараша – күз белгісі



Күздің түсіп сары ала жапырағы,

Талайды ащы мұңға батырады.

Ал кейбірі өмірдің тәттісімен,

Махаббаттың ақ  таңын аттырады.

Қараша айы...

Қоңыр күздің самалы,

Жауып тұрды көктен жауын шамалы.

Күзгі бақты тамашалап сол кезде,

Екі ғашық қол ұстасып барады.

Табиғаттың таусылар ма нөсері,

Қос ғашыққа суық жел де еседі.

Елемеді нөсерді де, суықты,

Бәлкім, бәрі – махаббаттың әсері.

Жүрек, шіркін, көріп пе еді тосылып,

Махаббатты қала алмады жасырып.

«Күз белгісі – қарашада» екі жас,

Сезімдерін серік етті қосылып.

Қарашада қосылған сол қос ғашық,

Жүретұғын қашан да қол ұстасып.

Келер жылғы қарашада, амал не?

Мәңгі бөлек кетіпті олар, қоштасып.

Күз мезгілі болған емес қатал-ақ,

Нөсері оның жауып тұрған шапағат.

Қарашаның суығымен кетпесін,

Талайларға тірек болған махаббат!

  

Алтынай ғАРИФУллИнА,  



02103-топ студенті

Қыз сөзі


Жаралған ем нәзік гүлден жердегі,

Нәр алып ем жұлдыздан мен көктегі.

Армандасам, бір сәтке тебіреніп,

Аққудайын жүземін көк көлдегі.

Үлесімді қоссам мен қазағыма,

Шындық сыйлап өмірдің базарына.

Көмектессем, бәріне жақсыменен,

Сонда жүрермін Алланың назарында.

Туған елді қорғаймын мен қалайша,

Еңбек етем шаршамай таң атқанша.

Қуанамын қыз болып туғаныма,

Намысы жоқ қазақтың ұлы болғанша.



Риза ҚұРмАнИяЗовА, 

филология: қазақ тілі мамандығының 1 курс студенті

№ 7 (879) маусым 2012 жыл

16

Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса



Айсәуле сынды мақтанышымыз

“Тағылым”  жаршысын  әзірлеуші  жауапты редактор – венера нұрмұханбетова, 06301-топ студенті 

№6(8), маусым  2012 жыл



Педагогика  факультеті    5В010300  «Педагогика 

және  психология»,  5В010200«Бастауышта  оқытудың 

педагогикасы мен әдістемесі»,  5В012300 «Әлеуметтік 

педагогика және өзін-өзі тану» бөлімінің жаршысы

 Қыз өссе - елдің көркі

Жас жігерге табын, білсең, сол барың, Бос өткізбей, ізде зейнет жолдарын.

Ж үсіп Баласағұн

Қазіргі таңда білім саласында көптеген жаңа инновациялық  өзгерістер мен тың жаңалықтар кең өріс алуда. Елімізде білім 

беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы қолға алынуда. Болон конвенциясы аясында 

жоғары оқу орындарына арналған жаңа бағдарлама негізінде «Академиялық ұтқырлық» идеясы жүзеге асуда. Академиялық 

ұтқырлық - білім алушылардың немесе оқытушы-зерттеушілердің білім алуға немесе зерттеу жүргізуге байланысты өз   

ЖОО-да кредиттік жүйеге негізделген білім беру бағдарламасының міндетті қайта сынақтан өту тәртібіне және ережеге сәйкес 

семестр немесе оқу жылына белгілі академиялық кезеңге өтуі. Академиялық ұтқырлық сыртқы (халықаралық) және ішкі 

(ұлттық) академиялық ұтқырлыққа ажыратылады. Сыртқы академиялық ұтқырлық – шетелдік жоғары оқу орындарында білім 

алу, оқытушы-зерттеушілердің білім беру салалары мен ғылыми мекемелердегі қызметі. Ішкі академиялық ұтқырлық - білім 

алушылардың, оқытушы-зерттеушілердің Қазақстанның беделді жоғары оқу орындарында білім алуы, қызмет етуі. 

РеКтоРғА 

мың алғыс!

Еліміздегі жоғары білім берудің негізгі міндеті - маманды 

тек қана біліммен қаруландырып қоймай, сонымен қатар 

олардың жеке басының жан-жақты қалыптасуына, дамуына, 

шығармашылық қабілетінің жетілуіне, кәсіби мәдениеттің 

қалыптасуына өз дәрежесінде көңіл бөлу, мүмкіндік жасау. 

Студентті тек болашақ маман ретінде ғана қарамай, оны 

өз қоғамының азаматы, шығармашылық тұлға, келешектің 

иесі,  тірегі  ретінде  тану,  соған  мүмкіндік  жасау  -  біздің 

университетімізде басты назарда. 

Университетімізде оқу-тәр бие үр дісін  ұйымдастырумен 

қатар студенттерге қолдау көрсету де жолға қойыл ған. Бұл 

бағытта ректорымыз академик  А.С.Иманғалиевтің   баста-

масымен  2011-2012  оқу  жылында  қоғамдық  жұмыстарда 

белсенді,  оқуда  озат    студент терге  қолдау  көрсету 

мақсатында ректорлық гранттар бөлінген болатын. Мен осы 

грант иегері атанып, ерекше қуанышқа бөленіп, оқуымды 

жалғастырудамын. Елім үшін ерінбей еңбек етіп, өркендеуі 

жолында  өз  үлесімді  қосамын  деген  бүгінгі  студент  үшін 

ректорымыздың  тікелей  қолдауына  ие  болу  сол  үмітті 

әрі  қарай  шыңдай  түспек.  ХХІ  ғасырда  болашақ  маман-

дарды  даярлау,  олардың  кәсіби  іскерлігін  қалыптастыру 

мәселелері – кезек күттірмейтін өзекті қоғам талабы. Бұл 

біздің  университетіміздің  де  басты  назарында  болуы  әр 

студентке қуаныш ұялатады. 

Алдыңғы ойларымды түйіндей келе, бізге осындай жыл 

бойы тегін оқуымызға мүмкіндік жасаған университетіміздің 

ректоры  Асхат  Сәлімұлы  ағамызға  шәкірттік  жүрегімнен 

алғыс  айтқым  келеді.  Ал  студент  жастарды  көрсетілген 

сенімнен шыға білуге шақырамын. 



венера нұРмұхАнБеТовА, 

Ректорлық грант иегері, 

педагогика және психология 

мамандығы, 06301-топ студенті

қоғамдық  жұмыста  белсенді  Айсәуле  2010  жылы  Әл-Фараби 

атындағы атаулы шәкіртақы иегері атанса, 2012 жылы бір ау-

ыздан М.Өтемісов атындағы атаулы шәкіртақы иегері ретінде 

танылды. 

Айсәуле  2012  жылы  ақпан-мамыр  айлары  аралығында 

академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша Х.Досмұхамедов 

атындағы  Атырау  мемлекеттік  университетінде  бір  семестр 

бойына тәжірибе алмасу мақсатында білім алу мүмкіндігіне ие 

болып, аталған білім ордасынан жақсы жетістіктермен оралды. 

Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінде 

өткен  ағарту  саласының  ардагері,  педагог-ғалым,  профессор 

Ғ.Ә.Айдарәливті еске алуға арналған «Ғылымның мініп тұлпарын» 

атты студенттік ғылыми-теориялық конференциясында «Стресс 

және оның алдын алу жолдары» тақырыбында жасаған ғылыми 

баяндамасы  үздіктер  қатарында  аталып,  жүлделі  ІІ  орынмен 

марапатталды. Сондай-ақ, ол «Болашақ психолог» үйірмесінің 

белді  мүшесі,  университетаралық  және  университетішілік 

конференцияларға  белсенді  қатысушы.  Сонымен  қатар, 

Айсәуле  –  2009  жылдан  бері  «Педагогика  және  психоло-

гия»  мамандығының  06301-топ  старостасы.  Қашан  да  өзінің 

зеректігімен ерекшеленген Айсәуле топты ұйымдастыруда да аса 

белсенділік танытып, өз ісін жауапкершілікпен орындап келеді. 

2011 (желтоқсан), 2012 (наурыз) жылдары факультетішілік ерек-

ше жауапкершілігі, іскерлік мәдениеті, тәрбиелігі үшін, қоғамдық 

істердегі белсенділігі үшін педагогика факультеті деканатының 

алғыс хаттарымен марапатталды. 

Мен қазақ қыздарына қайран қалам,

Жанары жаны жаздай жайраңдаған.

«Қыз өссе - елдің көркі» деген сөзді,

Қапысыз    қалай  айтқан  қайран 

бабам,  -  деп,  ел  ақындары  бе-

кер  жырламаса  керек.  Бүгінгі  сөз 

факультетіміздің  мақтанышына 

айналған, оқуда, қоғамдық жұмыста 

белсенділігімен  танылып  жүрген 

студент  қыздарымыздың  бірі  педагогика  және  психология 

мамандығының 3 курс студенті Артығалиева Айсәуле болмақ.

Артығалиева  Айсәуле  Төрешқызы  1991  жылы  Батыс 

Қазақстан  облысы  Жәнібек  ауданы  Борсы  ауылында  дүниеге 

келген. Ол 2009 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік  университетінің  педагогика  және  психология 

мамандығына мемлекеттік грант негізінде оқуға түскен. Оқудағы 

ерекше белсенділігімен алғашқы курстан танылуда. 

Айсәуле «Ақиқат» пікірталас орталығы ЖҚБ ұйымдастыруымен 

өткен университетішілік пікірсайысқа қатысып, «Жігер» командасы 

мүшесі атанды. Педагогика факультеті бойынша педагогикалық 

жасақ  құрамының  жетекшісі.  2009  жылғы  желтоқсан  айында 

Дүниежүзілік ЖҚТБ-ға қарсы күрес күніне орай «Есірткіге жол 

жоқ!» атты би қойылымының белсенді қатысушысы. «Студенттік 

көктем - 2010» фестивалінің топтық би номинациясы бойынша І 

орын иегері. 2010 жылы университетте өткен «БҚМУ дарабозы 

- 2010» атты интеллектуалды сайысқа қатысушы. Оқуда озат, 

Әрқашан өзгелерден бір қадам ілгері тұратын Айсәуле сынды 

студентіміздің қашан да өзгелерге өнеге, үлгі ретінде тануға бола-

тынын баса айтқымыз келеді. Ендеше, құрбыма тек қана биіктен 

көріне бер, еліміздің ертеңі үшін аянбай еңбек ететін, ғылым мен 

білімді, тәрбие мен мәдениетті қатар алып жүретін қазақ елінің 

көшбасшы тұлғаларының бірегейі болғайсың демекпіз. 

венера еРБолАТҚЫЗЫ, 

«Тағылым», «Салауатты өмір салты» 

жаршыларының редакторы 

Академиялық ұтқырлық -

 

заМаН тала



бы

Осы бағдарлама аясында педагогика факультетінің Кесекова 

Гүлназ, Таниева Асыл, Артығалиева Айсәуле сынды студенттері 

ақпан-мамыр айлары аралығында Х.Досмұхамедов атындағы 

Атырау  мемлекеттік  университетіне  жол  тарттық.  Бүгінде 

Қазақстанның қарқынды дамуында айрықша орын алып, қомақты 

үлес  қосып  отырған  өлкенің  бірі  –  Атырау  өңірі.  Ал,  өңірдің 

ғылыми-мәдени  дамуында  Халел  Досмұхамедов  атындағы 

Атырау мемлекеттік университетінің алар орны ерекше. Аталмыш 

оқу ордасы 1950 жылы мұғалімдер институты ретінде  құрамында 

2 факультетпен өз тарихын бастаған. Оқу орны қазірде ұланғайыр 

ғылыми орталыққа, облыстағы бірден-бір мемлекеттік оқу орны-

на, көпсалалы университетке айналған. Қазіргі таңда 

оқу орнында жоғары кәсіби білім берудің 9 бағыты, 

атап айтқанда, білім беру, гуманитарлық ғылымдар, 

өнер, әлеуметтік ғылымдар және бизнес, жараты-

лыстану  ғылымдары,  техникалық  ғылымдар  және 

технологиялар,  ауыл  шаруашылығы  ғылымдары, 

қызмет көрсету бағыттары бойынша 49 мамандықтан 

Атырау өңірі мен жалпы елімізге қажетті мамандар 

даярлауда.

Университет  ұжымы  бізді  жақсы  қарсы  алды. 

Барған күні-ақ университеттің тәрбие ісі жөніндегі про-

ректоры А.Ахмет мырзаның қабылдауында болдық.  

Жатақханаға  тегін  орналастырды.  Университет  

және кафедра ұжымымен таныстырып, жылы шырай 

танытқан факультет координаторы Бисембаева Тоты 

Жұмажанқызы,  білім  алушылардың  академиялық 

ұтқырлығы  және  мамандардың  кәсіби  біліктілігін 

арттыруды ұйымдастыру бөлімінің бастығы Ақмарал 

Өтепбергенқызы,  бөлім  әдіскерлері  Айнагүл 

Тұрғанбайқызы  және  Жүзімгүл  Амандыққызы 

болды.    Алғашқы    сәттен  бастап  педагогикалық-

психологиялық,  әлеуметтік  сараманда  болдық. 

Топта 9 студент, кураторымыз - Сабирова Жаңылсын 

Нұрмұқанқызы.  Жаңа  топ  мүшелері  бізбен  ашық-

жарқын  жақсы қарым-қатынаста болып, бауырла-

рына тарта білді. Жаңа ортаға тез бейімделіп кеттік.  

Ұстаздар  да  жағымды  қарым-қатынас  танытып, 

әрдайым қал-жағдайымызды сұрап отырды. 

Біздер  де  қарап  қалмадық.  Білім,  білік,  дағды 

алмасуға  келген  соң,  белсене  кірісіп  кеттік.  Х.Досмұхамедов 

атындағы  АтМУ-дің  оқ у-телевизиялық  орта лығында 

«Университетте білім алушылардың академиялық ұтқырлығын 

ұйымдастыру»  деген  тақырыпта  студия  қонақтары  ретінде 

шақырылып,  ұстаздар  мен    студенттер  арасында  пікір  алма-

сылды.    «Педагогика  және  өнер»  факультетінің  «Педагогика 

және психология» кафедрасының ұйымдастыруымен Ұлы Отан 

соғысы және еңбек ардагері, университеттің құрметті профес-

соры Ғ.Ә.Айдаралиевті еске алуға арналған «Ғылымның мініп 

тұлпарын» атты студенттік ғылыми-теориялық конференцияда 

құрбым Таниева Асыл  алғыс хатпен, ал өзім жүлделі  II орынға 

ие болып, арнайы дипломдармен марапатталдық. 

Кітапхана жағдайының студент қажеттілігіне сай жабдықталуы, 

кітап  қорының  молдығы,  мамандығымыз  бойынша  орысша 

басылымдармен қатар қазақша басылымдарға да қол жетерлік 

жағдайдың жасалуы көңілімізден шықты. Кітапхана қазіргі заман 

талабына сай жаңа компьютерлермен жабдықталып, интернет 

желісіне қосылған. Ізденемін, оқимын деген студентке мүмкіндік 

толық жасалған. 

Өзіміздің университетімізбен салыстырғанда оқу жүйесінде 

көптеген  ұқсастықтар  мен  айырмашылықтар  бар.  Педагогика 

және  психология  кафедрасы  «Педагогика  және  психоло-

гия»  мамандығынан  басқа,  «Психология»,  «Дефектология» 

мамандық тары  бойынша  мамандар  дайындауда.  Өз 

университетімізде оқылатын пәндер арасында  айырмашылық 

көп болғандықтан, өтінішіміз бойынша 2 курс «Дефектология» 

мамандығының  студенттерімен  дефектология  және  3  курс 

«Психология» мамандығының студенттерімен заң психологиясы 

пәндерін оқуға рұқсат алдық. Осы мәселе бойынша бізге қол ұшын 

берген университеттің оқу үдерісін ұйымдастыру және бақылау 

жөніндегі  департаментінің  директоры    С.Б.  Қасенов  мырзаға 

алғысымыз шексіз. 

Біздерге,  әсіресе,  дефектология  пәнінің  оқытушысы 

Бекжанова Жанардың студенттерге білім берудегі әдіс-тәсілдері, 

сабақты қызықты етіп өткізуі, психологиялық мамандану прак-

тикумы,  заң  психологиясы  пәнінің  оқытушысы  Нұрмұқашева 

Салима Қайыржанқызының  студенттерді болашақ маман ретінде 

өз мамандығының қыр-сырын білуді талап етуі, теориялық алған 

білімді практикада қолдануды тиімді үйретуі ерекше әсер етіп, 

көңілімізден шыға білді. 

                                                       

Сондай-ақ,  біздерді    Х.Досмұхамедов  атындағы  Атырау 

мемлекеттік университетіне үлкен мақсатпен жіберген, барған 

ЖОО-да университетіміздің атына кір келтірмейтінімізге кәміл 

сенген факультетіміздің  деканы, профессор Абат Сатыбайұлына, 

топ кураторы Байжан Айдынғалиұлына және ұстаздарымызға 

ризашылық білдіреміз. 

Қорыта  айтсам,  академиялық  ұтқырлықтың  студенттің 

жеке  дамуы,  өмірлік  көзқарасы  мен  рухани  дүниетанымын 

қалыптастыруға,  қалыптасқан  бірізді  өмірге  төселмей,  өмірді 

жан-жақты қырынан тани білуге, жаңа достар табуға, тәжірибе 

жинақтауда алар орны ерекше.  Сондықтан мұндай мүмкіндікті 

әр студент өз пайдасына жаратса, ғылымның одан әрі қарқынды 

дамуына жол ашары даусыз. 

Айсәуле АРТЫғАлИевА, 

06301-топ 

Білім алушылардың академиялық  ұтқырлығы және мамандардың кәсіби 

біліктілігін арттыруды ұйымдастыру бөлімінің бастығы 

мұханбетжанова 

Ақмарал Өтепбергенқызы, бөлім әдіскерлері Айнагүл Тұрғанбайқызы және 

Жүзімгүл Амандыққызы және ПиП 34-топ студенттері (Атырау каласы)


№ 7 (879) маусым 2012 жыл

17

Шешен сол – сөйлер сөзден қамалмаса



«Салауатты өмір салты» жаршысын әзірлеуші жауапты редактор - лунара Серажова

педагогика факультеті  5В010800  «Дене шынықтыру және спорт»,  

5В010400 «Бастапқы әскери даярлық» бөлімінің жаршысы 

№6(8), маусым 2012 жыл

Дені сау адам - табиғаттың ең қымбат жемісі  * В здоровом теле - здоровый дух            

ардагер-журналистпен жүздесу



Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет