№7 (879) маусым 2012 жыл



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет7/10
Дата11.01.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

На финишной прямой!

именные стипендии как признание первых успехов в учебе, по-

беды в конкурсе грантов на стажировку в лучших университетах 

мира, участие в престижных научных конференциях, и как итог 

– начало движения на пути к собственной карьере.

Студенческие годы – это время первых самостоятельных 

решений, время проявления дремавших до того способностей, 

время рекордов и достижений! В нашем университете огромное 

количество возможностей - ловите момент, используйте их! Как 

говорят в нашем университете: «Плох тот солдат, который не 

мечтает стать генералом!»

От имени нашей группы (специальность - 050505 «регионове-

дение», группа 07406) выражаю благодарность всему коллективу 

факультета истории и права, в особенности кафедре всемирной 



№ 7 (879) маусым 2012 жыл

13

Мне интересно всё



После окончания школы во-

прос выбора «куда пойти учить-

ся» особо не стоял. Покидать 

любимый город не хотелось, 

а необходимые знания можно 

получить везде, посчитала 

Светлана Филиппова и, не за-

думываясь, поступила в ЗКГУ 

им. М.Утемисова на спе-

циальность «Информатика» 

естественно-математического 

факультета. Почему информа-

тика? Этот всеобъемлющий 

предмет она полюбила еще 

в школе. Ведь применение 

ему можно найти во всех 

сферах современной жизни. 

Программисты нужны везде, а 

уж хорошие – просто нарасхват!

Тему  дипломной  работы  в  самом  начале 

4-го курса Света выбрала неспроста – уже на-

били  оскомину  извечные  проблемы  в  сфере 

Светлана  Филиппова,  выпускница  этого 

года,  к  концу  четвертого  курса  набрала  се-

рьезный багаж – Назарбаевский стипендиат, 

круглая отличница, участие в конференциях, 

староста группы на протяжении трех лет учебы, 

защитила диплом на «пять». При этом остает-

ся время для чтения научной и исторической 

литературой.  Древние  легенды  наиболее 

правдивы, уверена она, и все мистическое и 

неизведанное  имеет  вполне  реальное  и  на-

учное объяснение. Ставший родным вуз дал 

ей  и  многим  другим  студентам  возможность 

разносторонне развиваться. 

- Взять, к примеру, участие в студенческих 

научных  конференциях.  Мои  работы  не  за-

нимали  первые  места,  но  это  был  хороший 

стимул  для  получения  новых  знаний.  Я  не 

строю планов, занимаясь тем, что интересно 

на  данный  момент.  Но  уверена  в  будущем, 

поскольку  профессия  программиста  дает 

возможность приложить свои навыки в любой 

области. Университет – большая школа жизни, 

ЖКХ,  критикуем,  а  помочь-то  не  пробовали? 

Вот  и  взялась  за  «Разработку  информаци-

онной  системы  по  учету  и  ремонту  жилого 

фонда»  для  Уральской  городской  ассоциа-

ции  КСК  под  руководством  преподавателей 

Сауле  Муратовны  Акимовой,  а  затем  Гаухар 

Ислямовны Аймичевой. 

-  Наверное,  я  человек  скучный.  Хотя  в 

школе была в числе активистов, участвовала 

во  всевозможных  олимпиадах.  Я  очень  лю-

блю учиться, неважно чему. Как-то увлеклась 

вышиванием,  как  любитель  достигла  своего 

потолка и оставила это занятие. Так и в учебе. 

Мне очень интересно узнавать новое. А кроме 

этого я очень ответственная, и это даже иногда 

смешно. Ну, правда, наверное, с точки зрения 

современного  вечно  спешащего  студента-

четверокурсника ненормально с утра пораньше 

явиться в университет и просидеть девять пар. 

И все потому, что последней парой – филосо-

фия. Да и на предыдущих восьми мне скучать не 

приходилось. Странно – но интересно все!

общения. И неважно, чем в будущем ты будешь 

заниматься, на какие оценки учиться, ты прой-

дешь большую школу коммуникации. Считаю, 

что  четыре  года  учебы  не  прошли  для  меня 

даром, жалко только, что прошли.

– это когда тебе доверяют



Выпускника педагогического факультета специальности «НВП» Нурбека Айтбаева осо-

бо представлять не надо – его знают многие в родном вузе и за его пределами. Кандидат в 

мастера спорта по боксу, волонтер, боец ССО, удостоенный званий лучший боец и лучший 

командир студенческого строительного отряда, активист, участник научно-практической 

конференции,  организованной  Конгрессом  молодежи  Казахстана,  студенческий  декан 

педагогического факультета – вот неполный перечень достижений отличника учебы.

«Про меня уже писали», - пытался отмахнуться от интервью Нуркен, но мы настояли.

80 жылдық тарихы бар қара шаңырақтан биыл  913 түлек қанат қағып ұшпақшы. Олар 

өмірлік жолына қажетті сапалы біліммен қатар, саналы тәрбие алып, білім ордасының 

қоғамдық  жұмыстарына  да  қызу  атсалысты.  Түлектердің  арасында  халықаралық, 

республикалық сайыстарда білімімен жолдастарынан оқ бойы озық шыққандар да, түрлі 

өнер додаларында жүлдеге талай мәрте қол жеткізгендер де, спортты серік еткен сенімді 

спортшылар да бар.  Олардың есімдері университет үшін де, студенттер үшін де мақтаныш 

болып қала бермек. 

да еуропалық тілді меңгеріп шығады. Бұл – біз 

үшін,  яғни  университет  студенттері  үшін  өте 

зор мүмкіндік.



-  Кімнің  дәрістерін  үлкен  қызығу-

шылықпен тыңдайсыз?

- Ағылшын тілі пәні мұғалімі  - Александр 

Сергеевич Деиненконың дәрістерін өте үлкен 

қызығушылықпен  тыңдаймын.  Әр  сабағы 

жаңалыққа толы. Ол кісіден көп нәрсені үйренуге 

болады,  тәжірибесі  мол,  білікті  маман  деп 

есептеймін.

- Бірнеше тілді меңгеру үшін арман қуып 

келген студенттің қазіргі деңгейі қандай?

- Аударма ісі бөлімінде бірінші оқу жылын-

да студенттер тіл білімінің негіздері, меңгеріп 

жатқан  тілдің  мәдениеті  мен  тарихы,  орыс 

тілі  стилистикасы,  философия,  экология, 

мәдениеттану пәндері бойынша дәріс алады. 

Екінші  курстан  бастап  бағдарламаға  екінші 

шет ел тілі қосылады. Осылайша 4 жыл бойы 

студенттер аударма ісімен, оның теориясымен 

терең  жұмыстану  барысында  үлкен  тәжірибе 

жинақтап шығады. Сонымен қатар, студент бір 

оқулықпен ғана шектеліп қалмай, үнемі ізденіп, 

білімін  толықтырып  отыруы  тиіс.  Сонда  ғана 

одан жақсы маман шығады деп айта аламын.



- Болашаққа деген көзқарасыңыз қандай? 

Жоспарларыңыз бар ма?

- Болашақта мамандығым бойынша жақсы 

жұмысқа  орналасып,  білікті  маман  болып 

қалыптасу.



- мамандығын әлі таңдамаған жастарға 

қандай тілегіңіз бар?

- Жас түлектерге жүрегі қалаған мамандығына 

түсіп,  еліміздің  көркеюіне    өз  үлесін  қоссын 

деймін. Мемлекетіміз жастардың білім алуына 

барлық  жағдай  жасап  отыр  және  грант  бөліп 

отыр. Сондықтан, педагогикалық, техникалық 

мамандықтар таңдауды ұсынар едім. Әсіресе, 

біздің  университетімізде    педагогикалық 

мамандыққа  көп  көңіл  бөлінген.  «Дипломмен 

ауылға»  бағдарламасымен  түлектер  жылда 

жұмысқа  қиындықсыз  орналасып  жатыр. 

Түлектерге тек сәттілік тілеймін!



-  Білім  алған  қара  шаңыраққа  айтар 

лебізіңіз?

-  Биыл  М.Өтемісов  атындағы  Батыс 

Қазақстан  мемлекеттік  университеті  мерейлі 

80 жылдығын атап өтпекші. Осы сәтті пайда-

ланып,  қабырғасынан  талай  таланттыларды 

қанат  қақтырған  қасиетті  қара  шаңырақтың 

мәртебесі  асқақтап,  жемісті  жетістіктерге  қол 

жеткізе  берсін  және  ұлағатты  ұстаздардың 

жұмыстарына  шығармашылық  табыстар 

тілеймін.



- Сұхбатыңызға рахмет! Сізге де тек 

сәттіліктер тілейміз.

Сұхбаттасқан: Әсем мЫРЗАБАевА,

аймақтану мамандығының 1 курс студенті

аты-жөні: тәжіғараева Шынар 

             нұрсұлтанқызы

туған жері: Маңғыстау облысы түпқараған 

             ауданы Форт-Шевченко қаласы

Мамандығы: аударма ісі

Жұлдызнамасы: арыстан

Хоббиі: кітап оқу, серуендеу, ән тыңдау

Ұстанымы: тек алға! Қиындыққа мойымау! 

             әр таңды қуанышпен қарсы алу!



-  Ауд а р м а  і с і  б ө л і м і н д е 

с і з   а у д а р м а ш ы - р е ф е р е н т 

мамандығын  алып  шығасыз. 

Бұл  мамандық  сізді  несімен 

қызықтырды?

- Қазіргі қоғамда аудармашылық 

қызметтің  қолданылу  шеңбері  күн 

сайын  кеңейіп,  үлкен  әлеуметтік 

сұранысқа ие болыр отыр. Күнделікті 

ауызекі тілде  аударма ісі туралы “бір 

тілден екінші тілге аудару делінеді”, 

бірақ  шындығында  аударма  ісімен 

айналысқанда  тек  бір  тілді  екінші 

тілге аудару ғана көзделмейді. Оның 

ауқымы кең.

Ағылшын  тілі  мектеп  кезінен 

ұнайтын. Оның қыр-сырын үйрену  - 

мен үшін өте қызық.      

Аударма  ісінің  маманы  болуды 

жөн деп шештім. 



- Аударма ісі бөлімінде қандай тілдерді 

үйренуге болады?

-  Ағылшын  тілі  –  негізгі  тіл,  ал  таңдау 

пәндеріне    француз  және  неміс  тілі  жатады, 

яғни студенттер ағылшын тілімен қатар басқа 

МАҚСАТыМ - 

                 білікті маман болу!



- Дай совет младшим товарищам, раскрой 

секрет  успешной  учебы,  столь  солидной 

даже для выпускника вуза биографии, - об-

ратились мы с просьбой



.

-  Я  не  считаю  себя  таким  уж  успешным. 

Хорошие учителя в школе, которые не давали 

расслабляться. Подраться любил, забывал или 

не хотел учиться, но если мне оказывали дове-

рие, подвести было стыдно. Врезались слова 

моей учительницы русского языка и литературы, 

сказанные одноклассникам: если Нуркен обе-

щал, то должен прийти на мероприятие. Ну, как 

после такого подводить человека? А успешных 

у нас в ЗКГУ много. Ребята такие есть, которые 

с  первого  курса  сами  себя  обеспечивают,  не 

беря  у  родителей  денег,  работают  и  еще  и 

учатся отлично. Друзья мои, к примеру. Каждый 

достоин интервью и статьи в газете. Это Талгат 

Берсекенов, Алмас Мустафа, Дамир Доскалиев 

и многие другие. Вообще, считаю, надо правиль-

но выбирать друзей, знать, с кем общаешься. 

Очень хорошее дело – церемония посвящения 

в студенты. Помню свое посвящение. Туймеш 

Малбагаровна Даришева представляла лучших 

студентов, стипендиатов, активистов. И я тогда 

подумал: «А что такого могут они, чего не могу 

я?» И решил для себя стать лучшим. Насколько 

преуспел, пусть оценят товарищи.

- Что в жизни университета ты мог бы 

особо отметить?

-  Считаю,  трудно  переоценить  роль  сту-

денческого  самоуправления.  Студент  –  уже 

взрослый человек, который может отвечать не 

только за свои действия, но и помогать другим 

студентам. В самоуправление надо выбирать 

ребят  очень  внимательно,  уважаемых  среди 

сверстников,  у  кого  много  хороших  друзей, 

пользующихся авторитетом. За такими всегда 

пойдут  другие.  Вообще,  в  университете  есть 

возможность  проявить  себя  во  всем.  Спорт, 

наука,  общественная  жизнь,  искусство.  Я,  к 

примеру, на первом курсе занялся боксом, стал 

кандидатом  в  мастера.  Это  мое  достижение, 

которым горжусь. С ребятами во время наво-

днения  собрались,  чтобы  помочь  службам. 

Пару  суток  не  спали,  следили  за  уровнем 

воды.  Были  очень  удивлены,  когда  ДЧС  нам 

грамоту вручил. Что я понял: надо заниматься 

делом и не ждать благодарности. Любой твой 

труд будет оценен – руководством, друзьями, 

близкими.



-  И  все  же  активных,  занятых  обще-

ственными  работами  студентов  мало,  как 

быть с другими?

- Вот и должны студенты из студенческого 

самоуправления  таких  ребят  привлекать. 

Дать им возможность расти, даже заставлять. 

Потому что каждый человек по-своему интере-

сен. Годы учебы не должны пройти впустую, и 

цель свою каждый первокурсник должен поста-

вить в день посвящения в студенты. Получить 

хорошие  знания  –  это  половина  дела,  надо 

начинать жить как взрослый и ответственный 

человек.

- Ты доволен своими четырьмя годами 

учебы  в  университете?  Может,  чего-то  не 

успел сделать?

- Доволен. Конечно, можно было поехать 

заграницу. Но я знаю, как заработать себе на 

жизнь, у меня есть востребованная профессия. 

Я  приобрел  хороших,  верных  друзей  и,  без 

лишнего пафоса, реально смотрю в свое бу-

дущее. Думаю, попутешествовать еще успею. 

Кроме этого, в моей студенческой жизни были 

хорошие  педагоги,  тренеры,  и  их  доверие  я 

оправдаю.



-Спасибо и удачи!

Успех


бүГінГі студент - ертеңГі МаМан

№ 7 (879) маусым 2012 жыл

14

                                                                                            



 

УНИВЕРСИТЕТТІҢ 80 ЖЫЛДЫҒЫНА  

                                                                                          

Филолог

Тіл – татулық тірегі



ХалыҚ өзі 

таңдаП алар ұлыСын



(Профессор отарәлі  Бүркітов жайлы толғаныс)

Отарәлі  Бүркітов  1954  жылы  13  қазанда 

Батыс Қазақстан облысы Қаратөбе ауданының 

Сулыкөл ауылында дүниеге келген. Тілші-ғалым, 

филология ғылымының кандидаты (1995), доцент 

(1997), А.С.Пушкин атындағы Орал педагогика 

институтын (1979), ҚазМҰУ-дің аспирантурасын 

(1985) бітірген. Орал педагогика институтында 

оқытушы, аға оқытушы, кафедра меңгерушісі 

(1989-93), факультет деканы (1993-95), Батыс 

Қазақстан  гуманитарлық  университетінің  оқу 

ісі жөніндегі проректоры (1996-99) қызметтерін 

атқарған. 1999-2001 жж. әл-Фараби атындағы 

ҚазМҰУ-дің аға ғылыми қызметкері, 2002 жылы 

докторлық  диссертациясын  қорғады.    Өзінің 

еңбек жолын институттың оқытушысы ретінде 

бастап, көп ұзамай жетекші ұстаздардың біріне 

айналып,  өз  ісінің  шебері  ретінде  мойында-

лып,  осы  кезден  бастап  ол  оқу  ісін  белсенді 

ғылыми  қызметпен  үйлестіре  жүргізді.  2005 

жылдың  14  ақпанында  М.Өтемісов  атындағы 

БҚМУ-дың  оқу-әдістемелік  жұмысы  жөніндегі 

проректоры қызметімен айрықша тұлға, жоғары 

шығармашылығы мол ғалым ретінде көптің көңіл 

күмбезіне қонақтады.

Ғалымның  ғылыми  жұмыстары  қазақ 

тілінің тарихы, теориясы, стилистикасы, қазіргі 

қазақ көркем шығармаларының тілі, түркітану 

мәселелерін зерттеуге арналған. Сондай-ақ ол 

алғашқы қазақ тіл білімі өкілдерінің бірі, көрнекті 

ғалым Қ.Жұбанов ілімін республика деңгейінде 

насихаттаушы,  80-ге  жуық  ғылыми  еңбектің 

авторы. 

Отарәлі  Бүркітовтің  еңбек  өмірбаяны 

көптеген  алғыс  хаттармен,  грамоталар-

мен,  мадақтамалармен,  «Білім  беру  ісінің 

құрметті  қызметкері»  төсбелгісімен  ғана 

ерекшеленіп  қоймай,  сонымен  бірге,  өзі  ара-

ласып үлгергендердің, әріптестерінің терең де 

шынайы сыйластығымен жарқын. Халықаралық 

«Қазақ  тілі»  қоғамының  Батыс  Қазақстан  фи-

лиалы төрағасы бола жүріп, ол қазақстандық 

патриотизмді дамытуға үлкен ықпал етті.

Оның  аса  бауырмалдығы  мен  бәріне  іш 

тартып тұратын жарқын мінезіне қарап аралас-

құралас жандар «Отан» деп атап кеткен.

Тарих өзі таңдап алар ірісін, 

Халық өзі аңдап алар ұлысын. 

Өмірімді өкінбей-ақ арнадым, 

Қазағымның қасиетті тілі үшін! -  деп жырлаған 

Отарәлі Бүркітұлының осынау ақ адал сөзі мен 

ісінің аралығында алшақтық болмай, үйлесім 

тауып,  бүкіл  саналы  ғұмырын  туған  тілінің 

мәртебесін көтеріп, көкжиегін кеңейту жолына 

арнағанын білеміз. 

«Отарәлі  –  тума  талант.  Өте  алғыр,  әрі 

ұйымдастыру  қабілеті  мол  болғандықтан, 

топқа  староста  етіп  сайладық,  оның  үстіне 

армияға барып келген, аз да болса өмір көрген, 

курстастарынан  бір-екі  жас  үлкендігі  бар. 

1-курстан-ақ  студенттердің  арасында  түрлі 

саяси (ол кезде партия ғой), мәдени шараларды 

ұйымдастырып, топта болсын, тіпті факультет, 

институт деңгейінде көзге түсіп жүрді. Өзіне сай 

қоңыр даусы бар, домбырамен ән салатын. ... 

Иә, өмір бір орында тұрмайды, жылдар өтіп жа-

тыр, қазір тіпті зуылдап, жылдамдығын арттыра 

түскен сияқты. Отарәлінің барлық күш-қуаты, 

қабілеті де сол ағысынан ешбір артта қалмай, 

зор жылдамдықпен өрлеп келе жатқанда, кілт 

үзілді, ерте кетті... Өкінішті...», - дейді филоло-

гия ғылымының докторы, профессор Бердібай 



Шалабаев.

«Студенттерім менің – екінші өмірім» деген-ді 

ол бізбен сұхбатында. Тура мағынасында да, ау-

ыспалы мағынасында да айна қатесіз айтылған 

сөз.  Бұл  сөздің  астарындағы  асылын  айқын 

тану  үшін  «Байтұрсынов-Әуезов-Қабдолов-

Тілеужанов-Бүркітов»  бестігін  бірге  алып 

қараңызшы. Отан айтқан сол сөздің ескірмей, 

жыл өткен сайын жаңарып, ғасыр ауысқан сайын 

жасарып тұратын ақиқатын аңғартпай ма?! Екінші 

өмір...Азамат, ұстаз, қадірлі қатар дос Отарәлі 

Бүркіттің екінші өмірі, меніңше, ол қайтқан күннен 

емес, сәулесін қалдырған сол бір қайталанбас 

сағаттардан  бастау  алған  сияқты.  Ұрпақ  пен 

ұрпақты,  уақыт  пен  уақытты  жалғастырар 

мәңгілік жол, бәлкім, осы шығар...», -деген тіл 



маманы  Болат  Баймұқановтың  сөздерінен 

де уақыт өлтіре алмаған ғалым-ұстаздың асыл 

бейнесін көреміз.

Мына фәни жалғанда елу жыл, төрт ай, он 

күн өмір сүрген Отан аға бар ғұмырын жоғарыда 

айтылғандай туған тіліміздің тұтастығы үшін, тек 

адамдарға риясыз ақ көңілімен қолғабыс етуге ар-

нады. Өмірден өткеніне бір жыл толу қарсаңында 

Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының облыстық 

бөлімшесінің бастамасымен Орал қаласында 

ғалым  тұрған  үйге  ескерткіш  тақта  орнатыл-

ды. Тарих өзі ірісін саралап, халық өзі ұлысын 

таңдап алып, жақсының аты өлмегені – осы да. 

Үлкенге құрмет, кішіге ізет, қиналғанға қамқорлық 

жасай білетін, өзгенің қайғысы мен қуанышына 

ортақтаса алатын жаны жомарт азаматын елі 

қадір тұтты, құрметтеді. Отарәлі ағаның отын 

өшірмей, өзі бастап кешіп өткен өмір өзенінде 

өмірлік серігі болған Ұлдай апай мен Ұлан, Дария 

есімді балалары ғұмыр жібін жалғап келеді.

«Әттең,  өлім!  Иә,  ол  жағдайыңа,  жасыңа, 

атағыңа, талантыңа – ештеңеге де қарамайды. 

Айқын өлімді жеңгендер қатарына қосылатын 

жан еңбегімен, творчествосымен жеңген ғой», 

-дейді  тағы  бірде  Р.Нұрғали.  Отарәлі  ағай  да 

осылай өмір базары тарқамаған дарабоздардың 

санатында... Әр кез солай болмақ!

З.мҮТИев, ф.ғ.к., доцент,

Ж.мұРСАловА, 02401 топ студенті                                               

«Уақыттың құдіретті қасиеттерінің бірі жылдар өткен соң көп нәрсені өзі екшеп, 

елеп,  ақ  пен  қараны,  жақсы  мен  жаманды  айырады.  Қара  қылды  қақ  жарған  әділ 

үкім – уақыт үкімі. Қоғамдық құбылыстар, өнер мұралары, әдеби шығармалар, дара 

тұлғалар жайлы түптің түбіндегі әділ қазы – уақыт», -дейді академик Р.Нұрғали. Рас, 

құдіретті уақыт ерте ме, кеш пе өзінің сүйікті кейіпкерін аренаға шығарады. Уақыт 

таразысы  танытқан  осындай    тұлғалардың  бірі  –  адами  болмысымен,  ұстаздық  

ұлағатымен, саналы өмір өрнегімен дараланған Отарәлі Бүркітов.

Кітап – ғалым, 

тілсіз мұғалім

Қазіргі  заманда  кітап  оқу  деген,  соның 

ішінде көркем әдебиет оқу деген таңғаларлық 

құбылысқа айналып бара жатқан секілді. «Қандай 

кітаптар оқыдың?» - деп сұрақ қоятын жандар 

қатары да сиреген. Ал, «Махаббат, қызық мол 

жылдар» романының желісіне үңіліп отырсам, 

көз алдыма: көп оқыған, үнемі ізденісте  жүретін, 

бірінің  оқығанын  екіншісі  қызыға  тыңдайтын, 

профессор-оқытушыларының аузынан шыққан 

әр  сөзді  маржан  деп  ұғатын,  тіпті  олар  оқып 

болған шығармасынан алған әсерін баяндап-

жазып жүретін, нағыз ХХ ғасырдың интеллигент 

азаматтары елес береді. Ол заманның Меңтай 

мен Ерболдары қазіргі Меңтай мен Ерболдарға 

шаң жұқтырмастан оза шауып, бәйгенің көшінде 

келеді. Тіпті, оларды салыстырып, салғастырудың 

өзі жер мен көктей емес пе? Әлі оқып бітірмеген 

Меңтай «Одессея» романын Ерболға бірге оқып 

бітіріп тастайық дегенде қай заманның Ерболы 

келісе салып, оқиды дейсің?! Ал ол заманның 

Ерболы олай етпейді. Ол бар ықыласымен, қызға 

деген махаббатын ту етіп, біртабан жақын болай-

ыншы деп, сол қалың кітап арқылы жақындағысы 

келеді. Олар кітап оқығанда немесе өздерінің 

жазған  естеліктерін  тыңдағанда  құдды  бір 

«періштенің жолдан алтын көргеніндей» соған 

беріле  отырып,  білгеннің  үстіне  біле  түскісі 

келеді.  Олар  өмірге  кітап  тұрғысынан  қарап, 

кітаптағы кейіпкерлер арқылы бой түзейді. Тіпті, 

ол заманның жастарының сабаққа қатысып, ол 

сабақтан  қандай  әсермен  шығатындықтары 

сөзбен айтып жеткізгісіз. Көңілдері адал махаб-

бат пен жар сүюді, жандары соғыссыз бейбіт 

өмірді тілеп тұратын Ерболдардың сүйікті ба-

ратын орындарының бірі – театр. Меңтай мен 

Майраны  іздеп  барған  Ерболды  профессор 

Әуенов  театр  қабырғасына  «Қобыландыны» 

көруге келгенін көріп әбден қуанады емес пе? 

Бұл  жерде  оқи  отырып  менің  есіме  өзіміздің 

профессор-оқытушымыз С.Ғ.Шарабасов ағайдың 

айтатын  сөздері  өз-өзінен  құлағыма  келіп 

құйылып жатқандай болды. Профессор Әуенов 

ол заманда «дұрыс, театрға барыңдар!» деп өз 

шәкірттеріне айтса, менің заманымда да «дұрыс, 

қарақтарым, театрға барыңдар!», дейді ағай.



Айсана ҚАСен, 

филология: қазақ тілі мамандығының 

1 курс студенті

Тағзым. Тағылым

Жеңіс! Осы бір сөз әрбір адамзат баласы 

үшін қасиетті де, құдіретті! «1418 күннің әрбір 

минуты мен сағаты өлім мен өмір арпалысқан 

зұлмат уақыт еді!» - деп атам күрсініп отыру-

шы еді. «Дауысы жердің астынан шыққандай 

нәлет  немістермен  соғыс  қазақ  үшін  соңғы 

соғыс болсын, әрі қарай еліміздің аспанына 

қара бұлт үйірілмесін» - деп асын қайырып, 

батасын беретін аяулы атам. Жақында әжем 

екеуіміз қырат басындағы атамның зиратына 

бардық. Әжем баяу дауыспен барша дәметкен 

аруақтарға  құран  бағыштады.  Ал  мен  атам 

үнемі  жаратушыдан  тілеген  бейбітшіліктің 

елдегі есендігін сездірейін деп, іштей күбірлеп 

мына бір жыр шумақтарын оқыдым. 

67 жыл үзілмеді құстар әні,

Кетті енді сұм соғыстың қыспақ әні.

67 жыл фашистің ажал оғы.

Біздің елдің үстімен ұшпағалы.

Менің әдебиетке жақындығымды аңғарған 

атам  көзі  тірісінде  «Майдан  даласын,  окоп 

шындығын білгің келсе, оқ пен оттың ортасынан 

аман-есен  келген  Бауыржан  Момышұлының 

«Москва  үшін  шайқас»,  Тахауи  Ахтановтың 

«Қаһарлы күндер», Әбдіжамал Нұрпейісовтың 

«Курляндясын» оқы!» деп кеңес беріп отырушы 

еді. 

Атасы-ау, онсыз да кітаптан бас алмайтын 



кішкентайға ауырлық етіп жүрмей ме?»- деген 

әжем қаупіне.

Менің  жаным  жазушы  болады,  жастайы-

нан  жадына  жақсылықты  тоқи  берсін  -  деп 

отыратын.

Ұлы  Отан  соғысы  тақырыбына  әлі  талай 

буын  қалам  тербеп,  өз  сөзін  айтары  белгілі. 

Бір  анық  -  соғыс  ол  терең  өрт.  Шарпылған 

тағдырлар, елдер мұның зардабын ұзақ уақыт 

тартуда.  Бүгінгі  бейбіт  өмірде  сұм  соғыстың 

салдарын байқауға болады. Қираған қалалар 

мен өртенген өңірлер қалпына келді дегенмен, 

соғыстың  қасіреті  батпандап  кірген  аурудай 

67 жыл бойы мысқалдап шығуда. Мұны «Қара 

шал»,  «Қара  кемпір»  секілді  циклдік  мұңлы 

өлеңдерден көруімізге болады.

Бүгінгі  буын  майдан  мен  тыл  ерлерінің 

қаһармандығы мен ержүректігін, табандылығы 

мен мұқалмас ерік-жігерін зор құрмет тұтады. 

Соғыс  даласынан  оралмаған  боздақтарға 

барша  қауым  бас  иіп,  тағзым  етеді.  «Ешкім 

де,  ешқашан  да  ұмытылмайды!»  деген  ұлы 

сөз  ұрпақтан-ұрпаққа  аманат  болып  қала 

бермек. 9-мамыр - біздер үшін «Туған жерге 

туың тік!» ұстанымымен есте қалар, жеңіске 

бастар жұлдызды күн.

Біз бақытты ұрпақпыз! Құдайға шүкір, қазақ 

халқы бүгін тәуелсіз ел! Ел аман, жұртымыз 

тыныш,  бейбіт  өмір  кешуде.  Бала  жүрегі 

өтірік  айтпайды,  мен  де  өтірік  айтпаймын. 

Осындай  бейбіт  өмір  кешіп  отырғанымыз 

ата-бабаларымыздың  арқасында.  Менің  де, 

сенің де атаң біз үшін тәнін жаралы, жанын 

құрбан етті. Әрдайым күннің нұры төбемізден 

кетпесін!  Махамбет  бабамыз  айтқандай 

«Артымыздан ақырып теңдік сұрайтын» ұрпақ 

өсе  берсін!  «Тау  алыстаған  сайын  биіктей 

түседі» - демекші Сіздер жасаған ұлы ерліктер 

уақыт өткен сайын асқақтай түспек. 

Гүлім АБДУловА,

қазақ тілі мен әдебиеті 

мамандығының 2 курс студенті

Дню рождения Поэта посвящается



“Пушкин есть явление чрезвычайное и, может быть, единственное явление русского духа: это русский че-

ловек в его развитии, в каком он, может быть, явится через 200 лет”. 

н.Гоголь

6  и ю н я  к а -

ф е д р о й  о б ще -

го  языкознания 

и  перевода  был 

проведен  тради-

ционный  празд-

ник  Пушкинской 

поэзии, на котором присутствовали студенты, 

магистранты, преподаватели.



Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет