№7 (879) маусым 2012 жыл


Әне-міне дегенше, міне, биыл тағы да бір оқу жылы зырғып өте шықты.  Біздің ақындықтың алдаспаны, намыстың наркескені М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет6/10
Дата11.01.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

Әне-міне дегенше, міне, биыл тағы да бір оқу жылы зырғып өте шықты.  Біздің ақындықтың алдаспаны, намыстың наркескені М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік 

университеті де бұл оқу жылын жақсы қорытындылап, артқа тастады. Осынау қасиетті қара шаңырақтан түлеп ұшқалы отырған биылғы 2012 жылғы түлектеріміз өздері 4 жыл оқыған білім 

ордасымен қош айтысып, өмірдің жауапты кезеңіне жолдама алмақшы. Алайда, осы орайда ойымызға сан сұрақтар оралады. «Түлектеріміздің осы 4 жыл бойына оқыған мамандықтарына 

көңілдері тола ма?» «Университет қабырғасынан қалаған мамандығы бойынша толықтай білім алып, игеріп шыға алды ма?» «Болашақта мамандықтарына сай жұмыстар таба ала ма?»

Міне, біздерді мазалаған дәл осылар сынды толассыз сұрақтарға жауап іздеу мақсатында биылғы түлектеріміздің өздерімен сұхбаттасқанды жөн санап, нәтижесін сіздердің 

назарларыңызға ұсынып отырмыз. Түлектеріміз не дер екен?

нұрлан Ақжігітов,

сәндік-қолданбалы өнер мамандығының түлегі:

- Мен алғашқыда дизайнер мамандығы бойынша оқуға тапсырмақ 

болғам. Бірақ, оған қосымша сурет және сәндік-қолданбалы өнер 

мамандығы бойынша да шығармашылық байқаудан өтуді жөн са-

надым. Нәтижесінде, бағым жанып, өзім оқып аяқтағалы жатырған 

мамандықтың грант бөліміне оқуға түстім. Жалпы осы мамандыққа 

келуіме анам басты себепкер болды десем өтірік айтқаным бол-

мас. Олай дейтін себебім, кішкентай кезімде анам мені осы Орал 

қаласындағы Сәкен Гумаров атындағы көркемсурет өнері мектебіне 

баруымды жөн санап, бағыт берген болатын. Жеке өзінің де маған 

үйреткен өнері мен берген тағылым-тәрбиесінің де ықпалы зор. 

Университет қабырғасында жүргенімде, «Еxclu�i�e fa�hion» сән 

театрының ұйымдастырушыларының бірі әрі арнайы дизайнері болып 

өз тәжірибемді жинақтадым. Енді, мінеки, мамандығыма сай дизайнер 

ретінде жұмыс жасап бастап та кеттім. Мамандығым да, жұмысым 

да өзіме қатты ұнайды. Әр жұмысқа барар күнім мен үшін мереке 

күнінен артып түспесе, кем түспейді. Жұмыс барысында қиындықтар 

да боп тұрады. Керісінше, сондай сәттер мені шыңдап, өз мамандығыма деген махаббатымды арттыра 

түседі. Бәрімізге де аян, өмірде оңай ештеңе де болмайды. Мұндайда, ең бастысы, қызығушылық пен 

ынта-жігер басты назарға ілігеді. Осы орайда менің де осы өз мамандығыма деген қызығушылығым 

мен икемділігімді шыңдаған, сәндік-қолданбалы өнер, зергерлік, дизайнер мамандығын толық игеріп 

шығуыма орасан үлкен септігін тигізген «Көркем-қолданбалы өнер» кафедрасының ұстаздарына, 

сондай-ақ өзім үлгі тұтатын ұстазым Сарманбеков Төлепберген Рахимұлына, кураторым Есенғалиева 

Әлия апайға және сонымен қатар сән театрының жетекшісі Эльвира Елемесқызына шәкірті атынан 

шексіз алғысымды білдіремін.

елдана Асылханқызы, 

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының түлегі:

- Бұл мамандықты жүрек калауыммен таңдадым. Кiшкентайымда 

атам: «Кiмде-кiм басқалар бақытты болсын деп бар ғұмырын сарп 

етсе, оның жаны әсемдiкке бөленiп, жұлдызы жана түседi», - деп 

айтып отырушы едi. Міне, сондықтан да жастайымнан бар саналы 

ғұмырын ұстаздыққа арнаған атамның жолын қууды, үмiтiн ақтауды, 

ең бастысы, қазiргi бiлiмдiлердiң ғасырында толыққанды тұлға болып 

қалыптасуды армандадым.

Осы арманым менi Ақжайықтың төсiнен орын тепкен Махамбет 

атындағы бiлiм ордасына алып келдi. Аталған оқу орнында тәлiм 

алған жылдары адам ретiнде рухани жағымнан өсiп, тұлға болып 

қалыптастым, сауатты маман болып жетiлдiм.

Сондықтан  да  туған  университетiме  айтар  алғысым  шексiз. 

РАХМЕТ САҒАН, УНИВЕРСИТЕТ! 



Ибрагим Джантулин, 

вокалдық өнер мамандығының түлегі:

- Менің негізі бұл мамандыққа келуіме, осы білім ордасынан 

өнерімді жетілдіру үшін білім алуыма зор ықпалын тигізген досым 

Джаумбаев Тарас болатын. Алдымен, сөз басында маған айқын да 

кемелді жөн сілтеген досыма ерекше алғысымды білдіремін. Мен 

жалпы осы мамандықта оқи жүріп, алғашқы тәжірибемді қалалық 

мәдениет үйінде шыңдай түстім. Ал бүгінгі таңда филормониядан 

арнайы шақырту алып, сонда солист болып жұмыс жасап жатырған 

жайым  бар.  ІІ  курстан  бастап  жасап  жатырған  бұл  жұмысымды 

ешқандай да қиынсынбаймын. Өйткені, ән өнері маған Тәңірдің берген 

сыйы – табиғи дарын боп қалыптасты. Бұл өнердің қыр-сырын терең 

түсіне білудің өзі де бір ғанибет. Сондықтан менің өнерімді қолдап, осы 

жолда өздерінің ақылы мен тағылымын беріп, өнердің асқақ лебі мен 

өміршең қағидаларын бойыма сіңірген Маулетова Таися, Рахимова 

Жұмағаным есімді ұстаздарыма үлкен алғысымды жеткізгім келеді.

нұрлыбек Тәжкенов, 

мемлекеттік және жергілікті басқару мамандығының 

түлегі:

- Мен кішкентайымнан өзім армандағандай, мектепті бітіре салы-

сымен осы мамандыққа түсуді алдыма ең басты мақсат етіп қойдым. 

Осы мамандықта оқып жатырғаныма өкінген емеспін. Бұл мүмкіндігі 

көп мамандықтың бір артықшылығы десем де болады, біздер эко-

номика мен менеджмент мамандығын да қатар алып шыға аламыз. 

Сондай-ақ,  білімімді одан әріге шыңдап, нағыз өз ісінің маманы болу 

мақсатында магистратурада оқу жоспарда бар. Мамандығым бой-

ынша тәжірибе жинақтап та үлгердім. Қазір жұмыс қарап жатырмын, 

болашақта мүмкіндігінше мемлекеттік қызметте жұмыс жасасам ба 

деген ойдамын. Мамандығым өзіме қатты ұнайды, көңілімнен шығады. 

Өзімнің жүрек қалауыммен келген бұл мамандықты игеруіме бірден-

бір септігін тигізген оқытушы-ұстаздарыма, сонымен қатар «Жастар» 

даму орталығына деген ыстық ықыласым мен алғысым шексіз.



Гүлназ Құсайынова, 

вокалдық өнер мамандығының түлегі:

- Менің бұл мамандыққа келуіме себепкер болған өз отбасым 

десем қателеспеспін. Бұл табиғи дарын тек маған ғана емес, жалпы 

біздің отбасымызға дарыған. Сол өнерді жете түсінетін ортадан 

шыққаныма қуанамын.

Сондықтан осы өнерді жақсы меңгерсем, қыр-сырларына терең 

үңілсем деген арман жетегінде осынау алты Алашқа аты мәшһүр 

болған М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың студенті атандым. Мұқан 

Төлебаев атындағы шәкіртақы иегері болдым. Енді, міне, 4 жылда 

алған білімімімді көрсететін сәт жақындады деп ойлаймын.

Негізі мамандығым бойынша жұмыс тауып, өзімнің алға қойған 

мақсаттарымның бірі орындалды десем де болады. Бірақ ең бастысы 

– маман болу емес, адам болып қалыптасу. Сондықтан да осы өнерді 

игеру арқылы өз еліме үлесімді қосып, қазақ ән өнерінің бір сатыға 

болса да жоғары дәрежеге көтерілуі үшін барымды саламын.

Өнеріммен республикалық, облыстық, аймақтық додаларда түрлі 

жетістіктерге қол жеткіздім. Осы орайда бұл өнерді кәсіби жағынан 

жетік меңгеруіме себепкер болған Маулетова Таися Қияқбайқызы мен Санбаева Наталья Садровна 

сынды ұстазарымның есімдерін ерекше атап өткім келеді. Оларға деген шексіз алғысымды білдіре 

отырып, еңбекте шығармашылық табыстар тілеймін.



Жансая Қанатқызы,

хореография мамандығының түлегі:

- Жалпы бұл мамандыққа өз жүрек қалауыммен, ата-анамды 

тыңдамай түскен едім. Бәрінен бұрын әкем қаламаған еді. Бірақ 

кейіннен ойлары өзгеріп, керісінше менің әр жеткен жетістіктерім 

үшін қуанып, маған осы өнерде шыңдала түсуіме рухани күш-қуат 

беріп отырды. Осы оқуға түсуім үшін мені арнайы дайындап, көмек 

көрсеткен Алькеева Салтанат есімді ұстазым еді. Алдағы уақытта, 

бұл оқуды да бітіргелі тұрмын. Айналасы осы 4 жылда дәріс берген, 

білімімен сусындатқан кафедра меңгерушісі Айтқалиева Қарлығаш 

Дайырғалиқызын осы орайда ерекше атап өткім келеді. Ол кісіге 

басымды иіп, шексіз алғысымды білдіремін.

Бүгінде бар алған білімім зая кетпей, мамандығым бойынша 

жұмыс та таптым. Көңілімнен шығады. Егер шын ықыласымен жұмыс 

істеймін деген кісі болса, жұмыс көп. Әсіресе, осы хореография, яғни 

би өнері мамандығы бойынша. Қазақта Абай атамыз қалдырған нақыл 

сөз бар емес пе? «Еңбек етсең ерінбей, тояды қарның тіленбей». Оңай 

ештеңе де болмайды, бәрі де еңбектенсең ғана болады. Бар еңбегімді 

сарп ететін өз  мамандығымды қатты сыйлаймын және осы мамандықты игергеніме қуаныштымын. 

Универсиет ұжымына биік белестер тілеймін.

Күлім Гумарова, 

Мәдени-демалыс жұмысы мамандығының түлегі:

-  Оқып  бітіріп  жатырған  мамандығым  -  «Мәдени-демалыс 

жұмысы». Мамандығым бойынша қаңтар айынан бері қаламыздағы 

«Зенит» мәдениет сарайында ұйымдастырушы-әдіскер болып жұмыс 

жасап келемін. Мамандық таңдауда қателеспеген болсаң, міндетті 

түрде көңіліңнен шығады, өз басым адамдармен, топпен жұмыс 

жасағанды жақсы көремін, мамандықты мектеп қабырғасында білім 

алған кезімде таңдағанмын, «Мәдениет және өнер» факультетінің 

ұйымдастыруымен  өткізілетін  «Жас  Дарын»  байқауына  қатысу 

арқылы келдім. «Зенит» мәдениет сарайы ұжымымен үйренісу қиынға 

соққан жоқ, өйткені біздің топ студенттері сол мекемеде мемлекеттік 

машықтан өткен болатынбыз, оған қоса өзім 3 жыл көлемінде БҚМУ 

«Студенттік өзін-өзі басқару» бөлімінде жұмыс атқардым, ол жерде 

жинақтаған тәжірибем мен Дәрішева Түймеш Малбағарқызы сынды 

ұстаздан үйренген өз ісімізге жауапкершілікпен қарау қасиеттері 

жұмысыма  тез  бейімделуіме  көп  септігін  тигізді.    Маман  болып 

қалыптасу жолымда үнемі қолдау көрсетіп келген ата-анама, білім 

нәрімен сусындатқан ұстаздарыма алғысым шексіз. Білім ордамыздың мәртебесі асқақтап, үлкен 

жетістіктерге қол жеткізе берсін.

Дастан Зейнуллин, 

қазақ тілі мен әдебиеті мамандығының түлегі:

- Мен, ақиқатын айтар болсам, өзім тәмамдағалы отырған бұл 

мамандыққа өз қалауыммен келмеген болатынмын. Алайда, уақыт өте 

келе өзімнің ана тілімнің дәрежесін асқақтатуға деген құлшынысым 

мен білікті маман ұстаздар қауымының дәріс, тағылымдары менің 

бұл мамандыққа деген көзқарасымның өзгеруіне себепші болды. 

4 жыл алған білімім зая кетпей, Қаратөбе ауданынан мамандығым 

бойынша жұмыс табылып отыр. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы 

бойынша сол ауылға бару жоспарда бар. Осы жолда өзінің уақытын 

аямай, өзгенің бақытын аялай білген ұлағатты ұстаздар қатарын 

толықтырып, түп шежіресі сонау түркілерден бастау алатын қазақ 

халқының  әдеби  мұралары  мен  рухани  құндылықтарының  асқақ 

лебін жас буынға қаз-қалпында жеткізсем, көкейлеріне құйсам деймін. 

Алдыма осыншама мақсат қойып, шыңдала түсуіме бірден-бір септігін 

тигізген әрі менің өмірдегі бағытымды айқындап берген ұстаздарыма 

айтар алғысым шексіз.



Анар Үмбетова, 

филология: қазақ тілі мамандығының түлегі:

- Мен өз мамандығым бойынша жұмыс жасағым келеді. Көбіне іс-

қағаздармен жұмыс жүргізу ұнайды. Біздің мамандығымыз бойынша 

колледжде де мұғалім болуға болады. Оқушылармен салыстырғанда, 

әсіресе,  студенттермен  жұмыс  жасаған  тиімдірек.  Өйткені,  осы 

жылы біздер Ж.Досмұхамедов атындағы педагогикалық колледжде 

мемлекеттік сараманнан өткен болатынбыз. Осы сараман барысын-

да сабақ үстінде де, түрлі мерекелік іс-шаралар ұйымдастыруда да 

студенттермен тіл табысу еш қиындық тудырмады. Ендеше, алдағы 

уақытта да ешқандай да қиындық болмай, жақсы оқытушы бола 

аламын деген ойдамын.

Әділжан елешов, 

музыкалық білім беру мамандығының түлегі:

- Мен осы 4 жыл бойына алған теориялық білімімді практикалық 

тұрғыда көрсететін сәттерге де таядым. Бар мақсатым, маған үміт 

артып отырған ата-анам мен менің бұл мамандықты игеруіме септігін 

тигізген ұстаздарымның сенімін ақтау. Болашақта өзім  бағымды 

сынамақ оймен түрлі өнер додаларына, конкурстарға қатысу жос-

парымда бар. Мамандығыма сай жұмыс жасап қана қоймай, осы 

шығармашылық  байқауларға  дайындығымды  да  пысықтайтын 

боламын.

Алдағы уақытта өнерден бөлек мамандықты да қоса меңгеріп 

шықсам  деген  ойымда  бар.  Мүмкін  сол  мамандық  бойынша  да 

жұмыс жасап кетуім ғажап емес. Бірақ бұл өнерден біржолата қол 

үзіп кетемін дегенді білдірмейді. Өнерді де қатар алып жүретін бо-

ламын. Қалай десек те, бәрі болашақтың еншісінде. «Саф алтын қап 

түбінде жатпайды» деген аталы сөз бар емес пе? Бойыма дарыған 

табиғи дарынмен қоса алған музыкалық білімім еш кетпейді деп нық 

сеніммен айта аламын. 

Түлектермен сұхбаттасқан: Әйгерім ҚАУен, 

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың 1 курс студенті


№ 7 (879) маусым 2012 жыл

12

Әр ғылымның түп шарты - ақиқат 



Ақмолла

№5, маусым 2012 жыл

Тарих және құқық факультетінің жаршысы

Единство


 

образования и науки

На сегодняшний день на кафедре Всемирной истории и со-

циально- политических дисциплин работает 21 преподаватель. 

Наши преподаватели А.М.Нургалиева, Х.И.Кожабергенова, 

А.Ш.Журасова,  П.А.Добряев,  Д.Б.Абулкасова,  Т.Т.Шайхиев, 

Г.Н.Есеева  на  протяжении  многих  лет  обучают  студентов 

специальностей кафедры. Доктор исторических наук, доцент 

А.М.Нургалиева  опубликовала  свыше  65  научных  работ,  1 

монографию «Очерки по истории ислама в Казахстане», за 

последние 3 года выпустила 2 учебных и учебно-методических 

пособия. Ветеран университета кандидат исторических наук, 

доцент Х.И.Кужабергенова имеет более 35 научных работ, 

выпустила в 2011г. учебное пособие. Д.Б.Абулкасова, кандидат 

социологических наук, старший преподаватель,

 

имеет 30 на-



учных трудов, 3 учебно-методических пособия; А.С.Аманбаев, 

кандидат исторических наук, старший преподаватель, имеет 

10 научных трудов;  П.А.Добряев, кандидат философских наук, 

доцент ЗКГУ им.М.Утемисова, имеет более 30 научных трудов, 

2  учебно-методических  пособия;  А.Ш.Журасова,  кандидат 

исторических наук, старший преподаватель, имеет 26 науч-

ных трудов, 3 учебно-методических пособия; Г.Б.Мулдашева, 

кандидат философских наук, старший преподаватель, имеет 

33 научные работы. Только за прошедшей год преподавате-

лями кафедры опубликовано более 35 научных работ, издано 

5 учебно-методических пособия, организована и проведена 

международная научно-практическая конференция «Казахская 

государственность: исторический перелом и устремленность в 

будущее (1991-2011г.г.)», посвященная 20-летию Независимости 

Казахстана.  Преподаватели  К.М.Науанова,  Г.Н.Есеева, 

Э.С.Хабиева, А.Ж.Аменов приняли участие в международной 

научной конференции, организованной Саратовским государ-

ственный университетом им. Н.Г.Чернышевского «Россия - СНГ: 

интеграционные стратегии в условиях многовекторного раз-

вития постсоветского пространства», посвященной 20-летию 

СНГ. Наши преподаватели постоянно участвуют в конкурсах 

инновационных проектов, научных исследований, привлекая 

к этой работе студентов. Воплощением научных достижений 

является учебные успехи студентов.

Кафедра  осуществляет подготовку обучающихся по 3 

специальностям:  «Регионоведение»,  «Международные  от-

ношения», «Социология». Из 145 студентов  по государствен-

ному образовательному гранту обучаются 11 студентов. На 

казахском языке обучаются 63 студента, на русском языке – 82 

студента. Успеваемость студентов за первый семестр по дис-

циплинам этих специальностей

 составляет 99,3%, средний 

балл составил  90/А-/3,67 и вырос на 6 баллов по сравнению с 

первым семестром прошедшего учебного года. На «отлично» 

и «хорошо» завершили  первый семестр 114 студентов. Более 

высокие результаты продемонстрировали студенты специаль-

ности «Социология», а лучшими учебными достижениями своих 

подопечных могут гордиться кураторы групп  07107, 07405, 

07404, 07413 А.Ш.Журасова, Б.М.Мырзабаева, А.Ж.Аменов, 

студенты которых занимаются на «отлично» и «хорошо». 

Гордостью нашей кафедры и факультета является студент-

ка Динара Мергенева (07308 гр.), которая удостоена именной 

стипендии Президента РК  Н.А.Назарбаева за отличную учебу. 

Она принимает активное участие в общественной жизни не 

только факультета, но и университета. В группе 07205 учит-

ся студенческий декан факультета Б.Баянгалиева, которая  

является отличницей учебы, организатором интересной сту-

денческой жизни. Староста группы 07404 К.Бакишева также 

учится  на «отлично». 

Отрадно,  что  студенты  первого  курса  успешно  сдали 

экзамены  зимней  сессии:  успеваемость  -  100%,  средний 

балл- 89/В+/3,33, на «отлично» и «хорошо» завершили свой 

первый семестр в университете 26 студентов.

 

Успеваемость  



студентов  за  второй  семестр  по  дисциплинам  специаль-

ностей «Социология», «Регионоведение», «Международные 

отношения» на всех курсах составляет 92,5%, средний балл 

- 88/В+/3,33, качество знаний - 76,2 %. В целом большинство 

студентов продемонстрировало хорошие показатели по итогам 

летней сессии и переведено на следующий курс обучения.  

Наши выпускники – студенты групп 07405, 07404,07413 успеш-

но сдали государственные экзамены и защитили дипломные 

работы на «отлично» и «хорошо».

Перед  преподавателями    кафедры  стоят  большие 

задачи,  связанные  с  открытием  новой  специальности 

«Религиоведение», с осуществлением программы академи-

ческой мобильности студентов.

К.м.нАУАновА, 

завкафедрой всемирной истории и 

социально-политических дисциплин

В целях гармоничного воспитания личности

Целью воспитательной работы, проводимой в нашем вузе, 

является воспитание гражданина, обладающего позитивным, 

созидательным мировоззрением, способного делать осознанный 

выбор и принимать самостоятельные решения. Очень важным 

направлением в работе является раскрытие творческого потен-

циала студентов, формирование постоянно совершенствующейся 

личности, обладающей прочным нравственным стержнем, а также 

воспитание у студентов социально-значимых ценностей, граждан-

ственности и высокого патриотического сознания. Важное место 

в  воспитательном  процессе  уделяется  вопросам  социальной 

защищенности студентов. 

Для достижений всех этих задач воспитательным отделом вуза 

ведется очень обширная  и разноплановая работа. Так, на протяже-

нии  учебного года на факультете истории и права было проведено 

большое количество мероприятий. Безусловно, каждое из них, 

преследовало определенную цель в воспитательном процессе. 

Такие мероприятия, как «Посвящение в студенты», «Мисс Осень», 

праздничный концерт к Международному Женскому дню – 8 Марта, 

театрализованное представление, посвященное празднованию 

праздника «Наурыз», участие в фестивале «Студенческая Весна» 

и  других  концертных  конкурсах,  безусловно,  способствовали 

развитию творческого потенциала студентов, ознакомлению их с 

традициями нашего факультета и университета, содействовали 

сплочению студенческого коллектива и созданию в нем созда-

нию  атмосферы  единства  и  дружбы.  Большую  важность  для 

развития интеллектуального потенциала, воспитания патрио-

тизма, толерантности и нравственных качеств наших студентов, 

представляли такие мероприятия, как конкурс патриотической 

песни, конкурс стенгазет, интеллектуальные игры, круглые столы 

и встречи и т.д. Студенты факультета участвуют в различного 

рода спортивных соревнованиях, как внутри  университета, так и 

и за его пределами. Так, студент нашего факультета Еркебулан 

Самарканов является мастером спорта по волейболу и входит в 

молодежную сборную Казахстана по волейболу. Можно отметить 

спортивные достижения таких студентов, как Армат Рахимов, 

завоевавший второе место в республиканских соревнованиях по 

самбо, а также первокурсника Армата Трумова, занявшего ряд 

призовых мест в соревнованиях университетского и областного 

уровня по армреслингу.  Студенты  факультета приняли активное 

участие в программе по озеленению города, в субботниках по 

очистке города. Воспитательная работа находит свое отражение 

на страницах газеты «Оркен». Студенты публикуют в газете статьи 

о мероприятиях, проводимых на факультете, о своих спортивных 

и научных достижениях. Это делается для того, чтобы эта газета, 

стала по настоящему студенческой. Кроме того, для студентов 

создается прекрасная возможность попробовать свои силы в 

сфере журналистики. 

Таким образом, можно сказать, что в стенах факультета про-

водится очень большой объем работы, необходимый для гар-

моничного воспитания личности в стенах нашего университета. 

Надеемся, что будущий учебный год, будет таким же насыщенным 

и динамичным. Если мы будем работать, как говорится, «с огонь-

ком», то нам по плечу любые задачи!    

Г.н.еСеевА, 

заместитель декана по воспитательной работе 

факультета истории и права 

Вот уже выпускной вечер и вручение дипломов, а ведь 

еще четыре года назад, мы стояли перед выбором дороги, и 

судьба нас свела в старейшем университете страны, в ЗКГУ 

им.М.Утемисова. 

Каждый из нас, вчерашних школьников и школьниц, даже 

представить не мог, что именно здесь, в стенах университета, 

он обретет новую семью. Семью, которая будет подталкивать к 

новым победам, искать новые возможности друг для друга, со-

переживать, вместе праздновать достижения высот и, конечно 

же, наслаждаться каждым незабываемым учебным днём. 

Новые знания повышают самооценку. Первые научные ис-

следования  добавляют азарта. Новые друзья придают уверен-

ности в себе. Целеустремленность и настойчивость, инициатива 

и  самостоятельность  начинают  приносить  реальные  плоды: 

истории  и  социально-политических  дисциплин.  Спасибо  вам 

за теплоту, заботу, внимание и понимание. Приятно знать, что 

мы всегда можем обратиться к вам за помощью и быть уверен-

ными,  что  вы  всегда  нас  поддержите.  Всех  преподавателей  

университета благодарим за интереснейшие и познавательные 

лекции, где теоретические знания подкреплялись примерами из 

реальной жизни, за терпение и труд. Опыт, который вы вложили 

в нас - бесценен.

Уважаемые абитуриенты и студенты, не тратьте зря время, 

используйте это время, потому что студенческие годы не вер-

нуть, и их продолжительность коротка. Цените каждый момент, 

проведенный вместе с одногруппниками, ведь на протяжении 

4-х лет вы проведете друг с другом большую часть времени, 

старайтесь лучше узнать друг друга, помочь в трудных минутах 

жизни, ведь ваша тонкая связь, это не только университет. И, 

конечно же, радуйтесь ярким моментам, которые украшают нашу 

повседневность!



С.ДАУТКУловА, 

студентка группы 07406

Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет