№7 (879) маусым 2012 жыл


К внутренней стороне войлочной накидки двери юрты



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет5/10
Дата11.01.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

К внутренней стороне войлочной накидки двери юрты 

пришивалась узорная циновка - шым есік.

Завидные свойства юрты: сохранять тепло, компактность при 

транспортировке, легкость установки и разбора – были использо-

ваны в годы первой мировой войны, в Великую Отечественную, 

во время землетрясения 1988 года в Армении, когда сотни тысяч 

людей остались без крова.

Трудно переоценить достоинства юрты, своеобразного ше-

девра многовековой культуры казахского народа, ей отдается 

справедливое признание как лучшему переносному, экологиче-

ски чистому виду жилища.



По материалам интернета

№ 7 (879) маусым 2012 жыл

9

Ұстаз бақыты



Ұстаз бақыты

«Бақыттың мәні – парасаттылықта!»

Әбу насыр әл-Фараби

Ұстаз сөзінің ұғымы кең. Оның негізгі мәні жақсылыққа, өмірде өзі бақытты 

болып, өзгені де бақытқа жеткізуге үйрету, тәрбиелеу дегенді білдіреді. 

Шындығында ұстаздық қызметтің қыр-сырына терең бойласақ, олар ұлы 

істер, ұлт мерейін өсірер керемет шаруалар тындырып жатқан жанкешті жандар. 

Сондықтан  ұстаздарға бүгінгі қоғамның ең құрметті, ең сыйлы адам деп бас 

июіміз керек.

Осындай  ұлағатты  ұстаздардың  бірі  –  Орал  қаласындағы  А.Тайманов 

атындағы №34 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәнінің жоғары санатты 

мұғалімі, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,  осыдан 32 жыл бұрын 

1980-1985 жылдар аралығында жоғары білім алған,  А.С.Пушкин атындағы Орал 

педагогикалық институтының (ағылшын және неміс) шет тілдер факультетінің 

түлегі  –  Тасанова  Роза  Төлеуқызы.  Өзінің  студенттік  кезіндегі  құрметті 

ұстаздарын үнемі мақтан тұтады, олардың біліктілігін, біріне-бірі ұқсамайтын 

жаңашылдығын әр кез мақтанышпен еске алады. 

Білімді  үйрену,  оны  басқаларға  үйрете  білу  -  ұстаздық 

еңбектің бір қыры. Роза Төлеуқызы – кәсіби шеберлігін жаңашыл 

педагогикалық  идеялармен  толықтырып  отыратын  ізденгіш, 

зерттеуші  ретінде  әр  оқушының  жүрегіне  жол  тауып  жүрген 

жайсаң жан. Өз пәнінің терең білгірі жаңа технологияны, этно-

педагогиканы оқу-тәрбие үрдісінде шебер пайдаланады. Дүние 

жүзіндегі қарым-қатынас, экономика, мәдениет және де басқа 

салаларда ең маңызды орынды иеленіп тұрған тіл – ағылшын 

тілін оқушыларға терең әрі жан-жақты  түрде үйретіп игертуде 

өз  ісіне  шын  берілген,  қажымай-талмай,  үнемі  ізденіс  үстінде 

жүретін,  жаңа  іске  жан-тәнімен  қызыға  кірісетін,  сабақтың  әр 

бөлігін бүге-шүгесіне дейін ойластыратын – Роза Төлеуқызы. 

Ұстаз: «Бүгінгі жас ұрпақ – еліміздің ертеңі, болашақ жоғары 



білімді мемлекет қайраткері, қоғам қайраткері. Оның өз ана 

тілін  –  мемлекеттік  тілді  игеруі  –  азаматтық  парызы,  ал 

шет тілін білуі - міндеті. Біздің келешек ұрпағымыз жастар – 

әлемдегі тілдердің бәрін меңгеріп, халықаралық деңгейде өзін, 

елін танытса, білімін елінің өркендеуіне қолданса, өздерінің төл 

мәдениетін, тілін, оқып үйреніп отырған елдің мәдениетімен 

салыстыра алу, әртүрлі әлеуметтік орталарда қабылданған 

және қолданып келе жатқан мәдениеттердің, нормалардың 

міндеттер  мен  құқықтардың  ерекшеліктері  мен  ортақ 

белгілерін ажырата білсе, бұл - біз үшін зор жетістік!» дейді.

Сондай-ақ, ол әріптестеріне жанашыр, қамқор, ақыл-кеңесші 

де. Үлкен-кішіге мейірбан, кішіпейіл, қарапайым мінезімен сый-

құрметке бөленген жан. Ұстаз қызметінің нәтижесі де, таразысы 

да – білім берген оқушыларының түрлі байқаулар мен олимпиада 

барысында  жүлделі  орындар  иеленген,  Қазақстанның  түкпір-

түпкірінде  жоғары  білім  алып,  еліне  адал  қызмет  етіп  жүрген 

шәкірттері. Ұстаз еңбегі Елбасының «Қазақстан Республикасы 

Тәуелсіздігінің  10  жылдығына  орай»  мерекелік  медалімен 

марапатталды.

Ұстаздың тағы бір қыры өнер адамы екендігінде. Ол шәкірт-

терін, мектеп мұғалімдерін шығармашылық жұмыстарға баулып, 

олардың шеберлігін шыңдау ісіне, талғам мәдениетіне көп көңіл 

бөледі. Студенттік шағында институт жанындағы «Бипыл» би 

ансамблінің және облыстық «Ақжайық» би ансамблінің бишісі 

болды. Ата-бабадан қалған мұра – би өнерін дамытуға қосқан 

үлесіне тоқталатын болсақ «Жауқазын» би ансамблінің жетекшісі, 

облыстық байқаулардың жүлдегері атанып, екі дүркін 2006 және 

2008  жылдары  Түркия  мемлекетінде  өткен  би  фестивалінде 

Қазақстанның би өнерін паш етіп жүлдемен оралып, Қазақстан 

Республикасының Білім және мәдениет министрлігінің бекітуімен 

«Үлгілі ұжым» жетекшісі атағын алды. 

Әріптесімнің  еңбек  жолын  ашқан  А.С.Пушкин  атындағы 

педагогикалық  институтқа  (Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетіне)  80  жыл  толу  қарсаңында  тілерім  –  алар 

асуларыңыз бен шығар шыңдарыңыз биік болсын! Білім сапа-

сын өркендетіп, оның мерейін өсіруде атқарып жатқан ауқымды 

істеріңізге одан әрі шығармашылық табыстар тілеймін. Жақұттай 

жарқыраған  ұлағатты  ғұмыр,  көшбасшылық  абырой,  ғасыр 

жүгінен нәр алған, қуат алған ізденіс тілейміз! 

Сізге,  Роза  Төлеуқызы,  баянды  бақыт,  мықты  денсаулық, 

біліктілік пен ізеттілік серік болсын, ылайым!



Ж.Ә.ТАШмУхАнБеТовА,

 №34 мектеп-гимназиясының ағылшын тілі пәні мұғалімі 

Аға ұрпақтың 

өмір жолы өнеге

Жаңа жыл біздің университетіміз үшін өте бір ерекше 

жыл болып есептеледі. Бұрын  А.С.Пушкин есімімен аталған, 

қазір  жауынгер ақын М.Өтемісов есімімен аталатын БҚМУ 

өзінің 80 жылдығын атап өтуге дайындық үстінде. 

Бүгінде  білім  ордамыздың  елімізде,  ТМД  аймағында 

және Еуропаның өркениетті ЖОО арасында алатын орны 

әрбір  оқытушы  мен  шәкіртке  ерекше  мақтаныш  сезімін 

ұялататын жетістіктерімен белгілі. 

Университеттің өмірі мен тарихы мен үшін де ерекше 

бір оқиға. Аталмыш қара шаңырағымыз өзінің 30 жылдық 

мерейтойын  атап  өткенде,  мен  сол  жылы  қабылданған           

І курс студенті едім. 

Студенттік кезеңнен өтіп, оқуды тәмамдаған соң, осы 

университетке жұмысқа қалдырды. Ұстаздық қызметімнің 

университет  өмірімен  біте  қайнасқанына  50  жыл  болып 

қалыпты.  Қызмет  барысында  көптеген  жерлер  жұмысқа 

шақырды.  Ешқайда  бармадым.  Шамасы  өзімде  шәкірт 

тәрбиелеу  бәрінен  де  жоғары  қойылса  керек.  ТМД-да, 

еліміздің түрлі аймағында және ЖОО-да қызметтің түрлі 

саласында  еңбектеніп  жатқан  мыңдаған  шәкірттерімді 

жыл сайын қабылданатын жастарымызға айтып, үлгі етіп 

отырамын. 

Университеттің    тарихын  баяндауда  ұсақ  нәрсе  бол-

майтын сияқты. Шәкірт тәрбиелеп жатқан әрбір ұстаздың 

ұстаздық қызметінің титтей болса да бір сәті шәкірттерімізге 

үлкен  тағылым  деуге  болады  деп  ойлаймын.  Жастар 

тәрбиесін тиімді етудің бір жолы - аға ұрпақтың өткен өмір 

жолын үлгі-өнеге етіп қалыптастыру.

Мамандық таңдау - 

болашақты таңдау

Жалпы  адамның  өмірлік  бет  алысы  мен  өмірлік  жо-

спарлары  бір-бірімен    өзара  байланысты  өтіп  жататын 

құбылыс.  Адамның  дүниетанымдық  ізденістері  де,  сол 

өмірлік жоспарларында біртіндеп орнығып, нақтыланады. 

Мектепті аяқтағалы отырған түлектердің өмірлік жоспарлары 

бұл кезеңде әлі де бұлыңғыр және бұлар олардың арман 

дүниесінен онша бөліне қоймайды. 

Өмірлік жоспар - кең ұғым. Мұның бір түрі - мамандық 

таңдау. Бұл түсінік - көпшілігімізге өз тәжірибемізден таныс 

және  күнделікті  тіршілікте  аузымызда  жиі  қолданылатын 

ұғымдардың бірі.

Дегенмен, мектеп түлектері үшін бұл сынақ оларды нағыз 

толғандыратын әрі қиын армандардың бірі екенін көбіміз 

ескере бермейміз.

Мамандық таңдау мәселесі жасөспірімдердің алдында 

пайда болатын қиын армандардың бірі ғана емес, сонымен 

қатар оларға оқуға деген дүниетанымдық көзқарастарымен 

шектелмей, олардың психологиялық ерекшеліктеріне және 

өзін-өзі тиянақтауына тигізетін ықпалы бар психологиялық 

күш.

Осындай кезеңде олар мамандық таңдау жайында ата-



аналар мен дос-құрбылар тағы басқа да жағдайлар тарапы-

нан әр түрлі көзқарастардың ортасында болып жатады.

Тіпті  олардың  мамандық  таңдауына  кездейсоқ 

себептердің де ықпалы болады.

Бұл  істе  жоғары  сынып  оқушыларына  олардың  ата-

аналары мен мектеп ұстаздарының ықпалы ерекше орын 

алады  десек,  осы  мамандыққа  сай  мәселені  ғылыми 

тұрғыдан  мән-жайын  түсіндіре  алатын  және  тиімді  кеңес 

беретін жоғары оқу орнының мәні зор.

Нақтырақ  айтсақ,  жасөспірімдердің  өздері  қалаған 

мамандық  таңдауында  және  өзін-өзі  тиянақтауында 

кемшілдіктің болмауы үшін және өз өмірлік жоспарларын 

дұрыс анықтауына жоғары оқу орны тарапынан жүргізілетін 

кәсіби  бағдар  мен  кеңес  беру  жұмыстарының  тәрбиелік 

мәні бар.

Атап  айтсақ,  жеке  адамның  таңдаған  мамандығы 

бойынша ойдағыдай даярлық істеріне қажетті сапаларды 

қалыптастыруға бағытталған М.Өтемісов атындағы Батыс 

Қазақстан мемлекеттік университетінің кәсіби бағдар және 

кеңес беру жұмысының тәрбиелік сипаты да осында.

Адамның туа біткен кейбір табиғи қасиеттері болады, 

алайда олардың негізінде қандай қабілет қалыптасатыны, сол 

адамның тәрбиесі мен тұрмыс жағдайына байланысты.

Біреуі қалада, екіншісі ауылда оқиды. Сондықтан да  кез 

келген жағдайда мектеп оқушыларын мамандық таңдауға 

жауапкершілікпен қараудың өмірлік маңызын  білу, қалаған  

болашақ мамандығы бойынша оқуға дұрыс көзқарасының 

қалыптасуының маңызы зор.

Мектеп түлектерінің дүниетанымдық көзқарасы оқумен 

ұштасып жатады. Бұл ретте дәстүрлі өткізілетін жоғары оқу 

орнындағы «Ашық есік күндері» оқушылардың шын ұнатып, 

мейлінше бейімделген мамандығына қызығуына мүмкіндік 

жасап, олардың өзін-өзі тиянақтауына қажетті жағдайлардың 

бәрін туғызу мектеп түлектерінің мамандықты дұрыс таңдауы 

үшін басты жол болады. Бұл - бәрімізге ортақ іс.

Жасөспірім  қаншалықты  өз  болашағына  жеңілдеу  әрі 

бейқам  болып  көрінгенімен,  мамандық  таңдауындағы 

олардың өмір жоспары – оның басты әрі тұрақты қамы. 

Сондықтан да М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік  университеті  –  жарқын  болашаққа  апарар 

алтын көпір.

Темірғали  ҚАйЫРғАлИев,                                                  

М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік университетінің аға оқытушысы

Меня зовут Айгерим Калиева, я только что закончила пер-

вый курс по специальности «Учет и аудит» экономического 

факультета и уже спешу поделиться с вами своими впечат-

лениями о студенческой жизни в нашем университете.

Никогда  не  забуду  тот  день,  когда  я  впервые  пришла 

в  университет.  Это  случилось  20  апреля  2011  года.  Меня 

поразило величие этого старинного здания, и я уже тогда 

поняла,  что  это  -  мой  университет.  Пройдя  внутрь,  была 

приятно  удивлена,  что  оно  современно  оборудовано.  Так 

мой выбор пал на Западно-Казахстанский государственный 

университет им М.Утемисова.

1 сентября 2011 года был одним из самых насыщенных дней в 

моей жизни. Я увидела тысячи выпускников, приехавших со всех 

уголков Западного Казахстана и соседних областей России, которые 

хотят учиться в ЗКГУ. И не пожалела: здесь очень внимательно отно-

сятся к первокурсникам. Ведь меняется мир,  в котором вчерашний 

школьник прожил 11 лет. Теперь я иду в универ, а не в школу, там 

ждет не учитель, а преподаватель, и учатся с тобой не однокласс-

ники а однокурсники и одногруппники. Настоящим студентом ты 

становишься, когда понимаешь, что теперь ты предоставлен сам 

себе, что ксерокс, принтер и «ролтон» - твои лучшие друзья, чем 

отличается СРС от СРСП и что это вообще такое. Но самое главное: 

что такое - скучать по свой семье, которая теперь далеко. 

В плане учебы я была очень загружена интересными самостоя-

тельными работами, презентациями, курсовыми. Мои преподавате-

ли - очень интересные, порядочные люди. Два раза я выступала со 

своими докладами на темы: «Экономические приложения  опреде-

ленного интеграла» и



 «Показатель эластичности» под руководством 

Садыковой Гульсум Абдыкаликовны. Такой опыт очень здорово по-

могает научиться преодолевать чувства страха выступления перед 

большой аудиторией. Я также участвовала в конкурсе «Фото-сәнгер 

БҚМУ», организованном Алпамысом Шариповым и его группой 

студентов музыкального факультета. Хочу поблагодарить их со 

страниц нашей газеты «Өркен». 

На этом конкурсе нас многому научили. Здесь я впервые надела 

национальную одежду и была моделью боди-арт.

Столько людей за один лишь год превратили меня, школьницу, 

в настоящего студента. Это и преподаватели, и библиотекари 1-го, 

2-го и 8-го корупсов, которые терпеливо ждали меня с просрочен-

ными книгами.

Летом я хочу насладиться каникулами, чтобы в новом году вновь 

окунуться в замечательную студенческую жизнь.

Дорогие абитуренты! В нашем университете ни один день не 

проходит без праздничного мероприятия, где вы можете быть зрити-

лями, а можете и сами поучаствовать, реализоваться в любой сфере 

и пообщаться с образованными людьми и лишний раз убедиться, 

что Знание - это сила. 

Удачи, друзья! 

Мой первый курс

нет наркотикам

Проблема наркомании – это глобальная угроза здо-

ровью населения страны и национальной безопасности. 

Масштабы и темпы распространения наркомании ставят 

под вопрос физическое и моральное здоровье молодежи, 

социальную  стабильность  казахстанского  общества  в 

ближайшей перспективе.

Для Казахстана, занимающего особое геополитическое 

положение  в  регионе,  существует  объективная  опасность 

дальнейшего роста транзита наркотиков через территорию 

страны.

С целью предотвратить давление с юга, особо усилившее-



ся в последнее время, сотрудниками ДКНБ РК по ЗКО неустан-

но ведется работа по ликвидации любых путей проникновения  

и распространения наркомании в нашей области.

Так, в текущем году в ходе оперативно-розыскных меро-

приятий было обнаружено наркотическое вещество «героин» 

общим весом 106,33 г у гражданина С .С., который доставил 

из ЮКО через Актюбинскую область. Была установлена пре-

ступная связь С.С. с жителем Уральска К.Г., в доме которого 

было обнаружено 59,44 г героина. По данным фактам воз-

буждены уголовные дела.



По данным пресс-службы ДКнБ РК ЗКо

№ 7 (879) маусым 2012 жыл

10

  М.Өтемісов атындағы бҚМу-дың 80 жылдық мерейтойы қарсаңында



Білім  ордасына  биыл  80  жыл  толып  отыр.  Осы  жылдар  ішінде  оқу  ордасында  білім  алған  түлектер  еліміздің  түкпір-түкпірінде  абыройлы  қызмет  атқарып 

жүр. Олардың оқу орнының ғана емес, еліміздің мақтанышына айналып, есімдерінің асқақтай түсеріне сеніміміз мол. Университетіміздің туын желбіретіп жүрген 

түлектердің естелік әңгімелерін назарларыңызға ұсынып отырмыз.

Университеттің

 

баға жетпес мұрасы



Өнер – оқу, ізденуді қажет етеді

Қапонова  Айзада  Бақтығалиқызы

  – 

1983 жылы 27 қаңтарда Казталов ауданы Бостандық ау-

ылында өнерлі ұстаздар отбасында дүниеге келген. 2000 

жылы Бостандық орта мектебін бітіріп, грант негізінде 

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінің  музыкалық  білім  мамандығына  оқуға 

түседі.  Университет  қабырғасында  Айзада  сабағын 

жақсы  оқи  жүріп,  университетішілік  түрлі  қоғамдық, 

мәдени іс-шараларға белсенді қатысады. Тапсырылған 

іске  тиянақтылығымен,  ұқыптылығымен  көзге  көрініп, 

ұйымдастырушылық қабілетімен де  құрбы-құрдастарын 

ауызбіршілікпен бір арнаға тоғыстырып, топ басшысы 

міндетін  атқарды.  Жұмағаным  Рахимова,  Меңдіғаным 

Нағымова  сынды  өнегелі  ұстаздардан  дәріс  алған 

Айзада  бірнеше  байқаулардан  жүлделі  орындарды 

иемденіп,  университеттің  мақтанышына  айналды. 

2004 жылы оқу орнын үздік дипломмен тәмамдаған ол 

Астана  қаласындағы  Қазақ  Ұлттық  музыка  академия-

сында  оқуын  жалғастырып,  2008  жылы  тәмамдайды. 

ҚР Еңбек сіңірген әртісі, профессор Қанат Омарбаевтан 

дәріс  алып,  музыканың  қыр-сырын  үйреніп,  өз  өнерін 

шыңдайды.  Қазақ  Ұлттық  өнер  университетінің  маги-

странты Айзада қазіргі таңда осы білім шаңырағында 

вокалдан  дәріс  береді.  Оқытушылықпен  қоса  Күләш 

Байсейітова  атындағы  ұлттық  опера  және  балет 

театрының  солисті  қызметін  атқарып  келеді.  Айзада 

отбасын құрған, Шымкенттің Қазығұрт ауылының келіні. 

Жары  Жанәділ  де  -  өнер  жолындағы  адам,  Бекежан 

есімді ұлдары бар. 

Айзада Қапонова концерттік бағдарламамен Біріккен 

Араб әмірліктерінде, шетел мен Қазақстан қалаларында 

іссапармен өз өнерін көрсетіп жүр. 

-  Менің  репертуарымда  «Жібек»  («Қыз  Жібек»                      

Е.  Брусиловский),  Мамыр  («Қ алқаман  Мамыр»                                     

Б.  Қадырбек),    Виолетта  («Травиатта»  Дж.  Верди  ), 

Джильда («Риголетто» Дж. Верди), сонымен бірге қазақ 

халық  әндері  мен  шетел  композиторларының  роман-

стары бар. Қазақ композиторларының әндерін орындау 

жаныма жақын.

2007  жылы  «Шабыт»  халықаралық  байқауынан 

ІІ  орынға  және  2011  жылы  Н.Тілендиев  атындағы 

халықаралық  байқауынан  ІІІ  орынға  ие  болдым.  Алда 

әлі  де  түрлі  байқауларға  қатысып,  өнерімді  шыңдап, 

тәжірибе  жинақтап,  биік  белестерді  бағындырсам 

деймін.  Өнер  -  оқу,  іздену,  үлкен  дайындықты  қажет 

етеді.  Сондықтан  талмай  ізденіп,  шығармашылықты 

шыңдау қажет. Алдағы күнде Орал қаласына барып, жеке 

шығармашылық концертімді беру жоспарымда бар. 

Өзім білім алып, қанат қақтырған өнер ордасының 

80  жылдығы  құтты  болсын.  Әр  кез  Мең діғаным 

Мергенбайқызымен  хабарласып  тұрамын  және  мек-

тепте  сынып  жетекшісі  болған  Галимова  Айбатша 

апайыммен  байланысымды  үзген  жоқпын.  Мектеп 

қабырғасында  Айбатша  Ахонқызы  аналық,  ұстаздық 

келбетімен орын алса, аталмыш оқу орнында студент 

кезімде кураторым Анар Қырымгерейқызы мен ардақты 

ұстазым  Меңдіғаным  Мергенбайқызының  көп  көмегі 

тиді.  Меңдіғаным  Мергенбайқызы  ақыл-кеңес  беріп, 

әр  кез  жанымыздан  табылатын,  тапсырылған  іске 

жауапкершілікпен  қарауды,  сабаққа  салғырт  қарамай 

үнемі оқу мен ізденуді талап ететін. Осындай ұлағатты 

ұстаздардан  дәріс  алғанымды  мақтанышпен  айтқым 

келеді. Қазіргі ұстаздық жолымда осы кісілердей шәкірт 

жүрегінен жол тауып, ұстаздарымдай болсам деймін.

Елдің болашағы - жастар. Сондықтан жастар қазіргі 

ақпарат  көздері  дамыған  заманда  оқып,  ізденіп,  білім 

алсын.  Ұстаздарының  берген  білімі  мен  тәлімін  әрі 

қарай  ұштап,  еліне  адал  қызмет  етсін  деймін.  Әрбір 

Маған тәрбие берген 

әрбір ұстаздың орны бөлек



хайруллин  Біржан  марданұлы

  -  1984 

жылы 13 мамыр күні Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық 

ауданы (бұрынғы Тайпақ), Базартөбе ауылында дүниеге 

келген.


2002  жылы  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік  университетінің  экономика  факультетіне 

оқуға  түсіп,  2006  жылы  үздікке  тәмамдаған.  Үлкенді 

сыйлап  өскен  талапты  жас  өзінің  алғырлығымен, 

білімділігімен, ізденімпаздығымен көзге түсіп, универси-

тет мақтанышына айнала білді. Университеттің қоғамдық, 

мәдени  іс-шараларына  қатысып,  белсенділік  танытса, 

түрлі жарыстарға қатысып, жүлделі орындарға қол жеткізді. 

Алғаш еңбек жолын 2002 жылы жеке кәсіпкерлікте «Дербес 

компьютер операторы» болып қызмет етуден бастаған. 

2005 жылы жаңадан құрылған «Жас экономист» жастар 

қоғамдық бірлестігінің төрағасы болып сайланып, кейін 

бірнеше мекемелерде әртүрлі қызметтерде еңбек еткен. 

Болашақта білікті маман болады деген ұстаздарының 

сенімін арқалаған Біржан қазіргі таңда Батыс Қазақстан 

облысы  ішкі  саясат  басқармасының  жастармен  жұмыс 

бөлімінің  бастығы  болып  қызмет  атқарады.  Жастар 

арасындағы  қоғамдық,  ғылыми  республикалық, 

халықаралық шараларға қатысып, арнайы алғыс хаттар-

мен, дипломдармен марапатталған. Біржан - отбасылы, 

екі баланың әкесі. 

-  Ұстаздарымның  ішінде  ерекше  есімде  қалғаны  - 

экономика  ғылымдарының  кандидаты  Ермекқалиев 

Шманғали Болманұлы. Ол теориялық білімді өз өмірінде 

көрген  тәжірибесімен  үнемі  ұштастырып  отыратын. 

Сонымен қатар, дипломдық жұмысыма жетекшілік жасаған 

К.Өмірзақов, сабақ берген Б.Сагинова, Ф.Мұқамбетқалиева, 

З.Янтурсина секілді ұстаздардың орны ерекше. Қай-қай 

ұстазды қарап отырсақ та бізге білім берумен қатар, аза-

мат болып қалыптасуымызға зор ықпал етіп, адамгершілік 

пен  адалдық  қасиеттерді  ұғындыра  білді.  Группалас 

достар  басымыз  қосылып  қалса,  студенттік  кезеңді, 

ұстаздарымызды  ерекше  еске  аламыз.  Маған  тәрбие 

берген әрбір ұстаздың орны бөлек. 

Бүгінде  студенттердің  көпшілігі  тек  қана  тест 

сұрақтарына  дайындалады.  Халқымыздың  жақсы 

даналығы  бар  «Білікті  бірді  жығады,  Білімді  мыңды 

жығады» деген, осы орайда білім алуды, өзге де ғылыми 

кітаптарды көп оқу қажет деп ойлаймын. 

Мен Махамбет Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан 

мемлекеттік  университетінде  білім  алғанымды  мақтан 

тұтамын.  Университеттің  бай  тарихы  мен  тәжірибелі 

ұстаздардың ұлағаты мен үлгі-өнегесі әр студенттің са-

насында үлкен әсер қалдырады. 80 жылдық мерекесін 

тойлағалы отырған университет ұстаздарына денсаулық, 

отбасыларына  амандық  тілеймін,  шәкірттерінің 

қазақстандық  жас  өрен  елінің  болашағы  үшін  үлес 

қоссын  деп  тілеймін.  Еліміз  аман,  жұртымыз  тыныш, 

аспанымыз ашық болсын. Ұстаздар қауымына Астана 

қаласы атынан үлкен сәлем жолдаймын. Еңбектерінің 

жемісін көріп, шәкірттерінің ыстық ықыласына бөлене 

берсін дегім келеді. Біздің студент кезімізде сүйіп оқитын 

«Өркен» газеті ұжымына шығармашылық табыс тілеймін, - 

деп ыстық лебізін білдірді Айзада. 

қуанышына бөлене берсін. Елбасымыз айтқандай үздіксіз 

білім  алуды  тоқтатпауымыз  қажет.  Ғылым  жыл  санап 

емес,  күн  санап  дамуда.  Өркениеттің  көшінен  қалмау 

үшін, үнемі ізденіс пен тәжірибе алмастыруды толассыз 

жалғастыра берейік, - дейді Біржан. 


№ 7 (879) маусым 2012 жыл

11

Жыл үздіктері анықталды



Университет түлектері - 2012


Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет