№7 (879) маусым 2012 жыл


 июня 1992 года навсегда останется в истории и в памяти



жүктеу 0.9 Mb.
Pdf просмотр
бет2/10
Дата11.01.2017
өлшемі0.9 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

4 июня 1992 года навсегда останется в истории и в памяти 

народа как день рождения Государственного Герба и Флага 

Республики Казахстан.

Сегодняшний  Герб  суверенного  Казахстана  является  ре-

зультатом огромного труда, творческих исканий двух известных 

архитекторов:  Жандарбека  Малибекова  и  Шоты  Уалиханова. 

Выиграть в этом соревновании было нелегко. Достаточно на-

помнить, что только в финальном конкурсе принимали участие 

245 проектов и 67 описаний будущего герба.

Герб имеет форму круга. В мире самой совершенной фор-

мой считается форма шара. А круг как самый близкий к этому 

совершенству элемент, особо ценится у кочевников. Круг как 

элемент геральдики имеет применение везде, но он в особом 

почете и уважении у восточных кочевников. Это символ жизни, 

вечности.

Центральным  элементом,  вобравшим  в  себя  основную 

идею  нашего  Герба,  является  шанырак  -  круговое  навершие 

купола юрты. Шанырак - символ семейного благополучия, мира, 

спокойствия. Мастерски, эффективно и красиво изображенный 

тундык - зенитное отверстие юрты, напоминает яркое солнце 

на фоне голубого, мирного неба. Купольные жерди - уык, равно-

мерно расходящиеся от центра по голубому пространству Герба, 

напоминают  лучи  солнца  -  источник  жизни  и  тепла.  Авторам 

удалось  решить  проблему  изображения  кереге  -  раздвижных 

решетчатых основ юрты. Крестообразные, тройные, кульдреуши 

шанырака символизируют единство трех жузов, которое обе-

спечивает  его  прочность.  Таким  образом,  языком  геральдики 

авторы отражают миролюбивую сущность казахов. Призывают 

все народы республики под общий шанырак, стремиться превра-

титься в крепкие мощные несущие конструкции нашего общего 

дома - Казахстана.

Следующей составной частью композиционной структуры 

герба являются золотокрылые с рогами в форме полумесяца, 

фантастические скакуны - тулпары. Хотя изображение аргамаков 

в государственной символике имеет давнюю историю, тем не ме-

нее данный вариант авторов вызвал большие дискуссии и споры, 

прежде чем был принят. Силуэт скакунов на языке геральдистов 

имеет глубокий смысл и содержание. Он означает: бесстрашие 

льва,  прозорливость  сокола,  физическую  мощь  и  силу  быка, 

быстроту, скорость и пластику лани, хитрость и находчивость 

лисы в борьбе против врагов. Золотые крылья скакунов напо-

минают также снопы зерна, золотых колосьев, т.е. признак труда, 

изобилия и материального благополучия.

В центре Герба находится пятиконечная звезда. В проекте 

там были расположены полумесяц и три маленькие звезды. По 

ходу обсуждения предлагались варианты восьмиконечной, се-

миконечной, пятиконечной звезд. Остановились на последнем. 

Наше  сердце  и  объятия  открыты  представителям  всех  пяти 

континентов.

Цветовую  гамму  Герба  составляют  два  основных  цвета 



22 июня – 

День памяти и скорби

Пока не похоронен последний солдат, война не закончи-

лась… И пока жив хотя бы один солдат, мы, выросшие в мирное 

время, будем знать историю из первых рук. 71 год назад ранним 

воскресным утром 22 июня началась страшная по масштабности 

война. Для нас, казахстанцев, как и для всех граждан бывшего 

Советского Союза, это была Великая Отечественная война. 

Редеют ряды тех, кто с оружием в руках защищал свою Родину. 

И тем выше цена памяти тех, кто, пройдя горнило войны, все 

еще в строю. 

Свидетелем, более того, участником тех героических сра-

жений является бессменный директор Военно-исторического 

музея  ЗКГУ  им.  М.Утемисова 



Павел Романович Букаткин

Пополненный новыми экспонатами, музей стал еще более ин-

тересным и познавательным. 22 июня Павел Романович провел 

урок Памяти для студентов ЗКГУ. Он рассказал об участниках 

Великой Отечественной войны, которые, оставив студенческие 

парты и преподавательские кафедры тогда еще педагогического 

института, навсегда вписали свои героические имена в историю 

нашего вуза, в историю страны.

-Павел Романович провел экскурсию, ознакомил с экспона-

тами, которые были собраны за долгую историю университета. 

Мы были очень вдохновлены рассказами о подвигах во имя 

Родины и народа. Этим уроком мы почтили память погибших. 

Стали близкими и понятными слова, которые мы столько раз 

слышали: «Никто не забыт и ничто не забыто», - поделилась 

своими впечатлениями 

Динара Мергенева, студентка 3 курса, 

специальность «Международные отношения», экономиче-

ского факультета.

Студенты,  прослушавшие  интересную,  познавательную 

лекцию, выражают благодарность Павлу Романовичу за препо-

данный урок мужества и желают ему долгих лет жизни.



«Фотоөнер» қоғамдық бірлестігінің төрағасы Асылхан 

Әбдірайымұлы,  «Жас  Алаш»  газетінің  бас  редакторы 

Рысбек Сәрсенбайдың  ұйымдастыруымен  «Шалкөде 

– елдің жайлауы» атты фототүсірілім өткізілді.

Шалкөде - 

елдің жайлауы

Баспасөз бетінде өзіндік қолтаңбасымен таныла білген қазақ 

фото өнерін насихаттаушылар қазақтың белгілі ақиық  ақыны 

Мұқағали Мақатаевтың туған жері Қарасазда кездесті. Қазіргі 

заманның өзекті мәселелері – ұлттық салт-дәстүрлер, олардың 

тәрбиелік мәні, ұлттың ұлттығын білдіретін маңызды жәйттер 

туралы  пікірлер  талқыланған,  Қазақстанның  табиғатын,  елі 

мен жерін, өнерін насихаттау мақсатындағы жиында  Алматы 

облысының  әкімі  Аңсар  Мұсаханов  танымал  азаматтардың 

басын  қосып,  Жетісу    төрінде  бас  қосқандарына  қуанышты 

екенін жеткізді. Бұл шараға Қытай елінен, Монғолиядан және 

біздің өңірімізден белгілі фотожурналист Рафхат Халелов ар-

найы шақырумен қатысып келген болатын. Рафхат Елжасұлы 

қазақтың фото журналистикасының қазіргі заманғы шешімін 

таппай жүрген мәселелерін тілге тиек етіп, ұлттық ар-намысқа 

нұқсан  келтіретін    дүниелерді  ұлттық  салт-дәстүрлердің 

қыр-сырын  жақсы  білмей  тұрып,  шетелдік  басылымдарда  

жариялаудың қажеті жоқ екенін, өйткені ондай нәрселер ұлттың 

салт-дәстүрі жайында кері түсінік беріп, дәрежесін төмендетіп 

жіберетінін  баса  айтты.  Керісінше,  туған  өлкеміздің  көркем 

табиғатының, тарихи орындарының жақсы бейне-көріністерін 

жиі жариялау арқылы шетелдіктердің  біздің еліміз бен жерімізге 

деген қызығушылығын оятсақ туризмді дамытуға қосқан үлесіміз 

болар еді,- дейді Рафхат Елжасұлы әріптестерімен ой бөлісіп. 

Фототүсірілімде  Рафхат Халелов сол өңірдің табиғатын, тарихи 

орындарды суретке түсіріп, қазақ фото журналистикасын жаңа 

туындылармен толықтыруға өз үлесін қосты. 

Өз тілшіміз

Суретте: Алматы облысының әкімі 

Аңсар Мұсаханов пен Рафхат Халелов 


№ 7 (879) маусым 2012 жыл

4

Қазақтың талантты тұлғасы білім ордасында 



Ән өнерінің саңлағы Илья Жақановпен тағылымды кездесу

Мәдениет


М. Өтемісов атындағы БҚМУ-да Қазақстан және Қырғызстан Республикаларының еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстанның 

«Парасат»,  Қырғызстанның  «Дәнекер»  ордендерінің  иегері,  халықаралық  Жамбыл  және  Ш.  Айманов  атындағы  әдеби 

сыйлықтардың лауреаты, композитор, жазушы, музыка зерттеушісі Илья Жақановтың 75 жылдық мерейтойына орай кездесу 

кеші өтті.

Илья Жақанов! Бұл есімді білмейтін қазақ 

кемде-кем.  Ән деп жүрегі соққан, жастық арман 

жылуында маужыраған, туған жерге деген асыл 

сезім  құшағында  тербелген,  достыққа  деген 

пәктікті жүрегінде әлдилеген қазақ елінің әрбір 

перзенті  Илья  әндерінің  жаныңды  баураған 

сазының ғажайып лиризмге бөккен мелодиясы-

мен сусындап өсті. Елдегі салтанатты сәттерден 

бастап,  адамның  өмір  жолдарындағы  әрбір 

белесі  қазақ  музыкасымен  ғана  өріс  тауып, 

қуаныштың биіктеген шыңдарына өрлесе, оның 

ішінде  Илья  әндерінің  жүрек  қылын  әуелетіп, 

әр саналы адамның ішкі үндеріне үлес берген 

мелодиясы жүреді. 

Илья ағамыздың өмір дерегіне тоқталсақ, 

Илья Жақанов

  1936 жылы 6 мамырда Жамбыл 

облысы,  Сарысу  ауданы,  Ақтоғай  ауылын-

да  дүниеге  келген.  Қазақтың  ұлы  күйшісі, 

қобызшысы  Ықылас  Дүкенұлы  туралы  еңбегі 

алғаш рет «Кер толғау», кейін «Ықылас» деген 

атпен жарық көрді. Қазақ өнері қайраткерлерінің 

өмірін зерттеу негізінде «Екі жирен», «Бірінші 

концерт», «Махаббат вальсі», «Аққулар қонған 

айдын көл», «Зәуреш», т.б. деректі жинақтары 

жарық көрді. «Әселім-әнім», «Даниярдың әні», 

«Еділ мен Жайық», «Жайлаукөл кештері», «Нені 

ойладың?», «Ағады, Жайық, ағады», «Толағай», 

«Теміртау  түні»,  «Қайыптың  әні»,  «Доссор 

вальсі»,  т.б.  халық  арасында  кең  таралған 

әндердің авторы. 

Илья  Жақановтың  «Біржан  сал»,  «Ақан 

сері»,  «Үкілі  Ыбырай»,  «Естай  әнші»,  «Жаяу 

Мұса»,  «Мәди»,  «Майра»,  «Балуан  Шолақ», 

т.б.  сал-серілер  ғұмырнамалары  көпке  та-

нымал.  Қазақстан  композиторлары  Мұқан 

Төлебаев,  Латиф  Хамиди,  Қапан  Мусин, 

Бақытжан Байқадамовтардың шығармашылық 

портреттерін  сомдаған  шығармалары  мен 

«Шоқан және музыка», «Жамбыл және музыка», 

«Сәкен және музыка» атты деректі фильмдері 

бар.  


«Ілия Жақановтың шығармашылық әлемімен 

танысқан  адам  алғашқыда  қай  өріске  бет 

бұрарын білмей, қай қырына ден қоярын білмей 

абдырап қалуы мүмкін. Ол – тамаша қаламгер, 

сезімтал  драматург;  ел  ішін  талмай  шарлап 

сүзген, дерек терген фольклоршы, саяхатшы-

ғалым; радиопьеса деп аталатын ең бір ауди-

ториясы үлкен, көпшілікқолды өнер саласының 

негізін салып, қазақ аспанында қалықтатушы, 

телехабарлар  жүргізудің  майталман  шебері, 

халқының арман-мұңын, жан сырын ән-әуенге 

айналдыра алатын дарынды композитор» - деп 

жазушы Ақселеу Сейдімбек Илья ағамызға баға 

берген екен. Шынында, сазгер ағамыз халықтың 

жанын да, мұңын да ән әуенге айналдырғаны 

баршаға аян. 

Кездесуді ашқан университет ректоры Асхат 

Сәлімұлы  Иманғалиев  Илья  Жақановты  75 

жылдық мерейтойымен құттықтап, ол туралы 

сырлы да мәні зор естеліктерімен бөлісті. 



-  Илья    ағамызбен  көп  жылдардан  бері 

таныспын.  Ұзақ  жылдар  бойы  іні  болып 

жүргенімнің  өзі  –  мен  үшін  үлкен  қуаныш. 

Илья Жақанов батыс өңірінің ғана емес, бүтін 

қазақ елінің өнерінің, соның ішінде ән өнерінің 

тарихын зерттеп, зерделеп, кейінгі ұрпаққа 

мұра  қылып  қалдыруды  мақсат  етіп,  ән 

өнерінің дамуына өлшеусіз үлес қосып жүрген 

тұлғаларымыздың бірі, -   деп атап өтті.

Кеш барысында Илья Жақанов, ең алдымен, 

Орал  қаласының  өзіндік  ерекшелігін  танытар 

сәулет өнеріне тәнті болғанын айтып,  қаланың 

терең тарихынан сыр шертетін ғимараттарын 

сөз етті.  



- Ән қашан да әдеміліктен туады.  Сұлу 

қалаға  келген  сапарым  әдемі  әннің  ту-

уына  себепші  болды.  2000  жылы  Жұбан 

Молдағалиевтің  80  жылдық  мерейтойына 

көрнекті ақын Қадыр Мырза Әлі және бір топ 

зиялы қауым өкілдерімен келдім.  Осы Орал са-

парында «Оралдың ерке самалы» деген вальс 

жазған болатынмын.  Бұл ән өз тыңдарманын 

тапқан ән деп ойлаймын, -  дейді сазгер.

Илья  ағамыз кеш барысында өзге әндерінің 

тарихына, Арқа циклында жазылған «Теміртау 

түні» және  «Зәуреш», «Япурай» сынды халық 

әндерінің тарихына шолу жасап отырды. Әсіресе 

«Япурай»  әнінің  тарихы  ерекше  ықыласпен 

тыңдалды.  Бұл  Алашорданың  жорық  әндері 

болған. Жорық үстінде туып, кеңінен қазақ да-

ласына тараған ән екен.

Кездесу  кешінде  сазгер,  ақын  ағамыздың 

әндерінің  тарихынан  сыр  шертіліп  қоймай, 

әсем әндері нақышына келтіріліп орындалды. 

«Әселім – әнім», «Жайлаукөл кештері», «Нені 

ойладың?», «Еділ мен Жайық» және көптеген 

әндерін  мәдениет  және  өнер  факультетінің  

студенттері  мен  оқытушылары  акапеллада 

орындап, мың бұралған бишілеріміз кеш сәнін 

кіргізді. 

Ке з д е с у  к е ш і н д е  И л ья  Ж а қ а н о в қ а                               

М.  Өтемісов  атындағы  «БҚМУ-дың  Құрметті 

профессоры» атағы беріліп, университет бас-

шысы профессор мантиясын кигізді. 

Кездесу кешінен кейін БҚМУ-дың Құрметті 

профес с оры  Илья  Жақ анов  атын дағ ы 

дәрісхананың  ашылуы  салтанатты  түрде 

жалғасты.  Дәрісхананың  ашылу  салтанатына 

университет  ұжымы  мен  жары  Тейіш  апай, 

өлкетанушы  Жайсаң  Ақбай,  күйші  Тұяқберді 

Шәмеловтер қатысты.

Өнер  шаңырағына  орналасқан  дәрісхана 

бөлмесіне Жайықты әнмен тербеткен сазгердің 

өмірі мен шығармашылығынан мәлімет беретін 

деректер,  мәдениет  қайраткерінің  еңбектері 

қойылған. Университет ректоры Асхат Сәлімұлы 

мұнда оқылатын дәрістердің студенттер үшін 

маңызы  жоғары  болатынын  айтып  өтті.  Ал 

өлкетанушы Жайсаң Ақбай өнер мен мәдениет 

саласына қомақты үлес қосқан ерекше дарын 

иесінің жан-жақты талантын саралап, танымал 

тұлғаның өзге де қасиеттеріне тоқталды. Илья 

ағамыз университет ұжымына алғысын айтып, 

қатысушыларға кейбір халық әндерінің шығу та-

рихын алғашқы дәріс ретінде әңгімелеп берді.  

Ілия Жақановтың  есімі біз үшін, оны туған 

халық үшін аса қымбат. Себебі, ол өз бойындағы 

ғажап талантын, әсем әндерін, зерделі зерттеу 

еңбектерін  ұлттық  мәдениетіміздің  мәнді  де 

мазмұнды дамуы үшін сарқа жұмсап келеді. Ал 

тума таланттың туған халқы алдындағы еңбегі 

сол халқының ұлы аңсар мұраттарына қызмет 

етіп жатса, одан артық бақыт жоқ шығар. 

Кең жүрегі әнге, өнерге деген махаббатқа 

толы,  анадайдан  ақ  жанынан  жылулық  лебі 

есіп  тұратын  тума  талант  қазақтың  Ильясы, 

қазақтың Жақановына қандай тамаша сөздер 

арналса  да  жарасады.  Өйткені  ол  өнермен 

өрілген  саналы  ғұмырын  ұлт  мүддесіне,  өзге 

саясаттың  салқынынан  ұмыт  бола  бастаған 

ұлтымыздың  ұлық  өнері  –  қазақ  музыкасын 

қайта  тірілтуге  арнады.  Қазақ  әндеріне  жаңа 

рең, өнер корифейлерінің өзі бас иген жаңаша 

стиль  енгізген  Жақанов  қазақ  өнеріне  үлкен 

құбылыс  болып  енді.  Зерттеу  еңбектерімен 

қазақтың сал-серілерін тірілткен Илья Жақанов 

- сөз жоқ, біртұтас феномен.

Илья  Жақанов  туралы  қанша  айтса  да 

тауысу қиын. Оның сегіз қырлы феномендігі ту-

ралы сөз жыраулардың талай толғауларындай, 

күйшілердің домбыра күмбіріндей төгіле береді. 

Бүгінгі  күні  кең-байтақ  республикамыздың  о 

шеті  мен  бұ  шетін  бүкіл  алты  Алашты  Илья 

әндері  құшағына  алып,  бауырына  қыса, 

ғажайып сазымен баурауда. Композитордың өзі 

елдің қай бұрышына, қай түкпіріне барса да, қай 

республикаға қадам басса да, оны бауырындай 

қабылдайды. Қазір Илья әні қазақ даласының 

мөлдір самалындай есіп тұрады.

Ағамыздың  әр  әнінде  тарих  бар,  тағдыр 

бар.  Өмір  құбылысының  кейбір  тебіреністі 

сәттері,  мезгіл  көрінісі,  кейіпкердің  алуан-

алуан  көңіл-күйі,  жан  сыры,  үміт-тілегі, 

арманды  ойы,  романтикалық  қиял  мен 

шалқуы  бар.  Илья  Жақановтың  жазушылық, 

композиторлық  мұрасының  ішінде  Жайық 

өңірі  ерекше  көркемдікпен  мазмұндалады. 

Композитор  өз  шығармашылығында  өңірдің 

табиғатына,  геосаяси  жағдайына  үлкен  мән 

беріп, көкірегіндегі үлкен сезімін әнге қосады. 

Оның көптеген  туындыларының ішіндегі Жұбан 

Молдағалиевтің  сөзіне  жазылған



  «Еділ  мен 

Жайық»  әнінің  орны  бөлек.  Халық  арасына 

тез таралған әнде қос өзеннің ағысы секілді, 

шекаралас жатқан халық өмірінің бір-бірімен 

астасып  жатқан  тұрмыс-тіршілігі,  тарихы 

жырланады. Қазіргі кезде И. Жақановтың бұл 

туындысы достық символы ретінде халық ара-

сына тез таралып, республикамыздың шебер 

орындаушыларының репертуарынан табылып, 

концерттік бағдарламалар, ақпарат құралдары 

арқылы кең насихатталуда.

Талайды талантына табындырған қазақтың 

Жақановы  туралы  айтылар  сыр  бітпек  емес, 

өйткені, ол - уақыт өткен сайын биіктей түсетін 

асқақ тұлға. Жайықты әнмен тербеткен Илья 

ағаның саз өнерін Ақ жайық жастары да ерекше 

ілтипатпен қастерлейді.

Илья Жақанов – ән өнеріміздің тұңғиығына 

бойлап, тұнығынан сусынын қандырып жүріп, 

өзіндік  тұлғасын  даралай  білген  композитор. 

Жетісудың  бал  таңдай  әндерінде  кездесетін 

сырлы  сезім,  Арқаның  аспандата  салатын 

әндеріндегі  сері  сарын,  Батыстың  ақиық 

әндеріндегі  арынды  леп,  Алтай  әндеріндегі 

сағыныш сазы, Сыр бойының жырау әндеріндегі 

терең  толғамдар,  міне,  осы  қасиеттердің 

қай-қайсысы  да  Илья  Жақанов  әндерінде 

қамшының өріміндей жымдасып, өзіндік өрнегін 

тауып жатады.

Халық  Ильяны  «ән-күйдің  Марғұланы», 

«қазақ әнінің археологі», «қазақтың Затаевичі» 

деп  ардақ  тұтады.  Осынау  құрметті,  халық 

махаббатын көріп жүрген Илья Жақанов – шын 

мәнінде  өмірде  де,  өнерде  де  бақытты  жан. 

Мұхтар  Әуезовтің:  «Суреткердің  жан  дүниесі 

неғұрлым  сұлу  болса,  оның  шығармалары 

да сондай көрікті болады»,  – деген сөзі бар. 

Илья ағамыз  – сондай сирек бітімді суреткер, 

бір бекзат болмыс ретінде халқының талантты 

тумасы болып қала бермек. 



Рита СұлТАнғАлИевА,

БҚМУ баспасөз хатшысы

С Днём 


работников 

СМИ!


28 июня в большом зале областной филармонии 

прошло торжественное чествование работников пе-

чати и СМИ Западно-Казахстанской области. Со сло-

вами поздравлений выступил аким ЗКО Н.Ногаев.

В  числе  тех,  кого  отметили  на  торжестве,  ре-

дакция  газеты  «Оркен».  Редактору  газеты  Гульсае 

Шынтемировой  была  вручена  грамота  от  Управления 

внутренней политики ЗКО. Работу отдела «Издательский 

центр и СМИ» оценил ректорат ЗКГУ им. М.Утемисова. 

Проректор по воспитательной работе и социальным во-

просам Т.М.Даришева вручила руководителю ИЦ и СМИ 

А.А.Кожевниковой сертификат на сумму 100000 тенге.

В  честь  собравшихся  был  дан  праздничный 

концерт.


№ 7 (879) маусым 2012 жыл

5

 история ЗКГу им. М.утемисова в датах 



ЗкГУ - один из старейших 

вузов страны

 

(основан в 1932г.)



(Продолжение. начало в №2, №3)

Первый послевоенный учебный год начался 17 сентября 

1945 года. Педагогический институт (срок обучения 4 года) 

имел в своем составе 5 факультетов: исторический, физико-

математический,  географический,  естествознания,  языка  и 

литературы.  Учительский  институт  (срок  обучения  2  года) 

состоял из 3 факультетов: историко-литературного (русское и 

казахское отделение), физико-математического, естественно-

географического. Пединститут возглавил ветеран войны, вы-

пускник первого набора Сарсен Акмурзиевич Акмурзин.

Крупным событием в жизни института явилось открытие 

в сентябре 1946 года в Уральске Западно-Казахстанского от-

дела Всесоюзного Географического общества СССР.

В целях углубления специализации вместо одной кафедры 

естествознания было создано три самостоятельных кафедры: 

химии, ботаники и зоологии. Разделились кафедры физики и 

математики, всеобщей и отечественной истории, казахского 

языка и литературы. 

Огромную  роль  в  сплочении  коллектива  института  на 

преодоление послевоенных трудностей и выполнение задач, 

поставленных партией и правительством, сыграла партийная 

организация, которую с сентября 1946 до января 1961 года 

возглавлял Петр Андреевич Прянин, ветеран Гражданской и 

Великой Отечественной войны.

В связи с переходом страны на всеобщее среднее образо-

вание в 1954 году закрывается Учительский институт. Растет 

научный потенциал преподавательского состава института. 

Из небольшого педагогического института вуз превращается в 

довольно значимое учебное учреждение региона, готовившего 

учителей для средних школ.

В 1962-1963 г.г. на историко-филологическом факультете 

было  открыто  отделение  английского  языка,  на  физико-

математическом – отделение по подготовке учителей трудо-

вого обучения и физики (ОТД). 

На посту ректора института доцента И.Ф.Черкашина сме-

няет в 1963 году В.К.Сидоров.

В  1965  году  на  историко-филологическом  факультете 

открыта специальность «История и педагогика», в 1966 году 

вычленяется факультет иностранных языков, на естественно-

географическом факультете в 1966 году открывается специ-

альность «Биология и химия», а в 1967 году – «Физическое 

воспитание».

В 1966 году на физико-математическом факультете был 

открыт  филиал  заочно-математической  школы  МГУ  (един-

ственной в КазССР).

За достигнутые показатели коллектив института был на-

гражден Почетным знаменем и Почетной грамотой ЦК КПК, 

Президиума Верховного Совета КазССР, Совета Министров 

КазССР и Казсовпрофа.

(Продолжение в следующем номере)

Суретші Айбар Сейтімов 

          атындағы дәрісхана ашылды 

Қазақтың талантты тұлғасы білім ордасында 



Ән өнерінің саңлағы Илья Жақановпен тағылымды кездесу

М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан  мемлекеттік 

университетінде  белгілі  қылқалам  шебері,  Қазақстан 

Суретшілер  одағының  мүшесі  Айбар  Сейтімов  атындағы 

дәрісхана ашылды.

Айбар  Ғалымұлы  М.Өтемісов  атындағы  Батыс  Қазақстан 

мемлекеттік  университетінде  көп  жылдар  бейнелеу  өнері 

кафедрасының меңгерушісі болып қызмет етті. Қолданбалы өнер, 

живописьті дамытуға өз үлесін қосқан ол елімізге белгілі көптеген 

шәкірт  тәрбиеледі.  Ғылыми  еңбектер  жазып,  диссертациясын 

қорғады. Өткен жылы, өкінішке орай 50 жасында өмірден өтті. 

Әріптестері арасында үлкен азаматтық болмысымен құрметке 

ие бола білген, шәкірттерінің зор ықыласына бөленіп, жүрегінен 

жол таба білген Айбар Ғалымұлының атына әріптестік парызды 

өтеудің бір үлгісі ретінде университет басшылығының қолдауымен 

ғалым атындағы кескіндеме шеберханасы ашылды.

Дәрісхананың ашылу салтанатына университет басшылығы 

мен  оқытушылар  қауымы,  бірге  оқыған  замандастары, 

достары,  шәкірттері  мен  Айбар  Ғалымұлының  жанұясы 

қатысты.  Соның  ішінде  педагогика  ғылымдарының  докторы, 

Краснодар  мемлекеттік  мәдениет  және  өнер  университетінің 

профессоры  Александр  Горбачев  осы  шараға  арнайы 

келгендігін  айтып,  досы  туралы  естелігімен  бөлісті.  Шара 

барысында суретшінің қылқаламынан туындаған туындылары  

мен ол кісінің өмір дегі адами болмысы, барлығы еске алынды.  

Дәрісханаға суретші еңбектері де қойылды.

  БҚМУ:

 


Каталог: images
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
images -> Қыр гүліндей құлпырған Қызғалдақ балы
images -> Преподавание в школе, колледже и вуз-е
images -> МЕҢдаяқова қуанышкҥл (15. 05. 1942)
images -> Республикалық басылым 2003 жылдың сәуірінен бастап шыға бастады Қош келдің, әз-Наурыз! Арулардың жанданған бірлестігі
images -> Ақтөбе облысы, Қобда ауданы, Абылқайырхан көшесі, 16 Қобда аудандық орталықтандырылған
images -> Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мәуліт мүБӘрак алматы, 2015
images -> "Серке"/Петербургте/, "Қазақ газеті"/Троицк/, "Қазақстан"/Орда, Орал/, "Айқап" журналы/Троицк
images -> Мейірім мейраМы Құрбан айт мүбәрак болсын!
images -> Меншік иесі: Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

жүктеу 0.9 Mb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет