№7 (134) қыркүйек сентябрь



жүктеу 262.98 Kb.
Pdf просмотр
бет1/3
Дата04.02.2017
өлшемі262.98 Kb.
  1   2   3

Ғылым таппай мақтанба                    



                     Не гордись без знаний

Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің газеті

№ 7 (134)

қыркүйек 

сентябрь

2002 жылдың тамыз

айынан бастап шығады

2014

ғана  әлемдік  өркениеттер  көшіне 

іле се  алады.  Елбасымыз  Нұрсұлтан 

Әбішұлы Назарбаевтың жыл сайынғы 

Қазақстан  халқына  арнаған  жолда-

уларында,  «Қазақстан  –  2050»  стра­

тегиялық  даму  жоспарында  елі мізде 

білім  берудің  халықаралық  инно­

вациялық технологияларын те рең мең­

геріп,  әлемдік  білім  беру  кеңіс тігіне 

ену  туралы  міндеттер  белгіленуі  осы 

мақсаттан туындап отырғаны белгілі.

Қазақ  жоғары  білімінің  қара  ша­

ңы рағы,  еліміздегі  тұңғыш  жоғары 

оқу  орны  –  Абай  атындағы  Қазақ 

ұлт тық  педагогикалық  университеті 

Елбасы  алдыға  қойған  міндеттерді 

басшылыққа  ала  отырып  оқу  және 

тәрбие  үдерісін  жаңа  инновациялық 

технологияларға  сәйкестендіру,  бі лім 

берудің  сыннан  өткен  озық  тәжіри­

белерін кеңінен енгізу арқылы әлемдік 

білім  кеңістігіне  қарай  көш  түзеп 

келеді.


Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы 

Назарбаевтың: 

«Абай 

атын дағы 



ҚазҰПУ  –  Қазақстандағы  педа гоги­

ка лық  жоғары  оқу  орындарының 

көш    басшысы болуға тиіс» деген нұс ­

қауын  басшылыққа  алған  біз  оқу­

тәрбие  үдерісін  жаңа  заман  талап­

та рына  сәйкес  жаңа  бағытта  үй лес­

тіре  отырып,  жаңа  табыстарға  же тіп 

келеміз.  2014  жылғы  республика 

жоғарғы  оқу  орындарының  рей тинг­

тік  қорытындысы  бойынша  пе да­

го гикалық  жоғары  оқу  орында ры 

ішін де  бірінші  орынға  ие  болуымыз 

–  осы  сөзімнің  дәлелі.  Бұл  универ­

ситетіміздің  профессор­оқыту шылар 



Қыркүйектік  3-і  күні  Абай  атындағы  Қазақ  ұлттық  педагогикалық 

университеті жанынан «Сорбонна - Қазақстан» француз институтын  сал-

танатты түрде ашылды. Атақ – даңқы дүние жүзіне кең таралған Сорбонна 

Париж  –  сити  университетінің  құрылымдары  бұған  дейін  Біріккен  Араб 

Әмірлігі мен Ресей Федерациясында ашылған.

бөлінген.  Үстіміздегі  алғашқы  оқу 

жылында  «Сорбонна  –  Қазақстан» 

француз  институтының  магистрату-

расына  «Халықаралық  қатынастар» 

және «Менеджмент» мамандығы бой-

ынша оқуға қабылданған 60 адамның 

бағы  жанып,  мемлекеттік  грантқа  ие 

болды.

–  Елбасымыздың    тікелей  қолда­



уы ның  арқасында  баршамыз  бүгін 

үлкен  тарихи  оқиғаның  куәсі  бо-

лып  отырмыз.  Сапалы  білім  алуға 

барлық  жағдайлар  жасалған  «Сор-

бонна  –  Қазақстан»  институты  бола­

шақта  Орта  Азияда  өз  атына  лайық 

оқу  орны  боларына  сеніміміз  мол. 

Жаңа  институт  Еуропалық  білім  ке­

ңіс тігіне  шығуға  үлкен  жол  ашады. 

Ғылымдарымыз  Францияның  ғылым­

дарымен  бірлесе  ғылыми  жобалар-

ды  жүзеге  асыруға  мол  мүмкіндік 

алады.  Сайып  келгенде,  мұның  бәрі 

Қазақстан мен Францияның әріптестік 

–  ынтымақтастығын  нығайтуға  игі 

ықпалын  тигізеді,  –  деді  құттықтау 

сөзінде Абай атындағы Қаз ҰПУ рек-

торы,  профессор  Серік  Жайлауұлы 

Пірәлиев.

Алдағы  уақытта  атылмыш  білім 

шаңырағында  әлеуметтану,  саясатта-

ну,  сәулет  және  дизайн  мамандарын 

дайындау  жоспарланған.  Сон дай­

ақ,  жарқын  келешекте  «Сор бон на­

Қазақстан»  француз  институтын да 

Қазақстан  жастары  ғана  емес,  Орта­

лық  Азиядағы  Өзбекстан,  Қырғыз­

стан,  Тәжікстан,  Түркіменстан  рес­

пу бли калары  жастарының  да  фран-

цуз  ті лін де  білім  алуына  жаңа  жол 



Қазақстан халқының тілдері күніне орай Тіл апталығы аясын-

да  университетіміздің  Тәрбие  жұмысы,  жастар  саясаты  және 

мемлекеттік  тілді  дамыту  басқармасы  мен  Жастар  ісі  жөніндегі 

комитеттің ұйымдастыруымен « Жеті жұрттың  тілін біл –жеті 

түрлі білім біл!» атты акция болып өтті.

Халықта  тілден  асқан  байлық 

жоқ  .  Оның  тарихы,  тағдыры,  мінезі, 

рухани  құдіреттілігі  –  барлығы  тіл 

арқылы  көрінеді.  Тілсіз  ешбір  халық  

дамып,  жетіле  алмас  еді.  Себебі,  тек 

сөйлесу  барысында  ғана  адам  өзара 

түсінушілікке  қол  жеткізе  алады. 

Басқаша  болуы  мүмкін  емес.  Сон­

дықтан да тілдің , сөздің, тіл үйренудің 

біздің  өміріміздегі  маңызы  зор.  Бір 

ауыз  сөз  адамды  бақытты  етсе,  бір 

ауыз  сөз  оның  өмірін  бұзып  жібере 

алады.  Кейде  ана  тілін  бұрмалап 

сөйлейтін    адамды  көргенде,  қарадай 

қина ласың.  Туған  тілін  менсінбей 

қарай тындар  ешқандай  құрметке  ла­

йық  емес.  Олардың  бұл  жөнсіз  қы­

лығы  тілін,  елін  сүйетін  адамдарға 

ауыр тиетінін білгені жөн.

Өз басым туған тілін білмей, туған 

елдің  топырағын  басып  жүруге  бол-

майды  деп  есептеймін.  Аталған  іс  –  шараның  басты  мақсаты  да  осындай  ана 

тіліне құрметпен қарауға шақыру болды.

Мерекелік  іс  –  шара  мемлекеттік 

әнұранмен  ашылды.  Акцияға  жинал­

ған  жұртшылықты  алдымен  Абай 

атындағы  Қаз  ҰПУ  –нің  Тәрбие  ісі 

жөніндегі проректоры, профессор Жа-

натбек Ішпекбаев құттықтады.

Шара барысында елімізді мекен ет-

кен әртүрлі ұлыстар мен әтностардың 

салт –дәстүрілерін паш ететін «Халық 

дәстүрі  –  асыл  қазына»  атты  сай-

ыс  болып  өтті.  Сайыс  түрлі  шарт-

ты  кезеңдерден  тұрды.  Қазақстанды 

мекендейтін  этностардың  ұлттық 

киім дерін  киген  студенттер  түрлі 

ұлт  өкілдерінің  ұлттық  тағамдарын 

әзірлеп,  ұлттық  билерін  мың  бұрала 

билегенде көрермендер қайран қалып, 

құшырлана қол соқты. Сайыс соңында 

жиналған  қауым  флеш­мобпен  «Қара 

жорға» биін қосылып орындады. Өзге 

өкілдері  де  қазақтың  ұлттың  биін 

келістіріп билегенде, таңданбаған жан 

қалмады. Сонымен бірге, мерекеге қатысушылар қазақ тіліне қатысты көптеген 

викториналық сұрақтарға жауап берді.

Сайыс қорытындысында өзбек және әзірбайжан ұлттарының мәдениеті мен 

салт  –  дәстүрін  паш  етіп,  көпшіліктің  ықыласына  бөленген  Жаратылыстану 

және география институтының студенттері 1 – ші және  2–ші орындарды жеңіп 

алса, жүлделі  3–ші орын Құқық және экономика студенттеріне бұйырды.  Ал, 

4–ші орынды Қолданбалы физика және математика институтының студенттері  

иеленді.  Қазылар  алқасының  шешімімен,  сайысқа  қатысушылардың  барлығы 

бағалы сыйлықтар мен Алғыс хаттармен марапатталды.

Акция  студент  –  жастардың  қатысуымен    ұйымдастырылған  концерттік 

бағдарламаға жалғасты.

«Аппорт»  көңілді  тапқырлар  клубының  мүшелері  жиналған  қауымға  мол 

күлкі , жақсы көңіл – күй сыйласа, Ауғанстан, Оңтүстік Корея, Қытай елінен 

келген  шетел  азаматтары    қазақ  тілінде  «Аспанға  қараймын»  әнін  орындап, 

ерекше құрметке бөленді. Концерттік бағдарламаны Филология және көп тілді 

білім  беру  институтының    2–ші  курс 

студенті  Бағдат  Еламанова  еліміздің 

сүйікті  әніне  айналып  үлгерген 

«Қазақ  елі  осындай»  әнімен  аяқтады. 

Мере келік  шараның  осындай  әнмен 

қорытындалу  себебі,  еліміздегі  бар-

ша ұлт өкілдері бір шаңырақ астында 

туын    тігіп,  салт–дәстүрлерімен  тілін 

сақтап,  еліміздің  атын  шығарады  де-

ген ізгі ойдан туған нәрсе еді. Сөйтіп, 

шараға мол дайындықпен келген  сту-

денттер    ән–жырларын  тарту  етіп, 

көрермендерге  мәре  –  сәре  қуаныш 

сыйлады.

Иә,  қазаққа  қазақ  тілінен  артық 

ештеңе жоқ. Қазақ тірі тұрғанда, қазақ 

тілі жасай береді.  Ендеше, ана тіліміз 

айбарлы, айбатты болсын, ағайын!

Болат ЖҰМЫНҰЛЫ

Жыл  сайын  1  –  ші  қыркүйекте 

келетін  Білім  күнін  еліміз  ерекше 

қастер  тұтып,  мерекелейді.  Биыл 

да  сол  дәстүрден  аттап  өтпей  Білім 

күнін  тамаша  көңіл  күйде  қарсы 

алды.  Мұндай  көңіл  –  күйден  Абай 

атындағы  университеттің  ұжымы  да 

қалыс қалған жоқ. Айрықша сән – сал-

танатпен  безендірілген  университет 

Бас  ғимраты  алдындағы  алаң    сту-

денттер,  ұстаздар  мен  ата  –  аналарға 

лық толды. Алаңның қақ ортасындағы 

ұлы  Абайдың  тас  бейнесі    жастарға 

өзінің  ақ  тілегін  жеткізіп  тұрғандай 

күлімсіреп, ерекше көз тартады. Таң­

ер  теңнен бері  шырқалған әсем әуен­

дер  жиналған  көпшіліктің  көңіл  – 

күйін одан сайын асқақтата түсті.

Сағат  10­да  ортаға  шыққан  мере­

келік  бағдарлама  жүргізушілірі  шал­

қы та  сөйлеп,  сөздерін  өлеңмен  өре 

келіп,  көпшілікті  Білім  күнімен  құт­

тықтау  үшін  алғашқы  сөзді  универ­

ситет  ректоры,  профессор  Серік 

Жайлауұлы Пірәлиевке берді.

Бүгін еліміздің барлық мектептері 

мен жоғары оқу орындарында дәс түр­

лі  «Білім  күні»  ерекше  салтанатпен, 

көтеріңкі  көңіл­күймен  атап  өтілуде. 

Алғашқы  қоңырау  үні  де  әр  жүрекке 

шаттық  сезімін  ұялататыны  анық. 

Өйткені  жаңа  ғасырдың  тұтқасы  бі­

лім ді  ұрпақтың  қолында,  білімді  ел 

Әлемге  әйгілі  білім  ордасының 

құрылымы  енді  Қазақстанда  есі гін 

айқара  ашқаны    –    тәуелсіз  тарихы­

мыз дағы  естен  кетпес  елеулі  оқиға. 

Естеріңізге сала кетсек, 2013 жылы 17 

қыркүйекте Абай атындағы Қаз ҰПУ 

базасында  екі  оқу  орнының  беделді 

де  білімді  басшылары  Сорбонна  Па-

риж  –  сити  француз  университетінің 

«Сорбонна  –  Қазақстан»  институтын 

ашу туралы Меморандумға қол қойған 

еді.  Елбасы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың 

алға қойған міндеттері мен Білім және 

ғылым министрі Аслан Сәрінжіповтің 

бұл  бастаманы  тікелей  қолдауы  ар­

қасында  биыл  атылмыш  оқу  орнына 

арнайы  60  мемлекеттік  оқу  гранты 

(Басы. Соңы 2-бетте)

(Басы. Соңы 2-бетте)

• 1 қыркүйек – Білім күні!

Қазақ  жоғары  оқу  орындарының  қарашаңырағы  –  Абай  атындағы    Қазақ  Ұлттық  педа го-

гикалық университетінің студенттері мен оқытушы – профессорлары  Білім күнін салтанатты 

жағдайда атап өтті.

ҚАЗАҚ ҮШІН ҚАСТЕРЛІ КҮН

БІЛІМДІНІҢ ЖОЛЫ НҰРЛЫ, АРМАНЫ АСҚАҚ

«СОРБОННА – ҚАЗАҚСТАН» ФРАНЦУЗ 

ИНСТИТУТЫ АШЫЛДЫ


Жыл  сайын  еліміз  ең  маңызды  мерекелердің  бірі  –  Конституция  күнін 

ерекше ықыласпен атап өтеді. Осы атаулы датаға орай тамыздың 29 ­ы күні Абай 

атындағы Қаз ҰПУ – інде «Конституция – «Қазақстан – 2050» стратегиясының 

құқықтық  негізі»  атты  дөңгелек  үстел  болып  өтті.  Тәрбие  басқармасының 

ұйытқы болуымен ұйымдастырылған бұл дөңгелек үстел жұмысын университет 

ректоры. профессор С.Ж. Пірәлиев ашып, жүргізіп отырды.

«Тәуелсіздігіміздің  тірегіне  айналған  Ата  заң  мемлекет  пен  қоғамда  орын 

алып отырған барлық саяси – экономикалық, әлеуметтік реформалардың ілгері 

басуына, дамудың қайнар көз бастауына айналды. Ата заң қағидаларын, қоғамның  

дамуындағы  өзгерістер–  демократиалық  зайырлы,  құқықтық  және  әлеуметтік 

мемлекет ретінде орнығу талпыныстарының бәрі – Ата заң қағидалары негізінде 

жүзеге асырылып келеді. Соңғы қабылданған Конституцияның айырмашылығы 

сол  –  ол  алғаш  рет  мемлекет  тәуелсіздігін,  республика  халқының  толық 

билігін  заңды  тұрғыдан  бекітіп,  одан  әрі  орнықтырды.  Жаңа  Ата  Заңда 

құқықтық  мемлекеттің  қалыптасу  бағыттары,  адамзаттардың  құқықтары 

мен  сөз  бостандықтары,  халық  билігін  жүзеге  асыратын  демократиялық 

қозғалыстар және экономикалық қатынастардың қызмет етуі әлемдік талаптарға 

сәйкестендірілген. Оның  нормалары ұзақ мерзімге бейімделіп тұжырымдалған. 

Сондықтан  да  елдің  игілігіне  арналған  конституция  –  мемлекетіміздің  басты 

құжаты болып саналады, – деген университет басшысы 1993 жылы қабылданған 

Ата Заңға өз бағасын бере кетті.

Дөңгелек  үстел  барысында  заң  ғылымдарының    докторы,  профессорлар 

Еркін Дүйсенов, Бақытжан Төлеубекова, Нәзия Қалишева Конституция негіздері 

тақырыбында кең ауқымды баяндама жасады.

Басқосуға  «Нұр  Отан»  партиясы  Медеу  аудандық  филиялы  төрағасының 

бірінші орынбасары Ғ. Майлыбаев, Алматы қаласы Әділет басқармасының өкілі 

Ш. Әлімхан, Медеу ауданы әкімі саясат бөлімінің басшысы Р. Ерманов қатысты.

Қазына БЕКБЕНБЕТОВА

АТА ЗАҢ – АЗАМАТТАР 

ЕРКІНДІГІНІҢ КЕПІЛІ

ашыл ды. Болашақта бұл оқу ордасын 

бітірген  жастар  «қос  диплом»  бағ­

дар ламасы  бойынша  Қазақстанның 

да,  Францияның  да  дипломдарына 

қол  жеткізетіні  –  көңілге  қуаныш  ұя­

ла тады.  Айта  кетерлігі,  атқарылып 

отыр ған  күллі  ауқымды  іс  –шара  – 

Абай  атындағы  Қаз  ҰПУ  –дің  Болон 

(Италия)  конвенциясының  талапта-

рына сәйкес және әлемдік білім  беру 

мақсатынан  туындаған  ізгілікті  іс–

әрекеттер.

Сондай­ақ  мерейлі  мереке  ая сын ­

да  оқу  орнына  жаңа  түскен  ма гис ­

трант тар  мен  франциялық  про фес сор 

–  оқытушыларды  Франция  Рес пу­

бликасының  Алматыдағы    бас  консу-

лы  Патрик  Ренар,  институт  директо-

ры,  профессор  Гүлмира  Болатқызы 

Нұрлихина құттықтап, шын жүректен 

жылы лебіздерін біл дірді.

– Сан ғасырлардан бері келе жат­

қан  өзіндік  тарихи    дәстүрі  бар  бе­

делі  биік  оқу  орнының  Қазақстанда 

ашы луы  екі  ел  достығын  одан  әрі 

нығайтатыны  сөзсіз.  Қазақстандағы 

жас тар әлемдік деңгейдегі білім орда­

ларында  оқуға  лайық.  Оқуға  қабыл­

данған  студенттердің  француз  тілін 

жетік  білетіні  бізді  қуантады.  Жа-

стар  француз  тілін  жоғары  деңгейде 

емін–еркін  меңгеруі  үшін  арнайы 

курстар  басталады.  Білімнің  шыңын 

бағындырған  талабы  таудай  сту-

денттер  тәжірибе  жинақтауы  үшін 

жыл  сайын  Франциядағы  Сорбонна 

университетіне аттанады, – деді Фран-

ция  Республикасының    Алматыдағы 

бас консулы Патрик Ренар.

Оқуға  жаңа  түскендерге  салтанат-

ты  түрде  сертификаттар  тапсырылған 

кештің  соңы  әсем  ән  мен  тәтті    күй, 

күмбірлеген керемет концертке ұлас ты. 

Қасиетті  қазақ  жерінде,  Алма тының 

төрінде  жастарға  кең  құшақ  жайған 

жаңа білім шаңырағы қос мемлекеттің 

арасын  берік  біріктіретін  достықтың 

алтын көпірі іспетті болатыны анық.

Балнұр АХМЕТОВА

құрамының  қажырлы  еңбегінің  же­

місі.  Өйткені  бізде  өз  өмірлерін  жас 

ұрпақтың сапалы білім, саналы тәрбие 

алуына  арнаған  ұлағатты,  білікті 

ұстаздар көптеп саналады. Сондықтан 

осы мереке үстінде ұстаздар қауымына 

зор алғысымды білдіремін.

Бүгін  біздің  студентеріміз  бен 

магистранттарымыздың  қатары  жаңа 

лекпен  толығып  отыр.  Еліміздің  әр 

аймағынан  мұғалім  мамандығын  қа­

лап, үміт жетегінде, арман қана тында 

келген  жас  толқынға  біздің  уни вер­

ситетімізді  таңдауда  қателескен  жоқ­

сыздар,  бізде  сапалы  және  тиянақты 

білім  алуға  толық  жағдай  бар  дегім 

келеді.


86  жылдық  тарихы  бар,  еліміз­

дегі тұңғыш жоғары оқу орны – Абай 

атындағы Қазақ ұлттық педагоги ка лық 

университеті  республикадағы  педа­

гогикалық  жоғары  оқу  орын дарының 

оқу­әдістемелік  және  ғылыми  орта­

лығы  болып  табылады.  Мұндағы  оқу 

ғимараттары, студенттер аудиторияла-

ры, дәріс залдары, зертханалар уақыт 

талабына  толық  жауап  бере  алады. 

Заманауи  техникалық  құралдармен 

жет кілікті  қамтамасыз  етілген.  Арнау­

лы  мультимедиялық  кабинеттер,  инте­

рактивті  тақталар,  компьютерлік  сы-

ныптар,  лингафондық  дәрісханалар 

студенттерге  ақпараттар  әлеміне  еш 

кедергісіз енуге толық мүмкіндік бере ді.

Студенттерге  білікті  профессор­

оқыту шылар  дәріс  оқиды.  Атап  айт ­

қан да,  профессор­оқытушылар  құ­

ра  мын да  183  ғылым  докторлары 

мен  профессорлар,  421  ғылым  кан-

дидаттары  –  доценттер,  137  ғылым 

магистрлері,  13  Қазақстан  Республи-

касы  Ұлттық  ғылым  академиясының 

академиктері  мен  корреспондент­

мүшелері, 37 қоғамдық ғылымдар ака­

де мияларының академиктері бар.

Әлемдік  білім  кеңістігіне  ену,  бі­

лім  берудің  халықаралық  стандарта-

рына  сәйкестену  үшін  халықаралық 

ынтымақ тастықты  дамытып  келеміз. 

Италияның  Болон  университетінде 

Университеттерінің  Ұлы  Хартиясына 

қол қою арқылы дүниежүзінің беделді 

университеттерімен  әріптестік  бай­

ланыс тарға  қол  жеткізіп  отырмыз. 

Атап  айтқанда,  қазіргі  таңда  30  мем­

лекеттің  115  жоғары  оқу  орындары-

мен, халықаралық ұйымдарымен және 

ассоциацияларымен келісім­шарт бой-

ынша  әріптестік  қарым­қатынастар 

жасап келеміз.

Студенттер  мен  магистрант тары­

мызға дәріс оқып, шеберлік сыныптар 

өткізу  үшін,  келісім­шарт  бойынша, 

2011  жылдан  бері  бізге  217  шетелдік 

профессорлар  келді.  Соңғы  үш  жыл-

да  ғана  профессор­оқытушылар  ал-

масу  жөнінде  шетелдік  универси-

теттермен  65  шартқа  қол  қойылды. 

Кадрлар  даярлау  және  студенттер 

мен  магистранттар  алмасу  жөнінде 

Германияның  Фрайбург,  Венгрияның 

Печь,  Бельгияның  Вридж,  Кореяның 

Кунпук университеттерімен екі жақты 

келісімдерге келдік.

Қазақтың  ұлы  ойшылы  Абайдың 

мұраларын  кеңінен  насихаттау,  оны 

әлемдік  деңгейге  көтеру  мақсатымен 

Польшаның  Варшава  экономикалық 

университетінде,  Вьетнам  Демо кра­

тия лық  Республикасының  Ханой 

мем   ле кеттік  университетінде,  Ханой 

пе да гогикалық  университетінде,  Хо-

шимин  мемлекеттік  педагогикалық 

уни вер  ситетінде, Қытай Халық Рес пу­

бликасының  Іле  педагогикалық  уни­

верситетінде,  Түркияның  Эрзин жан 

университетінде  Абай  орта лықтарын 

аштық. Биыл біздің университетіміздің 

базасында  «Сорбонна  –  Қазақстан» 

француз институтын ашуымыздың өзі 

бүкіл Орталық Азиядағы айтулы оқиға 

болып отыр.

Отанымыздың 

табалдырығын 

жаңа  аттап,  енді  ғана  студент  атан­

ғалы  отырған  жас  жеткіншіктер! 

Біз   дің  университетімізде  Сіздердің 

алаң   сыз  оқып,  тиянақты  білім  алула­

ры ңызға, 

ғылыммен, 

спортпен, 

өнермен  айналысуларыңызға  толық 

мүм  кіншілік  бар.  Ендігі  жауап кер­

ші  лік  Сіздерде.  Жақсы  оқып,  саналы 

тәр тіппен  өз  қабілеттеріңізді  көрсету, 

туған  жерлеріңізге  білікті  маман  бо-

лып  бару  өздеріңізге  байланысты. 

Олай  болса,  білім  жолындағы  қадам­

дарыңызға сәттілік тілеймін.

Ал  енді,  құрметті  ұстаздар,  шә­

кірттер, ата­аналар, баршаңызды Білім 

күнімен  құттықтаймын!  Жаңа  оқу 

жылы табысты, берекелі жыл болсын 

–  деген    Серік  Жайлауұлы  студент­

терге  толыққанды  білім  беру  үшін 

университеттің  материалдық – техни­

ка лық  жағдайын  жақсартуға  күш  са-

лып жатқандығына тоқталды.

Осыдан  соң  университет  басшы-

сы  оқу  орнында  жүзеге  асып  жатқан 

ғылыми  –  педагогикалық  жобалар, 

өр ке ниетке    сай  жаңа  құры лымдар, 

ең  бастысы  жас  ұрпаққа  білім  беріп, 

бәсе келестікке қабілет танытуға атқа­

рылып  жатқан  жобалар  мен  өлшеусіз 

еңбектер  жөнінде  әңгімелеп,  универ-

ситет  та бал дырығын  биыл  аттаған 

студент  жастарға    жаңа  табыс  тіледі. 

«Сіздердің негізгі міндеттеріңіз жақ сы 

оқып, бәсекеге қабілетті маман болып 

шығу» – деді ол.

Бұдан кейін университет басшысы 

бірінші  курстықтарға  символикалық 

түрде  «Білім  кілті»  мен  «Студенттік 

билетті»  салтанатты  жағдайда  табыс 

етті.

Сонымен  қатар  университет ті­



міз  дің  ғылыми  педагогика  саласына 

еңбегі  сіңген  оқытушы  –  профессор-

лар  жас  буынды  білім  алумен  ғана 

шектелмей,  өнер,  мәдениетжәне  ғы ­

лым саласында да өзіндік орындарын 

тауып,  елімізге  өз  үлестерін  қоса­

тынына сенім білдірді.

Мерекелік  шарада  әннен  шашу 

ша шылып, жырдан өлең төгілді. Уни­

вер ситетінің  талантты    өнер  ұжым­

дарынан басқа белгілі әншілер Ақжол 

Мейірбеков, Құдайберген Бекіш, Серік 

Ибрагимов,  Ақбота  Керімбекова, 

«Ерке»  және  «Динар»  топтары  өнер 

көр сетіп,  көпшіліктің  ілтипатына  бө­

лен ді.


Елдар БОЛАТҰЛЫ

Бүгінгі студент – келешек маман, бүгінгі жас буын – ертеңгі ғалым. Қандай 

мықты  мемлекет  болмасын  жастардың  білімі  мен  оқу­ағарту  ісіне  көп  көңіл 

бөлуде.Сондай  жастарды  білім  жолына  салып,түзу  жолдан  тайдырмай,санаға 

сәуле шашар оқу­ білімнің  тізгінін ұстатып жүрген ұлағатты ұстаздардың бірі 

–  Елтану  және  туризм  кафедрасының  меңгерушісі,  профессор  Қаймұлдинова 

Күләш Дүйсенбайқызы.

Ол  кісінің  жетекшілігімен  Жаратылыстану  және  география  институтының  

Елтану  және  туризм  кафедрасында,  Германияның    Лейпцих  университетінің 

профессоры  В.Мейердің «Ландшафттық экология» тақырыбындағы ағылшын 

тіліндегі  72  сағаттық  лекциясы  болып  өтті.Бұл  лекцияға  1,2,3  курс  бакалавр 

студенттері мен магистранттар  қатысты.Лекцияның негізгі мақсаты­ландшафт 

функцияларын,  ландшафттық  экожүйелерді  ,  оларға  әсер  етуші  факторларды 

ашып көрсетіп,Қазақстан мен Германия мемлекеттері арасындағы ландшафттық 

айырмашылықтарға  талдау  жасау  болды.  Лекция  теориялық  деңгейде  ғана 

қалыптасып  қоймады,сонымен  қатар  практикалық  тұрғыдан  да    зерттелінді.

Мәселен, біз Медеу шатқалы мен Шымбұлаққа дейін жаяу көтеріліп, ондағы әрбір 

ландшафт функцияларына  сипаттама беріп,ландшафттық экожүйелерді,оларға 

төнетін  қауіп­қатерлерді  ажыраттық.Германия  мемлекетінің  ландшафттық 

құрылымымен танысып,біздің елімізбен айырмашылығы мен ұқсастығына са-

раптама жүргіздік.

Екі  апталық  лекция  барысындағы  алған  әсеріміз  зор  болды.  «Ландшаф­

тану»пәнінен  алған  білімімізді  тереңдей  түсіп,білмегенін  білуге  ұмтылғандар 

саны көбейді. Лекцияға қатысушы  студенттерге Лейпцих университетінің  сер-

тификаты берілді. 

Назерке ШӨПШЕКБАЕВА,

жаратылыстану және география

институтының студенті



жүктеу 262.98 Kb.

Поделитесь с Вашими друзьями:
  1   2   3




©emirb.org 2020
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет